Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет127/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   168

СЫҢАРАЯҚ  з  а  т.  э  т  н.  Сызылған 

шеңбердің ішіне екі бала түсіп, қолдарын 

кеуделеріне  қусырады  да,  сыңар  аяқтап 

иықтарымен  бірін-бірі  итереді.  Кім 

шеңберден  шығып  кетсе,  сол  жеңіледі 

(Ғажайып бау, 69). 



СЫҢАРЕЗУЛЕ  е  т.  Бұра  тарту, 

қыңырлану. - Əй,  сен  қалсаң  қалшы  осы! 

С  ы  ң  а  р  е  з  у  л  е  п  қоймадың  тіпті 

(Ж.Қорғасбек,  Үлпілдек, 196). С  ы  ң  а  р 



530

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

е  з  у  л  е  п,  ешкімнің  сөзіне  құлақ  аспай, 

əңгіменің  шырқын  бұзды  (Б.Дəулетбаев, 

Сүмбілшаш, 67). 

СЫҢАРЕЗУЛЕУ

1

 с ы н. Бірбеткейлеу, 



сыңаржақтау. 

СЫҢАРЕЗУЛЕУ



Сыңарезулеу  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

СЫҢАРЖАҚТАН е т. Бірбеткейлену, 

сыңарезулену,  қыңырлану  (Т.Иманбеков, 

Тұт ағашы., 114). 



СЫҢАРЖАҚТАНУ  Сыңаржақтан 

етістігінің қимыл атауы. 

СЫҢАРЖАҚТЫЛЫҚ з а т. Біржақ-

тылық, сыңарезулік. Ортақ іс, ортақ мүдде 

есепқорлықты, с ы ң а р ж а қ т ы л ы қ 



т ы көтермейді (Лен. жас, 12. 02. 1974, 2). 

СЫПА

з а т. Жағылған оттың мұржасы 



астынан өтіп, жылтып тұратын, биіктеу 

етіп жасалынған кірпіш еден; кəң. Төбесі 

жабық, бір қабырғасына ши тұтылған тізе 

бойы  с  ы  п  а  үстінде 3-4 адам  шай  ішіп 

отыр (Т.Бердияров, Жастық., 62). Ас үйдің 

ішінен тандырмен жалғас с ы п а соғылған. 

Тандырға жағылған оттың түтіні сыпаның 

астындағы мұржадан өтетін болғандықтан, 

ас  үйдің  едені  үнемі  жылы  боп  тұрады 

(Білім жəне еңбек, 1972, №6, 27). 

СЫПА

з а т. Биіктеу, төрт қырлы етіп 



жасалған қарпайым бейіт. Жұмағұл өзіне 

таныс  бес-алты  с  ы  п  а  мен  төртқұлақты 

көктей өтіп, ағасының зиратының басына 

жетті  (А.Мекебаев,  Алапат, 317). Сердəлі 



с  ы  п  а  с  ы  н  ы  ң  бас  жағында  шарта 

жүгінген  Тұрманқожа  мүлəйім  кейіпте 

алақан  жайған  қалпы  күрсіне  күбірлейді 

(Бұл да, 355). 



СЫПА-ЖАЙ з а т. Үй алдына салынған, 

жеңіл қолды жаздық үй (веранда). Уəжіп 

(міндет,  борыш),  кəуəб  (шашлық),  əулі 

(аула), құжыра (бөлме), бастырма (терраса), 

с ы п а - ж а й, т.б. бірсыпыра баламалар 

аудармашы ізденісінен туған жеңістер (Қаз. 

əдеб., 08. 06. 1984, 6). 

СЫПАЙ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Жалдамалы 

атты əскер (жауынгер). Əр с ы п а й д а

қисық  қылыш,  өткір  ұшты  найза,  екі 

жақтарында да жебеге толған ескі қорамсақ, 

арқаларында садақ, ер басына ілген айбалта 

көрінеді (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 324). 

Күннің күркірегені соншалық қатты болды, 

ер-тоқымдарын жастанып, ұйықтап жатқан 

с ы п а й л а р үрейлене орындарынан атып-

атып тұрды (Бұл да, 395). 



СЫПАЙЫ: Сыпайы сөздер. л и н г в. 

Мағынасы  дөрекі,  тұрпайы  сөздерді  сы-

пайы сөзбен ауыстырып қолдану арқылы 

жасалған сөздер (эвфемизмдер). С ы п а й ы

с  ө  з  д  е  р,  əдетте,  сыпайыгершілік  пен 

əдептілікке,  мəдениеттілікке  негізделеді 

(Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі, 85). 

СЫПАЙЫГЕРШІЛІК  з  а  т.  Сыпайы 

болғандық, ізетшілік. Тұр еді Сəукен үнсіз 

сабыр  сақтап,  Шегінен  с  ы  п  а  й  ы  г  е  р 



ш  і  л  і  к  кетпей  аттап,  Жүзінде  нышаны 

бар қынжылыстың, Бір сөзді бастай беріп 

қалды тоқтап (С.Омаров, Сəукен, 37). 

СЫПАЙЫЛАНУ...  Тым  с  ы  п  а  й  ы 

л а н у ы н а қарағанда осы қыз совхозға 

жаңа  келгенге  ұқсайды  (Р.Əутəліпов,  Ал-

тын., 145). 

СЫПА-СЕРІ  с  ы  н.  Сыпайы,  мəде-

ниетті, əдепті. Біздің тұқым кіл шабандоз, 

с ы п а - с е р і! (Балдырған, 1975, №4, 19). 

СЫПАША  з  а  т.  Сары  топырақтан 

шылаған лайға жылқының құйрық жалын 

қосып,  тастан  қалап  жасаған  шағын 

күмбез; бейіт басына тұрғызылған белгі. 

Аралбай батыр с ы п а ш ы с ы н ы ң есігін 

күншығысқа  қаратыпты  (Ж.Тұрлыбай, 

Райымбек батыр, 2, 268). 



СЫПСЫҢДЫҚ з а т. Сыпсың-сыпсың 

еткендік,  сыпсыңдағандық  (С.Сматаев, 

Елім-ай, 2, 332). 



С Ы П ТА Л   С ы п т а   е т і с т і г і н е н 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Біз  салынып 

жатқан қорамыздың сыртына қарай оңаша 

кетіп, сондағы с ы п т а л м а ғ а н кеспел-

тек бөренеге кеп отырдық (Қ.Қараманұлы, 

Ай куə, 35). 

СЫПТАЛУ Сыптал етістігінің қимыл 

атауы. 

СЫПТИМА  с  ы  н.  Сымпиып  қалған, 

тап-тар.  Бұттарында  тақалы  кебістерін 

көмкере тоқтаған ұзын балақ с ы п т и м а 

шалбар (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 402). 

СЫПТЫҒЫРЛАУ...  Тізе  тұсын  с  ы 

п  т  ы  ғ  ы  р  л  а  у  етіп,  балағын  далита 

тіккен  кіржамбыз  шалбардың  бір  балағы 

орындықтың  арқалығына  ілініпті  де, 

екіншісі – сүйретіліп  жерде  жатыр  (Қаз. 

əдеб., 12. 01. 1973, 3). 

СЫР е т. с ө й л. Ысыр. Алдындағы ойын-

шықтарын с ы р ы п тастап, жылай салды 

(Қазақ, 20. 11, 2010). 

СЫР:  Сыр  сүлейі.  Сырдың  атақты 

ақын-жыраулары д.м. Асқар ақындығында 


531

Байынқол Қалиев

ежелгі с ы р  с ү л е й л е р і салып кеткен 

жыр дəстүрлері айрықша аңғарылады (Қаз. 

əдеб., 19. 09. 1975, 3). 



СЫРАҒЫСЫ з а т. Айтыла салынған 

сөз, сөздің реті, жай сөз. «Дүние-жалған» 

дегенді  жиі  айтамыз.  Бірақ  көбіміз  оны 

сөздің с ы р а ғ ы с ы н д а й, түсінбей жай 

қайталай  береміз  (С.Ғаббасов,  Қандауыр, 

101). – Жə-жə... Таусылма... Тіпті сөз с ы 

р а ғ ы с ы н да айтқызбаймысың? – деп 

ұлына  аянышты  бір  кескінмен  қарады 

(Қ.Жұмаділов, Көкейкесті, 87). 

СЫРАЛАТ е т. Сыра ішу, сыраға қану. 

СЫРАЛАТҚЫЗ Сыралат етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  –  Ресторан, 

кафелеткіз, с ы р а л а т қ ы з ы п қоймаймын... 

(Э.Төреханов, Алматыда., 313). 

СЫРАЛҒЫ  з  а  т.  э  т  н.  Мергеннің 

атқан  аңынан  алынатын  кəде.  Аңнан 

қанжығасын  қандап  қайтқандар  жол-

жөнекей жолыққандарға с ы р а л ғ ы бермес 

болар ма! (Ш.Айтматов, Ерте келген., 111). 

Еламанның  қолы  ашық,  Жалмұрат  онан 

талай с ы р а л ғ ы алып, дəм татқан жігіт 

(Ə.Нұрпейісов, Қан мен тер, 55). Батырдан 

сауға, мергеннен с ы р а л ғ ы (Мақал). 



СЫРАШЫЛ  с  ы  н.  Сыра  ішкіш, 

сырақұмар.  Ол  кезде  «с  ы  р  а  ш  ы  л» 

дегеннің əсері «сыршыл» дегенмен бірдей 

ғана (Б.Омарұлы, 11-ші қаламұш., 144). 

СЫРБӨРТПЕ  зат.  Қыран  құсты 

баптау үшін суға салып, сығымдап, сөлін 

азайтқан ет (жем). Ол [бүркітке берілетін] 

жемдер: «қызыл», «қансоқта», «тартпа», 

«бөртпе», «с  ы  р  б  ө  р  т  п  е», «ақжем», 

«жанышпа», «тоят», «сусоқта», «толарсақ» 

деп бөлінеді (Білім ж. еңбек, 1971, №12, 10). 

СЫРҒА

з  а  т.  Жылқының  жіліншік 



буыны мен бақайының түйіскен жері. 

Сырғасы  таю.  Буыны  шығып  кету 

(Х.Арғынбаев, Қаз. мал шаруаш., 15). 



СЫРҒА

з а т. б о т. Қайың ағашының 



күз  кезіндегі  сырға  тəрізді  салбырап 

тұрған  бүршігі  (тұқымы).  Үйдің  алды 

жапырағы  алақандай  емен,  с  ы  р  ғ  а  с  ы 

салбыраған  қайың  екен  (Ш.Мұртазаев, 

Қызыл жебе, 199). 



СЫРҒА: Сырға той. э т н. Қалыңдық-

қа  сырға  тағуға  келген  кезде  жасала-

тын  кішігірім  той.  Бір  аптаның  алдын-

да  ана  Құндыздар  баласына  с  ы  р  ғ  а 



т  о  й  жасаған  емес  пе  еді  (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 218). 



СЫРҒАҚ з а т. Қаршығаның құйрығы 

мен  сирағы  ұзын,  бойы  сұңғақ  түрі. 

Құсбегілер  қаршығаны  өз  ішінен  шəулі 

қаршыға,  қара  қаршыға,  ақ  тұнжыр,  көк 

тұнжыр,  с  ы  р  ғ  а  қ  деп  бірнеше  түрге 

жіктейді (Ж.Бабалықов, Қырандар, 140). 

СЫРҒАҚБАЙ  с  ы  н.  Тиянақсыз, 

тұрақсыз, берекесіз д.м. Жыл сайын жаңа 

трактор дəметіп, бірін алып, бірін салғысы 

келетін с ы р ғ а қ б а й л а р ғ а сабақ болсын 

(Лен. жас, 08. 05. 1972, 2). 



СЫРҒАЛАҢДА е т. с ө й л. Сырғақта. 

Бұлар əрқашанда осылайша жалтақтап, с ы 



р ғ а л а ң д а п кете бергіш, тұрақты емес 

болатын (М.Əуезов, Қилы заман, 93). 



СЫРҒАЛАТ  е  т.  Əртүрлі  сырға  салу. 

Қатындардың  алтын  жүзіктетіп,  алтын 

білезіктетіп, алтын с ы р ғ а л а т ы п кеткені 

əлей  еді-ау! (Ғ.Мүсірепов:  Қаз.  əдеб., 10. 

11. 1972, 1). 

СЫРҒАЛАТУ  Сырғалат  етістігінің 

қимыл атауы.

СЫРКҮРІШ  з  а  т.  Сүтке  пісірген 

күріш;  күріштен  жасалған  ботқа.  Суда 

өссе, сүтте піссе, май салса, Кең пейіліңнен 

жомарт жанды бал тамса; Өзбек əка пала-

уынан айтулы, Маған-ақ кел с ы р к ү р і 



ш і кем қалса (Қаз. əдеб., 13. 06. 1975, 2). 

Ал «с ы р к ү р і ш» атты асты сол кездегі 

ақындар  жырға  қосып  мадақтап  жататын 

(Қаз. əдеб., 28. 10. 1983, 3). 



СЫРҚАТ:  Сырқат  тарихы.  м  е  д. 

Дəрігердің ауруды қалай емдегендігі тура-

лы  жазбаша  деректері.  Регистратурадан 

Жармұқановтың «с ы р қ а т  т а р и х ы н»

алып  кел,  бар  тез  (О.Сəрсенбаев,  Бақыт 

құсы, 177). 



С Ы Р Қ АТ Н А М А :   С ы р қ ат н а м а 

қағазы. Ауырған адамға дəрігері беретін 

оның ауырғандығы туралы іс қағазы. Бүгін 

АҚШ-та 22 миллион əйелдің жұмысында 



с ы р қ а т н а м а  қ а ғ а з ы н төлемейді 

(Айқын, 13. 11. 2008). 



СЫРҚАТТАНҒЫШ  с  ы  н.  Ауыра 

беретін, науқасшыл. Күн сəл салқындаса 

Айжанның құты қашып, уайымға түсетін 

болды. Өйткені баласы с ы р қ а т т а н

ғ ы ш (Т.Қосуақ, Мəрмəр., 53). 

СЫРҚЫЛДАҚ с ы н. ж е р г. Саңғырлап 

қалғап,  ескі.  Құрылыс  цехына  бекітілген 

с ы р қ ы л д а қ машина бізді Жəшиталға 

таңертеңгі  тоғызға  таман  алып  келді 

(Қ.Қараманұлы, Ай куə, 33). Кешке таман 


532

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

с ы р қ ы л д а қ машинаға мініп ауылға 

тарттық (Бұл да, 36). 



СЫРЛЫ:  Сырлы  тостаған.  Сыр-

ты  оюланып  сырланған  тостаған.  Төр 

көрпенің  үстіне  жамбастай  жантайған  ол 



с ы р л ы  т о с т а ғ а н д а ғ ы сусыннан 

əлсін-əлсін ұрттап қояды (Д.Рамазан, Жы-

лап аққан., 121). 

СЫРМА

з а т. Ат жегіп, қарды ысы-



рып  тазалайтын  тақтай.  Сан  түрлі 

аңыз  болған  ой  мен  қырға,  Айналған 

ел  ішінде  сырлы  жырға,  Алыста  жеңген 

сөйтіп партизандар Пар аттап жекті жолға 

салып с ы р м а (І.Есенберлин, Шығ. жин., 

10, 120). 



СЫРМА



... Бұл с ы р м а с ы желкесіне 

салынған,  етегі  делдиіңкі,  көкшіл  түсті, 

жылтыраған шетелдік көйлек екен (Жалын, 

1974, №3, 15). 



СЫРМА: Сырма сым. э т н. Арасына 

мақта салып, сырылған сым. Жасы үлкен 

кісілерге с ы р м а  с ы м, шекпен, шолақжең, 

ызба баулы жейде тігеді (Қ.Толыбаев, Ба-

бадан., 236). 



Сырма  тоқым.  э  т  н.  Сырылып 

жасалған  тоқым.  Осыған  байланысты 

тоқымдар киіз тоқым, с ы р м а  т о қ ы м,

көмкерме  тоқым,  былғары  тоқым  деген 

түрлерге бөлінеді (Қаз. этнография., 2, 64). 



СЫРМАҚ...  Саусақтарының  ұшын

с ы р м а қ шалбарына сүртті (Ə.Кекілбаев, 

Бір шөкім., 41). Басында жиегі қырқылған 

түлкі құлақшын, бұтында қампиған с ы р 

м а қ (М.Қаназов, Жер., 44). 

СЫРМАҚТА е т. ж е р г. Сырып тігу. 

Арасына түйе жүн салып с ы р м а қ т а ғ а н

күпісін  иығына  іліп,  Исалы  қотан  жаққа, 

түнектегі қойды қарап келуге шығып кетті 

(М.Айымбетов, Құмөзек., 26). 

СЫРМАҚТАУ Сырмақта етістігінің 

қимыл атауы. 

СЫРМАЛА  е  т.  Сырмамен  тасу, 

сүйрету. Шабындықтардың шөбі қар қатая 

с ы р м а л а п тасылғандықтан, мая орнын-

да бір шөмеле болса да шөп қалады (Дала 

дауылпаз., 153). 

СЫРМАЛАУ  Сырмала  етістігінің 

қимыл атауы. 

СЫРМАЛЫ: Сырмалы перде. Сары-

лып, ысырылып қойылатын перде. Ашы-

лып-жабылуына  қарай  перделер  түрмелі 

перде жəне с ы р м а л ы  п е р д е болып 

бөлінеді (Шаңырақ, 71). 



С Ы РМ А Ш Ы   з   а   т.   С ы рм а м е н 

жұмыс  істейтін  адам.  Олар  шөп  жинау 

жұмысында  болатын.  Сейтек - с  ы  р  м  а 



ш  ы  Мəуия  сырма  сүйретететін  өгіздерді 

жетелейтін (Н.Ғабдуллин, Жігер, 12). 



СЫРНАЙЛАТ... 2. п о э т. Сырнайдың 

даусындай  дауыс  шығару.  Тау  жақтан 

с ы р н а й л а т қ а н бұғы даусы шықты 

(Ə.Асқаров, Таңд., 253). 



СЫРНАЙСЫЗ с ы н. Сырнайы жоқ; 

сырнайы болмаса. Қайғы-мұңды қобызсыз, 

үміт пен сенімді скрипкасыз, сағыныш са-

зын с ы р н а й с ы з, сыбызғысыз қалайша 

жеткізе аларсыз (Қаз. əдеб., 20. 08. 1976, 3). 



СЫРТАҢҚЫРА е т. Шеттеу, тыстау. 

–  Қарасын  көзіміз  бір  шалса,  ептеп-сеп-

теп  дұзаққа  түсірер  ме  едік,  қайтер  едік, 

- деді с ы р т а ң қ ы р а п тұрған Өрнек 

(М.Мəжитов, Құныскерей, 270). 

С Ы Р ТА Ң Қ Ы РАУ   С ы рт а ң қ ы р а 

етістігінің қимыл атауы. 

СЫРТҚАРЫРАҚ с ы н. Сырт жағын 

ала,  алыстау.  Айбосын  олардың  кешегі 

қайтқан жөнін анықтап алды да, іздің та-

банымен тура жүрмей, с ы р т қ а р ы р а қ

салып  отырды  (К.Ахметбеков,  Ақдала, 

2, 271). 

СЫРТҚЫ:  Сыртқы  қалта.  Киімнің 

сыртына салынған қалта. 

СЫРТТЫҚ

1

... Бірақ басында қара с ы 

р т т ы қ т а н тігілген дулығаның ішінен 

киіп  жүретін  тымағы  бар  (Ə.Əлімжанов, 

Жаушы, 106). 

СЫРТТЫҚ

з а т. с ө й л. Тоқым. Тоқым 

(кейде с ы р т т ы қ дейді), ішпек, жабағы, 

өң – бұлар ердің астынан аттың арқасына 

салатын төсеніш (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1970, №10, 62). 



СЫРШАЙ з а т. ж е р г. Ішіне қарабұрыш 

қосылған шай. Ендігі ермегіміз – көк ешкі. 

Оның сүті де мардымсыз. С ы р ш а й қып ішу-

ге зорға жетеді (Т.Бердияров, Жастық., 41). 

СЫРЫМТА  з  а  т.  «Барымта»  деп 

білдірмей алған малды сіңіріп кету. Барым-

та мен қарымтаның малы есепке алынады. 

Есепке алынбағаны с ы р ы м т а болып 

сіңіп қала береді. (Қаз. этнография., 1, 411). 

Білсе – барымта, білмесе – с ы р ы м т а 

(Мақал). 



СЫРЫМТЫҚ..?  Ауыздығын  салып,

с ы р ы м т ы ғ ы н көтеріп, Ділдəбек үйінен 

ұзай  бердік  (Ж.Молдағалиев:  Жұлдыз, 

1973, №7, 14). 


533

Байынқол Қалиев

СЫРЫНДЫ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Сарсуды 

қайнатып,  қоюлағаннан  кейін  жұқалап 

жайып  кептірген  тағам.  С  ы  р  ы  н  д  ы 

көбіне  шай  ішкенге  жақсы.  Қазір  ауылда 

сырынды  қайнатуды  қойып  барады  (Ана 

тілі, 23. 04. 1998, 13). 



СЫРЫНШАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Ебелек 

өсімдігінен  жасалған  дəрі.  Оған  атақты 

дəруші  Əбдіразақтың  өзі  тапқан  мың  да 

бір кеселге шипа болар, ебелек тікенегінен 

жасаған – с  ы  р  ы  н  ш  а  н  шурнəсі  де 

қонбапты (І.Есенберлин, Алмас., 27). 

СЫРЫС  Сыр  етістігінен  жасалған 

ортақ етіс. Білмегенді білуге тырысалық, 

Жалқаулықты көңілден с ы р ы с а л ы қ

Босқа  күлген  күлкіні  күйлемелік,  Шын 

ақылға  мойынды  бұрысалық! (Шəкəрім, 

Шығ., 35). 

СЫРЫСУ  Сырыс  етістігінің  қимыл 

атауы. 

СІБЕ з а т. Шыңжаңда тұратын мань-

чжур тектес халық. Қазақтан басқа қырғыз, 

ұйғыр, татар, ханзу, дүнген, с і б е, мұңғыл 

ұлттарының  ақынды  білетіндері  де  келіп 

көңіл  білдіреді  (Т.Мəмесейіт,  Таңжарық, 

2, 419). Жыл сайын көктемде мал баққан 

қалмақ, с і б е, солаң, дүнген, дағұр, монғол, 

торғауыт атаулы төл өргізу тойын, яғни мал 

басының көбейген қуанышын мейрам ғып 

өткізеді  (К.Сегізбаев,  Беласқан, 211). Ал 

с і б е маньчжур мен солаңның арасынан 

шыққан  халық  көрінеді  (Б.Нұржекеев, 

Өзендер., 121). 

СІБЕР...  Мұхаңның  кейбір  с  і  б  е  р 

замандастары  оны  сараң  еді  дегісі  келіп 

тұрады (Қаз. əдеб., 07. 12. 1984, 9). 

СІБЕ-СОЛАҢ  з  а  т.  Сібе  мен  солаң, 

екеуі. Жергілікті қазақ пен ұйғырдың, с і б е -

с о л а ң н ы ң байлары малшы-қосшыға жа-

рып қалды (Қ.Жұмаділов, Атамекен, 194). 



СІБЕТ

1 

з а т. с ө й л. Швед. Мұрынды, 

сақалды,  жирен  шаш,  көк  көз – орыс, 

ашаң бітімді, сары шаш – с і б е т, қызыл 

жүз,  ауыр  кекті – неміс, – бірі  батысқа, 

бірі  шығысқа  бейім  əртүрлі  тұлғалар 

(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 115). 

СІБЕТ

2 

з  а  т.  с  ө  й  л.  Электр  энер-



гиясы,  жарық  (цвет). – Неге  түспесін. 

Ауылдың  бəріне  с  і  б  е  т  беріп,  самала-

дай  жарқыратып  отырған  сен  емессің? 

(Ə.Асқаров, Өр Алтай., 368). 



СІБІР: Сібір алмасы. Суыққа шыдам-

ды, құрғаққа орташа шыдамды, ылғалды 

шамадан  артық  керек  етпейтін  жеміс 

ағашы. 

Сібір ананасы. п е р и ф р. Шырғанақ. 

Сібірліктер  шырғанақ  жемісін  бұрыннан 

бағалаған,  оны  мақтанышпен  «с  і  б  і  р

а н а н а с ы» деп атайды (Қ.Сыбанбеков, 

Жабайы өсімд., 73). 



Сібір мерезі. э п и т. Күйдіргі. Қазақтар 

бұрыннан  күйдіргі  деп  атап  келе  жатқан 

ісіктің осы қауіпті түрін медицина тілінде 

с і б і р  м е р е з і деп атайды (Қызылқұм, 

27. 10. 1971, 4). 



СІЛБЕ з а т. с ө й л. Су. Жаңбырлы жылы 

тау шөбі с і л б е болады. Мұның өзі малға 

зиян.  Біріншіден,  қой  ақсап,  айырбақай 

болады. Екіншіден, с і л б е шөпті саулық 

сүйіп  жемейді,  салмақ  қосуы  төмендейді 

(Коммунизм туы, 17. 05. 1967, 4). 



СІЛБЕЛІ  с  ы  н.  Сулы.  Жайлау  шөбі 

көбінесе с і л б е л і болады. Сол себепті 

қойға тұз жалатып отырудың маңызы зор 

(Коммунизм туы, 28. 02. 1968, 2). 



СІЛБУ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Ылбыраған, 

ілбіген. Бар білгені – соңына салған мына 

с і л б у іздің қимылынан сөлекет бірдеңе 

сезе  ме,  қалай? (Ə.Нұршайықов,  Соңғы., 

5).  Өмірден  шаршаған  адамның  сүйретіп 

басқан с і л б у ізі басқа емес, бұнікі. (Бұл 

да, 14). 

СІЛБУЛЕ  е  т.  Аяғын  ілби  басу, 

сүйретілу.  Күні  бойы  теңізден  үсті-басы 

малмандай су боп с і л б у л е п келе жата-

татын (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 161). 

СІЛБУЛЕУ Сілбеуле етістігінің қимыл 

атауы. 

СІЛБІ

1

...  Танауын  тесу – басбілгі 

ету  үшін  түйеге  мұрындық,  өгізге  с  і  л 



б  і  өткізуге  байланысты  тұмсығының 

шеміршегін  (желбезегін)  тесу  (Қаз.  этно-

графия., 2, 288). 

СІЛБІ

2

... Құдайбергеннің айтуынша ол 

1918 жылы жерге қырбық қар түсіп, с і л б і

қата  бастаған  шақта  қайтыс  болған  (Қаз. 

əдеб., 13. 09. 1974, 4). Күзді күні жерге əуелі 

қар жауса, оның соңынан іле жаңбыр жауса 

шөп мұздақ болып с і л б і тұрады (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1972, №2, 61). 

СІЛБІ

3

  е  т.  с  ө  й  л.  Сіркіреп  жаңбыр 

жауу;  сілбіле.  Кейде  с  і  л  б  і  г  е  н  ұсақ 

жауынмен араласып қырбық қар да түседі 

(Жұлдыз, 1972, №4, 69). 

СІЛБІЛЕН  Сілбіл е  етістігінен 

жасалынған  ырықсыз  етіс.  Бəйет  жерге 


534

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

түсіп, с і л б і л е н е жұқарған қарды басып 

жылқының  қасына  барды  (Р.Тоқтаров, 

Ғасыр наны, 128). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет