Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет108/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   124

Список литературы 

1 Закон Республики Казахстан «Об образовании» № 319-III от 27.07. 2007 года. 

2 Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан на 2016-2019 годы. 

Указ Президента Республики Казахстан от 1 марта 2016 года № 205. 

3 Концепция государственной молодежной политики РК до 2020 года «Казахстан 2020: Путь в будущее». 

Дата публикации: 01.01. 2013. 

4 Акопов Г.В. Социальная психология высшего образования. – Самара, 1993. 

5 Анисимов В.В Новый этап в развитии педагогического образования // Педагогика. – № 11-12. – 1992. 

6 Болотов В.А., Новичков В.Б.. Реформа педагогического образования // Педагогика. – № 7-8. – 1992. 

7 Слободчиков Б.И., Исаева Н.А. Психологические условия введения студентов в профессию педагога. // 

Вопросы психологии. – № 4. – 1996. – С. 72. 

8 Исаева Н.А. Психолого-педагогическое обоснование курса «Введение в педагогическую профессию» 



269

//  Инновационные  процессы  в  образовании:  проблемы  и  перспективы:  Материалы  научно-практической 

конференции. Орел, 1995. 

Аңдатпа. Мақалада қалыптастыру мәселелері студенттердің кәсіптік шеберлігін Тжкб процесінде кәсіби 

практиканың гуманитарлық колледжінде. 



Аннотация.  В  статье  рассматриваются  проблемы  формирования  профессиональной  направленности 

студентов ТиПО в процессе организации профессиональной практики в гуманитарном колледже. 



Abstract. The article considens the formati on of the Professional orientation of students T&PE in the process 

professional of organization practice in Humanitarian College. 



БІЛІМ БЕРУДІҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ МЕН 

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ЫҚПАЛДАСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 

К.Х. Мунайтбасова 

№10 С. Мұқанов атындағы орта мектебі, Атырау қ. kulysh777@mail.ru 



Пікір беруші – Н.С. Сарсенова, п.ғ.к., профессор, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Атырау қ. 

Әлемде  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер  әлемдік  білім  беру  жүйесіне  де  әсер  етпей  қоймайды. 

Сондықтан мұғалімнің алдында тұрған басты міндет ХХІ ғасырда заман талабына сай оқушылардың алған 

білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару. Ал жаңа 

заманның талаптары білім сапасын арттыру. Сонымен қатар басты міндеттердің бірі мектеп оқушыларында 

функционалды  сауаттылық  пен  бәсекеге  қабілеттілікті  қалыптастыруды  рухани  –  адамгершілік  негізде 

іске  асыру  өте  маңызды.  Қазіргі  әлемде  ғылымның,  техниканың  және  ақпараттық  технологияның  дамуы 

ең  жоғарғы  деңгейге  жетті,  алайда  өкінішке  орай  адамдардың  адамшылық  қасиеттерінің  төмендеуіне 

байланысты өте қауіпті жағдаяттар бел алуда. Жоғары дәрежеде дамыған технологиясы бар, бірақ адами 

сипаты жоқ интеллект әлем үшін қауіпті болуы мүмкін [13]. 

Елбасы Н. Назарбаев жастарды тәрбиелеуде “Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен бо-

лашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты дер кезінде ең қымбат адами көзқарастар негізінде рухани – 

адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет” деп бекер айтпаса керек. 

Жеке  тұлғаны  рухани  жағынан  дамыта  оқыту  дегеніміз  тәрбие  мен  оқытудың  бірлігін  сақтай  отырып, 

сабақты  шәкірт  жанының  ішкі  қуатының  оянуына  ықпал  жасайтындай  ұйымдастыру,  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар арқылы дамыту. Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуде 

халықтық  дәстүрлерді  пайдалануда,  бұл  дәстүрлердің  өсіп  келе  жатқан  адамға  психологиялық  әсерін 

және  оларды  қолданудың  жолдарын  білу  керек.  Тәрбие  процесінің  тиімділігі  қандай  да  бір  техникалық 

жаңалықтарды,  ерекше  айла-әдістерді  енгізу  жолымен  емес,  дұрысында  тәрбие  процесінде  халықтық, 

адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен көтеріледі [5]. Сондықтан дәстүр мен инновацияның 

өзара әрекеттестік жолдарын қарастырған жөн. 

Уақыт  талабына  сай  білім  беру  саласындағы  инновацияларға  тоқталсақ:  бұл  күтілетін  білім  беру 

нәтижелерін нақтылау, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері; объективті бағалау жүйесі, өмір бойы оқу, 

мектеп басқарудың инновациялық және ашық жүйесін іске асыру көзделуде. Өз іс тәжірибемде әріптестеріме 

түрлі тақырыптарда тәлімгерлік етіп келемін және оның нәтижелігін кері байланыс арқылы байқаймын [12, 

№2-сурет]. 

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуда рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктерін оқу пәндерімен 

ізгілендіру (ықпалдастыру, интеграция) арқылы жүзеге асыру мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда қарастыру мен 

негіздеу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Рухани-адамгершілік жүйесі тек бір пәнмен шектелмей, бүкіл 

білім кеңістігін ізгілендіру құралына айналдыру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе дей келе, кіріктіру ұстанымын 

жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім 

мазмұнымен ықпалдастыру құралы ретінде пайдалануға болады. Демек, кіріктіру ұстанымының негізінде 

бүкіл  білім  беру  ісі,  оқу-тәрбие  процесі  рухани-адамгершілік  біліммен  ықпалдастыру  арқылы  жүзеге 

асырылуы тиіс, - делінген [4, 13]. Осыған орай жаратылыстану бағытында оқытылатын пәндер бойынша сабақ 

барысында және сыныптан тыс оқушылардың шығармашылық жұмыстары да жоғарыда аталған мәселені 

жүзеге асыруда өз үлесін қосары сөзсіз. 

Осы орайда биология мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыра оқытуды жүзеге асыруда «Адам денсаулығы 

және рухани құндылықтар» атты кіріктірілген таңдау курсының авторлық бағдарламасы құрастырылды. 

«Адам денсаулығы және рухани адамгершілік құндылықтар» атты кіріктірілген курс өзін-өзі тану, биология, 



270

химия және қазақ әдебиеті пәндерін оқытуда жүзеге асырылады [15, № 1, 3-сурет]. Аталған таңдау курсы 34 

сағатқа негізделіп 8-9-cыныптарға арналған. Өткізілетін курстың жаңалығы: Жаратылыстану және өзін-өзі 

тану  пәндерін  кіріктіріп  оқыту  арқылы  оқушыға  рухани  адамгершілік  білім  мен  тәрбиені  қалыптастырып 

дамытуда жүйелі, бірізділікпен, үйлесімді, тағылымды теориялық білімдерінің рухани биікке жетулеріне ықпал 

етіп, алған білім, тағылымдарын өмірде қолдануларына бағыт беру. Оқушыларға акмеология ғылымының 

негізін беріп, болашақта жетістіктерге, білім мен ғылымның шыңына жету үшін рухани құндылықтардың бірі 

– еңбекқорлыққа баулу. 

Курстың мақсаты: кіріктіріп оқыту принципі арқылы жеке пәндердің, тәрбие істерінің құндылық мәнін 

күшейту мақсатында олардың рухани-адамгершілік білім мазмұнымен ықпалдастыру құралы болғандықтан 

кіріктіру  ұстанымының  негізінде  бүкіл  білім  беру  ісі,  оқу-тәрбие  үдерісі  рухани  құндылықтар  ұғымдары 

және  ықпалдастыру  арқылы  жүзеге  асыру.  Жеке  тұлға  өзінің  болашағына  мақсат  қойып,  өз  бойындағы 

қабілеттіліктері мен мінез ерекшеліктерін ескеріп, мамандық таңдауына әсер ету. 

1-кесте – «Адам денсаулығы және рухани құндылықтар» атты кіріктірілген курсты өткізуде тақырыптық-

әдістемелік жоспар 

Р/р

Биологиядан денсаулық 

сақтау тақырыбы

Өзін-өзі танудағы 

рухани адамгершілік 

құндылықтар

Оқытудағы күтілетін 

нәтижелер

Сабақты өткізу түрлері

1. Адамның әлеуметтік тұлға 

ретіндегі ерекшеліктері 

Тұрақтылық, 

табандылық, біртұтастық, 

қайталанбау

Қоғамдағы басты 

құндылық адам екендігін 

ескерту 

Сипаттау, пікірталас, ой 

қозғау

2

Адам анатомиясы, 



физиологиясы және 

гигиенасының негізін 

қалаушы ғалымдар.

Еңбекқорлық, табысқа 

жету, патриоттық, 

білімпаздық, даналылық, 

дарындылық

Ғылым, білім шыңына 

жеткен адамдардың еңбек 

жолының нәтижелілігінің 

кілтін тану. 

Интерактивті 

демонстрация

лау


3. Ішкі секреция бездерінің 

қызметінің бұзылуынан 

туындайтын ауру белгілері, 

ауруларды алдын алуда 

рухани адамгершілік 

құндылықтардың рөлі

Өзін-өзі реттеу, тепе-

теңдік сақтау, ата-

бабаны құрметтеу, 

сыйластық 

Құндылықтың үш түрінің 

(әлеуметтік, рухани, 

материалдық) мәнін 

ашып, ең жоғары рухани 

құндылықтың рөлін 

меңгертіп, рухқа деген 

махаббатын ояту 

Демонстрация, 

видеокадрлар, 

ақпараттық технология 

4. Жүйке жүйесінің гигиенасы. 

Темекінің жүйке жүйесіне 

әсері. Салауатты өмір сүруде 

дене шынықтырудың, дұрыс 

тыныс алу ережелері. 

Тазалық, қажырлық, 

қайраттылық, 

табандылық

Салауатты өмір сүру 

салтын ата-бабамыздың 

салт дәстүрлерімен 

байланыстырып, 

экологиялық таза өнімдер 

туралы ой қозғау

Аутотренинг, 

Дебат сабағы

6. Көру мүшесі – көздің 

гигиенасы. Адамның өмірге 

көзқарасында рухани 

құндылықтардың маңызы . 

Адалдық, әділдік, 

шынайылық, дербестілік, 

Көздің құрылысын, 

қызметін жақсы меңгере 

отырып әр адамның өз 

көзқарасын 

қалыптастыру

Шығармашы

лық жұмыс, 

 рөлдік ойын, 

психологиялық тренинг 

Жаратылыстану пәндерін оқытуда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып сабақтан тыс өткізілетін шаралар 

арқылы  оқушыларды  рухани-адамгершілік  құндылықтарға  тәрбиелеудің  нәтижесін  қалалық,  облыстық, 

республикалық ғылыми жоба, сайыстар, олимпиадалардың нәтижесінен байқауға болады. 

Оған дәлел республикалық деңгейде «Бір үзім нанның құдіретін қорғау» ІІ орын, «Азаттық рухы – Алтын 

адам» І орын, «Атырау өңірінде ақ мақтаны жерсіндіру» І орын, облыстық сайыстар «Атырау өңірінде қалдықсыз 

технологияны дамыту» ІІ орын, «Атырау қаласының ауасын санитарлық-бактериологиялық зерттеу» ІІ орын 

т.б. жетістіктерді келтіруге болады. 

Мұғалімнің алдында тұрған міндеттердің бірі – «Бұлақ көрсең – көзін аш» дегендей оқушының бойынан 

байқаған қабілеттілікті аша біліп, болашақ ұрпағымыздың жүректі, парасатты, еңбекқор және ең бастысы 

функционалдық сауаттылығын, яғни пән бойынша теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне ықпал 

жасау [14]. 

Қорытындылай  келе,  халықтық  тәрбиенің  негізгі  мақсаты  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған,  рухани 

ойлау дәрежесі биік, функционалды сауатты, мәдениетті, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да 

игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. 


271

Абай тағылымы рухани биікке бастайды. «Адамда жүрек 

біреу-ақ!» тақырыбында биология мен өзін-өзі тануды 

кіріктіру оқытудан көріністер 

Мектепте жаратылыстану пәндері мен өзін-өзі 

тану, қазақ әдебиеті пәндерін ықпалдастыра оқыту 

жөнінде коучинг өткізу сәтінен фотогалерея 

№2-сурет Кері байланыс Әріптестердің пікірлері 

№3-сурет ІІІ топ тапсырмасы: Шәкәрімнің «Ләйлі мен Мәжнүн» дастаны арқылы биологиядан «Көз құрылысы, көз 

аурулары» тақырыбын өткенде көз, көзқарас ұғымдарын қалыптастыру



Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1 Абай энциклопедиясы. -Алматы. «Атамұра». 1995. 

2 Өлең – сөздің патшасы Абай шығармаларының жинағы, халықаралық Абай клубы, «Жидебай» 2008 ж. 

3 Алаш мұрасы Мәшhүр Жүсіп, көп томдық шығармалар жинағы (1-7). -А., «Ел шежіресі». 2008. 

4 Айтуқызы Б. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдастыру әлеуеті» 

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы сайты. 

5 Әкімбаева «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудегі өзекті мәселелер // Самопознание.kz 

№9, 2013 ж. 

6 Әкім Ысқақ Күн ұлымын. Тараз «Сенім» 2002 ж. 

7 Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Биология 8 сынып. -А., «Атамұра». 2012 ж. 

8 Елдің бағы: Елбасы, елбірлігі, ел сенімі Формула успеха.-Астана, 2011. 

9 Жарықбаев Қ. Ақылдың кені.-Алматы: «Ана тілі». 2008. 

10 Денсаулық. Республикалық ғылыми-көпшілік журналы 2012-2016 жылғы нөмірлер. 

11 Мырзагелді Кемел, Өзіме сабақ.-Астана, 2010 ж. 

12 Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші ілгері деңгей. www.cpm.kz. 2012. 

13 Мұғалімге арналған нұсқаулық Негізгі деңгей. –Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО. 2015. -192 б. 

14 Мұңайтбасова К.Х. Абай тағылымы рухани биікке бастайды Егеменді Қазақстан, №44, 2008 ж. 

15  Мұңайтбасова  К.Х.  Мектепте  жаралылыстану  пәндері  мен  өзін-өзі  тану  пәнін  ықпалдастыра  оқыту 

жолдары // Самопознание kz. №8, 2013 ж. 

16 Мұңайтбасова К.Х. Авторлық бағдарлама «Адам денсаулығы және рухани адамгершілік құндылықтар» 

// Самопознание kz №4, 2015 ж. 

17 Смайлова А. Қазақтың мақал-мәтелдері. -Алматы, 2012 ж. 



Аңдатпа. Мақалада жаңа заманның талаптары білім сапасын арттырумен қатар басты міндеттердің бірі 

– мектеп оқушыларында функционалды сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруда рухани – 

адамгершілік негізде іске асыру өте маңызды екендігі қаралады. Абай тағылымын мектептерде оқушылардың 

білімге қызығушылығын көтеруге, алған білімдерін табиғат, өмір заңдылықтарымен байланыстыруға, керек 

болса өмірде қолдана білуге, оқушылардың ойлау қабілетін, тілдің актив қорын кеңейтуге, адамгершілікке, 

еңбекқорлыққа  үйретуге  кеңінен  пайдалануға  болатындығы  туралы



  дәстүр  мен  инновацияның  өзара 

әрекеттестік жолдарын қарастырған жөн екендігі туралы сөз қозғалады





Аннотация. В статье рассматривается помимо современным требованиям по улучшению качества обра-

зования, внимание уделяется на функциональную грамотность и формирование конкурентносбособности уа-

щихся. Применение на уроках естествознания назидания Абая , помогают учащимся на повышение интереса 

к изучению предмета, применение полученных знании в жизненных ситуациях, а также в статье поднимается 



№1-сурет Ой түйіні: “Адамда жүрек 

қандай?”   

272

вопрос об использовании традиции и инновации для дальнейшего обучения учащихся. 



Abstract. This article considers the importance of improving the quality of education and its main goals – 

the functional literacy and competitiveness of schoolchildren on He basis of spiritual and moral formation of 

implementation.  Using Abay´s  works  raises  the  interest  of  schoolchildren  3n  education,  widen  Heir  thinking 

abilities and active vocabulary. Widely using this know ledge in everyday life, teaching the ways of interaction 

between tradition and innovation is mentioned above. 

ПӘНДІК БІЛІМ БЕРУДЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС 

НЕГІЗІНДЕ МЕТАПӘНДІК ҚАБІЛЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

М.А. Мурзагалиев 

А. Оразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектебі, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, 

Казталовка аулы mirbolat_1963@mail.ru 

Пікір беруші – Қ.А. Ахынбасов Казталов ауданы білім беру бөлімінің әдіскері 

Қазіргі  еліміздегі  білім  беруді  жетілдіру  кезеңінде  педагогика  ғылымындағы  интеграциялық 

байланыстарды  одан  әрі  жақсарту  білім  мазмұнын  айқындаудың  басты  шарты  болып табылады.  Келешек 

ұрпаққа  білім  берудегі  күрделі  мәселелердің  бірі  –  біртұтас  педагогикалық  үрдіс  кезіндегі  сабақтарда 

пәнаралық, интеграциялық байланысты жүзеге асыру. 

Пәнаралық  байланыс  ұғымына  берілген  анықтамаларда  пәнаралық  байланыс  бір  жағынан  пәндердің 

өзіндік ерекшелігімен, екінші жағынан, басқа пәндермен қатынастылығымен ерекшеленеді. Осы тұжырымға 

сүйене  отырып,  оқу  пәні  мазмұнының  басқа  пәндер  мазмұнымен  қалай  байланысты  болуы  мүмкін 

екендігін  көрсетеді.  Мысалы,  қазақ  тілі  пәні  қазақ  әдебиеті,  тарих,  география,  музыка  пәндерімен  және 

этнопедагогикамен байланыста оқытылуы жөнінде Білім және министрлігі бекіткен пән бағдарламасында, 

сабақтардың интеграциялық байланысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында айтылған. 

Пәнді  оқыту  мақсаты  ұлттық  дүниетаныммен,  адамдармен  дұрыс  қарым-қатынас  жасаумен,  тұлғаны 

әлеуметтендірумен  тікелей  байланысты  болғандықтан,  пәнаралық  байланыс  оқушының  дүниетанымын 

молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Пән бағдарламасындағы 

талаптар, яғни пәнаралық байланыс орындалғанда оқушылардың тілдік сауаттылығы ғана емес, жалпы тілдің 

қоғамдық-әлеуметтік мәнімен қатар, тілдік эстетикалық талғамдары да қалыптаса бастайды. Мысалы, қазақ 

тілінің «Фонетика» саласына 28 сағат берілген. Соның ішінде «Тіл дыбыстарының жасалу жолдары, дауысты, 

дауыссыз  дыбыстар,  олардың  жіктелуі»  деген  тақырыптары  бар.  Осы  тақырыптарды  өткен  кезде  басты 

мақсат – олардың қалай жасалатындығы, өзіндік белгілері, айтылу ерекшеліктерін меңгерту болып табылады. 

Бұл тақырыптарды меңгертуде жаратылыстану цикліндегі және тарих пәнімен байланыстыра оқыту тиімді 

болмақ.  Қазақ  әліпбиінің  қалыптасу  тарихын  тарихи  нақты  деректер  арқылы,  қазақ  тілінің  пайда  болуы, 

дамып жетілуін, олардың тарихи оқиғаларға байланысты екенін меңгерту орын алуы тиіс. 

Тіл – үлкен құбылыс. Тіл дыбыстарының жасалуы адам ағзасымен, соның ішінде тыныс алу мүшелерімен 

тығыз  байланысты.  Тыныс  алу  мүшелерінің  дыбыс  жасауда  атқаратын  рөлдерін  тіл  дыбыстарымен  қатар 

түсіндіру,  оны  белгілі  бір  әдіс-тәсілдермен,  көрнекілікпен  ұғындыру  оқушылардың  сол  тақырыпты  терең 

меңгеруіне алып келері сөзсіз. Дыбыстарды өткен кезде оқулықта ауыз әдебиетінің үлгілерінен мәтіндер, 

тазалық, денсаулық туралы, жазушылардың шығармаларынан үзінділер беріледі. Бірінші мақсат – мәтіннің 

ойын табу, екінші – грамматикалық тақырыпқа байланысты тапсырмалар беріледі, өткен тақырыптармен кері 

байланысты орнату мақсатында алдыңғы тақырыптардан тапсырмалар болады. Қазақ тілінде 5-сыныпта «Қос 

шалқар» деген мәтін берілген. Авторы, шығарма түрі айтылады, негізгі ой анықталады, мәтіндегі сипаттау мен 

суреттеуге көңіл бөлінеді, одан кейін грамматикалық тақырып «Еріндік, езулік дауыстылар» болғандықтан, 

мәтіннен  еріндік,  езулік  дауыстылар  бөлініп  жазылады,  ереже  еске түсіріледі, талдау  жүргізіледі.  Бірнеше 

пәнмен  байланыс  жүзеге  аса  отырып,  оқушылардың  пән  туралы,  тақырып  туралы  танымдық  көзқарасы, 

эстетикалық дүниетанымы, грамматикалық, стилистикалық сауаттылығы қалыптаса бастайды. 

Интеграциялық  байланыстың  ең  негізгі  дидактикалық  міндеті  –  оқыту  үрдісінде  білім,  тәрбие  беру, 

дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру. Ең маңыздысы – алған білімді өмірмен, қоғамдық 

тәжірибемен  байланыстыруға  басты  құрал  бола  алатындығы.  Бұл  мәселе  қазіргі  кезде  пәнді  оқыту 

әдістемесінің басты критерийі де болып отыр. 

Кез  келген  пәнді  зерделеудегі  мақсат –  оқушыларды  ғылыми  білімдер  жүйесімен  қаруландыру  және 

жеке  тұлғаның  әртүрлі  сапалық  қасиеттерін,  дүниетанымын,  этикалық  және  эстетикалық  нормаларын 

қалыптастыруға  қабілетті  ету.  Берілетін  білім  неғұрлым терең,  нақты  әрі  ғылыми  деректерге  негізделетін 

болса, онда соғұрлым оқушының бүкіл обьективті дүние құбылыстарын ғылыми тұрғыдан түсінуіне мүмкіндік 

туады. Бұл өз кезегінде пәндер интеграциясына тікелей байланысты болады. Пәндер интеграциясы арқылы 

мұғалімдер төмендегідей қызметтер атқарады: 

Оқушыларды оқыту үрдісінде интеграциялық байланысты саналы түсінуін, танымдық белсенділігін 



қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру. 

273

Интеграциялық байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта мектептің 



оқу жоспары мен бағдарламасына талдау жасап отыру. 

Сыныптан тыс шаралардың интеграциялық байланыста өтілуіне көңіл бөлу. 



Оқушылардың пәнаралық байланыс негізінде білім, білік, дағдыларының қандай жағдайда екенін 

білуі, талдап, жетілдіріп, жаңартып отыруы. 

Ұжымдағы  пән  мұғалімдерінің  үнемі  байланыста  болуы,  әсіресе  жақын  пәндер  бойынша  бірігіп 



сабақ өткізуі. 

Озық тәжірибелерді үнемі жинақтау, тиімді түрлерін тәжірибеде қолдануды қажет етуі. 



Осы  қызметтер  жүзеге  асырыла  отырып,  оқушыларда  ойлаудың  жаңа  тәсілі  пайда  болып,  жалпының 

негізінде  жекені  талдау,  жекелерден  жалпыны  көре  білу,  салыстыру  қабілеттері  қалыптасады.  Күрделі 

мәселелерді  шешудің  жаңа  жолдарын  табу,  білімді  кешенді  түрде  пайдалану  біліктерінің  қалыптасуы  да 

интеграциялық байланыс арқылы жүзеге асырылады. Соның негізінде оқытудың нәтижелілігі оқушылардағы 

пәнаралық  мәселелерді  өзбетінше  шешу,  әртүрлі  оқу  пәндерінде  интеграциялық  байланысты  қолдануды 

сапалы түрде жүргізу кезінде көрінеді. 

Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі 

белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Пәндік құзыреттілікке 

белгілі бір пәнді меңгеруге немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен 

жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған 

ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты 

қасиеттері жатқызылады. Интеграциялық байланыс жасай отырып, метапәндік қабілетті дамыту үшін мұғалім 

төмендегідей қызметтерді атқаруы тиіс: 

-  Тақырып бойынша бағыт, нұсқау беру, бірлесе ізденуге, өз бетімен жұмыстануға стратегия таңдату. 

-  Ақпарат алудың технологиясын меңгерту. 

- Коммуникативтік қарым-қатынас жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгерту. 

-  Қолжетімді  және  кеңейтілген  тапсырмалар  бере  отырып,  тапсырмалар  аясында  орындалатын  іс-

әрекеттерді саралауға үйрету. 

-  Тақырыпты кең түрде ашуға бағыт-бағдар беру. 

Қорыта келе, интеграциялық байланыс арқылы пәндік және метапәндік қабілетті дамыту оқушының алған 

білімін өмірінде, қоғамдық қызметінде кеңінен қолдануына, функциональдық сауаттылығының артуына жол 

ашады. 


Қолданылған әдебиеттер 

1 Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру. -Алматы, 1995. – 117 б. 

2 Пән бағдарламасы. 2013 ж. 

3 Қосымова Г., Даулетбекова Ж. Қазақ тілі оқулығы. 2015. – Б. 99-115. 



Аңдатпа. Мақалада интеграциялық байланыс арқылы пәндік және метапәндік қабілетті дамыту жолдары, 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттыру  тапсырмаларын  беру  жөнінде,  оқушылардың 

дүниетанымын қалыптастыру жолдары айтылады. 

Аннотация. В статье говорится о путях расширения кругозора учащихся, даются задания по формированию 

фунуциональной  грамотности  учащихся,  рассматриваются  пути  развития  метапредметных  способностей 

через интеграционную связь. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет