ТАҒАНАҚ: Тағанақ кеңесі э т н. Ел
мен ел арасындағы үлкен дау-шарларды
шешетін хан кеңесі. Ел мен ел арасындағы
үлкен дау-шарлар сұлтан, би, ру басы, ба-
тыр, жыраулар қатысқан «т а ғ а н а қ к е ң
е с і» арқылы шешілген (А. Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 1, 129). Əз Жəнібек тұсында
хан кеңесі екі түрге бөлінетін. Бірін – т а
ғ а н а қ к е ң е с і деп атайтын. Екіншісін
– тұрымтай кеңесі дейтін (І. Есенберлин,
Алмас., 277). Күз тоқсанның бас кезінде
хан «Т а ғ а н а қ к е ң е с і н» шақырды
(Бұл да, 281).
ТАҒАНДА е т. Тасырқап жүре алмай
қалу, бүгежектеу. Көксерке тасты өлке
болғандықтан мініс аты тез т а ғ а н д а п
қалады (З. Қинаятұлы, Көшпенді., 16).
ТАҒАНДАУ Тағанда етістігінің қимыл
атауы.
ТАҒАНДЫ с ы н. Тағаны (бұты) бар,
аяқты. Дүтбай соққан шығыршықты, үш
т а ғ а н д ы ошақтар əлі күнге дейін
сақталып келеді (Қаз. əдеб., 11.04.1975, 4).
ТАҒАР з а т. к ө н е. «Əскерлерді азық-
түлікпен жабдықтау үшін» шаруалар
мен қала тұрғындарынан алынатын
заттай салық. Т а ғ а р ретінде əскерлер
үшін азық-түлік қана емес, сонымен бірге
салт мінетін жəне жүк артылатын мал
үшін жем де жиналған (ҚазССР тарихы,
2, 349). Т а ғ а р д ы ң тұрақты мөлшері
болмады, оны хан жəне басқа феодалдар
белгіледі (ҚазССР тарихы, 2, 238). Хан
өз бағыныштыларынан алым-салық: мал-
шыдан – зекет, соғым, сыбаға, диқан мен
қолөнершілерден – ұшыр, т а ғ а р, бада,
хараж жинады (ҚҰЭ 5, 440).
ТАҒДЫРЛАСТЫҚ... Бірақ адам
арасындағы жарастық, т а ғ д ы р л а с т ы қ
бар емес пе (Т. Жұртбаев, Жер-бесік, 171).
ТАҒУЛЫ с ы н. Тағылып қойылған,
тағылған.Тырнақ шашы алулы, Шып-
ширақы қимылы. Ілгек, түйме т а ғ у л ы,
Кейбір бала тым жылы (Қазақстан пионері,
06.09.1966, 4).
ТАҒЫЛЫМДЫ с ы н. Тағылымы
мол, өнегелі. Ділмарлардың т а ғ ы л ы м
д ы дəстүрі мен сөз саптау үрдісінің
ұмытылуы – төл тіліміздің сəнін кетіріп,
сүдінін қашырып жүргені де анық (Қаз.
əдеб., 01.08.1986, 10).
ТАҒЫЛЫМДЫҚ с ы н. Тағылым
боларлық, үлгі-өнегелілік. «Көргеніңді
т а ғ ы л ы м д ы қ тəлім етпей дүниеден
өту – күнə» дегенді пəлсапалық ілім мен
Құран Кəрімнен де кездестіргенім бар
еді (М. Құдайқұлов, Құпия., 9). Кітапқа
жазушының соңғы жылдары жазылған т а
ғ ы л ы м д ы қ риссалары топтастырылған
(Жас алаш, 16.08.2012, 5).
ТАҒЫЛЫМШЫЛЫҚ: Тағылым-
шылық ілімі. Қытайдың конфуция ілімінің
негіздері. Олар табғаштың қолөнерін,
шипагерлігін, құрылыс өнерін, тілін, дінін,
т а ғ ы л ы м ш ы л ы қ і л і м і н оқиды
(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 40).
ТАЗ: Таздың басындай. Тап-тақыр,
жып-жылмағай. Əйтеуір, көгілдір қой-
наудағы жазықтың ортасында т а з д ы ң
б а с ы н д а й тап-тақыр, ақ балшық төбе шо-
шайып тұрады (Б.Шаханов, Қаратау., 46).
Таз кілем. Бір жері түкті, екінші жері
түксіз кілем. Кілемнің қалы кілем, түкті
кілем, тықыр кілем, тақта кілем, т а з к і
л е м, түс кілем, біз кілем тəрізді сан түрге
бөлінетінін осы кітаптан оқимыз (Қаз.
əдеб., 14.01.1983, 4).
ТАЗАЛАҒАНСУ Тазалағансы етіс-
тігінің қимыл атауы.
539
Байынқол Қалиев
ТАЗАЛАҒАНСЫ е т. Тазалаған болу,
шала-пұла тазалау. Қамыр жабысқан
қолдарын алжапқышымен мұқият т а з а л
а ғ а н с ы п, есік жабылғанша қос жанары
мөлдірей тесілді (Д. Амантай, Əңгім., 70).
ТАЗАЛЫҚШЫ з а т. Сыныптың
(кластың). тазалығын бақылайтын оқушы.
Класком, т а з а л ы қ ш ы сайлап алдық.
Класком болып Жүнісбай, т а з а л ы қ ш ы
болып Майра сайланды (Б. Соқпақбаев,
Балалық., 25).
ТАЗДЫҚ з а т. Таз болғандық, таз ау-
руына ұшырағандық. - Əй қалай мақтасаң-
дар да, менің т а з д ы ғ ы м д ы қоспасаң-
даршы, – деп күлген (О. Сəрсенбай,
Шеңбер, 172).
ТАЗҚАБАҚ з а т. Қабағының түгі
түсіп қалатын ауру. Өйткені оған (дер-
менеге) жайылған малдар тұяқ арасының
қиылып ақсақ болуы, т а з қ а б а қ қотыр
болу сияқты кеселдерден сап тыйылған
(Ж.Ауыпбаев, Жанарымда., 33).
ТАЗҚАРЫН з а т. Мал қарнының үлкен
əрі тықыр бөлімі. Сиыр, қой-ешкінің
қарыны төрт бөлімнен құралған: т а з
қ а р ы н (үлкен қарын), жұмыршақ,
қатпаршақ жəне ұлтабар. Азық ұлтабарда
қорытылады (Жетісу, 23.10.1963, 3).
ТАЗҚАРЫНДАУ с ы н. Аздап тықыр-
лау, жалаңаштау. Шабырмен шектес
бұл жақтың шағылдары өсімдікке сараң,
іркес-тіркес мінгескен майда жалдардың
күнес беті т а з қ а р ы н д а у келеді
(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 191).
ТАЗЫҒЫРЛАУ с ы н. Жүні аздау,
тықырлау. Аруана нəсілді түйенің пішін
тұлғасы сидиған, т а з ы ғ ы р л а у болады
(Қазақ елі, 07.04.1997, 4).
ТАЙ е т. Тобығы орнынан жылжып
кету. Қит етіп алысса, я секірсе тобығы
т а й ы п кететін-ді (С.Мұратбеков, Дос
ізде., 241).
Тай кесе. Үлкен кесе, жанан. Ақ мамық
жастықты шынтақтай, күміс т а й к е с е
м е н кестамды сіміріп отырып, Бұрындық
хан нөкерлеріне лепіре сөйледі (І. Есенбер-
лин, Алмас., 292).
Тай күзеу. Кекілі, жалы, құйрығы түгел
күзеледі. Тек жалынан уыс толар шоқтық
қалдырады (Шаңырақ, 523).
Тай саба. Тайдың терісінен жасалған
кішірек саба. Келесі – торсық, сосынғы – т а й
с а б а, құнан саба (Жалын, 1973, №1, 87).
ТАЙГА: Тайга аруы. п е р и ф р.
Балқарағай. Өсетіндердің көбі қылқан
жапырақты ағаштар, əсіресе балқарағайлар.
«Т а й г а а р у ы» деп аталатын осы ағаштар
сақылдаған сары аяздарға жақсы шыдайды
(Коммунизм туы, 12.08.1966, 4).
ТАЙҒЫШ с ы н. Тобығы орнынан
жылжып кеткіш. Осыдан кейін-ақ Аян-
ның тобығы т а й ғ ы ш болып алды
(С. Мұратбеков, Дос ізде., 241).
ТАЙКІРПІШ з а т. Ірі-ірі етіп құйылған
саман кірпіш. Мал қораларын салуға – тас,
т а й к і р п і ш, қамыс жəне басқалары
кеңінен пайдаланылады (Қазақстан ауыл
шаруаш., 1956, №11, 25).
ТАЙҚАРДАЙ с ы н. Үлкейген, есейген;
дардай.
ТАЙҚЫЛАН е т. Тайқы болып келу,
қиыстану, қисаю. Жиектері т а й қ ы л а н
ы п барып көтеріліп, ернеуленіп тоқтайтын
жазаңның өсімдігі жұтаң (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 196).
ТАЙҚЫЛАНУ Тайқылан етістігінің
қимыл атауы.
ТАЙҚЫЛЫҚ з а т. а у ы с. Бақытсыздық,
тəлейсіздік. Бəрін де маңдайымның т а й
қ ы л ы ғ ы н а н көремін (Д. Досжанов,
Жолбарыс, 47).
ТАЙЛА: Тайлап буғыш. т е х н.
Шабылған шөпті тай-тай етіп буатын
техникалық құрал. Ал шабылған шөпті
жинауға төрт тырнауыш, алты ысырма, екі
т а й л а п б у ғ ы ш бөлінген (Соц. Қаз.,
10.06.1972, 2).
ТАЙЛАС Тайла етістігінен жасалған
ортақ етіс.
ТАЙЛАУ... Т а й л а у д ы ң тиімділігін
де дұрыс түсініп, соны толық іске
асырған да алдымен осы екі шаруашылық
(Коммунистік еңбек, 23.08.1966).
ТАЙЛАУШЫ з а т. Шөп тайлау
жұмысын істеуші. Озат шөп т а й л а у
ш ы күніне жоспардағы 13 тоннаның ор-
нына 20-22 тонна шөп тайлауда (Лен. жас,
12.08.1977, 1). Бұл шөп т а й л а у ш ы
механизатор Тілеуқабыл Жəкейбеков екен
(Ортал. Қазақстан, 01.07.1972, 2).
ТАЙМЕН з а т. и х т и о л. Суық сулы
көлдер мен өзендерді мекендейтін балық.
Марқакөл балықшылары таулы Алтай
өзендерін мекендейтін тамаша т а й м е н
балығын өз су қоймаларында өсіруге талай
рет талпынып көрген екен (Марқакөл, 60).
540
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТАЙШЫ¹ з а т. Тай бағатын адам.
ТАЙШЫ² з а т. т а р. қ. Тəйжі. Бет-
бетіне бытырап жүрген жоңғар тізгінін
бір қолға жинақтауға алғаш рет тəуеке-
лі тұрған Хара Хула т а й ш ы екен
(Ə. Кекілбаев, Үркер, 69). Қыңқ етер бір т а
й ш ы, бір зайсан табылар ма екен соларда
(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 279). Қонтайшыдан
кейінгі жұмыс орындарын т а й ш ы, ноян,
зайсандар иемденген (ҚСЭ, 6, 600).
ТАЙЫНША: Тайынша айдату. Дой-
бы ойнағанда жеңген жақтың артылған
тастарын «тайынша айдату» деп атай-
ды. Дойбы ойынында «биге шығу», «қос
үйге қамау», «т а й ы н ш а а й д а т у»
т.б. қалыптасқан терминдер бар (Шаңы-
рақ, 391).
Тайынша бұқа. Бір жасар бұқа,
бұқашық. Т а й ы н ш а б ұ қ а – бір
жастағысы, құнан бұқа – екі жастан асқаны,
дөнен бұқа – үш жасары, бесті бұқа – бес
жасары, құжбан бұқа – жеті жастан асып
жетілгені (Қаз. этнография., 1, 552). Əсіресе
т а й ы н ш а б ұ қ а, құнан бұқаларды
айтсаңызшы (З. Ақышев, Жаяу., 7).
ТАКСИЛЕТ е т. Ылғи тəксимен жүру.
Т а к с и л е т і п барып, есіктің алдында
қыздың «кірсеңші» дегеніне қарамастан
тайып тұрады (Қаз. əдеб., 12.12.1975, 1).
ТАКСИЛЕТУ Таксилет етістігінің
қимыл атауы.
ТАКСИШІЛ с ы н. Таксимен жүргенді
ұнататын, таксиқұмар. – Бəлем, Жанарай,
т а к с и ш і л ең. Қалада трамвай, троллей-
бусты менсінбейтін (А. Нысаналин, Алыс.
алау, 31).
ТАК-ТАК ү с т. с ө й л. Сабыр сақтап,
тежеп, шектеп. Бірақ өзін қашаннан бері
т а к-т а к п е н ұстап келген əдетіне басып,
бұл жолы да Жұмабайдың көз қарасына бұл
мəн бермеген (Ж. Жұмақанов, Замана., 56).
ТАҚ: Тақ тұрды. с ө й л. Тік тұрды.
Солардың сөзіне т а қ т ұ р ы п, ойлан-
бастан жайлаудан жылқы алдырған сов-
хоз директорына өкпесі қара қазандай
(Қ. Жұмаділов, Сəйгүлік., 19). Басқамыз
Бекен десе т а қ т ұ р а м ы з. Ол – брига-
дир, ол – аспаз. Ал, Сүгірəлімен екеуінің жұл-
дызы қарсы (А. Нысаналин, Алыс. алау, 30).
ТАҚА ү с т. 1. Тіптен, тіпті, тым. Т а қ а
болмаса, молдалармен бірге пəленшекем-
түгеншекемнің жаназасына кіріп, ақ арулап,
ақирет сапарына шығарып салғандарын
айтады (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 20).
Дəрігер сырқат адамға түрліше дəрі-дəрмек
беріп, жеңіл де ауыр ем-дом жасап, т а қ а
болмай бара жатқанда пышақ жұмсауға
шейін барады (Қаз.əдеб., 15.11.1974, 3).
Дүниеде не көп – сынған темір көп. Т а қ а
болмаса, трактордың екі-үш доңғалағын
əкелсе, жетіп жатыр емес пе? (Пионер,
1974, 4, 19). 2. Дəл, тура. Мұқанның суреті
деп жазулы емес, т а қ а таныған кісі
болмаса, ешкім біле қоймас (С. Шəріпов,
Бекболат, 99). Т а қ а бір үміт, кесілген
біреу болмаса, үйде жататын ер-азамат
табылмас (Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 1, 292).
3. Мүлдем, біржолата. Қонақтар сейіліп
болған күні, Ұлжан қысқы соғым мен
сүрдің т а қ а біткенін айтты (М. Əуезов,
Таңд. шығ., 1, 328). Таусылуға айналған
ай, туғандағысындай емес, т а қ а жарық
бермей тұр (І. Есенберлин, Алтын., 1, 97).
ТАҚАЙ з а т. Есектің бір жастан асқан
баласы. Есектің кішкентай баласын көдек,
қодық, т а қ а й деп, ал одан үлкенін тайқар,
есектің ұрғашысын мада, еркегін əңгі деп
атайды (Қаз. этнография., 2, 86).
ТАҚАЛЫ с ы н. Тақасы бар, тақа
қаққан (етік). Т а қ а л ы саптамасын тақтақ
сүрлеуге тық-тық қадап, қойма жақтан
Жүсіп шал қаздиып шығып келеді екен
(Қ. Ысқақ, Таңд., 3, 75). Басында қазақы
бөрік, аяғында т а қ а л ы етігі бар 20-21
жас шамасындағы бір жігіт үйге кіріп келді
(И. Байзақов, Таңд. шығ., 2, 149).
ТАҚАУДА ү с т. с ө й л. Таяуда, жу-
ырда, жақында. Т а қ а у д а қазақтың
қой жылы бітіп, мешін жылы басталады
(Д. Досжанов, Зауал, 237). «Сегіз жүз гек-
тар жердің атыз, жабын жасадық. Енді т а
қ а у д а тұқым сеуіп, суын бастырамыз»
- деді Шарап (Қаз. əдеб., 26.05.1972, 1).
ТАҚБЕЗЕ... Ол екі кез қара сызға түс-
кенше не қасірет көрмеді, не т а қ б е з е
тартпады (Ж. Мусин, Туған үй., 65).
ТАҚЕТТІ с ы н. ж е р г. Нақтылы, анық,
дəл. Ал Əулеттің атқаратын т а қ е т т і
жеке қызметі жоқ (Т. Тілеуханов, Біздің
əке., 112).
ТАҚИ үст. Мүлде, тым. Темір бөшкені
де қайта-қайта шайып, т а қ и болмағансын,
жағаға əкеліп суға батырып қойдық
(Ө.Қанахин, Өз ақылы., 11).
ТАҚИЯ... 2. а у ы с. Тақия сияқты
домалақ, томпиған. Ауылдың күңгей
541
Байынқол Қалиев
тұсындағы т а қ и я төбеге əдейі келдік
(Лен. жас. 31.03.1972, 4).
Тақия тастамақ. э т н. Шеңбер жасап
отырған жастардың біреуінің артына
білдірмей тақия тастап кету ойыны;
орамал тастамақ. Ойым бар бір ойын
бастамақ, Аты оның «Т а қ и я т а с т а м а қ»
Шеңбер боп отыра қалыңдар, Болмасын
асығу, сасқалақ (Балдырған, 1977, №4, 23).
ТАҚИЯЛАН е т. а у ы с. Топ-топ болып
үйірілген, дөңгеленген. Иіліп ой ойлаған
қамыс, қоға, Сыбдырсыз мұңайғандай
төмен бұға. Аспанның т а қ и я л а н ғ а н
бұлттары, Суретін түсіріп тұр мөлдір суға
(И. Байзақов, Таңд. шығ., 1, 45).
ТАҚИЯЛАНУ Тақиялан етістігінің
қимыл атауы.
ТАҚҚҰМАР з а т. Билікке үйір,
мансапқұмар. Шенқұмар, т а қ қ ұ м а р
шенеуніктер, жағынғыштар оған да барады
(Жас алаш, 29.10.09).
ТАҚҚҰМАРЛЫҚ з а т. Билікке жету
үшін жанын салушылық, мансапқұмарлық.
ТА Қ С І Р Е Т Т І с ы н . А з а п т ы ,
қиыншылықты, ауыртпалықты. Қазақ-
тардың əлі де бақталайы ашыла қоймаған
т а қ с і р е т т і ахуалын тұрпайылатпай
терең жеткізгені үшін жоғары бағалады
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 456 ).
ТАҚТА: Тақта келі. Түбі жайпақ,
тегіс болып келген келі. Ағаш келінің екі
түрі болады: т а қ т а к е л і, шұңғыл келі.
Т а қ т а к е л і н і ң түбі тегістеу келе-
ді де, келсап дəл тиіп, дəнді майдалау-
ға, ұнтақтауға қолайлы болады (ҚСЭ, 5,
350).
Тақта кілем. э т н. Тақта-тақта етіліп
тоқылған кілем. Кілемнің қалы кілем, түкті
кілем, тықыр кілем, т а қ т а к і л е м, таз
кілем, түс кілем, біз кілем тəрізді сан түрге
бөлінетінін осы кітаптан оқимыз (Қаз.
əдеб., 14.01.1983, 4).
ТАҚТАЙ з а т. Арнайы жасалынып,
қамыр жаюға пайдаланылатын, ені бір
жарым қарыстай, ұзындығы бір м-дей,
беті тегістеліп сүрленген бұйым. Қамыр
илеуге жəне жаюға пайдаланылатын
тұрмыс мүліктерінің бірі – т а қ т а й.
Тақтайға қамыр тегіс жəне бір қалыпты
жайылады (Қ.Толыбаев, Бабадан., 250).
ТАҚТАЙЛАНУ ү с т. Жайдақталу,
тегістелу. Таудың осындай т а қ т а й л
а н а бітетін үсті əдейі жонып жасағандай
тегіс, əрі құланның терісі іспетті тақыр-таза
(О.Бөкеев, Қайдасың., 9).
ТАҚТАЙЛАТ... Өзі де басына үш
бөлмелі шатырлы там тұрғызып, еденін
т а қ т а й л а т ы п, əжептеуір дүние-мүлік
жинап, жетісіп қалған еді (Б. Тоғысбаев, От
пен күл, 107 ).
ТАҚТАЛАС з а т. Таққа, билікке та-
ласу; бақталас. Сөйтсем, əнекүні ғана
дүркіреп өткен т а қ т а л а с ы кезіндегі
өзінің кейбір қылықтарынан туған жан
жарасын жеңілдетермін деген үміті екен
(Ұ.Доспанбетов, Шығ., 4, 102). Бақталас
пен т а қ т а л а с азаматтық соғыстарға
ұласып, Алтын орда ыдырай бастады (Аңыз
адам, 2011, №19, 43).
ТАҚТАЛЫ с ы н. Тақтасы бар, тақта-
тақта. От қаруға болат шығыршықты
бадана да, құрыш т а қ т а л ы кіреуке де,
қола қалқанды шарайна да тосқауыл емес
екен (М. Мағауин, Аласапыран, 89).
ТАҚТЫ с ы н. Тағы бар, таққа отырған.
≈ Алтын т а қ т ы хан.
ТАҚТЫРАУАН з а т. Араб елінде
түйеге ерттеліп, бай адамдар мінетін,
асыл таспен, жібекпен сəнделген жазы
(қом). Жомарт ердің иманы судай тасқан,
Намарттың мұндай жерде құты қашқан.
Түйеге т а қ т ы р а у а н мінеді екен, Ол
топта иығы басып, бақыты асқан (Мəшһүр
Жүсіп, Шығ., 4, 107).
ТАҚУАСЫН... Тəңірім тақылда-
ған сопыдан, т а қ у а с ы н ғ а н тасыр-
дан сақтасын! (М.Əлімбаев, Көңіл
күнд., 50).
ТАҚУАШАЯН з а т. з о о л. Он аяқты
шаяндар тобына жататын, көбіне су
түбінде тіршілік ететін шаян түрі.
Жоғары сатыдағы шаянтектестерге асшаян
(креветка)., таңқышаян (краб)., омар, т а қ
у а ш а я н (рак-отшельник), құрлықшаян
(мокрица). т.б. жатады (Р.Сəтімбеков,
Қызықты биология, 55). Он аяқты шаян-
тəрізділерге ас шаяндар, таңқы шаяндар,
т а қ у а ш а я н д а р жатады (Су асты. тір-
шілік, 32).
ТА Қ Ы М : Т а қ ы м ы н а б а с т ы .
Меншіктеп мінді, иеленді. Тай күнінен
т а қ ы м ы н а б а с қ а н өзінің Ақжалы...
(Қ.Жұмаділов, Қазд. қайт., 98).
ТАҚЫМГЕР з а т. Көкпарды жақсы
тартатын, тақымы мықты адам. Көзім
біздің ауылдың əйгілі т а қ ы м г е р
542
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
көкпаршы жігіті Жұмақожаға түсті
(Н.Қазыбеков, Дала., 62).
ТАҚЫМГЕШ з а т. с ө й л. Тақымгер.
Т а қ ы м г е ш т е р жұдырыққа түкіріп,
тепсінеді, қаны бойда құтырып. Ат
пен адам айтқызбай-ақ сезеді. Таянға-
нын таланына тығырық (Жалын, 1974,
№4, 109).
ТАҚЫМТАРТАР з а т. э т н. Жас
келіннің ауылға мініп келген атына міну
дəстүріне ие болған əйелге тиесілі кəде.
Келіннің атына мінген адам ауылға тізгін
ұшында келеді, əрі келіннің аткөрпесінің
арасына салынған «т а қ ы м т а р т а р»
деген кəдені алады (А. Нүсіпоқасұлы..,
Ағаш бесік., 4, 37).
ТАҚЫР ү с т. Мүлде, бүтіндей,
біржолата. Қоржындағы шытырлаққа
не қой құйрығына емес, жаман тоңмайға
бөктірген шамалы жент т а қ ы р таусылды
(М. Мағауин, Аласапыран, 101).
ТАҚЫР: Тақыр алаша. с ө й л. Түксіз
алаша. Т а қ ы р а л а ш а тоқу немесе тақыр
кілем тоқу Қазақстанда жақсы дамыған
(Шаңырақ, 94). Т а қ ы р а л а ш а н ы
мейлінше жалпақ енді етіп тоқылған ұзын
басқұрды бір-екі құлаш шамасында ке-
сіп алып, өзара қосып тігеді (Қаз. этногра-
фия., 1,151).
Тақыр кілем. Түксіз кілем. Кілемнің
қазақ арасына көп тараған түрлері: масаты
кілем, қалы кілем, т а қ ы р к і л е м, түкті
кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен
кілем, парсы кілем, арабы кілем т.б. (Ə.
Тəжімұратов, Шебер., 53)
Тақыр қолтық. Аңның нағыз, дəл
(түксіз) қолтығы. Таутеке мергеннің
күткеніндей-ақ тұсынан екі-үш арқан бойы
жақындай берген кезде ол т а қ ы р қ о л
т ы қ т ы ң тұсын қарауылға іліндіре бере
шүріппені басып қалған (К. Сегізбаев, Жап-
жасыл., 10).
ТАҚЫРАУЫТ с ы н. с ө й л. Тақырлау.
Абайдың қыстауы тұрған жалғыз дөңнің
т а қ ы р а у ы т басы болмаса, басқадай
ойпаңның барлығы да сортаңға айналған
(К.Оразалин, Абайдан соң, 125).
Достарыңызбен бөлісу: |