Жапырағы мен жемісін асқынған асқазан



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата18.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#2169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Көктау

292

Баурайындағы  қызғылт  қоңыр,  қара  топырақ  жа-

мылғысында дала өсімдіктері, шатқалдарында қара-

ғай, терек, т.б. өседі.



КӨКТАУ  –  жалпы  Сырт  қыратының  солт.-баты-

сындағы қырқалы тау массиві. Батыс қазақстан обл. 

тасқала ауд. Амангелді а-ның солт.-батысында 33 км 

жерде орналасқан. Абс. биікт. 227 м. Беткейі көлбеу, 

пішіні доға тәрізді келген. Солт.-шығыстан оңт.-шы-

ғысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км. 

Беткейі сай-жыралармен тілімденген. жер бедеріне 

күмбез  пішінді  денудац.  тау  жұрнақтары  тән.  жер 

қыртысы  мезо-кайнозой  кезеңінің  бор-мергельді 

жыныстарынан  түзілген.  Кейбір  жерін  палеогеннің 

құмды-саздақты шөгінділері жапқан. Аласа таудың 

қоңыр  топырақ  жамылғысында  боз,  селеу,  бетеге 

аралас дала өсімдіктері өседі.

КӨКТАУ – жетісу Алатауының орт. бөлігіндегі асу. 

Алматы обл. Алакөл ауд. және қытайдың шыңжаң-

Ұйғыр  автоном.  районының  шекарасында  орналас-

қан. Абс. биікт. 3067 м. Беткейлік шайылумен бірге 

бойлық эрозия әрекеттері қатты дамыған. Солт.-шы-

ғысынан тентек, оңт. беткейінен Боратала өзендері-

нің  салалары  таудың  биік  жоталарындағы  мұздық-

тардан бастау алады. жатық беткейлі кең өзен аңғар-

лары  мен  жайпақ  жоталар  жоғары  қарай  біртіндеп 

тар  аңғар,  құлама  беткейлі  шатқалдар,  қырлы  жо-

талар мен үшкір шыңдарға ұласады. Асудан мамыр 

– қыркүйек айларында салт атты адам өте алады.



КӨКТЕКЕ  (Sіttіdae)  –  әнші  торғайтәрізді  құс-

тардың  бір  тұқымдасы.  Олардың  көпшілігі  оты- 

рықшы құстар. Денесінің ұз. 9,5 – 19 см. Дене бітімі 

шағын әрі жұмыр, құйрығы қысқа. Аяқтары қысқа, 

тұтқыр  тырнақтары  арқылы  ағаш  діңінің  бойы-

мен,  тік  жартастарда  жоғары  және  төмен  қарай 

өте  жылдам  өрмелеп  жүре  береді.  тұмсығы  тік  әрі 

өткір.  тұмсығымен  қатты  ағаш  тұқымдары  мен 

жаңғақтарын  өте  оңай  ұсақтай  алады.  Ұяларын 

ағаш діңінің, жартастардың қуыстарына салады да, 

ұясының аузын балшықпен көмкеріп тарылтады. Ұя-

сында көбінесе 6 – 8 жұмыртқа болады. жұмыртқа-

сын мекиендері шайқайды. Ұсақ жәндіктермен, өр- 

мекшілермен, ұлулармен және өсімдіктердің жеміс-



Көктау

терімен,  тұқымдарымен  қоректенеді.  қазақстанда 

К-нің 2 түрі: орман К-сі және жартас К-сі бар. О р -

м а н  К-сі (Sіtta europaea) – ертіс өз-нің аңғарында, 

Алтай  тауының  орманды  жерлерінде  кездеседі,  ол 

қыста  қазақстанның  батыс  өңіріне  қоныс  аудара-

ды.  Арқасы  көкшіл  сұрғылт,  бауыры  ақшыл,  тұм-

сығы,  басының  екі  жағы  қара  жолақты.  ж а р т а с 

К-сі (Sіtta tephronota) – тянь-шаньда, әсіресе, талас 

Алатауында,  піскем,  өгем,  қазығұрт,  Боралдай, 

қаратаудың  оңт-нде,  Іле  Алатауының  батыс  бөлі-

гінде,  шу-Іле  тауларының  шатқалдарында  ұя  сала-

ды.  түрлі  жәндіктерді,  әсіресе,  қоңыз  және  өсімдік 

қандалаларын,  өрмекшілерді  жейді.  Олар  шәмшат 

жаңғақтарын,  үйеңкі,  жөке,  қарағаш  тұқымдарын 

ағаш қабығының қуыстарына тығып қойып та қорек-

тенеді. К. орман ш-на өте пайдалы құс.

«КӨКТЕМ» САНАТОРИЙІ – таза ауамен және ши-

палы сумен емдейтін санаторий. Алматы қ-нан оңт-

ке қарай 2 км жерде, Іле Алатауының етегінде, теңіз 

деңгейінен 1100 м биіктікте орналасқан. Бір мезгілде 

350-ден астам адам емделеді. 1981 жылға дейін «К.» с. 

«Ремизовка» демалыс үйі болып аталып келген. тау-

дың таза ауасы мен сұлу табиғаты, табиғи шипалы ми-

нералды суы санаторийге келушілердің жақсы емде-

луі мен демалуын қамтамасыз етеді. қаңтар айының 

орташа темп-расы –3,8°С, ал шілдеде 20,7°С. жауын-

шашынның жылдық орташа мөлш. 780 мм-ге жетеді.  

1990  ж.  санаторий  аумағынан  минералдылығы  аз, 

гипертермальды  (42  –  44°С)  құрамы  азотты-сілтілі 

және  хлорид-сульфатты  натрийлі,  кремний  қыш-

қылы  мен  фторға  қаныққан  табиғи  шипалы  жер 

асты ыстық су көзі табылған. Бұл судың құрамы мен 

темп-расы «Сарыағаш» суына ұқсас болғанымен құ-

рамы одан да күрделі, сондықтан табылған шипалы 

судың адам организміне тиімді әсері жоғары. шипа-

лы суды ішу арқылы ас қорыту жүйесінің ауруларын 

(созылмалы  гастрит,  асқазаннан  бөлінетін  сөлдің 

қышқылдығының жоғары не төмен болуы), асқазан 

ішек жараларын, бауыр және өт, несеп жолдарының 

ауруларын,  бүйрекке  тас  байлану,  созылмалы  цис-

тит  және  простатитті  емдейді.  Сондай-ақ  асқазанға 

және өт жолдарына жасалған операциядан кейін осы 

шипалы  суды  ішу  –  организмге  өте  пайдалы  екені 

анықталған. Санаторийдің осы заманғы құралдармен 

жабдықталған  емдеу  ғимараттарында  шипалы  су 

толтырылған 4 камералы ванналар, су асты массаж 

жасау, омыртқа жотасын су астында тік бағытта со-

зып  емдеу,  шипалы  су  құйылған  бассейнде  арнайы 

емдік  жаттығулар  жасау  жолға  қойылған.  Санато-

рийде  функционалдық  диагностика  қою,  физиоте-

рапия,  инемен  емдеу,  микротолқындық  терапия, 

лазермен емдеу, су-джок терапия, сүлік қою, массаж 

(қолмен нүктелік, вакуумдық) жасайтын, емдік дене 

шынықтыру және стоматол. кабинеттер бар. жаз ке-

зінде күнмен емдеу (гелиотерапия) жолға қойылған.

КӨКТЕМ ЖАНАРГҮЛІ, қ. Жанаргүл.

КӨК  ТЕРЕК  САҢЫРАУҚҰЛАҒЫ  (Leccinum  au-

rantiacum)  –  базидиомицеттер  класы,  болет  тұқым-

дасына  жататын  саңырауқұлақ.  қалпағының  диам. 

4 – 20 (сирек жағдайда 30) см, түсі сарғыш, сарғыш 

қызғылт, қоңыр қызыл түсті (кейде қалпағы ақ түс-

тілері  де  кездеседі).  пішіні  жартылай  шар  тәрізді, 

құрғақ,  төмен  қарай  иіліп,  гименофорға  (гимений 

орналасқан саңырауқұлақ жемісті денесінің үстіңгі 

Көктау тауындағы шалқар көлі


293

беті) бекиді. Аяғының ұз. 6 – 20 см, қалыңд. 2 – 3,5 

см, төмен қарай жуандап, сыртын әуелі ақ , саңырау-

құлақ піскенде қоңыр түске айналатын қабыршақтар 

жауып жатады. жемісті денесінің түсі ақ, тығыз бо-

лады. жемісті денесін сындырғанда ақ түсі көк түске 

өзгереді. Бұл саңырауқұлақтар негізінен көктеректі, 

қайыңды,  сирек  еменді,  қарағайлы  және  шыршалы 

ормандарда маусымнан қыркүйек айына дейін өседі. 

жеуге жарамды.



КӨКТЕУ  –  1)  көктемгі  қоныс;  шөптің  жаңадан 

қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жая- 

тын  өріс.  Кей  жерлерде  мұны  орта  жайлау  деп  те 

атайды; 2) өсімдіктің алғашқы өніп-өсуі.



КӨКТӨБЕ  –  Іле  Алатауының  бөктеріндегі  көрікті 

жерде  орналасқан  төбе.  Алматы  қ-ның  оңт-шығы-

сында. Абс. биікт. 1070 м, салыстырмалы биікт. 370 м-

дей.  Беткейлері  тіктеу  келген.  Оларда  бұта,  жусан 

аралас  таудың  әр  түрлі  астық  тұқымдас  шөптесін-

дері өскен. К-де биікт. 372 м болатын телевизиялық 

мұнара,  қала  тұрғындарының  демалыс  аймақтары, 

т.б. орналасқан. К. – Алматы қ-на панорамалық шо- 

лу жасайтын орын саналады.

КӨКТӨБЕ  –  Балқаш  көлінің  солт.-шығыс  бөлігін-

дегі түбек. Алматы обл. Алакөл ауд-нда орналасқан. 

Абс. биікт. 375 м. жер бедеріне пермь және тас көмір 

кезеңдерінің  ойпатты  аккумуляттық  жазығы  тән. 

жер  бедері  солт-ке  қарай  еңістейді,  батыста  жала-

ңаш  сорына  ұласады.  Батыстан  шығысқа  қарай  5 

км-ге, солт-тен оңт-ке қарай 7 км-ге созылып жатыр. 

Сұр  қоңыр  топырақ  жамылғысында  эфемерлі  сұр 

жусан, баялыш, күйреуік, бұйырғын өседі. Көл жа-

ғалауы қамысты.



КӨКТӨРТКІЛ  –  қаратау  таулары  мен  маңғыстау 

үстірті аралығындағы сайлы-жыралы келген жазық-

тағы  тау.  маңғыстау  обл.  маңғыстау  ауд-нда.  Абс. 

биікт. 271 м. шағын төрткілді келген таудың беткейі 

көлбеуленіп,  төңіректегі  жазықпен  ұласып  кетеді. 

Неогеннің әктас, бор жыныстарынан түзілген. Куэс-

тер жиі кездеседі. Солт.-батысында Бекі а. мен құдығы 

(тереңд. 12 м, су шығымы 800 л/сағ) орналасқан.



КӨКТЫРНАҚ  –  Кіші  Арал  т-нің  солт.-шығысын-

дағы түбек. қызылорда обл. Арал ауд-нда орналас-

қан. Солт-тен оңт-ке қарай 30 км-ге созылып, теңізге 

сұғына еніп жатыр. Батыстан шығысқа қарай 37 км-

ге созылған. теңіз деңгейінен ең биік жері 188 м. жер 

бедеріне төрттік кезеңнің ойпатты аккумуляттық жа-

зығы тән. Ол түбектің орта бөлігіне қарай еңістеніп, 

батысында  Бутаков  шығанағына,  шығысында  үл- 

кен Сарышығанақ қонысына ұласады. түбекте үш- 

шоқы,  Бұлтық  төбелері  мен  Кенжембай,  Аққұдық, 

Кержығылған  құдықтары  бар.  түбектің  теңізге  сұ-

ғынған оңт. жағалауы 10 – 70 м аралығындағы жыра-

лармен тілімденген. Аймақ мал жайылымы ретінде 

пайдаланылады.



КӨКТІҢКӨЛІ  –  Сарысу  алабындағы  ағынды  көл. 

қарағанды обл-ның  шет ауд-ндағы Атасу кентінен 

оңт.-шығысқа  қарай  50  км  жерде,  теңіз  деңгейінен 

540  м  биіктікте  орналасқан.  Аум.  12  км

2

,  суы  мол 



жылдары  13,2  км

2

-ге  дейін  жетеді.  Су  жиналатын 



алабы 2584 км

2

. Орташа тереңд. 1,1 м, ең терең жері 



2,5 м. Суының көл. 13 млн. м

3

. Суы тұздылау, кермек 



татиды.  жалпы  минералд.  4,2  г/л.  Көлге  солт.-шы-

ғыстан жаман Сарысу өз. келіп құяды да, солт-нен 

ағып  шығады.  Сондықтан  көлдің  деңгейі  осы  өзен 

суының молдығына қарай жылына 1,5 м-ге ауытқып 

тұрады. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында көлдің 

деңгейі жоғары, ақпанда өте төмен болады. жаздың 

2-жартысында өзен қарасуларға бөлініп қалады. Ба-

тыс  жағасы  тік  жарлы,  биікт.  2  м-ге  жетеді,  саздақ 

аралас сұр құмтастан тұрады. қалған жағалары жай-

пақ тегіс, саздақты. Солт., солт.-шығыс жағаларында 

көл суын реттейтін топырақтан бөгет салынған. жа-

ғаларында қамыс, өлең, шалаң, қараған, жусан, т.б. 

түрлі шөптесіндер өседі. Күміс мөңке, алабұға, тор-

та, шортан, т.б. балықтар кездеседі.



КӨКШАҒЫР  ЖУСАН  (Artemіsіa  marschallіana)  –  

жусан  туысының  бір  түрі.  қазақстанда  тобыл  –  

есіл,  ертіс,  жем  өзендері,  Каспий,  Арал  маңында, 

Көкшетауда,  мұғалжарда,  Сарыарқаның  шығысы 

мен батысында, қарқаралыда, Бетпақдала, Балқаш –  

Алакөл  ойысында,  Алтайда,  тарбағатайда,  қызыл-

орда  обл-нда  далалы,  шөлейт,  құмды  жерлердегі 

өзен  аңғарларында,  тың  жерлерде,  тастақ  беткейлі 

төбелерде  өседі.  Биікт.  30  –  80  см-дей  шала  бұта. 

өсімдік  түгелдей  тықыр,  жасыл  не  сұрғылт  жа-

сыл,  тамыры  жуан,  сүректенген.  жеміс  бермейтін 

бұтақтарының жапырағы сопақша келген, ұз. 4 – 8, 

ені 2 – 6 см, қара жасыл. шілде – тамыз айларында 

Көкшағыр

Көк терек саңырауқұлағы

Көктөрткіл тауы


294

гүлдейді. К. ж-ды жаз бойы қой мен түйе жақсы жей-

ді, сиыр мен жылқы онша жемейді.

КӨКШЕ – Көкшетаудың ең биік жері. Көкшетау қы-

ратының солт-нде орналасқан. Батысында оны Кіші 

шабақты,  солт-нде  үлкен  шабақты,  шығысында 

Бурабай  көлдері  қоршап  жатыр.  Абс.  биікт.  947  м, 

төңірегіндегі жазықтан салыстырмалы биікт. 600 – 

700 м. Гранитті интрузивтік жыныстардан түзілген. 

жақпарлы  беткейлері  тектоник.  және  эрозиялық-

денудац. әрекеттерге көп ұшыраған. Солардың сал-

дарынан  ғажайып  пішінді  сан  алуан  тас  мүсіндер, 

үңгірлер  пайда  болған.  Беткейлерінде  қарағай, 

қайың, түрлі бұталы орман, етегінде әр түрлі шал-

ғынды  шөп  өседі.  туристерге  тау  басына  шығып, 

төңірегіндегі  көркем  табиғатты  тамашалауға  өте 

қолайлы биік. Оңт. етегінде «Оқжетпес» санаторийі 

орналасқан. 

КӨКШЕТАУ  –  Сарыарқаның  солт-нде,  Көкшетау 

қыратының солт.-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, 

жақпартасты, орманды-көлді тау. Оңт-тен солт-ке қа-

рай  20  км-ге  доғаша  иіле  созылып  жатыр,  ені  5  км-

дей. ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай 

кезеңі (асуы) К-ды екіге бөледі: солт-нде Көкше, Бура, 

жекебатыр,  оңт-нде  Айыртөбе  (Седловатка),  шор-

тан  шоқылары  бар.  тау  девон,  силур  кезеңдерінің 

граниттерінен  түзілген.  тектоник.  жарықтардан, 

граниттің  үгіліп  мүжілуінен,  денудаттанудан  бет-

кейлері  көп  тілімденген.  Соның  салдарынан  гранит 

ашылымдары сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып 

мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұра-

тын аласа таулы жартасты бедер құрайды. қылшықты 

(қылышақты) өз. осы таудан бастау алады. тау бет-

кейлерінің шымды күлгін топырағында қарағай, қа-

йың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың 

шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты 

бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптесіндер өседі. 

К-да «Бурабай», «Оқжетпес», «щучинск», т.б. санато-

рийлер,  көптеген  демалыс  үйлері,  оқушылар  лагері 

орналасқан. 



КӨКШЕТАУ    қарағанды  обл.  қарқаралы  және 

шығыс  қазақстан  обл.  Семей  қалалық  әкімдігіне 

қарасты  аумақтағы  таулар.  Абс.  биікт.  1135  м.  тау-

лардың  пішіні  күрделі.  Солт.-батыстан  оңт.-шы-

ғысқа қарай 45 км-ге созылған, енді жері оңт-нде (25 

км). жер қыртысы девон жүйесі тас көмір кезеңінің 

эффузивтік кварцит, туф, порфирит жыныстарынан 

түзілген.  Беткейлері  құлама  жартасты.  Көтеріңкі 

келген  оңт.  шатқалдарынан  құрөзек,  Дағанделі, 

шығыс  беткейінен  түлкібас,  солт-нен  қызылащы 

өзендері бастау алады. Бірнеше жеке таулардан (үл-

кен Айғыржал, Сораң, Суырлы, т.б.) тұратын К-дың 

қиыршықтасты бозғылт қоңыр, қоңыр топырағында 

бетеге,  сұлыбас,  айрауық,  қоңырбас,  қараған,  т.б. 

шөптесін  өсімдіктер  өскен.  Сай-жыралар  мен  тау 

шатқалдарына  бұта  аралас  қайың,  терек,  т.б.  өседі. 

өзендердің барлығы дерлік жаз айларында құрғап, 

қарасуларға бөлініп қалады.



«КӨКШЕТАУ»  –  Ақмола  облысындағы  демалыс 

үйі.  шортанды  көлінің  оңт.-батыс  жағалауындағы 

орманда орналасқан. «Бурабай» шипажайы ст-нан 6 

км  (автокөлік  қатынайды).  1936  ж.  ашылған.  Дема-

лыс үйі 340-тан астам адамға арналған. жыл бойы 

жұмыс істейді. Демалыс үйінде демалушыларға бар-

лық жағдай жасалған. мыс., тіс ауруларын емдейтін 

кабинет, жағажай, жүзу бассейні бар.



КӨКШЕТАУ  ҚЫРАТЫ  –  Сарыарқаның  солт-нде- 

гі аласа таулы белесті жүйе. Ол солт-нде Солт. қазақ, 

шығысында Сілеті, оңт-нде Атбасар жазықтарымен 

және  есіл  өз-нің  аңғарымен,  батысында  торғай 

үстіртімен  шектеседі.  Батыстан  шығысқа  қарай 

400 – 450 км-ге, солт-тен оңт-ке қарай 200 – 250 км-ге 

созылған. Орташа биікт. 350 – 400 м, ең биік жері –  

Көкше тауы (947 м). қырат көптеген жеке аласа тау-

лар  мен  шоқылардан,  төбелерден  тұрады.  Олардың 

бастылары: Көкше тауы (947 м), жақсы жалғызтау 

(729  м),  зеренді  (653  м),  имантау  (621  м),  Сандық-

тау  (626  м),  жыланды  (609  м),  жақсытүкті  (593  м), 

Байөтер (551 м), Айыртау (555 м), елікті (502 м), Дом-

быралы  (471  м),  т.б.  қырат  архей  мен  протерозой-

дың  көне  жыныстарынан  (гнейс,  кварцит,  филлит, 

кристалды тақтатастар, т.б.) түзілген. шығыс бөлігі 

төм.  палеозойдың  эффузивтік  шөгінді  қатпарлы 

қабаттарымен  көмкерілген.  К.  қ.  аумағында  кварц- 

тық-желілік алтын, темір, тас көмір және қоңыр кө-

мір кен орындары бар. Климаты континенттік. қаң-

тардың орташа темп-расы –18°С, шілдеде 19°С. жыл-

дық жауын-шашын мөлш. 400 мм. қыраттан есілдің 

көптеген  оң  салалары:  қалқұтан,  Боқсық,  Аршалы, 

жабай, қызылсу, Аққанбұрлық, иманбұрлық, солт-ке 

қарай қамысақты, шағалалы, шығысқа қарай Сілеті 

өзендері  бастау  алады.  К.  қ-ның  тауаралық  ойыста-

ры  көлге  бай.  тұщы  көлдер:  имантау,  жақсы  жал-

ғызтау,  зеренді,  Айдабол,  Бурабай,  шортан,  үлкен 

және  Кіші  шабақты,  қатаркөл,  итемген,  шошқалы, 

т.б.  Ащы  көлдер:  қалмақкөл,  мамай,  Салқынкөл, 

т.б.  Көбінесе  аласатаулы-орманды  және  аласатаулы 

қара  топырақты  болып  келеді.  қарағай,  қайың,  те-

рек,  тал,  т.б.  бұталар  аралас  орман,  дала  белдеміне 

тән әр түрлі шөптесіндер өседі. өзен жайылмаларын, 

көл жағаларын шалғындық өсімдік жапқан. К. қ-нда 

ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Одан басқа 

қорықшалар, аң аулау ш. жұмыс істейді.

«КӨКШЕТАУ» ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҒЫ –  

аймақтың  таулы-орман  ландшафтысы  мен  бірегей 

табиғи нысандарды қорғау, саяхатты дамыту мақса-

тында  ұйымдастырылған  саябақ  1996  ж.  құрылды. 

Көкшетау қ-нан оңт.-батысқа қарай 60 км жерде ор-

наласқан. Ақмола обл-ның зеренді, Солт. қазақстан 

обл-ның Айыртау  аудандары аумағында. құрамына 

шалқар, зеренді көлдері, Айыртау шоқылары кіреді. 

жерінің аум. 586,8 мың га, оның 97,7 мың га-сы ор-

манды алқап, 166 мың га-сы жайылым, 7 мың га-сы 



Көкше

Көкшетау тауының шоқтығы – Көкше



295

КӨКШІЛ  ШИҚЫЛДАҚ  (Juno  coerulea)  –  құртқа- 

шаштар  тұқымдасы,  шиқылдақ  туысына  жататын 

көп  жылдық  жуашықты  өсімдік.  қазақстанда  қа-

ратау  мен  талас  Алатауындағы  тасты,  қиыршық-

тасты  және  балшықты  беткейлер  мен  таудың  төм. 

белдеулерінде кездеседі. Биікт. 15 – 25 см, тамыры 

жіп  тәрізді  шырматылып  жатады.  жуашығы  жуан, 

қалыңд. 3 см-дей. Сабағы қысқа. Орақ сияқты иіліп 

келген жапырақтары сабаққа екі қатар болып орна-

ласады. Гүлдерінің саны 2 – 6, кейде дара жетіледі, 

иіссіз, көкшіл түсті, олар жапырақ қолтығынан шы-

ғады. Гүлсерігінің сыртқы бөліктерінің ұз. 5 см-дей, 

ішкілерінің  ұз.  3  см,  қандауыр  тәрізді.  тұқымынан 

көбейеді.  Сәуір  –  мамыр  айларында  гүлдеп,  жеміс-

тенеді. К. ш-тың гүлі әдемі және ұзақ гүлдеп тұрады, 

сондықтан сәндік үшін өсіріледі. Бұл – өте сирек кез-

десетін эндемик түр. жылдан-жылға таралу аймағы-

ның азаюына орай қорғауға алынып, қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген.

КӨЛБАҚА (Rana rіdіbunda) – құйрықсыздар отряды 

бақа  тұқымдасына  жататын  түр.  Бақалардың  ішін-

дегі  ең  ірісі;  ұз.  170  мм-ге  дейін  жетеді.  қоңырқай 

жасыл түсті келеді, үстінде күңгірт дақтары болады. 

тістері  үстіңгі  жақ  сүйектерінде  ғана  бар.  тілінің 

ұшы  бос  және  екіге  айрылған.  Көбінесе  суда  тір-

шілік  ететіндіктен  артқы  аяғының  жүзу  жарғағы 

жақсы  жетілген.  Кейде  судан  жағалауға  қоректену 

үшін шығады. қорегін ұзын тілімен аулайды. Олар 

аралас және жалпақ жапырақты орманды, дала мен 

шөлейт  жердегі  суқоймаларында  және  ағысы  жыл-

дам  өзендерде  мекендейді.  қазақстанда  негізгі  та-

ралу ареалы Орал – ырғыз – торғай су айдыны мен 

Балқаш – Алакөл аралығы саналады. Негізгі қорегі – 

жәндіктер, олардың ішінде қоңыздар, қосқанаттылар, 

жарғаққанаттылар,  түзу  қанаттылар,  сондай-ақ 

майда  құстардың  балапандары,  сұртышқандар, 

басқа  қосмекенділердің  итшабақтары.  Кейбір  жағ-

дайда  балықтардың  шабақтарымен  қоректеніп, 

балық ш-на зиянын тигізеді. Су темп-расы 6 – 9°С-

та  К-ның  белсенділігі  тоқтайды  да  су  түбіндегі 

шұңқырға  қыстайды.  қыстаудан  ақпанның  аяғы 

–  маусымның  басында  шығады.  К-лар  3  жылдан 

соң  уылдырық  шашады.  Аналығы  су  жылынғанда 

(15,6  –  18,6°С-қа  көтерілгенде)  ғана  уылдырық  ша-

шады.  уылдырықтарының  саны  денесінің  ірілігіне 

байланысты (4000 – 12000-дей) болады. уылдырық 

шашу  мерзімі  1,5  –  2,5  айға  дейін  созылады.  Су 

жылы болғанда ғана 7 – 10 күнде ұрықтанған уыл-

дырықтан ұз. 5 – 8 мм-ге жететін итшабақтар жарып 

шығады. Бір апта өткеннен кейін олардың ұз. 16 – 20 

мм-ге  жетіп,  белсенді  қоректене  бастайды.  К-ның 

итшабақтары  биоценозда  (энергия  тасымалдаушы) 

үлкен рөл атқарады, еті кейбір елдерде (мыс., фран-

цияда, қытайда, т.б.) тағам ретінде пайдаланылады. 

КӨЛДЕНЕҢТЕМІР – жем алабындағы өзен. Ақтөбе 

обл. мұғалжар ауд-нда. Ұз. 99 км, су жиналатын ала-

бы 3060 км

2

. мұғалжардың батысындағы жобал та-



уынан бастау алып, лаққырған а-ның тұсында темір 

өз-не  құяды.  жауын-шашын,  жер  асты  суларымен 

толығады. Су деңгейі көктемде көтеріледі. жайыл-

масы – шабындық.



КӨЛЕҢКЕЛІ – Солт. үстірттің қиыр солт-ндегі қы-

ратты аласа тау. маңғыстау обл. Бейнеу ауд. жерінде 

орналасқан. тау солт-тен оңт-ке қарай 25 – 30 км-ге 

шабындық, 289 мың га-сы жыртылған, 25 мың га-сы 

сулы-батпақты жерлер. Климаты тым континенттік, 

қысы  суық  қарлы,  жазы  қоңыржай  жылы.  қаңтар 

айының орташа темп-расы –16,5°С, шілдеде 18,5°С. 

Аязсыз  кезең  ұзақтығы  120  күн.  жауын-шашын-

ның  жылдық  мөлш.  310  мм.  жер  бедері:  қыратты-

төбелі  жазық  жерлер  гранит  тасты  шоқылармен 

және адырлы қырқалармен үйлесім тапқан, олардың 

баурайларында  қалың  қарағайлы  орман  өскен.  Ор-

ман  арасындағы  көгал  алаңдар  мен  өзен  алқапта-

рын  астық  тұқымдас  өсімдіктер  басқан.  Саябақта 

200-ге  жуық  археол.  ескерткіштер,  қола  дәуірінен 

қалған  қорғандар  мен  көне  заманғы  елді  мекен 

орындары бар. Сырымбет тауының маңында 19 ғ-да 

тұрғызылған  ағаш  үй  сақталған.  Сырымбет  дала- 

сы – көрнекті ғалым ш.уәлихановтың өмірімен бай-

ланысты тарихи жерлердің бірі. Ғалымның қалпына 

келтірілген  атақонысы  осында;  қазір  онда  тарихи-

мемориалдық кешен ұйымдастырылған. Саябақтың 

өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі алуан түрлі: 

көне дәуірдің қынасы мен қырыққұлағы, қазіргі за-

манның  ағашы  мен  бұталы  өсімдіктерінің  астында 

жатыр. жануарлардан бұлан, елік, борсық, түлкі, ор-

ман сусары, қасқыр, орқоян, ақтиін, құр мекендейді. 

Оларды аулауға тыйым салынған. 1983 ж. аскан бұ-

ғысы  әкелінді.  Ол  жақсы  жерсініп  кетті.  Омыртқа-

сыздар әлемі әлі толық зерттелмеген. 1000-ға жуық 

қоңыз,  220  қандала,  70  тікқанаттылар,  64  өрмекші 

түрлері  мекендейді.  Саябақтың  бір  бөлімінде  ағаш 

кесуге, жануарлардың санын реттеу үшін аң және ба-

лық аулауға рұқсат етіледі. Сондай-ақ мұнда биотех. 

жұмыстар жүргізіледі: жабайы аңдарға арнап пішен, 

ағаш жапырақтары мен бұтақтары дайындалады, тұз 

себілген алаңдар жасалады. Саябақ жерінде туризм 

жақсы дамыған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет