ТҰРАЛАУ Тұрала етістігінің қимыл
атауы. Егер ақсау т ұ р а л а у д а н болса,
оның тұрасын жонады (С.Мұқанов, Таңд.
шығ., 15, 85).
ТҰРАН з а т. к ө н е. Түркістан өлкесінің,
оның тұрғындарының байырғы атауы. Т ұ
р а н сөзі – түріктер мекендейтін жер, елдің
атауы (ҚҰЭ, 8, 529).
ТҰРАНШЫЛДЫҚ з а т. Тұран елін,
жерін мақтан етушілдік, дəріптеушілдік.
Батыс шығыст анушылары ке зінде
түрікшілдік, т ұ р а н ш ы л д ы қ қ а қызғана
қарайтынын таңдана отырып жазған-ды
(Ана тілі, 04.09.2008, 10). Осы түрікшілдік
арада аз уақыт өткенде т ұ р а н ш ы л д ы
қ қ а түрленеді (Бұл да).
ТҰРҒАЙ ү с т. ж е р г. Тұрмақ.
Сарытауқұмда ойпаң жер жеткілікті. Онда
жатқан түйе т ұ р ғ а й, түрегеліп тұрғаны да
көріне қоймайды (Қаз. əдеб., 18.03.1983, 3).
ТҰРҒЫ з а т. к ө н е. 1. Қорғанның
шетін ала жасалған, садақшылар, допшы-
лар тұрып, жауға қарсы əрекет ететін
орын. Айналасы биік дуалмен қоршалып,
садақшылар, допшылар тұратын биік
593
Байынқол Қалиев
т ұ р ғ ы л а р ы мен көземдері, қарауыл
мұнаралары бар (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас,
403). 2. Жан-жағы көрініп тұратын
биіктеу жер. Құсбегі өкпе тұстағы т ұ р
ғ ы д а тұрып, бүркіттің томағасын тартады
(Туған жер., 129).
ТҰРҒЫЛАС з а т. Бір жерде тұратын,
ауылдас, жерлес. Көп ұзамай Ахаң т ұ р
ғ ы л а с т а р ы м е н бас қосқан жерде
бөтен сөзді қойып, үнемі баласының жайын
əңгімелейтін болды (Жалын, 1973, №6, 14).
Ал Қайырғали Байғалиевты құрметпен еске
алатын т ұ р ғ ы л а с т а р ы да бар (Қаз.
əдеб., 08.01.1982, 7).
ТҰРҒЫШЫ з а т. қ ұ с б е г і. Бүркіт
ұстап, биікте тұрушы адам. Салбурынға
қатысушылар беске бөлінеді. Олар: т ұ р
ғ ы ш ы л а р, қағушылар, тосқауылшылар,
ізшілер, бақыршылар (Шаңырақ, 423).
Т ұ р ғ ы ш ы л а р – бүркіт ұстап, биік-
те тұрушылар (А.Сейдімбеков, Тауға
біткен, 94).
ТҰРЖАУЫН с ы н. Бəрінен түк
қалмаған, бəрі ада болған. Бұрын малы
да, басы да, дүние мүлкі де болған, енді
ешнəрсесі қалмаған д.м.
ТҰРМАНДАЛ Тұрманда етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Елшілер орыс
дəстүрімен əсем т ұ р м а н д а л ғ а н ат-
тарға мінді (М.Мағауин, Аласапыран, 372).
ТҰРМАНДАЛУ Тұрмандал етістігінің
қимыл атауы.
ТҰРМАНШЫ з а т. Ердің тұрманда-
рын жасаушы шебер. Тұрманның көңіл-
ге қонымды болуы т ұ р м а н ш ы н ы ң
талғамына байланысты (Ер қанаты, 277).
ТҰРМЫСТАН е т. ж е р г. Тұрмыс-
қа шығу, тұрмыс құру. – Осы рет сені
менімен т ұ р м ы с т а н а қой деп қыса-
маймын. Өзің де жақсырақ ойланып
көр (Т.Əлқанұлы, Тірліктен., 355). – Ол
қатының сауыққан енді бүтін, Залалыңнан
тастап еді елі-жұртын. Некелі боп бір
баймен т ұ р м ы с т а н д ы, Айырылып
қол-аяқтан өзің жүрсің (А.Үлімжіұлы,
Шығ. жин., 2, 74). Ақмай сол 1880 жылы
Ноғайбайға т ұ р м ы с т а н д ы (Ана тілі,
29.04.1993, 5).
Т Ұ Р М Ы С Т А Н У Т ұ р м ы с т а н
етістігінің қимыл атауы. Таңжарықтың
ойында түк жоқ. Үйлену, т ұ р м ы с
т а н у дегенді мүлде ұмытқан сияқты
(Т.Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 75).
ТҰРМЫС-ТІРШІЛІК з а т. Тұрмыс пен
тіршілік, өмір. Той – жер бетіндегі барлық
халықтардың т ұ р м ы с-т і р ш і л і г і н
д е г і айрықша қуанышы, салтанатты сəні
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 145).
ТҰРМЫСХАНА з а т. Жат ақ-
ханалардағы тұрмысқа қажетті істерді
(тамақ пісіру, киім үтіктеу т.б.) істейтін
арнайы бөлме. Əр этаж сайын « т ұ р м ы с
х а н а» аталатын бөлмелер бар (М.Мағауин,
Таңд. шығ., 1, 319).
ТҰРПАЙЫ: Тұрпайы сөздер. л и н г в.
Əдепті сөздерді əдепсіз (дөрекі) сөздермен
ауыстырып қолдану арқылы жасалатын
сөздер (дисфемизмдер). Т ұ р п а й ы с ө з
д е р сыпайы сөздерге қарама-қарсы. Т ұ р
п а й ы с ө з д е р көбінесе ауызекі сөйлеу
тілінде жиі қолданылады (Б.Қалиұлы,
Қазіргі қаз. тілі, 86).
ТҰРПАЙЫЛАТ Тұрпайыла етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Қазақтардың əлі де
бақталайы ашыла қоймаған тақсіретті ахуа-
лын т ұ р п а й ы л а т п а й терең жеткізгені
үшін жоғары бағалады (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 456).
ТҰРПАЙЫЛАТУ Тұрпайылат етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТҰРСИ з а т. Іштен киетін, балағы
қысқа, жеңіл ішкиім.
ТҰРСИШАҢ ү с т. Бұтында тек
тұрсиы ғана бар, тұрси ғана киген.
Əжесінің «күн өтеді, тастама киіміңді»
деген байбаламына қарамастан т ұ р с и
ш а ң шыға келді (Н.Сералиев, Қанат, 96).
Мəйкішең, т ұ р с и ш а ң тұрған мына
ұсқыныма қорқыңқырап тұр (Қ.Омарұлы,
Əке, 13).
ТҰРЫҚ з а т. Бір заттың тұрған,
жатқан қалпы. Асықтың алшы, тəйке,
бүге, шіге деген төрт т ұ р ы ғ ы бар
(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 71).
ТҰРЫҚТАС с ы н. Тұрықтары сəйкес
келген, тұрқы бірдей. Бұл ойында бір
алақан асықты шашып жібергенде «хан»
қалай түссе солай, т ұ р ы қ т а с асық-
пен ата бастайды (Ғ.Мүсірепов, Жат
қолыннда, 71).
ТҰРЫМТАЙ: Тұрымтай кеңес. т а р.
Кіші Хан Кеңесі. Ал Жəнібек тұсында Хан
Кеңесі екі түрге бөлінетін. Бірін «Тағанақ
кеңесі» деп атайтын, екіншісін «Т ұ р ы м
т а й к е ң е с і» дейтін. Біріншісі үлкен
Хан Кеңесі деген мағынада, екіншісі кіші
594
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Хан Кеңесі деген түсінікте (І.Есенберлин,
Алмас., 277). Мемлекетке үлкен ықпал жа-
самайтын əдеттегі жəне күнделікті істерді
əр ру, əр тайпа адамдары қатыстырылған
«т ұ р ы м т а й к е ң е с і» шешіп отырған
(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 1, 129).
ТҰРЫС-ТҰЛҒАСЫ з а т. Бітімі, жа-
ратылысы. Ауқынбай сияқты шот маңдай,
кішкене боп жаратылмаған, бет өңірі,
т ұ р ы с-т ұ л ғ а с ы мол пішілген үлкен
өрістің адамына ұқсайды (Ұ.Доспанбетов,
Шығ., 4, 52).
ТҰСАУ: Тұсау жіп. Тұсау боларлық,
тұсауға жарарлық жіп. Ноқта жіп, өре жіп,
т ұ с а у ж і п, тұзақ жіп, шылбыр жіп деп
аталатын жіптер де əр түрлі дайындалады
(Лен. жас, 23.11.1972, 3).
Тұсау кесе алмайды. Түкке тұрмайды,
құны жоқ. Торғайдың жұмыртқасының жа-
нында тауықтың жұмыртқасы т ұ с а у к е
с е а л м а й д ы (Д.Исабеков, Тіршілік, 24).
Тұсау кесуші. Баланың тұсауын кесе-
тін адам. Жіпті байлағаннан кейін т ұ с а у
к е с у ш і кісі балаға арнаған тілеуін айтады
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 213).
ТҰСАУЛЫҚ з а т. Алдыңғы екі аяқтың
тұсау салатын жіңішкерек жері. Ал мына
кісен қиып кеткен аяғын айтсаңшы. Т ұ с а
у л ы ғ ы қанталап тұр (Ш.Айтматов, Қош
бол., 76).
ТҰСКІЛЕМ з а т. Жататын төсектің
тұсына құрылып қойылатын шағын кілем.
Күдері шапандар мен еркектердің шалбар-
ларына, т ұ с к і л е м д е р г е, аяққаптарға,
сандыққаптарға өрнектелген кестелер
тігілді (ҚазССР тарихы, 2, 367). Кілемнің
қалы кілем, түкті кілем, тықыр кілем, тақта
кілем, таз кілем, т ұ с к і л е м, біз кілем
тəрізді сан түрге бөлінетінін осы кітаптан
оқимыз (Қаз. əдеб., 14.01.1983, 4).
ТҰСҚАҒАЗ... Менің жаңа пəтерімнің
т ұ с қ а ғ а з ы əдемі-ақ. Соған байланы-
сты көңіл-күйім де көтеріңкі (Қаз. əдеб.,
01.02.1980, 16).
ТҰСҚАП з а т. э т н. Арнайы жаса-
лып, тұскиіз, тұскілем салып қоятын
қап. Тұрсынкүл жасаған сырмақ, тұс-
киіз, жержастық, т ұ с қ а п, айнақап-
тарды ол қуана қабылдады (Қаз. əдеб.,
08.06.1990, 12).
ТҰСПАЛДАМА з а т. Тұспалдап
айтылған сөз (əңгіме). Тым-тырыс болды
да қалды, күлген жоқ. Тегінде т ұ с п а л
д а м а ғ а түсінді-ау, - деп ойлады Кенжеғара
(Ғ.Мүсірепов, Жат қолында, 224).
ТҰТ з а т. Тұт ағашының жемісі.
Аузыңа салсаң еріп кететін жəмбілше
қауынын, əр біреуі – жұмыртқадай үлберіп
піскен өрігін, ақ моншақтай жылтырайтын
қымыздай қышқыл т ұ т ы н, көз жасын-
дай мөлтілдеген жүзімін қайда қоясың
(Т.Ахтанов, Махаб. мұңы, 88).
Тұт жібеккөбелегі з о о л. Тұт
ағашының жапырағымен қоректенетін
жібекқұртынан пайда болған көбелек.
Жібеккөбелегінің дернəсілдері тек тұт
ағашы мен емен ағашының жапырақтарымен
қоректенетіндіктен, оларды т ұ т ж і б е к
к ө б е л е г і, емен жібеккөбелегі деп екі
түрге бөледі (Р.Сəтімбеков,.. Қызықты био-
логия, 99). Мысалы, алтынкөз, т ұ т ж і б
е к к ө б е л е г і, емен жібеккөбелектерінің
тұмсығы жетілмеген əрі олар қоректенбейді
(Бұл да, 77).
Тұт көбелегі. с ө й л. Тұт жібеккөбелегі.
Т ұ т к ө б е л е г і 5 мың жыл бұрын Қытайда
қолға үйретілген. Оның піллəларынан
алынған жіптен жібек маталарын тоқиды
(Жəндіктер, 37).
ТҰТАҚ о д. ж е р г. с ө й л. Қатты
таңғалғанда айтылатын одағай сөз.
Шаруа бар, ақ жеңеше. – Т ұ т а қ! Əкім
емес, түк емес, бұт пен сан арасын-
да саған тірелген ол не қылған шаруа?
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 112). –Т ұ т а қ!
Сені қасына ерткенде, кім ғып ертеді?
(Бұл да).
ТҰТАМ з а т. Бес саусақтың бір нəр-
сені қысып ұстаған күші, қышыры.
Кенет қатты қорыққандай қолын жұлқи
тартты. Бірақ əлуетті т ұ т а м н а н
құтылмақ жоқ (Ш.Мұртазаев, Қара мар-
жан, 63).
ТҰТАНАҚ: Тұтанағын тартты. Аза-
бын көрді, қасіретін (мехнатын) шекті.
≈ Əлі күнге баласының т ұ т а н а ғ ы н
т а р т ы п келеді.
ТҰТАСҚАНАТ з а т. з о о л. Денесі
жалпайып, қанаттарымен тұтасып
кеткен, құйрығында ұзын тікені бар теңіз
жануары (скат). Т ұ т а с қ а н а т т а р
түн ішінде белсенді, ал күндіз теңіз түбінде
құмға көміліп жатады (Су асты. тіршілік,
52). Акулаға жақын туыс – т ұ т а с қ а
н а т болып табылады. Олардың денесі
жалпақ кеуде желбезектерімен жабылған.
595
Байынқол Қалиев
Жүзгенде қанат сияқты қағып жүзеді (Тірі
табиғат, 75).
ТҰТАС-ТОЛАЙЫМ ү с т. Бүтіндей,
түгел, тегіс. Əрине, Торайғыров туынды-
ларын біз он жасымызға шейін т ұ т а с-
т о л а й ы м оқи алған жоқпыз (М.Əлімбаев,
Көңіл күнде., 11).
ТҰТАТҚЫШ... Сауыттан бір тал шы-
лым алып саусағымен жұмсартты да, т ұ т
а т қ ы ш п е н бұрқ еткізді (Қ.Тоқмырзин,
Үш кие, 197).
ТҰТҒАҚ з а т. к ө н е. т а р. Түнгі
күзетші. – Хан ием, теріскей жақтан шабар-
ман келіп тұр. Асығыспын дейді. Түнімен
т ұ т ғ а қ бастығы сізге жібермепті
(І.Есенберлин, Алмас., 188).
ТҰТҚАДАР з а т. к ө н е. т а р. Мəртебелі,
құрметті бас уəзір. Қазан мен Хажы-Тар-
хан хандықтарына т ұ т қ а д а р – құдіретті
бас уəзір Борис Годуновтың дəргейіне
мəлімдеді (М.Мағауин, Аласапыран, 2, 22).
ТҰТҚАУЫЛ з а т. к ө н е. т а р. 1. Хан-
ды, хан сарайын қорғайтын күзетші қосын.
Сонымен қатар, передовой полк аталатын
маңдайда да, сторожевой полк аталатын т
ұ т қ а у ы л д а да жеке қолбасы бар еді
(М.Мағауин, Аласапыран, 301). Ал қазір
қарауыл – т ұ т қ а у ы л ғ а, т ұ т қ а
у ы л – ертауылға ... ақыры қатерлі хабар
ақ патшаға жетпек (Бұл да, 181). 2. Алғы
шепте жүріп, жауды қолға түсірушілер
жасағы; «тіл» əкелушілер. Үлкен аттаныс
кезіндегідей: оң қол, сол қол, т ұ т қ а у
ы л, тосқауыл, бақауыл жасағы дегендер
қарастырылған (Қ.Жұмаділов, Дарабоз,
1, 33). Ханның жасауыл, т ұ т қ а у ы л,
бөгеуіл, тежеуілдерінің ішіндегі алысты
көргіш, ең қырағы шолғыншысы да осы
– Анарбек (Ж.Ахмади, Айтұмар, 351). Би
мен бектерге қызмет етіп қалған жасауыл,
бекауыл, т ұ т қ а у ы л д а р ы н аттандыр-
ды (Ж.Тұрлыбай, Райымбек., 2, 57).
ТҰТҚЫН: Тұтқын алу. э т н. Бір топ
бала жиналған жерде ойналатын ұлттық
ойын. «Т ұ т қ ы н а л у» ойынында ойнау-
шылар тең екі топқа бөлінеді де, екі жақтан
бір-бір ойыншы шығарады (Б.Төтенаев,
Қаз. ұлт. ойын., 64).
ТҰТҚЫР з а т. к ө н е. Киізден жасалған
сауыт. Бадана, кіреуке атаулы өте сирек.
Біразында қолдан жасалған құяқ. Ең көбі –
көн шарайна, киіз т ұ т қ ы р (М.Мағауин,
Аласапыран, 306).
ТҰТТАЙ с ы н. Түгі жоқ, жұрдай. Əке-
шешесі жоқ т ұ т т а й жетімдер де бір,
бұларың да бір (К.Ахметбеков, Егіз қала,
398). Боранқұл үй-ішінің бұрынғы жасау
жабдықтан т ұ т т а й болғанын есіктен
кіре байқаған (Ғ.Білəл, Ғасырлық., 24).
ТҰТЫҚҚЫШ с ы н. Тұтыға беретін,
тұтығатын. Т ұ т ы қ қ ы ш тілінің мүкісін
жазбақ болып əуре (Жұлдыз, 1972, №3, 20).
ТҰХФА з а т. Діни кітаптардың
(оқулықтардың) бірі. Бұл Медресенің
ерекшелігі мұнда əптиек, құран, мұхтасар,
т ұ х ф а л а р ғана емес, ескі қиссалар да,
діни дастандар да оқытылатын (З.Ақышев,
Жаяу., 69). Оның іші толған кітап. Кітап
болғанда құран, мұхтасар, т ұ х ф а л а р
емес, бұрын тірі пенде көрмеген кітаптар
(Бұл да, 105).
Т Ұ Ш А Й М А Н Д Ы Қ . . . Б і р ке зд е
құтырынды көздер т ұ ш а й м а н д ы қ
қ а, мүсəпірлікке қарай ойысып бара
жатқанын аңғарғандай едім (Ж.Мусин,
Туған үй., 157).
ТҰШЫМ... 2. Қанағат, ризалық. Сөз
сиқы жоғарыда айтылғандардағыдай болып
келе берсе, сықақшыларымыз өз т ұ ш ы м
ы н ы ң, өз деңгейінің қаншалықты екенін
танытып алады (Қаз. əдеб., 22.02.1974, 3).
ТҰШЫТ е т. Теңіз суын тұздылығынан
арылту. Біздің мақсатымыз – дүние жүзінде
тұңғыш рет пайдаланып отырған теңіз суын
т ұ ш ы т а т ы н атом қондырғысымен
танысу (Қаз. əдеб., 26.01.1973, 2).
ТҰШЫТҚЫШ з а т. Теңіз суын
тұшытатын қондырғы. Ал ана көрінген
қоршаудағы агрегат – дүние жүзін шулатқан
атомдық су т ұ ш ы т қ ы ш – деп таны-
стырды (Жұлдыз, 1972, №3, 187).
ТҰШЫТУ Тұшыт етістігінің қимыл
атауы.
ТҰЩЫ: Тұщы су. Ішуге жарамды,
минералды су.
ТҰЩЫАҒАР з а т. ж е р г. Ішуге жарай-
тын тұщы су. Бытқыл таудың бойындағы
бар ащыағар, т ұ щ ы а ғ а р л а р д ы ң
бəрін аралап шықты (Ə.Кекілбаев, Елең-
алаң, 135).
ТҰЩЫТЫЛ Тұщыт етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Теңіз суы дүние
жүзінде тұңғыш рет т ұ щ ы т ы л ы п отыр
(Лен. жас, 09.04.1974, 2).
ТҰЩЫТЫЛУ Тұщытыл етістігінің
қимыл атауы.
596
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТҰЯҚ: Тұяқ құрттық. Ешкілердің
тастан-тасқа секірмесе, тұяқтарының
қышуы басылмайды д.м. Бір топ ешкі-лақ
қана ежелгі т ұ я қ қ ұ р т т ы ғ ы н а басып,
ашық күннің астында тастан-тасқа секіріп
ойнап жүр (Ж.Кəрменов, Ғашық., 148).
ТҰЯҚАҚЫ з а т. Көші-қон кезінде
біреудің жерін, өрісін, жайылымын басып
өтіп, аялдап қалған жағдайда жер иесіне
төлейтін салық (Қаз. этнография., 2, 344).
ТҰЯҚАТ з а т. к ө н е. Жылқының са-
нына қарай салынатын салық. Өздеріңіз
білесіздер, соғыс басталғалы қазақтан
алынатын салық еселенді, рамат пен т ұ я
қ а т екі есе көбейді (Т.Мəмесейіт, Таудан.,
24). Патша əділеттен тайды, халайық! Т ұ я
қ а т т ы, салықты көбейтті (Бұл да).
ТҰЯҚКЕСЕР з а т. Біреудің меншікті
жері арқылы малын айдап өткізгені үшін
төленетін салық түрі. – Бір күн кешіксең
- өзің айтқан шаңбасарды да, т ұ я қ к е
с е р д і де артығымен еселеп тағы кесем
(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 231).
ТҰЯҚКЕСТІ с ы н. Мал тұяғымен
шөбі жапырылып, қиылып, тақырланып
кеткен (жер). Қай жердің оты-суы мол, қай
тұс əлі т ұ я қ к е с т і болған жоқ? – деп
тұрғандай (Қазақс. ауыл шаруаш., 1968,
№9, 63). Жасырып керегі не, жайлаудың
да сиқы қашқан, əбден т ұ я қ к е с т і
болып шиырға айналыпты (Қаз. əдеб.,
10.01.1986, 6).
ТҰЯҚКЕСТІЛІК з а т. Тұяқкесті
болғандық; шөбі жапырылып, қиылып
түскендік. Ұсақ малды жаю, семірту
мақсатында т ұ я қ к е с т і л і к к е
ұшырамаған жайылым тапшылығы қазір-
дің өзінде қатты сезіледі (Қаз. əдеб., 30.04.
1990, 10).
ТҰЯҚСЫЗДЫҚ з а т. а у ы с. Бала-
сыздық, ұрпақсыздық, тұқымсыздық.
Балалары бар адам сияқты сезіну арқылы
өздерін бақытты ете тұрамыз деп жүріп,
олардың жандарына батып жүрген «т ұ
я қ с ы з д ы қ» дейтін дерттерін еселей
арттырарларын аңғармапты (К.Сегізбаев,
Беласқан, 389).
ТҰЯҚТАС з а т. м у з. Жылқының
қос тұяғынан жасалған көне ұрмалы саз
аспабы. Т ұ я қ т а с т ы ң жасалу жолы
өте қарапайым. Ол үшін тұяқты тұзды
суға біраз қайнату керек (Д.Шоқпарұлы:
Ер қанаты, 295). Т ұ я қ т а с т ы адам екі
қолына ұстап, музыка ырғағына орай бір-
біріне соғу арқылы үн шығарады (Бұл да).
Көне музыкалық аспаптардан көргеніміз
– жетіген, т ұ я қ т а с, асатаяқ, дабыл, да-
уылпаз, адырна, шың мен шыңдауыл (Қаз.
əдеб., 13.05.1988, 7).
ТҰЯҚТЫ с ы н. Тұяғы үлкен, мықты д.м.
Қияқты болсын сұңқарың, Т ұ я қ т ы бол-
сын тұлпарың (Қ.Толыбаев, Бабадан., 72).
ТҮБЕГЕЙЛЕН Түбегейле етістігінен
жасалған ырықсыз етіс.
ТҮБЕГЕЙЛЕНДІР Түбегейлен етіс-
тігінен жасалған өзгелік етіс. Мұндай
түйінді сөзді Марғұлан көшпелі халық-
тардың мифтік əфсаналарынан сүзіп ал-
ған тұщымды деректер негізінде тіпті
т ү б е г е й л е н д і р е түседі (Қаз. əдеб.,
20.12.1985, 11).
ТҮБЕГЕЙЛЕНДІРУ Түбегейлендір
етістігінің қимыл атауы.
ТҮБЕГЕЙЛЕНУ Түбегейлен етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТҮБЕГЕЙЛЕУ Түбегейле етістігінің
қимыл атауы.
ТҮБІ ү с т. Ақыры, соңы; түптің түбін-
де. Қораларыңа колхоздың машиналарының
саймандарын ұрлап тығып, екеуінің не
істеп жүргендеріңді бір тексертем т ү б і
(Жұлдыз, 1972, №4, 41).
ТҮБІРКҮЛЕЗ з а т. Адамда, малда
болатын, жұқпалы құрт ауруы; туберку-
лез. Шеткі қорадағы т ү б і р к ү л е з деп
табылған жетпіс шақты тана-торпақтан
өзге түк қалмаған-ды (М.Байғұт, Бала
бұлақ, 55). Қыбырайдың өзі һəм т ү б і р к
ү л е з болып шықты (Бұл да, 61).
ТҮБІРЛЕ е т. Бір нəрсені түбіне дейін
жеткізу, соңына дейін қазу.- Жеңеше, оны
т ү б і р л е й т і н менде түйсік жоғын
баяғыдан білмейсің бе? (Е.Рахимов, Тентек
келін, 18).
ТҮБІРЛЕУ Түбірле етістігінің қимыл
атауы.
ТҮБІРЛІЛІРЕК с ы н. Түбірі үлкен-
деу, түбірлілеу. Есік алдындағы отын-
ның Шырпылылырағынан ала кел, Томар-
лылырағынан ала кел, Т ү б і р л і л і р е г і
н е н ала кел (Жаңылтпаштар, 22).
Достарыңызбен бөлісу: |