Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет132/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   168

ТАРМАҚТАС е т. Салаласу, сабақтасу, 

байланысу.  Біресе  жылытып,  біресе 

ызғырық  соғып  тұратын  климат  əуендері 

əлемдік тартылыспен т а р м а қ т а с ы п

кетсе,  құс  оны  сезген  болар  (Лен.  жас, 

05.04.1974, 4). 

ТАРМАҚТАСУ Тармақтас етістігінің 

қимыл атауы.

ТАРПАҢ  з  а  т.  з  о  о  л.  Жылқының 

жабайы (тағы) түрі. Жылқы туыстастың 

үш  түрі  бар.  Олар:  құлан,  т  а  р  п  а  ң

түзат. Ал домбай – есек туыстас (Ана тілі, 

05.09.1996, 7).



ТАРПАҢДАН  е  т.  Шайпау  мінез 

көрсету,  осқырыну.  Бай  қатты  жөткі-

рінді,  қайқаңдады,  Ақырды,  айбаттанды, 

тал  шайнады.  Қарағыштап  пышаққа  оң-

ды-солды  Осқырынған  асаудай  ш  а  р-



п а ң д а н д ы (А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 

2, 37).


551

Байынқол Қалиев

ТАРПАҢДАНУ  Тарпаңдан  етістігі-

нің қимыл атауы. 

ТАРПАҢСУ  Тарпаңсы  етістігінің 

қимыл атауы.

ТАРПАҢСЫ е т. Асаусу, үрку. Сосын 

тағы бір асаусыған, т а р п а ң с ы ғ а н 

сəттерде  кеуде  қабын  тесердей  ышқына 

жөнелді (Жұлдыз, 1975, №4, 166).



ТАРПАЯҚ  с  ы  н.  Ұзын  сирақ,  бұты 

ұзын.  Қыз  «қуып  жет»  деді  де,  жүгіре 

жөнелді. Т а р п а я қ қара бала тұра қуды 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 150). Шалғайласа 

жеткен т а р п а я қ қара бала топырақты 

бұрқ  еткізе  кішкентай  қызға  қатарласа 

жығылып еді (Бұл да, 151).



ТАРПЫ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Түгі  (түк) – 

Қозышы  баланың  айына  қой  бергенде,



т а р п ы м қала ма? – деді (К. Мұқажанұлы, 

Ортеке, 259). 



ТАРСЫЛДАҚ з а т. Тарсылдап дыбыс 

шығарған нəрсе. ≈ Мына т а р с ы л д а қ 

қашан тоқтар екен?! 



ТАРТ:  Тартып  жіберді.  Арақты 

сіміріп  салды. – Қой,  болмас,  енді  сізбен 

таныстығымыз берік болсын, жүз грамнан 



т а р т ы п  ж і б е р е й і к деді Машеков 

(Ə.Тарази, Тасжарған, 305). 



ТАРТАСОҚТАН е т. ж е р г. Өзін-өзі 

шектеу, шамадан аспау. Өзгелерді кеу-ке-

улеп, қыздырмалатып отырғанмен, өзі т а р 



т а с о қ т а н аса қоймаған (О.Сəрсенбай, 

Шеңбер, 197).



ТАРТАСОҚТАНУ  Тартасоқтан 

етістігінің қимыл атауы.

ТАРТҚЫ  з  а  т.  Əйелдердің  кеудесін 

тартып қоятын нəрсесі. Көкірегін қысып 

ыстықтата берген соң, кірлеп кеткен т а р 



т қ ы н ы ң түймесін ағытып, жастығының 

астына салды (Ж.Аймауытов, Шығ., 365).



ТАРТПА¹ з а т. м е д. х а л қ. Адамның 

басын кегжектетіп, артқа қарай тартып 

ауыртатын ауру. Мейіргүлді бір шəйнек 

ыстық  суға  салып  қайнатқанда  пайда 

болған  көпіршіктер  т  а  р  т  п  а  ауруы-

ның  таптырмас  емі  көрінеді  (Қ.Ботбай, 

Егіз., 44).

ТАРТПА² ... Əкем де т а р т п а с ы н 

(шалғысын)  шыңдап,  көзі  тірісінде  əже-

міз  тігіп  берген  қара  торсыққа  сусынын 

құйып,  пішен  оруға  шыққан  (Қаз.  əдеб., 

08.06.1984, 9). 

ТАРТПА³... Осы жердің атыз, атжабы 

бітіп, өзенге су жіберетін т а р т п а с ы н 

қаздыруға барған беті еді (Р.Аманкелдиев, 

Батырдың., 70). 



ТАРТПАЛЫ¹  с  ы  н.  Бауын  тар-

тып  қалсаң  шешілетін  (тон).  «Едіге» 

жырындағы  «жауырындары  жақталы, 

түйме  бауы  т  а  р  т  п  а  л  ы  алқара  кіс 

тон»  деген  көне  дəуірдің  атрибуты  ғана 

(Е.Жұбанов, Толғауы тоқсан., 124). 

ТАРТПАЛЫ² с ы н. Тартып кететін, 

батпақты. «Қыздың» суы т а р т п а л ы 

болушы еді (Ғ.Мустафин, Жиырма бес, 17).



ТАРТУ: Тарту жіп. э т н. Тығыз болу 

үшін өрмек жіптерін мезгіл-мезгіл тартып 

қоятын жіп. Тігін, тоқыма өнеріне қатысты 

«бақылау  жіп», «еркек  жіп», «шатыс»,

«т а р т у  ж і п », «арқау» т.б. деп аталатын 

терминдер бар (Аңыз адам, 2011, №19, 15). 



ТАРТУСЫЗ  ү  с  т.  Тартпайынша, 

тартпаса. Жүйрік ат екеш жүйрік аттың өзі 

бəйгеден т а р т у с ы з келмейді (Жұлдыз, 

1973, №3, 25).

ТАРТЫЛ Тарт (піштіру) етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. Ханның жарлығы 

бойынша  есірей  кəпір  Коломонның 

мұсылман  дініндегі  қыпшақ  қызы 

Құндызды  қатын  етіп  алуды  ойлаған 

күнəсі  үшін  инақ  етіп  т  а  р  т  ы  л  с  ы  н 

(І.Есенберлин,  Алтын  Орда, 1, 117). Тай 

күнінде т а р т ы л ы п кетті (О.Бөкеев, 

Қайдасың, 130).



ТАРХАН з а т. к ө н е. Əскер басылары-

на берілетін атақ (Ертедегі əдеб. нұсқа., 

26).  Т  а  р  х  а  н – шығыс  əскери  тілін-

де  фельдмаршал  деген  ұғым  береді  екен 

(Егмен. Қазақст., 27.02.1993, 5).



ТАРХАНДЫҚ  с  ы  н.  Тарханға  тəн, 

тарханға  қатысты.  Моғолстанның 

ұлысбектерінің  т  а  р  х  а  н  д  ы  қ  право-

лары болды (ҚазССР тарихы, 2, 233). Риза 

болған сұлтан оған т а р х а н д ы қ куəлік 

береді (А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір, 198).

ТАРЫ: Тары ботқа. Тарыдан жасалған 

қоюлау  тағам.  Қоп-қою,  мойылдай 

қара  мұртының  қияғы  селтиіп,  сырты 

күйе-күйе қара котелоктен т а р ы  б о т 

қ а н ы соғып отыр (С.Бақбергенов, Қарға 

тамған., 131). 



Тары  қаралау  э  т  н.  Тарыны  келіге 

түйіп, сыртқы қауызынан айыру (арылту) 

ісі.  Алқаның  мойнына  артылған  жауапты 

жұмыс:  от  жағу,  тамақ  пісіру,  отын  тасу, 

мал суару, т а р ы  қ а р а л а у, көш басын 

жетелеу... (І.Жансүгіров, Шығ., 4, 5).



552

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТАРЫЛЫҚ ... Шал Əлібектен т а р ы 

л ы қ жер сұрады (Жұлдыз, 1973, 43, №2). 

ТАРЫМШЫЛЫҚ ... Баяғы  соғыс 

кезіндегі т а р ы м т а ш ы л ы қ т а да 

адамшылық қасиетімізден айырылмап едік 

қой (Қ.Тоқмырзин, Үш кие, 230).



ТАС¹:  Тас  барақ.  Тастан  қалап,  ара-

ларын лаймен байланыстырып жасалған 

барақ  (үй).  Құтлық  қаған  Бөрілі  таудың 

отын  суы  мол,  күнқақты  қойнауының 

бірінен т а с  б а р а қ салдырып, қаған орда-

сы мен өзінің қосшыларын, қызметшілерін 

сонда  қоныстандырған  еді  (Т.Зəкенұлы, 

Мəңгітас, 276). Тоныкөк  келгенде  қаған 

ордасы күзде тұрғызған т а с  б а р а қ қ а 

отырды (Бұл да).



Тас  бастау.  Тас  астынан  шығып 

жатқан  баст ау.  Бірнеше  жердегі

т а с  б а с т а у д ы ң суы жылап ағады

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 148).



Тас емшек. Сауылуы қиын, қатты ем-

шек. Төрт жыл ескек тартқан қара кемпірдің 

тастай саусақтары т а с  е м ш е к т і ң 

сүтін қақтап сауып алады (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 416).



Тас  қабырғалы.  Тастан  қаланған 

қабырғасы бар. Арнаулы күзетші, жасақтар 

оларды  айдап  алып  келіп  жұмысқа  сап, 

түн бола жатуға ол т а с  қ а б ы р ғ а л ы

темір есікті хизарларына қайтып апаратын 

(І.Есенберлин, Алтын орда, 1, 196).

Тасқа  түсу.  с  ө  й  л.  Сайлауға  (тас 

салуға)  түсу.  «Қазақ  баласы  орысша  хат 

білсін, орысша хат білмесе, т а с қ а  т ү с у



г е жарамайды» деген Закон бүгінге дейін 

болған емес («Қазақ» газеті ).



Тас  қуырдақ.  Отқа  қыздырылған 

тасқа  қалап  пісірген  ет.  Т  а  с    қ  у  ы  р

д а қ та, көмбе мен қарын қуырдақ та – əлі 

темір ыдыстар тарамаған, есте жоқ ескі за-

манда шыққан тағамдар ғой (Қ.Жұмаділов, 

Дарабоз, 1, 214).



Тас  маңдай.  Бейшара,  сорлы.  Осы 

уақытқа дейін ескі аурудың (рушылдықтың) 

вирусын таратушы т а с  м а ң д а й л а р

д ы ң өресіздігі көпке зиян (Ш.Мұртаза, Не 

жетпейді?, 35).



Тас мешін. Құрғақшылық болып, аяғы 

жұтқа  ұласқан  мешін  жылы.  Беріректе 

т а с  м е ш і н д е жұт болып, мал азайып, 

кешегі  ұлы  конфискеге  атақты  Көтенші 

мен  Сары  Ербол  ғана  ілікті  (Т.Əбдіков, 

Өліара, 83).



Тас мия б о т. Мияның сабағы да, дəні 

де  қатты  түрі.  Арай  анадай  жерде  қара 

арпаның кəріқызы мен т а с  м и я с ы н 

теріп отырған келініне əрең бұрылып, сау 

қолын көтеріп, алқор таяқпен бусап жатқан 

жерді салып-салып қалды (Ш.Мұртазаев, 

Мылтықсыз., 58). 



Тас  пеш.  Тастан  қалап  жасалынған 

пеш.  Бір  бұрышынан  үлкен  т  а  с    п  е  ш 

орнатқан  соң  ертеңнен  қара  кешке  дейін 

алысып-жұлыса берсең де даяр орын болып 

шықты (К.Сегізбаев, Беласқан, 253).



Тас  тақтайша.  Тастан  жасалған 

тақтайша. Нева өзенінің қара мəрмəрмен 

көмкерілген  жағалау  кемерлері  таңғы 

тұманнан тершіп, т а с  т а қ т а й ш а л а 

р ы н ы ң беттерінде бірін-бірі еріне қуалап, 

көздің  жасындай  ұсақ  тамшылар  қаптап 

жүр (С.Рахымбек, Айдында., 45).

Тас  тастам  жер.  Лақтырған  тас 

жететіндей  қашықтық.  Шынында  су 

бойына түскенше т а с  т а с т а м  ж е р

болмаса  да,  оқ  бойындай  ғана  жер  еді 

(М.Разданұлы, Алтай., 229). 



ТАС²... 2. а  у  ы  с.  Мүлде,  тіптен

Баяғыдағы мектеп пəндерін т а с ұмытып 

қалыппыз,  жадымызды  жаңғырта  алмай 

қиналдық (Ə.Асқаров, Таңд., 6).



ТАСАТАР з а т. с ө й л. Аша ағаш пен 

резинкадан  жасалған  құс  ататын  бала-

лар қаруы; рəгетке. – Аха, т а с а т а р 

жасайық.  Сонан  соң  екі  садақ  алу  керек 

(Э.Төреханов, Таудан түс., 211). 

ТАСАЯҚ з а т. с ө й л. 1. Шəй ішетін 

шыны, пиала, шыныаяқ. Талжібек т а с а я 

ғ ы н жиып тастап, Шөткешаштың қасына 

тізе  бүкті  (Ж.Нəжімеденов,  Кішкентай, 

27). 2. Тəрелкенің  (тарелканың)  қазақша 

аты. – Маған бір т а с а я қ берші, - деді. 

– Жездеке, алдыңдағы мына тəрелке сенікі 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 104). 

ТАСБАҚА: Тасбақа шөбі. б о т. Жа-

сыл  тасбақа  жейтін,  теңіз  астында 

өсетін тықыр шөп. Жасыл тасбақа «т а с

б а қ а  ш ө б і» қалың өсетін қойнаулар-

дан  қоректенгенді  ұнатады  (Су  асты. 

тіршілік, 70). 

ТАСБАС з а т. и х т и о л. Балықтың бір 

түрі. Атап айтқанда, жергілікті тұрғындар 

«қызыл  қашаған»  деп  атап  кеткен  ускуч, 

хармус, т а с б а с ойнақ салады (Соц. Қаз., 

22.02.1977, 4). Онда (Ветнамда) тибет жəне 

малай аюлары, үнді пілі, жолбарыс, керік, 


553

Байынқол Қалиев

жайра  т.б.  аңдар,  əр  түрлі  құстар:  бүркіт, 

тауыс, қызыл қаз, өзенде т а с б а с, тұқы, 

алабұға,  шортан  т.б.  балықтар  кездеседі 

(ҚСЭ. 3, 89).

ТАСБУЫН з а т. м е д. Буынның қатып, 

семіп қалу ауруы (Бекітіл. термин., 78).

ТАСБҰЛАУ  з  а  т.  Қыздырылған  тас 

арқылы жасалған бұлау. Аяғын т а с б ұ л 

а у м е н де қыздырып көрді (Ж.Жұмаханов, 

Шұбартау., 100).



ТАСБҰРШАҚ  з  а  т.  Жазда  жауа-

тын  мұзды  жауын;  бұршақ.  Жаңбырға 

т а с б ұ р ш а қ араласып, мəшинемнің 

төбесін  тоқырлатып  ұрғылай  бастады 

(Ж.Қорғасбек,  Жынды  қайың, 31). Төпеп 

ұрған  т  а  с  б  ұ  р  ш  а  қ  т  ы  ң  астында 

мықшыңдаған  жарым  сұлба  бұлдырай 

көрінді  (Бұл  да).  Қалқайған  құлағы  мен 

қасқиған маңдайына тиген т а с б ұ р ш 

а қ көзге көрініп-ақ ыршып-ыршып түсіп 

жатыр (Бұл да). 



ТАСЖҮРЕКТІК з а т. а у ы с. Қаталдық, 

мейірімсіздік,  қатыгездік.  Сондықтан 

басыңызға секіріп жатса да, итке көнтерілік 

көрсетуіңіз  керек,  оған  «кет»  деп  жекіру 

нағыз барып тұрған қатыгездіктің, т а с ж 



ү р е к т і к т і ң белгісі болып табылады 

(К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 23).



ТАСКЕНДІР з а т. б о т. Тастың ара-

сына  шығатын  кендір.  Күңгірді  бойлап 

жүрген  Əмірдің  өзі  Ұлытауға  жақын 

Ешкіөлместің  қырқасына  шығып,  жердің 

бетіне шуда-шуда боп шығып жатқан т а с 



к е н д і р д і көріп таң қалды (Қ.Жүністегі, 

Едіге, 228).



ТАСКЕСЕ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Фарфор-

дан  істелген  кесе.  Автордың  бұрын 

аз  қолданылып  немесе  тіпті  қолданыл-

май  келген:  бұлғақ,  түзем,  күрен,  т  а  с

к  е  с  е,  тізоқ,  кезоқ,  əңдіген,  томароқ, 

доғалоқ... деген сөздері тарихи романның 

көркемдік  əрін  ашып  тұр  (Қаз.  əдеб., 

02.04.1982, 7).



ТАСҚАЙРАҢ с ы н. с ө й л. Қатты, 

қатқыл. Бəйге шабылатын жердің алғашқы 

жартысы құмдауыт, босаң жер. Соңы т а с 



қ а й р а ң қатты (Ер қанаты, 73). 

ТАСҚОПАРҒЫШ з а т. з о о л. Малта 

тастарды  аударып  (қопарып),  азығын 

соның астынан табатын ала түсті құс. 

Міне, жағалауда ала бояулы т а с қ о п а р



ғ  ы  ш  жүгіріп  келеді.  Ол  сортаң  жерде 

тұмсығын  тығып  жіберіп,  бульдозерше 

қопарып  тастайды  да,  олжасын  алады 

(Қорғалжын, 126). 



ТАСҚОРЫҚ...  Қоржыннан  құрт-

ірімшігін  алып,  т  а  с  қ  о  р  ы  қ  т  а  н 

ұрттап қойып отырғанда оның реңінен осы 

тірлігіне əбден риза пейілді аңғарар едіңіз 

(А. Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 118).

ТАСНАУ з а т. к ө н е. Тұрғын үй маңына 

қазылып, едені, қабырғалары таспен неме-

се күйген кірпішпен қаланып жасалған, су 

жиналатын жəне ағатын, төртбұрышты 

шұңқыр; таснауа. Кейде т а с н а у д ы ң 

қабырғалары  кірпішпен  шегенделеді.  Т  а 



с  н  а  у  тұрғын  жəне  қосалқы  жайлардың 

қай-қайсысында да болған (ҚазССР тари-

хы, 2, 326).

ТАСОШАҚ¹  з  а  т.  Тастан  жасалған 

ошақ.  Ошақ:  темірошақ,  т  а  с  о  ш  а  қ

жерошақ  жəне  қазандық  болып  бөлі-

неді  (Шаңырақ, 105). Қазан  жеро-

шаққа,  үш  сирақты  темірошаққа  жəне



т  а  с  о  ш  а  қ  қ  а  асылады  да,  астына  от 

жағылады  (Қ.Толыбаев,  Бабадан., 248). 

Есік  алды  алаңқының  шет  жағасына 

құралған т а с о ш а қ т а бауырсақ пісі-

ріп,  түтіндетіп  жатқан  топты  əйелдің 

дабыры  саябырлай  қалды  (Ғ.Білəл, 

Ғасырлық., 12). 

ТАСОШАҚ² з а т. ж а ң а. Үй қабырғасына 

тастан жасалған сəнді ашық ошақ; камин. 

Төсегінің аяқ жағындағы сəнді т а с о ш 



а  қ,  жұқа  түрікпен  кілемі,  қабырғадағы 

құм  басқан  шөл  даланың  үлкен  суреті 

–  бəрі  орнында  (Ж.Қорғасбек,  Жынды 

қайың, 162). Т а с о ш а қ т а ғ ы оттың 

əлдеқашан  сөніп  қалғаны,  үйінің  суып 

кеткені енді ғана білінгендей (Ж.Қорғасбек, 

Жынды  қайың, 162). Май  шамның  ала 

сəулесі түскен бұрышта, т а с о ш а қ т а

ақшешек қақсалы шатырлай жанып жатыр 

(Е.Тұрысов, Ақбақай, 129).



ТАСӨКПЕ... Ірі қара мен қойда т а с 

ө к п е (эхинекок) деп аталатын өте қатерлі 

өкпе  ауруы  болады  (Ж.Бабалықов,  Мал 

ауру., 204).

ТАСПА:  Таспа  айыл.  Таспадан 

жасалған айыл. Жасалған затының тегіне 

немесе  істеу  əдісіне  қарай  қайыс  айыл, 

құр айыл, өрме айыл, т а с п а  а й ы л деп 

бөлінеді (Қаз. этнография., 1, 99).



ТАСПАҚАРА  з  а  т.  б  о  т.  Құнарлы 

шөптердің  бір  түрі.  Бұл  жерде  əртүрлі 

шөп – ақбоздық, бетеге, еркек, т а с п а қ а 



554

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

р а, көкпек өседі (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1960, №6, 15). 



ТАСПАЛАНУ...  Кереге  бастарының 

біркелкі  ұштасып,  сағанақтарындағы 

сыдырғы өрнектеріне көгінің түйе сірісінен 

т а с п а л а н у ы н а дейін соншалықты 

бір  дəлдікпен  жүргізілген  (К.Сегізбаев, 

Беласқан, 246). 

ТАССАҒАТ  з  а  т.  Тұрғызылған  биік 

обаның көлеңкесі оның төңірегіне қойылған 

тастардың  қайсысына  түсетіндігіне 

қарай уақытты білуге болатын қондырғы

Ертеде  көшпелі  халықтар  уақыттың  қан-

ша  болғанын  анықтау  үшін  оба  тұрғыз-

ған. Ортада биік оба болады. Сосын оны 

айналдыра  қадау-қадау  шағын  оболар 

қаланады. Күннің шыққан кезден батқанға 

дейін ортадағы биік обаның көлеңкесі қай 

тасқа түскені арқылы уақытты анықтайды. 

Оны «т а с с а ғ а т» дейсіз бе, «күнсағат» 

дейсіз  бе,  өз  еркіңіз.  Қалай  десек  те, 

сахарадағы  бабаларымыз  т  а  с  с  а  ғ  а  т 

тұрғызғанына  еш  шүбəміз  жоқ  (Ана  тілі, 

07.01.2011, 7).

ТАССЫЗ с ы н. 1. Тасы жоқ. 2. а у ы с. 

Қойнына тас тықпай жүрмейтін, қаскөй

Құрылған  тор,  қазылған  ор  біздің  елде 

есепсіз, Тұлпар жарыс бір рет те өткен емес 

есексіз. Есек мінген қанатсыз топ жүрмес 



т а с с ы з, кесексіз. Кесектінің барлығы 

да  рухсыз,  гүлсіз,  шешексіз  (М.Шаханов, 

Мəңгүрт., 202).

ТАСТА ... 2. с  ө  й  л.  Ішу,  сіміру  д.м. 

–  Кəне,  балам  қойдың  шетін  қозғай  бер. 

Мен бір тостақ қатық т а с т а п алайын 

(Ж.Түменбаев, Қардағы із, 18).



Тастап жіберді. с ө й л. Семіріп алды, 

ішіп салды. Осыдан кейін ол қайтып арақты 

көрместей  болады  да,  құрдасы  тағы  бір-

де үгіттегенде, шыдай алмай т а с т а п  

ж і б е р е д і (М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 

37). Малыгиндердің Түргендегі үйінде жо-

лын жуған «аңшылар» бір-бір ақмойынды 

кеңірдектерінен т а с т а п  ж і б е р д і 

(Жетісу, 18.07.1973, 4). 

ТАСТАБАҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Тəрелке 

(Кир. русс. слов., 1903, 197). Содан т а с



т  а  б  а  қ  қ  а  құйған  шайы  суып  кетеді 

(Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 188).



ТАСТАТҚЫЗ  Тастат  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс.

ТАСТАТҚЫЗУ Тастатқыз етістігінің 

қимыл атауы. Оған алты жылдан бері ба-

рып жүргендіктен т а с т а т қ ы з у д ы 

қимаймыз (Балалар, 113).

ТАСТАУЫҚ з а т. м у з. Үрлеп ойнайтын 

байырғы сөз аспабы. Кештің екінші жарты-

сында  Болат  Сарыбаев  қазақ  халқының 

үскірік, асатаяқ, сазсырнай, т а с т а у ы қ 

сияқты  ұлттың  көне  аспаптар  тарихымен 

таныстырды  (Қаз.  əдеб., 25.03.1977, 4). 

Осы жолдармен жетіген, дабыл, шаңқобыз, 

шертер,  асатаяқ,  сырнай,  керней,  үскірік, 

т а с т а у ы қ сияқты бұрын мəлім емес 

аспаптардың  жиырма  бес  түрі  табылды 

(Соц. Қаз., 17.04.1976, 4).

ТАСТАЯҚ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Бильярд. 

Қаламгерлер  арасында  т  а  с  т  а  я  қ



т а н жарыс өтті (Қаз. əдеб., 29.02.2008). 

Ғ.Мүсіреповтан  басқа  С.Шəймерденов, 

Б.Соқпақбаев  секілді  жазушылар  т  а  с 

т  а  я  қ  т  ы  шебер  ойнапты  (Қаз.  əдеб., 

31.12.2008).  Мүсекең  көптеген  қаламгер 

əріптестері секілді т а с т а я қ ойынына 

құмартқан (Қаз. əдеб., 09.08.2013, 7).



ТАСТАЯҚШЫ з а т. Тастаяқ ойнаушы; 

бильярдшы.  Тастаяқтан  облыстың  жарыс 

өтіп, т а с т а я қ ш ы жеңімпаздар түрлі 

сыйлықтармен  марапатталды  (Лен.  жас, 

12.06.2005).



ТАСШАЙ   з  а   т.  Шайдың   ұсақ 

қалдықтарынан  тақталап  жасалған 

шай  түрі;  кірпіш  шай.  Бүтін  т  а  с  ш 

а  й  л  а  р  д  ы  арамен  бөліп,  алушының 

қалтасына шақтап: жарты, шерік, ашмөңке, 

құртмөңке қып, алдын ала дайындап қояды 

(Қ.Жұмаділов, Таңғажайып., 84). Жүсекең 



т  а  с  ш  а  й  д  а  н  бір-ақ  мысқыл  мытып 

алып, тырс еткізіп аққұманға тастап жіберді 

(Қ.Ысқақ, Таңд., 3, 44). Дорба түбіне қолын 

созды. Дүре т а с ш а й, ағаш қалақ, ескі 

орамал, шытқа оралған қатты бірдемелер 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 247).



ТАСШЫБЫН  з  а  т.  з  о  о  л.  Таулы 

жерде  болатын  уағырақ  шыбын.  Түнде 

қоңыр  салқын  болып,  т  а  с  ш  ы  б  ы  н

оқыра сиырлардың мазасын алмайды жəне 

олар  тыныш  жайылып,  жақсы  тойынады 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1960, №1, 48).

ТАСЫ:  Тасып  төгілді.  а  у  ы  с. 

Асып-тасты,  дандайсыды.  «Асқанды 

да  көргенбіз,  тасқанды  да  көргенбіз.  Ор-

дасынан  қашқанды  да  көргенбіз», - деп 

атамыз  қазақ  бекер  айтпапты.  Бəрі  көз 

алдында. Кезінде т а с ы п  т ө г і л і п т і 

(Т.Дəуренбеков, Сүмбіле, 6). 



555

Байынқол Қалиев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет