Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет130/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   168

ТАҚЫРАШТЫ с ы н. Қаттылау, та-

сты. Өзен жиегінің жолы т ы қ ы р а ш т ы

қатқыл келеді екен, ат тұяқтары тарс-тұрс 

тиеді (Қ.Салғарин, Соқпақ., 34).

ТАҚЫРЛЫ с ы н. Тақыр болып келген, 

қатқыл. Өзен бойының т а қ ы р л ы, сорлы 

жерінде  əлгі  қалың  құмның  бір  уысы  да 

қалмағандай (І. Есенберлин, Маңғ., 161).

ТАҚЫС... 2. Ерегіспе  мінезі  бар, 

қырсық,  қыңыр.  ≈  Ол  т  а  қ  ы  с  балаға 

өтінішін қайтып айтпады.



ТАҚЫСТАН е т. Қырсығу, қыңырлану. 

«Керегі жоқ деген соң – керегі жоқ», - деп



т а қ ы с т а н д ы Молдаберді. (Д.Досжанов, 

Жолбарыс, 12).



ТАЛ¹...  2.  Талдан  істелген,  талдан 

жасалған.  Ол  қабығын  аршыған  т  а  л

таяғына  сүйеніп,  сатымен  көтерілді 

(З.Шашкин,  Тоқаш  Бокин, 16). Ол 

жылқышы  баланың  алдынан  шықты  да, 

оның  қолындағы  солқылдақ  ұзын  т  а  л 

құрықты  алды  (С.Бақбергенов,  Қайран 

шешем, 118). 

ТАЛ²  з  а  т.  ж  е  р  г.  Ағаш  атаулының 

жалпы аты (ағаш д.м.). Т а л ғ а шығатын 

шие, қарақат, итмұрын, қасқыржем сияқты 

жемістер буази бастаған (Ғ.Мұстафин, Да-

уыл. кейін, 436). Сонан соң өрік т а л д а р 



ғ а сыздықтатып су жіберді (Д.Досжанов. 

Тұлпард.  ізі., 61). Есік  алдында  қайың



т а л ы н ы ң балауса жапырағы суық сыр 

тартқандай  сусылдайды  (Жұлдыз, 1971, 

№7, 76). 

Тал қармады. Əрекеттеніп қалды, жан 

далбасалады.  Əлгісі  өзін  қайтсе  де  ақта-

мақ боп т а л  қ а р м а ғ а н айла-шарғысы 

болатын (Ө. Қанахин, Жас дəурен, 26).

ТАЛ³... 2. а у ы с. Əлсіреп, əрең. Алыс 

көше  жақтан  ары-бері  ағылған  маши-

налардың  даусы  да  бұл  жерге  т  а  л  ы  п

жетеді ( Ə.Асқаров, Таңд., 74). 



ТАЛАҚСЫЗ с ы н. «Талақ» деген сөз-

ді  айтпай,  талақ  етілмей.  Молдалар

«т а л а қ с ы з неке қиюға болмайды» деп, 

Қалтайға  да,  Қасымға  да  қатындарын  та-

лақ қылғызды (Б.Майлин, Таңд., 99).



ТАЛАНДЫ... Т а л а н д ы ғ а ұшыраған 

ауыл  сиқы  сағынып  келген  бала  жігіттің 

еңсесін көтере қоймап еді (Ж.Тұрлыбаев, 

Семсер, 35).



ТАЛАП:  Талап  қойылды.  Талап 

етілді, орындалуын қалады. Əр халықтың 

ойына сай бойы бар Бойсызға да қатал т а 



л а п  қ о й ы л а р. Қазақ тілі – қазақ халқы 

деген сөз, Тілін қорғай алмаған ұлт жойы-

лар (М.Шаханов, Мəңгүрт., 44).

Талап мерзімі. з а ң. Талапкердің сотқа 

немесе  арбитражға  талап  арыз  жазу 

мерзімі. Т а л а п  м е р з і м і н і ң ұзақтығы 


543

Байынқол Қалиев

да елдің заңнамасымен анықталады (Тер-

минол. анықт., 8, 91). 

ТАЛАСКЕР з а т. с ө й л. Таласқыш, та-

ласушы адам. Олар біле қалса хан тағына 

тағы бір т а л а с к е р д і ң пайда болғанын 

ұната ма? Əрине, ұантпайды (І.Есенберлин, 

Алмас., 136). 



ТАЛАСҚАНСУ Таласқансы етістігінің 

қимыл атауы. 

ТАЛАСҚАНСЫ  е  т.  Таласқан  болу, 

аздап қана таласу. Теріс деп т а л а с қ а 

н с ы п шындасады, Бірі оқып, кейде бірі 

тыңдасады.  Қапыда  балалардың  көзін 

алдап,  Сөйлесіп  қабағымен  ымдасады 

(Шəкəрім, Шығ., 355). 



ТАЛАСТЫРУШЫ с ы н. Таластырған, 

таласуға себепші болған. Иттерді т а л а с 

т ы р у ш ы кім? Кəне, айтыңдар?

ТАЛАУ з а т. Жылқы ауруларының бір 

түрі. 

Талау  келгір.  Жылқыға  айтылатын 

қарғыс. – Т а л а у  к е л г і р д і ң айғыры 

жығып кетті ме деп едім (Ж.Нəжімеденов, 

Кішкентай, 23). Əрі мына т а л а у  к е л г 

і р торының жүрісі жаман. Асқазанымды 

сапырып бітті (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 7). 



ТАЛАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Талағандық, 

талауға  түсіргендік  (Ж.Бектұров,  Жол 

жоралғысы, 45).



ТАЛ-БҰТА з а т. Ағаш та, бұта да – 

бəрі. Тым болмаса, шағыл ішіне атты тұсап, 

т а л-б ұ т а н ы паналаймыз ғой, - деген 

(Қ.Тоқмырзин,  Керзаман, 3, 32). Шағыл-

шағылдың іші т а л-б ұ т а. Оның айналасы 

түрлі от, күртік қары жауған күйі қопсып 

жатады (Бұл да). 

ТАЛҒА е т. ж е р г. Жерік болу. Дəу де 

болса шешелері аяқ қаптың түбінде қыстан 

қалған  қақпыш  боршаға  т  а  л  ғ  а  ғ  а  н 

шығар (Ə.Кекілбаев, Үркер, 17). Мен бұл 

баламның тұсында аюдың етіне т а л ғ а п 

ем (Бұл да, 108). 



ТАЛҒАҒЫШТЫҚ з а т. Талғағандық, 

таңдай білгендік. Мен докторлық диплом-

ды  ғана  айтып  отырғаным  жоқ,  ақиқат 

ғалымдықты, танығыштық пен т а л ғ а ғ ы ш

т ы қ т ы айтам (М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 

226).  Үшінші  бүркіттің  де  аса  күй  т  а  л



ғ а ғ ы ш т ы ғ ы н баян етті (Ғ.Оралбаев, 

Ақиық, 96).



ТАЛҒАЖАУЛЫҚ  з  а  т.  Талғажау 

болушылық,  қоректілік.  Бұл  əлдеқайда 

қауіпсіз болумен қатар т а л ғ а ж а у л ы қ



т  а  н  да  құралақан  емес  (К.Ахметбеков, 

Егіз қала, 151). 



ТАЛҒАҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Жерік.  Мына 

пəлеңнің  қайыс  қажауы  жаман.  Т  а  л



ғ  а  қ  шығар  (Ə.Кекілбаев,  Үркер, 505). 

Ақбілектің  жата  беретіні,  жұмыртқа 

іздегені, т а л ғ а ғ ы – аумаған бала біт-

кен əйелдің белгісі (Ж.Аймауытов, Шығ., 

273). 

ТАЛҒАМ-ТҰШЫМ з а т. Талғай алу, 

таңдай білу əрекеті; талғампаздық. Т а л

ғ а м - т ұ ш ы м н ы ң жоқтығынан дөрекілік 

пен  бейпілауыздыққа  да  ұрынып  жүрген 

жайымыз бар (Қаз. əдеб., 22.02.1974, 3). 

ТАЛДАМАШЫ з а т. ж а ң а. Бір нəр-

сені (жобаны т.б.) талдап беретін адам 

(маман). Бұған шетелдік т а л д а м а ш ы

л а р (аналитик) мен сарапшылар тарапы-

нан ұдайы сенімсіздік көрсету де бар (Егем. 

Қазақст., 05.07.2008).

ТАЛ-ДАРАҚСЫЗ  с  ы  н.  Талы  да, 

дарағы  да  жоқ,  тал-дарақ  өспеген; 

ағашсыз. Қайран қазақы ауыл т а л-д а р 

а қ с ы з, жеміс-жидексіз қаңқиып күнсіп 

жатыр  (Ж.Қорғасбек,  Жынды  қайың, 

124). Жақындай бере т а л-д а р а қ с ы з,

айтақырдағы  шағын  елді-мекеннің  жа-

нынан  тікенек  сыммен  қоршалған  үлкен 

əскери  қазарманы  көрді  (Ж.Қорғасбек, 

Үлпілдек, 176).

ТАЛ-ДАРАҚТЫ с ы н. Тал-дарағы бар, 

тал-дарақ өскен. 

ТАЛДЫР  е  т.  Киіз  басу  үшін  шабақ-

талған жүнге ыстық су құйып, ширату. 

ТАЛДЫРМА з а т. э т н. Шала басылған 

(талдырылған) киіз. Киіздің алғашқы жар-

тылай басылған түрі т а л д ы р м а деп 

аталады. Бұл əлі толық басылып қатаймаған 

кезі  (Ə.Тəжімұратов,  Шебер., 48). Төрт 

тулаққа жүн сабаған төрт келіншек т а л 

д ы р м а д а н түр ойып отыр (Қаз.əдеб., 

09.03.1974, 13). 



ТАЛДЫРУ Талдыр етістігінің қимыл 

атауы.  Шабақталған  жүнге  ыстық  су 

себіледі. Содан кейін ши оралып, тағы да 

су құймаланады. Мұны т а л д ы р у деп 

атайды (Ана тілі, 26.02.1998. 16). 



ТАЛДЫРЫЛ  Талдыр  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. 

ТАЛДЫРЫЛУ  Талдырыл  етістігінің 

қимыл атауы.

ТАЛКӨШКЕ з а т. с ө й л. Кез келген 

зат  сатылатын  базар.  Семей  қазақтары 

544

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

қатын-қалашына  шейін  саудагер  болып, 



т  а  л  к  ө  ш  к  е  д  е  бықырлап  жүргені 

(Ж.Аймауытов, Шығ., 133). 



ТАЛҚАН:  Талқаны  таусылды.  Қаза 

тапты, өлді, қайтыс болды. «Пəленбаймен 

тұрмыс  құрады,  пəленбайыншы  жылдың 

пəленбай жұлдызында т а л қ а н ы  т а 

у с ы л а д ы» деген жазуды да оқымадым 

(Қарақат тер., 127).



Талқаны таусылмаған. Əлі де көретін 

жарық  сəулесі,  суішерлігі  бар.  Бірақ 

Рысқұлдың əлі т а л қ а н ы  т а у с ы л



м а ғ а н шығар, əлі көретін жарық сəулесі, 

тататын  дəм-тұзы  бар  шығар, -деді 

(Ш.Мұртазаев,  Қызыл  жебе, 177). Өлгелі 

жатқан  бір  сорлы  екен  деп  жаназаңды 

шығарып отыр ем, т а л қ а н ы ң  т а у с ы л

м а ғ а н екен, көзіңді ашып, тілге келдің 

(Жұлдыз, 1973, №3, 98).



ТАЛҚАНДАС  с  ы  н.  Талқанды  бірге 

жескен, бірге өскен. Бірге өскен т а л қ а н 

д а с достарын мақтан тұта қайсының қайда 

жүргенін сара-сара етіп алға жаяды (Лен. 

жас, 09.01.1973, 4). 

ТАЛҚЫ:  Талқы  сөз.  ж  е  р  г.  Бір 

мəселені талқылау, пікір алысу іс-əрекеті. 

– Бала өлгенше шал өлсін. Бала бермейміз, 

- деп, т а л қ ы  с ө з д і ң төрелігін, тоқсан 

ауыз сөздің тобықтай түйінін бір-ақ кесіп 

айтты (Т.Мəмесейіт, Таудан., 25). 

Талқы  шай.  ж  е  р  г.  Дастарқанда 

басқа ешнəрсе жоқ, құры шай; қара шай.

Дастарқан жайылып, екі түйір құртпен т а л 



қ ы  ш а й іштік (М.Қаназов, Ақ тайлағ., 126). 

Сол күні сүт қатқан көже іше алмай, ішіміз

шұрқырап т а л қ ы  ш а й м е н жатқанбыз 

(Бұл  да, 150). Тар  заманға  тұрмысының 

салты сай, Талғажауға тартар сыйым – т а л

қ ы  ш а й (Е.Дүйсенбай, Бозала таң, 352). 

ТАЛМА¹... Балқаш көлінде сирек болса 

да, кейде т а л м а кездеседі (Балқаш өңірі, 

32).  Марқакөлде  бұлардан  басқа  мұнда 

теңгебалық пен т а л м а (голец) тіршілік 

етеді (Марқакөл, 47). 

ТАЛМА² з а т. с ө й л. Талдырма. Іш-

кілік өте жұмсақ, таза т а л м а д а н жа-

салады (Ж.Бабалықұлы, Ер қанаты, 262). 

ТАЛМАЛА  е  т.  Талшық  ету,  талмау. 

Самырсынның  жап-жасыл  қылқаны  мен 

теректің  қабығын  жібітіп,  іші  бұраудай 

қой-ешкінің  алдына  тастасаң,  талғамсыз 



т  а  л  м  а  л  а  п  талшық  етеді  (О.Бөкеев, 

Қайдасың., 64). 



ТАЛМАЛАУ  Талмала  етістігінің 

қимыл атауы. 

ТАЛМАУ...  Ал  қой  болса  желмен 

итінген шидің түбін жұлғылап, т а л м а у 

жасар (О.Бөкеев, Қайдасың., 125). 

ТАЛМОНШАҚ з а т. Тақияға бірнеше 

қатар етіп тағылатын моншақТ а л м о 

н ш а қ т ы жас балалардың, қыздардың 

тақиясына тағады (Қаз. этнограф., 1, 419).



ТАЛПАҚ:  Талпақ  танау.  Шошқа 

д.мТ а л п а қ  т а н а у л а р да сенімді 

қорсылдайды (Ғ.Мүсірепов, Таңд. əңг., 22).



ТАЛПАҚАЙ с ы н. Жалпиған, талпиған, 

аласа. Үйі де Алпысбайдың тап өзі сияқты 

жылтыраған екі көзі бар т а л п а қ а й жер 

үй екен (Ж.Аймауытов, Шығ., 114). 

ТАЛПЫНДЫ с ы н. Далбайға түсетін, 

қолға  ұшып  келетін  құс.  Саңғырығы 

тазарып,  ат  үстінен  қолға  келетін  құсты 

құсбегілер  «т  а  л  п  ы  н  д  ы»  құс  дейді 

(Ж.Сатылғанов, «Қауырсын»  клубы, 93). 

Құсбегілер  т  а  л  п  ы  н  д  ы  құсты  алғаш 

далбайға түсіріп байқайды (Бұл да).



ТАЛПЫНТУ... – Жүрекке саусақ бітіру, 

алыс аспандағы айға т а л п ы н т у Абай-

дай  аруақтының  ғана  қолынан  келген  де 

(М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 48).



ТАЛТАЯҚ с ы н. Аяқтары талтайып 

қалған. Сығырайған көздері, сақал-мұрты 

əрең  ажыратылатын  т  а  л  т  а  я  қ  біреу 

əлдекімге білгішсіне айғайлады (Ана тілі, 

18.12.2008).



ТАЛ-ТЕРЕК з а т. Ағаштар д.м. Т а л-

т е р е к т е р қарауылша қаздиып, шыр-

шалар сарбаздарша сап түзеген (Д.Рамазан, 

Жылап аққан, 40). Маңайдағы т а л - т е р е к

т е р д і ң сарғыш тартқан жапырақтары 

жыландай  ысылдаған  суық  желге  қосыла 

уілдейді (Д.Рамазан, Жылап аққан, 256). 

ТАЛША  с  ы  н.  Тіп-тік,  түп-түзу 

біткен,  сұңғақ  (бой).  Тым  ұзын  да  емес, 

жер тапал қысқа да емес, сымға тартқандай 

түп-түзу,  тік  біткен  т  а  л  ш  а  бой,  сан-

дал  ағашындай  сұлу  да  сұңғақ  тұлға 

(Ө.Қанахин, Құдірет, 80). 

ТАЛШАРБАҚ з а т. Талдан тоқылған 

қоршау (шарбақ). Сирек тоқылған т а л ш а 

р б а қ қ а салынды, сабан толтырып, көлдің 

көзден  таса  қағаберістеу  бір  қамысты 

жиегіне  орнатты  (Ф.Дінисламов,  Көл 

жағасында, 19). Маңайында т а л ш а р б а қ,

аумақты  тас  қоралар  бар  (А.  Нұрманов, 

Құланның ажалы, 104).



545

Байынқол Қалиев

ТАЛЫҚ з а т. а р. Талай¹. Жасапты ол 

отыз жеті анығында, Сол болар жазылғаны 



т а л ы ғ ы н д а. Алла əмірін тəуіптер қалай 

білсін, Айтпаған ажал тұр ғой хауыбын да 

(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 27).

ТАЛЫҚПАН е т. Шаршамаймын, тал-

маймын д.м. Қара озып кеткен шешен жоқ, 

Өзімнен  озып  көп  артық.  Шамалы  жерге 



т а л ы қ п а н, Артсаң да ауыр жүк артық 

(ХХ ғас. бас. қаз. ақын., 99).



ТАЛЫС: Талыс аяқ. Талтиып қалған 

үлкен аяқ. Мисыз ой, т а л ы с а я қ, сасық 

қолтық,  Мегежін,  шартық  бұқа,  бойы 

қортық.  Буаз  қатын  секілді  шартиғанда, 

Айран  құйып  байлаған  бір  жанторсық 

(С.Торайғыров, Таңд. шығ., 25).

ТАМАДАЛЫ  с  ы  н.  Тамадасы  бар, 

тамада жүргізетін. – Т а м а д а л ы, то-

стылы тойлардың тəлім-тəрбиелік маңызы 

қандай? (И.Қарақұлов, 40 сұрақ, 100)

ТА М А Қ :   Т а м а қ   ж ы р т ы с т ы . 

Айғайласты, айтысты, тартысты. Күллі 

көптің көзінше т а м а қ  ж ы р т ы с ы п,

уəж  айтып  жатқым  келмеді.  Бұрылдым 

да,  шығып  жүре  бердім  (С.Оспанов, 

Сопы., 142).

Тамақ  ұрасы.  м  е  д.  Тамақтың  ісіп, 

тесіліп  ауыратын  ауруы.  Мысалға,  інжу 

қарашықты  шел  басудан,  көз  сүйелінен, 

ноғаладан, янтарь (сутас) т а м а қ  ұ р а с ы 

мен жемсаудан сақтайды деген ұғымдар əлі 

де кезігеді (Қазақс. əйелд., 1983, №9, 25). 

ТАМАШАҚОЙ  с  ы  н.  Тамашаны 

жақсы көретін, тамашашыл.

ТАМАШАҚОЙЛЫҚ  з  а  т.  Тамаша-

ны  жақсы  көрушілік,  тамашашылдық

Сауықшыл  Арғын  елінің  осындай  т  а  м 



а ш а қ о й л ы ғ ы Дəулеттей жасынан ел 

шетінде  соғыста  жүрген  батырға  қызық 

болып көрінген (Ж.Ахмади, Айтұмар, 275).

ТАМАШАЛАУШЫ  з  а  т.  Тамаша 

етуші,  қызық  көруші.  Т  а  м  а  ш  а  л  а  у 

ш  ы  л  а  р  иесінің  қыбына  көнгіш  аттың 

жылпыңдығына, жігіттің тəсіліне сүйсініс 

білдіреді (Қ.Толыбаев, Бабадан., 117). 

ТАМБУРА з а т. Орыстың қос ішекті 

саз  аспабы  (домбыра).  Бізде,  орыс  ара-

сында, қос шекті т а м б у р а деген аспап 

бар-тын (К.Жүністегі, Едіге, 306). 

ТАМШЫ  з  а  т.  Там  (үй)  салушы; 

үйші.  Күмбездеп  салу  дəстүрі  т  а  м  ш 

ы  шеберлердің  тас  қалау,  сыналап  қалау 

өнерінің кемелденген кезінен кейін қанат 

жайғандығын  аңғарамыз  (Қаз.  əдеб., 

16.11.1984, 15).



ТАМШЫЛЫҚ з а т. Там соғушылық, 

там жасаушылық. Жасалып жатқан жаңа 

қалашықтың т а м ш ы л ы қ, ағашшылық, 

терімшілік  кəсіптерін  де  осылар  істейді 

(М.Разданұлы, Алтай., 51). 



ТАМЫЗҒЫ  з  а  т.  м  е  д.  Ауру  адамға 

тамыры  арқылы  біртіндеп  дəрі  жіберу; 

капельница (Бекітіл. термин., 77).

ТАМЫЗДЫҚ  з  а  т.  э  т  н.  Туыс-

туғандардың жаңа отауға берген көмегі

Əке  шаңырағынан  бөлінген  жаңа  отауға 

туған-туыстары  өз  əлінше  мал  мен  мүлік 

қосады, оны халық тілінде «жылу», «т а 



м ы з д ы қ», «немеурін» деп атайды. Бір 

əдеттің бұлайша үш түрде аталуы бертінде, 

көмектің аз-кемтігіне қарай қалыптасқан. 

Оның ең көбі – жылу (Х.Арғынбаев, Қаз. 

халқы., 38). 

ТАМЫЗЫҚ... 2. а  у  ы  с.  Əңгіменің 

тууына арқау, себеп д.м. Ал «қысқа жазу 

таланттың  белгісі»  деген  белгілі  сөзді 

осы  араға  кірістірсек,  əңгімемізге  т  а  м-

ы  з  ы  қ  тастаған  болар  едік  (Лен.  жас., 

06.08.1988, 3)



Т А М Ы З Ы Қ Т А Л   Т а м ы з ы қ т а 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс. 

Тырбық  жусанның  қураған  түбіртегімен 



т а м ы з ы қ т а л ы п, мосының астында 

лыпып жанған тезектің жалыны жез қара 

шəугімнің  бауырын  жалмаңдай  жалайды 

(М.Айымбетов, Құмөзен., 7). 



ТАМЫР:  Тамыр  атпалары.  б  о  т.

Кейбір  өсімдіктердің  тамырларында 

бүршіктер  пайда  болады.  Осы  бүршік-

терден жаңа жас өсінділер өсіп шыға ала-

ды. Оларды тамыр атпалары деп атайды. 

Т а м ы р а т п а л а р ы тамырдың қосалқы 

бүршіктерінен дамып жетіледі. Көк терек 

пен шетен т а м ы р  а т п а л а р ы н а н 

көбейеді (Ботаника, 104).



Тамыр  оймақшасы.  б  о  т.  Жас 

тамырдың  ұшы  жасушалар  қабатымен 

қалпақ  тəрізді  қаптаулы  болады.  Та-

мыр  ұшындағы  осы  қабатты  тамыр 

оймақшасы деп атайдыТ а м ы р  о й м а қ

ш  а  с  ы  тамыр  ұшын  топырақтың  қатты 

түйіршіктерінің  зақымдауынан  қорғайды 

(Ботаника, 57).

Тамыр  өңі.  б  о  т.  Тамырдың  сыртын 

қабықша жауып тұрады. Оны тамыр өңі 

деп атайды (Ботаника, 57).


546

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТАМЫР: Тамыр ұстау. Тамыршының 

(емшінің) ауырған кісінің тамырын ұстау 

арқылы  оның  ауруын  анықтау  ісі.  Емші 

ауру  адамның  т  а  м  ы  р  ы  н  ұ  с  т  а  у 

арқылы оның жүрек қағысын білген (Қаз. 

этнограф., 1, 274).



ТАМЫРДƏРІ...  2.  Өсімдіктің  тамы-

рынан  жасалған  дəрі.  Ауылдан  шеткері 

оңаша бір үй тіккізіп алып, т а м ы р д ə 



р  і  ішкізген  адамның  үстіне  албаты  адам 

кірмейді екен (М.Разданұлы, Алтай., 155).



ТАМЫРЖЕГІ з а т. Қант қызылшасының 

ауруы. Ал кешігіп қопсытылса (қызылша), 

тамыр жинамай өте əлсіз болып өседі. Не-

месе т а м ы р ж е г і ауруына шалдығады 

(Ы.Кененбаев, Лабасы., 37). 



ТАМЫРЖЕГІШ з а т. з о о л. Ағаштың 

тамырын жейтін құрт. Солардың ішінде 

орманның қауіпті зиянкестері т а м ы р ж 



е г і ш пен мұртты қоңыз сияқтылар да бар 

(Қарқаралы, 172). 



ТАМЫРЛАСТЫҚ...  Түпкі  тарихтан 

тарихи т а м ы р л а с т ы қ іздеген адам бұл 

еңбектен мол мəлімет табады (Б.Омарұлы, 

11-ші қаламұш, 63). 



ТАМЫРЛЫҚ... Т а м ы р л ы қ құрбылас 

кісінің  арасында  болады.  Ал  жасы  үлкен 

кісі  мен  жас  жігіт  тамырласам  десе, 

кейде  осылайша  өкіл  күйеу  боп  аталады 

(М.Əуезов, Таңд. шығ., 1, 156).

ТАМЫРСАБАҚТЫ с ы н. Тамырсабағы 

бар, тамырсабақ өскен. Желайдар, інжугүл 

– т а м ы р с а б а қ т ы өсімдіктер, қазжуа, 

жауқазын – пиязшықты өсімдіктерге мысал 

бола алады (Ботаника, 126).



ТАМЫРСЫЗ  с  ы  н.  1.  Тамыры  жоқ, 

тамыр өспеген. 2. а у ы с. Тексіз, негізсіз

Базбіреулер  тілмен  қатар  тіпті  ұлтын 

шегерді,  Міне,  бізге  космополиттенген 

адам не берді? Т а м ы р с ы з д ы тамырлы 

өмір тұрса-дағы көтеріп, Тамыр күшін мой-

ындамау – ең қауіпті қателік (М.Шаханов, 

Мəңгүрт., 56).

ТАМЫРСЫЗДЫҚ  з  а  т. 1. Тамыры 

жоқтық,  тамырының  болмағандығы. 2. 

а у ы с. Тегінашарлық, тексіздік. Үшінші 

топ – мүлде ана тілсіз өсіп-өнгендер, Баба 

рухын алты қырдың аржағына көмгендер. 

Космополит: Тағдыр парқын т а м ы р с ы з

д  ы  қ  жеңгендер  (М.Шаханов,  Мəңгүрт., 

32). Тағдырыңды тамырсыздық індетінен 

қалқала,  Мазмұн  жоқта  мазмұнсыздық 

шыға келер ортаға (Бұл да, 61).



ТАМЫРТҮЙНЕК... Т а м ы р т ү й н 

е к – түрі өзгерген тамыр. Ол георгинада, 

бататта (тəтті картопта) т а м ы р т ү й н е 



к болады (Ботаника, 59).

ТАМЫРШЫЛАП  ү  с  т.  Алыс-беріс 

жасап  жүріп,  тамыр  болып.  Ағайындар 

шөп шабатын шалғы орақ түгіл қол орақ та 

ұстамапты ғой. Соларды мына кете, ожы-

райлардан барып т а м ы р ш ы л а п алдық 

(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 116). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет