Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет59/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

претативті  иллюзия  жедел  сезімдік  санды рақпен,  интерм етаморф оза 
сандырағымен,  оң және теріс егіздік сандырағымен науқастарда да кездеседі.
Иллюзияның үшінші түрі  — парейдолиялық деп аталады.  Иллюзияның  бұл 
түрінде  қоршаған  орта  туралы  ақпарат  науқас  санасының  фантастикалық 
елестерімен  бұрмаланады,  сана  күңгірттенуі  ж аңа  басталып  келе  жатқан 
науқастар  елестерінің  таңғажайып  ойы ны мен  бейнеленеді.  Қалтырау 
жағдайындағы балада сезім мүшелеріне түскен тітіркендіргіштер бір сәтте ертегі 
сюжеттеріне айналады, мысалы, тұсқағаздағы дақтар, қабырғалардағы жарықтар, 
шам  көлеңкесі  еденге түскенде қозғалатын жануарлар  бейнесіне енеді,  үйлер 
тәрізді қабылданады;  бұлттар  қорғандарға  айналып,  оның  контурынан  үлкен 
қалаларды, әдемі пейзаждарды көреді.  Одан әрі науқас жағдайының ауырлау- 
ына байланысты шынайы қоршаған ортамен арадағы байланыс біртіндеп жой- 
ылады,  елестер басым  бола түседі.
Галлюцинациялар.  Галлюцинация — объектісіз қабылдау, жалған қабылдау. 
Галлюцинация  кезінде  науқас  шын  мәнінде жоқ дауыстар  естіп,  адамдарды 
көреді.  Бірақ науқас олардың бар екендігіне толық сенімді.
Галлюцинацияны  алғаш  рет  Ж.  Эскироль  сипаттаған,  ол  галлюцинантты 
қандай  да  бір  жоқ  затты  көретініне,  еститініне  немесе  басқа  да  жолдармен 
қабылдайтынына сенімді адам деп қарастырды.
Галлюцинацияны сезім мүшесі бойынша: есту, көру, сезу, дәм сезу, өз денесін 
сезу  немесе  жалпы  сезім  галлюцинациясы  болып  бөлінеді.  Соңғы  жағдайда 
патологиялық түйсік жеке мүшелер немесе барлық денеге қатысты: іште бірдеңе 
жыбырлағандай,  ішкі  мүшелерде  ішектер  жабысқан  сияқты,  өкпе  тасқа 
айналғандай болып сезіледі.
Галлюцинацияларды  сезім  мүшелеріне қарай есту,  көру,  иіс сезу,  дәм сезу, 
жанасу және денелік (тәндік) немесе жалпы сезімдік деп бөлеміз.  Соңғы аталған 
түрінде патологиялық сезім жеке мүшелерден немесе бүкіл денеге қатысты; іш


118
VIII  Тарау.  Психикалық бұзылыстар  симптомдары
қуысымда бір нәрсе қазбалап жатыр, ішкі мүшелерім орын ауыстырды, ішектерім 
жабысып қалды,  өкпелерім тасқа айналды.
Галлюцинациялар  элементарлы,  бұл  кезде  тек  дыбыстар,  шуыл,  тарсыл 
(акоазмдар), жарық жолақтарын, дақтар көру (фотопсиялар) және аса курделі 
болуы мумкін, адамдардың сөздерін естиді (вербальды галлюцинация), бейнелер 
көреді.
Кей жағдайларда  галлюцинациялар тек ұйықтар  алдында  (гипногогиялық 
галлюцинация)  немесе  оянар  кезде  (гипнопомпиялық  галлюцинация)  пайда 
болады.  Сирек  байқалатын  экстракампинді  галлюцинацияларды жеке  айтып 
өту  керек:  бұл  кезде  науқас  көру  аумағынан  тыс  нәрсені  көреді  мысалы,  өз 
артындағы адамды көреді.
Функциональды  немесе рефлекторлы  галлюцинация,  бір  нақты  немесе  өзге 
анализатор тітіркенген жағдайда пайда болады.  Науқас желдеткішті қосқанда, 
оның шуымен қатар әңгіме естиді; желдеткішті өшіргенде, дауыстар жоғалады. 
Дөңгелек сартылымен қатар ән естиді,  поезд тоқтағанда ән естілмейді.  Иллю- 
зияда  ш ы н  м әнінде  бар  тітіркендіргіш   басқа  зат  ретінде  қабылданса, 
реф лекторлы қ  галлю цинацияда  тітіркендіргіш  галлю цинациямен  бірге 
қабылданады.
Галлюцинацияның пайда болуы психикалық жағдайдың едәуір ауырлығын 
көрсетеді.  Галлюцинация  —  психоз  жағдайының  жиі  көрінісі,  ал  невроз 
жағдайында болмайды.
Галлюцинациялардың  ерекшеліктерін  әрбір  жеке жағдайларда  қарастыру 
психикалық дерт диагнозын қойып,  нәтижесін  болжауға көмектеседі. Адамға 
тән дауыстарды жалған қабылдау шизофренияға және алькогольді галлюциноз 
кезінде  бақыланады.  Ш изофрения  кезінде  естілетін  дауыстар  жиі  тікелей 
науқасқа бағытталған,  бұйрық береді,  оның іс-әрекетіне талдау жасайды.  Со- 
зылмалы  алкогольді  галлюцинозда  дауыс  үшінші  жақтағы  адам  дауысымен 
науқас жөнінде сөйлейді,  оның маскүнемдігін талқылап кінәлайды.
Көру галюцинациясы орталық жүйке жүйесінің улануымен, инфекциясымен 
байланысты жедел психоздарға тән, бас миының органикалық зақымдануларында 
кездеседі.  Бөртпе тифозды психозда ауру бөлме ішіндегі өртті көреді; аққызбада 
(белая  горячка)  көз  алдында  жануарлар,  қорқынышты  құбыжықтар  келеді. 
Жақын  адамын  жоғалтуға  байланысты  дамыған  психоздарда  өлген  адамның 
бейнесі көз алдына келеді:  әдетте түн уақытында, қараңғы жағдайда көрде не- 
месе бөлме бұрышында ақ жабынмен көреді.  Ш изофренияға көру галлюцина- 
циялары тән емес, олар кездескен жағдайда күрделенбеген түрде, қысқа уақытқа 
созылады,  жедел жағдайға  байланысты  пайда  болады.  Ш изофения  клиника- 
сында иіс сезу галлюцинациясының пайда болуы, дерттің емге тұрақты жайсыз 
ағымға ауысқанының белгісі. Кокаинмен уланғанда ауру тері астында жәндіктер, 
инелер, майда тірі жәндіктер қозғалып жүргенін сезінеді (Маньян симптомы).
Галлюцинация бар екендігін науқастың әңгімесінен ғана емес, оның қимыл- 
әрекетінен байқауға болады (галлюцинацияның объективті белгісі). Бұл әсіресе 
науқастың  галлюцинация  бар  екенін жасыруы  кезінде маңызды.  Есту галлю- 
цинациясымен  ауырған  науқас  дауыстармен  сөйлесіп,  оларға  жауап  береді 
(8.1-сурет). Дауыстардан шаршаған адам оларды естімес үшін құлағын жабады


Қабылдау бұзылысы
119
(8.2-сурет),  кейде  құлағына  әр  түрлі  заттар  тығып  қояды.  Жағымсыз  иістерді 
сезбес үшін мұрын тесігін саусақтарымен басады (8.3-сурет), көру галлюцина- 
циясы кезінде ауру бетін басады,  бір жаққа қарайлайды (8.4-сурет). Тетраэтил 
қорғасынмен уланғанда психоз жағдайында науқас үздіксіз ауыз қуысынынан 
өзіне сезіліп тұрған шаштарды алып тастауға тырысады.
Науқастың  бұрыс  іс-әрекеті  галлюцинацияның  мазмұнына  сәйкес  келеді. 
Ауру  жалған  өрттен  қаш амын  деп  жоғарғы  қабаттың  терезесінен  секіріп, 
жарақаттанады. Жалған соңына түсушілер даусынан қашып, транспорт астына 
түсіп  мертігеді.  Берген  тамақтан  бас  тартады,  өйткені,  тамақ уланған  сияқты 
болып  көрінеді.  Әсіресе,  императивті  есту  галлюцинациясымен  ауыратын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет