Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет131/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   168

ТАНА...  Қазанқаптың  ішінде  қазан 

жақсы орналасу үшін оны төрт бұрыштап 

пішеді де, түп жағын дөңгелектеп келтіріп, 

2-3 жерден т а н а й д ы (ҚСЭ, 6, 391).



ТАНАБАУ: Танабау тағу. э т н. Алғашқы

 жетістігі үшін жас балаға түйме-тана 

тағып,  құттықтау,  əспеттеу  рəсімі

Көрші-қолаң, дос-жарандары «Балаларың 

жігіт  болыпты»  деп,  ұл  болса – түйме-

тана, қыз болса – білезік, сөлкебай тағып 

жібереді. Бұл «т а н а б а у  т а ғ у» деп 

аталады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 

39). Салт бойынша, баласына «т а н а б а у»

т а ғ ы л ғ а н ата-ана бұл жағдайды міндетті 

түрде атап өтеді (Бұл да). 



ТАНАЛЫ¹ с ы н. Танасы бар, танасын 

ерткен. ≈ Жайлаудан бір т а н а л ы сиыр 

айдап келді. 



ТАНАЛЫ² с ы н. Тана (түйме) таққан, 

танасы бар. Жылтыраған жұлдыздар шол-

пылы, т а н а л ы қыз-келіншектерге ұқсап 

кетті (Т.Əлімқұлов, Ел мен жер, 8).

ТАНАПТЫ с ы н. Егістік жер бірнеше 

танапқа бөлінген. Бес т а н а п т ы ауыспа-

лы егіс жүйесінің жобасы жасалған екен, 

бірақ ол қағаз бетінде қалған (К.Баялиев, 

Жер тынысы, 86). 



ТАНАТ..? Бес жасыңа келгенде Белдің 

қызығын көрсін деп, Бес бедеуге салдыр-

дым. Алты жаста ақтаттым, Аттай мұрның 

т а н а т т ы м (Ер Тарғын, 28).

ТАНАУ:  Танау  маңқа.  в  е  т.  Маңқа 

ауруының  малдың  танауына  түскен 

жеңілдеу  түрі.  Халық  маңқаның  өкпеге 

түсетін ауыр түрін – көкірек маңқа, танауға 

түсетін жеңілдеу түрін – без маңқа, т а н а у

м а ң қ а деп атайтын (Х.Арғынбаев, Қаз. 

этногр., 120)



ТАНАУҚҰРТ з а т. з о о л. Қойдың та-

науына түсетін құрт. Т а н а у қ ұ р т көк-

темде  қойдың  күйі  төмендегенде  пайда 

болады. Оған қарсы кралин дəрісі қолданы-

лады (Қазақст. ауыл шаруаш., 1970, №7, 55). 



547

Байынқол Қалиев

ТАНАУЛАН  Танаула  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. – Ит қуған ақиіс 

т а н а у л а н ы п кетіпсің, бүлдіріп келдің 

бе? (Жалын, 1977, №2, 64)



ТАНАУЛАНУ  Танаулан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ТАНДЫРЛАН  Тандырла  етістігінің 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Күз  келгелі  ол 

басынан байланғандықтан т а н д ы р л а н 



ы п жатыр (Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 136). 

ТАНДЫРЛАНУ Тандырлан етістігінің 

қимыл атауы.

ТАНДЫРША  ү  с  т.  Тандыр  сияқты, 

тандыр тəрізді. Қарны ашқан сайын шөл 

де қысып, тамағы т а н д ы р ш а кебе түседі 

(Оңт. Қазақст., 03.10.1972, 3)

ТАНКІШІ з а т. Танкі жүргізуші, тан-

кист. Т а н к і ш і көркем көрерге Т а н к і 

ш і болу зор қызмет. Соғысқа барып енер-

де  Пехотаға  тағызым  ет  (Қ.Аманжолов, 

Шығ., 2, 224).

ТАНЫМАЛДЫЛЫҚ  з  а  т.  Елге 

белгілілік,  көпшілікке  таныстық.  Оның 

атының кең т а н ы м а л д ы л ы ғ ы сон-

дай, балалардан: - Кімнің баласысың? – деп 

сұрасаң, - Зинегүлдің, - деп жауап береді 

(С.Оспанов, Сопы., 94).

ТАНЫМ-ТҮСІНІК  з  а  т.  Адамның 

танымы  жəне  түсінігі,  ұғымы.  Бұл 

балалардың  ойлау  қуатын  арттырып, 

зейін-зердесін ашып, т а н ы м-т ү с і н і 

г  і  н  тереңдетеді  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 1, 37). 



ТАНЫСУ з а т. Қыздың ұзатылар ал-

дында  туған-туысқандарын,  ел-жұртын 

аралап  қоштасуы.  Ұзатылатын  қыз  той 

болардан  бұрын  өзінің  ел-жұртының, 

төркіндерінің  алдында  өтеуге  міндетті 

жоралғыларды  орындайды.  Соның  бірі – 



т  а  н  ы  с  у,  яғни  ел-жұртымен  қоштасу 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 141). 



ТАНЫТҚЫШ с ы н. Таныта алатын, 

танытатын. –Ей,  сенің  көкең  болғанда 

бұлардың  көкесі  жоқ  па?  Танытып  көр 

əкесін, т а н ы т қ ы ш болсаң. Қара мұны! 

(Ұ.Доспанбетов, Ел есінде, 14).



ТАНЫТҚЫШТЫҚ  с  ы  н.  Таныта 

алатындық, танытатындық. Бұл олардың 

шығармаларының т а н ы т қ ы ш т ы қ қа-

сиетін арттырады (Қаз. əдеб., 21.11.1986, 6). 

ТАҢ: Таң асырылды... Қысқы жабулар 

Қазақстанның  солтүстік  облыстарында 

киізден  жасалып,  суытылатын  немесе

т а ң  а с ы р ы л а т ы н аттарға жабыла-

тын (Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман, 198).



Таңды  таңға  ұрды.  Түнімен  ұйық-

тамады, демалмады, тынықпады. Т а ң д ы

т а ң ғ а  ұ р ы п жүріп, біз де егін, масақ 

тердік (Лен. жас, 16.10.1971, 4).



Таң жұлдызы. а с т р. с ө й л. Шолпан. 

Қазақтар Шолпанды т а ң  ж ұ л д ы з ы деп 

атайды (Н.Қазыбеков, Дала., 112).

Таң  құланиектенді.  Таң  бозарып, 

атып  келе  жатты,  таң  саз  берді.  Т  а  ң

қ ұ л а н и е к т е н і п саз беріп келе жат-

қанда  көзі  ілікті  (Б.Майлин,  Таңд., 90). 

Қызылшашылар т а ң  қ ұ л а н и е к т е н

г е н н е н-ақ плантация басына жинала бас-

тады (Лен. жас, 25.07.1974, 3). 



Таң  намазы.  Таң  ертең  оқылатын 

намаз;  памдат. «Намаз  тағылымында» 

тəулігіне  бес  рет  оқылатын  намаздың 

аттары – т а ң  н а м а з ы, түскі намаз, бе-

сін тамаз, кешкі намаз, түнгі намаз да кел-

тірілген (Егемен. Қазақст., 14.12.1991, 6). На-

маз түрлері мен оларды оқу уақыты: т а ң



н а м а з ы – 4,48; бесін намазы – 12,52; екін-

ді намазы – 17,23; ақшам намазы – 19,23; құп-

тан намазы – 20,48 (Жас алаш, 10.08.2010, 6).

Таң  торғаймен.  с  ө  й  л.  Таңертеңгі 

торғайдың  шиқылымен,  таң  атысымен; 

елең-алаңда. – Қос шаңырақкерді таңертең 

ерте  жек,  бүгін  жарманың  бұлқынын 

жөндеп қой. Т а ң  т о р ғ а й ы м е н тұр 

(Ж.Мусин, Туған үй., 117).



ТАҢБАБАСТЫ  с  ы  н.  Ерекше, 

айырықша. Мен бұл ретте бұрыңғы сесси-

ялардан т а ң б а б а с т ы өзгешілігін ғана 

баса айтар едім (Қаз. əдеб., 01.01.1989, 2). 

ТАҢБАЛАУЫШ з а т. а у ы л. ш а р.

Сеялкаға  орнатылып,  жүргізілетін 

жүлгенің  (борозданың)  немесе  тұқым 

отырғызылатын желінің (сызықтың) ара 

қашықтығын өлшеп тұратын техникалық 

құрал; маркер (Бекітіл. термин., 77).

ТАҢБАЛЫҚ з а т. Малдың таңба са-

лынатын жамбас тұсы немесе жауырын 

тұсы.  Ағысы  қаттылығы  болмаса  өзен 

құла биенің т а ң б а л ы ғ ы н а н ғана 

келді  (З.Қинаятұлы,  Көшпенді., 5). Көл 

суын т а ң б а л ы қ т а н кеше пырылдап, 

айнадай жарқыраған су бетіне сансыз əжім 

тастаған жалқылар гүрп-гүрп тарпиды суды 

(О.Бөкеев, Қайдасы., 33).

ТАҢБАСӨЗ  з  а  т.  Белгі  беретін, 

келісілген сөз; код. 


548

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТАҢҒҰТ з а т. Халық аты. - Əлгі орыс, 

қазақ, қалмақ, т а ң ғ ұ т, шүршіттердің 

жиналып, бір қауыздан су ішіп, жұмыс жа-

сап жатқан жеріне ме? (Қ.Құрманғалиева, 

Атырау., 64)

ТАҢҒЫШБАУ  з  а  т.  Киіз  үй  кере-

гелерінің  түйіскен  жерін  таңатын  бау 

(құр). Бұл күнде киіз үй жасайтын да, оның 

ішкі өрнектерін (басқұр, желбау, т а ң ғ ы 



ш б а у, шашақбау, уықбау) безендіретін де 

шеберлер көп (Қаз. əдеб., 19.04.1985, 4). 



ТАҢДАЙ з а т. в е т. Жылқы малының 

таңдайы  зақымданып,  шөп  жей  алмай 

қалатын  ауруы.  Жылқыда  кездесетін 

қараөкпе, т а ң д а й, мандам, маңқа, бөген 

жəне басқа да аурулар бар (Х.Арғынбаев, 

Қаз.этногр.).



ТАҢДАЙ:  Таңдай  құрақ.  Таңдай 

пішіндес  майда  құрақ.  Құрақтың  қайшы 

құрақ, т а ң д а й  қ ұ р а қ, жұлдыз құрақ 

деген  түрлері  болады  (Ə.Ысқаққызы: 

Радиодан). 



ТАҢДАЙЛАН е т. Таңдай сияқты болу, 

таңдай  тəріздену.  Таң  арайы  оны  қан-

ға  малып  алып,  аспанға  шайып  тастаған 

ақ  қойдың  жабағы  жүніндей  т  а  ң  д  а  й

л  а  н  ы  п  көрінеді  (А.Жұмаділдин,  Сең 

бұзыл., 31).



ТАҢДАЙЛАНУ Таңдайлан етістігінің 

қимыл атауы. 

ТАҢДАЙЛАП  ү  с  т.  Таңдай-таңдай 

етіп,  қатпарлап.  Төбесін  қара  қоғаны 

т а ң д а й л а п, кілемше тоқып жапқан 

(А.Жұмаділдин, Сең бұзыл., 76). 



ТАҢДАЙЛАУ... Əшекейлі түр салудың 

кестелеу,  зерлеу,  көз  салу,  шымкестелеу, 

мүйіздеу, бастыру, т а ң д а й л а у, кереге 

көздеу,  шаршылау  сияқты  салалары  бар 

(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 47). 

ТАҢДАМАХШАР з а т. д і н и. Өлген 

адамдарды жұмақ пен тамұққа іріктейтін 

жер.Т а ң д а м а х ш а р д а кезігермін 

бұйырған  қатын-бала  болса  (А.Жүнісов, 

Өмір  ізі, 72). – Т  а  ң  д  а  м  а  х  ш  а  р  ғ  а 

екі  адам  барған  екен, - деп  Сиғат  сөзін 

ауыл  арасының  анекдотынан  бастады 

(Қ.Ысқақов, Қараорман, 90). 



ТАҢДАНҒАНДЫҚ з а т. Таңғалғандық, 

таңырқағандық.  Құныскерейдің  қырағы 

жанары жүргіншіні тани кетті де, жырын-

ды бөрінің жүзінде т а ң д а н ғ а н д ы қ 

т  ы  ң  белгісі  пайда  болды  (М.Мəжитов, 

Құныскерей, 194).



ТАҢДЫҚ  з  а  т.  Тоғызқұмалақ  тақ-

тасындағы  ең  соңғы  отау.  Ойын-

ның  алды  бірінші  маңдай  атауынан  ба-

сталып, соңы арт немесе т а ң д ы қ от-

ауларынан  аяқталады  (О.  Жолымбетов, 

Айгөлек, 48). 

ТАҢЖҰЛДЫЗЫ з а т. а с т р. с ө й л. 

Шолпан. Меркурий қазақтарға Т а ң ж ұ л

д  ы  з  ы  деген  атпен  мəлім  еді  (ҚазССР 

тарихы, 2, 374). Қазақ Шабансарыны Т а ң



ж ұ л д ы з ы дейді (Ə.Хасенов, Жат жазасы, 

70). Орысша «Венера» жұлдызының қазақ 

тілінде Шолпан, Ақжұлдыз, Жарықжұлдыз, 

Т  а  ң  ж  ұ  л  д  ы  з  ы,  Шағыржұлдыз, 

Тұлқатын,  Өмірзая,  Зуһражұлдыз  деген 

қосымша  атаулары  бар  (Егем.  Қазақст., 

22.11.2000).



ТАҢҚАСҚА  ү  с  т.  с  ө  й  л.  Таң  боза-

рып  атып  келе  жатқан  мезгіл.  Жұрт 

жұмысқа т а ң қ а с қ а д а н шығып, түн-

де  бір-ақ  қайтады  (Б.Соқпақбаев,  Бала-

лық., 37).



ТАҢҚУРАЙ... 2. Таңқурай  өсімдігінің 

жидегі.  Енді  сіз  қып-қызыл  боп  ал-

бырап  жатқан  бүлдірген,  жоқ  болмаса 

анау  т  а  ң  қ  у  р  а  й  д  ы  таңдайыңызға 

салып  талмаңыз  да,  оразаңызды  ашыңыз 

(О.Бөкеев, Қайдасың., 184). Олар қазірдің 

өзінде-ақ алмадан, құлпынайдан, т а ң қ у р 



а й д а н, қарақаттан, қызылшадан, сəбізден 

жасалған шырындарға қанық болып алған 

(Жетісу, 06.08.1968, 4).

Таңқурай  қоңызы.  з  о  о  л.  Негізінен 

таңқурай  өскен  жерде  тіршілік  ететін 

зиянды қоңыз. Т а ң қ у р а й  қ о ң ы з ы н 

ы ң жеміс-жидек гүлдеріне тигізетін зияны 

мол. Əсіресе ол алмұрт, шие гүлдеріне үйір. 

Таңқурай  гүлдеген  кезде  əлгі  қоңыздар 

түгелдей  соған  жабылады  (Мəден.  жəне 

тұрмыс, 1969, №5, 19). 

ТАҢҚУРАЙЛЫ с ы н. Таңқурай өскен, 

таңқурайы  мол.  Бүлдірген  бел.  Бүгілген 

т а ң қ у р а й л ы Үлп етсе жел кезетін 

əн  құрайды.  Аюлы  сай.  Апырай,  мұндай 

кеште, Бала түгіл, үлкен де қаңғырмайды 

(Н.Оразалин, Қоздағы шоқ, 66).



ТАҢҚЫ:  Таңқы  танау.  Танауы 

таңқиып  қалған  (адам).  Бейімбет – орта 

бойлы, бүкіштеу, бадырақ көзді, т а ң қ ы 



т а н а у, шот маңдай қалың ерінді, қара 

бұжырлау кісі (Лен. жас, 24.05.1974. 3).



Таңқы шаян. з о о л. Шаянның бір түрі. 

Азықтыққа  жарамды  шаян  түрі.  Алуан 

549

Байынқол Қалиев

түрлі ұсақ шаяндар, т а ң қ ы  ш а я н д а р,

ас  шаяндар – құрлықтағы  жəндіктердің 

туыстары (Су асты. тіршілік, 30).



ТАҢҚЫЛДАҚ с ы н. Таңқ-таңқ етіп 

қалған,  қатты  сөйлейтін.  Бұлардың

соңынан  «Райым»  колхозының  балық-

шыларын басқарып т а ң қ ы л д а қ бас-

қарма да жетті (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 192). 



ТАҢЛАҚ  з  а  т.  в  е  т.  Жылқының 

«таңдай»  ауруы  кейде  осылай  да  атала-

ды. Т а ң л а қ (таңдай) болған жылқының 

таңдайы ісініп, кейде үстіңгі күрек тістен 

асып кетеді (Х.Арғынбаев, Қаз. этнограф., 

138). Бір жылқының доғаласына, т а ң л а 



ғ ы н а, құйрығының бөгені мен қутұяғына 

сырттан дəрігер іздемейміз (Ж.Орманбаев, 

Қос басшы, 64).

ТАҢЫРҚАНЫС  з  а  т.  Таңданыс, 

таңғалыс.  Əжесі  дем  салып, «ысыт-

па»  жасап  жібергендей-ақ,  Дəулетке  бір 

көргеннен-ақ  көңілі  құлап,  өзі  де  т  а  ң 

ы  р  қ  а  н  ы  с  т  а  қалғанын  мойындаған 

(Ж.Ахмади, Айтұмар., 74). 



ТАҢЫРҚАУСЫЗ с ы н. Таңырқамаған, 

таңданбаған. Т а ң ы р қ а у с ы з, жатыр-

қаусыз - əдемілік  дегеніміз  осы  екен-ау 

деп  ойласқандай  (Ж.Молдағалиев,  Алғ. 

қоңырау, 68).



ТАҢЫРҚАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Таңыр-

қағандық,  таңданғандық  (М.Мағауин, 

Қиянда., 76).



ТАПАЛ  Тапа  етістігінен  жасалған 

ырықсыз  етіс.  Іштерінде  т  а  п  а  л  ы  п

қалғандары  да,  оқ  тиіп  өлгендері  де 

жеткілікті (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 63).

ТАПАЛДАН  е  т.  Тапал  болу,  аласару, 

тайпию (Т.Кəкішев, Сəкен Сейфуллин, 30).

ТАПАЛДАНУ  Тапалдан  етістігінің 

қимыл атауы.

ТАПАЛУ  Тапал  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТАПАШ з а т. к ə с і б. Балықтың құй-

рығының майлы жері. Маған т а п а ш ы н

берсең болады (Қаз. тілі жəне əдеб., 154).



ТАПИР з а т. з о о л. Оңтүстік Амери-

каның  экваторлық  ормандарындағы 

батпақты  жерлерде  тіршілік  ететін 

денесі  жұмыр,  аяқтары  қысқа,  шөп 

қоректі  жануар.  Кітап  сіздерге  қорқақ 

т а п и р мен аса ұзын жылан – анаконда 

жайында əңгіме шертеді (Материктер, 3). 



ТАППА  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Кенет,  бірден; 

мүлде. Бəрі де төбеден тас түскендей т а п

п  а  тиылып  отырып  қалды  (Д.Досжанов, 

Жолбарыс, 63). Қауға сақал əлгі саудыра-

ған  сөзуарлығынан  т  а  п  п  а  тиылды 

(Бұл да, 296). 



ТАПСЫРЫСШЫ  з  а  т.  Тапсырыс 

беруші адам.

ТАПТАУРЫН... Тақырып т а п т а у р 

ы н болған да сияқты. Бірақ бұл алдамшы 

сезім (Қаз.əдеб., 19.09.1975, 2).



ТАПТАУРЫНДАУ с ы н. Аздап тапта-

урын болған. Тақырыбы сырт қарағанда т а 

п т а у р ы н д а у болғанмен, ескірмейтін 

тақырып (Қаз. əдеб., 19.09.1975, 2).



ТАПТАУЫРЫН  қ.  Таптаурын.  Түс 

қайта азабы өтіп, сырқат т а п т а у ы р ы н

қылған  Бетховеннің  денесі  жеңілденейін 

деді (А.Нысаналин, Алыс. алау., 50). 



ТАПЫРАҚТЫҚ  з  а  т.  Тапырақ-

тапырақ  еткендік;  адасқандық.  Жөнді 

жөн демеген – т а п ы р а қ т ы қ, Ақылды 

аздыратын – ақымақтық (Ел аузы., 139).

ТАРАЗБАН  з  а  т.  Таразбен  өлшейтін 

адам (Өркен, 24.02.1990, 12).

ТАРАЗЫЛАС...  Екі  атаның  бетке 

қалқып  шығар  жігіттері  колхозда  актив-

тікке  таласып  қана  қоймай, «қайсы-

мыз салмақтымыз» деп т а р а з ы л а с



қ  а  н  көрінеді  (Ж.Мəмбетəлиев,  Ұмыт-

па., 56).



ТАРАЗЫШЫЛ  с  ы  н.  Өлшей  білгіш, 

мөлшерлей  алғыш.  ≈  Ол  өз  жағдайына, 

шама-шарқына т а р а з ы ш ы л еді.



ТАРАЗЫШЫЛДЫҚ з а т. Бір нəрсенің 

бағасын  дəл  ажырата  алатын  қасиет

Елінің  ішінде  қадір  арттырар  нелер  зор 

қасиет болса, соның ең қымбаттысы – өлең 

сөздің бағасын ажырата алатын т а р а з 



ы ш ы л д ы ғ ы екенін Нұртуған білетін 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 6).



ТАРАҚАНША ү с т. Тарақан тəрізді, 

тарақан  сияқты.  Қалың  мұғалім  жан-

жаққа т а р а қ а н ш а бытырай қашып 

барады (Ə.Асқаров, Таңд., 177).

ТАРАЛҒЫ: Таралғы бау. Таралғы кей-

де осылай да аталады. Төс тартпа, т а р 

а л ғ ы  б а у, тебінгілік, Құйысқан, тоқым, 

жона,  өмілдірік.  Жүйрікке  қыста  жабу, 

жазғы ыстықта жабады ақ дедеге төгілдіріп 

(Қаз. əдеб., 30.05.1986, 5). 



ТАРАЛЫМ...  Бұл  кітаптың  поли-

ция  жинап  алған  т  а  р  а  л  ы  м  ы  иесіне 

қайтарылатын  болды  (Егем.  Қазақст., 

29.02.1992, 2).



550

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТАРАМЫСША ү с т. Тарамыс сияқты, 

тарамыс тəрізді. Дегенмен, осы жұмысқа 

шыққалы Аламан т а р а м ы с ш а тар-

тылып,  өңі  бозаң  тартты  (Э.Төреханов, 

Алматыда., 16). 



ТАРАН  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Тағамдық 

сапасы  жоғары  балықтың  бір  түрі.  Көл 

(Балқаш)  айдынында  тағамдық  сапасы 

өте-мөте жақсы сазан, көксерке, лақа, т а 

р а н, қарабалық жəне басқа балықтар өседі 

(Орталық Қазақст., 12.10.1969, 3). Мысалы, 

əрбір бекіре үшін 100 сом, осетр, севрюга, 

шип – 50, ақбалық – 40, сазан – 5, табан, 



т а р а н, қаракөз үшін 2 сомнан жауапты 

адам айып төлейді ( Индер., 14.03.1970, 3).



ТАРАНТАСТЫ с ы н. Тарантас мінген, 

тарантасы  бар  (Ғ.Нұрпейісов,  Аңшы 

сыры, 52).



ТАРАСУН  з  а  т.  Сүттен  жасалған 

арақ.  Шыңғыс  хан  Бөртеден  туған  төрт 

ұлымен т а р а с у н ішті (А.Сейдімбеков, 

Күңгір-күңгір., 213).

ТАРБАҚ: Тарбақ танау. э п и т. Танауы 

тарбиып  қалған.  Құлан  жал,  бөрі  кеуде, 

қамыс құлақ, Салпы ерін, т а р б а қ  т а н 



а у, киік сағақ. Бос белбеу, бота тірсек, қол 

ет  бөлек,  Сіңірі  желбеленген,  құлан  тұяқ 

(И.Байзақов, Құралай., 141).

ТАРБАҚАЙ з а т. б о т. Қаратау мен 

талас  Алатауының  тасты  жерлерінде 

өсетін,  биіктігі 10-25 см.  аласа  бұта.

Т а р б а қ а й – түп жағынан бұтақтанып, 

өте баяу өсетін өсімдік (ҚҰЭ, 8, 232). 



ТАРҒАЯҚТА... Ақбас атан өрге қарай 

т а р ғ а я қ т а п зорға басады (О.Бөкеев, 

Үркер, 49).



ТАРҒАЯҚТАТ е т. с ө й л. Сəнін бұзу, 

сиқын кетіру. Қайран əнді ашты айғаймен 

т  а  р  ғ  а  я  қ  т  а  т  ы  п  тұр  екенмін 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 49).



Т А Р Ғ А Я Қ Т АТ У   Т а р ғ а я қ т а т 

етістігінің қимыл атауы.

ТАРИХИЛЫҚ  з  а  т.  Тарихи  екендік, 

тарихқа  сəйкестік.  Қос  романның  да 

эпикалық алымы, т а р и х и л ы ғ ы, ке-

йіпкер мүсіндеудегі тереңдігі əлденеше рет 

ауызға ілігетін (Қаз. əдеб., 04.11.1983, 6).



ТАРИХТАНУ  з  а  т.  Тарихты  тану 

туралы ілім. Бұл орынды талапты жүзеге 

асыруға  т  а  р  и  х  т  а  н  у  да  үлкен  үлес 

қосады.  Т  а  р  и  х  т  а  н  у  басалқалықты, 

білімдарлықты  қалайды  (Қаз.  əдеб., 

08.05.1987, 7).

ТАРҚАТАРЛЫ  с  ы  н.  Егін  еккен-

де  қатар  аралығының  жақын  орналас-

тырылуы.  Демек,  Балқаш-Алакөл  ойпа-

ты  аймағының  құрғақшылық  жағдайын-

да  жаздың  бидай  егудің  ең  жақсы  тə-

сілі т а р қ а т а р л ы тəсіл болып табы-

лады (Қазақст. ауыл шаруаш., 1972, №2, 11).

ТАРҚАТЫЛҒЫШТЫҚ  с  ы  н.  Тар-

қатыла беретіндік, сөгілгіштік. Қосқабат-

ты тоқылған өрімді трикотаждың т а р қ а



т  ы  л  ғ  ы  ш  т  ы  қ  дəрежесі  басқаларға 

қарағанда аздау (Ж.Əбдуғапарова, Трико-

таж өндірісі., 176).

ТАРҚОЛДЫҚ з а т. а у ы с. Сараңдық, 

қытымырлық.  Рас,  ағайын,  биыл  таби-

ғаттың т а р қ о л д ы қ жасағаны рас (Лен. 

жас, 12.10.1974, 4).

ТАРЛАНБОЗДЫҚ  з  а  т.  а  у  ы  с. 

Жүйріктік,  майталмандық,  саңлақтық

Құлтума  Өтемісұлының  кеудесін  өлең 

кернеген т а р л а н б о з д ы ғ ы н а оның 

сұлу  тізілген,  көркем  түзілген  мына  бір 

айшықты жолдары толық дəлел (Қаз. əдеб., 

12.02.1988, 15). 



ТАРЛАУЛЫ с ы н. Тарлау өскен, тар-

лауы  мол.  Бір  жағы  Құсмұрын  саласына 

жалғасатын  бетегелі  кең  тепсең,  екінші 

жағы жағалай көк т а р л а у л ы, қара отты 

ашылауыт ой (С.Бегалин, Бала Шоқан, 5). 

Көк т а р л а у л ы, бұдыр бетегелі, моншақ 

жусанды  Ұлытау  жері  де  сол  игіліктің 

біразын бере алады (Советтік Қарағанды, 

18.12.1960, 3).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет