СУШАЙЛЫ с ы н. Су шайып, құнарын
алып кеткен. С у ш ə й л і құнарсыз жерге
жылда дəн себе бергендей... (Ə.Байбол,
Теміржол., 20).
СУШЫЛҚАРА... Өзен жағалауына жіті
көз салсаң, əлдебір құстың ұшып-қонғанына
көзің түседі. Бұл қай құс? Байқасақ, с у
ш ы л қ а р а немесе «суторғайы» екен
(Қ.Аймағамбетова.., Табиғаттану., 31).
СУЫҚ: Суық жүріске салынды [түсті].
Əркіммен бір жүрді, нəпсіқұмарлыққа са-
лынды. Өрт қою, ұрлық істеу, с у ы қ ж ү
р і с к е с а л ы н у, өте ұятты қылықтарға
бару т.б. – міне, бұлар қазақ ұғымында
бетке салық, сүйекке таңба боларлық
күнə есептелетіндігін егжей-тегжейлі
ұғындырады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік., 2, 19).
Суық жүрісті. Мезгілсіз уақытта
ұрлана жүретін, жарына адал емес (кісі).
С у ы қ ж ү р і с т і əйелдер мен баласын та-
стай қашатын əйелдерді де халық ұнатпаған
(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 95 - 105).
Суық сорды. Суық өтіп, боп-боз болды.
Ажардың əлпеті с у ы қ с о р ы п, қаязданып,
боп-боз тартып кеткен (Б.Шаханұлы, Таңд.,
1, 436).
СУЫҚБАС з а т. Ешкімге жаны ашы-
майтын, мейір-шапағаты жоқ. Ашушаң,
с у ы қ б а с, дөрекі мінез, тоңмойын, ұрысқақ
адам – жан дүниелері ақаулы, кінаратты
адам (А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1,
93). «Балаға, сірə, с у ы қ б а с шығармын»
деп күдіктенуші еді (Б.Нұржекеев, Жау
жағадан., 272).
СУЫҚБАУЫРЛАУ с ы н. Мейір-
шапағаты аздау, салқындау. Володя
өз шешесіне əлі с у ы қ б а у ы р л а у
(Р.Əутəліпов, Алтын жемісті., 26).
СУЫҚТА е т. а у ы с. Іргесін аулақ салу,
алыстап кету, алшақтау. – Рақмет, Хакім
ата, ұмытпаспын. Аңғал, бұла мінімді
дұрыс таптың. Алтын болса барлығы бо-
лады, - деп, Алтынға ауып ақылға с у ы қ т
а п п ы н (А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 44).
СУЫН
1
з а т. ж е р г. Бұлан. Жалпақ
аша тұяқтарының арасында шанаш тəрізді
жарғағы бар бұлан (с у ы н) басқа хайуан-
дар аттап баса алмайтын батпақтан мүдір-
мей өте береді (Ертіс өңірі, 37). Əрине, Ал-
тайда бұған ертерек, өйткені мұнда бұлан
(с у ы н) əлі аз (Бұл да).
СУЫН
2
з а т. Суын – бидайдың бірнеше
бауының үйіндісі, яғни бір суын 50-60 бау
болады (Қазақ тілі., 165).
518
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
СУЫНДА е т. Орылып, бауланған
қамысты бір жерге жинау, үю. Орылған
қамысты жинап, бауланғандарын с у ы н д а
й д ы (М.Қаназов, Ақ тайлағ., 117). – Арын,
кел тез! – дейді. Маған қажеті де сол. С у ы
н д а п қойған қамыс қуысына тығыламыз
(Жалын, 1974, №5, 56).
СУЫНДАЛ Суында етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Шоқ-шоқ қамыс
с у ы н д а л ғ а н алаңқайға да келіп жеттік
(М.Қаназов, Ақ талағ., 116).
СУЫНДАУ Суында етістігінің қимыл
атауы.
СУЫР е т. а у ы с. Қатты ауыру, шан-
шу. Əлі де көзімнің түбі с у ы р ы п ауырады,
құлағым шуылдайды (Ж.Өмірбеков, Қызыл
су, 142).
СУЫР : Суыр құлақшын. Суыр
терісінен тігілген құлақшын. Ситан с у ы р
қ ұ л а қ ш ы н д ы маңдайына милықтата
киіп, үсік алатындай құлағын тас қылып
байлап тастады (Қ.Ысқақ, Ақсу., 422).
СУЫРТПАҚША ү с т. Суыртпақ
сияқты, суыртпақ тəрізді. Шашағынан
ұстаған қазақ с у ы р т п а қ ш а тарқатып
алуы оп-оңай (З.Шашкин, Доктор Дарха-
нов, 290).
СУЫРША ү с т. Суыр тəрізді, суыр
сияқты. Өзінің түрі мынау: жаман торының
арқасында с у ы р ш а сопайып отырған
(С.Елубай, Ақ боз., 8).
СУЫРЫЛ е т. Ешкімге кезек бермей,
тоқтамай сөйлеу, шешенсу. – Түсіңде
өрсең, құдайдың бұйырғаны шығар,
- деп Алшағыр с у ы р ы л ы п барады
(Ғ.Мүсірепов, Оян. өлке, 1, 151).
СУЫРЫЛМА е т. Сыпылдап көп
сөйлеме д.м. Болды-ей, с у ы р ы л м а й! –
Атам Қасымға өзімсіне зекігендей сөйледі
(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 411).
С У Ы ТА Я Қ с ы н . Б і р ж е р д е
тұрақтап тұрмайтын, байыз таппай-
тын, көп жүретін (адам). – Мəке, осын-
дай көзқарақтылықпен, осындай өнермен
қалайша с у ы т а я қ болдыңыз? – деп
сұрады (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз., 116).
СУЫТАЯҚТЫ с ы н. Көп жүретін,
қыдырымпаз. – С у ы т а я қ т ы адам
əртүрлі болады. Менікі серілік (Мəдениет
жəне тұрмыс, 1972, №7, 18).
С У Ы ТА Я Қ Т Ы Қ з а т. Б а й ы з
таппаушылық, көп жүретіндік. – Мені
көзқарақты еткен – с у ы т а я қ т ы қ,
өнерлі еткен – сары сыбызғы, - деді
(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 116).
СУЫТПАЛА е т. Жиі-жиі суыту.
Шайыңды с у ы т п а л а п, қанжылым күйінде
бер, қаталап жатқан адам көмейлетіп жұтып
мейірі қана сімірсе тер шығады (Ж.Ахмади,
Айтұмар, 255).
СУЫТПАЛАУ Суытпала етістінің
қимыл атауы.
СУІШЕРЛІК қ. Суішкілік. Құдай
қаққанда, с у і ш е р л і г і м болып,
ердің басына келіп ұрылыпты əлгі тірі
оқ (С.Үсенұлы, Елік., 55). С у і ш е р л і
г і ң бар екен, енді ұзақ жасайсың, - деді
отырғандардың бəрі көңілденіп (Халифа
Алтай, Алтайдан., 39).
СУІШКІЛІК з а т. Өмір, ғұмыр д.м. Егер
с у і ш к і л і г і м таусылмай, қатарларыңда
қалқайып отырсам, үшеуміздің бөліп-жара
алмайтындай неміз бар (К.Ахметбеков,
Қасірет, 1, 262). Кім біледі, с у і ш к і л і
г і мол шығар, сан рет ажалмен бетпе-бет
қақтығысқанда Сиғатқа бір оқ дарыған
емес (Қ.Ысқақ, Ақсу., 414).
СҰБҚАН//СҰБЫҚАН: Сұбқаным//
сұбықаным сүймейді. Жаным жек
көреді, ұнатпаймын д.м. Ол əншейінде
Жамағаттың сыртынан «өзін с ұ б ы қ а н
ы м с ү й м е й д і» деуші еді (Ғ.Сланов,
Асау арна, 72).
СҰҒАНАҚТА е т. Сұғанақтық жасау,
сұғанақтық көрсету.
СҰЙҚЫЛ... Намыстың уы тұла бойға
тарағанда, кəрі дененің с ұ й қ ы л қаны
ірімтіктеліп, яғни ұйып, қолы салбырай
бастады (Т.Əлімқұлов, Кертолғау, 22).
СҰЙҚЫЛТЫМДАУ с ы н. Сұйығырақ,
сұйықтау. Ең сүйікті немересі табақ толмас
шашпа палау жасап əкелді де, артынан с ұ
й қ ы л т ы м д а у дəмдеген көк шəймен
суарып шықты (Ө.Сəрсенбай, Шығ., 4, 28).
СҰЙЫҚМАЙ з а т. Өсімдік майы,
сумай. Сапалы өнім берсе, келесі жылы
көп егем, с ұ й ы қ м а й, малдың жемін
шығаратын зауыт қоям дейді (Р.Отарбаев,
Біздің ауыл., 208).
СҰЙЫҚСАБЫН з а т. Сабынның
сұйық түрі. Арнайы сабындарға емдік
сабын, с ұ й ы қ с а б ы н, ұнтақ сабындар
жатады (Шаңырақ, 253).
СҰҚАҢДАТ е т. ж е р г. Шошаң-шошаң
еткізу, сумаңдату. Найзасын с ұ қ а ң д а т
ы п жау да жетті (Ə.Кекілбаев, Үркер, 205).
519
Байынқол Қалиев
СҰҚАҢДАТУ Сұқаңдат етістігінің
қимыл атауы. Не де болса, жонарқаңа
орыстың көк семсерін с ұ қ а ң д а т п а
у ғ а тырысу мақсат тұғын (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 151).
СҰҚБАТТАСУШЫ з а т. Сұқбаттасқан
адам, əңгімелесуші. Ұтымды сұрақтар
қойып, с ұ қ б а т т а с у ш ы жанды келелі,
қызықты ойларға жетелеп отыру – журна-
листке қойылар талап-шарттың бастысы
(Ұлан, 16. 06. 1991, 2).
СҰҚҚЫ з а т. ж а ң а. м е д. Укол. Емге
бірден қандауызды (скальпель), с ұ қ қ ы н ы
(укол), кездікті (операционный нож) ала
жүгірмей, алдымен жан жарасын жазатын
туған тіліңнің құдіретін пайдаланыңдар
(Ə.Ыдырысов, Таңшолпан, 99).
СҰҚҚЫЛАН Сұққыла етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Су сорған бе-
луардан төменгі жарты дене, ондағы
тілгіленген, с ұ қ қ ы л а н ғ а н пəре-пəре
жарақат – бəрі де күн көзіне тобарсыған
(Ж.Орманбетов, Тұзақталған., 55).
СҰҚҚЫЛАНУ Сұққылан етістігінің
қимыл атауы.
СҰҚЫТ з а т. с ө й л. Ұсқын, келбет,
сұрық. Бірақ оның сардарға – бітісі, саясат-
керге – с ұ қ ы т ы ұқсамайтын (М.Мағауин,
Аласапыран, 2, 24).
СҰЛАМА з а т. ж е р г. Жүзімнің ашы-
ған шырыны. Бұхарда бар бұлама, Таш-
кентте бар с ұ л а м а. Ел жаманы шыға ма?
Шығадан жақсы туа ма? (Алдаспан, 188).
СҰЛБАЛА е т. Сұлбасын жасау, но-
байын келтіру. Ол станок – универсал:
бұйымды жартылай с ұ л б а л а п жəне
ақырына дейін өңдейді, қырнап, жылтырата
алады (Лен. жас, 18. 01. 1974, 4).
СҰЛБАЛАУ Сұлбала етістігінің
қимыл атауы.
СҰЛТАН... 2. а у ы с. Мықтысы,
асылы, төресі. Бір кезде жазу машин-
касы ақпараттық техниканың с ұ л т а
н ы болғаны белгілі (Б.Омарұлы, 11-ші
қаламұш, 151).
СҰЛТАНЗАДА з а т. к ө н е. Сұлтан
тұқымы д.м. Жастайынан үлкендер-
дің ауызын бағып өскен с ұ л т а н з а д а
топ жұлдызға қияндағы ауылын көрген-
дей қадала қалыпты (Ə.Кекілбаев, Елең-
алаң, 11).
СҰЛУСАРЫ з а т. а с т р. Үркер
шоқжұлдызының шеткерірек тұрған
біреуі; əсем жарық жұлдыз. Сарғыштығына
қарап С ұ л у л с а р ы н ы басқаларына
қарағанда салқындау жұлдыз деп жобалауға
болады (Х.Əбішев, Аспан сыры, 32).
Үркерден бір жарым сағаттан кейін туатын
бір əдемі, сарғыш жұлдыз бар. Оның аты
– С ұ л у с а р ы (С.Сəрсенова, Астроном.
терм., 77). Жапырақ салып, қуарған-ды
аңқып, Таң алды. Салқын бақ іші. Туды
əні, көкшіл мұнардан балқып Үркердің С
ұ л у с а р ы с ы (Лен. жас., 03. 01. 1988, 3).
СҰЛЫ... 2. Сұлы дақылының дəні.
Шаналарда тиеулі қап-қап бидай, с ұ л ы,
арпа, ұн, жəшік-жəшік май (С.Сейфуллин,
Тар жол тайғ., 357). Аттары түнімен бала-
уса жоңышқаға бөгіп тұрды да, ертемен
суарылып, бір-бір табақ с ұ л ы д а н соғып
алған-ды (Ғ.Сланов, Асау арна, 18). Белді
қынай буғанмен, Арғымақтан туғанмен,
С ұ л ы ғ а тойған қазан ат, Маған қайтып
жетерсің (Айтыс, 1, 201).
СҰЛЫКЕШ з а т. з о о л. Солтүстік
жəне Шығыс Қазақстанның бұталы,
шабындықты жерлерінде мекендейтін,
бауыры ашық сары түсті, орташа денелі
торғай. С ұ л ы к е ш т і ң əні – көптеген
басқа сары торғайларға қарағанда сазды
жəне өзгеше (Қазақст жануар., 31).
СҰМДЫҚ... 2. а у ы с. э к п с р. Керемет,
тамаша, өте жақсы. Ал енді өлеңдері с ұ
м д ы қ. Бірінен-бірі өтеді (Б.Омарұлы,
11-ші қаламұш, 144). «Тəңірім-ау, мына
қызың с ұ м д ы қ сұлу ғой», - деді ішінен
(Т.Əбдіков, Өліара, 111). 3. а у ы с. Қатты,
өте, тым. Отынды таңертең түсіруге бел
будық. Өйткені біз с ұ м д ы қ шаршаған едік
(Д.Амантай, Əңгім., 74). - Əзірдің өзінде
қарным с ұ м д ы қ ашып тұр (С.Үсенұлы,
Елік., 13).
СҰМПАЙЫЛАН е т. Қу, сұм, сұмпайы
болу; қулану. – Маған мынау қажет емес.
Күн өткен сайын с ұ м п а й ы л а н ы п
барады (Қаз. əдеб., 11. 01. 1991, 8).
СҰМПАЙЫЛАНУ Сұмпайыл ан
етістігінің қимыл атауы.
СҰМПЕЙІЛ с ы н. Пейілі жаман,
сұмырай, қу (адам). Мысалы ақпейіл деген
дайын үлгі бойынша кішіпейіл, кеңпейіл,
с ұ м п е й і л, арампейіл, қарапейіл деген
тəрізді формалар жасалады (А.Ысқақов,
Қазіргі қаз. тілі, 126).
СҰМЫРАЙТ е т. с ө й л. Сұрқын кетіру;
ұсқынын алу. Сұм заманға кездестіріп с ұ
520
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
м ы р а й т ы п қойғаны мынау: əдеп деген
жоқ, иба деген жоқ (Б.Майлин, Майдан,
62). Ақ ару ақ жүзіңді əжім басты, Көзіңде
қанды жасың араласты. Сұм заман с ұ м ы р
а й т ы п көрікті алып, Қойдың ғой мүгедек
қап қайран жасты (Бұл да, 67).
СҰМЫРАЙТУ Сұмырайт етістігінің
қимыл атауы.
CҰҢҒАҒЫРАҚ с ы н. Бойшаңдау,
ұзындау, биігірек. Шегендей болмағанмен,
өзге балалардан гөрі өркештірек, с ұ ң
ғ а ғ ы р а қ п ы н (Ғ.Мүсірепов, Қаз. сол-
даты, 49).
СҰҢҒАҚ з а т. к ө н е. Аққудың мойыны.
Мойыным с ұ ң ғ а ғ ы н д а й жүзген қудың
(Біржан мен Сара айтысы, 121).
СҰҢҒЫЛА... Мəдени өсімдіктердің
арасында өмір сүретін арамсояу мен с ұ ң
ғ ы л а түйнек сияқты органдары арқылы
көбейетін өсімдіктердің қатарына жатады
(Жасыл əлем., 148).
СҰҢҚАДАМ с ы н. ж е р г. Қу, сұм,
сұмырай. Əнеукүні тұз алуға келсем, сол
мегежіндей мамырлаған с ұ ң қ а д а м д ы
қақ төрдің алдына жалпайтып отырғызып
қойыпты (С.Сматаев, Алғашқы асу, 67).
– Ойбай, с ұ ң қ а д а м! Өл де маған
(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 248).
СҰҢҚИ е т. э к с п р. Сораю, сырию,
тыртию. – Не, тағы да тəубасына түсіріп
келдің бе? – деді с ұ ң қ и ғ а н шата
қатыны алдынан көлбең етіп шыға келіп
(Ж.Қорғасбек, Жынды., 80).
С Ұ Ң Қ Ы Л : С ұ ң қ ы л қ а қ т ы .
Сұңқылдады, зорлады. Ел келіп жатыр
мұнда шар тараптан, Күйші бар, жыршы
да бар, с ұ ң қ ы л қ а қ қ а н. Бəрінен озат
тұрсың өзің аға, Əніңді бізге əкеліп жел
таратқан (Ə.Тəжібаев: Қаз. əдеб., 09. 06.
1972, 2).
СҰПЫЛЫҚ з а т. с ө й л. Сопылық
(Ертедегі əдеб. нұсқа., 174).
СҰР: Сұр жылан. Кəдімгі сұр түсті
жылан. С ұ р ж ы л а н бұта шөп арасында,
тастың астында, қамыс, қурай арасында
жүреді (Қаз. этнография., 2, 509).
Сұр қарлығаш. Қарлығаш тəрізді сұр
түсті құс. Ол қарлығашқа өте ұқсас құс.
Оны кейбір жердегі адамдар с ұ р қ а р л ы
ғ а ш дейді (Қ.Омарұлы, Əке, 396).
Сұр үйрек. Үйректің сұр түсті бір
түрі. Бұлардан басқа қызғыш, тауқұдірет,
кіші шүрілдек, бізқұйрық жəне с ұ р
ү й р е к пен шүрегей үйректер ұя салады
(Қорғалжын, 74).
СҰРАҒЫШ с ы н. Сұрай беретін,
сұраншақ.
СҰРАҒЫШТА е т. Білгісі келіп, қайта-
қайта сұрау. Кенет жадына көптен ұмытып
жүрген əлде не түскендей біртін-біртін
суыртпақтап с ұ р а ғ ы ш т а й бастады
(Лен. жас, 26. 04. 1973, 1).
С Ұ РА Ғ Ы Ш Т АУ С ұ р а ғ ы ш т а
етістігінің қимыл атауы.
С Ұ РА Ғ Ы Ш Т Ы Қ з а т. С ұ р а й
беретіндік, сұраншақтық. – Сұрай бер-
генше айта берсеңші, - деді Байжан, өзінің
біліксіздігін, ананың с ұ р а н ш а қ т ы
ғ ы н шам көргендей болып (Х.Рахимов,
Бетпе-бет, 176).
СҰРАҚ-ЖАУАП з а т. Отырып ойнай-
тын ойындардың бір түрі. Ойын жүргізуші
отырғандарға «тұмсық», «бақай», «сирақ»
дегендер сияқты күлкілі аттар қойып,
оған «кімді көрдің?», «сүйгенің кім?»
деген сияқты сұрақтар қояды. Ол өз
атын қайталай беруге тиіс. Күлсе немесе
жаңылса, айып төлейді (бір затын береді)
(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 84).
СҰРАҚШЫ з а т. Қылмысты адам-
ды сұраққ алушы; тергеуші. Бірақ қабан
шошқадай гүжірейген с ұ р а қ ш ы
əп дегенде-ақ мұның көңілін су сепкен-
дей басты (Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2,
244). – Ей! - деп с ұ р а қ ш ы үстелді қойып
кеп қалды. Сол-ақ екен, жанындағы екі
шерік жетіп келіп, қалт тұра қалды (Бұл
да, 245).
СҰРАҚШЫЛ с ы н. Сұрақ қойғыш,
көп сұрақ қоятын. Оның есесіне Зарина
қыз ашық-жарқын, əсершіл əрі с ұ р а қ ш
ы л болып шықты (Ə.Асқаров, Таңд., 131).
СҰРАМСАҚТАН е т. Жиі сұрау;
сұрану, тілену (Е.Ахметов, Талшыбық, 50).
СҰРАМСАҚТАНУ Сұрамсақтан
етістігінің қимыл атауы.
СҰРАНЫС... Себебі, аудан көлемінде
шопан кадрларына деген өлшеусіз с ұ р а н
ы с т ы басқа жолмен шешу мүлде мүмкін
емес-ті (Лен. жас, 23. 04. 1974, 3).
СҰРАНЫСХАТ з а т. р е с м и. Мекеме-
ден керекті ақпаратты немесе белгілі бір
құжатты сұрау мақсатында жазылған
хат. С ұ р а н ы с х а т қ а мекеменің жа-
уапты адамы қол қояды (Л.Дүйсембекова,
Іс қағаз., 134).
521
Байынқол Қалиев
СҰРҒАЙ е т. ж е р г. Сұрлану, сұрқай-
лану. Аспан барған сайын с ұ р ғ а й ы п,
жер беті бұрынғысынан да ағара түсті
(Ə.Кекілбаев, Бір шөкім., 25). Жаңа
ғана жүрегін запыран боп қысқан ащы
ойларынан адасып, көкірегі кеуіп, қос
шекесі шымырлап, жүйкесінің бəрі бо-
сап, саусақтарының ұшы дірілдеп, өңі
қашып, с ұ р ғ а й ы п кетті (Ə.Кекілбаев,
Дала., 52).
СҰРЫП: Сұрпы ет. Сүйексіз ет,
сүйегінен арылтқан ет. ≈ С ұ р п ы е т і н
е н ғана аздап аламын.
СҰРТЫШҚАН... Негізгі зиянкестер
– саршұнақ, құмтышқаны, соқыртышқан,
с ұ р т ы ш қ а н, қарақас, қаптесер, қоса-
яқ, тағы басқалар (Жетісу, 30. 06. 1973, 4).
СҰРЫП... Фикустың будандастыру,
телу жұмыстары арқылы өмірге келген 2
мыңға жуық с ұ р ы п бар (Гүлстан, 2009,
№12, 44).
СҰРЫПТАУШЫ з а т. Бір нəрсені
сұрыптайтын, сорттайтын адам.
Қабылдаушының артында с ұ р ы п т
а у ш ы деген қызыл көз тағы тұрады
(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 317). Демек, олар
тəуелсіз с ұ р ы п т а у ш ы л а р д ы ң
қызметін атқарады (Бұл да).
СҰС: Сұсын төкті. с ө й л. Сұстанды,
сұс көрсетті. Қаруларын да беріңдер! –
деп Бұлыш с ұ с ы н т ө к т і (С.Елубай,
Ақ боз., 95).
СҰССЫЗ с ы н. Қаһарсыз, айбатсыз.
Жайдақ жанда сұс болмас, с ұ с с ы з д ы ң
тұзы жеңіл, татымы солғын, беделі кемшін
(К.Сегізбаев, Беласқан, 227).
СҰССЫЗДЫҚ з а т. Сұсы жоқтық,
айбатсыздық, қаһарсыздық.
СҰХБАТТАСУШЫ з а т. Сұхбатқа
қатысқан адам; əңгімелесуші.
СҰХБАТШЫ з а т. Сұхбат беруші,
əңгімелесуші. С ұ х б а т ш ы н ы ң жақсы
еді сезбегені, Телетілші тілесін өзге нені?
Алқынады деректір: - Мынау пəлең қақ
жүректен тигендей көздегені (.Омарұлы,
11-ші қаламұш, 152).
СҮГЕН__1__...'>СҮГЕН
1
... – Есеп бар ма! Мен
бүгін с ү г е н ұстадым. Аудың жалғыз
көзіне сағалынан ғана ілініп тұр екен
(Ə.Нұрпейісов, Ымырт, 26). Бұдан жиырма
жыл бұрын мұнан негізінен таутан, алабұға,
мөңке ғана түсуші еді. Бұл балықтар өзінше
дəмді, нəрлі, əйтсе де оларды сазанмен,
қара мөңкемен, с ү г е н м е н салыстыруға
болмайды (Ертіс өңірі, 96).
СҮГЕН
2
з а т. з о о л. Ағаштың
қабығының астына кіріп алып, сүрегін
жейтін ақ түсті қоңыз (Қ.Қайымов,
Қызықты зоол., 51). Тоқылдақ əсіресе
орманның ең қас жауы – қабық қоңыздар
мен с ү г е н сияқты зиянкестерін құртып
отырады (Жетісу, 11. 11. 1981, 4). С ү г е
н н і ң көпшілігі ағаштардың бір түрінде
(қарағай, көктерек) мекендейді (Қазақст.
жануар., 35).
СҮДІН... – Қасындағы кісінің түрі
қандай? – Түрі? Киімі ме? – деп сұрады.
– Жоқ, былай, бет пішіні, с ү д і н і
(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 100).
Достарыңызбен бөлісу: |