190
Осыны оқығанда дауыс неше рет тынады? Әр тынғаны бір «сөйлем»
деп аталады.
Мен тақтайға бір әңгіме жазайын. Сендер «Мұғалім әңгімесі» деп ат
қойып, дәптерлеріңе көшіріңдер.
Дәмеш мектепте оқиды. Мектептен үйіне түрлі әңгімесі бар кітаптар
апарады. Әңгімелерін үйіндегілерге оқиды. Оқығанын басқалар тыңдап
отырады.
Балалар түсінбегендерін сұрайды. Дәмеш түсіндіріп береді.
Жазғандарыңды оқыңдар. Мұны оқығанда дауыс неше рет тынады?
Тынғанда дауыс кәйтеді? Мұнда неше сөйлем бар дейсіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: