Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет48/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   168

Жаяу  почта.  Ауызекі  сөз,  ауызша 

тараған  хабар.  Қазіргі  келіп  жеткені 

мұндағы ж а я у  п о ч т а таратқан əлгіндей 

шолақ хабар (Б. Соқпақбаев, Таңд., 27).

Жаяу тартыс қ. Бұқа-тартыс. «Ж а я у

т а р т ы с» ойынына қатысушы екі жігіт 

ортаға  шығады  да,  тұйықталған  арқанды 

мойындарына салып, еңбектеп тартысады 

(Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 77).



ЖАЯУШАМ з а т. с ө й л. Шираты-

лып есілген мақтаны кесе түбіндегі май-

ға  отырғызып  жағатын  шам.  –  Жуына-

сың ба? Жермай шақ келмейтін болды. Ж а я



у  ш  а  м  сықсиып  не  көрсетеді  дейсің?

(С. Сматаев, Алғашқы асу, 204).



ЖƏ:  Жə  деді.  Келісті,  құптады. 

Өкеңнің айтқанына ж ə  д е с е ң д е р бол-

ды (Қ. Исабаев, Серт, 96).

ЖƏДИ з а т. а р. Қыстың бірінші айы; 

желтоқсан. Байырғы қазақ календарындағы 

зодиак айлары, яғни жұлдыз айлар [араб-

ша] мынандай болған: хамал (март), сəуір 

(апрель), зауза (май), саратан (июнь), əсет 

(июль),  сүмбіле  (август),  мизам  (сент.), 

ақырап (окт.), қауыс (нояб.), ж ə д и (де-

каб.), дəлу (янв.), хұт (февр.) (М. Ысқақов: 

Қаз. əдеб., 23. 03. 1990, 4).



ЖƏДИТШІЛІК  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Жəдитшілдік. – Мен  Мағаз  баласының 

ж ə д и т ш і л і г і н сезген соң, қастасып, 

жауығып алдым (С. Сауытбеков, Өртенген 

өлең, 25).

ЖƏДІГЕР  з  а  т.  Өте  құнды,  бірегей, 

ескі мүлік; экспонат. Бірде енді қымбат ж ə 

д і г е р г е айналған ұсақ-түйек дүниелердің 

арасынан екі əйелдің бірінің күміс көзгісі 

қолына түскен (М. Мағауин, Аласапыран, 

2, 91). Көрме  ажарын  ашуға  ұмтылған 

мыңнан аса ж ə д і г е р көз тартады (Егем. 

Қазақст., 21. 03. 1992, 6). Түркілердің мол 

қазынасынан  қандай  ж  ə  д  і  г  е  р  л  е  р 

назарыңызға ілікті? (Ана тілі, 20. 11. 2008).



Ж Ə Д І Г Ө Й Л Е Н У   Ж ə д і г ө й л е н 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖƏЗИТ з а т. к ө н е. Рұқсат, ұлықсат. 

– Ж ə з и т бер, бас тақсыр, – деді Томан 

би, сұлтан тобы қайтадан атқа қонған соң 

(М.  Мағауин,  Аласапыран, 123). – Аға,



ж ə з и т берсең, – деді Асманақ қозғалақтап 

(Бұл да, 2, 211).



201

Байынқол Қалиев

ЖƏЙІЛ з а т. к ө н е. Қатыгез, кекшіл, 

тоңмойын, қанішер. – Иə, өздері 40 жылғы 

кегін ұмытпайтын ж ə й і л жұрт көрінеді 

(Қ. Жұмаділов, Дарабоз, 2, 97). Ол əкесінен 

өткен ж ə й і л көрінеді (Бұл да, 294).



ЖƏКЕТТІ  з  а  т.  к  ə  с  і  б.  Қаракүл 

елтірісінің бір сорты (Парасат, 2005, №1, 

27).  Бұл  үш  шаруашылық  елтірінің  көк 

жəне ж ə к е т т і сорттарымен айналысады 

(Тоғызыншы шежіре, 273).



ЖƏЛҮЗ з а т. Үйді күн сəулесінен қорғау 

үшін терезеге орнатылған көп пластинка-

лы, жармалы перде (жалюз).

ЖƏМИҒАТ з а т. а р. к ө н е. Бірлес-

тік,  серіктестік;  қоғам.  Оренбургта 

ноғайлардың  «Оқушыға  жəрдем»  дейтін



ж ə м и ғ а т т а р ы бар еді («Қазақ» газеті 

– 1913, 16). Русияда құрт ауруға қарсы қару 

ететін ж ə м и ғ а т (общество) бар (Бұл 

да, 66).


ЖƏПЕКТЕ е т. с ө й л. Жəмпеңде. Екеуі 

жанаса кетсе-ақ ыржақ-ыржақ күлісіп, ж ə 



п е к т е п кеп сөйлеседі (С. Мұратбеков, 

Жабайы алма, 22).



ЖƏМПІРЕЙ  е  т.  с  ө  й  л.  Жапырай. 

Жасыңа жетпей ж ə м п і р е й і п, қартаң 

тарта бастапсың ғой! (Д. Рамазан, Жылап 

аққан., 253).



ЖƏНДЕТТІ  с  ы  н.  ж  е  р  г.  Ажарлы. 

Жақсының жүзі ж ə н д е т т і, Бір көруің 

ғанибет-ті.  Жаманның  ісі  міндетті;  Зар 

берсе алушы болма! (Ы. Алтынсарин: Жеті 

ғасыр., 2, 16).

ЖƏРДЕМПҰЛ з а т. с ө й л. Жəрдем-

ақы.  Дегенмен,  бəрібір 100 мыңнан

артық адамға ж ə р д е м п ұ л (пособие) 

төлеуге  тура  келеді  (Қаз.  əдеб., 17. 01. 

1992, 7).



ЖƏРЕН  з  а  т.  ж  е  р  г.  Келесі  жыл. 

«Былтыр»  дейтін  қазақ  неге  «ж  ə  р  е  н» 

демейді. Бұл сөз жергілікті жерде айтылады 

(«Қазақ» газеті – 1914, 19). 



ЖƏРКЕЛЕҢ:  Жəркелең  қақты. 

Жағымпазданды, жарамсақтанды. – Тəуіп 

қайным-ау, – деді Жаңылған ж ə р к е л е ң



қ  а  ғ  а. – Жаңағы  тіліңді  біздің  шалға 

естіртпей-ақ қойсаң қайтеді? (К. Ахметбе-

ков, Ақдала, 2, 130).

ЖƏРКЕЛЕҢДЕ  е  т.  с  ө  й  л.  Жағым-

паздану,  жарамсақтану.  Қаламсиядан: 

«Кетші əрі, ж ə р к е л е ң д е м е й. Сенсіз де 

тауып барамыз, адаспаймыз!» деген «қатаң 

ескерту»  алды  (Қ.  Қараманұлы,  Ай  куə, 

37). Кешегінің бəрі ұмытылды деп ойлады 

білем, машинаға мінгенімізде Үмбет ж ə р к 



е л е ң д е п жаныма кеп отырды (Бұл да, 82).

ЖƏРКЕЛЕҢДЕУ  Жəркелеңде  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ЖƏРКЕУ...  Əңгіме  теңізде  жаңадан 

басталған ж ə р к е у маусымы туралы ауа 

жайылып барып, əйелдер майдан жайына 

қайтып орала берді (Ə. Сарай, Атырау, 310). 



ЖƏРКЕШТЕНУ  Жəркештен  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

ЖƏРКӨЛЕШ с ы н. с ө й л. Жəркелеш. 

Ішіп алған мына ж ə р к ө л е ш жындының 

қолына түскенше, өлгені артық (С. Елубай, 

Ақ боз., 375). 



ЖƏРКӨП з а т. Ет, пияз, сəбізді турап, 

оған  картоп  қосып,  қуырылып  əзірленген 

тағам. Ж е р к ө п к е 450 г. ет, 1 кг картоп,

2  бас  пияз, 2-3 сəбіз,  томат,  бұрыш,  тұз 

қажет (Шаңырақ, 193). 

ЖƏРНЕК с ы н. ж е р г. Шұңғыл. Уақит 

тыпырлап жатқан балықтарды аршып, ішін 

жарып, тазалады да, ж ə р н е к қазанға асты 

(С. Хайдаров, Теңі., 49). 



ЖƏУКЕМДЕУШІ з а т. Бір нəрсені тез 

істеп тастаушы. Əнеу ақ тоқтыны ж ə у к 

е м д е у ш і л е р де осы шалдың балалары 

(М. Сқақбаев, Ұят тур., 144). 



ЖƏУМІТ з а т. с ө й л. Түрікмен. Сол 

жылдары  талай  қазақтың  кəллəсін  сұр 

мойнақ  мінген  ж  ə  у  м  і  т  жігіттерінің 

қайқы қылышы қақшыған-ды (Ə. Кекілбаев, 

Үркер, 266).

ЖƏУТІГІМ з а т. а у ы с. э к с п р. Ба-

лам, балапаным, қозым д. м. Сəл ғана ажы-

рап  қалсам,  күн  баласына  көрпелдешім, 



ж ə у т і г і м деп сыбырлап қана айтатын 

майда қоңыр үнін сағынамын (Е. Тұрысов, 

Ақбақай, 66).

ЖƏУТІК з а т. з о о л. Қарға аунағанға 

дейінгі түлкі баласы (Ана тілі, 06. 11. 2008). 

Түлкі, қоянның ж ə у т і г і н, көжегін орға 

байлайды.  Қасқыр,  түлкі,  қарсақ  індерін 

қазу арқылы олардың бөлтірік, ж ə у т і к 



т е р і н ұстайды (Б. Кəмалашұлы: Ана тілі, 

11. 03. 1993, 4).



ЖДАҺАТТАН қ. Ыждағаттан. ≈ Ол 

ж д а һ а т т а н ы п сөйледі.

ЖДАҺАТТАНУ  қ.  Ыждағаттану. 

Жолдас Досовтың ж д а һ а т т а н у ы м 



е н Қарқаралыда елу балалық балалар ком-

мунасы  ашылғанын  хабарлайды  (Жалын, 

1974, №3, 153).


202

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЖЕ:  Жегенің  желкеңнен  шықсын 

[шыққыр]. Жегенің ас болмасын, алғаның 

бұйырмасын д. м.

ЖЕБЕ

1

 з а т. к ə с і б. Қыран құс құйры-



ғының  көбеден  басқа  қауырсындары. 

Қанаттың шеткі қауырсындарын – шалғысы, 

ал құйрығының ортасындағы екі қабат əлді 

қауырсынын – көбесі, қалғандарын ж е б е 



с і дейді (Туған жер., 143).

ЖЕБЕ

2

  з  а  т.  қ.  ө  н  е  р.  Садақтың 



жебесіне ұқсас өрнек түрі. Əдетте ж е б 

е н і түкті немесе тақыр кілімдердің айна-

ласына  жүргізу  үшін  қолданылады  (Қаз. 

этнография., 3, 314).

ЖЕБЕГІШ  с  ы  н.  Жебеп  жүретін, 

демеуші.  Ел  өткен  уақытқа  пейіл  білді-

ріп, жаңа басталған мезгілге үміт артады. 



Ж е б е г і ш мұратпен жаңа тілеу тілейді 

(Қ. Толыбаев, Бабадан., 49).



ЖЕБЕЛЕ е т. Жеделдете басу, асығу. 

Кеткенде ауылың шалғай, ей перизат Жор-

тайын аш бөрідей тау ж е б е л е п (Қаз. 

əндері, 154).



ЖЕБЕЛЕК

1

  з  а  т.  Шашқа  қосылып 



өрілетін жəне шашқа тағылатын əшекей 

бұйымдардың ортақ атауы (Қаз. этногра-

фия., 2, 271).



ЖЕБЕЛЕК

2

 з а т. Қыз-келіншектердің 

жамылып  жүретін  жұқа,  сəнді  сырт 

киімі. Ж е б е л е к көбінесе жаз айларында, 

той-томалақта,  жиында  салтанатты  киім 

ретінде  тұтынылады  (Қаз.  этнография., 

2, 271).


ЖЕБЕЛІ с ы н. а у ы с. Сүйірлеу, сəл 

үшкір.  Асыл  текті  түйенің  басы  ж  е  б  е 

л  і,  көзі  шаралы  келеді.  Нар  түйенің  сүті 

мол, күші жойдасыз ғой, айыр түйе болса 

жүндес,  шудалы,  суыққа  төзімділігімен 

қадырын  арттырады  (Соц.  Қаз., 18. 10. 

1981, 4).

Ж Е Б ЕЛ І Л І К   з   а   т.   Ж еб ес і н і ң 

ауқымдылығы;  жебелі  болғандық.  Құс 

қанатындағы  ең  ұзын  қауырсындары 

–  қанат  шалғысы.  Ол  екі  жағында  бес-

бестен  он  болады.  Шалғы  деп  аталған 

қауырсындардың əлділігі, ж е б е л і л і г і

жəне  бүтіндігі,  тұтастығы  ерекше  назар 

аударады (Ж. Бабалықов.., Қырандар, 80).

ЖЕГЕНЕ з а т. к ə с і б. Мақта қозасы 

көп болып өссе, оның артығын жұлып та-

стау ісі (шарасы). Шиттер де өніп шықты. 

Қазіргі кездегі қауырт жұмыс – ж е г е н е.

Өйткені  əр  ұяда 4-5 тен  өскен  қоза  сол 

жердегі  қоректік  заттарды  өзара  бөлісіп 

жеуде.  Бұған  жол  бермеу  үшін  тездетіп, 

артық  өсімдіктерді  жұлып  тастау  керек 

(Оңт. Қазақст., 21. 05. 1963, 2).

ЖЕГЕНЕЛЕГІШ з а т. т е х н. Мақта 

қозасын, қызылша өніктерін сирететін ма-

шина. ППС-6 ж е г е н е л е г і ш і сеялкамен 

себілген  қант  қызылшасының  өніктерін 

жегенелеуге арналған (Қаз. ауыл шаруаш., 

1962, №4, 54). ППС-6 ж е г е н е л е г і ш і

ДТ-28  жəне  «Белорусь»  тракторларына 

орнатылады (Бұл да, 54).



ЖЕГЕЛЕН  Жегел е  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс.

ЖЕГЕЛЕНУ  Жегелен  етістігінің 

қимыл атауы. Қазір қоза бапталып, ж е г 

е л е н у д е (Оңт. Қазақст., 21. 05. 1963, 2).

ЖЕГЕТЕЙ з а т. з о о л. Құланның бір 

түр-тармағы. Монғолияда мекендеген ж е 

г е т е й қазір бұл аймақтан мүлде жойылып 

кетті (Қ. Қайымов: Ана тілі, 05. 09. 1996, 7).



ЖЕГЖАТ...  2.  Жүрежаттан  туған 

бала (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 69).

ЖЕГІҚҰРТТАЙ  с  ы  н.  Жегіқұрт 

секілді, жегіқұрт тəрізді. Наша кісі өмірін 

аз  уақытта  қиятын  болса,  темекі  ағзаға 

жылдар бойы сіңіп, ж е г і қ ұ р т т а й 

жеп бітіреді екен (Астана, 2011, №2, 60).



ЖЕГІЛІК  з  а  т.  Жегі  болғандық, 

жемірлік.  Ел  болғасын  өзінің  осындай 

қуы болады екен, ол келіп егіске жоғарыдай



ж е г і л і к қылады екен (Ж. Тілепбергенов, 

Ізбасар, 142).



ЖЕДЕЛ: Жедел саты. ж а ң а. Лифт. 

Алматыдағы 400 ж е д е л  с а т ы н ы ң 

тозығы  жеткен  (Теледидардан, 25. 06. 

2013).


Жедел топ. з а т. ж а ң а. Халыққа жедел 

жəрдем көрсету үшін ұйымдастырылған 

арнайы топ. Ж е д е л  т о п т а р д ы ң 

дүниеге  келуі  қала  халқының  əлеуметтік 

өміріндегі елеулі оқиға болды (Жетісу, 21. 

08. 1987, 4).



ЖЕЗ: Жез қоңырау. Жезден жасалған 

қоңырау. 

Жез құман [леген]. Жезден жасалған 

құман  (леген).  Жырық  ерін  жылдамдық 

көрсетіп, ж е з  қ ұ м а н мен ж е з л е г е н 

дайындаттырып қойған екен (О. Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 148).



ЖЕЗАЙЫР з а т. к ө н е. 1. Ерте кездегі 

мылтықтардың  бір  түрі.  Мылтықтың 

«алты  қырлы  ақ  берен», «он  екі  құрсау



203

Байынқол Қалиев

ж е з а й ы р», «қозыкеш», «құлдырмамай», 

«қара мылтық» деген аттары бар (Ата сал-

ты., 50). 2. Садақ  оғының  (жебенің)  бір 

түрі. Сайгез, бұлың, сұржебе, ж е з а й ы р,

қалжуыр т.б. – бəрі де садаққа салынар жебе 

түрлері (Соц. Қаз., 29. 03. 1991, 4). Бірақ 

жоңғарлардың сайгезі мен ж е з а й ы р л 



а р ы н ы ң ұшқырлығын есіткеннен кейін 

қалың  қолға  өзі  басшылық  етуді  мақұл 

көрген-ді (Алм. ақшамы, 21. 06. 1991, 4).

ЖЕЗАУЫЗ з а т. Темекінің күлін салғыш. 

Ақшасына  Ақзейнепке  деп  шілтерлі  са-

мауыр,  поднос,  шайқұман,  сүтқұйғыш, 

шылым күлін салатын ж е з а у ы з алды

(Ж. Молдағалиев, Сарарқа., 53).

ЖЕЗІНЕК з а т. к ө н е. Омырауына шын-

жырмен асып жүретін, жезден жасалған 

болыстық (əкімдік) белгі. Жарлы-жақыбай 

момын шаруаларды торы аттың омырауы-

мен қақтырып, омырауындағы шынжырлы 

сары ж е з і н е к т і көрсетіп: - Мынаның 

сендік қауқары бар, - деп талай күш айтып 

тұрғанын  көргемін  (Ж.  Тілепбергенов, 

Ізбасар, 126).

ЖЕЙДЕЛІК  с  ы  н.  Жейде  боларлық, 

жейде тігуге жарарлық (мата). – Сонда 

қара қазақ ж е й д е л і к қарбас пен кебіндік 

бөзді қайдан алады (І. Есенберлин, Алмас., 

219). Қап-қап жүн апарады, ж е й д е л і к 

мата, шай, секер алып жатыр (Ғ. Сланов, 

Шұғалы шұғыла, 299).



ЖЕКЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Жекеменшік. 

Сонсоң  ж  е  к  е  н  і  ң  ірілі-уақты  малын 

бағып,  жазда  падашылық  ететінім  де  бар 

еді (М. Айымбетов, Құмөзек., 65).



Жеке адамға табынушылық. с а я с. 

Мемлекет  басқару  ісінде  жеке  адамның 

дара  басшылығына  негізделген  əкімші-

лік. Ж е к е  а д а м ғ а  т а б ы н у ш ы л ы 

қ т ы ң зардабы басталып ашылды да, аяқ-

талмай қалды (С. Ғаббасов, Қандауыр, 166).



Жеке тартыс. Ат пен жігіттің жеке 

күші  мен  мықтылығы,  қайраттылығы 

сыналатын көкпар түрі. Көкпардың дода 

жəне ж е к е  т а р т ы с аталатын екі түрлі 

əдісі қазақ арасына кең тараған (Қ. Толы-

баев, Бабадан., 116).



Жеке  іспарағы.  р  е  с  м  и.  Қызметке 

тұрушы жеке тұлға жайында мəліметтер 

толық көрсетілген ісқағазы. Ж е к е  і с п 

а р а ғ ы н толтырушы қызметкер кейінгі 

өзгерістер  туралы  (ғылыми  дəреже,  атақ 

т.б.)  қызмет  орнына  хабарлауға  міндетті 

(Л.  Дүйсембекова,  Ісқағаз., 195). Ж  е  к  е



і с п а р а ғ ы н д а қызметкердің аты-жөні, 

кім  болып  істегендігі,  қандай  қызмет 

атқарғандығы  туралы  жазылу  керек

(Қ. Қадыржанов, Іс қағаз., 40).



ЖЕКЕЛІК з а т. с ө й л. Жекеменшіктік. 

Екі  жылдың  алдында  Шекен  тракторды



ж  е  к  е  л  і  г  і  н  е  сатып  алғалы  жүрген-

де осы Нəзірбек: - Екеуміз ортақ болайық,

- деп өтінді (Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 23).

ЖЕКЕМЕНШІКТЕУ  е  т.  Мемлекет 

мүлкін  жекеменшікке  алу,  өз  меншігіне 

айналдыру. Ж е к е м е н ш і к т е у – ауыл 

шаруашылығына ауадай қажет (Соц. Қаз., 

26. 02. 1991, 2). Ж е к е м е н ш і к т е у – бұл

экономиканың өзекті мəселесі (Бұл да).



ЖЕКЕМЕНШІКТІЛІК  з  а  т.  Жеке-

меншікке  тəндік,  жекеменшікке  жата-

тындық

ЖЕКЕТҰР  з  а  т.  т  а  р.  Мойынсерікке 

(колхозға)  кірмеген  адам.  Көшпелі  елді 

отырықшыландырудың алғашқы жылында 

«ж е к е т ұ р ғ а» ілікккен (Т. Əлімқұлов, 

Сырлы наз, 278). «Ж е к е т ұ р» дейді мені. 

Айта берсін. Ешкімнің ала жібін аттамай, 

өз  күнімді  өзім  көрсем,  басқаның  менде 

қандай  құны  бар  (С.  Сматаев,  Алғашқы 

асу., 121). Жаңа  өкіметке  пиғылы  жат, 

діншіл молда, тақуа қожа секілді кісілерді 

ж е к е т ұ р жасау, оларды ауыл шетіне 

көшіріп салу қажет көрінеді (Д. Досжанов, 

Жолбарыс, 410).

Ж Е К Е Ш Е Л Е Н Д І Р   Ж е ке ш ел е н 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Осы 

Нарқызылдың  құйқалы  жайылымын 

бөліп-бөліп  ж  е  к  е  ш  е  л  е  н  д  і  р  і  п

оның ықтасын-ықтасынына қыстау салды

(Н. Дəутайұлы, Аты жоқ., 238).

ЖЕККӨРІНІШТІЛІК  з  а  т.  Жек-

көрінішті  болғандық,  сүйкімсіздік.  Ол

бойды аулақ салып, ж е к к ө р і н і ш т і л і к

сезімін  туғызатындай  тұлға  емес  еді

(Б.  Омарұлы, 11-ші  қаламұш, 12). Бұл – 

оның тобыр алдында ж е к к ө р і н і ш т і 

л і г і н е ұшыратқан кінəларын жуып, еңбек 

көрсетуге тырысқан əкелік жанашырлығы 

еді (Ғ. Білəл, Ғасырлық., 26).

ЖЕККІ  с  ы  н.  Арба-шанаға  жегіліп, 

əбден үйренген (ат, өгіз, түйе). Ж е к к і 

түйелер  мен  інгендерге  қыста  пішен  мен 

тағам қалдықтарынан үстеме жем беріледі 

(Лен. жас, 15. 03. 1983, 1).



ЖЕКСЕНБІЛЕТІП ү с т. Жексенбі күні 

204

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

шығып, жексенбіні пайдаланып. Ж е к с е н 

б і л е т і п, таң сəріден шыққан еді, сəске 

болмай  Шымкенттің  шетіне  іліккен  (Қаз. 

əдеб., 04. 09. 1987, 9).

ЖЕКТЕЙ  с  ы  н.  Жек  сияқты,  жек 

тəрізді. Қодастап құлпырасың қораз ж е к 

т е й, Көрінер шашың майда тал жібектей. 

Биікке  сіз  бір  шырын  біткен  миуа,  Көп 

адам іңкəр болған қолы жетпей (Мұсабек 

Байзақұлы: XX ғас. бас. қаз. ақын., 44).



ЖЕКШЕ  ү  с  т.  Жек  сияқты,  жек 

тəрізді. «Қызымын, - деп, - Байсарының» 

жазып жұмбақ, Құлпырды құмға ойнаған 

құба ж е к ш е (Айтыс, 2, 496). 

ЖЕКІГЕНСУ  Жекігенсі  етістігінің 

қимыл атауы

ЖЕКІГЕНСІ  е  т.  Жекіген  болу, 

жекіргенсу.  –  Ой,  күшік,  кемпірдің  өзі 

жаман да, женті тəтті, ə? – деп ж е к і г е н



с  и  д  і  де  баланы  шап  беріп  ұстап  алады

(Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 50).



ЖЕЛ:  Жел  арқан.  Қатты  соққан 

желден киіз үйді сақтау үшін сыртынан 

айнала  бастыратын  арқан.  Ж  е  л    а  р  қ 

а  н  д  ы  үйдің  екі  жағынан  қапсыра  орап 

əкеліп,  қазыққа  мықтап  байлайды  (Қаз. 

этнография., 2, 284).

Желге ұшып кетті. Жоқ болды, құрыды. 

«Кешір» деген ол үшін кенеуі жоқ кебек сөз. 

Желпіген бойда-ақ ж е л г е  ұ ш ы п  к е т 

е д і (Қ. Қараманұлы, Ай куə, 81).

Жел  иесі.  Желдің  пірі.  Жер  иесі – 

Зембіл,  ж  е  л    и  е  с  і – Желікпе,  от  иесі 

Өтеген, су иесі – Сүлеймен (Ə. Ыдырысов, 

Тұлға., 225).



Жел  көрік.  Ұсталар  пайдаланатын 

үлкен көрік (Қаз. этнография., 3, 214).

Жел кірне. Ішіне жел, суық тиіп ауы-

ратын іш ауруы; ішкірне. Ж е л  к і р н е 

м е н көбінесе жас балалар ауырады (Қаз. 

этнография., 2, 285).



Жел  қабамыз  ба?  Не  жейміз  д.  м. 

Орта қазанның ұнын бере алмаймын. Онда 

барғанша ж е л  қ а б а м ы з  б а? – дейді 

(Б. Дəулетбаев Сүмбілшаш, 108).



Жел  қазық.  Қатты  жел,  дауыл 

соққанда  киіз  үйді  көтеріп  кетпес  үшін 

үйдің  сыртын  айналдыра  бастыратын 

арқанды байлайтын қазық (Қаз. этногра-

фия., 3, 372).



Жел стансасы. Жел қуатын пайдала-

нып, энергия алатын станса. Ж е л  с т а н

с а с ы бес жылда өзін-өзі ақтап, 30 жыл 

бойы үздіксіз жұмыс істейді (Класс: Тіmе, 

24. 04. 2013, 5). 

ЖЕЛАЙДАРЛЫ  з  а  т.  б  о  т.  Желмен 

ұшып, жан-жағына тарауға бейімделген 

тұқым түрі. Мизамшөп тұқымдастарының 

гүлі қос жынысты, тұқымы – ж е л а й д а р 



л ы (ҚСЭ, 8, 23).

ЖЕЛБАҚАН  з  а  т.  Қатты  дауыл-

да  үйдің  қаңқасын  іштен  тіреп  қоюға 

арналған  бақан.  Дауыл  соққанда  киіз  үй 

шайқалмау үшін ж е л б а қ а н д ы желдің 

бағытына  қарай  қиғаштап  тірейді  (Қаз. 

этнография., 2, 286).



ЖЕЛБАУЫР с ы н. ж е р г. Жүйрік д. 

м. Өзі қатарлы жігіттер ж е л б а у ы р ат 

мініп, көкпар тартып жүр (Ж. Аймауытов, 

Шығ., 76).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет