ТҮБІРШІК з а т. б о т. Пиязшықтың
тамыр өсетін жері. Пиязшықтың төменгі
бөлігінде жалпақтау келген сабақ – т ү б і р
ш і к болады. Т ү б і р ш і к т е н шашақ
тамыр өседі (Биология, 68).
597
Байынқол Қалиев
ТҮБІТ... 2. а у ы с. Майда, жұмсақ. –
Жылама, - деді т ү б і т дауыспен, - алдағы
жаз көшіп барамыз. Көшіп бармасақ
өзім барып əкелемін (Д.Исабеков, Тірші-
лік, 164).
Түбіт иек. Сақал-мұрты жаңадан
тебіндеп келе жатқан бозбала. Жігіт
ағасынан бастап, т ү б і т и е к бозбалаға
дейінгі еркек атаулының неге болса да дай-
ын екендігі анық көрініп тұрды (Қарақат
тер., 39).
Түбіт мұрт. Ер жетіп келе жатқан
жас жігіт. Талай т ү б і т м ұ р т
т ы тəрбиелеген еді ғой бұл Баймырза
(Қ.Жиенбай, Даңқ., 75). Ол кезде мұның
т ү б і т м ұ р т жігіт болып қалған кезі
(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 61).
ТҮБІТЖЕГІ з а т. з о о л. Құстардың
денесінде тіршілік етіп, олардың мамығын
жейтін жəндік. Т ү б і т ж е г і л е р мен
жүнжегілердің тіршілігінде ешқандай
айырмашылық жоқ, тек кездесетін жану-
арларына қарай жеке түрлерге бөлінеді
(Р.Сəтімбеков, Қызықты биология, 89).
ТҮБІТТЕ... «Жаңажолдықтар» көк-
темде лақтап болысымен қылын қырқып
алардың алдында ешкіні т ү б і т т е й т і н
(Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 86).
ТҮБІТТІЛІК з а т. Түбіті молдық,
түбіті сапалылық. Ешкілерді сүттілік,
т ү б і т т і л і к, еттілік жағынан өнімді мол
беретініне қарай іріктеп өсіретін болған
(Қазақша мал атау., 133).
ТҮЗ: Түз адамы. Ел үшін, халық мүддесі
үшін өз өмірін арнаған адам. Қоңқа би өзін
«т ү з а д а м ы м ы н» деп есептейді. «Т ү з
д і ң а д а м ы м ы н дегенім – көпшіліктің,
халықтың адамымын дегенім» - деді ол
(Н.Мыңбатырова, Төле би., 44).
Түз жыртыс. Түзде (сыртта) жырта-
тын жыртыс. Əр түрлі маталардан «үй
жыртыс» жəне «т ү з ж ы р т ы с» деп 50
тіллəлік нəрсе апарады (Х.Арғынбаев, Қаз.
халқы., 250).
ТҮЗАТ... Нағыз жылқы тектес жануар
– т ү з а т (пржеваль жылқысы). Басы
үлкен, аяқтары жуан, жалы қысқа, кекілі
болмайды. Ол Солтүстік Батыс Қытайда,
Оңтүстік Батыс Моңғолияда кең тараған
(Ана тілі, 05.09.1996, 7).
ТҮЗЕГІШ з а т. Ағаштың түзулігін
тексеретін құрал. Ағаш ұсталығы аспап-
тары негізінен үшке бөлінеді: өлшегіш-
белгілегіштер, кескіш-тескіштер жəне
көмекші аспаптар (қырғыш, түрпі,
бұрауыш, ұңғы, т ү з е г і ш т.б.).
ТҮЗЕМДІ с ы н. к ө н е. Сапқа тұрған,
сап құраған, тізілген. Билікті əміршіге
лайық құрметпен, т ү з е м д і əскер,
мерейлі мехмандар алдында салтанат-
ты аттанды (М.Мағауин, Аласапыран,
2, 103).
ТҮЗКИІМ з а т. Ішкиім: ыштан, тұрси.
Бұл қауыммен сіңісіп кету үшін мен де т
ү з к и і м д і тастап, əуретімді көрсетуім
керек екен (М.Мағауин, Мен, 129).
ТҮЗУ: Түзу жарыс. Ат шабысы кезінде
бəйге аттарын ұзақтан тура жіберу.
Ат шабыс – айналма жарыс жəне т ү з у
ж а р ы с болып екіге бөлінеді. Т ү з у ж а
р ы с т а ат ұзаққа айдалады (Н.Қазыбеков,
Дала., 21).
Түзу сызық. г е о м. Екі нүктенің
арасын тікелей қосатын сызық. ≈ Мына
екеуінің арасын т ү з у с ы з ы қ п е н қос.
ТҮЗІМ з а т. к ө н е. Жүйе, тəртіп,
заң. Қақпай көрмей өскен əумесердің төбе-
сі көрінсе, оларға хандық т ү з і м бар
екенін, жеңіліне айып-анжы, ауырына дүре
бар екенін есіне салғанда ғана заңы бүтін ел
боламыз (Ж.Ахмади, Айтұмар, 248).
ТҮЗІМДІК с ы н. с ө й л. Жүйелілік. Ұлт-
тық мəдениетімізді дамытудың системалық
(т ү з і м д і к) бағдарламасымен жұмыс
істеуіміз жөн (Ана тілі, 12.11.1992, 6).
ТҮЙДЕКТАНЫМ з а т. л и н г в. Тіл
білімінің тұрақты тіркестерді зерт-
тейтін саласы (фразеология). Т ү й д е к
т а н ы м ғ а үш түрлі белгі тəн: 1) тұлға
тұрақтылығы, 2) тіркес тұрақтылығы, 3)
мағына тұтастығы (Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз.
тілі, 108).
ТҮЙЕ з а т. Қарта ойынындағы жүрек
пішіндес қызыл қарта; аша. Анда-сан-
да жалғыз-жарымнан көрінгенімен, ең
құрығанда бір рет үш қызыл өркешті
«т ү й е» құйрығынан ұстатпай-ақ кетті
(О.Сəрсенбай, Шығ., 5, 171). Əкесінің бала-
сы енді «кірпіштің» ондығын құшақтайды
да, əлгі «т ү й е н і ң» бəрін алады
(М.Əлімбаев, Тəрбие., 58).
Түйе бауырсақ. Бауырсақтың ірі
(үлкен) түрі. Т ү й е б а у ы р с а қ үлкен,
дөңгелек пішінді болады (Қаз. этнография.,
1, 443). Арқасына өткен түнде асығыс асы-
на салған кілем қоржында аздаған малта
598
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
құрт, кепкен ірімшік, т ү й е б а у ы р
с а қ бар екен (Ш.Жұмақанов, Мен
жұмысшы., 136).
Түйе жон. Түйенің жонындай еңкіш
келген жон. Батар күннің қызған темірдей
алаулаған алқызыл шапағы т ү й е ж о н
шоқы бастарына қона қалған (Лен. жас,
10.11.1983, 2).
Түйе жүн шекпен. Түйе жүнінен
тоқылған шекпен. Олардың қолынан
шыққан т ү й е ж ү н ш е к п е н, қасқыр
мен түлкі терілерін өңдеп тіккен ішік көп
болатын (Қ.Толыбаев, Бабадан., 225).
Түйе жығу. Қазақтың ұлттық
ойындарының бірі. Əзіл-қалжың, айтыс,
қазақтың көне заманындағы сауықтары
«түн қату», «т ү й е ж ы ғ у» секілді сан
алуан ойындарын ойнап, таң ата бастары
жастыққа тиді (І.Есенберлин, Алмас., 254).
Түйе қамыт. Түйенің мойнына салына-
тын қамыт. Қамыттың ат қамыт, т ү й е
қ а м ы т, өгіз қамыт деген сияқты түрлері
бар (Шаңырақ, 34).
Түйенің құйрығы жерге, ешкінің
құйрығы көкке жетер. Көп уақыт өтер
д.м. Қазақ биге жағып болғанша, би ұлыққа
жағып болғанша, т ү й е н і ң қ ұ й р ы ғ ы
ж е р г е , е ш к і н і ң қ ұ й р ы ғ ы к ө к к е
ж е т і п б о л а р (М.Разданұлы, Алтай., 43).
Түйе, түйе, түйелер. э т н. Алдымен
бір бастаушы, бір аңдушы белгіленеді.
Басқалары «түйе» болып, бірінің соңынан
бірі тізіліп, бастаушының артынан
ұстайды. Аңдушы ең соңғы «түйеге»
ұмтылады. Бастаушы тізбектерін үзбеген
күйде оны қорғауға тиісті. « Т ү й е , т ү
й е , т ү й е л е р» ойыны кең алаңда өтеді.
Оған ойнаушылардың бəрі қатыса береді
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 126).
Түйе шана. Түйеге жегілетін үлкен
шана. Серіктері биік ауланың ішіне түскен
қарды т ү й е ш а н а м е н сыртқа тасып
жатыр (М.Мəжитов, Аманғали, 81).
Түйе шығыр. Түйемен (түйенің
күшімен) айналдыратын шығыр. Ащы
ойыл бойының кедей жатақтары көп жыл-
дан бері т ү й е ш ы ғ ы р м е н су шығарып,
өзен жағасындағы тепсеңге тары егетін
(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 58).
ТҮЙЕЖОҢЫШҚАЛЫ с ы н. Түйе-
жоңышқасы көп өскен, түйежоңышқасы
мол. Өлеңшөпті, т ү й е ж о ң ы ш қ а л ы,
қызылмиялы ойпаттар табындық ретінде
пайдаланылады (С.Ділдəбеков, Батыс
Қазақст., 21).
ТҮЙЕКЕНЕ з а т. з о о л. 1. Қан сор-
ғыш кененің денесі үлкен түрі. Т ү й
к е н е дүниеге бір тою үшін ғана келеді
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 98). 2. а у ы с.
Біреудің есебінен күн көретін, арамтамақ;
жалмауыз. Көздің жасын, мұрынның
боғын сорғыш өңшең т ү й е к е н е (Бұл да).
ТҮЙЕКИІК з а т. з о о л. Түйе
тұқымдасына жататын, кішірек келген,
жабайы аң; гуанако. Осы таудың батыс жақ
сілемінде т ү й е к и і к бар десті (Халифа
Алтай, Алтайдан., 180). Қалтың тауында
құлан, Қананбардың шығыс жағында т ү
й е к и і к бар (Бұл да, 184).
ТҮЙЕКӨТЕН з а т. б о т. х а л қ.
Қызанақ. Жарылып кетуге жақын қалған
біреуі жұдырықтай т ү й е к ө т е н д і
бітеудей жұтып жіберіп, қитар көзді ысы-
рып тастады (Қ.Ысқақ, Ақсу., 344).
ТҮЙЕҚОҢЫЗ... – Мұның атын т ү
й е қ о ң ы з, - дейді Шеген. – Мə, сен ал,
саған бердім (Ғ.Мүсірепов, Қаз. солдаты,
44). Жан-жағы қаптаған т ү й е қ о ң ы з
(Ə.Əлімжанов, Махамбет., 294). Дəл
тұмсығының астында екі т ү й е қ о ң ы з
бірін-бірі кезек-кезек бастарынан асырып
лақтырып, сиырдың жас қиына таласып
жатқан (Ж.Нəжімеденов, Кішкентай, 50).
ТҮЙЕҚОРЫМ з а т. Ірі тастардың
құлауынан пайда болған қорым. Жота боп
жатқан бір т ү й е қ о р ы м ғ а көтерілгенде,
тауешкінің алды батысқа қарай ойысқанын
көрді (Т.Мəмесейіт, Таудан., 65). Біраздан
кейін Хан Тəңірінің далиған етегін ала
өзеніне т ү й е қ о р ы м шөккен тасты сай
кездесті (Бұл да, 66).
ТҮЙЕМƏТЕК з а т. Ойыннан ұтылған
балаға қолданылатын жазаның үлкені, ше-
кеден шертіп алынатын ұпай, тайтұқыр.
– Сенен май берсе де түк шықпайды, - деп
т ү й е м ə т е к т і бір жосылтады
да, ұсынған темекісін қайтарып алады
(Қ.Қазиев, Иманжапырақ, 66).
ТҮЙЕМОЙНАҚ з а т. г е о г р. Тау-
дың түйенің мойны сияқты иіліп кел-
ген аласа жері; кезең.Үлкеннарын мен
Кішінарынның арасын Биікқарадан салбы-
рап түскен т ү й е м о й н а қ кезең бөледі
(Қаз. əдеб., 31.03.1972, 1).
ТҮЙЕМҰРЫНДЫҚ... Бауыздау
құдаларынан т ү й е м ұ р ы н д ы қ
599
Байынқол Қалиев
алғалы тұрғандай жол үстінде жолақтайды
(Ж.Бектұров, Жол жоралғысы, 62).
ТҮЙЕӨРКЕШ: Түйеөркеш тас.
Түйенің өркешіндей тас. Қуыс-қолтығын
көкпеңбек мүк басқан қойт аст ар ,
түйетастар, т ү й е ө р к е ш т а с т а р бір
тұстан бір бой көтереді (Ұ.Доспанбетов,
Шығ., 4, 301).
ТҮЙЕТАБАН¹ з а т. Қарта ойындағы
түйенің табанына ұқсас бір қағазы (түрі).
ТҮЙЕТАБАН² з а т. и х т и о л. Су тү-
бінде тіршілік ететін, жалпақ балық. Су
түбі балықтарының типтік өкілі – т ү й е
т а б а н (камбала). Оның денесінің екі
жағы қатты қабысқан, екі көзі де жоғарғы
жағында орналасқан (Су асты. тіршілік, 42).
ТҮЙТАБАНДАН е т. Түйенің таба-
ны секілді жалпайып жату. Майтөбеден
сорғалап құлаған Бесқоныс жотасы осын-
да жетіп, т ү й е т а б а н д а н ы п кетеді
(Фермаға кел., 110).
ТҮЙЕТАБАНДАНУ Түйетабандан
етістігінің қимыл атауы.
ТҮЙЕТЕК з а т. з о о л. с ө й л. Түйекиік.
Т ү й е т е к Анд тауларында мекендейді.
Ол түйе тұқымдастарына жатады (Теле-
дидардан).
ТҮЙЕ-ТҮЙЕ з а т. э т н. Қазақтың
ұлттық ойындарының бір түрі. Тек
ашық алаңдарда ғана ойналатын ақсүйек,
соқыртеке, т ү й е-т ү й е, қасқұлақ, тиын
салу, ақбайпақ, ақшамшық, көрші, шалма,
шертпек, қарамырза, сиқырлы таяқ т.б.
ойындар шыққан (Б.Төтенаев, Қаз. ұлт.
ойын., 9). Ойнаушыларды өнерге баулитын
ойындардың тағы бірі – «т ү й е-т ү й е»
ойыны (Бұл да, 57). Т ү й е-т ү й е ойынын
таза алаңда, клуб залында ойнауға болады
(Ойын-сауық, 152).
ТҮЙЕТІКЕНЕК з а т. б о т. Биік əрі ірі
болып өсетін тікенді өсімдік; түйетікен.
ТҮЙЕТІКЕНЕКТІ с ы н. Түйетікенек
өскен, түйетікенегі мол. – Сонда мен
анау т ү й е т і к е н е к т і жылғаларды
текке аралады дейсің бе? (І.Есенберлин,
Маңғыстау., 1985, 15).
ТҮЙЕШІЛІК з а т. Түйе бағушылық,
түйе бағумен айналысушылық. Онысы
ата кəсібі – т ү й е ш і л і к к е өкше басар
бір ұрпағының көзі қаныға берсін дегені
еді (А.Сейдімбеков, Серпер, 79). Екі жыл
бойы «сау басыма сақина тілеп алдым»
деп өзіне-өзі кейіп, т ү й е ш і л і к кəсіптің
қияметінен қалай құтыларын білмей жүрді
(Қаз. əдеб., 25.07.1986, 13).
ТҮЙМЕ з а т. т а б у. Жылан. –Тарт
əрі! –Ата, бұл шақпайтын жылан. Ата-
ма, құрғырыңның атын. Т ү й м е де
(Ж.Алтайбаев, Таңд. шығ., 239).
Түйме жүген. Қайыстан түйіліп
жасалған жүген. Əбзелге қатысты дерек-
терде өрме жүген, былғары жүген, қайыс
жүген, т ү й м е ж ү г е н, шытыралы жүген,
шашақты жүген жəне т.б. толып жатқан
түрлері аталады (Қаз. этнография., 2, 66).
Жүгеннің өрме жүген, т ү й м е ж ү г е н,
қайыған жүген, күміс жүген деген түрлері
болады (Қаз. ауыл шаруаш., 1970, №10, 62).
Түйме көз. Кішірек келген дөңгелек көз.
Қасында тесірейген т ү й м е к ө з біреу
отыр (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 125). Анаған
бір, мынаған бір қарап отырған т ү й м е
к ө з д е н сен «Əзімнің жанындағы жуан
қара кім?» деп сұрадың (Бұл да).
ТҮЙМЕДАҚТЫ с ы н. Түймедақ өсіп
тұрған, түймедағы бар. Əне-міне дегенше
қар да кетіп, бақ бақ бұртиып, бəйшешекті,
қозыгүлді, т ү й м е д а қ т ы көгал шөп
көтеріліп қалды (І.Есенберлин, Алтын.,
468).
ТҮЙМЕЛІ с ы н. Түйіліп жасалған,
түйілген. Т ү й м е л і айыл-тұрман тілінген
таспадан жалаң қабат немесе қос қабаттап
түйіліп жасалады (Қаз. этнография., 1, 100).
Түймелі құйысқан. Түйіліп жасалған
құйысқан. Құйысқан үлгі мəнеріне орай:
құр құйысқан, былғары құйысқан, т ү й м е
л і қ ұ й ы с қ а н, термелі құйысқан, үзбелі
құйысқан деп аттарына сай айтылады (Ата
салты., 104).
ТҮЙМЕШІК з а т. ж а ң а. Қабырғаға,
тақтаға қағаз, сурет бекіту үшін пайда-
ланылатын ортасында шегесымағы бар
кішірек, жылтыр темір; кнопка (Бекітіл.
термин., 83).
ТҮЙНЕК з а т. в е т. с өй л. Қаратүйнек.
Іш (ішек) ауруларының ішінде бұрын өте
жиі кездесетіндері жылқының өлі тиюі,
қойдың т ү й н е к яки қаратүйнек аурулары
еді (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр., 133). Қой
аурулары: топалаң, күл, сарып, құтыру,
тентек, қотыр, тышқақ, құрт, т ү й н е к т.б.
Түйнек келгір. Ішің түйіліп ауырғыр,
түйнек ауруы келгір д.м. қарғыс. Шешесі
екі күннің бірінде: «Т ү й н е к к е л г і р-
а й, бүйткенше барыңнан жоғың жақсы еді
600
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ғой» деп безектетіп, қуалап кеп жүргені
(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 389).
ТҮЙСІК-ТҮЙІН з а т. Түйсігі,
түйгені, ой қорытындысы. Қыз ойының
алымдылығына қарай ой-сезім де, т ү й с і к
-т ү й і н де ауқымдылығымен дараланады
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 167).
ТҮЙСІНТ Түйсін етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Маңдайы қалың, мұрны
жалпақ, ерні түрік қыз жабайы түрпетімен
т ү й с і н т т і (Т.Əлімқұлов, Сырлы
наз, 109).
ТҮЙСІНТУ Түйсінт етістігінің қимыл
атауы.
ТҮЙТЕЛЕ е т. с ө й л. Түте-түтесін
шығару, құрту, жою. Күндердің күнінде
жалындаған жастықтың да түбіне жетіп
титықтататын ит кəрілік қайрат пен ақыл-
ды да тасқа шапқан қылыштай мұқалтып,
т ү й т е л е п тастайды (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 159).
ТҮЙТКІЛДІ с ы н. Түйткілі бар;
күдікті, сезікті. – Алды-артымды абайлап
алмай, т ү й т к і л д і іске «тəуекел» деп
қойып кеткеніме əлі күнге өкінемін (Қаз.
əдеб., 28.11.1986, 15).
ТҮЙТКІЛЖІМ с ы н. ж е р г. Күмəнді,
күдікті; белгісіз. Сол кезде осы жылқының
өз елінен, Алат аудың баурайынан
шыққанын білсе, қайтер еді? Бұл жағы
т ү й т к і л ж і м (Қаз. əдеб., 01.05.1973, 3).
ТҮЙТКІЛСІЗ с ы н. Түйткілі жоқ;
секемсіз, күдіксіз. Т ү й т к і л с і з көңіл
тіл тиегін ағытты ма, əйтеуір, өзімді еркін
ұстап, еркін əзілдестім (З.Шашкин, Доктор
Дарханов, 16).
ТҮЙТКІЛСІЗДІК з а т. Түйткілі
жоқтық, секемсіздік, күдіксіздік.
ТҮЙІЛ: Түйілген шыт. Көпшілік болып
ойнайтын балалар ойыны. Жүргізуші «бір,
екі, үш» дегенде ойыншылар жан-жаққа
қашады. Жүргізуші қолында түйілген
шыты (орамалы) бар ойыншыны қуалайды.
Жете бергенде ол қолындағы орамалды
басқа ойыншыға лақтырады (Б.Төтенаев,
Қаз. ұлт. ойын., 58). «Т ү й і л г е н ш ы т»,
«арынды арқан» ойындары балаларды
жүгіріп, секіріп, күш қуаттарын қалып-
тастырумен қатар көпшіл болуға тəр-
биелейді (Бұл да, 60).
ТҮЙІН з а т. б о т. Аналықтың төменгі
жуандау бөлігі. Т ү й і н н е н аналық мойны
шығады (Ботаника, 108).
ТҮЙІНДЕМЕ з а т. р е с м и. Жеке тұлға
туралы толық ақпарат; резюме. Дұрыс
рəсімделген т ү й і н д е м е үміткер үшін
қалаған жұмыс орнын табуға мүмкіндік
береді (Ə.Хазимова, Іс қағаз., 13).
ТҮЙІНДЕУІНШЕ ү с т. Түйіндеуі
бойынша. Автордың т ү й і н д е у і н ш е,
жоңғармен болар соғысты сезе, біле тұрып,
оған тойтарыс бере нақты шараларды алдын
ала іске асырмау Тəукенің басшылығының
сəтсіздігінің көрінісі (Н.Мыңбатырова,
Төле би., 28).
ТҮЙІР... Ашқылтым пияз бен бұрыш
дəмі сіңген т ү й і р алғашқыда дəмді
көрініп еді, амал не, кілең май болды да, іше
алмадым (Ə.Сəрсенбаев, Толқынды., 59).
ТҮК¹ з а т. с ө й л. Бума. Олардың екі
т ү к оралған дүниелері бар (М.Қожахметова,
Мəңгілік., 74).
ТҮК² з а т. с ө й л. Шабылып, престеліп,
байланған шөп; тюк. Байлаулы тұрған екі
сиыры мен көк дөненнің алдына жігіттер
əкелген т ү к т і ң біреуін бөліп салды да,
қайтадан ішке кіріп кетті (Д.Рамазан, Жы-
лап аққан., 64).
ТҮКСИІҢКІ с ы н. Қабағы қарс
жабылған, түксиген. Шашы мен сақалы
түп-түгел тұтасып кеткен. Қабағы т ү к
с и і ң к і. Өзі құсмұрын (Т.Сұлтанбеков,
Лұхман Хакім, 45).
ТҮКСИІҢКІЛЕУ с ы н. Аздап
түксигендеу, қабағы түсіңкілеу. Жүріс-
тұрыс, сырт келбетінен т ү к с и і ң к і л е у
қабағынан сəл керенау, сəл тəкаппарлық
сезілгендей (Ж.Ахмади, Айтұмар, 508).
ТҮКСІЗ: Түксіз алаша. Түгі жоқ,
тақыр алаша. Тоқылу техникасына қарай
алаша т ү к с і з а л а ш а жəне түкті алаша
деп екі топқа бөлінеді (Қаз. этнография.,
1, 151).
ТҮКТЕНДІР Түктен етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Көктем аяқталып,
жақында ғана кірген жылы жаздың сары
шуағы тау бөктерін кілем т ү к т е н д і
р і п балбырап тұрған (Ə.Нұрпейісов,
Соңғы., 267).
ТҮКТЕНДІРУ Түктендір етістігінің
қимыл атауы.
ТҮКТІ: Түкті алаша. Түгі бар алаша.
Тоқылу техникасына қарай алаша түксіз
(тықыр) алаша жəне т ү к т і а л а ш а
деп екі топқа бөлінеді (Қаз. этнография.,
1, 151).
601
Байынқол Қалиев
Түкті ара... Т ү к т і а р а, бал
ара, жабайы аралардың ұрықтанбаған
жұмыртқаларынан тек аталық аралар
шығады (Р.Сəтімбеков, Қызықты био-
логия, 77). Т ү к т і а р а ең бір маңызды
малазықтық өсімдік – қызыл беденің негізгі
тозаңдандырушылары болып табылады
(Жəндіктер, 84).
ТҮКТІЛІК з а т. Түгі барлық, түк
шыққыштық, үстін түк басушылық. Т ү к
т і л і к дегеніміз – адамдардың бетіне,
жағына, иегіне, мойнына түк шығуы
(Шаңырақ, 263).
Достарыңызбен бөлісу: |