Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет20/21
Дата21.01.2017
өлшемі1,64 Mb.
#2324
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

мен сирек қолданылатын сөздердің көрінісі үлкен орын ала-
ды, өйткені бұлар да – көпшілік оқырманға түсініктілі жағынан 
күмән  туғызатын  элементтер.  Бірақ  олардың  қайткенде  де 
қолданылатын сәттері бар және басы артық, қажетсіз жерлері 
бар.  Демек,  әңгіме  тағы  да  жазушы  шеберлігі  мен  ұлттық 
көркем тіл нормасына бағыну (немесе одан ауытқу) жайында 
болмақ.
Көне сөздер, олардың көнерген (архаизм) түрлері де, тарих- 
тық  сөз  (историзм)  деп  аталатын  түрлері  де  бірнеше  мақсат 
көздей жұмсалады. Көнерген сөздер – бұл күнде қолданыстан 
қалып, мағыналары көмескі тартқандар, орнын өзге тұлғалар 
басқан  сөздер,  ал  тарихтық  сөздер  –  бұл  күнде  қолданыстан 
шығып қалған заттардың, құбылыстардың, ұғым-түсініктердің 
атаулары, сондықтан бұлардың жұмсалуы тек қана зәруліктен 
тууы  қажет.  Ал  зәрулікті  туғызатын  фактордың  бірі  –  өмір 
шындығын  дәл  суреттеу  принципін  ұстау.  Айталық,  өткен 
дәуірлерде  болған  оқиғалар,  іс-әрекеттер,  адамдар  жайында 
жазылған көркем шығармада сол дәуірге тән, бірақ қазір ұмыт 
болған немесе қасаң (пассив) қолданылатын көне заттардың, 
құбылыстардың,  қарым-қатынастардың  атауларын  жұмсау  – 
көркем әдебиеттің негізгі талабы, бұл талапты дұрыс орындау 
суреткердің мамандық (профессионалдық) парызы.
Демек, заман шындығын танытатын көне элементтер: жеке 
атаулар, сөз жұмсау модельдері, сөз құрастыру үлгілері, көне 
жалғау-жұрнақтар мен ескіше сөз қосарлау т.б. – көркем әдеби 
тіл нормасына сай түсетін, уәжді, орынды қолданыстар болып 
саналады. Бұл зандылықты түсініп, оны көріктеу әдісінің бірі 
деп тұту – қазақ прозасында, әсіресе тарихи роман, повестер-
де әуел бастан дұрыс танылып, орын алып келе жатқандығын 
айтуға болады. Бұған жөн сілтеп, жол салған – Мұхтар Әуезов. 

270
Тарихи  эпопея  –  «Абай  жолында»  жазушы  күні  кешегі  бол-
са  да,  өткен  ғасырдың  II  жартысындағы  өмір  шындығын 
дәл  атау  үшін  көптеген  архаизмдер  мен  тарихтық  сөздерді 
(историзмдерді) әдейі қолданады. Әсіресе бүгінгі өмірден кет-
кен  заттар  мен  құбылыстардың  атаулары  –  историзмдер  бұл 
шығармада жақсы келтірілген.
XIX ғасырдың II жартысында қазақ қоғамындағы ел билеу 
–  әкімшілікке  қатысты  титулатура  мен  өзге  де  іс-әрекет, 
құбылыс  аттары:  майыр,  дуанбасы,  ағасұлтан,  жандарал, 
старшын,  атқамінер,  шенеунік,  көрпіс  сияқты  сөздер  мен 
үкілі  почта,  қалашы,  лаушы,  песір  тәрізді  тарихтық  атаулар, 
сондай-ақ  кітапшалау  –  «шағатайша,  кітаби  тілде  сөйлеу» 
(«хазіреттің...  кітатшылаған  тілін  ұға  алмаған  Жұмабай...»), 
хатқа тізілу – «айыпты адам ретінде аты-жөні жазылып, есеп-
ке алыну» («Жігітектен отыз адам хатқа тізіліпті»),қағаздасу 
–  «ресми  түрде  бірінің  үстінен  бірі  арыз  беру»  («сондай 
кездің  қарсаңында  өз  елінің  ішімен  қағаздасып  жату  лайық 
емес»), бойын кездеу – «тұтқындалған адамның түр-тұрпатын 
көрсететін  белгілерді  қою»  («Болмаса  сұр  шекпенді  кигізіп, 
бойын  кездеп  айтқанша  тоқтатпасын),  молда  болу  –  «сауатты 
адам болу» («балам, молда болдың ба?») деген етістіктер – бұл 
күнде  көрсетілген  мағыналарда  қолданудан  шығып  қалған 
сөздер. Бұларды жазу шы кейіпкерлер аузына салып, сол тұстық 
сөйлеу үлгісін шынайы түрде берген.
Бұл  тарихи  шығармада  архаизмдерді  орынды  қолдану  да 
көзге  түседі.  Бұдан  100-150  жылдай  бұрынғы  қазақтардың 
тілінде бұл күнде мүлде ұмыт болған немесе басқа мағынаға 
ие  болған  көне  атаулардың  жұмсалуы  –  шындыққа  сай. 
Сондықтан мұндағы құма, кішілік, шабындыкеле, тентек де-
ген сөздерді архаизмдер (көнерген сөздер) деп тануға болады. 
Кішілік сөзінің түбірі кіші – көне түркі тілінде «әйел (жұбай)» 
мағынасындағы  сөз,  қазақтар  кішілік  сөзін  «біреудің  әйелі» 
мәнінде  жұмсаған.  Сондықтан  Бердіқожа:  «Е,  мен  баламды 
кәрі Құнанбайға кішілікке беруші ме ем?» – дегенде «қызымды 
кәрі Құнанбайға әйелдікке бермеймін» деген ұғымды тану ке-
рек. 
Құма сөзі де – көне элемент. Түркі-монғол халықтары та-
рихында  орта  ғасырларда  ел  билеуші  ханның  некелеп  алған 

271
әйелдерін хатун (қатын) деп, некесіз алған әйелдерін құма деп 
атаған.  Құмалар  –  негізінен  жаулап  алған  ұлыстың  хандары- 
ның,  қолбасыларының,  рубасыларының,  билерінің  әйелдері, 
қыздары, қарындас-туыстары болатын. Құмадан туған балалар 
заңды саналып, хатундардың балаларымен тең өсірілген (олар 
көбінесе хатундардың тәрбиесінде болған), енші алуда, әке ор-
нын басуда, қол бастауда т.т. хатун балаларымен тең праволы 
болған. Дегенмен заңды (некелі) әйелдерден туған балаларды 
артық  қоюшылық  та  орын  алып  келген.  Сондықтан  құмадан 
туыппын  ба?  деген  образ  «кеммін  бе?»  дегенді  білдірген 
(соңғы ғасырларда бұл фраза қазақ қауымында «тоқалдан ту-
ыппын ба?» деген түрде айтылғаны мәлім).
Сірә, көп ретте көнерген сөздер мен әсіресе тарихтық ата-
уларды  және  этнографизмдерді  айыру  оңай  болмайды.  Бел- 
гілі  бір  халықтың  өзіне  ғана  тән  материалдық  және  руха-
ни  мәдениетіне,  тұрмыс-салтындағы  ерекшелігіне  қатысты 
сөздер  деп  саналатын  этнографизмдер  сол  ерекшеліктердің 
қоғам  өмірінен  кеткендерін  атайтын  болса,  олар  историзмге 
(тарихтық сөздерге), ал кейде тіпті өзге сөзбен ауыстырылып, 
көнерген сөзге айналатыны мәлім. Сондықтан көркем шығар- 
мада,  олардың  ішінде  тарихи  туындыларда  этнографизмдер 
мен  көнерген  сөздердің  қолданылуы  –  көркем  тіл  нормасын 
өтейтін тәсіл. Бұл тәсілді қазақ көркем сөзі Мұхтар Әуезовтен 
бастап, күні бүгінге дейін жақсы қолданып отыр. Әсіресе соңғы 
кезеңдерде жазылған тарихи шығармаларда: «Үркер», «Елең-
алаң»  (Ә.Кекілбаев),  «Аласапыран»  (М.  Мағауин),  «Жібек 
жолы» (Д.Досжанов), «Елім-ай» (С.Сматаев) сияқты үлкен ро-
мандармен  қатар  повестерде  және  тарихи  эсселерде  «Алтын 
тамыр», «Көмбе» (Қ.Салғарин), сондай-ақ «Ант» (Т.Ахтанов), 
«Ұлан асу» (Қ.Бекхожин) тәрізді тарихи драмаларда көнерген 
сөздерді қолдану кеңірек орын ала бастады және бұл орайда 
авторлардың  қатты  ізденгендігі  байқалады.  Демек,  көркем 
тіл нормасы үдесінен шығатын фактілер баршылық деуге бо-
лады.  Біздің  бұл  жердегі  көздейтін  мақсатымыз  –  нормадан 
ауытқуды көрсету, оның себептерін ашу болғандықтан, тари-
хи  көркем  шығармалар  тіліндегі  көне  элементтердін  дұрыс 
қолданысын жоғарыда Ә.Кекілбаев пен М. Мағауиннің тарихи 
шығармалары тілін талдау барысында көрсеттік.

272
Ұлттық көркем сөз нормасының бір белгісі – қазақ лекси- 
касының  байлығын,  яғни  синонимдер  мен  әр  алуан  вари-
анттарды  орынды  жұмсау.  Қазақ  тілі  –  жалпы  түркі-монғол 
тілдері сияқты синонимикасы бай тіл. Ал синонимдер – образ-
дар  қатарын  молайтуға  қатысатын  құралдардың  бірі.  Демек, 
синонимдердің  көркем  әдебиет  тілінде  молынан  және  дұрыс 
қолданылуы – норма талабы. Бұл талапты өтеу үлгісі қазақтың 
ауызша  тараған  байырғы  әдеби  тілінен  басталады.  Бұл  тілді 
танытатын  негізінен  поэзия  болғандықтан,  синонимдердің 
поэтикалық  қызметі  тіпті  айқын  көрінеді  және  бұл  сипат 
кейінгі проза тіліне әсерін тигізеді.
Қазіргі  қазақ  көркем  прозасы  өзінің  бейнелеуіш-көркем- 
деуіш құралдарының бірі етіп синонимдерді, жалпы варианттар 
қатарын пайдаланып отыр. Көркем тіл нормасынан шығатын 
да, шықпайтын да тұстар осы салада – әр алуан сипаттағы жа-
рыспалы тұлғаларды жұмсауда көзге түседі.
Синонимдердің  стильдік  мақсаттағы  рөлін  әдебиет  жанр-
ларына (функционалдық стильдерге) қарай да, халықтың ауыз 
әдебиеті мен жазба әдебиеттегі көрінісіне қарай да анықтауға 
болады. Бізге қазіргі (осы зерттеудегі) керегі – жазба көркем 
прозадағы орны мен мәні, яғни орынды- орынсыз (нормаға сай 
немесе оған қайшы) қолданысы. Синонимдер – бір ұғымды әр 
қырынан сипаттайтын құрал. Демек, синонимдер жайындағы 
әңгіме  сөз  тандау  проблемасына  барып  тіреледі.  Бұл  жерде 
мына  мәселеге  көңіл  аударуға  тура  келеді.  Орыс  лингвисти-
касында синонимдерді тануда (сөз етуде) бұл қатарға идиом-
дарды және метафораларды қосып қарастыру әрекеті бар екені 
айтылады
62
,  яғни  синонимдер  катарын  идиомдар  (фразалар) 
мен мағынасын ауыстырып қолданылған сөздер де түзеді деп 
танушылық бар. Мұның көркем тіл заңдылықтарын әңгіме ету-
де қисыны жоқ емес. Тіл қолданысында лексикалық (тілдік, 
орысша айтқаңда, языковой) синонимдермен қатар, стильдік 
(қолданыстық, орысша айтқанда речевой) синонимдер болаты-
ны  даусыз.  Сондықтан  синонимдердің  көркем текстегі  тілдік 
статусымен бірге стильдік статусын да сөз ету керек болады.
62
 Гвоздев А.Н. Очерки по стилистике русского языка. - М., 1965. - С. 64.

273
Көркем тексте «синонимдер қатары» дегенмен бірге «қабат- 
тасқан  синоним»  дегендерді  немесе  синонимдік  қабат- 
тасуларды  көрсетіп,  олардың  көркемдік-стильдік  «паспор-
тын»  айқындау  да  –  көркем  сөз  стилистикасының  міндеті. 
Қазақ  көркем  прозасында  (поэзиясында  да)  синонимдерді 
қабаттастыра  (тіркестіре)  қолдану  –  әсерлі  әрі  актив  тәсіл- 
дердің  бірі  деуге  болады.  Әсіресе  кейбір  жазушылар  бұл 
амалға жиі жүгінеді. Мысалы Ғ.Мүсірепов: [Жұрт] бұл дау-
ды  жалқы  қалдырмай,  егіз-егізекті,  айыр-айқас,  тармақты 
етіп шығаруды ойлап жатқанда, Игілік істі бітіріп те қойды 
(«Оянған өлке») деп, егіз және егізек, айыр және айқас деген 
мағыналас  сөздерден  синонимдік  қабаттар  жасаған.  Осы  жа-
зушыда  кездесетін  қорынып-ығысып,  иін-иілісі,  болдырған-
бұрлыққан  сияқты  ондаған  тұлға,  біріншіден,  қабаттасқан 
синонимдердің  сәтті  үлгілерін  танытса,  екіншіден,  бұндай 
элементтердің тілдік емес, индивидуалдық, яғни авторлық қол- 
даныстар екенін көрсетеді.
Ал  Мұхтар  Әуезов  –  қабаттасқан  синонимдерді  әсерлі, 
көркем бояулы құрал ретінде жұмсауды жүйеге айналдырған 
жазушы  екені  I  бөлімдегі  талдауларда  айтылды.  Ол  1920 
жылдырдың  басында  жазылған  повестерінің  өзінде-ақ  бұл 
тәсілді  жүйеге  айналдырып,  көріктеуіш  амалы  ретінде  ұсын- 
ғанып көреміз.
«Абай» эпопеясынан шырғалап, шырмап ұстайды; басалқа, 
басу айтуқалың нөпір, қаранор сияқты кабаттастыра келтір- 
ген синонимдік сөздер табылады.
Қабаттаса  келген  синонимдердің  тілдік  (жалпы  тілде  бар) 
түрлері, әрине, өте көп. Олар, негізінен, плеонастық қабаттар 
болып келеді. Мысалы: некен-саяқ, бірен-саран, кедей-кепшік, 
дау-шар,  қат-қабат,  көптен-көпшілеп  т.т.  Әңгіме  автор- 
лық  немесе  контекстік  синонимдер  жайында  болмаққа  ке-
рек,  сондықтан  О.Бөкеевтің:  кергіп-керіліп  [отыра  алмайды], 
мінгесіп-ұшқасып  дегендерін,  Қ.Жұмаділовтің  жұлымыр, 
тесік  өкпе  пысық  еді  дегендерін  контекстік  синонимдер 
шоғыры деп тануға болады.
Қазақтың ұлттық көркем сөз нормаларының келесі саласы 
– өзге тілдерден сөз қабылдау қабілетінің икемділігінде болса, 

274
ол жөнінде мыналарды айтуға болады. Өзге тілдерден әр алу-
ан көздер (каналдар) арқылы сөз қабылдау – жалпы тілдерге 
тән қасиет. Бұл қасиет көркем сөз дүниесінде орын алатыны 
–  заңды.  Бірақ  мұнда  бөгде  тілдік  лексикалық  элементтердің 
қатысу  мотивтері  жалпы  әдеби  тіл  заңдылықтарынан  өзгеше 
келуі  мүмкін.  Мысалы,  кейіпкерлер  тілін  (олардың  сөйлесу 
үлгісін)  шынайы  көрсету  арқылы  образ  жасау  үшін,  жалпы 
әдеби тілде қабылданған өзге тілдік сөздер қолданыла алады. 
Ол сөздер ауызекі тілдік те, кітаби тілдік те болып келе береді. 
Мысалы,  Қалихан  Ысқақовтың  «Қара  орман»  романында 
қазіргі ауыл адамдарының өмірі суреттеледі. Оның кейіпкерлері 
«өз  тілдерімен»  сөйлейді,  яғни  бүгінгі  болмысымызда  тілге 
құрметімізді  жоғалтып,  қалай  болса  солай,  орысша-қазақша 
араластырып сөйлейтінді шығардық, бұл әдет тек ауыл адам-
дарында емес, қалаларда да бар. Осы шындықты көрсету үшін, 
кейіпкерлер образын нақ беру үшін «Қара ормандағылардың» 
диалогтерінде:  «Каждый  год  келіп  тұратын  кәлымщик  те...»; 
«ендеше,  осыны  Жақыптың  дружбасына  бесінші  балташы 
етіп  апормит  қыл...»;  «жарықтық,  бұ  шіркінді  іштің  не,  оп-
тират қылдың не...» сияқты болып келеді. Мұнда өзге тілдік 
сөздер  макаронизмдер  ретінде  қолданылған.  Бірақ  бұлардың 
осы қолданысы – көркем шығарма үшін нормаға қайшы емес, 
өйткені олар, жоғарыда айттық, кейіпкерлердің сөйлеу үлгісін 
беру  үшін  жұмсалған.  Ал  егер  макаронизмдерді,  яғни  бөгде 
тілдерден  сыртқы  тұлғасын  өзгертіп,  стильдік  мақсатсыз 
қолданылған сөздерді автор ешбір уәжсіз өз баяндауында (не-
месе  тіпті  кейіпкерлер  тілінде  де)  жұмсаса,  ол  –  нормадан 
ауытқушылық болар еді. Бұл орайда қазіргі қазақ көркем про-
засы үлкен ұқыптылық білдіріп келе жатқанын айту керек. Бұл 
үлгі әуел бастан, 10-20-жылдардағы көркем проза туындылары 
тілінен бері келеді. Қазақ жазушылары өз баяндауларын (автор 
сөзін) бөгде тілдік элементтерден мейлінше таза беруге тыры-
сады.
Міне,  қазақ  тілінің  ұлттық  әдеби  белгілері,  оның  қазіргі 
күй-қалпы – негізінен, осы айтылғандар. 

275
ӘДЕБИ СТАНДАРТ ЖӘНЕ НОРМАДАН 
АУЫТҚУШЫЛЫҚ 
(лексика саласында)
Сөз таңдау
Ең  алдымен,  «сөз  таңдау»  дегеннің  өзін  айқындап  алу 
қажет.  Көркем  шығарма  тілінде  жұмсалатын  сөз  екі  ұдай 
мәнге ие
63
. Сондықтан орындылық (функционалдық), яғни сөз- 
дің, тұлғаның, синтаксистік амалдың дұрыс өз орнында жұм- 
салуы  және  жарыспалылық  (сөз  тандау)  –  көркем  тіл  мәде- 
ниетінің  өзекті,  басты  проблемалары  болмақ.  Сөйтіп,  жазу-
шы сөз таңдауда екі түрлі принцип ұстайды: бірі – жалпы тіл 
дұрыстығын, әсіресе жалпыға ортақ ұлттық әдеби тіл норма-
сын сақтау. Бұл – әрине, тек көркем дүние иесі – жазушы үшін 
ғана емес, барлық стильде жазатындар үшін де міндетті шарт. 
Екінші – көркем дүние қажеттігін өтеу, яғни дәл осы жердегі 
(сол  сөйлемдегі,  сол  микротекстегі)  айтпақ  (білдірмек)  ойы-
на  сай  келетін,  бермек  әсеріне  дәл  түсетін  сөзді  іздеу.  Жазу-
шы үшін ең қажеті де, қиыны да – осы. Нормалылық та, одан 
ауытқушылық та осы жерде көзге түседі. Демек, сөз таңдаудың 
бір ұшы шеберлікке барып тіреледі.
Көркем  шығармада  сөз  таңдаудың  негізінде  бірнеше  фак-
тор жатады. Солардың бірі – көркемдік-эстетикалық мүддеден 
шығу.  Ал  көркемдік-эстетикалық  талап  сөзді  образ  үшін 
жұмсауды  қалайды,  яғни  сөз  арқылы  образ  жасау  дегенмен 
астарласады. Сондықтан «сөз таңдау» проблемасы сөздің текст 
ішіндегі «қылығын» (орысша «поведение слова») қарастыруға 
мәжбүр  етеді.  Ал  сөздің  контекстік  немесе  ситуациялық 
қылығы сөздерді мағыналық модификацияға (құбылуға) ұшы- 
ратуы  мүмкін  немесе  контекст  талабына  қарай  мағыналас 
сөздердің  бір  жерге  шоғырлануын  туғызуы  ықтимал.  Демек, 
бұлардың барлығы жазушыға сөз таңдауға ерік береді.
Сөз таңдайтын қойманың (арсеналдың) өзі де әртүрлі бола-
ды. Олар: синонимдер қатары, жарыспалы қатарлар (вариант-
тар, дублеттер т.б.), қарама-қарсы келетін әр алуан оппозиттер, 
яғни  бір-біріне  қарама-қарсы  келетіндер:  әдеби  тіл  –  сөйлеу 
63 
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. - М., 1963. - С. 125.

276
тілі, әдеби сөз – диалектизм, төлтума сөз – кірме сөз, бейтарап 
мағыналы – экспрессивті сөз т.т.
Көркем әдебиеттегі сөздерге әр алуан стильдік жүк артыла-
ды. Ондай жүкті көтере алатындар – тандалған сөздер болмақ. 
Мысалы, Ғ. Мүсірепов «Оянған өлкеде» Игілік бидің аузына 
ырбай-тырбай  деген  ауызекі  тілдік  қарапайым  сөзді  әдейі 
салады:..  «Бұл  елің  бір  күн  олай,  бір  күн  бұлай  ырбай-тыр-
байы бола береді». Бұл контексте жазушыға осы сөзді тандау 
ұтымды,  өйткені  әңгіме  –  жай  тұрақсыздық  емес,  берекесіз, 
ұсақ мақсат көздейтін тұрақсыздық жайында, ал соңғы реңкті 
ырбай-тырбай сөзі дәл береді. Бұл мысал сөз тандаудың тек 
мағына (айтпақ идея, ой, сурет) үшін ғана емес, сол мағынаны 
айқындау  үшін,  үстемелеп,  күшейте  түсу  үшін  де  жиі  орын-
далатын акт екенін танытады. Мұндайда әсіресе синонимдер 
қатарын түзу көзге түседі. Айталық, ең шағын микротексте бір 
тұлғаны (сөзді) қайталамауға тырысу – жалпы норма. Әсіресе 
бұл жазба әдебиеттің барлық жанрында, поэзия тілінде, сондай-
ақ  ауызша  сөйлейтін  шешендер  сөздерінде  (топ  алдында  ай-
тылатын  сөздерде)  кең  орын  алады.  Бір  ұғымды  құбылтып, 
әртүрлі  сөзбен  ұсыну  әрі  көркемдік-әсерлілік  мақсатты 
көздейді. Мысалы, Ғ.Мүсірепов бай есігінде жүрген жас жігіт 
–  Жабайдың  өмір  бойы  зеку  мен  ақырудан  жасқанып  өскен 
әкесін суреттегенде, оның мақсат-талабы, таным-білімі барын-
ша тар екенін білдіру үшін «қуанышы – ботаның айналасын-
да, қайғысы – інгеннің маңайында» деген сөйлемді ұсынады. 
Мұнда автордың екі жерде айналасында немесе екеуінде де (я 
болмаса тіпті бір-ақ жерде) маңайында деп жазуына болар еді 
(қуанышы – ботаның, қайғысы – інгеннің айналасында деп), 
бірақ,  біріншіден,  ойды  екі  құрамды  (екі  жеке  сөйлем)  етіп 
береді. Бұл тәсіл айналасында, маңайында деген синонимдерді 
параллель конструкцияда орналастыру арқылы сол айтылмақ 
ойға  оқырман  назарын  аударып,  тынымсыз  біркелкі  еңбек-
бейнетпен  әрі  ұрсу-зекуден  көз  ашпай  мәңгүрт  боп  қалған 
жалшының образын айқынырақ көрсете түседі.
Сөз  таңдау  –  әрдайым  әр  алуан  варианттар  қатарынан 
біреуін іріктеп алу актісі ғана емес, сонымен қатар бір реңдес 
(модальдық  реңкі  біркелкі)  сөздерді  шоғырлап  қолдану  бо-
лып та келеді. Көркемдік әсерлілік мүддесін көздеуде сөздерді 

277
іріктеу (даралау) және шоғырлау (жинақтау) әрекеттері қатар 
жүреді.  Соңғы  әрекет  текст  лексикасын  түзу  немесе  текст 
түзімі  (орысша  «текстообразование  на  лексическом  уровне») 
деген мәселені алға қояды.
Текст түзімі тақырып пен сол тақырыпқа қатысатын тілдік 
элементтерді  таңдау,  яғни  тақырыптық  топтар  (тематические 
группы) құруды да талап етеді. Тақырыптық топтар құрайтын 
әрбір сөздің стильдік бояуы (жүгі, колориті) болады. Бұл тәсіл, 
әсіресе  поэзияда  жақсы  қолданылады.  Бұған  Абайдың  «Бо-
лыс  болдым,  мінеки»  деген  өлеңінде  жағымсыз  бояуы  бар 
суреттеуіш етістіктердің шоғырлануын (тырқылдап, жырқыл- 
дап, салпылдап, далпылдап т.б.) мысал етуге болады.
Реңктес сөздер, яғни ғылыми термин бойынша, «бір бояулы 
лексика» (колоритообразующая лексика) деп аталатын сөздер 
тобы көркем прозада да орын алады.
Қазіргі  қазақ  прозасында  колорит  түзуші  (бір  бояулы) 
лексика  шоғырын  пайдалануда  жаңсақтықтан  гөрі  сәттілік, 
іздемпаздық сипат көзге түседі. Текст түзуші сөздер шоғыры 
жоғарыдағы  мысалдағыдай  тек  бір  сөйлем  шеңберіңде  ғана 
емес,  көбінесе  бір  абзацтан  бастап,  шағын  шығарма  тексінің 
өн бойына да жайылады. Мысалы, Сейдахмет Бердіқұловтың 
«Аспаннан  шұға  жауған  күн»  атты  повесінде  спортшылар  
жайында  сөз  болады.  Қазақ  спортшысының  ой-арманын, 
ұмтылыс-әрекетін  суреттеу  үшін  жазушы  бұл  шығарманың 
тексін  түзуде  спорттың  ұлттық  түрлеріне  қатысты  сөздерді 
әдейі  таңдап  алады.  Повестің  өн  бойында  бүкіл  образды  су-
реттер  де,  теңеу-салыстырулар  да,  эпитет-метафоралар  да, 
тіпті әрекет-қимыл атаулары да қазақтың ұлттық ойындарына 
қатысты  болып  келгендігін  осы  кітаптың  I  бөлімінде  талдап 
көрсеттік.
Сөз тандауда әр алуан стилизация, яғни белгілі стиль тезіне 
салу құбылысы үлкен орын алады. Мысалы, тарихи стилиза-
ция үшін историзмдерді, архаизмдерді тауып, таңдап алу не-
месе  бүгінде  жоқ,  бұрын  болған  зат,  құбылыс,  ұғымдардың 
атаулары сақталмаған болса, оларды жаңадан жасау әрекеттері 
байқалады.  Жазушы  Мұхтар  Мағауин  «Аласапыран»  рома-
нында бұлғақ, оғлан, түменбегі, мыңбегі, алашбегі, ұлысбегі, 
баһадүр,  тентек,  аламан,  жасауыл,  есікағасы,  қалға  сайлау, 

278
дат сұрау, сандал тақ, ертауыл, анда, бақауыл, құма, лек, от-
аман, маңдай сүбе, ажырғы, жандар (телохранитель), жәсір 
(тұтқын), байтақ (астана), қоллық, тізелік, бұтырлық, көтерме 
(арбаның  түрі),  түзем  (строй),  қазақ  шығу  сияқты  сандаған 
көне  сөзді  тандап  тауып,  орынды  жұмсаған.  Сонымен  бірге 
осылардың қатарында жазушының өзі жасаған дастарханшы, 
некелі қосақ (хатун), сабадар (бас қымызшы), көріс (аудиенция), 
жұбапхана (ответная палата), елшілік дуаны (посольский при-
каз), саясаткер (политик) сияқты сөздер де, андыз әскер, сипаһ 
тәрізді  архаизмдер  де  –  тарихи  стилизация  үдесінен  шыққан 
сөздер. Стилизацияның енді бір түрі – жанрлық ерекшеліктерге 
байланысты, яғни шығарманың ертегі түрінде немесе ауызекі 
сөйлеу  түрінде  т.т.  ұсынылуына  қарай,  тіпті  дәлірек  айтсақ, 
автордың  өзінің  суреттеп  отырған  оқиғасына,  кейіпкерлеріне 
көзқарасын,  яғни  мысқылдап-әжуалап  отырғанын  немесе 
аяушылық,  жылылық,  сыйластық  білдіріп  отырғанын  таны-
татын  сөздер  мен  тұлғалар  таңдалынып,  әдейі  қолданылады. 
Екінші  сөзбен  айтқанда,  көркем  шығармада  оқырманға  әсер 
ету мақсатымен жасалатын стильдік үн (тон) болатыны мәлім.
Айталық,  оқиға  немесе  кейіпкерлер  қылығы,  олардың  іс-
әрекеті  салтанатты,  ресми,  мысқыл-әжуалы  т.т.  сипатта  ба-
яндалады.  Мысалы,  жазушы  Марат  Қабанбаевтың  «Бақбақ 
басы толған күн» әнгімесінде кеңінен қолданылған қарапайым 
сөздер мен оқыс тіркестер – бүкіл шығарма бойынша тандап 
алынған  элементтер,  олар  –  текст  түзіміне  бағынып  тұрған 
сөздер. Мұнда әңгіме де, оның баяндалуы да Заманбек баланың 
ойымен-бойымен  беріледі  және  ол  –  өзінше  ептеп  «жымиып 
алары» (юморы) бар бала, сондықтан мұнда шөмелені ыстық 
күн  астында  тоңқаңдап  салады,  дәрігер  әйел  босқа  сарнай-
ды, қорадағы әтеш жай емес, қотиын, класта қыздар өріп жүр 
(«көп» деген мағынада), ендеше, дереу біреуін жақсы көру ке-
рек деген бала сөздерін оқимыз.
Сөз  таңдау,  әсіресе  сипаттама  (анықтауыш,  пысықтауыш) 
мен  теңеуге  келгенде  күшті  байқалады.  Жай  анықтауыш  пен 
пысықтауыш болып келетін сөздерді таңдау тек поэзияда емес, 
көркем  прозада  да  үлкен  шеберлікті  қалайды.  Бір  нәрсені, 
құбылысты,  іс-қимылды  дәл  және  әсерлі  сипаттайтын  сөзді 

279
тап  басып  қолдану  –  жазушы  үшін  басты  міндет  және  қиын 
іс.  Ол  үшін  қалам  иесі  ізденеді.  Мысалы,  Мұхтар  Әуезов  ел 
ішін  бүлдіретін,  пайдасынан  зияны  көп  кейбір  әрекеттердің 
өте  жағымсыз  екенін  әсерлі  түрде  беру  үшін  қаукөрік,  ұр-
көппе  деген  анықтауыштарды  тауып  қолданғанын  жоғарыда 
айттық:  «Бұрын  Ырғызбай  ішін  кернеп  жүретін  қаукөрік 
сөздер,  ұр-көппе  желіктер  де  саябыр».  Қаукөрік  дегеннің  ор-
нына  жазушыға  даурықпа,  бірді  бірге  соғатын  берекесіз  көп 
деген  сияқты  мағыналас  эквиваленттерін  де  алуға  болар  еді, 
бірақ  дәл  осы  сөйлемде  жазушының  білдірмек  ойына  және 
автордың өзінің сол сөз дегенді қалай сипаттамақ (танытпақ) 
көзқарасына қаукөрік деген образды тіркес дәл келіп тұр, бұл 
сөз білдірілмек сынды (сипатты) суреттеу жолымен атап тұр, 
сондықтан  тек атрибуттық (анықтауыштық) емес,  соған  қоса 
образдық реңк алып тұр, ал образ – оқушыға эмоциялық әсер 
ететін  экспрессивтік  құрал.  Екінші  анықтауыш  та  (ұр-көппе) 
дәл осы іспеттес.
Теңеулерді  таңдап  қолдану  –  қазақтың  ұлттық  көркем 
сөзінің  ерекше  сипаты.  Теңеу  де  –  образ.  Сондықтан  образ 
жасайтын салыстырулар (теңеулер) әрі шынайы, әрі әсерлі бо-
луы керек. Бұл жағынан, қазақ көркем прозасы небір ұтымды 
үлгілерді  көрсете  алады.  Теңеулер  күнделікті  тұрмыс-салтқа, 
тіршілікке байланысты түсінік-танымдардан да алынады, оқыс 
(кәнігі  емес)  ассоциациядан  да  туады,  көне  образдардан  да 
көшіріледі.  Мысалы,  жазушы  Қалихан  Ысқақов  бір  теңеуін 
күнделікті шаруа көрінісінен алады: «Қажымұрат бірер айдай 
теперіш көрмегенге аз уақыт қамыттан босаған шаруаның то-
рысындай шау тартып қалған ба, екі иығын балта жеп тастап-
ты» («Тұйық»). Екінші бір теңеуін табиғатты тану ассоциаци-
ясынан алады: «Кіре жолдан шана табанының ызыңы естіледі. 
Желді  күнгі  боздаған  жекен  қияқтың  миындай  осы  бір  мың 
сан үннен басы айналып, құлағы шулағандай болды» (сонда). 
Мұндай мысалдарды кез келген автордан молынан көрсетуге 
болады. Теңеу арқылы суреттеу – қазақ көркем сөзінің ұлттық 
белгісі. Сондықтан мұнда сәтті, табысты орындар қандай көп 
болса, нормадан ауытқитын сәтсіз көріністері де аз емес.

280

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет