Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет43/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124

Оқушылар 

құзыреттілігіне 

қойылатын талаптар 

Атқарылған іс-әрекет 

үдерісінен кейінгі 

оқушылардың алған 

ақпаратты сақтау 

пайызы (қабылдау 

реті) 

Мұғалімдердің құзыреттілігіне қойылатын талаптар 

(кәсіби шеберлігі аясындағы қажетті білім, білігі мен дағдылары 

және шығармашылығы мен өзін-өзі кәсіби дамытуы) 

Тыңдалым немесе тыңдау 

дағдысы  (сонымен  бірге 

түсінгенін  өз  тілімен 

жаза алу) 

Дәріс ≥ 5% 

Өз пәнін терең білу, қажетті ақпараттарды таңдау және ақпаратты 

түсінкті  тілмен  жеткізе  алу,  деңгейлік  Бағдарламаның  7  модуль 

бойынша  теориялық  білімінің  болуы,  түрлі  педагогикалық  әдіс-

тәсілдерді меңгерген маман 

Тыңдап, оқу дағдысы 

Оқу 10% 


Өз  пәнін  терең  білу,  қажетті  ақпараттарды  таңдап,  ақпаратты 

түсінкті тілмен жеткізе алуы және тыңдап, оқу, Бағдарламаның 7 

модуль бойынша теориялық білімінің болуы, түрлі педагогикалық 

әдіс-тәсілдерді меңгерген және өзін-өзі реттеген маман 

Тыңдап,  оқу  және  көре 

алу 


А у д и о - в и з у а л д ы 

қабылдау 20% 

Өз  пәнін  терең  білу,  қажетті  ақпараттарды  таңдап,  ақпаратты 

түсінкті тілмен жеткізе алуы және тыңдап, оқу, Бағдарламаның 7 

модуль бойынша теориялық білімінің болуы, түрлі педагогикалық 

әдіс-тәсілдерді  меңгерген  және  өзін-өзі  реттеген,  өзінің  іс-

әрекетіне сыни қарап, бақылау жүргізе алатын маман 

Тыңдап,  оқу  және  көре 

алу,  өз  ойында  қорыта 

алу, ажырата алу 

Көрсетілім 30% 

Өз  пәнін  терең  білу,  қажетті  ақпараттарды  таңдап,  ақпаратты 

түсінкті тілмен жеткізе алуы және тыңдап, оқу, Бағдарламаның 7 

модуль бойынша теориялық білімінің болуы, түрлі педагогикалық 

әдіс-тәсілдерді  меңгерген  және  өзін-өзі  реттеген,  өзінің  іс-

әрекетіне  сыни  қарап,  бақылау  жүргізіп,  шеберлік  сағатын 

көрсете алатын маман 

Тыңдап,  оқу  және  көре 

алу,  өз  ойында  қорыта 

алу,  ажырата  алу,  сыни 

ойлап  өз  ойын  айтып, 

өзгенің айтқанына келісе 

өз  ұстанымы  негізінде 

жауап айту 

Талқылау 50% 

Өз  пәнін  терең  білу,  қажетті  ақпараттарды  таңдап,  ақпаратты 

түсінкті тілмен жеткізе алуы және тыңдап, оқу, Бағдарламаның 7 

модуль бойынша теориялық білімінің болуы, түрлі педагогикалық 

әдіс-тәсілдерді  меңгерген  және  өзін-өзі  реттеген,  өзінің  іс-

әрекетіне  сыни  қарап,  бақылау  жүргізіп,  шеберлік  сағатын 

көрсете алатын, сол көрсетілген жасалған іс-әрекетіне өзгелердің 

сыни  көзқарасын  немесе  айтқандарын  қабылдап,  сол  айтылған 

ескерту кері байланыстардан нәтиже шығарып, рефлексия жасай 

алатын маман 

Тыңдап,  оқу  және  көре 

алу,  өз  ойында  қорыта 

алу,  ажырата  алу,  сыни 

ойлап  өз  ойын  айтып, 

өзгенің айтқанына келісе 

өз  ұстанымы  негізінде 

жауап  айту,  өзінің  алған 

теориялық 

білімін 

қолдану, 

тәжірибе 

жүргізу 


Практика 75% 

Өз  пәнін  терең  білу,  қажетті  ақпараттарды  таңдап,  ақпаратты 

түсінкті тілмен жеткізе алуы және тыңдап, оқу, Бағдарламаның 7 

модуль бойынша теориялық білімінің болуы, түрлі педагогикалық 

әдіс-тәсілдерді  меңгерген  және  өзін-өзі  реттеген,  өзінің  іс-

әрекетіне сыни қарап, бақылау жүргізіп, шеберлік сағатын көрсете 

алатын,  сол  көрсетілген  жасалған  іс-әрекетіне  өзгелердің  сыни 

көзқарасын немесе айтқандарын қабылдап, сол айтылған ескерту 

кері байланыстардан нәтиже шығарып, рефлексия жасай алатын, 

өз тәжірибесін паш етіп, өзгелерге үлгі бола алатын маман 

Тыңдап,  оқу  және  көре 

алу,  өз  ойында  қорыта 

алу,  ажырата  алу,  сыни 

ойлап  өз  ойын  айтып, 

өзгенің 

айтқанына 

келісе 

өз 


ұстанымы 

негізінде  жауап  айту, 

өзінің  алған  теориялық 

білімін 


қолдану, 

тәжірибе  жүргізу,  өзінің 

көзқарасымен  сендіріп 

өзгеге жеткізе алу 

Білім беру 90% 

Өз  пәнін  терең  білу,  қажетті  ақпараттарды  таңдап,  ақпаратты 

түсінкті тілмен жеткізе алуы және тыңдап, оқу, Бағдарламаның 7 

модуль бойынша теориялық білімінің болуы, түрлі педагогикалық 

әдіс-тәсілдерді  меңгерген  және  өзін-өзі  реттеген,  өзінің  іс-

әрекетіне сыни қарап, бақылау жүргізіп, шеберлік сағатын көрсете 

алатын,  сол  көрсетілген  жасалған  іс-әрекетіне  өзгелердің  сыни 

көзқарасын немесе айтқандарын қабылдап, сол айтылған ескерту 

кері  байланыстардан  нәтиже  шығара  алатын,  өз  тәжірибесін 

паш  етіп,  өзгелерге  үлгі  болып,  өзгелерге  өз  ұстанымымен 

тәжірибесінен мысал еліктіре, өз іс әрекетіне шынайы рефлексия 

жасап,  сол  рефлексиясынан  шешім  шығарып  өзгелерді  сендіре 

алатын маман 


234

Оқушыны оқыту мен тәрбиелеу, дамыту мұғалімнің сыныптағы күнделікті оқыту жұмысын ұйымдастыру 

мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын дұрыс, орынды қолдану тиімді нәтижеге жеткізеді. 

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев адам бойында ең алдымен ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек 

болу керек десе, деңгейлі курс Бағдарламасы бойынша құзырлы мұғалімге тән белгілер Шульманның үш 

көмекшісі ретінде бас, қол, жүректі ұсынады. Осы айтылғандарды мұғалімнің оқытуында реттелініп жүзеге 

асырылса, онда алынбайтын қамалдың болмайтыны даусыз. 

Пайдаланылған әдебиеттер

1  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік Бағдарламасы. 

2 Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. 2012 ж. 

3 Нүкетаева Д.Ж. Жаңа тұрпатты педагог қалыптастырудың жаңарту жолдары. // Мұғалімнің кәсіби дамуы: 

дәстүрлері мен өзгерістері. ІІ халықаралық ғыл.-тәж. конф. баянд. жинағы. -Астана қ., 4-5 желтоқсан, 2012 ж. 

4 Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. Үшінші басылым, «НЗМ» ДББҰ, 2012 ж. 

Аңдатпа. Мақалада орта білім берудегі оқушының табысты оқуын ұйымдастыруында мұғалімге көмек 

көрсетуі туралы айтылады. 



Аннотация. В статье рассматривается вопрос об оказании помощи учителям в организации успешного 

обучения учащихся в среднем образовании. 



Abstract. The article is about teachers support in organization of successful student teaching in the secondary 

education. 



«ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРІН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ  

ТӘСІЛДЕР МЕН ПРИНЦИПТЕР 

Қ.А. Рахымжанов, Т.Т. Бекмурзина 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қаласы  

rkairosh@mail.ru, bekmurzina-tolkyn@mail.ru 

Пікір беруші – Қарабалиева З.А., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тәрбие теориясы және 

әдістемесі орталығының аға ғылыми қызметкері 

Білім  –  елдің  зияткерлік  капиталын  қалыптастырушы  стратегиялық  ресурс.  Осыған  байланысты 

Қазақстанның  барлық  даму  стратегияларында  білім  –  аса  маңызды  басымдықтардың  бірі  ретінде 

айқындалған. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір 

мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруде 

білім беру маңызды рөл атқаратынын айта келіп, басым бағыттарын белгілеп берді [1]. 

Осы  бағытта  білім  сапасын  арттыру  ісіне  ерекше  мән  беру  қажеттілігі  артады.  Сапалы  білім  беру 

педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал, педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда 

жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор. 

Оқытудың жаңа технологиясы – оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері 

мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті 

жүйелеуді  жүзеге  асырады.  Оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологиясы –  оқытуды  ізгілендіру,  өзін-өзі 

дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе алатын кәсіби, білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды 

мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге, қабілетіне қарай өзін-өзі дамыта отырып, 

өзіне  сын  көзбен  қарауға  мүмкіндік  береді,  танымдық  белсенділігін  арттырып,  шығармашылық  қабілетін 

дамытады. 

Кіріктірілген білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің оқытылуы да өзгеше. Бағдарлама оқушының 

білім, білік және тілдік дағдылары: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл 

төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. 

Яғни,  жыл  бойына  бірнеше  рет  қайталанып  отырады  және  сынып  өскен  сайын  тілдік  оқыту  мақсаты  та 

күрделене түседі. 

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазіргі заманда елдің 

бәсекеге  қабілеттілігі  оның  азаматтарының  парасаттылығымен  анықталады,  сондықтан  білім  беру  жүйесі 

болашақтың  талабына  сәйкес  дамуы  тиіс.  Оқушыларды  заманауи  әдіс-тәсілдермен  оқытып,  ой-өрісі  кең, 

саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің 

жүйесін  қарқынды  дамытқан  бұл  үрдістің  жалпы  білім  беретін  мектептерге  де  енгізіле  бастауы  көңілді 


235

қуантады. Курстың ерекшелігі де осыда. 

Р.  Декарттың  «Барлық  ғылымдардың  байланыстылығы  сондай,олардың  бәрін  бірден  оқыту  –  олардың 

біреуін  басқасынан  бөліп  оқытудан  оңай»  деген  пікірін  еске  алсақ,  пәнаралық  байланыс  білім  берудің 

кіріктірілген технологиясының құрамына енеді. Оның ұғымының ауқымы кең. 

Философиялық-педагогикалық ұстаным жағынан бұл технология – жеке тұлғаның ойлау дәрежесі мен 

бүкіл адамзат қауымы санасының сан ғасырлық даму дәрежесін ретке келтіруші, үйлестіруші қозғаушы күш. 

Кіріктіру  ұстанымының  басты  қағидасы  –  ғылыми-жаратылыстану  және  қоғамдық-гуманитарлық 

білімдерді жеке білім аймағында шартты түрде қарастыра отырып, оқушыларға әлемнің біртұтастығы жайлы 

ғылыми-синтездік білім беру болып табылады. 

Кіріктіріп оқыту ұстанымдары кіріктіріп оқытудың басты мақсатына – оқушылардың ойлау қабілетінің 

дамуына тікелей бағытталған. Яғни: 

1. Білімдердің синтезі (Білімді жинақтау). Оқу материалын тұтас, жинақталған, жүйеленген түрде қабылдау 

оқушының ой-өрісінің кеңдігін қамтиды. Кіріктіру әдістерімен зерделенетін мәселені шешу ойлау қабілетінің 

белсенділігі мен мақсаттылығын дамытады. 

2. Оқу материалын тереңдету. Оқу материалын терең ұғыну кең ауқымды ойлауға ықпал етеді. 

3. Мәселенің өзектілігі, немесе мәселенің практикалық маңыздылығы. Оқу материалын меңгеру барысында 

практикалық мәселені шешу оқытудың тәжірибелік бағытын күшейтеді, оқушының сын тұрғысынан ойлауын, 

теория мен практиканы салыстыра алу қабілетін дамытады. 

4. Баламалы шешім. Белгілі жағдайда жаңа тәсілдерді қолдана алу, мәселені ерекше шеше алу, шешу 

жолдарын таңдай алу ақыл орамдылығын, ойлау ерекшелігін дамытуға ықпал етеді. Шешімдерді салыстыру 

ой ұшқырлығын, сын тұрғысынан ойлауды, ойдың жинақтығын, жүйелілігін дамытады.Оқушылардың дұрыс 

шешімді, мақсатқа жетудің қысқа жолын таңдау барысында ұтымды, тиімді, мақсатты ойлау қабілеттері арта 

түседі. 

5. Шешімнің дәлелдігі. Мәселені шешу дәлелдігі дәлелді ойлау қабілетін дамытады [2]. 

Кіріктірілген  білім  бағдарламасының  алға  қойған  мақсаты  айқын,  бағдары  жүйелі.  Зиялы,  азаматтық 

әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның 

алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылатын білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту 

ажырамас байланыста болады. 

Кіріктірілген бағдарлама бірнеше құндылықты негізге алады. Олар: 

−  құрмет; 

−  әріптестік; 

−  азаматтық жауапкершілік қалыптастыру; 

−  ашықтық; 

−  өмір бойы білім алу. 

Белгіленген  құндылықтар  аясындағы  мақсат  –  жоғары  білімді,  шығармашыл  адамның  үйлесімді 

тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. 

Мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. Нақтырақ айтқанда: 

−  сын тұрғысынан ойлау; 

−  білімін шығармашылықпен пайдалана білу; 

−  зерттеушілік; 

−  ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ); 

−  топта және жеке ынтымақтастықта жұмыс істей білу; 

−  коммуникативтік (тілдік дағдыларын қоса алғанда); 

−  қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу және т.б. дағдылар қалыптасады. 

Оқу процесінде пәндерді кіріктіре оқыту: 

– ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға; 

– сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға; 

– жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге; 

– 

оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюда нәтижеге дейінгі барлық процесіне 



бақылау жасауға; 

– ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті 

жүзеге асыруға; 

– сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға; 

– оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары 

мен қажуларын азайтуға; 

– сабақ процесінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге; 

– оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға; 

– олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі. 

Қазақ тілі – қарым-қатынас жасау негізі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Оқушылар 

қазақ  тілін  зерделей  отырып,  айтылым,  тыңдалым,  оқылым  және  жазылым  дағдыларымен  қатар,  түсіну 


236

және жауап беру, талдау, салыстыру және бағалау дағдыларын дамытады, сонымен қатар, оларды өмірде 

тиімді қолдана білуге үйренеді. Тілді меңгеру әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл, ұлттық 

құндылықтарды түсінетін жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәні – өзге тілде білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінің 

маңызды бірлігі болып табылады. Қазақ тілі мен әдебиетінің тақырыптық және тілдік ортақтығы арасындағы 

өзара байланыстың күшейтілуі арқылы оқушылардың қазақ тілінің түрлі стильдерін бір оқу бағдарламасы 

аясында  меңгеруіне  ықпал  етеді.  Өйткені,  ортақ  тақырып  қазақ  тілінен  алынатын  білім  мен  әдебиеттен 

алынатын білімнің ерекше синтезін жасайды. Оны меңгерту үшін жаңа деңгейдегі оқу-танымдық үдерісті 

ұйымдастыратын әдістер мен тәсілдер жүйесі де айқындалуы керек. 

Қазақ  тілі  мен  әдебиетін  екінші  тіл  ретінде  оқытатын  мектептерде  кіріктіре  оқытудың  басты  мақсаты 

–  оқушыны  қазақша  сауатты  сөйлету,  оқығанын,  естігенін,  тыңдағанын  түсінуге,  сауатты  түсініп,  қазақша 

барлық коммуникативтік әрекеттерді жазуға дағдыландыру. 

Осыған  байланысты,  қазақ  тілі  мен  әдебиетін  кіріктіре  оқытуда  оқушылардың  тіл  заңдылықтарын, 

коммуникативтік әрекеттерді әдебиет мәтіндеріндегі түрлі өмірлік жағдаяттарға «тікелей қатыса» отырып 

меңгерту  мүмкіндігі  өте  зор.  Осындай  кіріктіре  оқыту  арқылы  оқушылардың  қазақша  сөйлеу,  жазу,  оқу, 

тыңдау әрекеттерін танымдық қызығушылықтарын дамыта отырып қалыптастыру жолы қалыптасады. 

«Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  пәндерін  кіріктіріп  оқытудың  мақсаты  –  оқушыларды  шығармашылықпен 

жұмыс  істеуге  және  сын  тұрғысынан  ойлауға  дағдыландыру.  Оқушылар  әңгіме,  поэзия,  драма,  сондай-ақ 

ғылыми және бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарын (газет-журналдар, т.б.) сын тұрғысынан оқи 

отырып, өз түсініктерін дамытады. Оқу арқылы танымдық дағдыларын арттыра отырып, білім әлеміне жол 

ашады. 


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқыту бағдарламасының мақсаты – оқушыларға өз ойын жеткізу 

жолдары, әңгімелерді баяндау және өздерінің армандары, қызығушылықтары, жоспарлары туралы диалог 

барысында  айту;  тілдесім  мен  аудиовизуалды  материалды  тыңдау  барысында  өз  көзқарастарын  білдіре 

отырып, жауап беру; көркем және көркем емес (нұсқаулық, жарнама) мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды 

және талдау жасау; қысқа жүйелі мәтіндерді жазу барысында қажетті және қызықты ақпараттарды пайдалана 

білу дағдыларын меңгерту. 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқыту бағдарламасы бойынша оқушылардың білім, білік және 

дағдыларына қойылатын талаптар «Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін 

(А1, A2, B1, B2, С1) негізге ала отырып айқындалған және әр деңгей соңында күтілетін нәтижелер түрінде 

берілген. 

С1 – Жоғары деңгей: 

Әртүрлі  тақырыптар  бойынша  көлемді  мәтіндерді  түсінеді,  олардың  астарлы  мағыналарын  ажырата 

алады. 

В2 – Ортадан жоғары деңгей: 



Нақты  және  абстрактілі  тақырыптар  бойынша  күрделі  мәтіндердің,  оның  ішінде  кәсіби  мәтіндердің 

жалпы мазмұнын түсіне алады. 

В1 – Орта деңгей: 

Оқуда, бос уақытта кездесетін әртүрлі тақырыптар бойынша әдеби тілде берілген нақты хабарлардың 

негізгі ойларын түсіне алады. 

А2 – Базалық деңгей: 

Өмірдің негізгі салаларымен байланысты тіркестер мен жиі пайдаланатын сөйлемдерді түсінеді. 

А1 – Қарапайым деңгей: 

Нақты міндеттерді орындауға қажетті таныс фразалармен сөйлемдерді пайдалана алады. 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқу арқылы оқушылар: 

−  сөздік қоры мен тілдік сауаттылығын дамытады; 

−  тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметін түсінеді; 

−  ойлау және танымдық қабілеттерін дамытады; 

−  коммуникативтік  дағдыларын  жағдаятқа  сай  дұрыс  қолдана  білуді  және  өзгелермен  еркін  қарым-

қатынас жасауды үйренеді; 

−  қазақ  халқына  және  мемлекеттік  тілге  деген  құрмет  сезімін  қалыптастырады,  қызығушылығын 

арттырады [3]. 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқыту бағдарламасы «қалай білім алу керектігін білетін», 

дербес,  ынталы,  қызығушылығы  жоғары,  сенімді,  жауапты,  ой-өрісі  дамыған  жеке  тұлға  қалыптастыруға 

бағытталған  қағиданы  ұстанады.  Мұғалімдер  оқушылардың  бойында  бұл  қасиеттерді  қалыптастырып, 

дамытуда оқытудың түрлі стратегияларын қолданады. Атап айтқанда: 

-  оқушылардың  жеке  пікірін  тыңдай  білу,  олардың  бұған  дейін  алған  білімдері  мен  қалыптасқан 

түсініктерін одан ары дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау; 

-  мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта 

оқыту; 


237

-  мәселелерді шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету; 

-  оқушылардың білім алуына «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету; 

-  оқушылардың  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуіне  және  зерттеу  әдіс-тәсілдеріне  негізделген  белсенді 

оқытуға бейімдеу; 

-  оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту; 

-  оқушылардың жеке, топтық және тұтас сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру. 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер: 

-  оқушының қатесі үшін жазалап оқыту емес, қателерін түзету үшін оқыту. Оқытудағы басты принцип – 

оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру; 

-  оқушыларға  дебат  тақырыбын  таңдауға,  зерттеуге  және  «жақтаушы,  даттаушы»  топтарын  құруға 

мүмкіндік  беру  –  аргументтерді  қолдана  білу  дағдыларын  қалыптастырады,  өз  ойын  жеткізуге,  таңдауға 

және келісімге келуге, шығармашылыққа мүмкіндік береді; 

-  тапсырмалар  (белсенді  іс-әрекеттер)  арқылы  оқу  материалын  өмірмен  байланыстыра  отырып, 

оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру; 

-  оқу  үдерісінде  мұғалім  емес  оқушы  неғұрлым  белсенді  болғанына  назар  аударылады,  мұғалім  оқу 

материалын дайын күйінде бермейді, ашық сұрақ қою, назарын шоғырландырып оқу, шолу жасау, тәжірибе 

және зерттеу жасауға бағыттайды; 

-  оқылым  және  жазылымға  негізделген  сабақтарды  тиімді  құру  сын  тұрғысынан  ойлауға  мүмкіндік 

береді, яғни ол қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату және рефлексия кезеңдерінен тұрады. Әр кезеңде 

белгілі бір оқыту мақсатын қоя отырып, мұғалім оқушыларға мақсатқа жетуге, мәселені анықтауға, талқылауға, 

жауаптарды  іздеуге,  қорытынды  жасай  отырып,  өз  ойын  білдіруге  және  ашық  қоғамның  азаматы  болуға 

үйретеді; 

-  интерактивті оқыту әдіс-тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету, яғни ақпарат мұғалімнен оқушыға, 

оқушыдан мұғалімге беріліп отыруына мүмкіндік береді. Белсенді оқытуда оқушылар өз пікірін айта білуді 

және өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді; 

-  ұжымдық оқыту технологиясы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді қолданып көруге 

бағыттап отырады. 



Ұжымдық  оқыту  технологиясының  мақсаты  –  қиын  істерді  атқаруда,  топтық  жұмыстарда,  келісімге 

келуде, өзін-өзі басқару және ұйымдастыра білу де қажет болатын оқушы дағдыларын қалыптастыру. 

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін кіріктіріп оқыту үш тілде білім беру саясатына сай мазмұнға негіздеп 

жүзеге асырылады. 

Қазақ тілінің мұғалімдері үш тілде білім беру саясатын жүзеге асыру үшін, оқушыларға тиімді болуы үшін 

екінші тіл ретінде қазақ тілінде жүргізілетін пәндермен байланыс жасай алады және кейбір сабақ мазмұнын 

сол  пәндердің  тақырыбымен  сәйкестендіріп  өткізе  алады.  Сонымен  қатар,  мұғалімдер  оқушыларға  қазақ 

тілі, орыс тілі және ағылшын тілінің ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне талдау жасата отырып, барлық үш 

тілге де құрметпен қарауға тәрбиелейді. 

Жоғарыда  көрсетілгеннің  барлығы  тілді  меңгертуді  және  мазмұнға  негіздеп  оқытуды  дамытуға 

бағытталған. 

Қазақ тілі мұғалімдері бағдарламадағы басқа да пәндермен байланыс орнату үшін олардың тақырыптарын 

/мәтіндерін/, дағдыларын /тапсырмаларын/, оқыту мақсаттарын өз сабақтарына пайдалана алады. Мұндай 

байланыс оқушылардың басқа пәндерді меңгеруге қажетті ғылыми тілдерін дамытуға көмектеседі. Мысалы, 

тақырыпты  әр  түрлі  мақсаттарға  пайдалану,  салдар  мен  себепті  анықтау,  факті  мен  көзқарасты  ажырату, 

тақырыпты жан-жақты талқылау, әртүрлі ресурс көздерінен алынған мәліметтерді бағалау, ақпаратты анық 

таныстыру барысында қажетті сөздер. Тіл мамандары пән мұғалімдерімен сол пәндерде кездесетін мәтіндер 

мен тапсырмалар туралы кеңесе алады және бірлесе отырып, пәнді игеруге қажетті сөздерді анықтай алады 

[4]. 

Қорыта айтқанда, кіріктірілген білім бағдарламасы – заман талабына сай шәкірт білімін дәл айқындауға 



мүмкіндік беретін бақылау жүйесі. 

Әлемдік  өркениет  жолындағы  үздіксіз  даму  кезеңінде  білім  мен  ғылымға  баса  назар  аудару  өзекті 

мәселелердің бірінен саналады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге 

қабілетті  экономика  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін!»  жолдауында:  «Білім  берудегі  жаңалық  – 

Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың 

бірі»,  –  деген.  Сондай-ақ,  осы  ойды  Елбасымыздың  «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-ой  – 

азаттығымыздың алдаспаны» – деген пікірімен жалғауға болады. 

ХХІ  ғасыр  бой  жарыстыратын  емес,  ой  жарыстыратын  ғасыр  екендігін  ескерсек,  сол  ғасырда  үздік 

оқытудың үлгісі бола алатын көшбасшы, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын ұрпақ тәрбиелеуді мақсат 

тұтатын кіріктірілген оқу бағдарламалары тиімді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет