Алгебра
Алгебра – математиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Ол ғылым мен
техниканың тілі болып табылады. Алгебраның көмегімен табиғат пен қоғамда
болып жатқан құбылыстар мен процестер меңгеріліп, оларға болжау жасалады
және бейнеленеді. Алгебра пәні мектепте оқытылатын көптеген пәндерді, ең
алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пәндерін, әсіресе физика,
информатика және геометрия пәндерін игеруді қамтамасыз етеді.
Оқыту мақсаты: оқушыларға алгебраның базистік негізін меңгерту, оларда
тұлғааралық және этносаралық мәдениетті, өз тағдырына жайбарақат
қарамайтын тұлғаны және тұлғаның кәсіптік бағдарын қалыптастыру.
Оқытудың міндеттері: нақты сандар түсінігін қалыптастыру; бөлшек-
рационал және тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіру, функциялар
графиктерімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру; теңдеулер мен
теңсіздіктерді және теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерін шешуді үйрету;
теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелерінің көмегімен мәтіндік
есептерді шығаруды үйрету; статистикалық мәліметтерді талдау және
көрсетудің негізгі тәсілдерімен таныстыру, қарапайым ықтималдық түсініктерді
қалыптастыру.
7-9-сыныптардағы алгебра курсын оқыту теорияны дедуктивті жолмен
баяндауға көшумен ерекшеленеді. Алгебра курсын оқып-білуде оқушылар
математикалық аппараттың негізін құрайтын біліктіліктер мен дағдыларды
меңгеретін болады және оларды әртүрлі есептерді шығаруда белсенді түрде
қолданады. Алгебра курсы төрт мазмұндық бағытта құрылады: сандар және
өрнектер, тепе-тең түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар.
Барлық осы бағыттар жекелей дамытылмайды, олар тығыз байланысып, өзара
әрекеттесумен қарастырылады.
46
7-сынып курсындағы ықтималдықтар теориясы бойынша материалдар
келесі сыныптардың базалық мазмұнына ауыстырылды.
Тригонометрия
формулалары
9-сынып
курсында
шоғырланған.
10-сыныпта қарастырылған тригонометрия формулалары 9-сыныптың базалық
оқу мазмұнына ауыстырылған.
«Алгебра» пәні бойынша 7-9-сыныптардағы сағат саны аптасына
3 сағаттан, әрбір сыныпта оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Геометрия
Негізгі мектептің 7-9 сыныптарындағы геометрия – жаратылыстану-
ғылыми пәндері мен формальды-логикалық теорияның ерекшеліктерін
үйлестіретін жүйелі оқу курсы.
7-9 сыныптарда геометрияны оқу барысында оқушылардың бойында
жазықтықтағы геометриялық фигуралар туралы білімдері қалыптасып,
тереңдетіледі және жүйеленеді, логикалық және бейнелік ойлауы дамиды.
Оқушылардың геометриялық білім мен біліктер жүйесін басқа да
жаратылыстану-ғылыми пәндерімен бірге кешенді түрде меңгеруі олардың
ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға және қоршаған әлемді танып білуге
мүмкіндік жасайды.
Негізгі мектепте геометрияны оқу пәні ретіндеоқытудың мақсаты – барлық
оқушыларды одан әрі оқуға қажетті геометрия облысындағы математикалық
дайындықтың базалық деңгейімен және сабақтас пәндер мен жоғары сыныпта
стереометрия курсын игеруге қажетті дайындықпен қамтамасыз ету болып
табылады.
Негізгі мектепте геометрия курсын игеру интеллектуалды дамыған
тұлғаны тәрбиелеудегі келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
логикалық ойлауды дамыту; геометриялық салуларды орындау және оның
дұрыстығын негіздей білу біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру және
дамыту; геометриялық білім мен математикалық іс-әрекет дағдылары негізінде
практикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру және дамыту; оқушылардың
кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру; кеңістіктік ойлауды қалыптастыруға
негіз жасау; бейнелік ойлауды қалыптастыру; функционалдық сауаттылықты
дамыту; графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту.
Геометрияны оқыту міндеттері: оқушылардың геометриялық фигуралар
туралы түсініктерін, бір немесе бірнеше геометриялық фигуралардың
элементтерінің арасындағы сандық және сапалық қатыстарды қалыптастыру;
дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдыларын қалыптастыру
және дамыту; қарапайым сызбаларды салу, өлшеу дағдыларын қалыптастыру;
өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру және дамыту; нақтылы объектіні
бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде беру біліктігін
қалыптастыру және дамыту; жазық фигуралардың қасиеттері туралы теориялық
білімдерін кеңейту және жүйелеу; есептеуге, дәлелдеуге және салуға арналған
геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын қалыптастыру және
дамыту; күрделілігі әртүрлі сызбалардағы геометриялық фигураларды тану,
есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану
47
біліктігі мен дағдыларын ұлғайту; жазықтықтағы түрлендірулер арқылы
алынған жазық фигуралардың бейнелерін салу біліктігін қалыптастыру және
дамыту; геометриялық есептерді алгебралық әдістермен шешу біліктігі мен
дағдыларын қалыптастыру және дамыту; оқушылардың кеңістік және
кеңістіктік фигуралар туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушыларды
кеңістіктік фигуралардың кескіндерімен және олардың элементтерімен
таныстыру; геометриялық шамаларды табуға арналған практикалық есептерді
құрастыру және шешу (қажет болған жағдайда анықтамалықтарды және
техникалық құралдарды пайдаланып) біліктігін қалыптастыру және дамыту;
жазық және кеңістіктік геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылыми
ақпараттарды жинақтай, талдай, өңдей және пайдалана білу біліктігін
қалыптастыру және дамыту.
Геометрияны оқытудың әдістемелік ерекшелігі – планиметрия курсын
оқытуда кеңістіктік денелерді пайдалану. 7-9-сыныптардағы геометрия
курсында теорияны дедуктивті жолмен баяндауға көшу, геометрияны
оқытудың алғашқы кезеңдерінен бастап (7–сыныптан), стереометрияны
оқытуға дайындау жүзеге асырылады.
7-сынып геометрия курсында оқушылар геометриялық фигуралармен,
олардың қасиеттерімен (нүкте, түзу, сәуле, кесінді, бұрыш, жазықтық,
үшбұрыш, шеңбер); геометриялық қатынастармен (тиістілік, қиылысу,
параллельдік,
перпендикулярлық,
теңдік);
геометриялық
шамалармен
(кесіндінің ұзындығы, бұрыштың өлшемі) танысады. 7-сыныпта геометрияны
оқытуда сызбалар кеңінен пайдаланылады, оқушылар геометриялық фигуралар
мен қатынастардың қасиеттерін оқып біледі, есептер шығарады, теоремаларды
дәлелдейді, циркуль және сызғыштың көмегімен негізгі салуларды орындайды,
сызбаларды орындау дағдылары геометриялық түсініктерді қалыптастырумен
қатар дамиды.
8-сынып геометрия курсында оқушылардың жазықтықтағы геометриялық
фигуралар туралы білімдері; геометриялық фигураларды салу және
дедукциялық ойлау (тура әдіс, қарсы ұйғару әдісі) дағдылары; игерген
қасиеттер мен формулаларды қолданып, геометриялық шамалардың
(ұзындықтар, бұрыштар, аудандар) мәндерін есептеу біліктігі қалыптасады,
тереңдетіледі және жүйеленеді. Оқушылар сүйір бұрыштың тригонометриялық
функцияларымен және жазықтықтағы координаталар әдісімен танысады;
тригонометриялық өрнектерді түрлендірудің алғашқы дағдыларын және
геометриялық есептерді шешуде координаталар әдісін қолдану дағдыларын
меңгереді.
9-сынып
геометрия
курсы
оқылатын
материалдың
теориялық
маңыздылығының, дедукциялық рөлінің және қарастырылатын объектілердің
абстракциялық дәрежесінің артуымен сипатталады. Оқушылардың білім қоры
векторлық-координаталық әдіс және түрлендірулер (қозғалыс және ұқсастық)
әдісі сияқты геометриялық фигуралардың қасиеттерін игерудің жаңа
әдістерімен толықтырылады, сонымен қатар стереометрия элементтерімен
танысады. Басқадай пәндермен пәнаралық байланыстар тереңдетіледі. Басқадай
пәндермен пәнаралық байланыстар тереңдетіледі. Оқылған фигуралардың
48
қасиеттеріне, олардың арасындағы қатынастарға сүйеніп, қосымша салуларды,
алгебралық және тригонометриялық аппаратты, симметриялық түсініктерді
қолданып геометриялық және практикалық мазмұнды есептерді шешу біліктігі
кеңейтіледі. Практикалық мазмұнды мысалдарды қарастыру оқушылардың
қоршаған әлемдегі геометриялық формалар мен қатынастарды айыра білу және
оларды геометрия тілімен суреттей білу біліктігін дамытады.
«Геометрия» пәні бойынша 7, 8, 9-сыныптардағы сағат саны аптасына
2 сағаттан, әр сыныпта оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Информатика
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080
қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес информатиканы
оқыту 5-сыныптан басталады. 5-9 сыныптар үшін информатика пәнінен жаңа
оқу бағдарламасы әзірленді. Оқу бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі біріншіден,
мазмұнды толығымен қайта қарастырумен байланысты, себебі информатика
пәні 5-сыныптан бастап оқытылады (бұрын оқытылу 7-сыныптан басталды).
Екіншіден, заман талабына сай ақпараттық және коммуникациялық
технологиялардың тез дамуына байланысты информатика курсында
алгоритмдеу және программалау саласына көп көңіл бөлу қажеттілігі
туындайдыген дұрыс. Сонымен қатар, жеке тұлғаның қалыптасуында
алгоритмдік және операциялық ойлау ерекше рөлі алатыны ескерілді.
5-9 сыныптардағы информатика пәнінің ерекшелігі, мектепте оқытылатын
басқа пәндерден түбегейлі айырмашылығы – бұл оны оқыту пәнінің жедел
екпінмен өзгеріп отыруында. Бүгінгі күні бар технологиялар мен программалық
қамтамасыз етулер орнына жаңаларының келуі өзгеруде, сонымен қоса бір
жарым жыл ішінде аппараттық құралдардың техникалық параметрлері екі
еселенеді және бес-жеті жылда стандарттар, интерфейстер мен хаттамалар
қорлары өзгереді. Осы жағдайда жаңа технологияларды меңгеруге дайын,
адамның кәсіби мобилдігін қамтамасыз ететін іргелі білімнің рөлі жоғары
болып отыр. Сол себептен мектептің негізгі курсының мазмұнына
информатиканың іргелі негіздерін, алгоритмдер дағдыларын ерте оқытуына
назар аудару қажет.
Әр сыныпта информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника
кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын
ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен
байланысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында Қазақстан
Республикасының Заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және
құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.
Оқытудың мақсаты информатика және қазіргі заманғы ақпараттық
технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйелеу
арқылы ақпараттық құзіреттілікті қалыптастыру, әр түрлі ақпараттарды
өңдеудің қарапайым программаларымен жұмыс істеу дағдылары, алгоритмдік
және операциялық ойлау қабілеттерін дамыту, программалау тілімен,
модельдеу қағидаларымен танысу болып табылады.
49
Оқыту міндеттері:
1)
ақпарат туралы түсінікті қалыптастыру;
2)
есептеу техниканың және телекоммуникацияны негізгі құрылғылары
пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
3)
ақпараттық модельдеу, модельдеу әдістерін қолданатын негізгі салалар
туралы мағлұмат беру;
4)
программалау тілінде негізгі базалық алгоритмдік құрылымдарды
пайдалана білуге үйрету;
5)
ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялармен жұмыс
істеуге дағдыландыру;
6)
жобалық іс-әрекетте, күнделік өмірде, оқыту іс-әрекетінде, нарықта
қажетті мамандық игеру мақсатында ақпараттық технологияларды пайдалану
тәжірибесін алу;
7)
алгоритмдік және операциялық ойлау қабілеттерін, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық,
математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
8)
қауіпсіздік техника ережелерін, ақпараттық этика және құқық
нормаларын сақтау дағдысын дамыту;
9)
оқушыларды ақпараттық мәдениетке және техникаға ұқыпты болуға
тәрбиелеу.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
6 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
8 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Сабақтастық қағидасын сақтау үшін 6-9 сыныптарға үшін ауыспалы оқу
бағдарламасы әзірленді. Аталған оқу бағдарлама әр сыныптың кіріктірілген
материалын қамтиды, ол аталған сыныптың және одан дейінгі сыныпта оқитын
материалдардан тұрады, яғни 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы
5-6 сыныптың базалық мазмұның, 7-сынып – 5-6-7 сынып оқу материалдарын
және 8-сынып – 6-7-8 сыныптарының оқу материалдарын, 9-сынып –
2011-2013 оқу жылдарында өткен 7-8 сыныптардың оқу материалдарын
қамтиды.
6-9 сыныптарға арналған информатика пәні бойынша ауыспалы оқу
бағдарламасы 2013-2014 оқу жылына ғана арналған.
«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
6 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
7 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
8 сыныпта – аптасына 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат;
9 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
«Информатика» пәнін ауыспалы оқу бағдарламасы бойынша оқытуда
6-8 сыныптарға вариативті компоненттен 0,5 сағат беріледі, себебі оқушылар
алдынғы өткен сыныптар бойынша оқу материалдарын (кіріктірілген курс)
50
меңгеру тиіс. Бірінші жартыжылдықта информатиканыоқытуға 2 сағат, екінші
жартыжылдықта 1 сағат бөлінеді.
Информатика пәніне деген қызығушылықты арттыру мақсатында жобалық
іс-әрекеттер ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға
жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні
бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды
және жоба даярланып жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады.
Мұғалімнің өз қалауы бойынша жобалық іс-әрекеттерге өткен тараулар
бойынша тақырыптар алуға болады.
2.3 «Жаратылыстану» білім саласы
Ғылыми-жаратылыстану білім беру саласы оқушылардың бойында табиғат
құбылыстары және заңдылықтары жайлы ұғым қалыптастырады; табиғатты
танып-білудің ғылыми әдістерімен таныстырады. Ол адамға табиғаттың бір
бөлігі ретінде тек қана табиғат әлемін түсінуге ғана емес, сонымен қатар бұл
құбылмалы әлемде дүниетанымдық, мәдени және білікті тұлғаның
қалыптасуына, жүйелі-құнды жеке тұлғалық тәрбие беруге бағытталған.
«Жаратылыстану» білім саласының мазмұны кіріктірілген, оның
құрамына енгізілген пәндер: жаратылыстану, география, биология, химия,
физика.
Негізгі орта білім деңгейінде географиялық білім қалыптастыру төмендегі
пәндер бойынша жүзеге асырылады:
5-сыныпта – «Жаратылыстану» пәні;
6-9 сыныптарда – «География» пәні.
Жаратылыстану
«Жаратылыстану» оқу пәнінің мазмұны табиғатты ғылыми тұрғыдан
танудың әдістерін ашады; Ғалам, Күн жүйесі, Жер ғаламшары, оның
қозғалысы, пішіні, беткі қабаты, магниттік қасиеттері жайлы, атмосфера,
гидросфера, литосфера және Жер ғаламшарындағы адам туралы түсінік береді;
денелер мен заттар, олардың қасиеттері; Жердің тірі қабаты туралы; қоршаған
орта және адамның ондағы орны туралы білім қалыптастырады.
Жаратылыстану курсын оқытудың мақсатыоқушылардың бойында
ғылыми-жаратылыстану білімдерін, түсініктерін және саналы қоғамдастығы
бар бірегей ғаламшар ретіндегі Жер туралы біртұтас көзқарастарын, табиғат
пен қоғамның өзара жүйелі байланысын, жүйелі-кешенді ойлау мен
функционалдық сауаттылықтарын дамытуды қалыптастыру болып табылады.
Оқытудың міндеттері: курс бастауыш мектепте алған білім, біліктілік және
дағдынының сабақтастығын әрі қарай жалғастырады, сонымен қатар Отанын,
туған табиғатын сүюге деген жоғары рухани ізгілікті, көптілділік және жеке
тұлғаның жалпы мәдениеттілігін тәрбиелеуді жалғастырумен ұштастырылады;
экологиялық білімді, денсаулыққа зиянсыз іс-әрекетті, табиғат құбылыстарын
жоғары деңгейде түсіндіре білу және өз іс-әрекетінің қорытындыларын алдын-
ала болжауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру, табиғат ресурстарын
51
қалпына келтіру, өзгерту, зерттеу барысында қолданылатын жаратылыстану
ғылымдары әдістерімен оқушыларды таныстыру жалғастырылады; қоршаған
ортаны танудың ғылыми жаратылыстану тәсілдерін пайдалану дағдылары
(бақылау, өлшеулер, тәжірибелер, зерттеу жұмыстарының жоспарын жасау,
нәтижелерді талдау және қорытындыларды тұжырымдау) дамытылады.
5-сыныптағы жаратылыстанымдық білім мазмұны келесі принциптер
бойынша құрылған: оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келу;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу; оқу пәні мазмұнының
«Дүниетану» курсы мазмұнымен сабақтастығы; ғылыми-жаратылыстанымдық
білім берудің практикалық және қолданбалы бағытын жүзеге асыру.
Жаратылыстануды оқыту жалпы қажетті құралдар және арнайы
аспаптармен, географиялық карталармен, атластармен, баспа құралдарымен,
аудио және бейне материалдармен, басқа да техникалық оқыту құралдарымен
арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде жүзеге асырылады.
Қарастырылатын сұрақтардың алуан түрлілігіне және оқушылардың
бойында табиғат, табиғи үдерістердің біртұтастығы жайлы көзқарасты
қалыптастыру себебіне байланысты географиялық циклдың құрамына кіреді,
өзінің мағынасы мен мазмұнына қарай кіріктірілген курс болып табылады.
Бақылаулар
және
практикалық
жұмыстар
мектептің
оқу-
тәжірибелікүлескісінде
өткізіледі.Міндетті
түрде
бағаланатын
(екі)
практикалық жұмыс нөмірмен белгіленген.
Оқу жоспарының вариативті бөлігіне таңдау курстарын дайындауға және
жүзеге асыруға бағытталған келесі қосымша оқу курстары ұсынылады:
«Табиғат және адам», «Жасыл дәріхана», «Туған жер» және т.б.
«Жаратылыстану» пәні бойынша сағат саны аптасына 1 сағат, оқу
жылында 34 сағатты құрайды.
География
Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан-жақты дамыту мен
тәрбиелеуде, патриоттық сезімдер мен ұлттық сана, жалпы және географиялық
мәдениет, қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынас қалыптастыруда,
функционалды сауатты, шығармашыл тұлға тәрбиелеуде, Жер бетiндегі
тiршiлiктi сақтауда табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiкті сезiнуде,
қазіргі әлемде Қазақстанның орнын түсінуде және ел әлеуетін көтерудегі өз
үлесін ұғынуда география пәнi үлкен рөл атқарады.
Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың мақсаты–
оқушылардың бойында қазіргі география ғылымы, оның жетістіктері мен
адамзат алдында тұрған маңызды проблемаларды шешудегі рөлі туралы түсінік
қалыптастыру; Қазақстандағы және дүниежүзіндегі табиғи, әлеуметтік-
экономикалық және экологиялық үдерістердің географиялық аспектілерін
анықтау үшін қажет географиялық ойын қалыптастыру; табиғат дамуының
заңдылықтары, халықтың және шаруашылықтың орналасуы, географиялық
кеңістікте болып жатқан үдерістердің динамикасы мен аумақтық ерекшеліктері
туралы
кешенді
әлеуметтік-бағдарлы
географиялық
білім
жүйесін
қалыптастыру.
52
Оқыту мақсаттарына сәйкес «География» пәнін оқытудың мынадай
міндеттеріанықталды:география ғылымы және Жер туралы серіктес
ғылымдардың негізін меңгерту, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың,
қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік
көзқарас қалыптастыру;табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және
қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен
болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгерту;қазіргі дүниежүзілік дамудың
негізгі бағыттарымен, экономиканың және табиғат кешенінің дамуы барысында
туындайтын жеке бір аймақты, сол сияқты барлық дүние жүзін қамтитын
проблемаларды және сұрақтарды оқып-білу;оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен
дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және
байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін
және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін,
қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық
көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты
қалыптастыру; географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми және
әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын,
ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана білу дағдыларын
дамыту; өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді
пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгерту; жоғары
отансүйгіштік сезімге, Қазақстан Республикасының Конституциясынсыйлауға
тәрбиелеу, белсенді өмірлік көзқарас қалыптастыру.
География курсының құрылымы мен мазмұнын іріктеу барысында оқу
материалы және пәнаралық байланысты жалғастыру тәсілі негізге алынған, 6–
9-сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілген, оқыту үдерісінің
тұлғалық-бағдарлану тәсілі қарастырылған.
6-7-сыныптардағы «География» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың
бойында Жер туралы жалпы түсінік қалыптастыруға; жергілікті жерде, план,
карта бойынша бағдарлау тәсілдерін; жалпы географиялық заңдылықтар;
материктер және мұхиттар табиғат кешендерінің қалыптасу тарихы мен
географиялық ерекшеліктері туралы түсінік беруге бағытталған.
8-9-сыныптардағы «География» оқу пәні оқушыларды Қазақстанның
физикалық және экономикалық-географиялық жағдайымен, геологиялық
құрылысы және жер бедерімен таныстырады; елдің табиғи-аумақтық және
экономикалық аудандары, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық
байланыстары және Қазақстанның дүниежүзілік экономикадағыорны туралы
білім қалыптастырады.
Оқушылар алған білімді картографиялық жұмыстар, далалық зерттеулер
мен практикалық жұмыстарды орындауда, түрлі диаграммалар мен кестелер
құрастыруда, экономикалық, тарихи-географиялық нысандар мен оқиғаларды
суреттеуде, табиғи және экономикалық құбылыстар мен үдерістерді бақылауда
пайдалана алады.
Сабақ барысында орындалатын практикалық жұмыстар, географиялық
құбылыстарды бағалауға, болжауға, түсіндіруге, сипаттауға, анықтауға,
53
сонымен қатар картамен, оның өлшеуіш ресурстарымен жұмыс істеуге
бағытталған. Міндетті түрде бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен
белгіленген.
«География» пәнінің сағат саны:
6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Білім мазмұнының вариативті бөлімі оқушы дамуының жеке тұлғалық
сипатын қамтамасыз етеді және ата-аналар мен балалардың тілегін есепке ала
отырып әзірленеді. Таңдау курсының келесі үлгі тақырыптары ұсынылады:
«Табиғатты зерттеген ұлы зерттеушілер», «Ұлы саяхатшылар», «Жас
сатпаевшылар»,
«Қазақстан географиясы оқулығы беттерінен тыс»,
«Картографиялық
зерттеулер»,
«Географиядағы
саралау
және
моделдеу»,«Менің Отанымның байлықтары»,«Географиялық экология»,
«Экономика және экология», «А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Абай,
О.О.Сүлейменов, С.Сейфуллин поэзиясындағы география».
Достарыңызбен бөлісу: |