246
C
C
Шығармалары
C
C
Қандай берік бөгеу болса да, махаббаты аттап өтетін,
барлық жаһан емшегін емген әйел-ананы мақталық! Адам-
ның бар жақсылығы күннің сәулесі мен ананың ақ сүтінен
келеді. Бізге өмірді сүйгізетін осылар.
Әйел Темірге айтты:
– Жолда бір ақ дарияға ұшырадым, дарияда арал көп
екен. Балықшының қайықтары да көп екен. Сүйгеніңді
іздесең, жел оңыңнан шықпай ма?! Дарияның жағасында
тұрып өскен адамға өзеннен жүзіп өту оңай ғой... Таулар?
Мен тауларды байқағаным жоқ...
Сол жерде мас Кермани масайрап кетіп, соғып жіберді:
– Сүйген жанға тау дегенің дала ғой...
– Жолда орман болды ма дейсің ғой... Иә, болды. Ор-
манда қабан, аю, сілеусін һәм құт ұшырып, ылғи жер сүзіп
жүретін бұқалар ұшырады. Екі қабат маған барыс қарады.
Көздері сенің көздеріңдей еді. Бірақ аңдардың да жүрегі бар
ғой. Мен олармен сенімен сөйлескендей сөйлестім. Олар
менің ана екендігіме нанды. Аяғандары емес пе, күрсініп
теріс қарап кетті. Сен аңдардың өз балаларын сүюін, сол
балалардың тірлігі мен азаттығы үшін олардың жауларымен
алысуын сен білесің бе?
– Солай, әйел!– деді Темір.– Мен білем, аңдар, көбінесе,
адамдардан күштірек сүйіп, жауларымен адамдардан гөрі
табандырақ алысады.
– Адамның бәрі – анасының баласы ғой,– деді әйел бала-
ша. – Неге десең, әйелдің жаны жүз есе бала ғой.
Әйел айтты:
– Әркімнің анасы бар ғой. Арам да, кімнің болса да ұлы
ғой, қарт-ау, білесің бе сен? Сені де бір нұсап әйел тапқан.
Тәңіріңе таңданарсың, анаңнан сен де танбайсың, қарт!
– Солай, әйел!– деді көтеріліп ер ақын Кермени.
– Солай. Өңкей бұқадан бұзау тумайды. Күнсіз гүл
гүлдемейді. Махаббатсыз бақыт болмайды. Әйелсіз махаб-
бат болмайды. Анасыз ақын да болмайды, ер де болмайды.
247
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Әйел тағы айтты:
– Бер баламды өзіме. Неге десең, мен – анамын, сүйемін
ұлымды...
Әйелге құлдық ұралық! Мұсаны, Мұхаммедті, зор
пайғамбар Исаны тапқан сол әйел ғой. Жауыздардың Исаны
өлтіргені рас. Бірақ, Шарафатдин айтқандай, ол тірілмек.
Шам да тірілмек!
Бізге қажымас қыран тауып беретін – әйел. Анаға құлдық
ұралық! Аристотель сол әйелдің ұлы, Фердауси, балдай
тәтті Сағди, у қосылған шараптай Омар Хайям, Ескендір
мен Соқыр Ғұмар – осылардың бәрі сол ананың балалары,
бәрі ананың сүтін ішкен. Бойлары бетегеден аспайтын
күндерінде солардың әрқайсысының қолдарынан ұстап,
жетектеп өмірге кіргізген сол ана. Өмірде ауызға аларлық
барлық әр зат сол аналардан.
Қалаларды қиратқан ақ шашты алып ойға кетті. Ақсақ
Жолбарыс, Темір Көреген ұзақ үндемей отырды. Біраздан
соң, барлық халыққа былай деді:
– Мен, Тәңірі құлы Темір, тиісті сөзді айтамын! Мен
өмір сүрдім, өмір бойына табанымның астында қара жер
күңіреніп келді. Осы қолыммен отыз жыл бойына ажалдың
егінін қиратып келемін. Қиратуымның мәнісі сол – мен
ажалдан ұлым Жәңгірдің кегін алмақпын. Ажал малғұн
менің жүрегімнің күнін сындырды ғой... Менімен жаула-
рым өздерінің хандықтары – қалалары үшін алысты. Бірақ
ешкім, еш уақытта адам үшін алысқан жоқ. Адамның менің
көзімде бағасы да болған жоқ. Адам деген не? Менің жо-
лымда неге тұр ол? Оны мен білгенім де жоқ. Міне, мен –
Темір, жеңген соң, Баязитке мынау сөзді айтқанмын: «А,
Баязит, байқайсың ба, патшалық та, адам да Тәңірінің ал-
дында түк емес екен. Қарашы, Тәңірі әкімшілікті екеумізге
беріпті. Сен – қыли, мен – ақсақ!» Баязитті маған кісендеп
алып келгенде, Баязит кісеннің салмағына шыдай алмай
248
C
C
Шығармалары
C
C
тұрғанда, осылай деп едім мен оған. Мен бақытсыздыққа
ұрынған Баязитке қарап осылай деп, өмірдің ескі жұртқа
шығатын жусандай ащылығын сездім.
Мен – Тәңірі құлы Темір – тиісті сөзді ғана айтамын.
Міне, менің алдымда бір әйел отыр. Мұндай әйелдер
сансыз ғой. Осы әйел маған бұрын білінбеген сезімдер
оятты. Ол маған өзінің теңіне сөйлегендей сөйледі. Және
өтінбейді! Бұйырады! Ұқтым мен һәм көріп отырмын – бұл
әйелдің неліктен осынша қайратты екенін. Ол сүйеді. Оның
ұлының қалай жүз жылдар бойына сөнбейтін жалын туатын
тірліктің бір ұшқыны екенін оған осы махаббат білгізіп
отыр ғой. Пайғамбардың бәрі бала болмап па? Ерлердің
бәрі әлсіз нәресте болмап па? Оң көзімнің нұры Жәңгір-
ай, кім біледі, сенің маңдайыңа тағдырда жерді жылытып,
жерге бақыт себу жазылған шығар-ау? Мен жерді қанға
тұншықтырдым, қанға бөккен жер іркілдеп тұр ғой!..
Талай елдерді еңіреткен ер тағы бірталай үндемей ойлап
отырып, ақырында былай деді:
– Мен – Тәңірі құлы Темір – тиісті сөзді ғана айтамын!
Қазір үш жүз адам аттанып, маған қараған жердің бәрін
кезіп, мынау әйелдің ұлын тапсын. Әйел осында күтеді.
Онымен бірге мен де күтемін. Кімде-кім баланы алдына
мінгізіп алып келсе, ол адам бақытқа жетеді. Бұл сөзді Темір
айтып отыр. Осылай ма, әйел!
Әйел бетіне түскен қара шашын қолымен қағып жіберіп,
ханға қарап күлімсіреп:
– Солай, хан!– деді.
Сол уақытта қайсар қарт орнынан түрегеліп, үндемей
әйелге басын ұрды. Сол уақытта ақын Кермани қатты
қуанған бала сықылданып, мынау өлеңді соғып жіберді:
Көкте жәуһар сансыз жұлдыз жарқырап,
Жерде гүлдер гүл-гүл жайнар балбырап.
249
C
C
М. Жұмабаев
C
C
Қай жер сұлу жұлдыз, гүлді жырлаудан,
Сүю жыры – сұлу дейді әркім-ақ.
Талма түсте Күннен сұлу не десең,
Ғашық айтар: «Сүйгенім ғой, жан-шырақ!»
Қара түнде жұлдыз сұлу – білемін,
Алтын Күннен күндіз сұлу – білемін.
Маған барлық үлбіреген гүлдерден
Бота көзді бір қыз сұлу – білемін.
Сол жанымның бір жымиып күлгені
Күннен сұлу, көремін де күлемін.
Солай, талай сұлу-сұлу жырлар көп,
Бірақ жалғыз жырдай сұлу бір жыр жоқ.
Бұл сұлу жыр жырлар өмір бұлағын,
Бұл бұлағың – кіп-кішкене жүрек иесін
Бар адамзат жырлайды бір ана деп!..
Осылай деп жырлайды ақын Кермани.
Ақсақ Темір ақынға айтты:
– Солай, Кермани, әділдікті, шындықты айтуға сенің
аузыңды епті қылғаннан Құдай қателескен жоқ екен.
– Иә! Құдайдың өзі жақсы ақын ғой!– деді мас Кермани.
Әйел жымиып күлді. Хандар, бектер, қолбасылар һәм
басқа солардай балалар әйел-анаға қарап, бәрі де күлді.
Осы айтылғанның бәрі шын. Осы сөздердің бәрі ақиқат.
Осылардың бәрін өзіміздің аналарымыз біледі. Сұраңдар,
олар айтады:
– Иә, осының бәрі шын! Біз ажалдан күштірекпіз! Жи-
һанға бір тоқтамсыз данышпандар, ақындар, ерлер тауып
беретін біз. Жиһанға барлық жақсылықты себетін біз. Иә,
ажалдан күштіміз біз!– дейді олар.
250
C
C
Шығармалары
C
C
ХАН МЕН ҰЛЫ
...Қырымда Мүсәлайма Асбап деген хан болған. Ол
ханның Толайық Әлхалла деген ұлы болған...
Әр-бутыс ағашының қызыл күрең бойына арқасын
сүйеп отырып соқыр татар тіленшісі мынау сөздермен
ескі әңгімелері көп жарты аралдың ертегілерінің біреуін
бастады. Оның айналасында заман қиратқан хан сарайының
сынық тастары үстінде қызыл ала шапан, алтынмен кесте-
ленген төбетей киген бірталай татар отырды. Кеш мезгілі
еді. Күн ақырын ғана теңізге құлап бара жатты. Оның қызыл
сәулелері қираған сарайдың маңайындағы жасыл шөптер-
дің қара қабаттарынан өтіп, мүк жамылған жабысқақ жасыл
пүліске оралған тастардың үстіне алтын тап болып тұнып
тұрды. Әу, кәрі шынар ағаштарының қолтығында жел зу-
ылдап, шынардың жапырақтары сыбдырып тұрды. Әуелде
көзге көрінбей сылдырап бұлақ ағып жатқан сықылды еді.
Соқыр тіленшінің даусы әлсіз еді. Дірілдеп тұрды. Оның
тас сықылды бетінің әжімдерінде тыныштықтан басқа нәрсе
білінбеді. Жатталып қалған сөздер оның аузынан бірінің
ар тынан бірі құйылып тұрды һәм тыңдаушылардың көз
ал дында өткен күндердің күшті сезімге бай картиналары
теріле берді.
Соқыр айтты:
– Хан қарт еді, бірақ оның һарамында әйел көп еді. Ол
әйелдердің бәрі де қартты сүйетін еді. Себебі, оның әлі
күші қайтқан жоқ еді, оты сөнген жоқ еді. Оның құшағы
әлі әйелді күйдіруші еді. Әйелге ердің шашы ағарғаны,
бетінің әжімденгені есеп емес, тек ер құшағында әйелді
өртей білсе?! Кімнің құшағы отты болса, әйел соны сүймек.
Сұлулық – терінің майдалылығында, беттің қызылдығында
емес, сұлулық күште. Ханды бәрі сүюші еді. Бірақ хан
Днепр даласында қолға түскен бір казак-орыс қызын ғана
251
C
C
М. Жұмабаев
C
C
сүюші еді. Өзінің зор һарамындағы барлық әйелдің ішінен
сол казак-орыс қызын артық еркелетуші еді. Һарам ішінде
әйел көп еді. Онда түрлі жерден жиналған ханның үш жүз
қатыны бар еді. Олардың бәрі де жазғытұрғы гүлдей сұлу
еді. Бәрі ерке тұрмыс ішінде еді. Хан оларға ылғи тәтті
тамақ пісіруші еді һәм оларға тілеген уақытта ойнауға,
билеуге рұқсат беріп қойып еді...
Хан өзі казак-орыс қызын өзінің жанына – биік мұнараға
шақырып алушы еді. Бұл мұнарадан теңіз көрінуші еді һәм
онда казак-орыс қызы үшін әйелді еліктіретін нәрсенің
бәрі бар еді: тәтті тамақ, үлде мен бүлде, алтын, түрлі түсті
тамдар, музыка, алыс жерлердің қолға түспейтін құстары
һәм ғашық ханның жалынды құшағы. Осы мұнарадан хан
казак-орыс қызымен алданып, ауыр тұрмысынан тынығу-
шы еді. Және ұлы Әлхалланың орыс даласында қасқырдай
жортып, орыс елінің зәресін алып, ол елді өлімге, қанға,
түтінге көміп тастап, ылғи көп ойынмен, жаңа атақпен
қайтатынын біліп, өзінің мемлекеті, хандығы үшін уайымы
жоқ еді.
Күндерде бір күн Әлхалла орыс елін шауып қайтып,
оның құрметіне үлкен той жасалды. Бұл тойға Қырымның
бектерінің бәрі жиналып, ойын-сауықтың егі-шегі болма-
ды. Мырзалар қолдың күшін сынау үшін, тұтқындардың
көздерін көздеп, жақ-мылтықтан атысты. Арақ-шарап
ішіп, хандықтың діңгегі, жаудың албастысы Әлхалланың
ерлігін мақтасты. Ұлының атағына қарт хан да қуанышты
еді. Қарт хан ұлының мынадай ер болғанын көріп һәм өзі
үлкен сол хандықтың мынадай күшті қолға көшетінін ой-
лап, қуанышты еді. Қуанышы тасып, ұлына өзінің қанша
жақын көргендігін көрсету үшін, сол тойда бектер, мыр-
залар алдында шарап құйылған кесе ұстап отырып, хан
ұлына айтты:
252
C
C
Шығармалары
C
C
– Менің мейірімді ұлым Әлхалла! Бар мақтау Тәңірге
болсын һәм оның пайғамбарының аты ауыздан түспегей
еді!
Отырған адамдардың бәрі күшті дауыспен күңірентіп
пайғамбарға салауат айтысты. Сонан соң хан айтты:
– Тәңірі қадір ғой... Тірі күнімде менің жастығымды, ер
ұлымды тірілтті. Мен нұры кеткен көзіммен көріп отыр-
мын. Күндерде бір күн менің көзімнен күн жасырынар.
Жүре гімді құрт жайлар. Бірақ мен мынау ер ұлымдай тірі
болармын. Тәңірі зор, Мұхаммед – оның шын пайғамбары!
Менің жақсы ұлым бар, оның күшті қолы, батыр жүрегі,
ашық ақылы бар. Атаның қолынан не алғың келеді,
Әлхалла? Айт, не тілесең, соны беремін...
Қарт ханның сөзі бітер-бітпесте-ақ, қараңғы түнгі
теңіздей қара көздері жарқ етіп, тау бүркітінің көзіндей
көздері от болып жанып Толайық Әлхалла түрегелді:
– Маған орыстың тұтқын қызын бер, алдияр ата!
Хан бірталай үндемей қалды. Жүрегінің ойнағаны,
тулағаны басылғанша үндемей отырды да, берік күшті
дауыспен:
– Ал! Мынау той өтсін. Сонан соң аласың,– деді.
Ер Әлхалла қып-қызыл болып кетті. Оның бүркіт көздері
мынау зор қуаныштан жанып кетті. Тік тұра келіп, атасы
ханға айтты:
– Беретініңді білем, алдияр атам! Білем мұны... Мен
сенің ұлыңмын. Мен сенің құлыңмын. Менің қанымды
сағат сайын бір тамшыдан алып тұр. Мен сен үшін жиырма
өліммен өлемін.
– Маған еш нәрсе керек емес!– деді хан һәм оның жауды
көп шапқан, атақпен тажданған, бұл күнде ақ шаш жапқан
басы кеудесіне иілді.
Тойды тез тарқатып, хан мен ұлы екеуі біріне-бірі сөз
қатпай сарайдан шығып, һарамға кетісті. Түн қараңғы
253
C
C
М. Жұмабаев
C
C
еді. Көкті жапқан құрсау кілемдей бұлттар айды да,
жұлдыздарды да көрсетпей тұрды.
Қараңғыда ата мен ұл ұзақ жүрді. Бір мезгілде хан
асығып сөйлей:
– Менің өмірім күн сайын сөніп барады. Кәрі жүрегімнің
соғуы баяулап келеді. Кеудемде от азайып келеді. Өмірімді
жылытып, оған жарық-сәуле беріп тұрған казак-орыс
қызының ыстық құшағы еді... айтшы маған, Толайық, айт-
шы, ол саған сонша керек пе? Оның орнына жүз қатынымды
ал. Жоқ, барлық қатынымды ал!..
Толайық Әлхалла үндемей, уһіледі.
– Менің қанша өмірім қалды? Менің енді өмірім аз
қалды ғой... Сол орыстың қызы – менің өмірімнің ең соңғы
қуанышы. Ол мені біледі. Ол мені сүйеді. Енді ол кеткен
соң, мен шалды кім сүйеді? Кім? Ешкім де сүймейді,
Әлхалла, ешкім де...
Әлхалла үндемеді...
– Сенің оны құшақтағаныңды, оның сені сүйгенін көріп
отырып, мен дүниеде қалай тұрмақпын? Әйел алдында ата
да жоқ, ұл да жоқ, Толайық ұлым-ау. Әйел бәрімізге де ер-
кек деп қана қарайды ғой. Азғана қалған өмірім азап ішінде
өтеді ғой... Денемдегі ескі жараларымның бәрінің аузы
ашылып, қансырасамшы, мынау түнді көрмесемші, ұлым!
Ұлы үндемеді... Екеуі һарамның есігінің алдына тоқтап,
үндеспей ұзақ тұрысты. Айнала қап-қараңғы еді. Көкте
бұлттар жарысып, жел ағаштарды шайқап, жырлап, зуыл-
дап тұрды.
– Ата, мен оны көптен сүйем...– деді ақырын ғана
Әлхалла.
– Білем, оның сені сүймейтінін де білем...– деді хан.
– Мен оны ойласам, жүрегім ойнап кетеді...
– Енді менің солған жүрегімде не қалады?
Екеуі тағы сөзді қойысты. Әлхалла уһіледі.
254
C
C
Шығармалары
C
C
– Иә, данышпан молла маған дұрысын айтқан екен.
«Әйел ерге ылғи зиян келтіреді. Әйел сұлу болса, басқа
ерлерді ғашық қылып, ерін күншілдік азабына салады.
Көріксіз болса, оның ері басқа әйелдерге қызығып, азап
шегеді. Ал енді әйел көрікті де, көріксіз де болмаса, ер оны
түзей алады. Бірақ үйленгенде өзінің қателескенін біліп, ер
тағы азап шегеді»...– деп еді данышпан молла.
– Жүрек ауруына данышпандық дауа емес,– деді хан.
– Бір-бірімізді аялық, ата...
Хан басын көтеріп, ұлына қайғымен қарады.
– Өлтірелік оны...– деді Толайық.
Хан біраз ойлап, болар-болмас күбірлеп:
– Сен менен де, онан да өзіңді артық сүйесің,– деді.
– Сен де солайсың...
Екеуі тағы тоқтасты.
– Иә, мен де солаймын!– деді хан қасіретпен.
Хан қайғыдан бала болды.
– Қайтеміз? Өлтіреміз бе?
– Оны саған бере алмаймын, бере алмаймын!– деді хан.
– Менің де енді сәл шыдарлық шыдамым қалды. Не
жүрегімді суырып ал, болмаса, оны бер маған...
Хан үндемеді.
– Болмаса, оны таудан теңізге тастайық.
– Таудан теңізге тастайық! – деп ұлының дауысының
жаңғырығындай ұлының сөзін айтты да қойды хан.
Осы сөздерден соң екеуі һарамға кірді. Онда еденде
құлпырған кілем үстінде казак-орыс қызы ұйықтап жатыр
еді. Қарт ханның көзінен жас сорғалап, күміс сақалында
меруерттей ойнап тұрды. Әлхалла көзі жайнап, тістеніп,
нәпсісін зорға тыйып, казак-орыс қызын оятты. Қыз оянып,
көзін ашты. Сол уақытта оның үлбіреген беті алқызыл
таңдай еді. Ашылған көзі шешек жарған гүлдей еді. Қыз
Әлхалланы байқамай, қызыл ернін ханға тосты.
255
C
C
М. Жұмабаев
C
C
– Сүй мені, қарт қыран!
– Киін... бізбен бірге жүресің,– деді хан күбірлеп. Сол
арада қыз Әлхалланы көрді. Және қыранның көзіндегі жас-
ты да көрді. Есті еді ол: бәрін білді.
– Барайын. Барайын,– деді ол.– Анаған да жоқ, мынаған
да жоқ, солай бекіттіңдер ғой? Ер жүректі адамдар осылай
бекітуге тиісті, барайын.
Үшеуі біріне-бірі сөз қатпай, теңізге жөнеді. Жолдары
тар соқпақ еді. Жел зуылдап, гуілдеп есіп тұрды... Қыз
тым нәзік еді, тез шаршады. Бірақ қайсар еді. Шаршағанын
аналарға айтқысы келмеді. Бір мезгілде Әлхалла қыздың
кейін қалғанын көріп, оған:
– Қорқып келесің бе?– деді.
Қыз оған отты көзбен бір қарап, қанға боялған аяғын
көрсетті. Әлхалла қолын созып:
– Кел, мен сені көтеріп алып барайын! – деді. Қыз бірақ
өзінің қарт қыранының мойнынан құшақтады. Хан құстың
қауырсынын көтергендей көтеріп алып жүрді. Қолында
бара жатқан қыз ханның көзіне тимесін деп, ағаштың
бұтақтарын қолымен қағып отырды. Ұзақ жүрді олар. Бір
мезгілде теңіздің күрілі естілді. Соқпақпен мыналардың
артынан келе жатқан Толайық сонда атасына айтты:
– Мені ілгері жібер, болмаса, сенің желкеңе қанжар
қадағым келіп келе жатыр!
– Ілгері оз, Алла мынау ойың үшін саған не жаза қылар,
не кешер – өз еркіңде. Сенің атаңмын, мен сені кешейін.
Сүю дегеннің не нәрсе екенін білем мен.
Міне, үшеуінің алдында теңіз жатыр. Төменде шеті-
қиыры жоқ қою қара теңіз жатыр. Жердің етегінде теңіздің
толқындары күңіреніп өлең айтысады. Жардың шыңырау
етегі қараңғы, суық, қорқыныш. Хан қызды сүйіп:
– Қош бол!– деді.
Әлхалла да:
256
C
C
Шығармалары
C
C
– Қош бол!– деп иіліп қоштасты.
Қыз толқындар күңіреніп жатқан шыңырауға қарады
да, екі қолымен кеудесін қысып, кейін қарай шегініп құлап
кете жаздағандай болды.
– Лақтырыңдар мені,– деді қыз.
Әлхалла оған қолын созса да, тартынып қалды. Сонда
қарт хан қызды құшағына алып, кеудесіне қатты қысып
сүйіп, басынан жоғары көтерді де, қия жардан төменге
тастап жіберді.
Төменде сылдырап, жырласып жатқан толқындардың
шуынан екеуі де қыздың суға барып түскенін ести алмады.
Ешбір үн жоқ. Еш нәрсе естілген жоқ. Хан тастардың үсті не
етпетінен жатып, үндемей төменге, шыңырауға, қараңғы
түпсіз шыңырауға қарады. Төменде теңіз бұлттармен
араласып, теңізден толқындардың күңіренген шуы жүзіп
жоғарыға шығып жатты. Есалаң жел ханның ақ сақалымен
ойнап, елбелеңдеп өтіп жатты. Жатқан ханның жанында
жүзін екі қолымен жауып, үндемей, қозғалмай Толайық
тұр еді. Уақыт озды. Көкте жел айдаған бұлттар біріне бірі
тіркеліп, жүзіп оза берді. Теңіздің қия жарының үстінде
жер бауырлап жатқан қарт ханның ойларындай түнерген
қара бұлттар еді ол.
– Кетейік, ата,– деді Толайық.
– Тұра тұр...– деп бір нәрсені тыңдап жатқан адамдай
сыбырлады хан.
Тағы бірталай уақыт озды. Төменде толқындар күрілдеп,
жел ағаштарды шуылдатып, қия жарға қарғып тұрды.
– Кетейік те, ата...
– Тұра тұр біраз...
Толайық Әлхалла:
– Кетейік, ата!– деп бір айтпады, әлденеше рет айт-
ты. Хан қалған өмірінің қуанышын жоғалтқан жерден
қозғалмады. Бірақ дүниеде бар нәрсенің бір соңы бар ғой.
Хан да тұрды. Қайратты қайсар хан тұрып, күңіреніп:
257
C
C
М. Жұмабаев
C
C
– Кетейік пе?..– деді.
Екеуі кетіп бара жатыр еді. Хан бір мезгілде тоқтай
қалды.
– Ә, мен неге кетіп барамын, қайда кетіп бара жатырмын,
Толайық?– деп ұлынан сұрады хан.
– Енді маған өмір не керек. Мен қартпын. Мені енді
ешкім сүймейді. Сені ешкім сүймесе, дүниеде тұруың
бекер ғой.
– Сенің атағың, байлығың бар ғой, ата.
– Маған сол қыздың бір сүюін бер де, менің байлығым-
ды, атағымды – бәрін сен ал. Бұларың өлі зат, жалғыз тірі
нәрсе – әйелдің махаббаты ғой. Мұндай махаббаты жоқ
болса, ол адамның тірлігі де жоқ. Тіленші ол. Оның өмірі –
аяныш өмір. Қош бол, ұлым! Өміріңнің түнінде де, күнінде
де Алланың рақметі сенің басыңнан арылмасын...
Осы сөздерді атып, хан теңізге қарай бұрылды.
– Ата,– деді Толайық,– ата!..– Басқа ешбір сөз айтылма-
ды. Тегінде, ажал бетіне қарап күліп тұрған адамға оның
жанына, өмірге, тірлікке махаббат салғандай ешнәрсе айта
алуға мүмкін емес қой.
– Жібер мені...
– Алла...
– Ол біледі...
Жардың шетіне хан жылдам басып келді де, шыңырауға
құлап кетті. Ұлы ұстап қалмады. Үлгіре алмай қалды.
Теңізден тағы еш нәрсе естілген жоқ. Не ханның суға ба-
рып түскені, не бір үн жоқ. Жалғыз-ақ төменде толқындар
шуылдап, жел гуілдеп, өздерінің тамаша, тағы әндеріне
салып жатты. Толайық Әлхалла үндемей төменге ұзақ қарап
тұрып-тұрып, даусын шығарып:
– Маған да осындай ер жүрек бере гөр, әй, Алла!– деді.
Сонан соң сол қараңғы түнде сарайға қайтты...
Міне, Мүсәлайма Асбап осылай өлген соң, орнына
Қырымда Толайық Әлхалла хан болған.
258
C
C
Шығармалары
C
C
Всеволод Ивановтан
БАЛА
І
Монғол жері ашулы, аш, жүдеу аңға ұқсайды. Тасы да
аң, суы да аң, жазаласа, елбеңдеген көбелегі де аң. Оның
да есі-дерті қыбын тауып шағып алу.
Ал монғол адамының жүрегі, құлық-мінезі қандай екені
мәлім емес. Аң терісін киім қылып жамылып жүреді деседі.
Қытайға ұқсайды деседі. Орыстан аулақ кетіп, Нұрқұй
шөлінің ар жағына барып, тұра бастаған деседі. Жазаласа,
Қытайдан, Үндістаннан әрі өтіп, бір белгісіз, ылғи жаз
болып тұратын мәңгі жасыл тағы далаға кетеді-міс деп те
аңыз қылысады.
Монғол жеріне Ертіс бойының орысы да келген, қазағы
да келген. Казак-орыс соғысынан қашып көшіп келгендер.
Қазақтың жүрегінің қандай екені мәлім, кептірген қарын
сықылды. Түкке тұрмайды. Бер жағынан қарасаң, ар
жағындағы нәрсенің бәрі көрінеді.
Ақкөңіл, аңқау ел ғой. Қазақ монғол жеріне асықпай-
саспай, малын айдап, қатын, бала-шағасын, ауру-сырқауын
бәрін артып көшіп келген.
Орыстар, орыс болғанда, ылғи алпамсадай, еңгезердей
мұжықтар, өздері қалап келген емес. Оларды ақтар қуып
келген. Жолшыбай тау-тасқа нашарлары өліп-қырылып,
ылғи ірілері іріктеліп қалған, мал-жандары, қора-қопсысы,
барлық мүлкі ақтардың қолында қалып, жазғытұрым
желігетін қасқырдай зығырлары қайнап, мұжықтар
қостарының ішінде жатып даланы ойлайтын, Ертісті
сағынатын.
Мұжықтар елу шамалы. Бастықтары – Семей Селиванов
деген. Бұл отряд Селиванов жолдастың қызыл гвардия от-
ряды деп аталатын.
|