Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет92/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124

Список литературы 

1 Шакирова Д.М. Формирование критического мышления учащихся и студентов: модель и технология // 

Educational Technology & Society. 2006. № 9(4). - С. 284. 

2  Воевода  Е.В.  Критическое  мышление  как  культурный  феномен.  Язык  и  коммуникация  в  контексте 

культуры: Сборник статей по материалам 7- й Международной научно - практической конференции, 21 – 22 

мая 2012 года. -Рязань: РГУ им. С.А. Есенина, 2012. – С. 120. 



Аңдатпа. Аталған мақалада ҚАЗГЗУ университететінің миссиясын жүзеге асыру негізінде инновациялық 

және  дәстүрлі  құндылықтар,  оқытушылардың  кәсіби  шеберлігін  дамыту  мектептерін  қалыптастыру, 

студенттерге қызмет көрсету жұмысын жандандыру, модульдік оқыту жүйесімен сыни ойлау идеологиясын 

жүзеге асыру мәселелері қарастырылады. 



Аннотация. В статье рассматриваются инновационные и традиционные ценности университета КАЗГЮУ 

на основе реализации миссии университета, функционирования школы профессионального развития для 

преподавателей,  работы  студенческого  центра  обслуживания  населения,  модульной  системы  обучения  и 

идеологии критического мышления. 



Abstract. The article considers innovative and traditional values of KAZGUU university based on the imple-

mentation of the University’s mission, functioning of the professional development of school teachers, work of 

the student service center, modular system in teaching and the ideology of critical thinking. 


183

БІЛІМ БЕРУДІҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: ОРТА МЕКТЕПТІҢ БІЛІМБЕРУШІЛІК ОРТАСЫ 

ЖАҒДАЙЫНДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ 

ДАМЫТУ МОДЕЛІ 

А.А. Амрина 

№ 2 Ұзынкөл орта мектебі, Ұзынкөл селосы, Ұзынкөл ауданы, Қостанай облысы, Uzunkol_zhastary@mail.ru 



Пікір беруші – Г.К. Тажмакина, с.ғ.к., аға оқытушы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» 

акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша, Қостанай қ. 

Қазақстандық білім берудің ұлттық ерекшеліктерінің бірі – «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясының оқушылардың 

патриоттық тәрбиесіне тигізген әсері. 

Жеткіншек  ұрпақтардың  патриоттық  тәрбиесі  –  білім  беру  мекемелерінің  тәрбие  жүйесінің  басты 

бағыттарының  бірі.  Баршаға  мәлім,  қандай  рухани-адамгершілік  құндылықтар  жеткіншектің  жүрегінде 

ұялады,  соншалықты,  ол  үшін  «Отан»,  «Ел»,  «Халқым»,  т.б.  ұғымдар  маңызды  болады.  Осы  түсініктерге 

қаншалықты өзіндік көзқарастарын ол білдіреді, соншалықты азаматта патриоттық сезімдердің қалыптасу 

немесе қалыптаспау деңгейі анықталады. 

Неге бүгін патриоттық тәрбие өзекті мәселелердің біріне айналып отыр? 

Қазақстанның өзінің тәуелсіздігін алуы көп құндылықтарға жаңаша көзқарас туғызды, бірнеше оқиғалар 

мен деректер объективті тарихи бағалаудан өтіп, қазақстандықтардың құндылықтарының өзгеруіне әкелді. 

Тәуелсіз ел болғаннан бері жиырма бес жыл ішінде Қазақстан отаршылық пен тоталитарлық дәуір кезінен 

қалған рухани құндылықтардың құнсыздануының ықпалдарын төмендетіп қоймай, өзінің мемлекеттігінің 

жаңа  кезеңіне  белсенді  қадамдар  басты.  Қазақстанда  маңызды  құжаттардың  қабылдануы  мұның  теңдесі 

жоқ дәлелі болып табылады: «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы, 5 институционалды реформасы және оларды 

жүзеге асыруға бағытталған «Жүз нақты қадам» атты Ұлттық жоспар. 

Шынайы  патриотты,  азаматты  тәрбиелеу  үдерісі  ерте  жастан  басталады.  «Кіші  және  үлкен  Отаным», 

«Ауылым  –  менің  елім»,  «Менің  отбасым  –  менің  шежірем»,  «Мен  және  менің  достарым»  түсініктерінің 

негіздері  осы  кезеңнен  қалана  бастайды.  Еліміздің  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-2050 

стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын қазақстандық халыққа Жолдауында 

«қазақстандық патриотизм» ұғымына түсінік береді. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы 

көрсетілген  барлық  тапсырмаларды  Елбасы  рухани  саланың  жандандыру  қажеттілігімен  нығайтады.  Ең 

алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты 

кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті 

Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде 

Қазақстанның  тәуелсіздігі  мен  Астана,  ұлттық  бірлік,  қоғамдағы  бейбітшілік  пен  келісім,  зайырлы  қоғам 

мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек 

Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүние жүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің 

жаһандық  қатысуы  мен  ұлттық  қауіпсіздігі  болып  табылады  [1].  Осы  құндылықтардың  арқасында  жаңа 

Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып, елін нығайта түсті. «Мәңгілік Ел – 

ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы, - нақтылайды Президентіміз өзінің 2015 жылғы 

Жолдауында  [2].  Оқушылардың  патриоттық  сезімдерін  қалыптастыруда  республика,  облыс  төңірегінде 

жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясына негізделіп, № 2 Ұзынкөл орта мектебі 

«Бір ел – бір халық» өзіндік бағдарламасы мен патриоттық тәрбие моделін құрып, жүзеге асыра бастады. 

Оның мақсаты: «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын жүзеге асыру барысында ұлттық сана-сезімі артқан, жан-

жақты дамыған, салауатты өмір сүретін, белсенділігі артқан, отансүйгіштік сезімі жоғары дамыған, толеранттық, 

құзыретті, шығармашыл оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру. 

«Бір ел – бір халық» бағдарламасы шеңберінде

 – жүзеге асыру мерзімі: 2016 жыл 09 қаңтар – 16 желтоқ-

сан, мектеп негізінде әр бағыттағы іс-шаралар өткізілді. Әр айдың өзіндік арналған тақырыбы болды: қаңтар 

айы «Таңғажайып ертегілер әлемі» тақырыбында өткізілді. Осы айда өткізілген барлық іс-шаралар – суреттер, 

шығармалар,  көрмелер,  театрландырылған  көріністер,  бейнефильмдер,  ән,  өлең  байқаулары  –  бәрі  де 

Қазақстанда тұратын этностардың ертегілері аясында өткізілді – оқушылар басқа этностардың ертегілерімен 

танысып, шығармашылықтары, дарындылықтарын дамыту және патриоттық, толеранттық сезімдерін арттыру.



 

Жылда  қантар  айында  өткізілетін  дене  шынықтыру  мұғалімі  Ә.А.  Шайхеденовқа  арналған  спорттық 

апталығы жақсы дәстүрге айналды. Биыл бұл апталық 10-шы рет өткізілді. Алғашында мектепішілік апталық 

болып басталған шара, кейін аудандық деңгейге көтерілді, ал соңғы үш жыл – облыстық форматқа ауысты. 

Спорттық апталығының патриоттық маңызы өте зор. Әлишер Аманжолұлы аудан көлемінде спорттың дамуына, 

ұлттық ойындардың кеңінен таралуына, соның ішінде тоғызқұмалақ ойынының дамуына еңбегі зор болды. 

Апталықты өткізуде мектепке Шайхеденовтар отбасы және «Ұзынкөл жастары» ҚБ үлкен спонсорлық көмек 


184

көрсетеді. Ақпан айы «Ортақ шаңырақ» тақырыбында өтті. Осы іс-шараларды жоспарлап өткізгенде олардың 

бала дарындылығын әрі қарай дамытуға бағытталғандығын, іс-шаралардың бір-бірімен байланыста болуы, 

жүйелілігінің  сақталуы  және  бәрін  өзара  байланыстыратын  қызыл  жібі  –  патриоттық  және  этносаралық 

ынтымақтастықты, бірлік пен бейбітшілікті насихаттап тәрбиелеу болды. 

Наурыз айының тақырыбы: «Наурыз – татулық мерекесі, салт-дәстүрлердің шарықтауы». Биылғы жылы 

1  наурыз –  Н.Ә.  Назарбаевтың  ұсынуымен  «Алғыс  білдіру  күні»  деп  аталды.  Сондықтан  наурыз  айының 

жоспары 3 мереке төңірегінде ұйымдастырылды: «Алғыс білдіру күні», «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз 

мерекесі». 

Бағдарламаның І-ші кезеңін орындау барысында тиімділік мониторингі жүргізілді. Саулнамаға 3-11 сы-

ныптардың 136 оқушысы қатысты. Сауалнама барысында респонденттер аталған іс-шараларды 5-баллдық 

жүйесінде бағалауға және өздеріне ұнаған немесе ұнамаған іс-шараларды атауға тиіс болды: «Әз-Наурыз 

құтты болсын!» – 104; «Алау» әскери-спорттық ойыны – 104; дене шынықтыру мұғалімі Ә.А. Шайхеденовқа 

арналған  еске  алу  спорттық  апталығы  –  101.  Оқушылар  «Әз-Наурыз  құтты  болсын»  мерекесін  жоғары 

бағалады, себебі өзге ұлт өкілдері туралы жаңадан көп білім алды, салт-дәстүрлерімен танысты, өздерінің 

қазақ ұлтына жататындығына қуаныштылығын білдірді. Оған қоса бұл іс-шараға ұжым түгелімен – оқушылар, 

мұғалімдер, техперсонал, ата-аналар қатысты. Оқушылардың біреулері 8 ұлттың біреуінің әнін, биін үйреніп 

орындады, сол ұлт жайында, олардың салт-дәстүрлері, ою-өрнектері жайлы материалдар жинап постерлер 

дайындады. Далада құрылған үлкен шатыр астында 8 ұлттың ұлттық тағамдары дастархан мәзірін құрды. 

Мектеп  алаңына  киіз  үй  тігіліп,  оның  маңында  сахналық  көрініс  ретінде  келін  түсіру  дәстүрі  көрсетілді. 

Мектеп қызметкерлері, ата-аналар далада үлкен қазандарда бауырсақ, наурыз көжесін, палау пісіріп жатты, 

самауырлармен гүрілдеп шай қайнатылды. Мереке барысында балалар да, ересек қатысушылар да ыстық 

тағамдар дәм татуға мүмкіншіліктері туды. Бірлік пен ынтымақтастықтың арқасында мереке керемет өтті. 

Рейтингтің екінші баспалдағын «Алау» әскери-спорттық ойыны иеленді. Себебіне мынадай пікірлер айтылды: 

салауаттылықты насихаттайды; әскери дайындықты көрсетеді; әскери мамандық алуға көмектеседі; «Ана 

мен қызы» ән фестиваліне ата-аналардың балаларымен бірге байқауға қатысқаны оқушыларға қатты ұнады. 

«Жүректен-жүрекке» акциясы көбіне ұнағаны – адамдар мұқтаждарға үнемі көмектесіп отыруға қажет деген 

пікірлер  айтылды.  Сонымен,  бұл  сауалнаманың  нәтижесінде  бағдарлама  негізінде  өткізілген  іс-шаралар 

тиімді болғандығы, оқушылардың патриоттық және толеранттық сезімдерін арттыруға мол үлес қосқандығы 

анықталды. 

І кезең шеңберінде педагогтардың кәсіби шеберліктері шыңдалып, мол тәжірибе жинақталды. Нәтижесінде 

бастауыш сынып мұғалімдерінен құралған шығармашылық топ «Менің Отаным – Қазақстан» факультативтік 

курсының оқу-әдістемелік кешенін, «Өркен» 3-4 жасар өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне оқыту» ОӘК, «Билеп-

ойна»  бағдарламасын,  «Винни  Пухқа  қонаққа»  ағылшын  тілінен  3-4  сынып  оқушыларына  факультативтік 

курсын дайындады. 

2-ші жартыжылдықта ұйымдастырылған іс-шаралар ішінде – мектеп негізінде тарихи-этнографиялық мұра-

жайға құжаттар мен жәдігерлер жинап, мұражайдың салтанатты тұсаукесері болып өтті. Мұражайдың құрылу 

мақсаты: оқушыларды кіші Отанын танып-білуге, елінің, халқының тарихымен тығыз танысып, патриоттық 

сезімдерін арттыру. Мұражайдың тәрбиелік және оқытушылық мәні зор. Мұражай экспозициялары сабақтар 

барысында көмектеседі, бірнеше тәрбиелік іс-шаралар өткізуге көмектеседі. 

Материал жинау барысында, өткізілген іс-шаралар ата-аналар қауымы, «Ұзынкөл жастары», «Жан нұры» 

қоғамдық бірлестіктері тығыз қатысты. 

Өткізілген  іс-шаралар  жайлы  мәліметтер  жүйелі  түрде  «Нұрлы  жол»  аудандық  газеті  беттерінде 

жарияланып отырды. 

Жүргізілген  жұмыстың  мониторингі  жүйелі  түрде  жасалып  отырды.  Нәтижесі  Сынып  жетекшілерінің 

әдістемелік  бірлестік  отырысында  қаралып,  қорытындысы  наурыз  айында  өткізілген  әдістемелік  кеңесте 

шығарылды. Талдау барысында 4 тоқсандық тәрбие жоспарына өзгерістер енгізілді. Оқушылардың патриоттық 

және толеранттық сезімдерін қалыптастыруға арналған «Мәңгілік ел» Ұлттық идея негізінде жасалған жұмыс 

бойынша тәжірибе әдістемелік нұсқаулар мен құралдар ретінде жинақталып шығарылды. 

Сонымен, Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – 

жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!» [2], ендеше 

отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеуді «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясын алдарымызда ұстайық. 



Қолданылған әдебиет 

1  Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы:  қалыптасқан 

мемлекеттіңжаңа саяси бағыты». 2012 ж. 14.12., //http://24.kz/ru/news/top-news/item/94332-poslanie-glavy-

gosudarstva-narodu-kazakhstana 

2 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 ж. 30.11., //http://24.kz/ru/news/top-news/item/94332-

poslanie-glavy-gosudarstva-narodu-kazakhstana 



185

3 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 

2015. – 21 б. 

4 Арынгазиева Б. Ұлттық идея мен патриотизм. G-Global, 2015 ж. 03.10 http://group-global.org/ru –Б. 19-27. 

5  Даумова  Б.Б.  Аспекты  этнокультурного  образования  и  поликультурного  воспитания  в  условиях 

Республики Казахстан. // Вестник ЧГПУ. 3’2011, -Б. 52-61. 

6  Оқушыларда  толеранттықты  қалыптастыру:  бірімізді  біріміз  түсінуді  үйренеміз  (Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының 20 жылдығына). Әдістемелік ұсыныстар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 

академиясы, 2015. – 16 б. 

Аңдатпа.  Мақалада  қазақстандық  білім  берудің  ұлттық  ерекшеліктерінің  бірі  –  «Мәңгілік  ел»  ұлттық 

идеясының оқушылардың патриоттық тәрбиесіне тигізген әсері жайлы жазылады. Жеткіншек ұрпақтардың 

патриоттық  тәрбиесі  –  білім  беру  мекемелерінің  тәрбие  жүйесінің  басты  бағыттарының  бірі  ретінде 

сипатталып, мектеп тәжірибесіне сүйенеді. 



Аннотация. В статье рассматриваются вопросы патриотического воспитания в контексте национальной 

идеи  «Мәңгілік  ел»  как  одной  из  аспектов  национальной  особенности  казахстанского  образования. 

Патриотическое  воспитание  подрастающего  поколения  характеризуется  как  одно  из  наиболее  важных 

направлений воспитательной системы средней школы и опирается на практический опыт по формированию 

чувства патриотизма и толерантности. 

Abstract. At the article discussion questions of patriotic education in the context of national idea “ Мәңгілік 

ел” as one of the aspects of the national peculiarities of Kazakhstan education . Patriotic education of the younger 

generation is characterized as one of the most important directions of the educational system of high school and 

is based on practical experience in the formation of a sense of patriotism and of tolerance. 



ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫ ҚОЛДАНУ 

АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 

Л.М. Арынова 

«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №26 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 

Екібастұз қаласы, arynova-75@mail.ru 

Пікір беруші – Нурмагамбетова Б.А., доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар Мемлекеттік 

педагогикалық институты 

Уақыт  мектеп  мұғалімдеріне  жастарды  жаңа  заман талаптарына  сай,  әрі  озық  ұлттық  дәстүр  рухында 

тәрбиелеп  өмірге  әзірлеу  секілді  жауапты  міндеттер  жүктеп  отыр.  Бұл  міндеттерді  абыроймен  орындау 

үшін  ұстаздар  қауымы  оқу-тәрбие  жұмысына  шығармашылықпен  қарап,  пайдаланылмай  жатқан  тәрбие 

құралдарын, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек екені анық. 

Қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  басты  міндет  –  оқушылардың  шығармашылық  білім 

дағдыларын қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, 

олар – барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген 

күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс. 

Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей, ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған [1]. 

Қазіргі  кезде  білім  беру  саласында  болып  жатқан  ауқымды  өзгерістер  түрлі  ынталы  бастамалар  мен 

түрлендірулерге  кеңінен  жол  ашуда.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  ұрпақ  тәрбиесімен  айналысатын  әлеуметтік-

педагогикалық  қызметтің  тиімділігін  арттыру,  оны  жаңа  сапада  ұйымдастыру  қажеттігі  туындайды.  Бұл 

үшін  мұғалімдер  инновациялық  іс-әрекеттің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  мақсат  етіледі. 

Ал,  жаңа  технологияны  пайдалану  міндетті  деңгейдегі  білімді  қалыптастыра  отырып  мүмкіндік  деңгейге 

жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық 

әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың жаңа 

технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту, білім беру 

тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған байланысты ғылым 

мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-2030»  жолдауында:  «... 

Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу 

аса  қажет,  ...  бүгіннен  бастап  ұлттық  мінез-құлық,  биік  талғампаздық,  тәкәппарлық,  тектілік,  білімділік, 

ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру керек» - деген болатын [2]. Елбасымыздың алға қойған зор 

міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы біліммен қатар, салауатты тәрбие 



186

беру әрине, Мағжан Жұмабаев айтқандай мектебіміз бен ұстаздарға байланысты. 

Тәрбие мен білім қатар айтылады. 

М. Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» деп атап көрсеткеніндей, еліміздің 

болашақта  ілгері  басуы  үшін  ең  алдымен  білім  қажет.  Рухани  ұлттық  қажеттілікке  жараған  білім  –  ең 

мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді 

нығайтатын болады.

Ұстаз  алдындағы  басты  мақсат –  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  беру,  тұлғаның  заман  талабы  мен 

ағымына  сай  қалыптасуына  ықпал  ету  екендігін  бәріміз  білеміз.  Сол  мақсатқа  жету  үшін  сабақты  қалай 

пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы 

туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде 

бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?- деген 

сұрақтар туындайды. Бұл сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің 

жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты 

енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология дегенді білдіреді. Қытай даналығына сүйенсек: 

«Ауызша  айтылғанды  ұмытамын.  Көрсетсең,  мүмкін  есімде  сақтармын.  Қатысушы  болсам,  мен  түсінемін» 

делінген. Осы сөздерден инновациялық оқытудың мәні өз көрінісін табады [3]. 

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде? 

1)  Қазіргі  уақыт  жаңалық  пен  инновация  уақыты.  Күнделікті  өмірде  жаңа  білім  мен  жаңалықтармен 

кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек. 

2)  Жаңалықты  пайдалану  оқушының  ойлау  қабілетін  жаңалыққа  икемдеп,  алдын  ала  болжам  жасауға 

үйретеді. 

3) Инновациялық әдістер бұл – белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында 

өздері  айтқанның  80%  сақталса,  өздері  істегеннің  90%  қалады.  Жаңа  оқыту  технологиясының  түрлері 

көп. Өзімнің жұмыс жасау мақсаттарыма сәйкес кей бірін атап айтатын болсам: оқу мен жазу арқылы сын 

тұрғысынан  ойлауды  дамыту  (оқушылардың  белсенділігі  жоғарылап,  өздерінің  күштеріне  деген  сенімдері 

арта  бастайды),  М.М.  Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту  технологиясы»  (оқушылардың  интеллектуалды 

және шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған), Ж. Қараев пен Ж. Кобдикованың «Үш өлшемді 

әдістемелік жүйе» (деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту идеясы жүзеге асырылады), сонымен 

қатар,  Н.А.  Оразақынованың  «Сатылай  кешенді талдау» технологиялары.  Қазіргі  кезеңде  әр  мұғалім  үшін 

көмек болатын «ақпараттық-коммуникативтік технологиялар (АКТ)». 

Сол сияқты, жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білім мен кәсіби дағдылар 

негізінде еркін бағдарлай білу, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс, қабілетті жеке тұлғаны 

қалыптастыруда қызмет ететін мұғалім оның әдіс-тәсілдері мен жолдары қарастырады, шығармашылықпен 

іс-әрекет  жасайды  [3].  Қазір  заман талабына  сай  «Сабағымды  қалай  қызықты, тартымды  өткізсем?  Сабақ 

кезінде оқушының қызығушылығын туғызсам, өмірге құштарлығын арттырсам деген сұраққа ойланбайтын 

мұғалім  жоқ  шығар.  Себебі  әрбір  жаңашыл  ұстаз  шәкіртінің  шығармашылық  жетістіктерін,  сабаққа  деген 

қызығушылығын арттыруды мақсат етеді. Бүгінгі таңда алдына мақсат қоя отырып әрбір ұстаз «жай мұғалімді 

ұлы ұстаз деңгейіне көтеруі тиіс. Себебі жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім 

көрсетеді, ұлы ұстаз шабыттандырады». Әрине, бұл жаңашыл мұғалімдердің құзырлылығы мен инновациялық 

технологияларды күнделікті іс-тәжірбиесінде тиімді де ұтымды қолдана білуінде. «Инновация» сөзінің өзі 

латын тілінен аударғанда «жаңалау, жаңашыл немесе өзгеріс» деген мағынаны береді [4]. 

Мен өз іс-тәжірибемде осы инновациялық технологияларды халықтық педагогикамен ұштастыра отырып, 

қолданамын. 

Күні бүгінге дейін сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар нақтылы педагогикалық үйлестік таппай, тәрбие 

жұмысы оқумен тығыз ұштаспай келеді. Ал шын мәнінде тәрбие жұмысында үзіліс болмауы тиіс. Сыныпта 

берілген білім мен тәрбие сыныптағы жұмыстармен тығыз байланыста, бірлікте болып, бірін-бірі толықтырып 

отыруы тиіс. 

Халық педагогикасының элементтерін пайдаланудың дұрыс әдіс-тәсілін тапқан кезде, ол тәрбиенің басқа 

да құралдарымен астаса отырып, олқылықтың орнын толтырады. Біз халық педагогикасының элементтерін 

тек  1-4-сыныптардың  оқу тәрбие  жұмысында  пайдалану  жолдарын  сөз  етіп  отырмыз.  Бірақ  бұдан  халық 

педагогикасының  элементтерін  жоғары  сыныптарда  қолдануға  болмайды  деген  ұғым  тумау  керек.  Әрбір 

ұстаз, тәрбиеші болсын, өзінің сабақтарында, тәрбие, сыныптан тыс жұмыстарында, іс-шараларында халық 

педагогикасының элементтерін оқушының деңгейіне байланысты қолданып, іске асыра алады. 

Математика сабағында да осы халық педагогикасын қолданудың игі әсері мол. 

«Математика – ғылымдар патшасы» деп немістің ұлы математигі Гаусс айтқандай, математиканың балалар 

өмірінде  алатын  орны  ерекше.  Математика  тек  қана,  қосу,  алу,  көбейту,  бөлу  т.с.с  амалдардың  жиынтығы 

ғана емес, балалардың ойлау жүйесін, ақыл-ес процесінің дамуына, әдепті де иманды болып өсуіне тікелей 

әсер ететін ғылым. Сондықтан да қазіргі таңда бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда айрықша көңіл 


187

бөлінеді. Математиканы оқыту қазіргі кезде ған қолға алынған жоқ. Ол – Ян Коменский, Джон Локк, И. Гербарт, 

К. Ушинский, М.В. Ломоносов, Д. Рахымбек, Е. Медеуов сияқты т.б. ғалымдар ат салысып келе жатқан үлкен 

ілім [5]. 

Халық  педагогикасының  элементтерін  математика  сабағында  пайдалану  оқушының  алған  білімін 

күнделікті  өмірмен  берік  ұштастыра  түсуге  қолайлы  мүмкіндік  жасайды.  Математика  сабағында  халық 

педагогикасының элементтерін қолданудың түрлі жолдары бар. 

Мақсат  –  математика  сабағынан  білімді  меңгерту,  білік  дағдыларын  қалыптастыру;  оқушылардың 

логикалық  есептер  шығару  қабілеттерін,  шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту;  келер  ұрпақты  ақылды, 

арлы,  намысқой,  өміршең  азамат  болуға,  жастайынан  еңбек  сүйгіштікке,  елгезектікке  тәрбиелеу;  ұлттық 

сананы ояту, ана тілін, дінін, оның тарихын мәдениетін, өмірін, салт-дәстүрін таныту, кәсібін қастерлеп, рухани-

мәдени мұраларын сақтауға ұмтылдыру, сонымен қатар, жас ұрпаққа жанашырлық, сенімділік, шыдамдылық, 

жинақтылық, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру, Отанына, туған өлкесі, өскен ортасына 

ерекше мән беріп, оны аялауға тәрбиелеу. 

Халықтық педагогика элементтерін математика пәндерінде қолданып оқыту оқушылардың пәнді түсіну 

қабілетін өсіріп, түсінуге қиын сабақтарды оңай меңгеруге және есте жақсы сақтауға дағдыландырады. 

Білікті ұстаздар өз іс-тәжірибелерінен халықтық педагогика үлгілері оқыту мен тәрбиелеудің қайнар көзі 

екендіктеріне көздері жетіп отыр. 

Осыны ескеріп инновациялық технологияларды дұрыс қолдана отырып, математика пәндерін оқытуда 

мазмұны  қазақ  халқының  ұрпақ  тәрбиелеудегі  өмір  тәжірбиесінен,  салт-дәстүрінен,  шаруашылық  жүргізу 

тәсілдерінен, сондай-ақ ұлттық табиғи, экономикалық, экологиялық ерекшеліктерінен көрініс бере отырып 

оқытқан тиімді. 

Халқымыздың  ертегілерінде,  шешендік,  тапқыр  сөздерінде,  салт-дәстүрлерінде,  ұлттық  ойындар, 

қазақша  ұлттық  өлшемдер,  санамақтарда  математикамен  байланысты  тұстарын  көптеп  байқауға  болады. 

Халқымыздың асыл қазынасын сабақтың тақырыптарымен үйлестіріп тиімді пайдалану шәкірттерін өз салт-

дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз. 

Математика  сабағында  «Сатылай  кешенді  талдау»  технологиясын  қолдану  аясында  халықтық 

педагогикамен ұштастыра отырып, талдағанды жөн көрдім. Мысалы: «7 санын қосу, азайту» тақырыбы бойнша 

«7» санын оқушылар талдады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет