Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет95/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Аффективті синдромдар
Маниакальды синдром өзінің  классикалык нұскасында психопатологиялык 
симптомдардың үштігінен тұрады:
1) көңіл-күйдің көтерілуі;
2) ойлау ағымының жылдамдауы;
3) сөздік-кимылдык козу.
Бұл  —  синдромның облигатты  (негізгі және тұракты  кездесетін)  белгілері. 
Жоғары аффект психикалык кызметтің барлык саласына әсер етіп, салдарлык, 
яғни,  тұракты  емес  маниакальды  синдром  белгілерінің  пайда  болуына  алып
9.3-сурет.  Микроцефалиямен  наукас- 
тағы олигофрения


164
IX Тарау.  Негізгі  психопатологиялық синдромдар
келеді.  Қоршаған  ортаны  ерекше  ашык кабылдау,  ес  үрдісінде  гипермнезия, 
ойлауда  —  өз  мүмкіндіктері  мен  өз тұлғасын  асыра  бағалау,  кыска  уакыттык 
ұлылык сандырак идеялары, эмоционалды реакцияларда — ашушаңдык, еріктік 
салада  —  тілек,  әуестіктердің өсуі,  зейіннің жылдам ауыспалылығы;  мимика, 
пантомимика  ж әне  наукастың  бүкіл  сырткы  болмысы  куаныш   белгісін 
бейнелейді.
Депрессиялыц синдром облигатты симптомдардың үштігімен көрінеді: көңіл- 
күйдің  төмендеуі,  ойлау  ағымының  баяулауы,  сөздік-ким ы лды к  тежелу. 
Депрессивті синдромдардың факультативті белгілері: кабылдауда — гипестезия, 
иллюзиялык,  дереализациялык  ж әне  деперсонализациялы к  кұбылыстар; 
мнестикалык үрдісте — таныстык сезімінің бұзылысы, ойлауда — ипоходриялык, 
өзін-өзі кінәлау,  өзін-өзі кемсіту сипатындағы  аса  бағалы және сандырактык 
идеялар; эмоционалды салада — коркыныш және үрей реакциясы; кимылдык- 
еріктік  бұзылыстар  тілек  пен  әуестіктердің  басылуы,  суицидальды  үрдістер; 
кайғылы бет-әлпет және калып,  баяу,  бәсең дауыс.
Үрейлі-депрессивті  синдром  (ажитациялык депрессия  синдромы),  маниа­
кальды ступор және өнімсіз мания өзінің шығу тегіне байланысты аралас жағдай 
болып  табылады:  депрессиядан  манияға  немесе  керісінше.  Классикалык де­
прессия  мен  манияға  тән  дәстүрлі  психопатологиялык  үштік  бұл  жағдайда 
бұзылады,  аффективті  синдром  өзінің  кейбір  касиеттерін  жоғалтады  және 
аффективті жағдайға полярлы карама-карсы белгілермен көрінеді. Ажитациялык 
депрессия  синдромында  кимылдык тежелудің  орнына  козу  байкалады,  яғни 
маниакальды  жағдайға  тән  белгілер  тәрізді  көрінеді.  М аниакальды  ступор 
синдромында көтеріңкі көңіл-күй фонында кимылдык тежелу болады; өнімсіз 
маниямен  наукастарда  көңіл-күйдің  көтерілуі,  кимылдык тежеусіздік  ойлау 
темпінің баяулауымен жүреді.
Депрессивті-параноидты синдром атипті аффективті жағдайға жатады.  Оның 
ерекшелігі  маниакальды-депрессивті  психозға  сәйкес  келетін  аффективті 
синдромға  баска  нозологиялык  формалар  —  ш изофрения,  экзогенді  және 
экзогенді психоздар симптоматикасының косылуы. Котар суреттегендей атипті 
аффективті жағдайға аукымдылык парафренді сандырағын жаткызуға болады: 
депрессия  кезінде өз басының өзгергендігі сезімімен жүретін ипохондриялык 
күйзеліс, наукастың өзінің ішкі мүшелерінің жок екендігіне сенімділік, сырткы 
ортаны,  өмірді,  өлімді  ж окка  шығару,  өмірлік  азапка  шалдығу  идеялары 
гротескілі сипат алады. Галлюцинациялык, сандырактык, сана күңгірттенуімен 
депрессия фантастикалық меланхолия деп аталады.  Маниакальды күй шыңына 
жеткенде,  сана  карауытуы  шатасқан  мания жөнінде  айтуға  мүмкіндік  береді. 
Аффектінің  атипті  көрінісіне  эмоциялык дефект  дамыған  ш изофрениямен 
наукастардағы апатиялык депрессия жағдайы да жатады.
Астенодепрессивті  синдром.  Бұл  ұғымды  кейбір  авторлар  (Е.А.  Попов 
және т.б.)  теориялык тұрғыдан  жетілмеген деп  есептейді,  себебі  бір  мезгілде 
астениялык және депрессиялык синдромдардың катар жүруі.  Бұл кезде келесі 
клиникалык фактіге көңіл аудару кажет, астения мен депрессия бірін-бірі жокка 
шығаратын жағдайлар  астениялык  бұзылыстың  үлес  салмағы жоғары  болған 
сайын депрессияның ауырлык дәрежесі соғұрлым төмен; астенияның күшеюіне


Психикалық аурулар  кезінде  синдром  түзілу заңдылықтары
165
байланысты  суицидальды  тәуекелдер  азаяды,  кимылдык және  идеаторлы те­
желу жойылады. Дәрігердің практикалык кызметінде астено-депрессивті син­
дром өте жиі кездеседі.
Маниакальды  және  депрессиялык  синдромда  әр  түрлі  психикалык  ауру- 
лардың  психопатологиялык  симптомдарының  түзілу  сатысы  болуы  мүмкін, 
бірак типті көріністер тек маниакальды-депрессивті психозда бакыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет