Бейбітшілік бақЫТҚа бастайды



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата17.01.2017
өлшемі1,42 Mb.
#2081
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Саналы ғұмырын сарп етті 
 
Біздің    Қырғызстандағы  филиалымыздан      босқындар  мәселесімен 
айналысатын    БҰҰ  өкілдігі  келіп  көмек  сұрады.    Олар ұлтаралық  қақтығыс 
кезінде  тұрғылықты  жерінен  бұрындары  қашып  кетіп,  қазір    Бішкек 
базарларында қайыршының күйін кешіп жүрген  таулы тәжік қыстақтарының 
бұрынғы тұрғындарын қайтаруға дайындық үстінде еді.  Оларды тасымалдау 
үшін  автобус  жалданып,  гуманитарлық  көмек  бөлінді,  бізден    осы  оқиғаны 
түсіруді сұрады.  Филиалдың  бас редакторы Жарқын Кененбаева (кезінде ол 
бізде  «Вместе»  бағдарламасының    жүргізушісі  болып  жұмысын  бастаған 
болатын)    келісімін  берді.  «Мир»    халықаралық  ұйымдармен    байланыс 
үзбей, олардың қызметін насихаттауға мүдделі.  
Бардық.      Кешке  таман  тау    бөктерінен,  тас  көшкіні  салдарынан  жолдың 
жабылып қалғанын байқадық.   Жолаушылар тоқтап,  жолды тастан тазарта 
бастады.  Жарқын оператор Валерий  Бушуевпен  бірге жұмыс істеп жатқан 
адамдардан    сұхбат  алды,  сосын    Валерий      туған  ауылдарына  жол  салып 
жатқан  адамдарды  түсіру  үшін  камерамен  жартасқа  қарай  шыға  бастады.  
Кенет  күтпеген  жайт  болып....  жаңадан  тас  көшкіні  басталды.      Таудан 
құлаған  тастардың  бірі  операторды  мерт  етті.  Бұл  оқиғаның  барлығы 
Жарқынның көз алдында болды. .. 
Валерий біздің компанияға әскерден кейін кірген еді.  Анасы бізде есепші 
болып  жұмыс  істеп,  оның  жұмысқа  орналасуына  көмектескен  болатын.  
Бішкектегі  талантты  телеопреаторлардың  бірі  еді,  сюжеттері  ойлылығымен, 
өткір  көзқарасымен,  кәсіби  сапалылығымен  ерекшеленетін.    Алда  тек 
жақсылықтар ғана тұрғандай көрінетін. Енді міне ... 
Махонио  Бішкекке    жерлеу  рәсіміне  ұшып  кетті,    Алматыдан  жігіттер 
келіп, анасына материалдық көмек көрсеттік.  Қырғызстан үкіметі мен  БҰҰ 
миссиясы  қолдан келгенін жасағанымен, адам өмірі  қайта айналып келе ме? 
Артында  аяқталмаған  сюжет  қалды  –  көптеген  арналар  эфирге  шығарды.  
Журналист қызметтік борышын өтеу жолында ажал құшты.  Осындай ерлікке 
тұрмайтын  ерлік  сияқты  көрінгенімен,  кезекті  қатардағы  тапсырманың  не 
күтіп тұрғанын кім білсін?.. 
Мені  кейде  «неге  Шешенстан  туралы  түсірмейсіңдер?    Соғыс  болып,  қан 
судай ағып жатқанда неге бейтарап қаласыңдар. Оның үстінде Владикавказда 
филиалдарың  бар»  деген  сұрақпен  мазалайтындар  бар.    Мен:  «Шешенстан 
туралы  онсыз  да  барлық  арналар  жеткілікті  дәрежде  айтып  жатыр.    Оның 
үстіне  ол  жерге  тілші  жіберіп,  басына  қатер  төндіргім  келмейді»  дер  едім.  
Біздің олай етуге моральдық хақымыз жоқ.  

 
227 
 
Тосқауылдарға төтеп береміз 
Саша  Беликов    «Үшінші  мыңжылдыққа  бірге  аттанамыз»    деген    әдемі 
ұранмен    Ялтада  Халықаралық  телефорум  өткізуді  ойластырды.    Достастық 
елдерінің  тележурналистерін  жинап,  өзекті  мәселелер  бойынша  дөңгелек 
үстелдер ұйымдастырып,  мастер-кластар өткізбекші болды.  Қырым Үкіметі, 
одан  кейін    Журналистер  одағы,    Кеңестік  кинематографистер 
конфедерациясы  және    ялталық  телевидениенің  тамаша  директоры    Юлий 
Павлович  Кононцес    қолдау  көрсетті.    Парламентаралық  Ассамблеяда  Егор 
Строев: «Идея деп осыны айт!  Мұны ойлап тапқан адамға алғыс айту керек. 
Арқаларына ауыр жүк артты..» деп қуанышын жасыра алмады.  
Дайындық  басталып  та  кетті.    Оған  Беликовтың  басшылығымен    мир 
командасы  жетекшілік етті.  Оған   кино  және телесыншы, менің ескі досым, 
әрі осы кітапты жазуға қатысқан  – Александр Липков жәрдемдесті.  Сергей 
Соловьевті  Президент  болуға  шақырғанымызда,  ол:  «телефорум  емес, 
телекинофорум»  өткізейік  деген  ұсыныс  білдірді.  Олар  басқа  сала  болса  да  
өзара  үйлесетін  еді.    Бүгінгі  таңда  бір  де  бір  мамандық  өз  шеңберіне 
сыймайды.  
Форум өтіп жатқан кезде кітап баспада жататын болады. Қалай болғанын 
айтып  үлгермейтін  болдым.    Оның  сәтті  өтетініне  сенімім  мол  (мәдениет, 
телевидение  және  кино  қайраткерлері:  Шыңғыс  Айтматов,  Олжас 
Сүлейменов,    Андрей  Кончаловский,  Рустам  Ибрагимбеков,    Станислав 
Говорухин,  Александр  Абдулов,  Светлана  Сорокина,  Зинаида  Кириенко, 
Александр  Пороховщиков  және  т.  б.  қатысуға  уәде  берді).    Осындай 
кездесулер  жыл  сайын  өтіп,    достастық  елдерінің  ғана  емес,    барлық 
халықтың  ынтымақтасуына  әсер  ететін  болады  деп  ойлаймын.    Мәдениетте  
де  эфир  толқындары  сияқты  шекара  жоқ.    Соловьев  форум  туралы  сөзінде  
Пастернактың «тосқауылдарға төтеп береміз» деген  тамаша сөзін  еске алды.  
Мәдениет әрдайым  кедергілермен күресіп келеді.  
 
«Адамзат құқығының жалпыға ортақ декларациясынан» 
 1948  жылғы  10  желтоқсанда  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  217  А  (ІІІ) 
резолюциясымен қабылданып, жарияланды.  
19-бап.  «Әр  адамның  сенімін  таңдауға  және  оны  еркін  білдіруге  құқығы 
бар;  бұл  құқық    өз  сенімін  еш  кедергісіз  ұстанып,    мемлекет  шекарасына 
қарамастан кез келген түрде  ақпарат алуды, таратуды қамтиды».  
 
Бутрос Гали. Сұхбат.   
1996  жылдың  мамырында    БҰҰ  Бас  хатшысы    Бутрос  Галиден    сұхбат 
алдым.  Содан үзінді келтірейін: 
Мен:    Біздің  планетамыздағы  құрлықтың  алтыншы  бөлігін  ұлы  орыс 
тарихшысы Лев Гумилев  Еуразия деп атады.  Сіздің ойыңызша,  осы Еуропа 
мен Азия бөліктерінің,  славян және түркі халықтарының,  христиан, ислам, 
буддизм  діндерінің  үйлесімділігі  ТМД-ның  әлсіз  тұсы  ма,  әлде  керісінше 
күш-қуаты ма? Осыған кеңірек тоқтала кетсеңіз?.. 

 
228 
Гали: Менің ойымша, Еуразия құрлығындағы мәдениет ғаламторымыздың 
ең  басты  құндылықтарының  бірі  болғандықтан,  оны  міндетті  түрде  сақтап 
қалып, 
қажетімізге 
жаратуымыз 
керек. 
 
Бірізділік 
мәдениеттің 
алуантүрлілігін  жояды.    Әртүрлі  дінге,  мәдениетке,  салт-дәстүрге,  тарихқа  
негізделген  нәрсе  ұлттың  тұғыры болып табылады.  Осы мәдениеттер БҰҰ-
ның, жалпы Біз жекелей алғанда әртүрлі қасиетке ие болсақ та, баршамыздың 
бір кемеде өмір сүріп жатқанымызды ұмытпағанымыз жөн.  
Мен: Яғни,  оның күші осы әралуандығында ма? 
Гали: Дәл солай. 
Мен:  Ғаламтордың  осы  бөлігінде  өмір  сүрген  адамдар  еуропалық 
демократия  туралы    бұрын  бейхабар  еді.    Олар  патшалар  мен  хандарға, 
кейіннен  -    КОКП  Орталық  комитетінің  бас  хатшыларына  арқа  сүйеп 
әдеттенген.  Ол дәурен келмеске кетті.  Қалай ойлайсыз, бұл халықтар БҰҰ-
ның  Бас  хатшысына  үмітпен  қарауға  тиіс  пе,  әлде  өз  тағдырларын  өздері 
шешкені жөн бе? 
Гали:  Жалпылама  жауап  берейін.    Әрине,  өзара  диалогтың  орнағаны  өте 
маңызды.    Бір-бірімізбен  тіл  қатысып,  шешімдерді  өзара  келісе  отырып 
қабылдап, ынтымақтастықты дамыта түскен тиімді. Неліктен десеңіз,  біздің 
алдымыздан  қазіргі  таңда  жаһандық  проблемалар  туындап  отыр.    Мәселен, 
трансұлттық, яғни бір ұлттың аумағына сыймайтын проблемалар.  Айталық, 
қоршаған  орта  проблемасы  әлем  елдеріне  ортақ.    Есірткі  саудасы  де  солай.  
Көші-қон  проблемасын  да  мемлекеттер  бірлесудің  арқасында  ғана  шеше 
алады. Сол сияқты, экономиканың жаһандануы,  рубльдің, доллардың, иеннің  
құны – біз шеше алмайтын, жаһандық нарық реттейтін мәселе.  
Біздің алдымызда көптеген жаһандық проблемалар тұр... 10- 20 жыл ішінде 
олар    техникалық  жаңашылдық,  экономика  мен  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының  жаһандануы  есебінен  көбеймесе  азаймайды.    Телевидениені 
алар  болса,  сіздер    спутникті  пайдаланасыздар,  бұл  да  жаһандану  ғой.  
Есірткі саудасы мен тасымалы  — халықаралық проблема.  Мафия да соның 
қатарында.  Бұл -  бір-бірімізбен тіл қатысып, пікір алмасуымыз керек.    
Мен:  Біздің  компаниямыз  «Мир»  деп  аталады.    Бұл  бітімгершілік 
проблемаларымен,  бейбітшілік  орнатумен  айналысуды  бірінші  кезекке 
қоямыз  дегенді  аңғартады.    Әзербайжан  мен  Армения  арасындағы  таулы 
Қарабах  проблемасымен  айналысқан  кезде  жауласып  жатқан  екі  тараптың 
журналистерін  ақпараттық  соғысты  тоқтату  туралы  келісімге  қол  қоюға 
шақырдық және сол мақсатымызға қол жеткіздік.  Этникалық қақтығыстарды 
тудыруға және тоқтатуға қатысты БАҚ-тардың  рөлін қалай бағалайсыз? 
Гали: Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі өте зор.  Біріншіден, сіздер 
қоғамның    назарын  қандай  да  бір  проблемаға  аударасыздар.  Екіншіден,  
адамдарды  қолдап,  мемлекеттердің  татуласуына  ықпал  ете  аласыздар. 
Үшіншіден,    жаңа  мәдениет  –  кітапқа  қарағанда    образдар  мәдениеті.  
Сондықтан  да  сіздер  маңызды    тұлға  ретінде    бейбітшілік  мәселелеріне    ат 
салысасыздар.  
 Әдетте мен сіздердің бәсекелестеріңіз Си-Эн-Энге «Қауіпсіздік Кеңесінде 
он бес емес, он алты мүше бар. Соның он алтыншысы – Си-Эн-Эн» деймін.  

 
229 
Сіздер – коммуникацияның, бейбітшілік пен диалогтың жаңа құралысыздар.  
Сол  үшін  алғыс  айтқым  келеді.  Сіздерге  сәттілік  тілеймін.  «Мир»-дің  және 
осы сияқты басқа да БАҚ-тардың қолдауы біз үшін ауадай қажет. Соны естен 
шығармаңыздар. 
Мен: Біздің компания қызметкерлеріне  қандай тілегіңіз бар?  
Гали:  Достастықтың  он  елімен  ғана  шектеліп  қалмай,  әлемдік  кеңістікке 
шығыңыздар дегім келеді.  Миллиардтаған қытайлықтармен, үнділіктермен, 
жер шарының барлық түкпірімен  әңгімелесуге жол ашыңыздар.  Достастық 
аймағы  бейбітшілік жолындағы алғашқы баспалдақ болуы тиіс.  Достастық 
елдерімен  ғана  емес,  бүкіл  әлемнің  халқымен    диалог  жүргізіп,  
Достастықтың егеменді тәуелсіз елдерінің назарын әлемдік проблемаларға – 
Латын Америкасындағы, Үндістандағы, Қытайдағы проблемаларға  аударуға 
қол жеткізулеріңізді тілеймін.  
Осындай  биік  мұратқа  сай  болу  үшін  сіздердің  жолдауларыңыз    әмбебап 
әрі  халықаралық  деңгейде  болуы  керек.    Соған  қол  жеткізетіндеріңізге 
сенімдімін.  
PS 
Лев  Николаевич  Гумилевтің    шығармалар  жинағының  төртінші  томына 
мен алғысөз жаздым.  Атақты кітаптың  негізін құрайтын «жердегі этногенез 
бен биосфераның»  ілкі сәтте еріксіз құшағына берілдім: 
«Адамзат  жер шарындағы мәдениеттің жылнамасын жазды. Электрондық 
эфирдің көзге көрінбейтін жіптерін  тоқып үйренгенше, жанды және жансыз  
нәрсенің  мәнін  ұққанша  ойына  келген  дүниелерді  алдымен  –  тасқа,  кейін 
сүйектер  мен  ағаштарға,  металдарға,  қағазға  түсірді.  Сонда  ғана  ол    жер 
шары  атты  бесікте  тербеліп  жүргендігін  түсінді,  өзін  осы  алып  Үйдің 
тұрғыны ретінде сезіне бастады. 
«Мир»  телерадиокомпаниясының  басты  мақсаты  —  өзінің  теле  және 
радиоарналары  арқылы  баршамыздың  ортақ  Отанымыздың  кескін-келбетін 
көрсету.  
 Шынайы  тарих  қаһармандарының  ой-толғамдары  біздің  ар-ұятымызды 
оятты.    Адамзаттың  басынан  кешкен  қиындықтар  мен  ауыр  азаптарды 
сезініп,  оған  жаны  ауыратын  жанды  Жаратушы  немесе  жол  нұсқаушы  деп 
санауға болады.  
Білімі кемел, ойы толысқан әр адам жер бетіндегі бір тал шөп пен судағы 
балықтан  артық  еместігін  түсініп,  этикалық  тұрғыда  өзін  Жердің  бір  шөкім 
топырағы  тәрізді елестеткені жөн.  
Ал  егер  жұмыс  туралы  тоқталатын  болсам,  осыдан  төрт  жүз,  екі  жүз 
ғасырлар  бұрын    сайын    даласы  мен  орманын  тастап  Алтай  мен  Сібір 
арқылы,    Беринг  бұғазы  мен  Тынық  мұхиты    арқылы    Америкаға  аттанған 
байырғы  бабаларыңды  жадыңда  сақта.  Бабаларымыз  өздерінің  тарихи 
сапарында  жаңа  халықтарды  дүниеге  әкеліп,  олардың  санасында 
бейбітшілікті ұғыну белгілерін қалдырды. 
Тым  болмағанда  бабаларымыздың  жасағанын  қайталауға  тырыс.  Ал  егер 
батылдығың мен ақыл-парасатың жетсе, олардан да артық істер тындыр. 

 
230 
Өзіңді  ғаламшардағы  әр  адамның  орнына  қойып  көріп,  әрқайсысының 
тағдыры мен тарихын бойыңнан өткеруге тырыс. Сонда келбетіне мұхиттар 
мен  тау  жоталары,  сайын  далалар  мен  ну  ормандар,  алып  мұздықтар  мен 
шетсіз-шексіз  шөлдер,  барлық  жан-жануарлар  мен  балықтар,  құстар  мен 
жәндіктер әр берген Жер ғаламшары сенің туған үйіңе айналады. Сонда ғана 
әрбір  жасуша,  тамшы  су  және  топырақ,  әріп  те,  заң  да  сені  өзінің  жақыны 
сияқты алыстағы жұлдыздарға немесе жаңа әлемге жетелейді». 
Қазір де дәл осы ой-пікірімнен айныған жоқпын.  
 
15-бет. Мына жабайы лотостар Еділ жағалауында сонау Хазария қағанаты 
кезеңінен бері өседі. Хазария тарих сахнасынан өшкен, ал лотостар әлі бар. 
Лотос Астрахань аймағының сомволына айналмағаны өкінішті.  
 
16-бет. Қазақтар шөлейт пен таулы жерлердің төл перзенті. Суға аса жақын 
емес.  Бірақ  ХХ  ғасыр  біз  үшін  айрықша  ғасыр  болды,  балық  аулауды  да 
меңгеріп алдық. Мен теңіздің қақ ортасындағы аралда тудым. Бала кезімнен 
теңіз жағалауында өстім.  
 
24-бет.  Әулеттің  аты  —  әулет.  Еркектің  аты  —  еркек.  Мына  тұрған 
адамдар  Шалахметовтер  әулетінің  өкілдері:  кіші  інім  Валитхан;  ағаларым 
Әбдірахман мен Ахон, әкем Мінәж және мен.  
 
27-бет. Мынау біздің бақшамыз. Бау-бақша өсіру қазақтардың табиғатына 
жат  болса  да,  әкем  мен  анам  бақшада  еңбектенгенді  жақсы  көретін.  Мені 
оқуына көңіл бөлсін деп, жұмыстан босататын.  
 
31-бет.  Мына  суреттердің  бәрін  досым  Витя  Турчак  қарапайым 
«Любитель»  фотоаппаратымен  түсірген.  Фотоаппаратты  маған  Аманғали 
атам  сыйлаған.  Бәлкім,  менің  болашақ  өмірімнің  телевидение  төңірегінде 
өтуіне осы ықпал еткен болар.  
 
32-бет.  Әрине,  доп  қуып,  футбол  ойнап  өскендердің  біріміз.  Спортпен 
шұғылдансам  да,  кәсіби  тұрғыда  ден  қойған  емеспін.  Алайда,  спорттағы 
бәсекелестік рухын жоғалтқан емеспін.  
 
33-бет.  Қыс.  Еділ  жағалауы.  Тоғызыншы  сыныпта  оқимыз.  Алдымызда 
ұзақ өмір жолы күтіп тұр.  
 
34-бет.  Студенттік  кезім.  Металлургпын.  Өскеменде  қайнаған  цехта  тер 
төгіп жүрмін. Бірақ өлең жазудан да қол үзгенім жоқ. Жастық романтикасыз 
болушы ма еді! 
 
35-бет. Ескі  фотосуреттерді  қарап  отырып, еріксіз «мынау  мен  бе?»  деген 
ойға кетесің. Иә, мен. Басқа кім болушы еді?!  
 

 
231 
38-бет. Өскеменде өткен жылдардан қалған тағы бір сурет. Үміт пен өзіңе 
деген сенімге толы жылдар... 
 
39-бет. Юра Савченко (сол жақта) оқуға әскерден кейін түсті, жасы бізден 
үлкен.  Өзі  зілтемір  көтеруден  спорт  шебері,  бізді  де  спорт  шеберіне 
айналдыруға серт еткен-ді. Мені үшінші разряд иегерлігіне дейін жеткізді.  
 
41-бет.  Жатақхананың  кереуетін  ІІІ  Людовиктің  мамық  төсегінен  артық 
көреміз.  Осы  кереуетте  ауыр  жұмыстан  кейін  демаласың,  осы  кереуетте 
жатып жаңа өлеңдерді дүниеге әкелесің.  
 
45-бет.  Топтасып  Ленин  даңғылының  бойымен  келе  жатырмыз.  Ол  кезде 
барлық қалаларда Ленин даңғылы бар.  
 
46. Тағы да мен. Көркемдеуші Кирилл Илющенко бұл фотосуретті міндетті 
түрде салу керек деді. Қарсы келе алмадым.  
 
47. Шың басында. Бағындыру онша қиынға түспеген белестердің бірі.  
 
51.  Телевидение  мені  ең  алғаш  тартымды,  қызыққа  толы  дүние  ретінде 
еліктірген. Күні бүгінге дейін солай.  
 
52—бет.  Елдегі  барлық  жастар  редакциялар  бір  атаның  баласындай  өмір 
сүрдік.  Ортақ  бағдарламалар  ойластырып,  фестивальдер  ұйымдастырдық. 
Мына сурет 1977 жылы Алматыда өткен «Жолдас» фестивалінде түсірілді.   
 
54-бет.  «Ритм»  Операциясы»  бағдарламасын  жүргізудемін.  Бәлкім, 
бағдарламаның  айрықша  көркемдік  жаңалығы  болмаған  шығар.  Бірақ  біз 
телевидениені  өнер  ретінде  ғана  көргіміз  келген  жоқ.  Телевидение  арқылы 
көрермендердің өміріне араласып, елге, халыққа көмектесуге тырыстық.  
 
65-бет. Мынау менің құрылыс отрядым. Мен оның комиссарымын.  
 
67-бет.  1999  жылы  Алматыда  Қаныш  Сәтпаевтың  ескерткішінің  ашылуы 
сәті.  Ғұламамен  қоштасу  сәті  де  есімде.  Бірақ  ол  кезде  Сәтпаев  әлемін  әлі 
біле қоймайтын жас едім.  
 
70-бет.  Қойшыларға  үй  салып  жатырмын.  Өзім  шүбәсіз  сенген  болашақ 
коммунизм  үшін  еңбек  етудемін.  Дәл  іргемізде  сутегі  бомбасын  сынақтан 
өткізуде, бірақ дәл сол сәтте ол туралы ешкім білген жоқ.  
 
75-бет.  Сол  жақта  тұрған  —  Ира  Жансейітова,  сұлу  қыз,  комсомол, 
белсенді, менің болашақ жарым. 
 

 
232 
77-бет.  Ираның  алпысыншы  жылдардағы  суреті.  Мен  сияқты,  оның  да 
арман-қиял  мен  жарқын  үміттерге  толы  жастығы.  Жарқын  үміті  ақталды 
деген ойдамын, себебі мені кезіктірді.  
 
81-бет.  Өз  өмірімізде  бірінші  және  соңғы  рет  ЗАГС-ке  кіргелі  тұрған 
сәтіміз.   
 
83-бет.  Менің  өмірімде  ерекше  орын  алған  екі  әйел  заты:  Анам  мен 
жарымның ортасында.  
 
85-бет.  Ира  анасы  Майдашпен  бірге  Мәскеуде,  Бородино  көпірінің 
жанында. Арт жағындағы біздің отбасымыз тұрған үй. Алпысыншы жылдары 
открыткадан көріп «Осы үйде мен тұратын боламын» деген едім.  
 
86-бет. Ира қазір әже атанған. Бірақ бұрынғы әдемілігін жоғалтпаған.  
 
91.  «Қызыл  керуеннің  ізімен»  бағдарламасын  жасаған  телевизиялық 
команда.  Суретті  түсірген  Евсей  Блехман.  Блехман  азамат  соғысы 
жылдарында ақтар мен қызылдарды дәл осылай түсірген.  
 
103-бет.  Достардың  ортасы  қашан  да  көңілді.  Шахматтан  мені  жеңіп 
кеткен  Олжас  пен  Камал  Смайылов  мәз-мейрам.  Мен  де  аса  ренжіген 
жоқпын. Келесі жолы жеңетініме сенімдімін.  
 
108-бет.  Мен  үшін  қымбат  суреттердің  бірі.  Айтан  Нүсіпхан  (сол  жақта) 
КСРО-да  өткізген  ұзақ  жылдардан  кейін  өзі  туып-өскен  Шыңжаңға  бірінші 
рет  келді.  Жанында  тұрған  Мұрат  Әуезов  —  саналы  ғұмырын  Қытайды 
зерттеуге арнаған тұлға.  
 
117-бет. Шығыстың шаһарларында міндетті түрде базар болады. Базар жай 
ғана  сауда  орны  емес,  телевидение  сияқты  адами  қарым-қатынастардың, 
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін атқарады. Алматының базары да 
сондай.  
 
126-бет. Мария Голдовская екеуміз «Сынақты» түсіргеннен кейін жиырма 
жыл  өткен  соң  кездестік.  Алматыдағы  менің  пәтерім.  Аздап  қартайғанбыз, 
бірақ өмірдің сынақтарында сүрінген жоқпыз.  
 
129-бет.  Грузин  Валерий  Жвания,  осетин  Мейірбек  Дзугаев,  қазақ  Рахмет 
Өтесінов  Жаңаөзен  интернационал  қаласында.  Рахмет  Өтесіновтің  елу 
жылдық мерейтойы.  
 
135-бет. Ескі досым Эдуард Сагалаевпен бірге. 
 

 
233 
145-бет.  Қазақстан  Мемлекеттік  телерадиосының  төрағасы  Ғаділбек 
Шалахметов  премьер-министр  Сергей  Терещенкомен  телесұхбат  жүргізіп 
отыр.  
  
145-бет.  Назарбаевпен  бірге.  Ол  кезде  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан 
Министрлер кеңесінің төрағасы, мен министрлердің бірімін. Ең алғаш домна 
пешінің  түбінде  кездескен  едік.  Мен  оны  —  «алған  бетінен  қайтпайтын 
бірбеткей қазақты» түсіру үшін барғанмын.   
 
147-бет.  Сара  Алпысовна  мен  Әлия  Назарбаеваның  жанында.  Бір  жаққа 
ұшқалы тұрмыз ба, әлде ұшып келдік пе, қазір есімде жоқ.  
 
Георгий  Гачев  —  философ,  сондықтан  ішімдікке  де  философиялық 
тұрғыда қарайды.  
 
192-бет. Естелік сурет: Эдуард Сагалаев, Элен Мицкевич, Джимми Картер 
және мен.  
 
193-бет. Маңызды әңгіме үстіндегі сәт.  
 
195-бет.  Джимми  Картердің  бейнесі  салынған  қолмен  тоқылған  қалы 
кілемді  Джимми  Картерге  Түркіменстанның  кілем  тоқушылары  мен 
телевизия қызметкерлерінің атынан Бободжан Икрамов сыйға тартты. 
  
196-бет.  Американың  ең  белді  журналистерінің  бірі  Пьер  Сэлинджер. 
Оның көзқарасына бүкіл елі құлақ түреді. Мен де.  
 
199-бет.  «Мир»  МТРК  Директорлар  кеңесі.  Осы  кісілердің  арқасында 
«Мир» дүниеге келді.  
 
Инесса  Канукова  Тед  Тернерді  Джейн  Фондадан  тартып  алғысы 
келетіндей.  
 
209-бет.  «Мир»  телерадиокомпаниясының  ең  алғаш  эфирге  шыққанын 
атап  өтудеміз.  Менің  қасымда  отырған  Жоғарғы  сценарийлік  курстағы 
ұстазым — Валентин Михайлович Дьяченко.  
 
233-бет.  Қарабах  соғысының  құрбандарына  қойылған  естелік  мемориал. 
«Мир»  МТРК  Директорлар  кеңесі  осында  бірге  келдік.  Біздің  телевизия 
саласындағы міндетіміз — осындай соғыстың қайталауына жол бермеу.  
 
Давуд Иманов — әзірбайжандық кинорежиссер, Бакудегі филиалымыздың 
директоры, жанартау адам.  
 

 
234 
256-бет.  Бакудегі  филиалымыздың  салтанатты  ашылу  рәсімі.  Лентаны 
Әзірбайжан атынан Президент Әлиев және «Мир» МТРК атынан мен қидым.  
 
261-бет. Қазақстандағы филиалдың тұңғыш директоры Гүлжан Ерғалиева. 
Ең  қиын  кезеңде  басшылыққа  келген  Гүлжан  аңғал-саңғал  ғимаратты  әдемі 
кеңсеге 
айналдырып, 
заманауи 
құрылғылармен 
жабдықтады. 
Тележурналистерді топтастырып, хабар таратуды бастады.  
  
262-бет. 
Людмила  Сидорович  екеуміз  Брест  патриоттық  әндер 
фестиваліндеміз.  
 
291-бет.  Ресми  фотосурет:  ЮНЕСКО  бас  директоры  Федерико  және 
«Мир»  МТРК  төрағасы  Ғаділбек  Шалахметов  ЮНЕСКО  туының  жанында. 
Федерико  Майор  өз  дәуірінің  ең  көрнекті  адамдарының  бірі,  Нобель 
сыйлығының лауреаты, саналы ғұмырын бейбітшілік жолына арнаған жан.  
 
294-бет.  Мартин  Хедлоу  Жаңа  Зеландияда  туып,  Австралияда  өскен. 
Еееуміз  Малайзияда  таныстық.  Кейін  ол  ЮНЕСКО-ның  өкілі  ретінде 
Алматыға келді.  
 
297-бет.  Жамбыл  Жабаевқа  Сталин  сыйлаған  көлік  осы,  сирек  кездесетін 
музей  жәдігері.  Металлургтер  мәдениет  сарайының  сахнасында.  Өлең 
оқудамын.  
 
307-бет. Біз төртеуміз: Мен, Ира, Салтуня және Әсел.  
 
308-бет.  Ира  қызымыз  Салтуниямен.  Осы  құйтақандай  қыздың  үлкен 
бизнесменге айналатынын кім білген?!  
 
310-бет.  Арада  жиырма  жылдан  кейінгі  отбасымыз.  Ортамызға  кішкентай 
Алан қосылып, бесеу болдық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет