Құрметті тұтынушылар!



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата19.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#2225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Индира БАЙҚОНЫС

Айтулы  күнге  орай,  облыс  әкімдігінің 

мәдениет,  архивтер  және  құжатт ама 

басқармасының ұйымдастыруымен  «Архив - 

тарих шежіресі» атты облыстық конференция 

өтті.  Оған  аталған  басқарманың  басшысы 

Дүйсенәлі  Бықыбаев,  сиясы  кеппеген  тың 

туындының авторы Мақұлбек Рысдәулет, тарих-

шылар мен мұрағат саласында ұзақ әрі жемісті 

еңбек еткен азаматтар қатысты. 

Алқалы  жиында  сөз  алған  Дүйсенәлі 

Дыбысалыұлы күні кеше күллі қазақстандықтар 

дүркіретіп тойлаған тұғыры биік Тәуелсіздіктің 

арқасында талай зұлмат заманды бастан кешкен 

арда қазақтың өшкені қайта жанғанын, соның 

ішінде  том-том тарихты қойнауына бүккен архив 

жұмысының бір жүйеге түскенін зор жетістікке 

балады. 


-  Осыдан  бірнеше  жыл  бұрын  «Бабалар 

сөзінің»  100  томдығы  жарыққа  шыққанын 

білесіздер. Меніңше, қазақтың тарихы, әдебиеті 

мен  мәдениеті  100  том  емес,  1000  томға 

жетеді.  Осы  тұрғыда  біз  әлі  де  көп  жұмыс 

атқаруға тиіспіз. Ол үшін барымызды бағамдап, 

жоғымызды  түгендеуге  міндеттіміз.  Жалпы 

бұл ретте, Қазақстанның Құрметті журналисі, 

күні кеше Елбасының Жарлығымен «Құрмет» 

орденімен марапатталған, бүгінде архив сала-

сында өнімді еңбек етіп, облыс һәм республика 

тарихына қатысты кітаптарды лек-легімен жазып 

жатқан Мақұлбек Қайыпбекұлының еңбегі зор. 

Сізге үлкен алғысымызды білдіреміз.  Расында, 

көп  жағдайда  мұрағатшылардың  еңбектері 

елеусіз қалып жатады. Бірақ бұл азаматтардың 

тарихымызды түлетіп, ұлтқа қалтқысыз қызмет 

істеп  жатқандарын  қаперден  шығармайық, 

ағайын, - деді басқарма басшысы барша мұрағат 

қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап. 

Бұдан  соң  көпшілік  қауым  Мақұлбек 

Рысдәулеттің «Архив - тарих шежіресі» атты 

кітабының  тұсаукесер  рәсімін  тамашалап, 

автордың  аузынан  тың  туынды  хақында  аз-

кем мағлұмат алды. Өз кезегінде кітап авторы 

Жамбыл  облысы  архиві  тарихының  бастауы 

облыстың құрылған 1939 жылдан емес, 1916 

жылдан, яғни бір ғасыр уақытты қамтитынын 

тілге  тиек  етіп,  облыс  архивінің  құнды 

құжаттары  Алматы  мен  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстарының  мұрағаттарында  сақтаулы 

тұрғанын, ол дүниелерді қолға түсіру үшін әлі де 

қыруар жұмыстар атқарылуы керектігін атап өтті. 

Сондай-ақ ол бүгінгі таңда облыс орталығы мен 

барлық аудандарда мұрағат жұмысын ілгерілету 

үшін зәулім ғимараттар салынып, онда білікті 

мамандар жұмыс істеп жатқанын айтты.

Ал облыс мұрағатының  өткені мен бүгіні 

турасында облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер 

және құжаттама басқармасы басшысының орын-

басары Сара Мәдиева кеңінен әңгімелеп берді. 

Хабарламашының айтуынша, қазір облыста 12 

архив жұмыс істесе, онда 201 адам еңбек етеді.   

- 1998 жылы облыс мұрағаттарының бюджеті 

5  миллион  558  мың  теңге  болса,  үстіміздегі 

жылы  бұл  салаға  288  млн.  747  мың  теңге 

бөлінді. 2014 жылы Тараз қаласы мемлекеттік 

архивіне жаңа ғимарат берілгені көпшіліктің 

есінде  болар.  Бүгінгі  таңда  бұл  архивте  27 

мұрағатшы жұмыс істейді. Мемлекеттік сақтауда 

92 қор, 19628 сақтау бірлік бар, - деген басқарма 

басшысының орынбасары 2011 жылдан бастап 

архив  құжаттарын  электрондық-цифрлық 

форматқа көшіру жұмысы басталғанын тілге 

тиек етті. 

Бұған қоса, Сара Қабылбекқызы 1939 жылдың 

қазан айына дейін облысымыздың аумағы Ал-

маты және Оңтүстік Қазақстан облыстарына 

қарасты  болғандығын  тағы  бір  еске  салып, 

сол  себепті  көптеген  тарихи  құжаттар  сол 

облыстардағы  мұрағаттарда,  ал  1917  жылғы 

Қазан  төңкерісіне  дейінгі  деректер  Ташкент 

архивтерінде сақтаулы тұрғанын айтты. 

М.Х.  Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетінің  жанындағы  «Дулатитану» 

ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жан-

на  Сейтқұлова  «Архивтегі  этностар  тарихы 

туралы  деректер»  тақырыбында  баяндама 

жасап,  1941-1942  жылдары  Әулиеата  жеріне 

эвакуацияланған  этностардың  қатарында 

орыс, еврей, беларусь, украин халықтарының 

өкілдері  болғанын,  сол  жылдары  Жамбыл 

қаласына мыңдаған адам келгенін, 1999 жылы  

жүргізілген  халық  санағы  бойынша  бүгінде 

облысымызда 87 өзге этнос өкілдерінің өмір 

сүріп жатқанын жеткізді. Ал Тараз мемлекеттік 

педагогикалық  институты  жанындағы  Жүсіп 

Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тари-

хын зерттеу орталығының жетекшісі Ордалы 

Қоңыратбаев  өзі  жетекшілік  ететін  орталық 

қызметкерлері Жамбыл облысының тарихы тура-

лы кітаптың 1-ші томын аяқтағанын, бүгінде бұл 

кітаптың екінші томы жазылып жатқанын және 

оған тың деректер қосу үшін шәкірттерінің ше-

тел архивтерінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп 

жатқанын  атап өтті.    

Сондай-ақ  конференция  барысында 

қарымды  қаламгер  Мақұлбек  Рысдәулет  Ел-

басы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Ұлы  Дала 

ұлағаттары» кітабының мазмұны мен мақсаты 

жайында әңгімелей келе, архив пен тарих егіз 

ұғым екенін, біз, яғни бүгінгі ұрпақ тарихтан 

тағылым  әрі  сабақ  алу  керектігімізді  баса 

айтса, білікті дәрігер Сағындық Ордабаев об-

лыс медицинасының тарихы туралы кітабын 

жазу барысында архивтегі құжаттарды кеңінен 

пайдаланғанын және Жамбыл жеріне есімдері 

алыс-жақын шетелге мәлім ақ желеңді абзал 

жандардың  табаны  тигенін,  болашақта  сол 

тұлғалар туралы кітап жазу ойында бар екенін 

жасырмады. 

Жиын  соңында  бірқатар  үздік  мұрағат 

қызметкерлері  басқарма  басшысы  Дүйсенәлі 

Бықыбаевтың қолынан Алғыс хаттарға ие болды. 

Нұрлығаян Шангараева.   

бота Тастанбекова. 

   

Ұрпақ үшін, ел үшін.   суреттерді түсірген е.пак.



//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //

ТірШіліК


9

ТиімсіЗ ӨЗгерісТің ҚажеТі ҚаНШа?

 

„

келер жылы еліміздің денсаулық сақтау саласында салмақты өзгертулер мен жаңа жаһандық жобалар жоспарланып 



отыр. мәселен, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халыққа көрсетілетін наркологиялық және 

психоневрологиялық қызметтерді емханалармен біріктірмек. ал батыстық үлгідегі бастаманың бізге қаншалықты тиімді 

болатыны әлі белгісіз. себебі жергілікті тұрғындар бұл өзгеріске түбегейлі қарсы.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Аталған мәселе бүгінде денсаулық 

сақтау  саласының  мамандарын  да, 

қарапайым  халықты  да  алаңдатып 

отыр.  «Бұл  өзгеріс  қашан  жүзеге 

аспақ?», «Оның пайдасынан зарда-

бы  көп  болмай  ма?»,  «Не  себепті 

мұндай қадамға баруымыз керек?» 

деген көкейдегі көмескі сауалдары-

мызды арнайы мамандармен бөлісіп, 

олардың да көзқарасын білген едік.                                   

 - Бүгінгі күні өңіріміздің аумағында 

қарасораның көп өсетіндігінің сал-

дарынан наркологиялық ауру-сырқау 

көрсеткішіміз республика бойынша 

көш бастап тұр. Сондықтан да мен 

бұл өзгеріске қарсымын. Жаңа өзгеріс 

бойынша, бір емханада қарттар мен 

аяғы  ауыр  әйелдер,  жас  балалар, 

мүгедектер,  соғыс  ардагерлерімен 

қатар жүйкесі сыр берген науқастар 

мен  маскүнемдер,  нашақорлар  да 

бірге емделуге мәжбүр болмақ. Біздің, 

яғни  дәрігерлердің  наркологиялық 

контингенттегі  науқастардың 

жат  қылықтарына,  психотикалық 

бұзылыстар жағдайына, алкогольді 

және  есірткілік  мас  күйіне  көзі 

үйреніп  қалған.  Ал  халыққа  бұл 

жағдай  қиынға  соғары  сөзсіз. 

Дәрігердің қабылдауында қарапайым 

халықпен бір кезекте тұрған мұндай 

науқастардан  бәрін  күтуге  бола-

ды. Көптеген қиын мәселелер, дау-

жанжалдарды  да  тудыруы  әбден 

мүмкін.  Басқа  мемлекеттер  үшін 

бұл, әрине, үйреншікті жағдай. Ал 

біздің халық мұндай тәжірибеге әлі 

дайын емес. Егер бұл өзгеріс нақты 

жүзеге асырылатын болса, меніңше, 

кезең-кезеңімен  енгізген  дұрыс. 

Қазіргі таңда қалада наркологиялық 

диспансер  мен  есірткі  заттарына 

тәуелділерге  арналған  емхана  бір 

аулада  орналасқан. Бұл бізге, яғни 

мамандарға да ыңғайлы. Ал екеуінің 

қызметін біріктіргенде қаншалықты 

тиімді болары әлі беймәлім. Сондай-



 

„

александр андже - хиромант. оның алақандағы сызықтарға қарап 



болжам жасауға деген қызығушылығы әлеуметтік желі арқылы 

оянып, әр сызыққа көңіл бөліп, үйренуіне септігін тигізген. ол алғаш 

өз туысының алақанына қарап, өмір сызығының дұрыс еместігін, 

тағдырына қауіп төніп тұрғандығын білген. көп ұзамай әлгі туысы 

қаза тапқан. осы оқиғадан соң  бұл  саламен кеңінен айналысуға 

ұмтылған александр хиромантияны терең меңгерген жандардан ілім 

алып, қызығушылығын дамыта түседі.

Қол сызығы – тағдырдың құпия коды

александр андже.   

ақ    екі  қызметті  біріктіру  біздің 

еліміздегі наркологиялық жағдайды 

құлдыратып,  халыққа  көрсетілетін 

наркологиялық  қызметтің  сапасы 

нашарлап,  салдарынан  елімізде 

маскүнемдер  мен  нашақорлар 

көбеюі мүмкін. Мұның арғы жағында 

қылмыстық ахуалдың қиындайтыны 

сөзсіз,-деді  Жамбыл  облыстық 

наркологиялық  диспансердің  бас 

дәрігері Жақып Жексембиев. Аталған 

мәселе бойынша Жамбыл облыстық 

психоневрологиялық диспансерінің 

бас дәрігері Ергентай Сауранбаевпен 

де байланысқа шықтық. 

-  Елімізде  талай  жылдар  бойы 

наркологиялық  және  психо-

неврологиялық  қызметтер  өз  ал-

дына  бөлек  жұмыс  жасап  келеді. 

Мүмкін  екі  саланы  біріктірудің  де 

тиімділігі  бар  шығар.  Біз  АҚШ, 

Еуропа  елдеріндегі  озық  үлгі  мен 

жоғары  сапаға  талпынып  келеміз. 

Дегенмен  қандай өзгеріске барсақ 

та,  біздің  менталитетімізді  басты 

назарда  ұстаған  жөн.  Жүйкесі 

сыр  берген  науқастарды  қоғамға 

бейімдеу  мақсатында  өңірдегі 

№2  емханада  менталды  бөлме 

ашылған  болатын.  Жақында  пси-

хиатрия,  психотерапия  және  нар-

кология  республикалық  ғылыми-

тәжірибелік орталығында ауқымды 

жиын  өтіп,  ондағы  дәрігер  Сағат 

Алтынбеков мұндай біріктіру  2019 

жылы ғана жүзеге асатынын, оның 

өзінде  тек еліміздің екі-ақ өңірінде 

болады деп жоспарланғандығы ту-

ралы  айтты.  Мақсат  –  болашақта 

нарколог-дәрігерлерін психиатрияға, 

керісінше  дәрігер-психиатрларға 

наркологияның қыр-сырын үйретіп, 

кәсіби міндеттеу, - дейді бас дәрігер.  

Медициналық  мәселеге  қатысты 

«Оңтүстік арылу» қоғамдық қорының 

жетекшісі Дәурен Бағжанов: «Біздің 

кәсіби міндетіміз - есірткі заттарына 

тәуелділерді анықтап, оларды Пав-

лодар қаласындағы республикалық 

медико-әлеуметтік орталығына ем-

деуге  жіберу.  Егер  салада  мұндай 

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

«Қолдың  сызығы - тағдырдың құпия коды» 

деген түсінік бар. Саусақ терісін сыпырып таста-

са да, қайта қалпына келетін құдіретке ие. Және 

саусақ таңбалары бір-біріне ешқашан ұқсамайды 

екен. Әлемдік құқық қорғау жүйесі қылмыскерді 

қолдағы таңбасы арқылы таниды. Бұл құпияны 

ағылшын ғалымдары 1884 жылы, VII ғасырда 

Қасиетті Құранның «Қиямет» сүресіндегі: «Кәпір 

бізді олардың (адамдардың)  қаусаған сүйектерін 

қайта жинай алмайды деп ойлай ма? Олай емес, 

сүйектерін қара тырнақтарына, саусақтарының 

ұшына  дейін  қалпына  келтіреміз»  деген  3-4 

аяттарының әсерінен алған деген дерек те бар. 

Алақан  сызықтарына  қарап  болжам  жасап 

жүріп, түрлі саланы игеріп үлгерген Александр 

Андже  бүгінде алдына келген жандардың қолын 

кері қайтарған емес. Александрмен кездесудің 

сәті редакцияда түсті. Расында, жүріс-тұрысы 

тылсымға  толы,  үнінде  сиқыры  бар  ерекше 

адамның өзгелерді өзіне сендіре де алатын қуаты 

бары байқалды. Ол хиромант, ең алдымен, пси-

холог болуы шарт екенін ескертті. 

- Хиромант зерттеулері дәрігерлерге ұрпақтан- 

ұрпаққа  ауысып  отыратын  ауруларды,  жаңа 

туған  нәрестенің  кім  екендігін  айқындауға 

мүмкіндік береді. Адамның мінез-құлқы мен 

қабілеті,  денсаулық сипатын да болжауға болады. 

Алақандағы ең басты  үш сызық Өмір сызығы, 

Жүрек сызығы және Ақыл-ой сызығы деп ата-

лады. Білезіктегі сызықтарда да біраз болжам 

бар. Алақанға қарап болжау арқылы хиромантия 

ғылымын  үйренгісі  келгендер,  ең  алдымен, 

алақандағы  неше түрлі тарамдалған сызықтардың 

сырын оқып-үйренуі тиіс. Қолдың ішкі жағы ғана 

емес, сыртқы бетіне қарап болжау - хиромантияға 

терең үңілгендіктің белгісі. Адамның барлық 

біріктіру жүзеге асса, наркологиялық 

науқастар  қарапайым  емханаға 

жүгінетін  болады.  Ал  олардың 

қандай жағдайда емханаға келетіні 

белгісіз.  Олар  есірткі  заттарына 

мас күйінде жүгінуі әбден мүмкін. 

Ондай  жағдайда  наркологиялық 

науқастар  қарапайым  халықтың 

заттарын ұрлап немесе олармен жан-

жалдасып, зардабын тигізетіні белгілі. 

Ал өздерін іштей кінәлі сезінетіндері 

ел алдында ашықтан-ашық дәрігерге 

көрінуден  жалтарып,  нәтижесінде, 

наркологиялық  науқастардың  ем-

делуге келуі қатты төмендейді. Бұл 

мәселеге басқа қырынан қарауымыз 

керек. Мен бұл өзгеріске қарсымын»,-

деді. Яғни, бір сөзбен айтқанда, сала 

мамандарының өзі аталған біріктіруге 

теріс пікірде. Бұл жөнінде халықтың 

да өз айтары бар.

- Екі қызметті біріктіру нашақорлар 

мен жүйкесі тозғандарға қоғамның 

пікірін  өзгерту  үшін  жасалынатын 

сыңайлы  маған.  Яғни  ондай  оғаш 

мінезді  науқастарға  бірге  емдеу 

арқылы қоғамның, халықтың көзін 

үйрету. Ал оларды күнделікті өмірде 

көзбен көріп өскен жасөспірімдердің 

жайы  не  болмақ?  Қазіргі  таңда 

нашақор десе үрейленетін ұрпақтың 

да санасы дағдыланып, кейін зиянды 

әрекеттерге  өздері  де  бейімделіп 

кетпесіне кім кепіл? Мәселені осы 

қырынан қарап отырған ешкім жоқ,-

дейді зейнеткер Виктор Иванов.                                                                                                                

Жа л ғ ы з б а с т ы   а н а   К ә у с а р                                                                      

Жоламанова  да  өзінің  кішкентай 

бүлдіршіндері үшін қатты алаңдауда. 

«Менің екі балам әлі кішкентай. Жиі 

суықтап, ауырып қалады. Сондықтан 

емханаға  да  жиі  баруымызға  тура 

келеді.  Бұл  өзгеріске  нақты  не  ай-

тарымды да білмеймін. Мен сияқты 

аналар  үшін  нашақор,  жүйкесі 

тозғандармен бір емханада жүру қиын. 

Мұндай өзгертуге бас қатырғанша, ба-

лалар дәрігерінің қызметін қайтарса 

дұрыс болар еді», - дейді ол. 

кескін-келбеті мен құлақ, мұрын, ауыз, қас сынды 

барлық мүшелерінің де ортақ белгілеріне қарап  

кез келген адамның мінез-құлқын ажыратуға 

болады. Мұның барлығы табанды ізденісті қажет 

етеді, - деді Александр. 

Әрбір  сөзін  күлімсіреп,  үнін  жұмсартып, 

тыңдаушыны  ұйыта  сөйлейтін  Александр 

редакция  қыздарының  алақанын  алып, 

мінез-құлқымызды  жіпке  тізіп  берді.  Алайда 

қолымызды  қызық  көріп  ұсынған  біз  кейбір 

тұстардың дәлме-дәл келгеніне қайран қалдық. 

Тағы бір қызығы, адамның ой-өрісі дамып, мінезі 

өзгерген сайын алақан сызықтары да өзгеріп 

отырады екен. 

- Дініміз әртүрлі болғанымен, жер бетіндегі 

барлық адам бір Құдайға сыйынып, бір Құдайға 

сенеді. Ал хиромантия ғылымға сүйенеді. Өмірде 

жасаған жамандығымыз алдымыздан шығады. 

Біз  ол  үшін  жауаптымыз.  Өмірін  теріс  жолға 

салып, жамандық жасауға бейім немесе теріс 

жолда жүрген адамдардың қолына көктен лағынет 

белгісін алады. Бұл белгі оларды түбі жазалай-

ды... Ал әлдебір жаман қылығын өзгерткісі келіп 

жүрген адамның алақанындағы сызығын басқа 

арнаға бұрып, қызыл түсті қарындашпен бірнеше 

күн  бойы  дұрыс  бағытта  сызып  жүріп,  шын 

жүрегімен ниеттенсе, жаман қасиетінен арылады. 

Бұл ішкі сенімнің жемісі ме, әлдебір  тылсым 

күштің арқасында ма, әйтеуір дұрыс нәтижеге қол 

жеткізуге болатын құбылыс, - дейді Александр. 

«Ал  алақанға  қарап  болжаудың  озық  үлгісін 

көрсетіп жүрген сығандар сіздің алақаныңызды 

көрсе  не  дер  еді  деп  ойлайсыз?»  дегеніме: 

«Сығандар менің алақанымды көрсе қашып кетер 

еді» - деп күліп жауап берді. Себебі хиромант  

қарындашпен алақанын әлдебір сызықтар мен 

белгілерге толтырып,  шимайлап тастапты. 

Александр - бүгінде жігітке жеті өнердің аз 

екенін  дәлелдеп  жүрген  жандардың  бірі.  Ол 

қиялында туындаған зергерлік бұйымдарды түрлі 

асыл  тастармен  безендіріп,  қайта  жасағанды 

жаны  сүйеді  екен.  Ол  өз  қолынан  шыққан 

сақина, білезік, сырғаларды туған-туыстарына 

сыйға тартады. Әрбір адам өзінің сүйген ісіне 

қол жеткізу үшін тер төгіп, еңбек еткенін жөн 

көретін Александрдың тағы бір жұмыс орны- 

«Тараз в кадре» кино түсіру алаңы. Ол - «Тараз 

в  кадре»  командасының  актері.  Бұл  команда 

бүгінде сериал, қысқа метражды және деректі 

фильмдер түсіріп жүр. Бүгінде «Тараз в кадре» 

жұртшылыққа  «08 регион», «Тело на прокат»  

атты фильмдер ұсынып үлгерді.



әр жылдың салмаҒы, 

ӨЗ сыры бар

ТаНЫм


10

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //

Өр  мінезді,  жарқын,  көзге  түсіп  жүргенді 

ұнататын,  мадақты  сүйетін  бұл  құс  бүкіл  жыл 

бойына  айтарлықтай  әсер  етері  сөзсіз.  Алдағы 

жыл өмірлік күш-қуаты мол, белсенді, үнемі алға, 

қимыл-қозғалысқа  ұмтылып  тұратын  осынау 

қанатты тіршілік иесінің табиғи болмыс-сипатын 

бейнелейді. Сондықтан да психолог мамандар «бұл 

жылы іс-әрекетте батыл, белсенді болған жөн, алға 

ұмтылу, істі қорықпай бастап, аяғына дейін жеткізу 

қажет, серіктестермен қарым-қатынасты нығайтып 

отыру, туыстар мен әріптестерді тыңдай, түсіне білу 

маңызды» деп ескертуде. Таңсәріден оянып, жаһанға 

тіршіліктің, жаңа өмірдің әнұранын шырқайтын 

қораз жылының тарихтағы табы бөлек, ізі ірі. Атап 

айтсақ, отты қораз жылы (…1909, 1921, 1933, 1945, 

1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017, 2029…) от басқан 

халық бұл жылды ауыр жылдардың бірі санайды. 

Өйткені тауық жылы қауіп-қатер аз болмаған, халық 

ауыртпалық  пен  бейнетті  көп  көрген.  1920-21, 

1932-33 тауық жылдары жұт, аштық, 1968-69 жылы 

құрғақшылық орын алды. Атап айтсақ, қара тізімнің 

басында 1921-1922 жылдардағы ашаршылық тұр. 

Бұл - азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер 

еліне құшағын ашқан ауыр сынақ еді. 1921-1922 

жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз 

жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда 

жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның 

салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың 

жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ 

бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне 

қарай бүкіл ел бойынша 20 миллионнан астам адам 

аштыққа ұшырады. Бұл аздай, «Ұлы жұт» деп аталған 

1932-1933 жылдарда қазақ даласы тағы да жаппай 

ашаршылықтан жапа шекті. Шабындық пен егістік 

жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп 

отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы 

зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен 

қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, 

құрал-саймандарынан,  тіпті  жертөлесінен  де 

айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын 

күйге  көшті.  Ауыл  шаруашылығында  егіншілік 

көлемі  күрт  азайды.  Мал  шаруашылығы  терең 

күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында 

Қазақстанда 40,5 млн. бас мал болса,  1933 жылдың 

1  қаңтарында  олардан  қалғаны  небәрі  4,5  млн. 

бас еді. 1931-1933 жылдары бүкіл Қазақстанды 

құрығына түсірген аштықтан 6,2 млн. республика 

халқының 2,1 миллионы қырылды. Осынау ірі екі 

аштықты, трагедияға толы жылдар мен ғасырларды, 

үлкен және кіші революциялар, отарлық қанау, азу-

ынан қан тамған репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу 

секілді талай нәубетті төзімділікпен өткерген қазақ 

халқы қайсар да қайтпас мінезінен айныған емес. 

Нәтижесінде, нәубеттердің нүктесін де өз қолымен 

шежірелі тарихқа шегелеп кетті. 1945 тауық жылы 

күллі адамзат баласының маңдайына қару кезенген 

екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы жеңіспен 

аяқталды. 



Тауық жылы туылған 

тұлғалар

Әлемге әйгілі философ, социолог, математик, фи-

зик, астроном, ботаник, лингвист, музыка зерттеушісі, 

түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, 

«Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама Әбу Насыр 

әл-Фараби отты қораз жылы, яғни 870 жылы (950 

жылы қайтыс болған) дүниеге келген. Оның заманы  

Жібек жолы бойындағы қалалардың, оның ішінде 

Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған 

кезіне дәл келеді. Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие 

мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта 

айналып соғып отырған. «Білімсіз адамгершілік 

молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін 

тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей, үлкен 

жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса 

ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-

құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы 

жетпейді» деп ескертеді. Әбу Насыр әл-Фарабидің 

азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Фу-

сул ал-мадани» («Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл 

сөздері») трактатында қаралады. Бұл трактаттың 

тақырыптары әртүрлі болса да, негізінен бір мақсатқа-                                                                                                           

адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне 

арналған. Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды тал-

дауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде...» ол мұны 

ең кішкене ұядан, отбасынан немесе үйден бастайды. 

Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір 

бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ 

мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада 

адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне 

бағындыру туралы пікір айтылады. Әбу Насыр әл-

Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер 

философ. Ертеде және орта ғасырда философиялық 

және  медициналық  білім  бірімен-бірі  тығыз                                                                                             

байланысты  болған.  Әл-Фарабидің  медицина 

ғылымдарының  теориялық  мәселелерін  терең 

білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби 

өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының 

дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол 

кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол: 

«Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының 

себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын 

сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді»-  

деп көрсеткен. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 

150-ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. 

Тауық жылы дүниеге келген ардақты азаматтардың 

бірі - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам 

қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері 

Міржақып Дулатұлы (1885-1935жж). «Болғанда 

әкем қазақ, шешем қазақ, Мен неге  қазақтықтан 

сақтанамын?!»  деп  жырлаған  жалынды  сөздің 

иесі әдебиеттің әртүрлі жанрына қалам сермеген. 

Алғашқы кітабы  «Оян, қазақ!» деген атпен Петер-

бург қаласында жарық көрген. Онда өзінің алғашқы 

өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы 

қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, 

оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат етті.  

Міржақып қазақтың тұңғыш  «Бақытсыз Жамал» 

атты  романын  жазды.  Бұл  роман  жазушының 

шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, 

бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды 

болды.  «Бақытсыз  Жамал»  қазақ  әдебиетінде 

көркем прозалық үлгіде жазылған алғашқы  роман 

еді.  Міржақып  осы  шығармасы  арқылы  бұдан 

кейін жазылған Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелік», 

С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар 

cұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі 

де сол кезеңдегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге 

арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жа-

зылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы 

туралы баяндады.

Бұдан кейінгі тауық жылында (1897) есімі кең 

даланың маңдайына ойып тұрып жазылған қазақтың 

ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, 

Қазақстан Ғылым академиясының академигі, филоло-

гия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-

нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Әуезов 

өмірге келді. Өз заманындағы қабырғалы мәселелерді 

қаламына арқау еткен Мұхтар Омарханұлы қазақтың 

көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем 

әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды 

«Абай жолы» роман-эпопеясын жазды.  Әуезовтың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет