Қабылдау бүзылысы
121
Төртінші қасиетін — науқас тұлғасымен байланысқа ие болып үлгермеген
немесе ол байланысты жоғалтқан (ем әсерінен болуы мүмкін) галлюцинация-
лар жиі реактивті психоздар кезінде бақыланады және галлюциноидтардың бір
түрі болып табылады. Науқас өзінің дертке шалдыққанын түсінеді, дәрігердің
көмегіне жүгінеді.
Психиканың патологиялық өнім шығаруға, иллюзиялар және галлюцина-
циялар пайда болуына жоғары дайындығын арнайы тәсіл арқылы тексеруге
болады. Жедел алкогольді психоздан кейін науқасқа көзін жұмуды өтінеді, көз
алмасына саусақпен басып, науқастан не көріп тұрғанын сұрайды. Қараңғы
фонда жарық нүктелер, дақтар, жолақтар пайда болып, адамдарды, жануарлар-
ды, құбыжықтарды, тұрмыстық көріністер көргендей сезім тудырады (Липман
симптомы). Науқасқа таза парақ беріп, не көргенін сұрайды, ол параққа қарап,
әлдененің суретін, ж оқ жазбаларды оқиды. (Рейхардт симптомы). Науқас
қосылмаған телефон арқылы әңгімелесіп, жауап береді (Ашаффенбург сим
птомы).
Достарыңызбен бөлісу: