Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет140/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   168

ТӨРЕСЫМАҚТАН  е  т.  Төре  болып 

көрінгенсу, паңдану. – Шаруамыз көп емес. 

Əуелі т ө р е с ы м а қ т а н б а й қабағыңды 

таныт (Ə.Əзиев, Шұғыл тапсырма, 27).

ТӨРЕСЫМАҚТАНУ  Төресымақтан 

етістігінің қимыл атауы.

ТӨРЕУ Төре тесітігінің қимыл атауы.

ТӨРКІНДЕУШІ  з  а  т.  Əке-шешесіне, 

туған-туысына  төркіндеп  барушы  қыз. 

Сол сияқты ағайын-туыстары да т ө р к і н 



д е у ш і г е хал-қадарынша тарту тартады 

(Қ.Толыбаев, Бабадан., 206). Т ө р к і н д е у 



ш і г е арналған сауықтың мақсаты да осы 

ниетпен ұштасады (Бұл да, 207).



ТӨРЛІК з а т. к ө н е. Өкімет мүшелері 

отыратын  жай  (əкімдік).  Айналасы  ат 

шаптырым қорғанның ішінде қаған ордасы, 



т ө р л і г і, қаған мен санғұндардың тұрар 

жайы бар еді (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 403).



ТӨРТАЯҚТАП ү с т. э к с п р. Еңбектеп. 

Жылап жүріп итарқадан т ө р т а я қ т а п

тоңқайып  шыққан  Ситан  сасқаны  ма, 

Бескемпірге  алақтап: - Əй,  сен  нағып 

тұрсың? – деді (Қ.Ысқақ, Ақсу., 445). 

ТӨРТБҰРЫШ  з  а  т.  Бестастың 

жетінші кезекте ойналатын түрі. Жетінші 

ойын – т ө р т б ұ р ы ш. Төрт тасты жерге 

төрт бұрыш етіп қойып, қақпа тасты биікке 

лақтырып,  төртеуін  де  жинап  алу  керек 

(Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 49).

ТӨРТБҰРЫШТА е т. Төрт бұрыш ету, 

шаршылау.  Құрылысқа  пайдалану  үшін 

ізбестасты арнаулы арамен т ө р т б ұ р 



ы ш т а п қиып алады (Табиғат тану, 17).

ТӨРТБҰРЫШТАУ  Төртбұрышта 

етістігінің қимыл атауы.

ТӨРТЕМ  з  а  т.  Бір  анадан  (енеден) 

бір кезде туған төрт бала (төл). Алматы 

қалалық Алатау ауданының əкімі жуырда 



т ө р т е м д і болған Қапаровтардың от-

басында болған еді. Енді, міне, т ө р т е 



м д е р д і ң əкесіне «Айнабұлақ» шағын 

ауданындағы  су  жаңа  үйден  үш  бөлмелі 

пəтер  кілті  табыс  етілді  (Ана  тілі, 2010, 

№21, 3). Саулықтар неғұрлым күйлі-қоңды 

болса,  сол  ғұрлым  егіз  мол  болады,  тіпті 

үшем, т ө р т е м де туатын (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1970, №3, 35). 

ТӨРТКӨЗДЕН  е  т.  Төрт  жағына 

бірдей  қарау,  зарыға  күту.  Ар  жағында: 

«Күні бойы т ө р т к ө з д е н і п жолыңды 

күткенде, тапқан барқадарымыз осы ма?» 

деген  наз  көмейінде  кептеліп  тұрады 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 218).

ТӨРТКӨЗДЕНУ  Төрткөзден  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТӨРТКІЛДІК  с  ы  н.  Төрткілге  тəн, 

төрткіл пішіндес (тізбек). Парадқа шыққан 

əскер  тізбегіндей,  не  үшкілдік  сап  түзеп, 



585

Байынқол Қалиев

не т ө р т к і л д і к жасап, сыңқылдап, 

татыраулап,  үздіксіз  өтіп  жатқан  қараша 

тырналар тізбегі жүдə көп (Ғ.Сланов, За-

мандастар, 228).

ТӨРТҚҰЛАҚ з а т. э т н. Төрт құлақ 

етіп  жасалған  зират.  Жұмағұл  өзіне  та-

ныс бес-алты сыпа мен т ө р т қ ұ л а қ



т  ы  көктей  өтіп,  ағасының  зиратының 

басына  жетті  (А.Мекебаев,  Алапат, 317). 

Кірпіштерін есек арбамен митыңдап тасып, 

ауылдың сырт жағындағы қорымға өзіне т ө 



р т қ ұ л а қ салыпты (С.Оспанов, Бақытты., 

40).  Ертесіне  молданы  жанымызға  алып, 

əкем мен шешемнің т ө р т қ ұ л а ғ ы н ы ң

басына барып құран оқыттық (С.Оспанов, 

Сопы., 127).

ТӨРТҚЫРЛЫҚ  з  а  т.  Құрылыстың 

төрт қырлы болып келген бөлігі. Сондай-

ақ,  т  ө  р  т  қ  ы  р  л  ы  қ  т  а  ғ  ы,  мешіт 

күмбезі  астындағы,  мақпұрдағы  жазулар 

мен оюлар қалпына келтірілмек (Қаз. əдеб., 

08.02.1980, 15).

ТӨРТТАҒАН з а т. ө н е р. Ою-өрнектің 

төрт  тармақты  бір  түрі.  Ол  қошқар 

мүйіз,  айшық,  үшкүл,  т  ө  р  т  т  а  ғ  а  н 

дейтін өрнектердің барлық əшекей, нақыш-

тарын  толық  үйреніп  болған  (Ж.Ахмади, 

Айтұмар, 230).

ТӨРТТАҒАНДАУ Төрттағанда етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТӨРТТІК з а т. Бестастың төртінші 

кезекте ойналатын түрі. Т ө р т т і к т е

қақпа  тасты  лақтырып,  төрт  тасты  жерге 

қойып,  тағы  лақтырып,  төртеуін  жерден 

қайта  алуы  керек  (Б.Төтенаев,  Қаз.  ұлт. 

ойын., 48).

ТӨРТІНШІ: Төртінші билік. Баспасөз 

өкілі, жұрналшы. – Осы сіздер неге т ө р 

т і н ш і  б и л і к п і з деп таласып-тартыса 

бересіздер,  ағай? (М.Байғұт,  Балабұлақ, 

73). – Т ө р т і н ш і  б и л і к ешкімнен 

қорықпайды – дедім мен (Бұл да).



ТӨСБАУ  з  а  т.  Бір  ұшы  өмілдірікке, 

екінші  ұшы  төсайылға  бекітілетін 

бау  (қайыс).  Ер-тоқым  кейін  кеткенде 

өмілдіріктің өндіршектен көтерілмей, омы-

рауда түзу тұруы үшін т ө с б а у тағылады 

(Ата салты., 104). Кейбір өмілдірікте т ө с



б  а  у  болады.  Т  ө  с  б  а  у  д  ы  ң  бір  ұшы 

өмілдірікке, екінші ұшы төс айылға ілінеді 

(Қаз. этнография., 2, 66).

ТӨСБЕЛГІ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Белгілі  бір 

жетістіктері үшін мемлекет тарапынан 

берілетін, төске тағып жүруге арналған 

белгі (значок). Əскери арзанқол т ө с б е 

л г і н і ң жылтыратып өңіріне күнде бірін 

тағып келеді (Р.Отарбаев, Біздің ауыл., 141). 

«Республикалық ұлан» т ө с б е л г і с і н е ие 

болған жас офицерлер ҚР-ның Президенті 

мен  халқына  адал  қызмет  ететініне  ант 

берді (Астана ақшамы, 16.08.2008).



ТӨСЕК:  Төсек  ауыстырды.  Басқа 

əйелге  (еркекке)  үйленді  д.м.  Қайбір 

жетіскеннен қайта-қайта т ө с е к  а у ы с 



т ы р ы п п ы н? (О.Сəрсенбаев, Жақсының 

көзі, 228).



Төсек  көрпе  с  ө  й  л.  Төсеніш  көрпе. 

Көрпе жамылғы көрпе жəне т ө с е к  к ө р 



п е болып бөлінеді (Шаңырақ, 96).

ТӨСЕКБҰЗАР э т н. Қызды ұзатар ал-

дында берілетін кəделердің бірі. Бұл арада 

(қыз жасауы буылып-түйілген кезде) тағы да 

бірқыдыру кəделер берілу керек. Мəселен, 

т  ө  с  е  к  б  ұ  з  а  р,  шымылдықшешер, 

отаужығар  деген  кəделер  үшін  ақша 

берілетін (Х.Арғынбаев, Қаз. халқы., 219).

ТӨСЕКҚАП¹  з  а  т.  Көшкенде  төсек-

орын жабдықтарын салып алатын, қалың 

матадан, алашадан істелген (тігілген) қап. 

Ол өрмек тоқылып бітіп, алаша кілем боп 

төселіп, бау, басқұр, т ө с е к қ а п, аяққап, 

қоржын  боп  кереге  басына,  уық  қарына 

ілінгенше  шуылдаған  пақырларға  тыным 

жоқ (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 102).



ТӨСЕКҚАП²  з  а  т.  Саяхатшы-

лар,  туристер  далаға  түнегенде  ішіне 

кіріп  жататын  жылы  қап. – Мынау 

«т ө с е к қ а п» деп аталады. Былай ішіне 

кіресің.  Ол  ерінбей  қаптың  ішіне  кіріп, 

сыдырмасын салып, бүркеншігін киіп, тірі 

аруақ болды да қалды (Э.Төреханов, Таудан 

түс., 95).



ТӨСЕКСАЛАР з а т. э т н. Күйеу бала 

мен қалыңдықтың төсегін салған адамға 

берілетін кəде. Одан соң шымылдық ашқан 

жеңгесіне «шымылдықашар», төсек салған 

жеңгесіне «т ө с е к с а л а р» сондай-ақ, 

«қолұстатар», «шашсипатар» сияқты толып 

жатқан жол-жоралар мен кəделер беріледі 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 49). Бір 

əйел шымылдық ашып «шымылдықашар» 

алса, екіншісі алдын ала қалыңдық төсегін 

салғаны үшін «т ө с е к с а л а р» сұрайды 

(Х.Арғынбаев,  Қаз.  халқы., 195). Неше 

жігіт ер жетсе, сонша есікашар, ұрын келер, 

итырылдатар,  бақантастар,  қолұстатар, 



586

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

шашсипатар, т ө с е к с а л а р ... (М.Тиесов, 

Жиделібайсын., 57). 

ТӨСЕКТЕС:  Төсектес  болды.  Бір 

төсекте  бірге  жатты;  көңіл  қосты

Əйтпесе қаншама адаммен т ө с е к т е с 



б о л ғ а н қатынды алып, патшайым жасай 

ма?! (Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 70).



ТӨСЕМ  з  а  т.  Көлік  (мəшине  т.б.) 

жүретін  жолдың  үстіне  тегістеліп, 

нығыздалып  төселген  асфалт.  Онда  тек 

жол т ө с е м і н (асфалт) жөндеу ғана емес, 

қолайлы көлік ағымын реттеу мəселелері де 

қарастырылған (Ана тілі, 02.06.2005, 15).



ТӨСЕМЕЛІ  с  ы  н.  Жерге  төселіп 

жатқан,  жайылмалы.  Аран  биіктігі 40-

50  см,  сабағы  недəуір  бұтақты  не  сирек 

бұтақты, тік не т ө с е м е л і болады (ҚСЭ, 

1, 441).


ТӨСЕНІШ:  Төсеніш  көрпе.  Жат-

қанда,  отырғанда  астыға  төселінетін 

көрпе. – Бала,  бері  кел, - деп  астындағы 

т ө с е н і ш  к ө р п е н і ң шетін көрсетті 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 114).



ТӨСЕҢКІРЕ е т. Құлағын аздап тосу, 

тоса  түсу.  –  Не  дейсің? – деді  Ошекең 

немересіне тосаңдау еститін құлағын т ө 



с е ң к і р е й, мойнын қисайтып. – Біреуді 

көрдім  дедің  бе? (К.Ахметбеков,  Қасірет, 

1, 280).

ТӨСЕҢКІРЕУ  Төсеңкіре  етістігінің 

қимыл атауы.

ТӨСКЕСАЛАР  з  а  т.  э  т  н.  Ішіне 

асықты жілік, төс салынған табақтағы 

етті қасындағылармен бірге бөлісіп жеп, 

табақты қайтарарда күйеу бала беретін 

кəде.

ТӨСТАБАН  з  а  т.  Пойыз  доңға-

лақтарының  астына  төселінген  темір 

төсеніш;  релс.  Темір  жолдың  т  ө  с

т а б а н ы н а көлденең салынған бетон 

тұрбаны тербеп билетіп, ауыр состав өтті 

(С.Сматаев, Бұлақ, 196). Көз ұшынан темір 

жолдың  таспаланған  т  ө  с  т  а  б  а  н  ы 

бұлдырап шалынады (Бұл да, 92).

ТӨСТАБАНДАП  ү  с  т.  Төсін  жерге 

төсеп, етпетінен. Жетісудың бас өзені Іле 

бастау көзін жаңағы т ө с т а б а н д а п 

жатқан жолбарыс тəрізді Лабасыдан алады 

(Соц. Қаз., 26.01.1977, 4).



ТӨСТАРТПА  з  а  т.  Аттың  төс 

тұсынан тартылатын тартпа; төсайыл. 

Тартпаның  екі  түрі  болады:  айылтартпа,



т ө с т а р т п а (Қаз. əдеб., 18.07.1986, 3).

ТӨСТЕМІР  з  а  т.  Шалғы,  кетпен 

шыңдағанда астына қойылатын, жалпақ 

ағашқа қағылған, балтаның шүйдесі секілді 

шойын  темір.  Маған  кішкене  т  ө  с  т  е

м  і  р  д  і  алдырып,  жүзі  майырылып  қал-

ған кетпенін шыңдай бастады (Қ.Омаров, 

Əке, 12).

ТӨСТІК з а т. к ə с і б. Піскен қауыннан 

жұқалап  тіліп,  кептіріп  алатын  тағам. 

Кейін піскен кезде қақ, т ө с т і к тілер едік. 

Қауынқұрт қайнатар едік (Т.Тобағабылов, 

Түсінсең еді., 22). Өтеген базарлы болудан 

қалған қауыннан қақ тілді, т ө с т і к жа-

сады (Жұлдыз, 1970, №10, 105).



ТӨТЕ:  Төте  жазу...  ХІХ  ғ.  екінші 

жартысында  А.Байтұрсынұлы  қазақ 

тілінің  негізінде  ұлттық  жазу  жүйесін 

жасады.  Аталмыш  жазу  үлгісі  т  ө  т  е



ж а з у деп аталды (Қаз. этнография., 2, 157). 

Көп  ұзамай 1924 жылы  араб  алфавитіне 

реформа  жасалып,  түсіп  қалатын  дауыс-

ты  дыбыстардың  бəрі  хатқа  түсірілді.  Ол 



т  ө  т  е    ж  а  з  у  деп  аталды  (Қаз.  əдеб., 

24.11.1989, 16). 



ТӨШКЕ з а т. ж е р г. Ұжымшар орталы-

ғы, ауыл, село. Біздің т ө ш к е м і з Аққұ-

дықпен  бірге  Қарауыл  тамының  қасында 

болған.  Бірақ  сол  т  ө  ш  к  е  болатын  жер

бізге қолайсыз (Қаз. əдеб., 21.10.1988, 10).



ТРАКТОРЛАП ү с т. Трактор-трактор 

етіп, трактормен. Шынында да осы ара-

дан т р а к т о р л а п шөп тасып майып 

болғанша,  сол  далаға  неге  жоңышқа  егіп 

тастамасқа  (С.Шаймерденов,  Сыбызғы 

сазы, 48).

ТУ

1

:  Ту  қой.  Қысыр  қалған  қой.  Біз-

дің  бойдақ  қой  (т  у    қ  о  й)  деп  жүргені-

міз – қысыр қалған саулық (Н.Қазыбеков, 

Дала., 33).



ТУ

2

: Ту сыртын берді. а) Теріс қарап 

тұрды, жонын берді. - Əй, ыңырсымай су 

əкеліп берші! – деген кезде ғана т у  с ы р т 



ы н  б е р і п күйбеңдеп жүрген Зибаш селт 

етіп, жалт қарады (Қарақат тер., 60). ə) а у ы с.



Қол ұшын беруден бас тартты, бұрылып 

кетті,  іргесін  аулақ  салды.  «Жақыным 

едің» деп жалтақтамай, «жатым едің» деп 



т у  с ы р т ы н  б е р м е й, тура сөйлеген 

биді ғана халық пір тұтқан (Ата салты., 36).



ТУАБІТТІ...  Өзінің  т  у  а  б  і  т  т  і 

алғырлығымен,  табандылығымен  ізденіп, 

талмай еңбек етіп келе жатыр (Соц. Қаз., 

15.12.2005, 12). 



587

Байынқол Қалиев

ТУАЖАҚ е т. ж е р г. Туады. – Тайыншаң 

барған ауылдың бұқаларына айдай көрініп, 

ерте қашты. Көктемге салым т у а ж а қ 

(Т.Нұрмағанбетов, Жер иісі, 101).



ТУДЫ-БІТТІ  ү  с  т.  Туғаннан  бергі, 

əдепкі,  дағдылы.  Бүгін  бұған  өзінің  т  у 

д  ы-б  і  т  т  і  тірлік  кешіп  келе  жатқан 

үйреншікті  ортасы,  таныс  табиғаты – 

бəрі-бəрі  сүйкімсіз  көрініп  жүре  берген 

(О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 4).



ТУЕСОҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Бөшкеден  су 

алатын  үлкен  шөміш.  Жақып  қолындағы 

спиртті  тартып  алып,  серпіп  тастады  да,



т  у  е  с  о  қ  т  а  ғ  ы  суды  бетіне  шашып 

жіберді (Қ.Ысқақ, Таңд., 3, 248).



ТУКАН... Т у к а н д а р – орталық жəне 

оңтүстік  Американың  тропикалық  жəне 

экваторлық ормандарында кездеседі (Тірі 

табиғат, 32).



ТУЛАҚ: Тулақ сабау. Жүнді тулаққа 

салып,  ірімтіктерін  жазу  үшін  сабау. 

Сабаудың 2 түрі бар: т у л а қ  с а б а у

шабақ сабау. Т у л а қ  с а б а у - ірілеу, əрі

қарымдылау сабау. Ол жүннің іртігін тез жа-

зуға арналған (А.Əлімжанованың аузынан). 

ТУМА... Т у м а ң н ы ң бауы берік бол-

сын! Сүйіншіңді ал (Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 

1, 141).

ТУМАЙ: Тумай кеткір! «Туысы жа-

ман» д.м. зілді сөз. Жатырынан қағынған, 

т у м а й  к е т к і р ит, тірідей көмді-ау! 

(Н.Мұраталиев, Үміт, 11).



ТУМАСЫРА е т. с ө й л. Тума деп есеп-

теу, туыссырау, туыс іздеу. - Өзіңді т у м а

с  ы  р  а  п,  қайнағалап  жүретін  зыпылдақ 

келінің бар емес пе, сол... (М.Айымбетов, 

Құмөзек., 178).

ТУННЕЛЬШЕ ү с т. Туннель сияқты 

етіп,  туннель  тəрізді.  Сартас  деген  жер-

де, таудың астынан т у н н е л ь ш е қазып 

салған үй бар (Жұлдыз, 1972, №9, 151).

ТУПИК з а т. з о о л. Теңіз жағалауларынан 

балық  аулап  тіршілік  ететін,  басының 

алдыңғы  жағы  мен  кеудесі-ақ,  доғал 

тұмсығы  мен  аяғы – қызыл  теңіз  құсы.

Т у п и к т е р д і Солтүстік Атлантикадағы 

теңіз  жағалауларынан  көруге  болады 

(Құстар, 15). 

ТУРА з а т. Шахмат ойынындағы «піл» 

деп аталатын тас.

ТУРА:  Тура  би.  Ешқайда  бұрмай, 

билікті əділ шығаратын би. Т у р а  б и д е

– туыс жоқ (Мақал).



Тура  билік.  Əділ  билік  жасағандық, 

турасын  айтқандық.  Суреткердің 

осыншалық сүйікті болу себебі – Ғабеңнің 

шыншылдығында, т у р а  б и л і г і н д е 

(Қаз. əдеб., 11.12.1987, 4).



Тура сөзділік. Бетіне тіке айтатын-

дық, жалтақсыз сөйлейтіндік. Ол Шоқан-

ның беттілігінен, т у р а  с ө з д і л і г і н е н 

іштей сескеніп, сөз арасында оған кекесін 

сұрақтар беріп отырды (Н.Баяндин.., Дала 

жұлдызы, 73).

ТУРАМА...  Апасы  берген  т  у  р  а 

м  а  д  а  н  соң,  Жарқын  сыртқа  шыққан 

(Д.Бейсенбекұлы, Əулиеағаш., 159).



ТУСЫРА  е  т.  Бабына  келу,  күйлену. 

Бағым,  күтім  жəне  азықтандыру  дұрыс 

ұйымдастырылса, саулықтар ерте т у с ы

р а п, шағылысқа ерте түседі (Қазақст. ауыл 

шаруаш., 1961, №11, 41). 



Т У Ы Н :   Ту ы н   м а л ы   Ту а т ы н , 

төлдейтін  мал.  Ал  Алғабас,  Торайғыр 

аймақтарындағы  т  у  ы  н    м  а  л  ы  н  а  н 

басқасы қыста да түгел дерлік жайылымда 

(Лен. жас, 16.06.1976, 2).



ТУЫНДЫГЕР... Т у ы н д ы г е р оны өзі 

осылай атапты (Қаз. əдеб., 29.01.1993, 6).



ТУЫНДЫГЕРЛІК... Ал енді руханият

саласында т у ы н д ы г е р л і г і, көкейтесті-

лігі,  кемелділігі  тұрғысынан  өлшенетін 

болса керек (Ана тілі, 07.02.2013, 6).



ТУЫРЛЫҚБАУ  з  а  т.  Туырлықтың 

үстіңгі екі жағына тағылатын, оны уыққа 

байлап, бекітіп қоятын терме бау. Үзікбау, 

т у ы р л ы қ б а у, желбау дегендер сапа-

сыз істелген (Қазақст. ауыл шаруаш., 1969, 

№7, 60).

ТУЫРЛЫҚЖАБАР з а т. э т н. Отау-

ын тіккен кезде күйеу жігіттің туырлық 

жапқандарға беретін кəдесі. Отау тіккен 

кезде  күйеу  жігіт  отауын  тігушілерге 

«уықшаншар», «т у ы р л ы қ ж а б а р», 

«түндікжабар», «үзікұстар», «бау-шу-

байлар»  деген  сияқты  кəделер  береді 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 85).



ТУЫРЫЛУ...  Жазушы  Ж.Тілековтың 

«Қайнарында»  түр,  бет,  əлпет  дегеннің 

орнына  сүдін,  кеңесу,  ақылдасу  дегеннің 

орнына мүшəуараласу, азын-аулақ орнына 

азын-шоғын,  тұспалдау,  оспақтау  орнына 

мошқау, шəйнек я шəугім орнына шайгон, 

қыртыстану, құнарлану орнына т у ы р ы 

л у, реті, ыңғайлы орнына ұтырлы сөздері 

қолданылған (Соц. Қаз., 15.01.1958, 3).



588

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТУЫС е т. Туыс болу, жақындасу, тату 

тұру. - Өзіңмен өзім сыйлас едім, т у ы с а 

й ы қ. – Жарайды, қабырғаммен кеңесейін 

(Ə.Тəжібаев, Хаттар., 113).



ТУЫС-ЖЕКЖАТ  з  а  т.  Туыс  жəне 

жекжат – барлығы. Мұндайда келіп, бас 

көрсететіндер – т у ы с-ж е к ж а т т а р 

ғой (З.Өмірбеков, Құпия., 62).

ТУЫС-ЖЕКЖАТШЫЛЫҚ  з  а  т.

Туыстық,  жекжатшылық   қарым-

қатынас.  Көң  бойы  да  бай,  кедей  болып 

бөлектеніпті  дегенімен  осы  рушылдық, 



т у ы с-ж е к ж а т ш ы л ы қ əлі қала 

қоймағанын Текей осы жолы айқын сезді 

(Х.Рахимов, Бетпе-бет, 72).

ТУЫСҚАНСЫЗДЫҚ з а т. Туысқаны 

жоқтық,  жалғыздық.  Оның  жалғыз  кəрі 

шешесі ғана бар, т у ы с қ а н с ы з д ы ғ ы 



н д а, менің үш-төрт үйдің ортасында өскен 

жалғызсыздығымда  (М.Мағауин,  Таңд. 

шығ., 1, 385).

ТУЫСҚАНШЫЛА е т. Туысқан іздеу, 

туысқан іздеп, қыдырып бару.

ТУЫСҚАНШЫЛАТ  Туысқаншыла 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс. 

Сүндетке  отырғызатын  баланы  т  у  ы  с



қ а н ш ы л а т ы п қыдырту деген жақсы 

салт екен (Ж.Тұрлыбай, Райымбек батыр, 

2, 272).

ТУЫСҚАНШЫЛАТУ Туысқаншылат 

етістігінің қимыл атауы.

ТУЫСҚАНШЫЛАУ  Туысқаншыла 

етістігінің қимыл атауы.

ТУЫСШЫЛА е т. Туысын іздеу. Міне, 

бүгін  Жақыпбек  əлдебір  жаққа  т  у  ы  с 



ш ы л а й кетіп бара жатыр (ТƏлқанұлы, 

Тірліктен., 40). 



ТУЫСШЫЛАУ Туысшыла етістігінің 

қимыл атауы. Енді бір жағынан көрмегелі 

7-8 жылдың жүзі болып қалған нағашымның 

отбасына т у ы с ш ы л а у үшін келген едім 

(Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 45).



ТУЫТ з а т. 1. Мал төлдеп жатқан кез, 

уақыт. – Апыр-ай, т у ы т т ы ң тура бір 

қызған шағында бұзылуын қарашы күннің 

(Соц. Қаз., 01.05.1974, 4). 2. с ы н. Туатын, 

төлдейтін  (мал).  Т  у  ы  т  қой  орталық 

қораға  қамалып,  туғандар  шетінен  көрші 

клеткаларға  əкетіліп  жатады  (Лен.  жас, 

21.03.1972, 1). 



ТҰҒИЯН қ. Тұқиян.

ТҰҒЫЖЫМ с ы н. ж е р г. Құнжыңдап, 

тұғжыңдап қалған; тұғжың. – Іштерінде 

Есетжан мінетіндей біреуі жоқ, өңшең т ұ ғ 



ы ж ы м (Ə.Кекілбаев, Үркер, 278). Астын-

да - əбден мінілген т ұ ғ ы ж ы м жирен 

(Ш.Айтматов, Ерте келген., 114).

ТҰҒЫЖЫМДЫҚ  з  а  т.  ж  е  р  г

Тұғжыңдағандық,  тұғжың  тірлік, 

күйбеңдік. Қасқа бастың да т ұ ғ ы ж ы м

д  ы  ғ  ы  н  а  таңданып  тұрған  жоқсың 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 300).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет