Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет44/47
Дата25.03.2022
өлшемі3,62 Mb.
#28845
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

40

ҚОСЫМШАЛАР

1-қосымша



Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау туралы мұғалімнің 

рефлексияға қатысты сұрақтары 

Сабаққа дейін (жоспарлау)

• Менің сабақ жоспарым оқу мақсаттарынан, нақты күтілетін нәтижелерден

тұрады.

• Мен білім алушылардың  қабілеті мен қажеттіліктерін анықтай аламын,

мұны қалай түсіндіруге болатыны туралы жоспарым бар.

Сабақта

• Менің  білім  алушыларым  сабақтың  оқу  мақсаттарын,  күтілетін

нәтижелерін біледі.

• Мен әуелі білім алушыларымның осы сабақтағы тақырып бойынша білім,

дағды, түсіну деңгейлерін анықтаймын.

• Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес келеді.

• Әр білім алушы өзі орындайтын тапсырмалардың бағалау критерийлерін,

одан не күтілетінін біледі.

• Мен  білім  алушылардың  тапсырманы  орындау  бойынша  нәтижелерін

сабақ барысында, келесі сабақты жоспарлау кезінде пайдаланамын.

• Мен білім алушылардың өз білімдеріне жауапкершілікпен қарауына, бір-

бірінен үйренуіне, нәтижелерін бағалай алуына мүмкіндік беремін.

• Ашық сұрақтар білім алушылардың түсінгенін үнемі тексеріп отыру үшін

қолданылады.

• Білім алушыларға сұраққа жауап беру кезінде ойлануға уақыт беріледі.

• Мен білімін, түсінгенін тексеру үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі

әдістерін қолданамын.

• Мен  білім  алушылардың  ілгерілеуін  мониторингілеу  үшін  бағалау

нәтижелерін тіркеп отырамын.

• Білім алушылардың өз жұмысын, өзінің ілгерілеуін бағалауға мүмкіндігі

бар.

• Бағалау нәтижелері білім алушылардың оқудағы олқылықтарын анықтау



үшін қолданылады.

• Мен өз білім алушыларымның жұмысына сындарлы (конструктивті) кері

байланыс  беремін.

Сабақтан соң

• Мен талдаймын:

 

□ оқу мақсатына жетті ме, жетсе қалай?



 

□ не орындалды, нені орындау керек еді?

 

□ не орындалмады?



 

□ келесі жолы басқаша қалай жасауға болады?

 

□ нені қайталау қажет?



 

□ жоспарланған шарадан басқа білім алушылар тағы нені үйренді?

 

□ білім алушылардың барлығы оқу мен бағалау үдерісіне жұмылдырылды 



ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет