Былқылдақденелілер типі Без категории



Pdf көрінісі
Дата26.03.2022
өлшемі417,6 Kb.
#28917
Байланысты:
print out pdf.pdf(2)



Былқылдақденелілер типі 

Без категории

Сегодня 12:48

Айқын жіктелмесе де, олардың бас

бөлігін тұлғалан ажыратуға мүмкіндік

бар. Ұлулардың ішкі мүшелері бастан

кейінгі тұлға қапшығында орналасады.

Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат -

шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен

шапанша аралығында шапанша қуысы

болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен

бақалшақ қалыптасады.

Зәршығару жүйесі мен жыныс тесіктері

және артқы ішектің аузы шапанша

қуысына ашылады. Бақалшақтар

құрылысы үш түрлі үлгіде кездеседі:

қозғалмалы бөлікті тақташа түрінде

(сауытты ұлуларда); екі жақтау түрінде




(қосжақтаулыларда); имек немесе

бұрала оралған түтік түрінде немесе

қақпақша тәрізді бауыраяқтыларда. Аяқ

- ұлулардың негізгі қозғалу мүшесі.

Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе

екі бүйректен және несепағар түтіктен

құралады. Қан құрамындағы улы заттар

бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп

шығады. Табиғатта қосжынысты да, дара

жынысты да ұлулар тіршілік етеді.

Қосжынысты ұлулар өзін-өзі

ұрықтандыра алмайды. Сондықтан

ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады.

Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп

атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер

дамиды. Қосжақтаулы ұлулар және

басаяқтылар - дара жынысты жәндіктер.

Бұлардың даму жолдары түрліше өтеді.




Мысалы, қосжақтаулы ұлулардың

ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадай

дернәсіл дамиды, ал дернәсілден ересек

жәндік өседі. Дамудың бұл жолы -

түрленіп даму деп аталады. Паразит

қосжақтаулылардың (айқұлақтың)

дернәсілдері балықтың терісінде

паразиттік жолмен тіршілік етеді.

Басаяқты ұлулар (ірі басаяқтылар) су

астындағы әр түрлі заттарға топтастырып

жұмыртқа салады. Жұмыртқадан тікелей,

пішіні ересектеріне ұқсас жас ұлулар

өрбиді. Дамудың бұл жолы - тура даму

деп аталады. Ұлулардың көпшілігінің

жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады.

Алайда басаяқты ұлулардың жүйке

жүйесінің күрделеніп, жүйке

талшықтарының жинақталуынан ми

түзілетіні мәлім. Басаяқтылардың көз



құрылысы да күрделі.

Кальмарлар, каракатицалар, сегізаяқтар

өте жылдам реактивті қозғалыс жасайды.

Олар саңылауы арқылы шапанша

қуысына су жинап алады да, оны түрі

өзгерген аяқ ойысынан күшпен айдай

шығарады.

Денесінің алдыңғы бөлігінде орналасқан

аяқтары түрін өзгертіп,

қармалауыштарға айналады.

Аяқтарының орналасуы және пішініне

қарай бұл жәндіктер бауыраяқтылар,

күрекаяқтылар т б кластарға ж

күрекаяқтылар, т. б. кластарға ж




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет