Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет141/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   168

ТҰҒЫЛ... Əне, анау жайпақ т ұ ғ ы л

д  а  бұрын  қазіргідей  тоғай  болмайтын, 

пішен шабылатын (Ə.Əлімжанов, Отырар-

дан., 221).

ТҰҒЫРТАС  з  а  т. 1. Ескерткіш 

мүсіндердің  астына  қойылатын  биік  те 

берік  текше  тас. 2. а  у  ы  с.  Тірек,  негіз. 

Иə, Мұқағали талантының берік т ұ ғ ы р



т  а  с  ы  –  оның  туған  топырағында.  Ол 

соған тартып туған (М.Мақатаев, Соғады 

жүрек, 2, 374).

ТҰЗАҚ... 2. а у ы с. Дұшпанның құрған 

торы,  айла-амалы.  Құдайым  сүйіндірсін 

ұзағынан, Сақтасын дұшпандардың т ұ з а 



ғ ы н а н! Тіл сұқтан, қауіп-қатер қағас қыл 

деп, Қол жайып мен тұрайын бұл жағынан 

(С.Торайғыров, Таңд. шығ., 242).

Тұзақ  жіп.  Тұзақ  болуға  жарарлық

жіп. Ноқта жіп, өре жіп, тұсау жіп, т ұ з а қ

ж  і  п,  шылбыр  жіп  деп  аталатын  жіптер 

де  əр  түрлі  дайындалады  (Лен.  жас, 

23.11.1972, 3).

ТҰЗАҚТА  е  т.  Тұзақ  құру. – Сенен 

судың  асау  жыртқышын  т  ұ  з  а  қ  т  а  п 

ұстауды  үйренгенім  байланғаным  емес 

пе,  өзің  ал, - дедім  мен  (Ж.Орманбаев, 

Тұзақталған., 60).

Тұзақтап  байлау.  Тұзақ  сияқты 

ілмектеп  байлау.  Байлаудың  күрмеп  бай-

лау, қазықбау шалып байлау, т ұ з а қ т а п



б а й л а у, шиелеп байлау, ілмектеп байлау 

деген түрлері бар (Пионер, 1984, №4, 30).



ТҰЗАҚША з а т. Кішірек келген тұзақ. 

Осы екі арада Бақтыбай да т ұ з а қ ш а 



н  ы  жіңішке  мойынға  түсіріп  ала  қойды 

(З.Иманбаев, Қос қайың, 30).



ТҰЗДАУЫТ з а т. Тұзы бар жер, тұзды 

сор.  Ал  жас  етке  тойған  күні  қасқырлар

т ұ з д а у ы т қ а тартады (Егем. Қазақст., 

27.06.2001, 11).



ТҰЗДЫ:  Тұзды  үй.  Тоғызқұмалақ 

ойынында  тұздық  алатын  ұя;  тұздық 

үй. – Сен  не  себепті  т  ұ  з  д  ы    ү  й  д  і 

алмадың менен? – деді əкесі. – Т ұ з д ы



589

Байынқол Қалиев

ү й і ң і з д і алғаннан гөрі мен сіздің ұрадағы 

он  бес  құмалақ  ұпайыңызды  алғанды 

жақсы көрдім (Жыл он екі ай, 1978, 75). – 

Сен көшкеніңмен маған т ұ з д ы  ү й д і

беріп  қойдың! – Ия,  тұзды  үйді  бердім 

(Бұл да).



ТҰЗДЫҚ¹... 2. а у ы с. Бетке ұстары, 

мақтанышы. Бай мен бекке өшіккен бауке-

спе сыбызғышыларға не жетсін! Заманының 



т ұ з д ы ғ ы еді ғой (Т.Əлімқұлов, Сырлы 

наз, 120). 3. а  у  ы  с.  Əңгімесінің  сəнін 



келтіретін нəрсе. Ол кісінің «Əне, менің 

шəкірттерім қандай!» - деп үнемі əңгімесіне 



т ұ з д ы қ етері де біз емес пе едік? (Қаз. 

əдеб., 16.08.1974, 4).



ТҰЗДЫҚ² з а т. Тоғызқұмалақ ойынында 

бір ұяны белгілеу арқылы артықшылыққа 

ие  болу  əрекеті.  Тоғызқұмалақта  мұндай 

артықшылыққа ие болу «т ұ з д ы қ» немесе 

«тұзды  үй»  деп  аталады  (О.Жолымбетов, 

Айгөлек, 48). Жетінші, сегізінші отаулардың 

қандықақпан,  көкмойын  атауларының 

себебі – егер олар «т ұ з д ы қ қ а» берілсе, 

үстінен  жүріс  көп  өтетін  болғандықтан 

жүруші  жақтың  құмалағын  азайтып, 

қарсы  жақтың  позициясын  күшейтіп 

отырады (Бұл да). Бірақ т ұ з д ы ғ ы бар 

жақ əрдайым ұта бермейді. Т ұ з д ы қ т ы 

есеппен беріп, сан соқтыратын ойыншылар 

болады (Лен. жас, 08.11.1988, 4).

Тұздық  алу.  Қолыңыздағы  ең  соңғы 

құмалағыңыз  қарсы  жақтың  отауында 

жатқан  екі  құмалақты  үшеу  жасаса,

«т ұ з д ы қ  а л ы н д ы» деп есептелініп, 

ол  үш  құмалақты  өз  қазаныңызға  салып 

аласыз.  Яғни  дойбы  ойынындағы  биге 

шыққан тас сияқты болу. Ойын барысында 

«т ұ з д ы қ  а л у» тұздық алған ойыншыға 

үлкен артықшылық əпереді (Ə.Ақшораев, 

Тоғызқұмалақ, 25). Алайда,  тоғызыншы 

отаудан  т  ұ  з  д  ы  қ    а  л  у  ғ  а  болмайды. 

Сонымен бірге қарсы жақ т ұ з д ы қ  а л 



ғ а н отаумен нөмірлес отаудан да т ұ з д 

ы қ  а л м а й д ы (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш 

бесік., 4, 118). 



ТҰЗҚҰРТ  з  а  т.  Тұзын  ащы  етіп 

жасаған құрт. Т ұ з қ ұ р т, сықпа қоры 

əзірше жеткілікті (Білім жəне еңбек, 1972, 

№6, 22).

ТҰЗСЫЗДАН  е  т.  Тұзынан  арылу, 

тұщылану.

ТҰЗСЫЗДАНДЫР  Тұзсыздан  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс.

ТҰЗСЫЗДАНДЫРҒЫШ  з  а  т.  Тұзы 

мол  (ащы)  суды  тұзынан  арылтатын 

қондырғы. Зерттеу қортындысы күн көзінен 

жұмыс істейтін т ұ з с ы з д а н д ы р ғ ы ш 

қондырғыны қолдану арқылы малды тұщы 

сумен  жеткілікті  мөлшерде  қамтамасыз 

етуге  болатындығын  көрсетті  (Соц.  Қаз., 

03.12.1975, 4).



ТҰЗСЫЗДАНУ Тұзсыздан етістігінің 

қимыл атауы.

ТҰЙҒЫН з а т. с ө й л. Тойғын. Т ұ й ғ ы н

тазы ұзын екен, Үсеннің қолы тазының ба-

сына еркін жетті (Б.Дəулетбаев, Парыз, 97).

ТҰЙЫҚ: Тұйық буын. л и н г в. Да-

уыстыдан  басталып,  соңы  дауыссызға 

аяқталған буын. Қазақ тілінде буынның үш 

түрі бар: ашық буын, т ұ й ы қ  б у ы н жəне 

бітеу буын (Қазіргі қаз. тілі, 60).

ТҰЙЫҚТАУШЫ  з  а  т.  Бір  нəрсені 

тұйықтап тұратын зат. Мұндай жағдайда 

ескі ілмектер ілгектің астынан шығып, т ұ



й  ы  қ  т  а  у  ш  ы  н  ы  ң  үстіне  орнала-

суы  мүмкін  (Ж.Абдуғапарова,  Трикотаж 

өндірісі., 12).

ТҰҚАЙ...  –  Бəйгі  аттың  ізін  танымай 

не құдай атыпты мені? Май тойы алдында



т ұ қ а й ы н өзім шапқам (Ж.Нəжімеденов, 

Кішкентай, 87). Шоқырақтайын деп еді, күп 

болып ісіп кеткен т ұ қ а й ы н ы ң арасы 

дызылдай ауырып, қатты жүруге мүмкіндік 

бермеді (М.Мəжитов, Құлынды., 113).

ТҰҚИЯН  з  а  т.  Үрім-бұтақ,  ұрпақ, 

тұқым; тұғиян. 

ТҰҚИЯНСЫЗ с ы н. Үрім-бұтақсыз, 

тұқымсыз.  Адастырып  бұлдыр  тұман, 

бұлдыр  күн,  Мен  тағдырға  тамырым-

ды  жұлдырдым.  Ізі  де  жоқ,  тозы  да  жоқ 

тозаңмын, Талайсызбын, т ұ қ и я н с ы з 

тұлдырмын (Н.Айтұлы, Ту, 20). 

ТҰҚЫЖЕГІШ  з  а  т.  з  о  о  л.  Тұқы 

(карп)  балығына  жабысып  алып,  оның 

қанын соратын шаян. Т ұ қ ы ж е г і ш т 

е р д і ң 60 түрі белгілі. Олар көбіне тұщы 

сулар  мен  теңіз  суларында  тіршілік  етеді 

(Р.Сəтімбеков, Қызықты биология, 54).

ТҰҚЫМ:  Тұқым  қуалаушылық.

б и о л. Жан-жануарлар негізгі белгілерінің 



кейінгі ұрпаққа берілуі. Сарық қой дегеніміз 

– кəдімгі қазақы қой арасында т ұ қ ы м



қ у а л а у ш ы л ы қ п е н ара-тұра байқалып 

қалатын құбылыс (Ана тілі, 05.12.2002, 7).



Тұқымың  көбейгір.  Алғыс  мəнді 

қарғыс. Əскери қызметін өтеп келген бетте 

590

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

қаладан пəтерін сайлап үлгерген бойжет-

кенге үйленген ол, т ұ қ ы м ы ң  к ө б е й 

г і р, қайдан түсінсін бізді?! (К.Сегізбаев, 

Жап-жасыл., 184).



ТҰҚЫМБАСТАМА з а т. б и о л. с ө 

й  л.  Тұқымбүршік.  Аналықтың  төменгі, 

əдетте жуандаған бөлігі – түйінде т ұ қ ы м

б а с т а м а (тұқымбүршік) орналасады. 

Т ұ қ ы м б а с т а м а д а н тұқым дамып 

жетіледі (Биология, 7). 



ТҰҚЫМБҮРШІК з а т. б и о л. Тұқымда 

(ұрықта)  болатын  бүршіктердің  жал-

пы  аты;  ұрық  бүршікшесі.  Аналықтың 

түйінінің  ішінде  бір  немесе  бірнеше  т  ұ 



қ ы м б ү р ш і г і болады (Ботаника, 108).

Т ұ қ ы м б ү р ш і к аналық түйінің ішінде 

тұрады (Ботаника, 215). Гүлдегеннен кейін 



т ұ қ ы м б ү р ш і г і н е н тұқым пайда 

болады (Бұл да). 



ТҰҚЫМЖАРНАҚ з а т. б и о л. Өсімдік 

тұқымындағы ұрық өсіп шығатын бөлігі; 

жарнақ. Лобияның ұрығында екі т ұ қ ы м 

ж а р н а қ болады. Олар беттесіп жатады. 

Мұндай өсімдіктерді қос жарнақтылар деп 

атайды. Ал т ұ қ ы м ж а р н а ғ ы біреу бол-

са, оны дара жарнақтылар деп атайды (Био-

логия, 27). Қара бидай, жүгері, арпа, сұлы 

ұрықтарының бірден ғана т ұ қ ы м ж а р



н а ғ ы болады. Мұндай өсімдіктер дара жар-

нақтылар деп аталынады (Ботаника, 29).



ТҰҚЫМЖЕГІШ з а т. з о о л. Өсім-

діктердің  тұқымын  жеп,  зиян  келтіре-

тін  кішкентай  жəндік.  Беде  т  ұ  қ  ы  м

ж е г і ш і (брухофагус) – республиканың 

беде  егілетін  көптеген  аймақтарында  кең 

таралған зиянкес (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1969, №6, 30). 



ТҰҚЫМША  з  а  т.  б  и  о  л.  Бір  ғана 

тұқымы,  жемісқабы  бар  құрғақ  жеміс. 

Күнбағар  жемісінің  қалың  қабырғасы 

тұқыммен  бітісіп  өспейді.  Мұндай  жеміс 

т ұ қ ы м ш а деп аталады (Биология, 14).

ТҰҚЫРАҚ с ы н. с ө й л. Тұғжыңдап 

қалған,  тұғжың.  Т  ұ  қ  ы  р  а  қ  өзіне-өзі 

ырза  болғандай  иығын  қомдап  қодилана 

түсті (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 302). Сонда 

істейтін əлдеқандай т ұ қ ы р а қ біреу оған 

«отыр» деп айтпапты (Бұл да, 305). 

ТҰҚЫРЖЫЛАТ е т. ж е р г. Тұйыққа 

тіреу, тұқырту, құрту. Онсыз да зұлымдық 

жайлап, күйзелген халықты т ұ қ ы р ж ы 



л а т а түсейін дегендей биылғы қыстың 

қаһары қатты болды (К.Мұқажанұлы, Ор-

теке, 41). Осы орайда Ернар да т ұ қ ы р 

ж ы л а т ы п, екі киікті бір оқпен жығуға 

елеурей ентеледі (Бұл да, 168).



ТҰҚЫРЖЫЛАТУ  Тұқыржылат 

етістігінің  қимыл  атауы.  Мені  құла-

туларыңа болады, өндірісті т ұ қ ы р ж ы л а



т у л а р ы ң а болмайды (К.Мұқажанұлы, 

Ортеке, 268).



ТҰҚЫРТҚЫШ с ы н. Тұқырта беретін, 

бас көтертпейтін. Қидабай серігін т ұ қ 

ы  р  т  қ  ы  ш  бопсамен  қыжыртқанымен 

жемірілген жентті бұралай көмейлеп жатыр 

(С.Сматаев, Алғашқы асу, 52).

ТҰҚЫРЫНЫС Тұқырын етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс.  Бəрі  де  еңселері 

түсіңкілеу, құдиыса, т ұ қ ы р ы н ы с а отыр 

(Ж.Бектұров, Жол жоралғы., 40).

ТҰҚЫРЫНЫСУ  Тұқырыныс  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТҰҚЫШ  с  ы  н.  Тұқырайып  қалған, 

тұқшиған. Тұнжыр т ұ қ ы ш екі-үш адам 

үн-түнсіз келді де, мұның екі қолына лез-

де  кісен  салып  тастады  (Ш.Мұртазаев, 

Жұлдыз  көпір, 20). Бірақ  қолының 

саусақтары мыртықтау, мойны т ұ қ ы ш 

көрінді (Қаз. əдеб., 02.03.1984, 12).



ТҰЛ:  Тұл  ат.  э  т  н.  Қайтыс  болған 

адамның  төл  атын  асына  сою  үшін, 

құйрық-жалы  күзеліп,  бір  жыл  бойы 

мінілмей, бос жіберілген атты «тұл ат» 

деп атайды. Т ұ л  а т т ы соярда құраннан 

аят оқылып болған соң, бəйбішесі, қызы, 

келіндері  «т  ұ  л    а  т  қ  а»  көріс  қылып, 

жоқтау айтады (Ата салты., 138).



Тұл  отау.  э  т  н.  Ұзатылар  алдында 

қайтыс  болған  қалыңдықтың  күйеу  ауы-

лына жөнелтілген жасауы осылай аталы-

нады. Мұндайда (қалыңдық дəл ұзатар ал-

дында өлсе) қалыңмал да қайтарылмайды, 

оның орнына қызға арналған жасау «т ұ л

о  т  а  у»  деген  ортақ  атпен  күйеу  ауы-

лына  жөнелтіледі  (Х.Арғынбаев,  Қаз. 

халқы., 181). 

ТҰЛАЙЛАН  е  т.  Қараю,  тұтығу. 

Қарақан келді шауып есіткен соң, Не пайда 

құр келгеннен кешіккен соң. Қап-қара т ұ 

л а й л а н ы п аппақ дене, Етінен у төгілді 

кесіп көрсең (А.Тоқмағамбетов: Қаз. əдеб., 

01.05.1973, 4).

ТҰЛҒАЛА е т. Біреудің адамгершілік, 

психологиялық  жəне  əлеуметтік  қырын 

жан-жақты  сипаттау,  кескін-келбетін 

айқындау, тұлғасын жасау. 


591

Байынқол Қалиев

ТҰЛҒАЛАУ Тұлғала етістігінің қимыл 

атауы. «Қазақ тазысы» зерттемесі сахара 

мəдениетін т ұ л ғ а л а у ғ а арналған кесек 

еңбек екені даусыз (Қаз. əдеб., 26.04.2013, 

11). Енді көпшілік қиялындағы Ботакөзді 

мөлдір  жанымен,  жарқын  күлкісімен, 

күйікті көз жасымен шығару – т ұ л ғ а л а у

керек (Лен. жас, 28.07.1975, 3).

ТҰЛҒАЛАС: Тұлғалас сөздер. л и н г 

в. Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ 



мағыналары əр басқа сөздер (омонимдер). 

Т ұ л ғ а л а с  с ө з д е р - əр басқа сөздер. 

Олардың  арасында  мағыналық  байланыс 

болмайды (Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі., 82). 

ТҰЛҒАТАНЫМ з а т. л и н г в. Дербес 

сөздердің  грамматикалық  тұлғаларын, 

олардың  грамматикалық  мағыналарын 

зерттейтін  тіл  ғылымының  бір  са-

ласы  (морфология).  Соған  қарамастан 

оқулықта «фонетика» дегенді – дыбыста-

ным,  морфология – т  ұ  л  ғ  а  т  а  н  ы  м

синтаксис – тіркестаным,  фразеология – 

түйдектаным, лексикология – сөзтаным деп 

қазақшалағанды  жөн  көрдім  (Б.Қалиұлы, 

Қаз. терминтанымы., 134).

ТҰЛДАН Тұлда етістігінен жасалған 

ырықсыз етіс. – Сұмдық-ай, мынау т ұ л 

д а н ғ а н ат қой. Жаным-ау, Бəтжан қайда! 

(С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 37). Т ұ л д а н ғ а н

аттың күзелу тəсілі соғым малын күзеуге 

ұқсас (Ер қанаты, 299).



ТҰЛДАУ...  Ат  т  ұ  л  д  а  у  дегеннің 

мағынасы  сол – құйрығы  кесілген  атты 

ертоқымымен  үстіне  иесінің  жақсы 

киімдерін  жауып,  ердің  қасына  тұмағын 

кигізеді.  Бұл  ат  мінілмейді.  Тек  көшкен 

уақытта оны жетектеп жүреді (Қаз. əдеб., 

24.09.1982, 4).

ТҰЛДАУЛЫ  с  ы  н.  Тұлданған, 

тұлданып  қойылған.  Жоқтау  айтылатын 

үйде келген кісілер күтілетіндіктен оңаша 

тігіліп,  ту  қадалады  да,  т  ұ  л  д  а  у  л  ы 

тұрады (Қ. Толыбаев, Бабадан., 46).



ТҰЛДЫРЛЫҚ...  Тым  болмаса  əлгі 

сияқты дүлейлерге қарсы тұрар бір кісілік 

қайраттан т ұ л д ы р л ы ғ ы н а күйінді 

(З.Шəкенов, Күн көтеріл., 243).



ТҰЛҚАТЫН  з  а  т.  а  с  т  р.  х  а  л  қ. 

Шолпан жұлдызы. Шолпан жұлдызының 

Іңір жұлдызы, Т ұ л қ а т ы н, Ақжұлдыз, 

Өмірзая, Керуен жұлдыз деген нұсқалары 

бар (Қаз. этнограф., 2, 636). Шолпанды (Ве-

нера) қазақ жарықжұлдыз, шағыржұлдыз, 

т ұ л қ а т ы н деп те атайды (Х.Əбішев, 

Аспан сыры, 46, 50).



ТҰЛЫМ: Тұлым қою. Жас қыздың екі 

шекесіне ырымдап бір шоқ шаш қалдыру 

салты. Қыздың екі шекесіне екі шоқ шаш 

қойып,  оны  өріп  түрлі  моншақ-маржан 

тағып қоятын болған. Бұл салт «т ұ л ы м

қ  о  ю»  деп  аталады  (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 1, 38). 



ТҰЛЫМДЫ... 2. Қыз бала д.м. Айдар-

лымды құл қылып, т ұ л ы м д ы м д ы күң 

қылып... (Батырлар жыры, 2, 165).

ТҰЛЫП  з  а  т.  Əсемдік,  сəндік  үшін 

бітеудей  сойылып,  ішіне  сабан,  мақта 

тығылған аң, құс терісі. Қанатын жайып 

жіберіп, енді ұшқалы тұрған бүркіттің т ұ 



л ы б ы ғана көңіл аударады (З.Қабдолов, 

Менің  Əуезовім, 40). Қырғауылдың, 

бірқазанның тірі кейіпті т ұ л ы п т а р ы

бар  (М.Мағауин,  Мен, 12). Ол  бізге  ба-

лаларымен  тұрған  валлаби,  поссум  жəне 

ехиднаның  т  ұ  л  ы  п  т  а  р  ы  н  көрсетті 

(Қызыл құмдар., 53). 

ТҰМАҚ: Тұмақ ұру. э т н. Ат үстіндегі 

жігіттердің  бір-бірінің  тұмақтарын 

ұрып  түсіру  ойыны.  Ұмыт  болып  бара 

жатқан ат ойындарының тағы бірі – т ұ м 



а қ  ұ р у (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 21). 

Ал атомырауластыру, жігіт қуу, т ұ м а қ 



ұ  р  у,  көкпар,  түйежарыс,  сайыс  сияқты 

ойындардың  қағаз  жүзінде  аттары  ғана 

жазылып жүр (Бұл да).

ТҰМАН¹ з а т. к ө н е. Салмақ өлшемі. – 

Егер екі жүз елу мың т ұ м а н алтын жинап 

берсеңдер,  қалаларыңа  тимеймін,  тек  ат 

шалдырып, ас ішіп кейін қайтамын! – деді 

(І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 357). 

ТҰМАН² з а т. ж е р г. Аудан. Бір жиені 

сол Қыбырай т ұ м а н ы н д а (ауданында) 

əкімнің орынбасары екен (М.Байғұт, Бала 

бұлақ, 65). Т  ұ  м  а  н  əкімінің  орынбаса-

ры,  арнайы  машине  дайындап,  тағасын 

(нағашысын)  тұп-тура  Бадамсайдың 

беткейіндегі үйіне дейін жеткізетінін айтты 

(Бұл да).



ТҰМАНЫТ  е  т.  с  ө  й  л.  Тұмандану, 

тұман түсу. Осы əзірге ғана т ұ м а н ы 

т  ы  п,  мұнарлана  бастады  (О.Бөкеев,  Өз 

отыңды., 32). Жас жігіттің санасы т ұ м а н 



ы т ы п кетті (М.Мағауин, Аласапыран, 29).

ТҰМАРШАЛАН е т. Тұмарша сияқты 

үш бұрыштану. Жылы жаққа кеткен кербез 

аққулар т ұ м а р ш а л а н а тізілген тырна-



592

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

лар мен қараша қаздар бəрі-бəрі де өздерінің 

туып-өскен  үйреншікті  жерлеріне  лег-

легімен келіп жатыр (Жетісу, 21.06.1972, 4).



Т Ұ М А Р Ш А Л А Н У   Т ұ м а р ш а л а н 

етістігінің қимыл атауы.

ТҰМБА з а т. Төлдің туғаннан кейінгі 

ең  алғашқы  тыныс  алуы.  Қағанақ – 

құлындайтын  биенің  құлын  тынысынан 

(т  ұ  м  б  а  д  а  н)  кейін  келетін  жұқа  сірі 

қабықты түссіз мөлдір зат (Ш.Жанəбілов: 

Ер қанаты, 316).

ТҰМШАЛАНДЫР  Тұмшалан  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс.

ТҰМШАЛАНДЫРУ  Тұмшаландыр 

етістігінің  қимыл  атауы.  Неміс  аузын 

т ұ м ш а л а н д ы р у ғ а ырық бермей, 

ырсылдаған  дыбыс  шығарып,  бұлқына 

бастады (А.Сатаев, Бəрі де., 330).

ТҰМШАУ з а т. Жан-жақты (айнала-

ны) соқыр тұманның басуы, тұмшалауы. 

Қамалын бұзып құрсаудың, Түнегін ашып



т ұ м ш а у д ы ң, Ыңырсып күткен аңсау-

дың, Өн бойынан жыр саудым (М.Ахмет-

төре, Ақ-қара, 68).

ТҰМЫЛДЫРЫҚСЫЗ с ы н. Тұмыл-

дырығы  жоқ,  тұмылдырық  кигізілмеген. 

Т ұ м ы л д ы р ы қ с ы з, түрлі түсті, тұр-

паттарынан адам шошырлық иттер көше-

көшені  былай  қойып,  саябақтарға  дейін 

басып апты (М.Байғұт, Бала бұлақ, 322).



ТҰНЖЫР¹  з  а  т.  Сұңқар  тектес, 

қанат-құйрығында ақ теңбілдері бар, көзі 

қара  қыран  құс.  Түздіктер  «сұңқар  қолға 

түспейді» - дейді.  Т  ұ  н  ж  ы  р,  тұйғын, 

бидайық  та  осыған  жатады  (Қаз.  əдеб., 

21.11.1980, 8). Құсбегілер т ұ н ж ы р д ы 

тұйғын  мен  қаршығаның  шағылысуынан 

пайда болған будан деседі (Шопан сырла-

сы, 304).

ТҰНЖЫР² з а т. к ө н е. Адам бейнесінде 

жасалған  тас  мүсін.  Əрбір  тас  белгінің 

бітім-болмысына қарап мықтас, дың, бал-

бал, т ұ н ж ы р, сынтас деп айдар таға 

ажыратып айтады (А.Сейдімбеков, Күңгір-

күңгір., 9). 

Тұнжыр көз. Мөп-мөлдір, тұп-тұнық, 

қара көз. Манағы жасқаншақтау т ұ н ж ы р

к ө з і жарқ-жұрқ от шашады (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 383).



ТҰНЖЫРЛАУ с ы н. Көзі сəл тұнықтау, 

қаралау (Ө.Қанахин, Құдірет, 81).

ТҰҢҒИЫҚТЫҚ з а т. Түпсіз тереңдік 

(Ш.Мұртазаев, Қара маржан, 93).



Т Ұ Ң Ғ Ы Ш Т Ы Қ   з   а   т.   Т ұ ң ғ ы ш 

болғандық,  ең  алғышқылық.  Əйеш  т  ұ  ң 

ғ ы ш т ы ғ ы н бетке салық етіп, оңды-

солды  пайдаланып  бітті  (М.Қабанбаев, 

Жиһанкез, 40).

ТҰРА

1

  з  а  т.  Жылқы  тұяғының 

орт асындағы  жұмсақ  т абан  еті. 

Пышақты  т  ұ  р  а  с  ы  н  а  тигізіп  алмай, 

қақыраған  тұяқты  жонып  тастап,  саздау 

жерге  арқандаушы  еді  (Н.Қазыбеков, 

Дала., 11).

ТҰРА

2

 з а т. к ө н е. Жиі етіп, тігінен 

қағылған  қада.  Жаяу  сарбаздар  терең  ор 

қазды, олардың ішкі бетіне сансыз т ұ р а

қағып,  оған  араларынан  сығалап  садақ 

тартатындай саңлау қалдырды (М.Мағауин, 

Таңд. шығ., 1, 343). 

ТҰРАЛА е т. 1. Жылқының май таба-

нына «тұра» деп аталатын мүйізгек өсік 

шығу. Тұра – жылқының табанына түсетін 

мүйізгек. Қазақтың əлсіреген малды «т ұ 



р а л а п қалды» деуі осыдан (С.Мұқанов, 

Таңд.  шығ., 15, 85). 2. а  у  ы  с.  Əлсіреп 



орнынан  тұра  алмай  қалу.  Егер  белінен 

шойырылып  т  ұ  р  а  л  а  п  жатқан  малға 

ақбүйректің бұршақтай дəнін пайдаланса, 

мал  тəулікке  жетпей  тəуір  болып  кетеді 

(Лен. жас, 23.11.1972, 1).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет