Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет125/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   168

Сүдінін қашырдыТүрін бұзды, сəнін 

кетірді.  Ділмарлардың  тағылымды  дəс-

түрі  мен  сөз  саптау  үрдісінің  ұмытылуы 

– төл тіліміздің сəнін кетіріп, с ү д і н і н 

қашырып жүргені де анық (Қаз. əдеб., 01. 

08. 1986, 10). 

СҮДІНСІЗ  с  ы  н.  Сұрықсыз,  түрсіз. 

С ү д і н с і з адам, сұрықсыз тіршілік көз 

алдыңнан кетер емес (Ə.Нұрпейісов, Қан 

мен тер, 556). 

СҮЗБЕ: Сүзбе құрт. Айранды дорбаға 

құйып, сары суынан арылтқан қатықтан 

жасалған  құрт.  Құрт  екі  түрлі  əдіспен 

жасалады. Бірі – с ү з б е  қ ұ р т. Айран 

дорбаға құйылып, сары суы арылтқаннан 

кейін жасалған құрт. Екіншісі – қайнатпа 

құрт (Қ.Толыбаев, Бабадан., 240).

СҮЗГІ

1

 з а т. Балық сүзетін, сабы бар 



ау (тор). Ересек балалар с ү з г і л е р і н 

ала  келген  екен,  алабұға  мен  аққайраны 

көп  жерлерді  көріп  қызығып  қайтыпты 

(Ж.Өмірбеков, Қызыл су, 40). 



СҮЗГІ

2

  з  а  т.  Өрмек  тоқуға  керекті 



жабдықтардың  бірі.  Өрмекке  адарғы, 

қылыш,  арқау,  с  ү  з  г  і,  ілме  секілді 

жабдықтар  пайдаланылады  (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 230). 



СҮЗЕКІ

1

  з  а  т.  Қазадағы  балықты 



сүзіп алатын торкөз құрал (Ана тілі, 10. 

10. 2002, 12). 



Сүзекі салды. ж е р г. Ау (тор) құрып, 

балық аулады. Ел с ү з е к і с а л ы п, балық 

алып  қарың  болады  (Ш.Айманов,  Қыран 

тур., 121). С  ү  з  е  к  і    с  а  л  у  мен  балық 

үркіту  сан  рет  қайталанғандықтан,  өзен 

үстіндегі айғай-шу түні бойы толастамайды 

(Марқакөл, 28). 



522

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

СҮЗЕКІ

2

  з  а  т.  Шайдың  самасын 



сүзетін  кішірек  сүзгі. - Əй,  Темешжан, - 

деп  басын  шайқап,  кесесіне  шай  құюға 

ыңғайланып с ү з е к і с і н қолына алды 

(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 100). 



СҮЗІРЕЙ е т. с ө й л. Сүзетін бұқадай 

қарау.  Екі  көзі  қанталап,  аузынан  көбігін 

шашып, сүзеген бұқаша с ү з і р е й і п маған 

жақындап келе жатыр (Ж.Мусин, Туған үй., 

105).  Алашығы  қанталаған  бұқа  көздері 

маған с ү з і р е й е қалыпты (Бұл да, 126). 

СҮЙДЕКТЕТ е т. с ө й л. Сойдақтат. 

Тексеруші көк қарындаштың тұқылын жа-

лап қойып, с ү й д е к т е т і п отыр (Қаз. 

əдеб., 12. 02. 1988, 16). 



СҮЙЕК... Киіз үйдің с ү й е г і н жасай-

тын шеберлерді үйші деп атайды. «Тоғай 

аралаған үйші болар, ел аралаған сыншы 

болар» деген сөз осыдан айтылған (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1969, №7, 60). 

Сүйек ауруы. м е д. Сүйегі кеміктеніп 

(шіріп)  ауыратын  ауру  түрі.  Бұл  көптен 

бері с ү й е к  а у р у ы н ы ң азабын шеккен 

адам (Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 15). 

Сүйек кебеже... Ілінген кілемдер. Қат-

қат жиналған көрпе, төсек. С ү й е к  к е б 



е ж е. Адалбақан (С.Елубай, Ақбоз., 54). 

Сүйек құны. Құнның бір түрі. С ү й е к 

қ ұ н ы – елу жылқы, алты жақсы (Мəшһүр 

Жүсіп, Шығ., 9, 293). 



Сүйек  төс ек...  Түсірулі  тұрған 

шымылдықты  қайырып  тастап,  биік  с  ү 



й  е  к    т  ө  с  е  к  т  і  ң  үстіне  отыра  кетті 

(М.Разданұлы, Алтай., 116). 



СҮЙЕКҚАТА  з  а  т.  в  е  т.  Өте  ауыр 

дерт.  Сиыр  мен  ешкі  ауырады.  Жеген 

сүйек  қорымай,  ішке  тоқтап  қалады 

(Ж.Бабалықұлы, Мал ауруы., 54). 



СҮЙЕКСІҢІСТІ с ы н. Сүйегіне сіңген, 

əдетке енген; үйреншікті. Танымады ма, 

қазаққа аса с ү й е к с і ң і с т і емес мына 

жұмыс бəрін есеңгіретіп жіберген бе, кім 

білсін?! (Ана тілі, 18. 12. 2008, 8). 



СҮЙЕКТІЛІК... Сомадай жігіттің с ү 

й е к т і л і г і н е н сескене ме, қайратынан 

қаймыға  ма,  əйтеуір  жұрт  «түу,  нəлет» 

демеді (Жалын, 1974, №1, 88). 

СҮЙЕКШЕ  з  а  т.  б  о  т.  Сүйекті 

жемістердің  (өрік,  шие,  т.б.)  тұқымы.

С ү й е к ш е н і ң ішінде бір тұқым болады 

(Ботаника, 63). 



СҮЙЕКШІЛ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Рушыл, 

ататекшіл.  Бүгін  неғып  с  ү  й  е  к  ш  і  л, 

туысшыл  бола  қалды  екен? (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 29). 

СҮЙЕКШІЛІК...  Оның  дуанашылық 

кəсібі с ү й е к ш і л і к п е н осылай алмасты 

(Жұлдыз, 1973, №3, 104). 

СҮЙЕЛБАЛЫҚ з а т. и х т и о л. Теңіз 

түбінде  тіршілік  ететін,  үстін  сүйелге 

ұқсас  улы  өсінділер  жапқан  балық  түрі. 

Маржан  сынықтарының  арасында  құмға 

көмілген күйде тығылып жатқан с ү й е л

б  а  л  ы  қ – үлкендігі  футбол  добындай, 

жалаң терісін сүйелге ұқсайтын өсінділер 

жапқан (Су асты. тіршілік, 61). 

СҮЙЕСІН з а т. к ө н е. Сүйеніш, тая-

ныш, тірек. Еңсегей бойлы Ер Есім, Есім, 

сені  есірткен  Есіл  де  менің  кеңесім.  Ес 

білгеннен,  Есім  хан,  Қолыңа  болдым  с  ү 

й е с і н, Қолтығыңа болдым демесін (Жи-

ембет  жырау:  Жеті  ғасыр., 1, 40). Өзінің 

басы қай күні жойылары белгісіз – ендігі

с ү й е с і н осы Мұрат-Мұхамед деп білген 

(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 407). 



СҮЙЕУЛІ  с  ы  н.  Бір  нəрсеге  сүйеліп 

тұрған. Аттар ерттеулі, сойылдар с ү й е у л і

(Ғ.Мүсірепов, Оян. өлке, 1, 92). Едіге с ү й е 



у л і тұрған құрықшаның біреуін іліп алған 

бетте найзамен шаншуға ұмтылған қараны 

дəл шынтақтан сілейте соқты (К.Жүністегі, 

Едіге, 47). 



СҮЙКЕЙСАЛДЫ  с  ы  н.  Мəн-ма-

ғынасыз, жеңіл-желпі. «Бəрін де сол біледі 

ғой», - деп с ү й к е й с а л д ы жауап берген 

(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 372). 

СҮЙРЕТПЕ  з  а  т.  Аяқтың  басына 

іліп  жүретін  жеңіл  аяқкиім;  тəпішке. 

Аяқтарына с ү й р е т п е іліп, иықтарына 

жеңіл халат жамылған (Ж.Қорғасбек, Жын-

ды қайың, 62). Аяғына киген шибарқыт с ү 



й р е т п е с і м е н кілемнің түгін жапыра 

жүріп  кетті  (Т.Нұрмағамбетов,  Жер  иісі, 

42). Шекердің аяғындағы с ү й р е т п е с і н 

сырпылдатып, кухняға қарай өткені естілді 

(Б.Аманшин, Гүл көтерген, 52). 

СҮЙРЕТПЕ:  Сүйретпе  шана.  Жаз 

кезінде  пайданылатын,  бір  басы  өгізге 

артылып,  екінші  басы  жерде  сүретіліп 

жүретін  шана.  С  ү  й  р  е  т  п  е    ш  а  н  а 

м  е  н  балшыққа  қосатын  сабан  тасып, 

ыстық  күнде  тілі  салақтаған  өгіздер,  ке-

сек  құйып  жүрген  əйелдер  көз  алдымда 

(Б.Соқпақбаев, Балалық., 159). 



СҮЙРЕТПЕЛІ  с  ы  н.  Сүйретпе 

байланған,  сүйретпесі  бар.  Қақпанды 

523

Байынқол Қалиев

қ ұ р ғ а н д а   а ң   м е н   қ ұ с т ы ң   т а б и ғ и 

ерекшеліктеріне  қарай  тұзақты,  қазықты, 

тоқпақты, қалжуырлы, с ү й р е т п е л і 

болып  құралады  (Ж.Бабалықов,  Қыран-

дар, 62). 



СҮЙРЕТІС... - Өй, мынау Ремез екеуміз 

балық аулағанда ау с ү й р е т і с е т і н 

жирен шаш бала ғой (Жалын, 1974, №2, 20). 

СҮЙРІК...  Каспий  теңізіндегі  негізгі 

кəсіптік балықтар: қортпа, шоқыр, пілмай, 



с ү й р і к, сазан, көксерке т.б. (Қ.Қайымов, 

Зоология., 78). 



СҮЙРІК:  Сүйрік  тартты.  Қамыс 

сүйрігін су астынан суырып алып шықты. 

Суаттан с ү й р і к  т а р т ы п сиырлары, 

Желіні  құмды  сызып  шұбырғаны.  Көзіне 

елестесе,  бір  жағынан,  Қырында  сағым 

ойнайды қиырдағы (Т.Жароков, Шығ. жин., 

1, 315). 



СҮЙРІКТЕУ  с  ы  н.  Сəл  ғана  сүйрік; 

жіңішкелеу,  түзулеу.  Бет  терісі  талыс, 

бірақ  құбалау;  саусақтары  салалы,  бірақ 

жіңішкелеу, с ү й р і к т е у (Ж.Қорғасбек, 

Жынды қайың, 267). 



СҮЙІНШІГЕР з а т. Жақсылық хабар-

ды  жеткізуші,  сүйінші  сұраушы.  Кейде 

Өмірбек далаға келер барша жаңалықтың 



с ү й і н ш і г е р і өзі сезінетін сəттері де аз 

ұшыраспайды (А.Мекебаев, Аңызақ, 74). 



СҮЙІРҚАНАТ  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Шу 

өзенінде мекендейтін, ұзындығы 16 см-дей, 

арқа қанатында мықты тікенектері бар 

эндемик балық. С ү й і р қ а н а т өте сирек 

кездеседі.  Қазіргі  кезде  жойылып  кеткен 

түр тармағы болып саналады (ҚҰЭ, 9, 566). 

СҮКІ с ы н. ж е р г. Өткір, үшкір; біздей. 

–  Қаңғырған  шақша  бастың  с  ү  к  і  тілін 

ести  тұра  үндемеңіздер! (С.Сауытбеков, 

Өртенген өлең, 12). 



СҮКІЛЕ  е  т.  ж  е  р  г.  Тілін  батыру, 

сұққылау. – Қалампыр, қайда? Осында алып 

келсең, көз тиетін бе еді? – деп, Балташтың 



с ү к і л е г е н і батып кетті-ау (С.Жүнісов, 

Заманай., 370). 



СҮКІЛЕУ  Сүкіле  етістігінің  қимыл 

атауы. 

СҮЛГІШІ  з  а  т.  Қолына  сүлгі  ұстап 

жүрген  бала.  Ханның  көзі  есік  алдында 

тұрған 17-18 жасар  қыпшақтың  сұлуша 

келген  с  ү  л  г  і  ш  і  бала  жігітіне  түсті 

(І.Есенберлин, Алтын., 1, 69). 



СҮЛДЕЛЕНДІР  Сүлделен  естістігі-

нен  жасалған  өзгелік  етіс.  Бірте-бірте 

үйіріле  берген  ымырт  ұзап  бара  жатқан 

жылқылардың  қалың  қарасын  ғана  көзге

с ү л д е л е н д і р е түседі (О.Бөкеев, Жұлдыз 

жауған., 6). 



СҮЛДЕЛЕНДІРУ  Сүлделендір  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

СҮЛЕСОҚТАН  е  т.  Сүлесоқ  күйге 

түсу, самарқаулану. С ү л е с о қ т а н а 

жата бермей ерте тұрғанына да риза сияқты 

(Жұлдыз, 1970, №8, 86). 

С Ү Л Е С О Қ ТА Н У   С ү л е с о қ т а н 

етістігінің қимыл атауы. 

СҮЛІН е т. ж е р г. Сүмеңдеу; шаршау, 

зорығу.  Кербұғы  əлжуаз  тартқан  əліне, 

боркеміктенген кəрілігіне қарамай с ү л і 



н  і  п,  көп  жағаттады  (О.Бөкеев,  Жұлдыз, 

1972, №5, 119). 



СҮЛІНУ  Сүлін  етістігінің  қимыл 

атауы. 

СҮМБІЛЕ:  Сүмбіле  туды.  Сүмбіле 

жұлдызы  туып,  күн  (түн)  салқындай 

бастады  д.м.  Жаздың  ыстығы  басылып, 

с ү м б і л е  т у ғ а н шақта бұл өлкедегі 

ең  зор  науқан  басталады  (О.Сəрсенбай, 

Шығ., 5, 97). Алуан-алуан гүл шығып, Жаз 

да жылдам өтіпті. С ү м б і л е  т у ы п, су 

суып,  Ызғарлы  күз  жетіпті  (Ж.Қыдыров: 

Балдырған, 1970, №9, 9). 



СҮМЕК... Шындап кетсе, түйе малында 

кездесетін қарабез (жамандат), сарысу (су 

ауруы), тілбас (аусыл), құмыр (өкпе құрт),

с ү м е к (жілік құрты), көкжорға (буын ісігі), 

қотыр, қоскіндік сияқты ауруларға өзінің де 

ем-дом қолданатыны бар (А.Сейдімбеков, 

Серпер, 89). 



СҮМСУІР  з  а  т.  қ.  ө  н  е  р.  Киіктің, 

еліктің, ешкінің үшкір мүйізінен жасалған, 

ортасында 2-3 тесігі  бар,  бір  жақ  басы 

сүйірлеу  келген  құрал.  Үшкір  жағымен 

түйін шешеді, теріге батыра өрнек салуға 

да  болады.  Ал  ортасындағы  ойықтар 

арқылы таспаны ысқылап тегістейді (Пи-

онер, 1983, №2, 28). Екі-үш тəуліктен кейін 



с ү м с у і р м е н торсыққа өрнек салуға 

болады (Д.Шоқпарұлы: Ер қанаты, 287). 



СҮНДЕТШІЛІК  с  ы  н.  Сүндетке 

отырғызушылық (кəсіп). Ə дегенде ылди-

ласа да, Қидабайдың с ү н д е т ш і л і к 

кəсібін көлденеңдетіп, бір ұпайды уыстай 

кетті (С.Сматаев, Алғашқы асу, 49). 



СҮҢГУІР:  Сүңгуір  қоңыз.  з  о  о  л. 

Суда тіршілік ететін, дене тұрқы 30-35 

мм-дей жыртқыш қоңыз. С ү ң г у і р  қ о ң 

524

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ы з д ы ң денесі жылтыр, жалпақ, суда жүзіп 

тіршлік  етуге  бейімделген  (Р.Сəтімбеков, 

Қызықты биология, 94). С ү ң г у і р  қ о ң ы з

ымырт  түскенде  жəне  түнге  қарай  қорек 

іздеу  үшін  басқа  жерлерге  ұшып  барады 

(Бұл да). 



СҮРГЕКТЕТ  е  т.  Атының  (малдың) 

аяғын  тез-тез  бастыру,  жылдам  жүр-

гізу.  Шалғынбай  артына  жалтақтап  қа-

рап  қойып,  ауылға  қарай  торы  шолағын 



с ү р г е к т е т е жөнелді (Жалын, 1973, 

№1, 148). 



СҮРГЕКТЕТУ Сүргектет етістігінің 

қимыл атауы. 

СҮРГІТ е т. с ө й л. Сүргектет. Түн 

ортасы ауа жүрек жұтқан жас жігіт байдың 

сандық өркеш қос нарын с ү р г і т і п қуып 

келеді  анасы  отырған  жерге  (С.Елубай, 

Ақбоз., 75). 

СҮРГІШ... Аузы тығындалып, с ү р г 

і  ш  п  е  н  ауа  кірместей  етіп  желімденген 

бөтелкенің  ішіндегі  қағаздан  əкесі  тура-

лы хабар естіп шығады (Лен. жас, 26. 12. 

1972, 4). 



СҮРГІШТЕЛ  Сүргіште  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Ыбанды  уəкіл 

ауданға жұмсады. Қолына с ү р г і ш т е л 



г е н конверт ұстатты (Т.Əлімқұлов, Көкек 

айы, 5). Офицердің қалтасынан с ү р г і ш 



т е л г е н пакет шықты (Балдырған, 1975, 

№1, 5). 


СҮРГІШТЕЛУ Сүргіштел етістігінің 

қимыл  атауы.  Жазған  күнде  оның  аузын 

мұқият с ү р г і ш т е у г е еш мұрса болмай-

тыны белгілі ғой (Лен. жас, 26. 12. 1972, 4). 

СҮРЕЙЛЕН  е  т.  Жынды  сүрейлену, 

есуастану. – Болар, болар, - деп с ү р е й л 

е н д і анау сұрын өзгертпей (Ж.Қорғасбек, 

Жынды., 167). 



СҮРЕЙЛЕНУ  Сүрейлен  етістігінің 

қимыл атауы. 

СҮРКЕКТЕ е т. Сүріне-қабына асығыс 

жүру, сабылу. Жаралы қабанның соңынан 

түні бойы с ү р к е к т е п п і н (Д.Досжанов, 

Жолбарыс, 15). 

СҮРКЕКТЕУ  Сүркекте  етістігінің 

қимыл атауы. 

СҮРЛЕМШІ  з  а  т.  Сүрлем  салушы. 

Қазір с ү р л е м ш і л е р көк шөпті үшінші 

шұқырға  салуда  (Оңт.  Қазақст., 08. 08. 

1963, 3). 



СҮРЛІК... – Ойпырмай,  мұрнымыз-

ға  шаншылып  с  ү  р  л  і  г  і  п  жүргенде, 

тығыз-таяң бұл не шақырту (Жалын, 1974, 

№2, 52). 



СҮРМЕ  з  а  т.  э  т  н.  Ою-өрнектің 

бір  түрі.  Ұмытылып  бара  жатқан  ою-

өрнектердің өзі сан алуан: шұғыла, бітпес, 

арқар  мүйіз,  с  ү  р  м  е,  айшық,  жұлдыз, 

тышқан ізі т.б. (Қаз. əдеб., 13. 07. 1984, 12). 



СҮРТКЕНСУ  Сүрткенсі  етістігінің 

қимыл атауы. 

СҮРТКЕНСІ е т. Сүрткен болу; шала-

шарпы сүрту. Келген бетте: «Уһ, жаным» 

деп,  есік  алдына  отыра  кеткен  кемпір 

орамалының ұшымен бет-аузын с ү р т к е 

н с і д і (Т.Мəмесейіт, Таудан., 265). 

СҮРШЕ  ү  с  т.  Сүрі  етше  д.м. – 

Жауаптың өзін с ү р ш е сақтаймын десеңші 

(Жұлдыз, 1973, №3, 29). 

СҮРІКТІ

1

 с ы н. Сүрікпен қапталған. 

Бірақ оған қайтатын жауап жоқ, маңдайдан 

соққандай қара с ү р і к т і есік сарт етеді 

(Лен. жас, 12. 06. 1974, 3). 

СҮРІКТІ

2

  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Маңдайға 



жазған,  тиісті,  мөлшерлі.  С  ү  р  і  к  т  і 

сағаты  жеткенде  бұл  пəледен  (өлімнен – 

Б.Қ.) кім қашып құтылған (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 312). С  ү  р  і  к  т  і  күн  жеткенде 

бəріміз де өлерміз ғой. Сонда көрерсіңдер, 

қара жердің астына түскен адам үш күннен 

кейін тозаққа да үйренеді (Бұл да, 392). 

СҮРІНШЕК...  Төстіктің  төменгі 

жағындағы ұшы - с ү р і н ш е к деп атала-

ды. Оны да адам жемейді (Жетісу, 16. 06. 

1989, 3). 



СҮТ... 2. а у ы с. Сүттей ақ. Ойласа, сол 

əндей шырқаған даңғыраған кең ғаламның 

кіндік ортасында айдың с ү т нұрына шо-

мылып отыр екеуі (С.Елубай, Ақбоз., 112). 

Ақөзек бойын кіреукелеген боз мұнардың 

с ү т сəулесі сейіліп, төңірек өз бояуына ие 

болды (С.Лəмбеков, Əке жолы, 65). 



СҮТКӨЖЕ... Ертеңіне с ү т к ө ж е г е 

тойып алып, мектепке барды (Б.Омарұлы, 

11-ші қаламұш, 118). 

СҮТБОТҚА  з  а  т.  Сүтке  жасалған 

ботқа (Тары тағам., 96). 

СҮТҚҰЙҒЫШ з а т. Шайға қосатын 

сүтті құятын ыдыс. Ақшасына Ақзейнепке 

деп шілтерлі самауыр, поднос, шайқұман,



с ү т қ ұ й ғ ы ш, шылым күлін салатын же-

зауыз алды (Ж.Молдағалиев, Сарарқа., 53). 



СҮТСАЛМА...  Егеубай  с  ү  т  с  а  л  м 

а д а н бір аяқ ішіп алып, төсегіне жатты 

(Б.Майлин, Таңд., 77). Оған сүйікті тамағы 



525

Байынқол Қалиев

– с ү т с а л м а жасатып əкелдім (Қаз. əдеб., 

20. 11. 1987, 16). 

СҮТТІ... 2. Сүт  қатылған,  сүт 

қосылған (шай). Ол с ү т т і шəйді сорап-

тап ішкен сайын рахаттана, бой-бой болып 

терлеп отыр (Н.Исабаев, Өмір., 40). 

СҮТШЕЛПЕК  з  а  т.  Шелпек  пісіріп, 

оны қайнап тұрған сүтке салып əзірленген 

тағам.  Кəрлен  кесеге  сүйеулі  сырлы 

қасықты  алып,  с  ү  т  ш  е  л  п  е  к  к  е  бас 

қоямын  (Ө.Қырғызбаев,  Қырда., 274). 

Таң атқаннан ел ұйқыға кеткенше күйбең 

тіршіліктен  босамайтын  анамның  біраз 

уақыты маған с ү т ш е л п е к дайындауға 

кетеді (Бұл да, 275). 

СҮТШҰҚЫР з а т. Кейбір адамдардың 

бетінде болатын ұрт тұсындағы шұңқыр. 

Қосағының қабағын танып, сəл-ақ жымиып 

езу тартқаны, бетінің с ү т ш ұ қ ы р ы ойы-

лып үлбірей күлгені былайғы жұртты іштен 

тындырыпты (Д.Досжанов, Жолбарыс., 20). 

СҮТІНДЕЛ  е  т.  к  ө  н  е.  Бағдарлану, 

негізделу,  сүйенілу.  Егер  қазақ  «жылқы 

баласы  кісіне скенше,  адам  баласы 

сөйлескенше»  десе,  бұл  жердегі  баға  да 

тілдің мəртебесінің биіктігіне, өрелілігіне 



с ү т і н д е л г е н (Б.Қыдырбекұлы: Соц. 

Қаз., 29. 03. 1991, 4). 



СҮТІНДЕЛУ  Сүтіндел  етістігінің 

қимыл атауы. 

СЫБАҒА: Сыбаға табақ. э т н. «Қысқы 

соғымнан сыбаға» деп ауыл ақсақалдары 

мен  ел-жұртқа  қадірлі,  сыйлы  кісілерге 

тартылатын сый табақ. Əдетте с ы б а ғ а

т а б а қ қ а сүрленген жамбас, белдеме, 

қазы-қарта,  жал-жая  секілді  кəделі  астар 

салынады  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш  бесік., 

3, 15). 


СЫБАЙ... Маған қарай төтелей тартқан 

с ы б а й аттының жүрісі папамды көз алды-

ма елестетті (О.Бөкеев, Үркер, 39). 



СЫБАЛАҢҚЫ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Езіліп 

жатқан, лайсаңды. Көктемнің с ы б а л а ң

қ  ы  лайсаң  шағында  батпаққа  малтығып 

жүріп,  қозыны  қоржындап  тасыды  (Лен. 

жас, 27. 12. 1972, 2). 

СЫБОЛЫШ з а т. Боқтаудың бір түрі. 

Арашаға түсер ме екен деп Ситан с ы б о л 



ы ш Асекеңді аңдап еді, бұл да кесіп алсаң 

қан  шықпайтын  жауыз  екен  (Қ.Ысқақ, 

Ақсу., 46). 

СЫБЫЗҒЫЛА  е  т.  Уілдеу,  гуілдеу, 

ызыңдау.  Ауа  салқын,  теріскейден  с  ы  б 

ы з ғ ы л а п, сызды жел еседі (О.Бөкеев, 

Үркер, 114). 



СЫБЫЗҒЫЛАТ  Сыбызғыла  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс. Бұлт үйіріле 

бастапты. Батыстан с ы б ы з ғ ы л а т ы п

жел  көтерілді  (С.Сматаев,  Алғашқы  асу, 

46). Айдалада күбірлеймін, с ы б ы з ғ ы 



л  а  т  а  м  ы  н,  ысқырамын,  айқайламын 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 119). 



СЫБЫЗҒЫЛАТУ Сыбызғылат етіс-

тігінің қимыл атауы. 

СЫБЫЗҒЫЛАУ  Сыбызғыла  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

СЫБЫЗҒЫША ү с т. Сыбызғы тəрізді, 

сыбызғы сияқты. Сайын сахараның с ы б ы 

з ғ ы ш а сыңсып тұратынын еститін құлақ 

одан да аз (Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 122). 

Өздері шетінен с ы б ы з ғ ы ш а сызылған 

сыпайы (Қазақст. мұғалімі, 11. 05. 1972, 4).



СЫБЫЛЫҚТА е т. Ақырындап, жай-

лап,  бір  қалыпты,  майда  жаңбыр  жауу. 

Жауынның алғашқы екпіні өткен соң, жел 

де тынып, с ы б ы л ы қ т а ғ а н майда 

жаңбырға  айналды  (Н.Қазыбеков,  Дала., 

42). 

СЫБЫЛЫҚТАУ  Сыбылықта  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

СЫБЫРЛАҚ

1

 қ. Жіліншік. Оспан ағай 

үй  көлеңкесінде  с  ы  б  ы  р  л  а  қ  шағып, 

майын сорып отыр екен (Қаз. əдеб., 21. 06. 

1985, 8). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет