Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет138/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   168

ТОҚМЕЙІЛСІНУ  Тоқмейілсін  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТО Қ М Ы Қ Ы Н   с   ы   н .   М ы қ ы н ы 

шығыңқы,  мықынды.  Көп  ұзамай  т  о  қ 

м ы қ ы н бойжеткен Айымша темір жол 

құрылысына  ауысып  кетті  (С.Сматаев, 

Бұлақ, 18).


576

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТОҚПАҚ... 2. а  у  ы  с.  Қолдаушы, 

сүйеуші, қолтығының астына алушы. Олар 

жоғарыда сүйеніші барлар, т о қ п а ғ ы 

мықтылар. Ал менде т о қ п а қ та, сүйеніш 

те жоқ (Б.Соқпақбаев, Таңд., 249).



ТОҚПАН з а т. к ө н е. 1. Наурыз. Бір 

жылдағы ай есебі отамалы (маусым), сар-

ша, тамыз, қыркүйек, желді (қазан), қараша, 

тоқсан (желтоқсан), қаңтар, ақпан, т о қ п 



а  н  (наурыз,  екіағайынды),  көкек  (сəуір), 

мамыр  деп  аталады  (Қаз.  этнография., 1, 

76). 2. Ақпан  айының  соңы  мен  наурыз 

айының басында болатын жауын-шашын, 

ызғарлы суық. – Қайда əлі! – деген Дəукең 

бірде. – Ақпанның т о қ п а н ы бар алда 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 370).

ТОҚСАБА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қоқан 

хандығындағы  төменгі  офицерлік  əскери 

шен.  Бұларды  қарсы  алуға  датқаның 

тапсырмасымен  сарбаздарды  бастап  кел-

ген  т  о  қ  с  а  б  а  оларға  Нəсіреддиннің 

хатын  табыс  етті  (Ж.Бейсенбаев,  Жасын-

тағдыр., 157).

ТОҚСАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Желтоқсан. 

Бір  жылдағы  ай  есебі  отамалы  (маусым), 

сарша,  тамыз,  қыркүйек,  желді  (қазан), 

қараша,  т  о  қ  с  а  н  (желтоқсан),  қаңтар, 

ақпан, тоқпан (наурыз, екіағайынды), көкек 

(сəуір), мамыр деп аталады (Қаз. этногра-

фия., 1, 76).

ТОҚСАНЫНШЫ...  Қыздар  демекші 

сонау  т  о  қ  с  а  н  ы  н  ш  ы  жылдардың 

ортасынан  таэквандоға  талаптанғандар 

арасында қыздар өте көп болды (Қ.Олжай, 

Қанат  байла., 151). Т  о  қ  с  а  н  ы  н  ш  ы 

жылдардың басында-ақ ішкі-сыртқы ұры-

қары  темір  сымды  түгел  жаудай  шауып 

кеткен (Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 410).



ТОҚСЫР е т. Ағаш томарын түбінен 

қопарып,  құлату.  Кішкентайлар  төбенің 

үстіне т о қ с ы р ғ а н томар алауы жа-

нына  жайғасып  алыпты  (А.Мекебаев, 

Алапат, 108).



ТОҚТАСҚАНДАУ  с  ы  н.  Мосқалдау, 

жасы  келгендеу.  Тек  ішіндегі  жұпыны 

киінген, қазақылау, т о қ т а с қ а н д а у біреуі 

онша  елжіремей  отыр  (Ж.Тілепбергенов, 

Ізбасар, 111). Аз-кем  жөн  білісіп,  тіл 

алысқаннан кейін əлгілердің жасы т о қ т а 

с қ а н д а у үлкені өзі атына сырттай құлағы 

қанық, жазғандарын əрдайым оқып жүретін 

Айторы ақын болып шықты (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 263).



ТОҚТАСҚАНДЫҚ  з  а  т.  Жасы 

келгендік, мосқал тартқандық. Енді оның 

орнын байсалды аналық т о қ т а с қ а н 



д ы қ ала берген сияқты (Қ.Тоқмұрзин, Үш 

кие, 41).



ТОҚТАТҚЫШ  з  а  т.  Бір  нəрсені 

тоқтататын  нəрсе  (Ə.Жылқышиев, 

Мешін жылы, 75).



ТОҚТЫЛЫҚ¹  з  а  т.  Тоқ  болған-

дық,  тойғандық  (Ш.Мұртазаев,  Қызыл 

жебе, 25).



ТО Қ Т Ы Л Ы Қ ²   с   ы   н .   То қ т ы ғ а 

татырлық, тоқты соярлық. – Ау, балам! 

Мына кісінің батасы т о қ т ы л ы қ бата 

екен,  лағыңды  қоя  бер  де,  тоқты  əкел! – 

депті (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 5, 24).



ТОҚТЫШАҚ  з  а  т.  э  т  н.  к  ө  н  е. 

Ертедегі  балалар  ойындарының  бір 

түрі.  Керісінше,  қарабие,  т  о  қ  т  ы  ш 

а  қ,  қаралақ  ойындарының  қазіргі  бала-

лар  мен  жастарға  ерсі  болып  көрінуі  де 

мүмкін  (Ө.Жолымбетов,  Айгөлек, 71). 

Шоқан ақсүйек, қарабие, т о қ т ы ш а қ 

ойындарының бəрін де ойнады (С.Бегалин, 

Бала Шоқан, 75).



ТОҚЫҒЫШ с ы н. Жақсы тоқитын, 

көп тоқитын. Əбділданың өрмек т о қ ы 

ғ ы ш əйеліне дейін жолаушыларды Мек-

кеден  келе  жатқан  адамдай  қарсы  алды 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 261).

ТОҚЫЛ  Тоқы  етістігінен  жасалған 

ырықсыз етіс. Т о қ ы л ғ а н шым шиді 

қазақтар  өте  жоғары  бағалайды  жəне 

оны  ұқыпты  тұтынған  (Ə.Тəжімұратов, 

Шебер., 60).



ТОҚЫЛДАҚ з а т. м у з. Тоқылдаған 

дыбыс шығаратын саз аспабы. Мəселен, 

мынадай  аспаптар  бар:  дудыға,  асатаяқ, 

жетіген,  шертер,  қылқобыз,  шаңқобыз, 

сырнай, т о қ ы л д а қ, дабыл, дауылпаз, 

сыбызғы  т.б. (О.Хаймолдин:  Жұлдыз, 

1974,  №9, 183). Музейдегі  аспаптарды 

былайша  жіктеп  бөлдік.  Ішекті-ыспалы 

немесе қияқты саз аспаптар (қобыздар, саз-

ген,  бозаншы,  егек),  уілдекті  аспаптар 

(керней,  сыбызғы,  үскірік,  бұғышақ), 

дабылды  аспаптар  (дабыл,  даңғыра,  кеп-

шік,  т.б.),  дабылды-сылдырлы  аспаптар 

(дудыға,  т  о  қ  ы  л  д  а  қ)  т.б. (Қаз.  əдеб., 

13.07.1984, 12).



ТОҚЫЛУЛЫ  с  ы  н.  Тоқылған, 

тоқылып біткен. Сыртыма үйде ақ ботаның 

түбітінен т о қ ы л у л ы жатқан өрмектен 



577

Байынқол Қалиев

қазақша шекпен тіктіріп берді (С.Мұқанов, 

Мөлдір., 232). 

ТОҚЫМСАЛАР  з  а  т.  э  т  н.  Баласы 

алғаш  рет  атқа  мінгенде  ата-анасы 

қуаныш көріп, ырымдап жасайтын шағын 

той. – Ендеше, ол баласына т о қ ы м с а 

л а р той өткізеді екен ғой! (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 314). 



ТОҚІШЕК з а т. а н а т. Ас қорытылатын 

негізгі  ішек.Ұлтабардан  азық  аш-ішекке, 

одан  т  о  қ  і  ш  е  к  к  е  барып,  қорыты-

лып,  тікішек  арқылы  қа лдықт ары 

сыртқа  шығарылып  тасталады  (Жетісу, 

23.10.1963, 3).

ТОЛАҒАЙ¹...  Т  о  л  а  ғ  а  й  баста  ми 

болмаса, екі аяққа зор түседі деген тегі рас 

екен (О.Бөкеев, Үркер, 46).

ТОЛАҒАЙ²  с  ы  н.  Үлкен,  мол,  көп. 

Ағаны  інімен,  азаматты  аяулы  жарымен 

алмастыртқан  уақыт – тылдағыларға  т  о 

л  а  ғ  а  й  талап  жүктеді  (А.Сейдімбеков, 

Серпер, 8). Он  бірінші  бесжылдықтың 

өзекті жылында т о л а ғ а й табысқа жетіп 

отырған совхоз коллективі қазіргі күндері 

қол жеткенді баянды етудің берік жолында 

келеді (Лен. жас, 22.10.1983, 2).



ТОЛАЙ з а т. з о о л. Құм қояны (песча-

ник) (Қаз. ор. терм. сөзд. биол., 59).

ТОЛАЙЫМ  ү  с  т. 1. Барлық,  күллі, 

бүкіл. Т о л а й ы м əлеуметке биылғы қыс 

аса  қатты  боларын  бағамдады  (О.Бөкеев, 

Үркер, 90). Ал қазақ атты халықтың т о л а 

й ы м тұтас өнерін, оның жан-жақтылығын 

айтар болсақ, 1917 жылдан бері ғана көсіле 

аламыз  (Қаз.  əдеб., 29.03.1985, 13). 2. 

Бүтіндей, біржолата, толық. – Базардың 

ырың-жырыңы  бітпейді.  Т  о  л  а  й  ы  м 

алатын көпеспен сөйлесіп көрейін, - деді 

(Т.Əлімқұлов,  Ел  мен  жер, 99). – Міне, 

Жəкеңнің бір өзіне бір бөлмені т о л а й 

ы м беріп қойдым (Қаз. əдеб., 21.05.1976, 

4). Қазір əдебиет пен өнер құбылыстарын 

кеңінен, т о л а й ы м қарастыруда семи-

отика  ғылымының  ролі  артып  отыр  (Қаз. 

əдеб., 30.11.1984, 6).

ТОЛАЙЫМЕН  ү  с  т.  Біржолата, 

бүтіндей,  толық.  Сақым  жеңешемнің 

осындағы тəтті-татымды қазынасына сəтін 

салса,  қазірден  бастап,  менің  иелігіме 

ертеңгі күн шыққанша т о л а й ы м е н 

көшпек  (К.Сегізбаев,  Жап-жасыл., 452). 

Аңысқой,  аңғарымпаз  қаламгердің  осы 

айтқаны  т  о  л  а  й  ы  м  е  н  қазақ  тілінің 

бүгінгі жай-күйіне де тиемелі (Қаз. əдеб., 

01.08.1986, 10).

ТОЛАРСАҚТЫ с ы н. Толарсағы бар, 

толарсағы  алынбаған.  Сондықтан  жем 

қалтада, қашанда қойдың т о л а р с а қ 



т  ы  еті  болғаны  жөн  (Ж.Бабалықов, 

Қырандар, 69). 



ТОЛҒАҚСЫЗ  с  ы  н. 1. Толғағы 

болмаған, толғағы жоқ. 2. а у ы с. Еңбексіз, 

бейнетсіз. Оның көбейгеніне ренжімейміз-

ау,  бірақ  еңбексіз,  бейнетсіз,  т  о  л  ғ  а  қ-



с ы з туа қалған ансамбльдер əн өнерінің 

мазмұнын  сұйылтып  жіберді  (Қаз.  əдеб., 

14.05.1976, 3).

ТОЛҒАМАЛА  е  т.  Ары-бері  толғау, 

ырғау (Қыз Жібек, 41). 

ТОЛҒАМАЛАУ Толғамала етістігінің 

қимыл атауы.

ТОЛҒАТТЫР  Толғат  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс  (Т.Əлімқұлов, 

Шежірелі Сарыарқа, 148).



ТОЛҒАТТЫРУ Толғаттыр етістігінің 

қимыл атауы.

ТОЛҚУШЫЛЫҚ з а т. 1. Толқығандық, 

ырғалғандық,  теңселгендік. 2. а  у  ы  с. 

Көңілі толқып кеткендік, қобалжығандық 

(Ə.Нəбиев, Бейтаныс., 79).



ТОЛҚЫНЖОЛ з а т. ж а ң а. Толқын 

жүретін  арна  (волновод)  (Телекоммуни-

кация. сөзд. ).



ТОЛҚЫНША  ү  с  т.  Толқын  тəрізді, 

толқын  сияқты.  Өрт  қабақтағы  тақырға 

соғылып, т о л қ ы н ш а лықсып барып 

өткен (М.Мағауин, Екі томд., 2, 320). 

ТОЛЫҚ:  Толық  метражды.  1,5-2 

сағаттық, əдепкі мөлшердегі (фильм). Ол 

кезде  «Қазахфильм»  жылына  бір  не  екі



т о л ы қ  м е т р а ж д ы фильмді күшеніп, 

əрең  жасап  шығарады  (Б.Соқпақбаев, 

Таңд., 331).

ТОЛЫҚТАЛ  Толықта  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Қазақ  тілінде 

анықтайтын  сөз  бен  анықталатын  сөз, 

толықтайтын сөз бен т о л ы қ т а л а т ы н

сөз,  пысықтайтын  сөз  бен  пысықталатын 

сөздер  өзара  бірігетіндіктері  байқалады 

(ҚазССР ҒА Хабарлары, 1954, вып. 1-2).



ТОЛЫҚТАЛУ  Толықтал  етістігінің 

қимыл атауы.

ТОЛЫҚТЫРУШЫ  з  а  т.  Кемін  тол-

тыратын  адам;  толтырушы.  Жаңадан 

келіп жатқан т о л ы қ т ы р у ш ы л а р



д  ы  ң  ішінде  бұрын  жаумен  шайқасып,

578

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жараланып, əскери ауруханадан шыққандар 

да бар екен (М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 233). 

Төле  Əлібекұлы – қоғамда  қалыптасқан 

құқықтық  қағидалар  мен  нормаларды 

өзгеше өрнекпен жаңғыртушы, жаңалаушы 

əрі жалғастырушы, т о л ы қ т ы р у ш ы 

болған кісі (Н.Мыңбатырова, Төле би., 80).



ТОЛЫМСЫЗ:  Толымсыз  ұйқас.  ə  д 

е  б.  Онша  дəл  емес  ұйқас.  Бұл  жағынан 

қарағанда,  ұйқасты  қазақ  поэзиясында 

толымды ұйқас (точная рифма), т о л ы м 



с ы з  ұ й қ а с (неточная рифма) деп бөледі 

(Қаз. əдеб. энцикл., 655).



ТОМАҒАЛАУ... Асау құстарды алғаш-

қы күндерден бастап-ақ т о м а ғ а л а у ғ а

болады (Ж.Бабалықов.., Қырандар, 23).

ТОМАЛАҚ  з  а  т.  Кішігірім  той, 

қуаныш дастарқаны. Тойға емес, т о м а

л  а  қ  қ  а  барып  қайттық  (Т.Оспанбеков, 

Ақбақай, 63). 



ТОМАР: Томар оқ... – Аңшылық құ-

рады екенсің ғой? – деді Қабанбай т о м а р



о қ т ы ң бірін ұстап көріп (Қ.Жұмаділов, 

Дарабоз, 1, 108). Жебелері  əр  алуан: 

көбебұзар,  қозыжаурын.  Бірен-саран  т  о 

м а р  о қ, тіз оқтар ұшырасады (Бұл да).

ТОМАРЛЫЛЫРАҚ  с  ы  н.  Тома-

ры  үлкендеу,  томарлылау.  Есік  алдын-

дағы  отынның  Шырпылылырағынан  ала 

кел,  Т  о  м  а  р  л  ы  л  ы  р  а  ғ  ы  н  а  н  ала 

кел,  Түбірлілірегінен  ала  кел  (Жаңылт-

паштар, 22). 

ТОМАРТАУЫҚ з а т. з о о л. Томар-

лы,  қопалы  жерлерде  тіршілік  ететін 

тауық  пішіндес  ірірек  құс.  Ит  мұрыны 

өтпейтін шілікте т о м а р т а у ы қ т а 



р  ы,  қамысшы,  торғай  тұқымдастардан 

сарышымшық,  шырылдауық  торғайлар 

тіршілік етеді (Қорғалжың, 23).

ТОМАША¹ з а т. с ө й лТомашаторғай. 

Т  о  м  а  ш  а  деген, «шымшық»  аталатын 

құс  тұқымының  ең  кішкенесі  деседі 

(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз, 179).

ТОМАША² с ы н. Кішігірім, томпиған 

(үй).  Бесқанатты  қоңырқай  т  о  м  а  ш  а 

үйдің  түндігін  теріскейден  жұлқынған 

ызғырықты, қатты жел желп-желп еткізеді 

(М.Айымбетов, Құмөзек., 7).



ТОМАШАТОРҒАЙ  з  а  т.  Торғайдың 

кішкентай, томпиған бір түрі. Аяқ асты-

нан пыр етіп ұшқан т о м а ш а т о р ғ а й 

ойын бұзып жіберді (Н.Мағзұмов, Желден 

жүйрік, 5). Осындай əдіспен т о м а ш а 



т о р ғ а й да, шақшақай да, сандуғаш та, 

шымшық та, тағы басқа құстар да емделеді 

(Балдырған, 1975, №7, 22).

ТОМДЫ с ы н. Томнан тұратын; том-

дық. Сəбит «Өмір мектебі» деген үш т о м 

д ы кітап жазды ғой (Сөзстан, 16). 

ТОМОГРАММА з а т. м е д. Дененің 

белгілі  бір  жерінің  пленкаға  түсірілген 

суреті. Оған, міне, Қарағанды шахтерінің

т о м о г р а м м а с ы куə (З.Шашкин, Док-

тор Дарханов, 251).



ТОМПАЙ з а т. Сиыр малының асығы; 

топай,  сомпай.  Халқымыз  асық  екеш 

асыққа да жеке-жеке ат берген: құлжанікін 

–  құлжа,  арқардікін – арқар,  қойдікін – 

асық,  ешкінікін – ешкімай,  сиырдікін – 

сомпай (кей жерде т о м п а й) деп атаған 

(Қаз. əдеб., 15.02.1974, 2). 



ТОМПЫЛДАТУ  Томпылдат  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ТОМЫ з а т. к ө н е. Топтың алды, басы 

(авангард). – Қолдың т о м ы болмасаң да, 

соңы болма (Көне қазақ мақалы). Т о м ы

дегені  «авангард»,  ал  «соңы»  дегені – 

арьергард (М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 164). 



ТО М Ы Р Т Қ А Л АУ   Том ы рт қ а л а 

етістігінің қимыл атауы. Ішіне мұз салып, 

сапырып  салқындатуды  т  о  м  ы  р  т  қ  а



л а у дейді (Қаз. əдеб., 03.08.1990, 13).

ТОМЫРЫЛ  е  т. 1.  Толу,  сықасу,  ту-

ырылу. Дастарқаныңда т о м ы р ы л ы п 

жентің  мен  майың  тұрса,  мол  шашылып 

құртың  мен  ірімшігің  жатса,  берекеңнің 

ажары емес пе? (К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 

159). 2. Жұнттай болу, семіру. Небір т о м 

ы р ы л ғ а н ту биелер, құр аттар мен жал-

дас айғырлар əр тұста үйме-жүйме болып, 

теңкиіп-теңкиіп жатыр (Ер қанаты, 128). 

ТОМЫРЫЛУ  Томырыл  етістігінің 

қимыл атауы.

ТОН... – Қарнымды жарып, құрсағымды 

қақ  түбінен  кесіп  аласың.  Сосын  еп-

пен  баланың  т  о  н  ы  н  тіліп,  көйлегіңе 

ора  (М.Мағауин,  Аласапыран, 2, 87). 

Тұншығып  тұлпар  қалар  деп  Құртқаның 

жаны шығады. Т о н ы н жарып тұлпардың 

Құлынға  тыныс  қылады  (Қобыланды  ба-

тыр, 25).



ТОНАДА ү с т. ж е р г. Сонау бір кезде, 

баяғыда. – Т  о  н  а  д  а  əлгі  банды  қуған 

біреулерміз  дейді,  үйге,  сəскеде  бір  дор-

ба  милициясы  сау  етті  (Ж.Нəжімеденов, 

Кішкентай, 75).



579

Байынқол Қалиев

ТОНАС  Тона  етістігінен  жасалған 

ортақ  етіс. – Қос  т  о  н  а  с  п  а  ғ  а  н 

н  а  н  кейін  қорқып  неміз  бар! – деді 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 183). 



ТОНАСУ  Тонас  етістігінің  қимыл 

атауы.

ТОНДЫ: Тонды бала. Өз баласы емес, 

өгей, асыранды бала. – Мынау кім еді? – 

Қажының тоғай ішінен тауып алған т о н д ы  



б а л а с ы (М.Разданұлы, Алтай., 360). Асы-

ранды баланы қазақ қалғай немесе «т о н



д ы  б а л а» дейді (Ана тілі, 09.05.2006, 7).

ТОНШЫ  з  а  т.  Тон  тігетін  адам. 

Сонымен аржақта затонды, т о н ш ы, пи-

машы,  былғары  заводының  жұмысшы-

ларын  аралаған  (М.Əуезов,  Таңд.  шығ., 

4, 359).

ТОҢБАСПАҚ з а т. в е т е р. Малдың 

тоң жерде көп тұрғандығынан болатын 

ауруы.  Мəселен,  қыста  мал  ашбаспақ, 

қибаспақ,  т  о  ң  б  а  с  п  а  қ  ауруына  жиі 

шалдығады (Қазақст. ауыл шаруаш., 1964, 

№11, 40). 



ТОҢҚЫ:  Тоңқып  ала  жөнелді. 

Қатты ашуланды, мөңкіді. Осы сөздің ау-

ыздан шығуы мұң екен, Тоңбай т о ң қ ы п



а л а  ж ө н е л д і. – Бөтенмін деген мен бе?

Ол мына сендер ғой... (Ж.Əлмашұлы, Тар 

дүние, 24).

ТОҢЛА е т. с ө й л. Тоңу, тоңазу. Соны 

білетін  шешесі  т  о  ң  л  а  ғ  а  н  тезектің 

ішінен  жем  теріп  беріп  жатқан  жоқ  па?! 

(Ж.Ахмади, Айтұмар, 209). 



ТОП: Топ болу. Топ болу, топаяқ болу, 

топқанат  болу:  аяқ-қолын  жаза  алмай-

тын,  өз  бетімен  жүріп-тұра  алмайтын, 

қарын  жайып,  қанат  қағып  ұша  алмай-

тын  сырқат  деген  мағынаны  білдіреді 

(Ж.Бабалықов.., Қырандар, 31). 



ТОПАЙ  з  а  т.  э  т  н.  Өз  топайы  мен 

басқа  біреудің  топайын  атып  ойнайтын 

ойын. Бұлардан басқа да «ағызбақ», «бақ-

бақ», «бақай пісті», «жылмаң», «т о п а й» 

сияқты ойындар болған (Б.Төтенаев, Қаз. 

ұлт. ойын., 65).



ТОПАН  з  а  т.  ж  е  р  г.  Дене  бітімі, 

көлемі. Əншейінде кеудесі есіктей болып, 

қыры сынбай жүретін жігіттің т о п а н ы 

азайып, шөгіп қалған екен (Қ.Жұмаділов, 

Көкейтесті, 74). – Сен өзің арғы үлкен атаңа 

тартыпсың-ау! – деді разы болған пішінмен, 

қол-аяғың серейген, т о п а н ы ң молдау 

көрінеді (Бұл да, 126).

ТОПҚАНАТ  з  а  т.  Топшысы  сынған, 

қанаты жараланған құс. Т о п қ а н а т сөзі 

мен шүйелу сөзі түсіндірілу жағынан бір-

біріне  жақындау.  Бірақ  шүйелу – құстың 

тұла бойы денесіне түгел қаратылған сөз, 

топқанат – құстың қанат-құйрығына ғана 

қаратылған  сөз  (Ш.Бабалықов,  Қыран-

дар, 106).

ТОПҚАНАТТЫҚ  с  ы  н.  Топқанатқа 

қатысты,  топқанатқа  тəн.  Құстың 

қолдағы өмірі қанша ұзаққа созылса, оның 



т о п қ а н а т т ы қ дəнекүстігі ұлғая береді 

(Ж.Бабалықов.., Қырандар, 107).



ТОПҚҰМАРЛЫҚ з а т. Топтанғанды 

ұнатушылық,  тобыршылдық.  Қазақтың 

Абайды ашындырған бір мінезі – даурықпа 



т о п қ ұ м а р л ы ғ ы еді (З.Қинаятұлы, 

Көшпенді., 104).



ТОПСАЛЫ:  Топсалы  білезік.  э  т  н.

Жалпақ  білезіктің  ашылып-жабыла-

тын  топсасы  бар  түрі  (А.Құралұлы, 

Ұлттық., 1, 25).



ТОПТАС  с  ы  н.  Бір  топта  бірге 

оқитын, бір топтың құрамындағы. ҚазҰУ-

ге айнала берісте Бота т о п т а с т а р ы м 



е н кездесіп, ұзақ əңгімелесіп тұрып қалды 

(Қ.Əбілқайыр, Текес., 88). 



ТОПТЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Топтасқан 

ұжым,  мойынсерік. – Тоғыз  түгіл  тоқсан 

саққа жүгіртсең де айтатын бір қап топанға 



т о п т ы қ т ы ң бір тал түгі де қисаймайды 

(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 32). 



ТОПШЫЛАУЫНША  ү  с  т.  Топ-

шылауы  бойынша,  топшылағанындай

Т.Сүлейменовтың т о п ш ы л а у ы н ш а

бар  құпия-шүйдеден  төмен  шодырайған 

«құжырада» (Қ.Олжай, Қанат байла., 31).



ТОПЫЛЫ с ы н. Топы киген, топысы 

бар. Ана жерде ала т о п ы л ы өзбек ағайын 

көк  түтінді  бұрқыратып  шашылық,  мына 

жерде тай қазанмен палау пісіріп жатады 

(Н.Ораз, Сиқырлы., 206).



ТОПЫЛЫС з а т. ж е р г. Топыр, иін 

тірес.  Бірақ  мұндай  т  о  п  ы  л  ы  с  қ  а 

басқа ренжісе де, Батыр сұлтанның ренжи 

қояр  түрі  көрінбейді  (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 526).



ТОР:  Тор  жүйкелі  жапырақтар.  б  и 

о л. Жүйкелері тор тəрізді жапырақтар. 

Енді  біреулерінің  жапырақ  жүйкелері 

тұтасқан тор тəрізді. Бұлар – т о р  ж ү й 



к е л і  ж а п ы р а қ т а р, мыс., қоғажай, 

қарғакөз т.б. (Биология, 128). 



580

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТОРАЙ:  Торай  көз.  Көзі  торайдың 

көзіндей,  сығырайған.  Кім  білсін,  ести-

яр  кісі  дегені  бала  боп  шыққаны  қызық 

көрінді  ме,  əйтеуір  т  о  р  а  й    к  ө  з  д  і  ң 

қарашығына  қуақы  күлкі  ұшқындады 

(Ə.Нұрпейісов,  Соңғы., 8). Қарашығы 

жылтыраған кішкентай т о р а й  к ө з і н 

алдындағы адамға түсірмей, əлдебір жаққа 

аударып жіберді (Бұл да, 354).



ТОРАҚ...  Көптеген  көже  түрлері, 

ашымал,  қымыран  (шұбат),  сүзбе,  торта, 



т  о  р  а  қ,  кілегей,  сықпа,  майсөк,  жент 

сияқты  ұлттық  тағамдарымыздың  аты 

ғана  жадымызда  сақталып,  өздерінің 

даст арқанымыздан   көрінбей  кетуі 

өкінішті-ақ  (Қаз.  əдеб., 13.02.1976, 

4).  Көшпелілер  кəдуілгі  сүттен  небір 

тамаша  тағамның  түрін  жасай  білген. 

Олар:  қатық,  балқаймақ,  құрғақ  сүт, 

қойыртпақ,  сарысу,  тасқорық,  сүт  салма, 

сірне, т о р а қ т.б. (А.Сейдімбеков, Күңгір-

күңгір., 114).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет