Жауапты редакторлар


ДҮРМЕКШІ  с  ы  н.  Дүрмекті  жақсы  көретін, дүрмекқұмар (адам).  ДҮРМЕКШІЛДІК



Pdf көрінісі
бет40/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   168

ДҮРМЕКШІ  с  ы  н.  Дүрмекті  жақсы 

көретін, дүрмекқұмар (адам). 

ДҮРМЕКШІЛДІК  з  а  т.  Дүрмекті 

жақсы көрушілік, дүрмекқұмарлық. Мұның 

ертеңгі  күні  қалам  ұстар  жас  буынның 

азаматтық пен д ү р м е к ш і л д і к т і ң, 

тектілік  пен  текіректіктің,  сара  сын  мен 

домбытпаның ара жігін ерте ажыратуына 

себепші болатынына сенімдіміз (Қаз. əдеб., 

03.03.1989, 11). 

ДҮРІЛДЕҢКІРЕ  е  т.  Аздап  дүр-дүр 

ету,  күжілдеңкіреу.  Гу-гу  сөз  аракідік 

гүжілдеңкіреп, д ү р і л д е ң к і р е п екпін 

алып кетеді (Т. Мəмесейіт, Таудан., 165).

ДҮРІЛДЕҢКІРЕУ  Дүрілдеңкіре 

етістігінің қимыл атауы.

ДҮТ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Дөкір,  дойыр, 

тоңмойын. Ымырт жабыла, д ү т мінезді 

күйеу жігіт келді(Қ. Əбілқайыр, Текес., 64). 

«Құдай жап-жақсы жігітті де сөзге шорқақ, 

осынша д ү т қып жаратады екен-ау!» - деп 

ойлаған (Жұлдыз, 1972, 3, 177). 

Д Ы Б Ы С ТА Н Д Ы Р   Д ы б ы с т а н 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. 

ДЫБЫСТАНДЫРУ  Дыбыстандыр 

етістігінің қимыл атауы. 

ДЫБЫСТАНЫМ з а т. л и н г в. Тіл

дыбыстарының  жүйесі  (фонетика).  Тіл

білімі  салаларының  ішіндегі  ең  қызығы 

жəне  ұлттық  ерекшеліктері  айқын  көрсе-

тетін  саласы – д  ы  б  ы  с  т  а  н  ы  м 

(Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі., 3).

ДЫБЫСТАҢБА з а т. л и н г в. Тілдегі 

дыбыстарды дəл беру үшін ойлап тапқан 

арнайы  жазу;  транскрипция  (Бекіт.  тер-

мин., 29). 



ДЫҒЫРАДАЙ с ы н. Дардай, дырдай. 

Сенде д ы ғ ы р а д а й бес ұл бар деп еститін 

едім (Шешендік сөздер, 110). 

ДЫҢЫЛДАП ү с т. с ө й л. Даңғырлап, 

қаңғырлап, саңғырлап. Ордың өне бойына 

əбден д ы ң ы л д а п кепкен нар қамыстың 

басын біздей қып өткірлеп жасаған істіктер 

шаншылады (Ə. Кекілбаев, Үркер, 16). 



ДЫРАЙ е т. Мəз болу, көңілі көншу. – 

Жүрген жерің – бəрі өз үйің. Түк тауқымет 

жоқ  бастарыңда.  Ақпейіс  д  ы  р  а  й  ы  п 

қалды (Жалын, 1977, 1, 77). 



Д Ы Р Ы Л Д АТ Т Ы Р   Д ы р ы л д а т 

етістігінен жасалған өзгелік етіс. Баяғы 

заман  болса,  өзім-ақ  отаудағы  ыстық 

төсекте  жатып  ап,  жеңгетайына  асылдан 

көйлек  киген  екі  жеңгесіне  д  ы  р  ы  л



д а т т ы р ы п отырып əкелтпес пе едім! 

(А.Жүнісов, Өмір ізі, 36). 



ДЫРЫЛДАТТЫРУ  Дырылдаттыр 

етістігінің қимыл атауы.

ДІЗДЕТ  Дізде  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. Расында, кеше бас уəзір бей-

шара шалға қара нарды алаңға апарып шө-

гертіп,  д  і  з  д  е  т  і  п  алған  (Қ.Салғарин, 

Үбедей, 32). 



ДІЗДЕТУ  Діздет  етістігінің  қимыл 

атауы.

ДІЗДЕУ Дізде етістігінің қимыл атауы.

ДІЗДЕУ:  Діздеу  арқан.  Түйені  діз-

дейтін арқан. Осыны пайдаланған Үбедей 

168

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

кездігін суырып алып, д і з д е у   а р қ а н д ы

қиып жіберді (Қ. Салғарин, Үбедей, 30). 

ДІЛГІРЛЕН е т. Ділгір болу, мұқтаж 

ету,  зəрулену.  –  Менің  қызым  бай  іздеп 

отырған  жоқ.  Күйеуге  бере  қалғанда  да 

сондай сұмырайға д і л г і р л е н б е с п і з 

(Б.Майлин, Таңд., 155). 



ДІЛГІРЛЕНУ  Ділгірлен  етістігінің 

қимыл атауы.

ДІЛҚҰСА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Құса.  Бұл 

жазылған  күнде  де  не  жаны  жарым  д  і  л



қ  ұ  с  а,  не  суық  жартастай  мелшиген 

қатыбас боп шығады (Ə. Кекілбаев, Елең-

алаң, 128). 

ДІН: Дін ордасы. п о э т. Мешіт. Бір 

кезде д і н  о р д а с ы болған мешіт қазір 

білім  ордасы – мектеп  (Б.  Соқпақбаев, 

Балалық., 26). 



ДІНГЕНЕ з а т. в е т. Мал ауруларының 

бір түрі. Д і н г е н е ауруының неден бола-

тыны  туралы  пікір  айтты  (Лен.  жас, 

07.11.1977, 4). 

ДІНДАРА ү с т. ж е р г. Ерекше, бөлекше. 

Сол  өзің  көріскен  д  і  н  д  а  р  а  себеппен 

мені іздеп сен келгеншемен бүйдасы үзік, 

комшасы  ауған  делбе  тайлақ  сынды  едім 

(С.Бақбергенов, Кентау, 257). 

ДІНТАНУШЫ  з  а  т.  Дін  тарихын, 

оның  қыр-сырын  зерттеуші  маман.  Ол 

Жүсіпбектің  жақын  туысы,  ақын,  д  і  н 



т  а  н  у  ш  ы  Шəдітөре  Жаһангерұлының 

жақын шəкірттерінің бірі еді (А. Жұмашев, 

Қалдаяқ ұста., 4).

ДІНҮЙ  з  а  т.  Діндарлар  бас  қосатын 

орын  (үй).  Отырар  үйлері  үйтасқа  да, 

кешенге де, д і н ү й г е де, жəдігерге де 

ұқсамайтын  құрылысы  өзгеше  тасбо-

лат тамдар болып шықты (Жұлдыз, 1972, 

5, 206). 

ДІҢДІ  с  ы  н.  Діңі  жуан,  діңі  ұзын. 

Д  і  ң  д  і  ағаштардың  бірнешеуі  қатар-

қатар  тізіліп  тұр  (Қ.  Құрманов,  Жасыл 

əлем, 35). ...Алтын  күн  солдан  шығады 

да  орағыта  қалықтап,  сонау  күміс  д  і  ң  -



д  і  көп  қайыңның  арғы  сыртына  барып 

жасырынады  (Қазақст.  мұғалімі, 01.05.

1972, 4). 

ДІҢКƏМƏН  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Дыңдай 

болып семірген, іркілдеп тұрған. Қыс бойы 

семіртіп базарға апарған екі д і ң к ə м ə н 

өгізді қырық жеті сом 30 тиынға сатайын 

(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 199). 



ДІРІЛДЕКТІК з а т. Дірілдеп қалғандық, 

қалтырағандық,  қорқақтық.  Болысбек 

қазір  жалтақ  бола  бастағанын,  қураған 

қурайдай бос д і р і л д е к т і г і н анық 

санасы  жетіп  сезінеді  (Д.  Рамаданов, 

Тастүлек., 37).

ДІТТЕМ з а т. Ойлаған ойы, көздегені, 

мақсаты. Оның коммуникативтік д і т т е 

м  і  н  тыңдаушының  дұрыс  ұғынуы  (ин-

терпретациялауы)  тілдесудің  ойдағыдай 

өтуінің кепілі болып саналады (Г.Смағұлова, 

Көркем мəтін., 18). 



ДІТТЕУЛІ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Діттеген, 

мақсатты. Баз біреулер үшін киім-кебенек, 

қызыл-жасыл  шүберек – д  і  т  т  е  у  л  і 

арман болса, амал нешік (Ш. Мұртаза, Не 

жетпейді?, 184). 



Е

ЕБЕСІН з а т. к ө н е. Жасамыс əйел, 

кемпір.  Ертеңгі  күн  болғанда,  Елің  кеңес 

құрғанда, Айналып ақыл табарға Есіктегі 



е б е с і н, Сонда, ханым, не десін?! (Жиен-

бет жырау: Нар заман, 37). 



ЕВРО  з  а  т.  Германия,  Финляндия, 

Швейцария  елдерінің  ортақ  ақшасы 

(Білгенге – маржан, 119). Үстіміздегі жыл-

дан бастап еуропалық 12 мемлекет е в р о

н  ы  (жаңа  ақшаны)  айналымға  енгізіп 

жіберді (Ана тілі, 10. 01. 2002, 3).



ЕГЕСІЗДІК  з  а  т.  к  ө  н  е.  Иесіздік.  ≈ 

Мал шаруашылығына е г е с і з д і к к е 

салынуға жол жоқ.

ЕГЕУШІ з а т. Бір нəрсені егейтін адам. 

Махмуд  шебер  шаһардағы  құрылысшы 

құлдардан  таңдап  алған  бір  қосын  ісмер, 

қышкер,  қалаушы,  қашаушы,  е  г  е  у  ш  і

безеуші, бояушы қауымымен іске кіріскен 

(Е. Тұрысов, Темірлан, 220).



ЕГЖЕЙЛЕУ  Егжейл е  етістігі-

нің қимыл атауы. Ол қаралған мəселені е г 

ж е й л е у г е қатысы жоқ кісідей шетқұлақ, 

сырткөз күйде отырған секілді (К. Ахмет-

беков, Ақдала, 2, 418).

ЕГІЗ з а т. а с т р. Мамыр (зауза) айын-

да  көрінетін  шоқжұлдыз  (М.  Арын,  Бас 

анық, 123).



169

Байынқол Қалиев

ЕГІЛ е т. с ө й л. Ұрықтану. Жұмыртқада 

ұрық жатпай ма? Олар да тамақ таппай ма? 

Жылынса, яки е г і л с е, Оның да таңы атпай 

ма? (Шəкəрім, Шығ., 231).



ЕДЕНЖУҒЫШ  з  а  т.  Басында  шөт-

кесі бар еден жуатын құрал. Қолындағы

е д е н ж у ғ ы ш ы шалп етіп жерге түсті 

(Қ. Қараманұлы, Қайрақ өткел, 161).



ЕДЕНКЕМЕР з а т. Еден мен қабырға 

арасындағы  саңылауларды  жабуға 

арналған  пішінді  тақтайша;  плинтус 

(Терминол. анықт., 6, 207).



ЕДЕНСҮРТКІШ з а т. Паркет, лино-

леум төселген жəне сырланған едендерді 

механикалық түрде сүртуге пайдаланыла-

тын электрлік құрал. Е д е н с ү р т к і ш п е н

жарты сағат ішінде еденнің 40 м

2

-ге дейінгі 



бетін сүртуге болады (Шаңырақ, 32).

ЕДІЛБАЙ:  Еділбай  қойы.  Батыс 

Қазақстан  облысының  Еділ-Жайық  бо-

йынан тараған қылшық жүнді, құйрықты 

қазақы қой тұқымыЕ д і л б а й  қ о й ы н 

ы ң дене бітімі мығым, басы үлкен, тұрқы 

ұзын,  кеудесі  кең,  құйрығы  үлкен  (Қаз. 

табиғ., 1, 360). Е д і л б а й  қ о й ы – қазақ-

тың  құйрықты  қойларының  ішіндегі  ең 

ірісі жəне жүндестігі жөнінен де ең тəуірі

(Қ. Сəбденов.., Қой шаруаш., 211). Мысалы, 

қарақол елтірісін беретін шаруашылық тек 

қаракөл  қойын  өсірумен  шұғылданса,  ал 

дегерес қойлары мен е д і л б а й  қ о й л а р 

ы н өсіретін шаруашылықтар ет өндірумен 

де шұғылданады (Жетісу, 25. 02. 1964, 2).



ЕЖДАҒАТТАН е т. с ө й л. Іждағат-

тан.  Ұлбосын  Шерубайдан  бір  өшін 

алғандай е ж д а ғ а т т а н а күлімсіреді 

(І. Есенберлин, Ғашықтар, 31).

ЕЖЕҚАБЫЛ з а т. к ө н е. Іште жатқан 

балаларды атастыру салты. Олар (Қозы 

Көрпеш пен Баян Сұлу) – ата-ананың е ж е 



қ а б ы л ы м е н бар үміт-мақсатын, арман-

тілегін  қосқан  адал  перзенттер  (Ана  тілі, 

21. 06. 1990, 5).

ЕЖЕНХАН з а т. к ө н е. Цин империясы 

ханының лауазым атағы, богдыхан. Өткен 

жылы  Шыңжан  жанжуны  (губернаторы) 

аспан тəңірінің жердегі өкілі деп аталатын 

е ж е н х а н ғ а жүріп кеткен (Қ. Исабаев, 

Шоң би, 36).



ЕЖІР  з  а  т.  Балшықтан  істелген 

керамикалық  ыдыс,  кесе.  Ернеуі  қалың

е  ж  і  р  г  е  шай  құйып,  алдына  қойды

(Қ. Толыбаев, Əсет, 54). 



ЕЖІРЕ з а т. ж е р г. Малды уақытша 

қамайтын  жер  (қаша).  Қырықтықшы 

қойды əперушіден немесе е ж і р е д е н 

өзі  алып,  сол  жақ  бүйірінен  жатқызады 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1962, №7, 56).



ЕЗ: Ез малта. Езіп, көп сөйлейтін мы-

жымаЕ з  м а л т а н ы ң сөзінде, Шындық 

бар деп сезінбе (Шопан сырласы, 258).



ЕЗІҢКІ с ы н. Еңсесі түскен, езілген; 

денесі  дел-сал.  Дертті  адамдай  кескін-

келбеті тұнжыраңқы. Ұнжырғасы түсіңкі, 

еңсесі е з і ң к і (Д. Рамазан, Жылап аққан., 

245).


ЕКІЕкі айрық жол. Екіге айырыла-

тын  жол.  Тағдыр  екеуін  е  к  і    а  й  р  ы  қ

ж о л ғ а салып жіберді (Д. Рамазан, Жылап 

аққан., 35). 



Екі елу. «Жүз» д.м. Сұрасам сенің атың 

Ырысты қыз, Е к і  е л у ердің жасы болады 

жүз (Айтыс, 2, 48).

Екі  етек  болды.  ж  е  р  г.  Екі  өкпесін 

қолына  алып,  зыр  жүгірді.  Сонау  ойға 

қарай е к і  е т е к  б о п дедектей шапқылап 

бара жатыр (Ə. Кекілбаев, Үркер, 47, 67).

Екі  жағына  пышақ  жанығандай. 

Жағы суалып арықтаған, əбден жүдеген. 

Қара  нан,  етсіз  күріш  жегендіктен  бір-ақ 

айда е к і  ж а ғ ы м ы з ғ а  п ы ш а қ  ж а н 

ы ғ а н д а й əбден жүдедік (Халифа Алтай, 

Алтайдан., 54).



Екі жиырма бес. Елу д. м. ≈ Е к і  ж и ы 

р м а  б е с жасыңыз құтты болсын! 

Екі  қолға  бір  күрек  табылмады

Жұмыс жоқ, жұмыссыз жүр. 

Екі оқты. Екі жақты, əрі-сəрі. Аға сұл-

танның е к і  о қ т ы мінезі елдің ішіне іріткі 

салып та болды (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 14).

Екі үйлі өсімдік. б о т. Аталық гүлдер 

мен  аналық  гүлдер  əртүрлі  өсімдіктерде 

орналасса,  мұндай  өсімдіктерді  екі  үйлі 

өсімдіктер деп атайды (Ботаника, 125).

ЕКІБЕТТІ // ЕКІБЕТКЕЙ.  с  ы  н. 

Екіжүзді.  Біреулер  оны  арақкеш  десе, 

енді біреулер оны е к і  б е т к е й дейді

(Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 123).

ЕКІБЕТТІЛІК з а т. с ө й л. Екіжүзділік. 

Бақ қонса тасып, бақ тайса жасушылығымен, 

тəкаппарлығымен,  е  к  і  б  е  т  т  і  л  і  г  і 

м  е  н,  рушылдығымен,  жершілдігімен 

ерекшеленеді  (А.  Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш 

бесік., 2, 98).

ЕКІЕСТІ  з  а  т.  Есі  ауысқан,  жынды 

адам. Е к і е с т і н і ң сөзі сияқты. Бұ да 


170

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

айнып, ауыс болып қалған ғой (Ш. Мұртаза, 

Қара маржан, 210).

ЕКІЕСТІЛЕУ  с  ы  н.  Есі  ауысқандау, 

жындылау. «Неврастеник» түсініктілеу. Ол 

е к і е с т і л е у дегені ғой (Ш. Мұртаза, Не 

жетпейді?, 40).



ЕКІЛІК з а т. Бестас ойынының екінші 

кезекте ойналатын түрі. Бестасты екінші 

рет  иіріп,  е  к  і  л  і  к  т  і  ойнайды.  Онда 

жердегі төрт тасты екі-екіден қағып алады 

(Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 48).



ЕКІНШІ:  Екінші  ұстаз.  п  е  р  и  ф  р.

Əл-Фараби  д.м.  Қиындық,  қыспақ  күш-

тен тайсалмаған, Ашам деп құпияны қай-

сарланған. Атанған «Е к і н ш і  ұ с т а з»

Фарабидің Ғылымның саласы жоқ ой сал-

маған (І. Есенберлин, Шығ. жин., 10, 188).

ЕЛ: Ел қайда көшеді. з о о л. Əдетте 

«ханқызы» деп аталатын қоңыз ел ішінде 

осылай да аталады. Қызғылт келген, жеті 

нүктелі кішкене «ханқызы» немесе «е л  қ а 



й д а  к ө ш е д і» деп аталатын қоңыздардың 

тіршілігі  қызық  (Т.  Сұлтанқұлов,  Хайуа-

наттар., 37).

Ел сауды. Ел үстінен күн көрді; ішіп-

жемі  елден  болды.  Көп  жалқаудың  бірі 

бақсы,  бірі  балгер,  бірі  құмалақшы,  бірі 

жауырыншы, шырақшы болып, е л  с а у ы п 

күн көреді екен (Балдырған, 1977, №4, 14). 



ЕЛАМАН:  Еламан  сүйек.  к  ə  с  і  б. 

Балықтың сағағының тұсында болатын, 

ортасы жалпақ, екі жағы үшкір, ұзындығы 

үш елідей кішкене сүйек. Балықтың басқа 

сүйегі не əрі кетеді, не бері шығады. Ал  е л а



м а н  с ү й е к кетіп қалса, жақсы болмайды 

(Б. Омарұлы, Қаратерең., 103). Сүйектердің 

ішінде е л а м а н  с ү й е к жатқан болса, 

ешнəрсеге  алаңдамай,  балық  жеуін  əрі 

қарай жалғастыра береді (Бұл да).

ЕЛБАДАН с ы н. ж е р г. Ашық жүзді, 

елгезек.  Өзіне  таяу  келген  е  л  б  а  д  а  н 

жігіттен  Асқар  бес-алты  парақ  ақ  қағаз 

алып қалды (Е. Əкімқұлов, Перизат., 34).

ЕЛЕУІТ  з  а  т.  Жоңғар  бірлестігіне 

кіретін тайпалардың бірі. Сөйтсе, жоңғар 

жұрты  өздерін  ойратпыз  дейді  екен. 

Ойратқа  хошауыт,  қойыт,  шорос,  дүрбіт, 

торғауыт, е л е у і т тайпалары жатады-мыс 

(Ə. Кекілбаев, Үркер, 67).

ЕЛЕУІШ з а т. Арпа-бидайдан уағырақ, 

ұн мен талқаннан ірірек дəндерді (тары, 

қонақ, зығыр т.б.) елейтін құрал. Мысалы 

қалбырмен бидай елейді; е л е у і ш п е н 

тары, қонақ, зығыр елейді. Ал елгезермен 

тек ұн елейді (Оңт. Қазақтс., 01. 11. 1968, 4).



ЕЛСІРЕ е т. Елін іздеу, елін сағыну. – 

Түркі  халқы  қанша  қиналсақ  та,  бəрі  бір 

қайта  түледік.  Енді  сен  е  л  с  і  р  е  г  е  н,

қағансыраған  еліңе  қаған  бол, – деді 

(Т.Зəкенұлы,  Мəңгітас, 259). Е  л  с  і  р  е

г  е  н,  қағансыраған  халықты,  күңденген, 

құлданған  халықты,  Түркі  иелігінен 

айрылған халықты ата-баба мекеніне қайта 

орнатты (Ертедегі əдеб., 34).



ЕЛСІРЕТ  Елсіре  етістігінен  жасал-

ған өзгелік етіс. Аға мұратына адал болды. 

Елін е л с і р е т п е д і, қағандығын қаған-

сыратпады  (Т.  Зəкенұлы,  Мəңгітас, 447). 

Тəңірі  жарылқағандықтан  Елдігін  е  л  с  і



р е т т і, Қағандығын қағансыратты. Жау-

ын бейбіт етті (Ертедегі əдеб., 35).



ЕЛСІРЕТУ Елсірет етістігінің қимыл 

атауы. 

ЕЛСІРЕУ  Елсіре  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ЕЛТАНЫМ з а т. Белгілі бір елді тану 

жəне  таныту  жөніндегі  пəн;  елтану. 

Ұлттық рух ғасырға жуық уақыт кеңестік 

идеологияның  құрсауында  тұмшаланып 

келгендіктен,  жаңа  ғасырдың  ұрпағы 

жаңаша е л т а н ы м ғ а зəру (Егем. Қаз., 

24. 02. 2009).



Елтаным  сөздер.  л  и  н  г  в.  Əрбір 

халықтың өзіндік ерекшеліктерін, ұлттық 

сипаттарын көрсететін сөздер (этногра-

физмдер). Мысалы, сэр, мистер, леди, фунт, 

стрелинг, виски, бренди сөздері – ағылшын 

халқының өмір салтын көрсететін е л т а 

н ы м с ө з д е р (Б. Қалиұлы, Қазіргі қаз. 

тілі, 88).



ЕЛТІН е т. Тұмсығын ілгері созу, алға 

ұмтылу.  Диоген  кенет  саусағымен  ернін 

басып, е л т і н і п, Көкек, бұлбұл, шымшық 

үнін  айнытпастан  келтіріп,  Бала  кезден 

бойға жиған шеберлікпен кемелді, Шаршы 

топты  таңғалдырып,  сайрап  ала  жөнелді 

(М. Шаханов, Мəңгүрт., 145).



ЕЛТІНУ Елтін етістігінің қимыл атауы.

ЕЛТІРІ:  Елтірі  бөрік  [ті].  Елтіріден 

тігілген  бөрік,  елтіріден  тігілген  бөркі 

бар. Қазақта е л т і р і  б ө р і к балаға, 

жасөспірімдерге,  бозбала  жігіттерге  ғана 

тəн  (Қаз.  этнография., 2, 36). Кəнігі  көз 

тани кетті: қара е л т і р і  б ө р і к т і баса 

киген шоқпар бас адам екен (Ғ. Мүсірепов, 

Таңд., 3, 536).



171

Байынқол Қалиев

Елтірі ішік. Елтіріден жасалған ішік. 

Елтіріден елтірі бөрік, елтірі тымақ, е л т і 



р і  і ш і к жасайды (Қаз. этнография., 2, 36). 

Ішік тігілетін терінің түріне қарай: е л т і р і



і ш і к, сеңсең ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік 

т.б. деп аталады (Шаңырақ, 327).



ЕЛҰРАН  з  а  т.  с  ө  й  л.  Əнұран. 

Сондықтан  «əнұран»  деудің  орнына  «е  л



ұ  р  а  н»  деп  алған  дұрыс  болар  еді  (Қаз. 

əдеб., 03. 04, 1992, 7).



ЕЛШІЛЕС е т. Ел болуға келісу, тату-

ласу. Төртінші таң атқанда екі жақ е л ш і 

л е с п е к деген хабар жетті (М. Мағауин, 

Алдаспан, 100).



ЕЛШІЛЕСУ  Елшілес  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЕЛІКАУЫЗ з а т. Киіз үй керегелерінің 

бір-бірімен толық айқаспауы. Е л і к а у ы з

деп – киіз  үй  тіккенде  керегелердің  ұшы 

толық айқаспай, ұшпа-ұш айқасып келуін 

атайды (Қаз. этнография., 2. 39).



ЕЛІЛЕН  Еліле  етістігінен  жасалған 

ырықсыз етіс. 

ЕЛІЛЕНДІР  Еліл ен  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Ернеуіне шынашақ 

е  л  і  л  е  н  д  і  р  і  п  алтын  жаққан  көкала 

кесені  бос  ұстап  қалған  (А.  Сүлейменов, 

Бесін, 71).

ЕЛІЛЕНДІРУ  Елілендір  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЕЛІЛЕНУ  Елілен  етістігінің  қимыл 

атауы

ЕЛІП  з  а  т.  Құс  қауырсынының  екі 

жағында тізіліп тұрған жүн. Осылардың 

бəрі  дайын  болғаннан  кейін  е  л  і  п  т  е  р 



д  і  ң  көбе  жағы  мен  жебе  жағын  дəлдеп 

табиғи қалпына келтіреді (Ж. Бабалықов, 

Қырандар, 38).

ЕЛІРМЕЛЕУ... Бүкіл отрядта ақбоз ат 

мініп ойқастап жүретін жалғыз өзі, бурка 

жамылып, папаха киіп жалаңдап жүретін 

е  л  і  р  м  е  л  е  у,  есерлеу  кезі  (Ə.  Тарази, 

Тасжарған, 272).



ЕМ:  Емің  түспегір.  Қырсыққа 

шалдыққыр д.м. қарғыс. – Əлгі он алтын-

шы жылы да бүлік салған осы е м і ң  т ү 



с п е г і р емес пе? (Ə. Сарай, Атырау, 18).

ЕМГЕРЛІК  з  а  т.  Емші  болғандық, 

емшілік. Е м г е р л і к біліміне шүбəң бар 

ма, Қай жерде де ақталып шығар едім. 27 

жаста  кеткен  қыршынымның,  Шипалы 

емін  тауып  салар  едім  (М.  Ахмет-төре, 

Ақ-қара, 185).

ЕМДІК: Емдік сабын. Ем ретінде пай-

даланылатын сабын. Арнайы сабындарға

е м д і к  с а б ы н, сұйықсабын, ұнтақ са-

бындар жатады (Шаңырақ, 253). 



ЕМЕЛДЕС  с  ы  н.  Бір  емшекті  ем-

ген,  бірақ  бірге  тумаған  адамдар.  Қазақ 

дəстүрінде туысқан жəне көп туысқаннан 

өзгеше бір ананың мамасын емген е м е л 

д е с бір туғанға парапар бауыр саналады 

(М. Мағауин, Аласапыран, 1, 342). – Е м е л



д е с едік. Ол да менің анамның мамасын 

емді (Бұл да, 2, 106).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет