233
C
C
М. Жұмабаев
C
C
АНА
Көк темір киінген қалың жау бірнеше қаланы құрсаудай
қоршап алып, қамап тұрды. Түн сайын жағылатын от қап-
қара қараңғылық ішінен сансыз қызыл көздерімен қаланың
қорғанына қарайтын еді. Қызыл көздері қалаға қарап
сүйсініп жалындады. Оттың бұлай, аңдығандай ылғи жанып
тұруы қаланы ойға батырды.
Қала халқы қорғаннан жау құрсауының жыландай жиы-
рылғанын, от айналасында жаудың қап-қара көлең келерінің
ойнағанын көріп тұрды. Жаудың бабындағы аттарының
кісінегені, қару-жарақтарының күңгірі, қарқылдаған күл кі-
ле рі естіліп тұрды. Жеңуіне күмәні жоқ жаудың қуанышты
әндері қалаға айқын келіп тұрды. Жаудың күлкі сі мен әнін
естуден ауыр не азап бар?
Қалаға су беріп тұрған барлық бұлақтарға жау өлексе
тастады, үзім бауларын күйдіріп жіберді. Даланы таптап
тастады, бау ағаштарын қырып салды. Сөйтіп, барлық беті
ашылып қалған соң, қалаға жаудың доп-зеңбіректері шойын
мен қорғасын себе бастады.
Соғыстан қажыған аш қол тар көшелерде тұнжырап
жүріп жатты. Үйлердің терезедерінен жаралылардың
ыңқылы, жанталасқан сандырағы, әйелдердің Аллаға сиы-
нып сақтанғаны, балалардың шулап жылағаны тасыған
судай далаға төгіліп тұрды. Халық үрейі ұшып, күбірлеп
қана сөйлесіп, бірінің сөзін бірі бөліп: «Жау от қойған жоқ
па?» – деп тақақтап, тыңдап тұрды. Әсіресе, түндерде,
тым-тырыста ыңқыл мен жылау шуы ашығырақ-ашығырақ
шыққанда, алыстағы таулардың үңгірлерінен қаракөк
көлеңкелер ең бектеп шығып, жаудың қолын басып, жа-
сырынып, қаланың қирап жатқан қорғанына қарай бет
алғанда, таулардың сорайған қара тістерінің үстінде өткір
қылыш дал-дұл қылған мыс қазандай болып ай туғанда,
234
C
C
Шығармалары
C
C
әсіресе осындай түндерде өмір үміті біржола үзілгендей
болатын еді.
Ешқайдан күткен жәрдемі болмай, бейнеттен, аштықтан
қажыған халық күн санап үмітінен айрылып, кеудесін
қорқыныш кеулеп, анау айға, таудың сорайған тістеріне,
үңгірлердің қап-қара аранына, шулап жатқан жаудың
қолына қарайтын еді: бұлардың бәрі оларға өлімді ойла-
татын еді. Жалғыз жұлдыздар оларды жұбатып, жылы
жүзбен жарқырайтын еді. Халық қорқып, отты үйде тұ-
тата алмағандықтан, көшелерді қоп-қою қараңғылық
басып кетті. Сол қараңғылықта өзеннің тереңінде жүзген
балықтай, басына қара жамылған бір әйел үнсіз ғана бара
жатты. Халық оны көріп, бірінен-бірі сұрады:
– Ананың өзі ғой?
– Иә, сол.
Көрген халық оның бетіне келе алмай, қақпалардың
астына жасырынып қалды. Болмаса, төмен қарап, жаны-
нан жүгіріп өтіп кетті. Жалғыз-ақ, қарауылшылардың
бастықта ры былай деп сақтандырды:
– Тағы көшеге шықтыңыз ба, донна Марианна! Байқа-
ңыз, мұндай уақытта оққа ұшу оңай. Кім жазалы екенін
ешкім тексермейді де...
Ірілікпен басын жоғары көтеріп жіберіп, кідіріп, күте
қалды. Бірақ қарауылшылар не оған бата алмады, не әйелге
қол көтеруді өздеріне ар көрді, қалайда өте берді. Қазалы
адамдар өлексені айналып өткендей, әйелді алыстан айна-
лып өтіп жатты. Әйел қаланың барлық бақытсыздығынан
жаралған мылқау бір қара болып, қараңғылық ішінде
көшеден-көшеге жылжып, жапа-жалғыз жүре берді. Оның
артынан қалмай қасіретті үндер еңбектеп бірге жүрді:
ыңқыл, жылау, жырау, жауды жеңу үмітінен айрылған
қолдың тұнжыраған күбірі.
235
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Азамат һәм ана еді бұл әйел. Ана ұлы мен ұлты туралы
ойлап жүр еді: қаланы қиратып жатқан қолдың бастығы
оның ұлы еді. Қайғысы жоқ қатал ұл. Жуырда ғана бұл
ана анау ұлына, өзі туып-өскен һәм ұлын тауып, өсірген
тұрағы – қаласының халқына көмек үшін өзі салған қорған
деп, өзінің ұлтына берген бағасыз сыйы деп қарайтын
еді. Үзілмейтін ұзын сансыз жіптермен ананың жүрегі –
ескі тастарға, бабалары үйлер салған, қаланың қорғанын
қалаған ескі тастарға, туған-туысқандарының сүйегі жатқан
жерге, ұлтының ертегілері, жырлары, үміттеріне – ананың
жүрегі берік байланған еді. Ананың сол жүрегі жақын
адамын жоғалтып, жылауда еді. Жүрегі таразы сықылды
еді. Бірақ ұл махаббаты мен ұлт махаббаты екеуін күндіз-
түні салмақтап, қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл екенін біле
алмады. Ана осы халде түндер бойы көше кезіп жүре
берді! Танымаған адамдар қара жамылған ананы «бәрімізге
жақындаған өлімнің өзі ғой» деп қорқысты, таныған адам-
дар ұлтын сатқан ұланның анасынан әдейі аулақ жүрді.
Бір уақытта қалың қорғанның түбінде бір мылқау
түкпірде ана екінші бір әйелді көрді: бір өліктің басын-
да шөкелеп, жердің төмпешігіндей қозғалмай, қасіретті
жүз бен жұлдыздарға қарап дұға оқып отыр екен. Оның
төбесінде, қорғанның үстінде, қарауылшылар ақырын ғана
күбірлесіп, мылтықтың оқтары қорғанның тас тістерін
тістеп, тістерін шықырлатқандай.
Ұлтын сатқан ұланның анасы сұрады:
– Ерің бе?
– Жоқ.
– Аға-інің бе?
– Балам. Ерім өлгелі он үш күн болды. Мынау бүгін...–
деді де, өліктің анасы тағдырға разы болған түрмен айт-
ты:– Мәриям ана бәрін біледі. Бәрін көріп тұр. Мен оған
шүкіршілік қыламын.
236
C
C
Шығармалары
C
C
– Не үшін?– деп сұрады бірінші әйел.
Анау жауап берді:
– Ұлым ұлты үшін құрбан болып отыр. Бұрын менің
көңілімде күмән бар еді. Өз елінің үстіне бастап жау алып
келіп, әрі Құдайдың, әрі адамның дұшпаны болған, жел
өмірдің ғашығы, жел көңіл Марианнаның ұлындай менің
ұлым да жел өмір, атақ үшін елін сатып кете ме деп қорқу-
шы едім. Нәлет жаусын Марианнаның ұлына! Оны көтерген
ананың құрсағына нәлет жаусын!
Марианна бетін жапты да, шығып кетті. Ертеңіне ерте-
мен қаланы қорғап тұрған қолға барды да айтты:
– Менің ұлым сендерге жау болып кеткені үшін не мені
өлтіріңдер, болмаса қақпаны ашыңдар, мен ұлыма кетейін...
– Сен азаматтығың бар әйелсің, туған жер саған қымбат
болуға тиісті. Сенің ұлың біздің жауымыз болса, сенің де
жауың.
– Мен анамын. Ұлымды сүйемін. Ұлымның мұндай
болғанына өзімді кінәлі деп білемін.
Қорғаушы қол біраз кеңесті де, мынадай сөзге келді:
– Ұлыңның күнәсі үшін сені өлтіруіміз адамшылыққа
жатпайды. Сенің қасіретіңнің ауыр екенін де шамалаймыз...
Бірақ мынау қалаға сенің кепілдікке де керегің жоқ. Ұлың
сені керек қылмайды ғой, ол малғұн сені ұмытқан шығар.
Күнәңді өзің мойныңа алсаң, сол жаза саған жазалыққа
татыр. Бізге өлімнен де ауыр көрінеді бұл жаза.
– Иә, ауырырақ...– деді ана.
Қол қақпаны ашып, әйелді қаладан шығарып жіберіп,
оның туған жерінде, өзінің ұлы қанға тұншықтырған
туған жерінде, қалай кетіп бара жатқанына қарап қалды.
Ана аяғын зорға көтеріп аттап, ақырын ғана кетіп бара
жатты. Жолшыбай қаланы қорғап қаза тапқан ерлердің
өліктеріне тәжім қылып, қирап жатқан түрлі қару-жарақты
аяғымен жеркене теуіп жіберіп бара жатты, ананың бәрі-ақ
237
C
C
М. Жұмабаев
C
C
қан төгетін қаруды жек көріп, жаудың қолын қайтаратын
қаруды ғана қабыл көреді ғой.
Ана шапанының астына толық бір кесе су тығып алып
бара жатқандай, қаттырақ бассам, суды шайқап төгіп
алармын деп қорыққандай болып, ақырын бара жат-
ты. Алыстаған сайын кішірейе берді. Қорғаннан қарап
тұрған қолға қаладан үмітсіздік, қасірет сол әйелмен бірге
шыққандай көрінді.
Ана орта жолға жеткен соң, басындағы бүркенгенін
алып, қалаға ұзақ қарап тұрғанын қол көрді.
Жаудың қолы далада келе жатқан жалғыз қараны
байқаған соң, бірнеше адам сақтықпен оған қарсы жүрді.
Келіп, кім екенін, қайдан келе жатқанын сұрады.
– Сендердің қолбасшыларың – менің ұлым,– деді ана.
Бұл сөзге қолдың біреуі де күмән қылмады. Қол ананы
ертіп алып, жолшыбай оның ұлының ақылдылығын, ерлігін
көтеріп мақтап отырды, ана басын иместен тыңдап бара
жатты. Бірақ таңданған жоқ, оның ұлының өзі солай болуға
тиіс еді ғой.
Ана ұлына келді. Тумастан тоғыз ай бұрын білген ұлына,
ылғи ғана жүрегіндей тербеткен ұлына келді. Келсе, ұлы
жібек пен барқытқа, қару-жарақ, асыл тастарға көмілген.
Дұрыс, осылай болуға тиісті еді. Ана ұлын ылғи түсінде де
осылай көруші еді: бай, атақты, жалпы халыққа сүйкімді.
– Ана,– деді ұл, анасының қолын сүйіп,– менің ісімді
мақұлдағаның ғой, сен келдің. Енді мынау малғұн қаланы
күні ертең аламын...
– Өзің туған қалаңды...– деп есіне салды ана.
Жортқанда ылғи жолы болып жүргеніне есірген, зор
атаққа сусаған ұлан жастықтың жүгенсіз жалынымен жа-
лындап сөйлеп берді:
– Мен жаһан үшін туғанмын. Жаһанды таң-тамашаға
қалдыру үшін туғанмын. Мына қаланы мен сен үшін ғана
238
C
C
Шығармалары
C
C
аяп тұр едім. Болмаса, бұл қала аяғыма кірген шөгірдей,
бақытқа, атаққа бара жатқан жолымды бөгеп тұр еді. Енді
таң атсын!– Қайсарлардың ұясын қиратайын...
– Әрбір тасы сенің бөбек күніңді білетін, әлі күнге
ұмытпаған ұяны...– деді ана.
– Тастар мылқау ғой. Ол тастарға адамзат тіл бере
алмаған болса, мен барлық тауға тіл берем. Тау-тасқа өзімді
мақтатып, күңірентіп қоям. Менің тілейтінім осы...
– Елді қайтесің?– деп сұрады ана.
– А-а-а, елді ұмытқан жоқпын. Анам, маған да ел керек,
ердің ерлігі ғана есінде қалады ғой...
– Ер деген кім? Өлімге ерік бермей, өмір құрған, өлімді
жеңген адам, сол – ер!– деді ана.
– Жоқ!– деді ол,– құрушы адам ер болса, қиратушы да
ер... Өзің ойлашы, Рим шаһарын Ромул салды ма, Еней сал-
ды ма, біз оны білмейміз. Ал енді Аларих сықылды Римді
қиратқан ердің аты бізге айқын белгілі...
– Ол ерлердің, болса, ауызда өшіп бара жатқан аты
ғана бар. Римнің өзі көз алдымызда әлі тұр ғой,– деп есіне
салды ана.
Ұлы мен ана күн батқанша осылай сөйлесті. Бірақ уақыт
озған сайын ұлының ананың сөзін бөлуі сирей берді, анасы
да төмен иіле берді.
Ана – жаратушы, құрушы. Ана – қорғаушы. Ананың
алдында қиратуды, бұзуды айту оған қарсы сөз айту бо-
лып табылады. Ұлан мұны білмеді. Ананың Тәңір берген
қасиетін жоққа шығарды.
Ана – ылғи өлімге қарсы. Кімде-кімнің болса да үйіне
өлім кіргізген адам – ананың жауы.
Жүректі өлтіретін атақтың салқын сәулесі көзін қаптаған
ұлан мұны көрмеді. Өзі құрған, өзі қорғаған өмірге біреу
қастық қылса, ананың қатал, бір-ақ есті аң болып кетуін
де ұлан білмеді.
239
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Басын бұғып отырған ана қолбасының қымбатты ша-
тырының етегінен қаланы көрді. Қазір соны қиратпақ болып
отырған бөбектің бойына біткен шағындағы тәтті минутын
өткізген, осы бөбектен босанғандағы бейнеттерді кешірген
қаланы көрді.
Қаланың қорғанына, мұнараларына күннің қызыл
сәулелері қан төгіп тұрғандай еді. Қала бір жаралы жандай,
оның сансыз жараларынан қызыл қан шапшып тұрғандай
еді. Уақыт озды. Қала өліктей қарая берді. Қаланың
үстінде, аспанда өлікке жаққан шырақтай жұлдыздар
жағылды. Жаудың көзіне түспесін деп қорқып, от жақпаған
қараңғы үйлерді, қараңғылыққа, сасық иіске, өлім күткен
адамдардың күбіріне толған көшелерді – ана бәрін көрді,
бәрін. Туған ел, туған жер ананың аузынан не шығар екен
деп, бәрі көшіп оттың алдына келгендей болды. Ана енді
өзін барлық ұлтының анасы деп сезді.
Таудың қара қияларынан бұлттар сырғып түсіп, өлімге
байланған қалаға қанатты қалың жылқыдай шабуыл жа-
сады.
– Егер түн қолайлы – қараңғы болса, біз, бәлки, осы
түнде-ақ қаланы шабармыз. Күндіз қару-жарақ жарқылдап
көзді шағылдырғанда, күн шақырайып тура көзге қарап
тұрғанда, кісі өлтіру қолайсыз болады,– деді ұлы, қылышын
жалақтатып.
Анасы айтты:
– Мұнда кел. Басыңды менің көкірегіме қой да, өзіңнің
бөбек күніңді, қайырымды, қайғысыз болғаныңды, жұрт-
тың бәрінің сені жақсы көргенін есіңе түсіріп жатып,
тынық...
Ұлы ананың тілін алып, тізесіне жатып, көзін жұмды.
– Мен атақты сүйемін және мені осындай қылып тап-
қаның үшін сені ғана сүйемін...
– Әйел сүймейсің бе?– деп сұрады анасы, басын төмен
бүгіп.
240
C
C
Шығармалары
C
C
– Әйел деген көп қой. Бірақ тәттіден тез шыққан
сықылды адам әйелден тез безіп кетеді ғой.
Ананың ең соңғы сұрағаны:
– Сен балаң болуын тілейсің бе?
– Баланың керегі не? Біреуге өлтірткізу үшін бе? Мен
сықылды біреу балаларымды өлтірмекші. Ол маған ауыр
болады ғой. Ол уақытта мен қартайып, қуатым кеткен бо-
лам. Олардың кегін ала алмаспын.
– Сен сұлусың, ұлым, бірақ нажағай сықылды сенің де
жемісің жоқ,– деді күрсініп.
Ұлы күлімсіреп:
– Иә, нажағайдай...– деді.
Деді де, анасының көкірегінде кішкене бөбектей қалғып
кетті. Сол уақытта ұлын қара шапанымен жауып, жүрегіне
пышақ сұғып алды. Ұлы селк етті, сол сағатта өлді. Ұлының
жүрегінің қай жерде соғып тұратынын білетін ана ғой ол.
Баласының өлігін қажыған қарауылшыларға қарай дома-
латып жіберіп, қалаға қарап былай деді ана:
– Ұлт үшін ананың қолынан келетін істі түгел істедім.
Өзімнің ұлымның жанында қалдым мен... Екінші ұл табу
уақытынан өткенмін. Менің өмірім енді ешкімге керегі жоқ.
Ұлының жылы қаны, дұрысы, өзінің жылы қаны суын-
баған әлгі пышақты ана енді өзінің кеудесіне қадады.
Қадағанда, дәл жүрекке қадады. Ауырған жүрекке дәл қадау
оңай болмақ...
241
C
C
М. Жұмабаев
C
C
ТЕМІРДІ ЖҰМСАРТҚАН АНА
Бар нәрсені жеңетін тірліктің бұлағы – әйел-ананы
мақталық!
Бұл жерде сөз Темір туралы. Өмірінде жаудан жеңіліп
көрмеген сайыпқыран, жұлдызы оңынан туған ақсақ барыс
туралы. Гәуірлер оны Темірлан деп атаған. Бүткіл дүниені
қиратамын деген ойы болған адам туралы сөз болмақшы.
Ақсақ Темір жер үстінде елу жыл жүрді
1
. Елу жыл бойына
пілдің аяғы құмырсқаның илеуін таптағандай, оның темір
аяғы талай шаһарларды, мемлекеттерді таптады. Оның
жүрген жолдарынан жан-жаққа адам қаны қызыл өзен
болып ақты. Жеңілген елдердің сүйегінен биік мұнаралар
жасады ол. Күш сынасып, ажалменен жекелесіп, тірлікті
қиратты ол. Ұлы Жәңгірді алғаны үшін ажалдан кек
алмақшы болды. Құтыр ған Темір ажалдың асын тартып
алмақшы болды. Ажал малғұн аштан, азадан өлсін деді
ол. Шын халқын жеңіп қайтып келе жатқан Темірді, оның
Жәңгір ұлы өлген соң, Самарқан халқы қара салып, баста-
рына күл-топырақ сеуіп қарсы алған күннен бастап қайсар
Темір Отырарда ажалме нен айқасып, ажал оны жыққан
сағатқа шейін отыз жыл бойына бір езу тартып күлмеді.
Осылай отыз жыл бойына жұмған ернін бір ашпай, өмір
бойына ешкімге бас имей, тірі жанды жүрегі аяу дегенді
білмей өмір сүрді Темір.
Ажал оның алдында бас иетін – жалғыз күшті, әйел-
ананы мақталық! Бұл жерде ана туралы бір шындық
айтылмақшы. Жерді қанға тұншықтырған болат Темірдің,
ажалдың әрі қызметкері, әрі құлы Темірдің сол ананың ал-
дында бас иіп, кішірейгені айтылмақшы бұл жерде. Әңгіме
былай болған.
1
Ақсақ Темір 1333 жылы туған, 1404 жылы өлген (Басқарма).
242
C
C
Шығармалары
C
C
Ақсақ Темір Қанығұлдың әдемі алабында сауық құрып
жатыр еді. Қалың бұлттай гүлдер жапқан Қанығұлдың ала-
бын Самарқанның ақындары «гүлдердің махаббаты» деп
атаушы еді. Бұл алаптан зор шаһардың заңғар мұнаралары,
мешіттердің заңғар күмбездері көрініп тұрушы еді.
Жабылған кең желеуіш сықылданып сол алапта бәрі
де жауқазын гүлдей он бес мың отау-шатыр құрылған. Әр
шатырдың үстінде әуелеп тұрған гүлге ұқсап жүздеген
жібек жалау желкілдеп тұр. Сол шатырдың ортасын-
да, күңдердің ортасында тұрған ханшадай Ақсақ Темір
Көрегеннің шаты ры тұр. Бұл шатыр төрт бұрышты,
кеңдігі жүз адым, биіктігі үш найза. Ортасында адамның
жуандығындай он екі алтын ба ғана бар. Төбесінде заңғар
күмбез. Шатыр қара, сары, зеңгір түсті жол-жол жібектен
тігілген. Көкке көтеріліп кетпес үшін бес жүз қызыл бау-
мен жерге бекітілген. Төрт бұрышында төрт күміс қыран
құс тұр. Ал күмбездің астында, шатырдың дәл ортасында
бесінші қыран отыр. Бұл қыран хандардың ханы, өмірінде
жаудан жеңіліп көрмеген Ақсақ Темір Көрегеннің өзі еді.
Үстінде аспан түсті жібектен тігілген кең киім. Ол киімге
меруерт себілген. Себілген өңшең әр меруерт бес мыңнан
аса қоймас. Иә, аса қоймас!.. Оның ақ шашты аруақты
басында ақ бөрік, ақ бөріктің шошақ төбесіне қып-қызыл
жақұт орнатылған. Шошақ төбе тоқтаусыз шайқалғанда
қанды көзі әлем біткенді ішіп-жеп бара жатқандай болады.
Ақсақтың беті мың рет қанға малынып, тот басқан
жалпақ сапы сықылды. Көздері қысық болса да, бар нәрсені
көретін қырағы. Бұл қысық көздердің оты қояншық ауру-
ды өлтіретін, гәуірлер оны зұмырт деп атайтын. Арабтың
сүйген тасы зуфаржәттің салқын сәулесіне ұқсайды.
Ханның құлақтарында сұлу қыздың ерніне ұқсайтын
цейлонның қып-қызыл жақұттарынан жасалған сырғалар.
Жерде баға жетпес кілемдердің үстінде шарапқа толып
үш жүз алтын құмыра һәм хандардың сауығына керек
243
C
C
М. Жұмабаев
C
C
басқа түрлі заттар самсап тұр. Темірдің артында сырнай-
кернейшілер отыр. Жанында қатар отырған тірі жан жоқ.
Төменде, аяқ жағында туысқандары, хандар, бектер,
қолбасылар отыр. Ханға жақын Кермани отыр. Өзі мас.
Кермани ақын еді. Жаһанды қиратқан жиһангер Темірдің
бір уақытта:
– Кермани! Әгәр мен сатылатын болсам, сен маған
қанша берер едің?– деген жер жүзіне қорқыныш пен өлім
себушінің сұрағына:
– Жиырма бес әскер берем,– деп жауап берген екен.
– Мынау не дейді? Бұл менің белбеуімнің ғана бағасы
ғой!– деп таңғалып, Темір ақырыпты.
– Мен сол белбеуіңді ғана ойлап отырмын. Сен өзің
түк ке тұрмайсың,– депті Кермани.
Хандардың ханымен, жер жүзіне жауыздық һәм қорқы-
ныш себетін адаммен ақын Кермани осылай сөйлесетін
еді. Темірдің атағынан шындықтың досы ақынның атағын
артық көрелік біз!
Жалғыз-ақ Тәңірісі бар, ол Тәңірісі – сұлу айтылған
шындықтың тура сөзі болған ақындарды мақталық
біз! Шын ақындардың жалғыз Тәңірісі – сұлу айтылған
шындықтың тура сөзі ғой!
Солай, Ақсақ Темір Қанығұлдың алабында сауық
құрып жатты. Халық мәз-мейрам болып, есалаңданып,
өткен-кеткендерді, жорықтарды, әрнелерді еске алып,
ханның шатырының алдында сырнай-керней гүрілдеп,
халық шуылдап ойнап жатты. Шұп-шұбар киінген сансыз
сайқы-мазақтар секіріп, балуандар күресіп, ойыншылар да
денелерінде бір тал сүйек жоқ сықылды иіліп, майысып,
арқанда ойнап, батырлар адам өлтіруге бәсекелесіп, найза-
менен сайысып, біреулерін қызыл, біреулерін жасыл түске
бояп, біреулерін қорқынышты, біреулерін мазақ қылып,
пілдерді шығарып, халық мәз-мейрам болып жатыр. Тап
244
C
C
Шығармалары
C
C
сол сағатта – Темірдің ерлері Темірден қорыққаннан,
Темірдің атағының айбатынан, жорықтан қажудан, шарап-
тан, қымыздан мас болып отырған тап сол есалаң сағатта –
ың-жыңның ішінен, бұлт ішінен шыққан нажағайдай
сұлтан Баязитті жеңген жауынгердің құлағына қыранның
саңқылдағанындай бір әйелдің айқайы келді. Өлімнен аза
шеккен, сол азаның кесірінен адамзатқа һәм барлық тірлікке
қатал болып кеткен Темірдің жанына таныс дауыс еді бұл.
– Мынау зарлы дауыс кімдікі екен, біліңдер!– деп бұй-
рық қылды Темір.
Шабармандар келіп айтты:
– Үсті-басы шаң, жалба-жұлба бір қатын, өзі есалаң
сықылды. Арабша сөйлейді. «Ханға жібер, үш ықылымның
ханына жібер!» – деп қасарып тұр.
– Алып келіңдер!– деді хан.
Ханның алдына әйел келді. Жалаң аяқ, үстінде күн жеп
қойған киімдердің жалба-жұлбасы шыққан, жалаңаш төсін
жабу үшін қара шашы тарқатылған. Беті мыс сықылды,
көздерінде қайрат бар. Ақсаққа созылған қара қолы
дірілдемейді.
– Сұлтан Баязитті жеңген сенбісің?!– деп сұрады әйел.
– Иә, мен! Мен оны да жеңгенмін. Басқа талайды да
жеңгенмін. Әлі жеңуден қажығаным жоқ. Сен не айт пақ-
шысың, әйел?
– Тыңда!– деді әйел.– Сен талай істі істесең де құр
адамсың. Ал мен анамын! Сен өлімге қызмет қыласың, мен
өмірге қызмет қыламын. Сен менің алдымда жазалысың.
Міне, мен саған сол жазаңды жу деп келіп отырмын. Маған
жұрт сенің ұраның «күш – әділдікте» деген деп айтты. Мен
бұған нанбаймын. Бірақ сен маған әділ болуға міндеттісің.
Неге десең – мен анамын!
Әйелдің шанышпа, сорақы сөздерінің артындағы жасы-
рын күшті сезгендей хан ақылды еді. Ол айтты:
245
C
C
М. Жұмабаев
C
C
– Отыр да, сөйле! Мен тыңдаймын!
Әйел кілемнің үстіне, хандардың қатарына ыңғайланып
отырып, мына әңгімені айтты:
– Мен Салдырне деген жерденмін. Ол алыста, айдала-
да, оның қайда екенін сен білмейсің! Менің әкем де, ерім
де – балықшы. Ерім бақытты еді. Сондықтан сұлу еді. Оны
бақытқа қандыратын мен едім. Менің бір ұлым бар еді. Жер
жүзінде ең сұлу ұл сол еді.
– Менің Жәңгірім сықылды,– деп күбірледі қарт қыран.
– Ең сұлу, ең ақылды менің ұлым алтыға келгенде, жаға-
ға теңізде жүретін мұсылман қарақшылары келіп, әкем мен
ерімді һәм басқа көп адамдарды өлтіріп, сол ұлымды алып
кетті. Міне, төрт жыл болды, жерді шарлап сол ұлымды
іздеп жүрмін. Мен енді білем. Ұлым қазір сенің қолыңда,
неге десең, Баязиттің қолы қарақшыларды ұстап алған. Сен
Баязитті жеңіп, оның барлық затын алғансың. Енді, сен,
менің ұлымның қайда екенін білуге міндеттісің, ұлымды
өзіме тапсыруға міндеттісің!
Халықтың бәрі күліп жіберді:
– Мынау есалаң ғой!– десіп, Темірдің хандары мен дос-
тары, бектер мен қолбасылар күлісті. Бірақ әйелге қоңыр
салқын түспен Кермани қарап тұрды. Таң қалып Темір де
қарап тұрды.
– Бұл ана болғандығынан есалаң ғой,– деп күбірледі
мас ақын.
Жаһанның жауы Темір айтты:
– Әйел! Сонау жат жерден, дарияларды, өзендерді, тау-
ларды, ормандарды өтіп, қалай келдің сен? Саған аңдар
қалай тимеді, көбінесе аңдардан жауыз болатын адамзат
қалай тимеді? Қолда күш бар шағында жауға тастамайтын
қорғансыздардың жалғыз досы – қару да жоқ қой қолыңда!
Саған нануым үшін, таңқалуым сені ұғуға кесел болмас
үшін маған осылардың бәрін білу керек.
|