Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
22
2. жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау
критерийлерін
анықтау,
ойлау
дағдыларының
деңгейлерімен
сәйкестендіру;
3. ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін
критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе
бірнеше тапсырмалар дайындау;
4. әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
5. білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін
ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға
рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін
сипаттау).
Бөлім
Оқу мақсаттары
Бағалау
критерийлері
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Түрлі деңгейдегі
тапсырмалар
Дескрипторлар,
балдар
Рубрикалар
Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық
бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін,
ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау
критерийлерін анықтайды. Мысалы, 1-сыныптағы математика бойынша
«Геометриялық фигуралар» бөлімінде 4 оқу мақсаты берілген:
1. Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі,
материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу;
2. Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық, сынық сызықтар,
тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты
бір-бірінен ажырату және атау;
3. Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және
кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты
параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру;
4. Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция
құрастыру.
Жоғарыда аталған оқу мақсаттарының бағалау критерийлері 4-кестеде
көрсетілген.
6-сурет. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын
құрастыру алгоритмі