Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет135/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   168

ТЕКТЕУ е т. «Тек» деп айту, тектілікке 

тəрбиелеу.  Қазақ  халқы  ұрпақтарын 

т е к т е у тəрбиесіне ерекше мəн берген 

(А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш  бесік., 2, 23). 



Т  е  к  т  е  у  арқылы  тектілікке  тəрбие-

леуге  əрбір  отбасы  перзенттерінің  тілі 

шыға  бастағаннан-ақ  кірісетін  болған 

(Бұл да, 2, 24). 



ТЕКТЕУСІЗ  с  ы  н.  «Тек-тек»  деп 

тəрбиеленбеген,  тектілігі  нашар.  «Т  е  к 

т е у с і з өскен бала өмір салындысына 

айналады»  деп  балаларды  жастайынан 

жаман  іс-қимылдардан  тектеп,  шек-

теп  отырған  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 2, 24).

ТЕКТЕУСІЗДІК  з  а  т.  Тектеусіз 

өскендік, тəрбие көрмегендік. «Менмендік 

пен содырлықтың қайнары – т е к т е у с і з 



д і к т е », «тектеусіз өскен ұрпақтан ар-ұят 

пен кісілік сұрама» деп жақсы мінез-құлық 

қалыптастыруға  тəрбиелеп  отыруды  ата-

аналық  борыш  санаған  (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік., 2, 24).

ТЕКТҰРМАС  з  а  т.  Тоғызқұмалақ 

т ақт асындағы  солдан  оңға  қарай 

санағандағы екінші отау. Тоғызқұмалақтың 

əр  отауы  былайша  аталады: 1-отау – арт 

немесе таңдық, 2-отау – т е к т ұ р м а с,

3-отау – атөтпес, 4-отау – атсыратар, 

5-отау – бел, 6-отау – беласар, 7-отау – 

қандықақпан, 8-отау – көкмойын, 9-отау 

– маңдай (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 47-48). 

Мысалы, екінші отау т е к т ұ р м а с т а 

құмалақ көп жатпайды (Бұл да).

ТЕКШЕ з а т. ж а ң а. Бірінің үстіне 

бірін қойып мұнара істеп ойнайтын, сан 

бояулы төртбұрышты қобдиша ойыншық. 

Еркебұлан бұрынғы ойыншықтарын былай 

тастады да, күні бойы əлгі т е к ш е л е р м 

е н əуре болады да жүреді (І.Есенберлин, 

Махабб., 29).



ТЕКШЕМЕТР з а т. Төрт қабырғасы 

да  бір  метр  болатын  өлшем.  Цемент – 

10 тонна, тақтай – 10 т е к ш е м е т р

шифер – 200 шаршыметр т.б. (Қаз. əдеб., 

28.06.1989, 3).



ТЕКШЕМЕТРЛІК  с  ы  н.  Текшеметр 

боларлық;  текшеметрдей.  Бес  т  е  к  ш  е

м  е  т  р  л  і  к  топырақты  қазып,  сыртқа 

шығарғаны есінде (Ш.Мұртазаев, Интернат 

наны, 215).

ТЕКІРЕКТІК  з  а  т.  Текіректеп 

қалғандық,  текірекке  салғандық.  Мұның 

ертеңгі  күні  қалам  ұстар  жас  буынның 

азаматтық  пен  дүрмекшілдіктің,  тектілік 

пен т е к і р е к т і к т і ң, сара сын мен 

домбытпаның ара жігін ерте ажыратуына 

себепші болатынына сенімдіміз (Қаз. əдеб., 

03.03.1989, 11).

ТЕЛ:  Тел  қазы.  с  ө  й  л.  Қос  қазы. 

Ішінен екі қыртыс қазы шықты. Бұның өзі 

кіндік қазы, т е л  қ а з ы, жая қазы, омыртқа 

қазы, қабырға қазы боп тарайды (Қаз. əдеб., 

28.11.1986, 9).


564

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТЕЛЕБАҒДАРЛАМА з а т. Теледидар-

да  көрсететін  бағдарламалардың  жоба-

жоспары, аты. Осы ретте қазақша т е л е 

б а ғ д а р л а м а л а р д ы балаларына тіл 

үйретуге  құрал  ретінде  қолданып  жүрген 

шаңырақтар кездесетінін еске сала кеткен 

жөн (Ана тілі, 04.04.1991, 7).



ТЕЛЕГРАМДАТ  е  т.  Қайта-қайта 

телеграмма салу. «Скандинавия елдеріне 

саяхатқа аттанамыз, тез жет» деп Қыстаубай 

екі күнде бір т е л е г р а м д а т ы п жатты 

(Ж.Жұмақанов, Замана., 58).



ТЕЛЕГРАМДАТУ   Тел еграмдат 

етістігінің қимыл атауы.

ТЕЛЕГРАФИСТІК  с  ы  н.  Телегра-

фистке  тəн,  телеграфистке  қатысты

Заставадағы т е л е г р а ф и с т і к жұмысын 

тастап,  үй  шаруасына  біржола  шықты 

(М.Қабанбаев, Жиһанкез., 174).



ТЕЛЕКОНКУРС  з  а  т.  Теледидар 

арқылы  ұйымдастырылған  жарыс  (кон-

курс). «Пай-пай, жиырма бес» атты т е л е 

к о н к у р с ы н ы ң басты мақсаты – бүгінгі 

республика жастарының жасампаз жарқын 

бейнесін  қалың  көрерменге  жан-жақты 

көрсету (Лен. жас, 20.03.1973, 4). Алматы т 



е л е к о н к у р с ы н ы ң жеңімпаздары енді 

Москвада  «Жас  дауыстардың»  финалдық 

байқауында  өнер  көрсетеді  (Лен.  жас, 

04.06.1974, 3).



ТЕЛЕҚОНДЫРҒЫ  з  а  т.  Теледидар 

арқылы сырттағының бəрін көріп отыра-

тын құрылғы. Бұл күндері автовокзалдың 

диспетчерлік қызметі т е л е қ о н д ы р ғ ы м 



е н жабдықталған (Лен. жас, 21.06.1972, 2). 

ТЕЛЕМАГНИТОФОН  з  а  т.  Үйде 

адам  жоқ  кезде  телефон  соққандардың 

сөзін  жазып  алатын  аппарат.  Таяудағы 

жылдарда т е л е м а г н и т о ф о н деп 

аталатын  аппарат  қолданылмақ.  Мұндай 

аппараттың  лентасына  обонент  үйде  жоқ 

кезде  телефон  соққан  кісінің  айтқандары 

жазылып алынады (Білім жəне еңбек, 1974, 

№10, 15). 

ТЕЛЕОРТАЛЫҚ... Дарқанның апасы 

қалалық т е л е о р т а л ы қ т а істейтін 

(С.Үсенұлы, Елік., 83). Алматыда т е л е о р

т а л ы қ т ы ң пайдалануға берілгеніне 

14 жыл толыпты (Лен. жас, 15.07.1972, 4).



ТЕЛЕУТ з а т. Түркі тілдес халықтар-

дың  бірі.  Потанин  «Қозы  Көрпеш» 

жырының  өзге  түркі  тілдес  халықтарда, 

соның ішінде т е л е у т т е р мен алтай-

лықтарда  бар  екенін  білген  (Қаз.  əдеб., 

08.11.1985, 14).

ТЕЛЕФОНДАТ Телефонда етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс. ...Осындай  хабар-

ландыру  ілінгелі  Əсемқайшаның  үйінде 

тыныштық болмады. Т е л е ф о н д а т ы п 

та, келіп те жатады (Жалын, 1970, №6, 77). 



ТЕЛЕФОНДАТУ  Телефондат  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТЕЛЕФОНДАУ Телефонда етістігінің 

қимыл  атауы.  Сөз  түбі  телефон  ғой. 

Сондықтан т е л е ф о н д а у десек болмас 

па? (Ана тілі, 22.08.1991, 7).

ТЕЛЕФОНҚҰМАР с ы н. Телефонмен 

сөйлескенді ұнататын, телефон соққыш.

Олай  дейтіні,  Дəуітəлі  өте  т  е  л  е  ф  о  н



қ ұ м а р жігіт (Р.Тоқтаров, Ғасыр наны, 58).

ТЕЛМЕҢ: Телмең қақты. ж е р г. Зы-

мырады, заулады; бүкшең қақты. Аққұмға 

қош-қош  айтып,  сайдан  сырғып,  қырдан 

қарғып, т е л м е ң  қ а ғ ы п Сегізсайға 

бардым (Қ.Қараманұлы, Ай куə, 6).



ТЕЛПИ е т. с ө й л. Солпи. Өзінің ты-

рағайлап  қашқанына,  өзімен  түйдей  жа-

сты Нұртастың алдында т е л п и і п қана 

тұрғанына сағы сынып, ызасы келіп, жалт 

бұрылып кетті (Э.Төреханов, Таудан., 9).

ТЕЛПИЮ  Телпи  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТЕЛУШІ¹ з а т. Жетім қозыны басқа 

саулыққа теліген адам.

ТЕЛУШІ² з а т. б и о л. Басқа ағашқа 

ұластырылатын бүр не қалемше.

ТЕЛШЕ  з  а  т.  Жылқы  қабырғасының 

етегінен  ұзынша  етіп  кесіліп  алынған 

жұмсақ,  əрі  майлы  ет.  Биенің  т  е  л

ш  е  с  і  н,  қолқа-жүрегін,  бірталай  басқа 

майлы  еттерін  салды  (М.Əуезов,  Қараш-

қараш, 51). Жабағы т е л ш е с і бабымен 

былқылдап  піскенше,  қара  торы  жүзді 

Жаңқаш пысықсып кетті (Білім жəне еңбек, 

1972, №6, 22).



ТЕЛШІТ  е  т.  Тел  емізу,  егіз  қозыдай 

бірге ертіп жүру. Мен ботамды ерітіп, Тел 

қозыдай т е л ш і т і п , Бағланбайдың үйіне 

Барар күнім бар ма екен? (Ғажайып бау, 86).

ТЕЛШІТУ Телшіт етістігінің қимыл 

атауы.

ТЕЛІ з а т. к ө н е. Ерке-тотай, бұла, 

шолжаң.  Т  е  л  і  менен  тентегін  Түзетіп 

жөнге салады (Алпамыс, 67). Елді т е л і с і

мен тентегінен таныма, ері мен серісінен 

таны  деген  (М.Мағауин,  Аласапыран, 



565

Байынқол Қалиев

249). Ауыл ақсақалдары əңгімелеседі. Шер 

тарқатады. Т е л і мен тентекті тезге салады 

(Б.Омарұлы, Қаратерең., 26).



ТЕЛІМ¹ з а т. Біреуге бөлініп берілген 

жер. Өз т е л і м і н бітіре алмай жатқан 

Итемір ғана. Ол əлдеқашан жайғап тастар 

еді. Айша əжейдің телімі тағы бар (Жұлдыз, 

1970,  №4, 99). Зейнеткерлер  қала  ішімен 

саяжай т е л і м д е р і н е жүретін автобу-

старда тегін жүретін болды (Егем. Қазақст., 

14.10.1992, 1).

ТЕЛІМ² з а т. к ө н е. э т н. Сайланған 

ханның, көп жасап қайтыс болған қадірлі 

адамның  киімінен  алынатын  ырым-үлес, 

сыбаға,  тəбəрік;  бөліс,  талау.  Т  е  л  і  м 

сұрау, т е л і м алу – сол кісілер сияқты ел-

жұртқа қадірлі, жақсы адам болайық деген 

ізгі  ниеттерін  білдіруі  (А.Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш  бесік., 3, 115).  Ханды  кезек-кезек 

көтеріп, шашу шашылып болған соң, оның 

сырт  киімдерін  түгел  шештіріп,  хан  сай-

лау кеңесіне қатысқандар «т е л і м» деп, 

бір-бір  жапырақтан  бөліп  алады  (Бұл  да, 

1, 129). Талап  алып,  Наурызбай,  Малым-

ды салдың т е л і м г е, Аямадың, Наурыз-

бай, Басымды салдың өлімге (Жеті ғасыр., 

1, 257).

Телім  болды.  Быт-шыт  болып, 

тентіреп  кетті,  қаңғырды;  біреуге 

кіріптар  болды.  Көрінгенге  т  е  л  і  м

б  о  п,  Болмаймысың  босқа  қор.  Т  е  л  і  м 

б о л ғ а н нашарға, Көрінгеннің бəрі зор 

(А.Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 321).



Телімге түсті. Бөлшектенді, тоз-тозы 

шықты.  Алаш  ұлы  осылай  т  е  л  і  м  г  е

т ү с і п, тентіреп кетеді деп кім ойлаған? 

(Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 1, 7).



ТЕЛІМДЕУ Телімде етістігінің қимыл 

атауы. Жеміс өсімдіктерінің ескі мəдени 

сорттарын т е л і м д е у арқылы көбейтеді 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1957, №5, 36).

ТЕЛІТ  Телі  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. Сен – темір де, мен – көмір, 

Еріткелі  келгенмін.  Екі  еліктің  баласын 



Т  е  л  і  т  к  е  л  і  келгенмін  (Қаз.  дауысты 

Қазыбек: Ата салты., 38).



ТЕЛІТУ  Теліт  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТЕМІР: Темір балға. Басы да, сабы да 

темірден жасалған балғаТ е м і р  б а л

ғ а н ы ң басы көбінесе заводта темірден 

құйылады. Кейде ұсталар қолдан да жасай-

ды (Шаңырақ, 104).

Темір  келі.  Темірден  жасалған  келі. 

Ағаш  келіні  қайың,  қарағаш  сияқты 

қатты ағаштардан ойып жасайды. Мұның 

темірден жасалған түрін т е м і р  к е л і 

деп атайды (ҚСЭ, 5, 350).

Темір қазық. Темірден жасалған қазық. 

Т е м і р  қ а з ы қ көбінесе ат арқандағанда 

не  шатыр  тіккенде  пайдаланылады 

(Шаңырақ, 104).

Темір қанаттанды. Қанаты қатайып, 

ұшуға жарадыТ е м і р  қ а н а т т а н ы п,

енді-енді  қанат-құйрығы  жетіліп,  талпы-

нып отырған құстың иесі осы (К.Сегізбаев, 

Беласқан, 203).



Темір  ошақ.  Темірден  жасалған  үш 

бұты  бар  ошақ. – Ендеше,  бұл  кəдімгі 

қазан, қазанның оттан түсірілуі, т е м і р



о  ш  а  қ  пен  ожау  (К.Ахметбеков,  Егіз 

қала, 339).



Темір  өзекті.  Өлмейтін,  жаны  сірі

Шағын ауыл болса да т е м і р  ө з е к т і

ешкім  жоқ,  кейде  осылай  тосыннан 

қайғылы хабар тарататын (М.Құмарбекұлы, 

Жер иесі, 6).

Темір торлы. Темірден жасалған торы 

бар. Т е м і р  т о р л ы алақандай терезеден 

кептерлер қанат қағып өтті (Н.Дəутайұлы, 

Аты жоқ., 135).

Темір  төсек.  Қаңқасы  темірден  жа-

салған төсек. Апам т е м і р  т ө с е г і н

маған беріп, өзі жақын ғана еденге жатты 

(Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты, 77).

Темір  шымылдық.  с  а  я  с.  Қырғи-

қабақ  соғыс  кезінде  Батыс  елдері 

мен Шығыс елдерінің бір-бірімен экономи-

калық,  саяси,  мəдени  қарым-қатынас 

жасаспауы.  Кеңес  Одағында  каратэ-

нің өзімен тығылып, жасырын түрде жат-

тығады.  Басқасы  тұмшаланған  т  е  м  і  р 

ш ы м ы л д ы қ т ы ң арғы жағынан бізге 

жете  қоймайды  (Қ.Олжай,  Қанат  бай-

ла., 149).

ТЕМІРАРБА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Пойыз. 

Қоңырау соққан соң мен т е м і р а р б а



ғ  а  барып,  орын  алып,  отырып  алдым 

(«Түркістан» газеті, 439). Т е м і р а р б а 

біраздан соң жүріп кетті (Бұл да).

ТЕМІРҚҰС з а т. с ө й л. п о э т. Ұшақ. 

Зымыранға отырып тау аспаймын, Т е м і р



қ  ұ  с  п  е  н  кей  кезде  санаспаймын.  Бұл 

айтқаным – өз ойым, өз пікірім, Келіспесең 

келіспе, таласпаймын (Қ.Мырзалиев: Қаз. 

əдеб., 06.04.1973, 2).



566

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТЕНЕК з а т. ж е р г. Су құюға арналған 

кең,  əрі  жалпақтау  темір  ыдыс;  бак

Қысқа, бірақ жалпақ, кең күбіні т е н е к,

кей  жерде  мəтей  деп  атайды  (Ана  тілі, 

02.10.2008, 4). 



ТЕНТЕК с ы н. а у ы с. п о э т. Тастан-

тасқа соққан, ағыны қатты (өзен). Бұлар 

емделіп жатқан сауықтыру орнының жаны-

нан күндіз-түні күркіреп т е н т е к өзен 

ағып жататын-ды (Н.Ораз, Сиқырлы., 33).



ТЕНТЕКСУ  Тентексі  етістігінің 

қимыл атауы.

ТЕНТЕКСІ  е  т.  Тентек  болғансу, 

сотқарланғансу.

ТЕНТІРЕМЕ з а т. Үй-жайы жоқ, қала-

ның əр жеріне жатып, күнін көріп жүрген 

панасыз адам; бомж. Қаланың терімшісі 

мен  т  е  н  т  і  р  е  м  е  с  і  н  тоқтатқанмен 

қыдырымпаз  ағайынға  тосқауыл  жоқ  еді 

(Қ.Ысқақ, Ақсу., 353).



ТЕҢ: Тең көтеру. о й ы н. Екі жігіт теріс 

қарап тұрып, жоталарын тақастырады, 

қолдарының шынтақтарын айқастырады. 

Содан кейін бірін-бірі кезек-кезек көтереді. 

Т е ң  к ө т е р у ойынын балалар да кез 

келген  жерде  ойнай  береді  (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 130). « Т е ң  к ө т е р у» ойынын 

кейбір күшті жігіттер екі иығына екі-екіден 

төрт  адамды  отырғызып  та  орындайды 

(Ойын-сауық, 169).



ТЕҢБІЛТОРҒАЙ з а т. з о о л. Үлкендігі 

кəдімгі  торғайдай,  салмағы 18-23 г., 

құйрық-қанаты ұзын, басында айдары бар 

əдемі құс. Түсі жылтыр қара көкшіл, ашық 

қоңыр. Таулы жерді мекендейді. Жыл құсы 

(Қазақс. əйелд., 1983, №12, 27).



ТЕҢБІЛШЕ з а т. з о о л. Жас кезін-

де  денесін  теңбіл  басатындықтан 

арыстанның  күшігі  теңбілше  делінеді 

(Қ.Қайым: Ана тілі, 03.04.1997, 8).



ТЕҢГЕ: Теңге ату. э т н. Ат үстінде 

шауып келе жатып, биік бағанның басына 

ілінген күміс теңгені атып түсіру сайысы 

(ойыны).  Т  е  ң  г  е    а  т  у  –  адамдардың, 

əсіресе  жастардың  қару  ұстау  өнері  мен 

көзге атар мергендігін сынайтын ойын түрі 

(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 4, 86).



Теңге  жасыру.  э  т  н.  о  й  ы  н.  Ойын 

жүргізуші  бір  баланы  сыртқа  шығарып 

жіберіп,  үйдегілердің  біреуіне  «бойыңа 

жасыр» деп теңге береді. Сырттағы бала 

келіп,  əлгі  теңгені  табуы  керек.  Таппаса 

айып тартады. Т е ң г е  ж а с ы р у ойыны 

–  балалар  өзара  бас  қосқанда,  үйде  оты-

рып ойнайтын ойын. Бұл ойын кей жерде 

«теңге жасыру» делінсе, кей жерде «сақина 

жасыру» делінеді (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш 

бесік., 4, 106).



Теңге  салды.  Тұтқынның  қол-аяғын 

байлап, сыртынан орап, екі-екіден теңдеп, 

көлікке  артып  алды.  Бас  бағып,  алыс 

тұрып  Құсан  сұмырай,  Қарады  соғыс 

жаққа көз айырмай. Еркешті т е ң г е  с а л 

ы п жөнелгенде, Қуанды жауыз Құсан есі 

қалмай (И.Байзақов, Таңд. шығ., 1, 100).



ТЕҢГЕГҮЛ з а т. б о т. Гүл күлтелері 

теңгеге  ұқсас  өсімдік.  Жазда  шатырлы 

үйдің жанына т е ң г е г ү л д і саздың үстіне 

тігіп қойса деп армандайды (Ш.Мұртазаев, 

Қара маржан, 132).



ТЕҢГЕЖАРЫМ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Əр 

түтінге  салынатын  салық  түрі.  Осы-

дан  бұрын  хазіреттің  зекет-мекетін  бір 

сыпырып  еді,  патша  ағзамның  түндік 

салығы – т е ң г е ж а р ы м ы да жиналған 

(Ж.Молдағалиев, Алғ.қоңырау, 16).

ТЕҢГЕРІМ  з  а  т.  э  к  о  н.  Бір-біріне 

байланысты іс-əрекеттер (мыс. кіріс пен 

шығыс)  көрсеткіштерінің  салыстырма-

лы  есебі,  арақатынасы;  баланс  (Бекітіл. 

термин., 80).



ТЕҢДЕ... 2. а у ы с. Теңгеру, теңестіру. 

Т е ң д е й т і н тарих өзі дұрыстығын Əр 

сəті ғасырға тең жұмысты күн (Ж.Смақов, 

Мың махаббат., 42).

ТЕҢЕЛУШІ  з  а  т.  Тең  кел етін, 

қатарласушы.  Бүгінде  совхозда  оның 

қатарына т е ң е л у ш і л е р ондап саналады 

(Лен. жас, 06.01.1976, 1).

ТЕҢЖІП...  Ауыр  теңдерді  түйенің 

қос  бүйіріне  қатар  апарып  қояды  да,  т  е 



ң  ж  і  п  т  е  р  д  і  лезде  ілмектей  салады 

(Қ.Жұмаділов, Таңғ. дүние, 72).



ТЕҢСЕЛІҢКІРЕУ  Теңселіңкіре 

етістігінің қимыл атауы.

ТЕҢСЕРІЛ  е  т.  Төңкерілу,  қопарылу

–  Солай  емес  пе,  ə,  жеңеше! – деп  бар 

денесімен т е ң с е р і л е рюмканы қасында 

отырған  Мəдинаға  тосты  (К.Жүнісова, 

Қимаймын., 153).

ТЕҢСЕРІЛУ  Теңсеріл  етістігінің 

қимыл атауы.

ТЕҢШЕ¹ з а т. Кішкентай тең. Тереңнен 

барып тер гауһар, Ақыл мен білім қосылып! 

Қамалап келген қардарға Көрінсін т е ң ш 

е ң шешіліп (Жеті ғасыр., 2, 374).


567

Байынқол Қалиев

ТЕҢШЕ²  е  т.  Екі  нəрсенің  көлемін, 

мөлшерін, салмағын теңестіру.

ТЕҢШЕГІШ  з  а  т.  т  е  х  н.  Ыстық 

бөлмеге суық ауа айдағыш құрал; кондици-

енер. Қатты терлеп келіп ауа т е ң ш е г і ш-

т і ң алдына тұра қалу жүрек қызметі нашар

адамдар үшін қауіпті (Жас-ай, 2010, №4, 31). 



ТЕҢШЕЛ Теңше етістігінен жасалған 

ырықсыз етіс. Таразы басы т е ң ш е л м е й,

дүние  бір  жағына  ауып  тұр  (Жас  алаш, 

24.11.2009).

ТЕҢШЕЛЕ  е  т.  с  ө  й  л.  Салыстыру, 

салғастыру.  Жақсылық  жамандықпен 

т  е  ң  ш  е  л  е  д  і,  Кім  жүйрік,  кім  шабан 

екшеледі.  Сатайдың  сақасы  өрде  жатыр, 

Оны да көрген дұшпан сескенеді (Құланаян 

Құлмамбет, Сөзімнің., 106).



ТЕҢШЕЛУ Теңшел етістігінің қимыл 

атауы. 

ТЕҢШЕЛІМ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Радио-

қабылдағыштың не саз аспабының құлағын 

бұрау арқылы оны белгілі бір күйге келтіру 

ісі; настройка (Бекітіл. термин., 80).

ТЕҢШЕУ¹  е  т.  ж  а  ң  а. 1.  Саз  аспа-

бының  ішегін  босату  не  тарту  арқылы 

оны  қажетті  дауысқа  келтіру. 2. 

Қажетті  радиотолқынды  ұстау  үшін 

радиоқабылдағыштың  құлағын  бұрап 

келтіру; настроить (Бекітіл. термин., 80). 

ТЕҢШЕУ²  Теңше  етістігінің  қимыл 

атауы

ТЕҢІЗ:  Теңіз  арыстаны.  з  о  о  л. 

Ескекаяқтылар  тобына  жататын,  ірі 

денелі  теңіз  жануары.  Олардың  негізгі 

тағамы – балық. Т е ң і з  а р ы с т а н 

д  а  р  ы  көктем  мен  жазда  Калифорния 

жағалауларында,  Жапон  теңізі  аралда-

рында мыңдап жатақтар құрады (Су асты. 

тіршілік, 93).



Теңіз  жұмыртқасы.  б  о  т.  Марқакөл 

жағалауындағы  қойнау-қойнауларда 

өсетін,  тамыры  жоқ,  домалақ  өсімдік. 

Айтпақшы, олар осы қойнаудан «т е ң і з



ж ұ м ы р т қ а с ы » деп аталатын домалақ, 

тамыры жоқ, майлы сұйық нəрседен тұратын 

өсімдік тапқан. Жергілікті тұрғындар осы 

өсімдікті  ауырған  жерлеріне  жағып,  рев-

матизмнен емделеді екен (Марқакөл, 38).

Теңіз жыланы. з о о л. Теңіз суларында 

тіршілік  ететін,  екі  жағы  жабысыңқы, 

жалпақ  құйрықты,  аса  улы  ала  жылан.

Т е ң і з  ж ы л а н д а р ы н ы ң бəрі жемін 

уымен өлтіріп, балықтарды жəне басқа да 

теңіз  жануарларын  қорек  етеді  (Су  асты. 

тіршілік, 68).



Теңіз кептері. з о о л. Кептердің теңіз 

жағасында  тіршілік  ететін  түрі.  Бұлар 

қоқиқаз, бірқазан, ақ құтан, т е ң і з  к е п 



т е р і, сарыторғай, қызыл аяқ балшықшы, 

шыпылдақ жəне басқалар (Қорғалжың, 23). 

Қоқиқаз, т е ң і з  к е п т е р і, бізтұмсық, 

бірқазан,  шүрілдек,  басқа  да  құстар  еш 

өзгеріссіз біздің заманымызға дейін жетті 

(Қорғалжың, 44).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет