Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет49/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   168

ЖЕЛБЕЛЕНГЕН  с  ы  н.  Серіппелі, 

тегеурінді. Құлан жал, бөрі кеуде, қамыс 

құлақ, Салпы ерін, тарбақ танау, киік сағақ. 

Бос белбеу, бота тірсек, қол ет бөлек, Сіңірі 

ж е л б е л е н г е н, құлан тұяқ (И. Байзақов, 

Құралай., 141).



ЖЕЛБЕҢДЕС  Желбеңде  етістігі-

нен жасалған ортақ етіс. Кей үйдің үзігін 

ап,  бауын  шешкен,  Кей  үйдің  түндіктері 

жерге түскен. Бау шуы қараша үйдің жал-

б ы р а с ы п ,   Же л м е н е н   б о с   к и і зд е р



ж е л б е ң д е с к е н (И. Байзақов, Құра-

лай., 104).



ЖЕЛБЕҢДЕСУ Желбеңдес етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖЕЛБУАЗДАН

1 

е  т.  Желігу,  көтерілу, 



даурығу. «Қой» дегенді құлағына ілер емес, 

ж е л б у а з д а н ы п алған (Лен. жас, 12. 

10. 1979, 2).



ЖЕЛБУАЗДАН

2

  е  т.  Белгісіздікке  ай-



налу,  күңгірттену;  үміті  үзілу.  Ұзақтың 

жолына  телміре  де,  торыға  да  қараған 

Дайрабай мен Биғайшаның үміті де уақыт 

өткен сайын ж е л б у а з д а н ы п барады 

(Жалын, 1975, №2, 63).

ЖЕЛБУАЗДАНДЫР  Желбуаздан 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс. 

Етім  мен  терімнің  арасына  кіріп  алған 

осындай  бір  мақтанқұмарлық  минут 

сайын желпінтіп, ж е л б у а з д а н д ы р ы п

алып барады (Қаз. əдеб., 24. 04. 1978, 4).

ЖЕЛБУАЗДАНДЫРУ Желбуаздандыр 

етістігінің қимыл атауы.

Ж Е Л Б УА ЗД А Н У   Ж е л б у а з д а н 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖЕЛБІРЕК с ы н. с ө й л. 1. Желбір. 


205

Байынқол Қалиев

Құндыз жағалы бешпентіне, сусар бөркіне, 

жеңіне ж е л б і р е к салған жібек көйлегіне 

тез-тез  көз  тоқтатып  өтті  (С.  Сматаев, 

Алғашқы асу., 20). 2. а у ы с. Желпең қақ-

қан,  желпілдеген.  Кешегі  ж  е  л  б  і  р  е  к 

көңіл  арада  күн  өтпей  жатып  баяғы  кер-

мек дəмін қайта тапқандай (Ə. Кекілбаев, 

Үркер, 29).



ЖЕЛБІРЕУІКТІ с ы н. Желбіреуігі бар, 

желбіреуік  салынған  (Ж.  Бектұров,  Жол 

жоралғысы, 72).



ЖЕЛГЕК  с  ы  н.  Жақсы  желетін, 

желгіш.  Балапандай  талпын  да,  Аршын-

да,  бөпем,  аршында!  Желмаядай  ж  е 



л  г  е  к  бол,  Қас  тұлпардай  сергек  бол! 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 18).



ЖЕЛГІР  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Желгіш. 

Қаракерді желдіріп үйрете берсе, ж е л г і 



р болатын түрі бар (Ғ. Нұрпейісов, Аңшы 

сыры, 96).



ЖЕЛҒАБЫЗ з а т. м у з. с ө й лЖел-

қабыз.  Ж  е  л  ғ  а  б  ы  з  д  ы  əзірлеу  үшін 

киіктің,  ешкінің  терісін  мес  қып  бітеу 

сойып,  малмаға  салып,  жұмсарта  илеп 

алу  керек.  Мойын  қуысына  ағаш  тығып 

бекітеді. Алдыңғы қос пұшпағының біріне 

қамыс  түтік,  екіншісіне  қамыс  сыбызғы 

қондырылады  (Білім  жəне  еңбек, 1985,

№ 2, 39).



ЖЕЛДЕТКІШ  з  а  т.  Терезенің  жел 

кіретін, ашпалы-жаппалы кішірек көзі

ЖЕЛДІ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қазан  айы.  Бір 

жылдағы  ай  есебі  отамалы  (маусым), 

сарша, тамыз, қыркүйек, ж е л д і (қазан), 

қараша, тоқсан (желтоқсан), қаңтар, ақпан, 

тоқпан  (наурыз,  екі  ағайынды),  көкек 

(сəуір), мамыр деп аталады (Қаз. этногра-

фия., 1, 76).

ЖЕЛДІАЯҚ з а т. Жылқының жүйрігі. 

Қазақтар ілгеріректе жылқының жүйрігін – 



ж е л д і а я қ, адамның жүйрігін – желаяқ, 

иттің жүйрігін – желтабан деп атапты (Қаз. 

əдеб., 01. 08. 1986, 10). 

ЖЕЛДІРМЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Солдат 

(орыс) ері. Ж е л д і р м е, негізінен, солдат 

ері.  Бар  айырмашылығы – ердің  артқы 

қасының  орнына  диаметрі 22 мм-лік  іші 

қуыс  темірден  иіп  керсен  жасаған  (Соц. 

Қаз. 07. 04. 1978, 4).

ЖЕЛЕКТЕ  е  т.  Жапырақ  шығу,  гүл 

өсу, көгеру. Жартас басындағы жалғыз түп 

қайың  осынау  сұрықсыз  көріністен  қаша 

барып өскендей оқшау ж е л е к т е й д і 

(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 124).



ЖЕЛЕКТЕНУ  Желектен  етістігінің 

қимыл атауы. ≈ Айнала жасыл ж е л е к 

т е н у д е еді. 

ЖЕЛЕКТЕУ  Желекте  етістігінің 

қимыл атауы

ЖЕЛЕКТІ  с  ы  н.  Басында  желегі 

бар,  желек  киген.  Жалғыз  еркек  емес,  ақ 

күндікті бəйбіше, ақ ж е л е к т і келіншек, 

үкілі  құндыз  бөрікті  сəулім  бойжеткен – 

бір емес, əлденеше (М. Əуезов, Қилы за-

ман, 17).

ЖЕЛЕМІКТЕН  е  т.  Аздап  жел  соғу, 

жел  тұру.  Бірде  ж  е  л  е  м  і  к  т  е  н  і  п 

бұзылып та кете қояды (Қаз. əдеб., 21. 11. 

1975, 2).

ЖЕЛЕМІКТЕНУ  Желеміктен  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ЖЕЛЕҢ з а т. Əйелдердің үйге киетін 

ұзын əрі жеңіл сырт киімі; халат. Қабира 

үстіндегі көгілдір ж е л е ң і н і ң омыра-

уын қымтап, сəбиін еркелете, тілін төсей 

сөйледі (М. Сқақбаев, Ұят тур., 70). Салқын 

əдеттегідей үстіне ж е л е ң і н кигенімен, 

жалаңаяқ,  жалаңбас  жортақтап  жүр  екен 

(Э. Төреханов, Таудан түс., 5).

ЖЕЛЕҢДІ с ы н. Желең (халат), киген, 

желеңі  бар.  Дəрігер  десе,  аза  бойы  қаза 

болып, ақ ж е л е ң д і н і ң маңайына бар-

майтын (Балдырған, 1975, №8, 18).

ЖЕЛКЕ: Желке арық. Егіндік жердің 

бас жағынан көлденең жүргізілетін арық. 

Ж е л к е а р ы қ т ы егістік, шабындық 

жерлерді  толық,  түгел  суару  мақсатында 

жасайды (Қаз. этнография., 2, 293).

Желкең үзілгір [үзілсін]. қ а р ғ. Желкең 

қиылғыр, өліп қалғыр

ЖЕЛКЕБАСАР з а т. к ə с і б. Ердің екі 

бетін  біріктіріп  тұратын  тұтас  ағаш. 

Оқпанның  арт  жағынан  жапсырылып  екі 

бетті біріктіретін тұтас ағашты ж е л к е

б  а  с  а  р  дейді  (Х.  Арғынбаев,  Қаз.  ер-

тұрман., 186).



ЖЕЛКЕБАУ з а т. Қамыттың қос құ-

лағының  жоғары  жақтарын  байлайтын 

бау.  Қамыт  құлақтарының  жоғарғы  ұш-

тарын қайыспен біріктіріп байлайды. Мұны 



ж е л к е б а у деп атайды (Шаңырақ, 34).

ЖЕЛКЕЛЕТ  е  т.  Желкесіне  келтіре 

кию,  желкесіне  ала  кию.  Өзбек  топысын 

біресе шекелетіп, біресе ж е л к е л е т і п 

киіп алады (С. Сматаев, Бұлақ, 140).

ЖЕЛКЕЛЕУШІ з а т. Желкесінен алып, 


206

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ұрып-соғушы, тоқпаштаушы; жəбірлеуші. 

Енді оңға, солға деп ж е л к е л е у ш і л е р 



д і ң тоқпағынан біржола құтылып, демалып 

жатқандай (Т. Қосуақ, Мəрмəр., 169).



ЖЕЛКЕЛІК з а т. Əйелдердің шашын 

желкесіне бекітіп қоятын əшекейлі сəндік 

зат. Əдемі өрнекті етіп жасалып, шүйдеге 

бекітілетін ж е л к е л і к пен шашкерме 

қыздар тағуға арналған əшекейдің арнайы 

бір  түріне  жатады  (Қаз.  əйелдері, 1983, 

№9, 26).

ЖЕЛКЕНШЕ з а т. з о о л. Қарағайлы ор-

ман маңында тіршілік ететін, қанатында 

қызыл жəне қара көзшелері бар үлкен ақ 

көбелек. Жас тəлімгерлерге ескертетін бір 

жайт,  ж  е  л  к  е  н  ш  е  л  е  р  (аполлондар) 

Қызыл кітапқа тіркелген. Оларды аулауға 

тыйым салынған (Жəндіктер, 40).



ЖЕЛКӨЗ з а т. Терезенің жел кіретін 

көзі, желдеткіш. – Иə, көгілдір көктем де 

келді, - деді ол кабинет терезесінің ж е л 



к ө з і н ашып. – Таза ауа енсін (Лен. жас, 

12. 04. 1977, 4).



ЖЕЛҚАБЫЗ

1

 с ы н. 1. Желікпе, елікпе; 



елпілдеп-желпілдеп, еліріп кететін. ≈ Ж е л 

қ а б ы з жиырма жігіт атқа мінді. 2. Лепіріп 

бос  сөйлейтін,  көпіріп  кететін.  Ж  е  л

қ а б ы з, əуес емес қысыр сөзге, Сөйлейді 

ойлап қана əрбір кезде (Т. Жароков, Таңд. 

шығ., 39).

ЖЕЛҚАБЫЗ

2

  з  а  т.  м  у  з.  Қазақтың 



көне  сөз  аспаптарының  бірі.  Келешекте 

бұрын  халық  арасында  қолданылған  ж  е 



л қ а б ы з, гақ, бопса, құрқырауық, шың, 

най, қонба, дүңгіршек, шертпе т.б. ежелгі 

көне аспаптарды жасауды қолға алмақпыз 

(Қаз. əдеб., 24. 04. 1981, 15).



ЖЕЛҚАБЫЗДАН  е  т.  Еліру,  желігу. 

Ж е л қ а б ы з д а н ы п алған жеңгейлер 

ай-шайға қарамастан Марданды Дариғаға 

арнап  көтерген  ақ  отаудың  ішіне  əкеліп 

енгізді (М. Разданұлы, Алтай., 116).



ЖЕЛҚАБЫЗДАНУ  Желқабыздан 

етістігінің қимыл атауы.

ЖЕЛҚАБЫЗДЫҚ  з  а  т.  Елікпелік, 

желікпелік,  көпірмелік.  Тыңдаушылар 

Байжекеңнің ж е л қ а б ы з д ы ғ ы н а əрі 

күлді, əрі риза болды (Ғ. Мүсірепов, Жат 

қолында, 124).



ЖЕЛҚАЗЫҚ з а т. э т н. Киіз үйді жел 

ұшырып кетпес үшін бастырық арқанды 

байлайтын қазық. Жел соққанда киіз үйді 

арқанмен  бастырады.  Бастырық  арқанды 

байлап бекітуге арналған қазықты «ж е л

қ а з ы қ» дейді (Шаңырақ, 104). ...Дауыл

боларда ол желбауларды жақындата қосып, 

қазыққа  байлап  қояды...  Бұның  атын

«ж е л қ а з ы қ» деседі (С. Мұқанов, Мөлдір 

махаб., 46). Үй артын айнала беріп, ж е л

қ а з ы қ қ а тізесін соғып алды (Балдырған, 

1975, №1, 11).



ЖЕЛҚАҚТЫ с ы н. Жел қағып, жүзін 

тотықтырған. ≈ Баласы ж е л қ а қ т ы 

боп, қойдың соңында жүр.



ЖЕЛПІЕТЕК  с  ы  н.  Жеңіл  жүрісті, 

жат мінезді. Жо... жоқ! Елана ж е л п і е 

т е к қыз емес. Атама (Д. Рамазан, Жылап 

аққан., 163).



ЖЕЛСОҚТЫ  с  ы  н.  Жел  соғып  өңін 

тотықтырған,  жел  қаққан.  Ж  е  л  с  о  қ

т ы томпақ жүзі мақпалдай боп күреңітіп 

тұр (Ə. Кекілбаев; Үркер, 403).



ЖЕЛСЫРНАЙ з а т. Үрмелі музыкалық 

аспап түрі. Ж е л с ы р н а й д ы ң жасалуы 

сырнайға ұқсас (Қаз. этнография., 2, 297).



ЖЕЛТАБАН... 2. Иттің  жүйрігі

Қазақтар ілгеріректе жылқының жүйрігін 

–  желдіаяқ,  адамның  жүйрігін – желаяқ, 

иттің жүйрігін – ж е л т а б а н деп атапты 

(Қаз. əдеб., 01. 08. 1986, 10). 

ЖЕЛТОЛТЫРҒЫШ з а т. Машинаның 

балонына  жел  толтыратын  құрылғы, 

насос. Əлсін-əлі дөңгелегі жарылып, əуре-

сарсаңға түсірді. Бір тəуірі ж е л т о л т ы 



р ғ ы ш ы өзінде (Халифа Алтай, Алтайдан., 

184).


ЖЕЛТІРСЕК  с  ы  н.  Жүйрік  (ат). 

Əлекең бəйге алдын бермейтін ж е л т і р 



с е к т е р жайында кең əңгімелейді (Білім 

жəне еңбек, 1974, №5, 26).



ЖЕЛІ з а т. к ə с і б. Қазақ үй керегесінің 

əрбір  ағашы.  Керегенің  əрбір  ағашы  ж  е 

л  і  деп  аталады.  Оның  ең  ұзыны – ерісі, 

одан  қысқалауы – балашық,  ең  қысқасы 

–  сағанақ  (Ə.  Тəжімұратов,  Шебер., 25). 

Мəселен, сегіз қанат киіз үйге барлығы 256 

керегелік ағаш кетеді. Əрбір ағаш ж е л і 

деп аталады (Қаз. тіл. жерг. ерекш., 187).



ЖЕЛІ: Желі қазық. Желіге қағылатын 

мықты қазық. Ж е л і  қ а з ы қ көбінесе 

қайыңнан жасалады (Шаңырақ, 104).



Желі сабақтар. б и о л. Өсімдіктердің 

жерде төселіп жатқан ұзын сабақтары. 

Өсімдіктің  жер  беті  мүшесі – сабақтың 

түрлері көп. Олар: көген сабақтар, ж е л і

с  а  б  а  қ  т  а  р,  өрмелегіш  сабақтар, 


207

Байынқол Қалиев

шырмалғыш сабақтар т.б. (Ботаника, 6).



Желі тартар. э т н. Күйеудің қалыңдыққа 

ұрын  барған  кезінде  күйеуден  алынатын 

кəде.  Ж  е  л  і  т  а  р  т  а  р  өсіп-өнудің, 

өркендеудің  символы  ретінде  ерекше 

құрметтелген (Қаз. этнография., 2, 302).

Желі  тартты.  а).  Екі  қазыққа  арқан-

ды  кере  тартты.  Күн  қағу  ғой  бүгін,

ыссы болмаса, ж е л і  т а р т п а й м ы з 

(М. Мəжитов, Аманғали, 58). ə) а у ы с. Бір 

нəрсеге жол салынды, негізі қаланды. Осы 

əдіспен қоғамдық сана өрісіне де ж е л і



т а р т ы л д ы (Қ. Толыбаев, Бабадан., 151).

ЖЕЛІЖОЛ  з  а  т.  «Линия»  сөзінің 

қазақша атауы (Телекоммуникация. сөзд., 

93).


ЖЕЛІКСІЗ с ы н. Желігі жоқ, елігусіз, 

елірусіз. Шыңшай сөзді ж е л і к с і з бай-

ыппен сөйлейтін адам екен (М. Разданұлы, 

Алтай., 36).

ЖЕЛІЛЕП ү с т. Желі-желі етіп. Ж е л і 

л е п бие байлап, қотандап қой өргізгендері 

де жоқ (З. Ақышев, Ақбел асуы, 127). Ж е 



л  і  л  е  п  бие  байлап  саудырар  ем,  Аспан-

нан  ақ  меруерт  жаудырар  ем.  Кенелтіп 

Маңырақтың  кең  етегін.  Ұрпаққа  абзал 

мұра  қалдырар  ем  (Ноғайбай  ақын:  Қаз. 

əдеб., 20. 13. 1974, 4).

ЖЕЛІЛЕУ  Желіле  етістігінің  қимыл 

атауы. Күн еңкейе төрт түліктің төлін жи-

нау, ж е л і л е у, көгендеу, қазықтау əрекеті 

басталады (Ө. Қанахин, Қарт сарбаз., 123). 

ЖЕЛІМ  з  а  т.  Малдың  өте  қауіпті 

індеттерінің  бірі.  Мал  ауруларынан 

топалаң, күл, ж е л і м, сарып, ақбас, əлім, 

мəлік, қарасан, кебенек секілді індеттерге 

жан-жақты  талдау  жасалған  (Білім  жəне 

еңбек, 1986, №1, 33).

ЖЕМАЯҚ з а т. Саят құстарына жем 

салып беруге арналған ыдыс. Ж е м а я қ 

сабы бар сопақша пішінді, жеңіл тостаған 

тəрізді  жасалынады  (Қаз.  этнография., 2, 

305). Ж е м а я қ т ы қарағай, терек, қайың 

ағаштарынан ішін ұңғылап ойып, сопақша 

етіп жасайды (Ана тілі, 19. 09. 1991, 8).



ЖЕМЕҢГЕР  з  а  т.  ж  е  р  г.  Жемқор, 

жегіш. «Халық би білімді болса, ел-жұрт 

берекелі болады, би ала аяқ, ж е м е ң г е р 

болса, ел жұрты азып-тозады» деп қараған 

(А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 1, 121).



ЖЕМЕҢГЕРЛІК  з  а  т.  ж  е  р  г. 

Жемқорлық.  «Халық  аш-жалаңаш,  кедей 

тұрып,  əкімнің  қарын  салуы – ж  е  м  е  ң 



г е р л і к т і ң белгісі» деген даналықты 

ұмытпау  керек  (А.  Нүсіпоқасұлы,  Ағаш 

бесік., 1, 122).

ЖЕМЕҢГЕРШІЛІК з а т. Жемқорлық, 

пəреқорлық.  Ұрпақтардың  адамгерші-

лік, жауапкершілдіктерін арттырып, ж е м 



е ң г е р ш і л і к сияқты пасық, жиреніш-

ті қылықтардан өз бойларын аулақ ұстауға 

баулиды  (А.  Нүсіпоқасұлы,  Ағаш  бесік, 

2, 95).


ЖЕМҚАЛТА  з  а  т.  Саят  құстарын 

шақыру үшін беретін етті салатын қалта. 

Ж е м қ а л т а көлемі шағын, қолдануға 

ыңғайлы етіп жасалады (Қаз. этнография., 

2, 306).

ЖЕМСАПТАЯҚ  қ.  Жемаяқ.  Жем-

аяқтың сабы болғандықтан оны ж е м с а п 



т ы а я қ деп те атайды (Қаз. этнография., 

2, 305).


ЖЕМСЕТАЙ  з  а  т.  Мойынға  байлап 

жүретін жеңіл орамал. Мойнына байлаған 

ж е м с е т а й ы н ы ң екі ұшы екі қолында 

(Жалын, 1977, №1, 81).



ЖЕМТЕМІР з а т. Жер өлшеуші маман 

(орысша  «землемер»  сөзінің  қазақша  ай-

тылуы). Ауыл адамдары: - Бұл кім болды 

екен?! – деп анталап тұр. – Ж е м т е м і р 

болмаса (З. Ақышев, Жаяу., 42).

ЖЕМТҰЗАҚ  з  а  т.  Бір  ұшына  жем 

байланған  жіңішке  жіп.  Қомағайланған 

құс жемді қарбытып жеп жүріп, ж е м т ұ 



з а қ т ы да қылғып өтеді. Ж е м т ұ з а қ

қайтып  аузынан  шықпай,  құс  ұсталады

(Б. Кəмалашұлы: Ана тілі, 11. 03. 1993, 4).

ЖЕМТІРЛЕН е т. Тозу, жұлма-жұлма 

болу; жемтірілу. Қарт көзі теректің ж е м 

т і р л е н г е н түбіне түсті (К. Сегізбаев, 

Ашылмаған  сыр, 28). Майланып  матасы



ж е м т і р л е н і п қалған ескі ағаш столдың 

басында Қамбар жалғыз өзі шоқиып отыр 

екен (О. Бөкеев, Өз отыңды., 325). 

ЖЕМТІРЛЕНУ Жемтірлен етістігінің 

қимыл атауы

ЖЕМТІРІЛУ  Жемтіріл  етістігінің 

қимыл атауы

ЖЕМІК з а т. Майлы өсімдіктер дəнін 

сығып,  майын  алғаннан  кейінгі  қалған 

қалдығы; жмых. ≈ Малдың алдына арпа, 

бидай  жармаларына  қосып,  ж  е  м  і  к  те 

төгіп қойыпты. 

ЖЕМІР  е  т.  ж  е  р  г. 1. Обырлану, 

құшырлану. 2. ү  с  т.  Асықпай,  баппен, 

сыздықтатып. Ағай қолы дірілдеп стақан 


208

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

толы қызыл сусынмен ж е м і р е жұтып 

салды (Ə. Асқаров, Таңд., 205).

ЖЕМІРҚОҢЫЗ  з  а  т.  з  о  о  л. 

Картоптың  жапырақтарын  жейтін 

қызыл  теңбілді  қоңыз;  колорад  қоңызы. 

Ойраншөптің бастапқы мекенінен ж е м і р 

қ о ң ы з əкелініп, кеңінен таратылды (Лен. 

жас, 31. 08. 88).



ЖЕМІС-ЖИДЕКТІ  с  ы  н.  Жемісі, 

жидегі бар, жеміс-жидек өскен

ЖЕМІС-ЖИДЕКСІЗ с ы н. Жемісі де, 

жидегі де жоқ, жеміс-жидегі болмайтын. 

Қайран қазақы ауыл тал-дарақсыз, ж е м і с-



ж  и  д  е  к  с  і  з  қаңқиып  күнсіп  жатыр

(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 124).



ЖЕМІСТІК

1

  с  ы  н.  Жеміс  боларлық, 



жеміске  пайдаланатын.  Дəнге  қоса  бір 

десятинадай  жерге  картоп,  маркоп,  қияр 

сияқты ж е м і с т і к шөп-шалам егіп ек, 

о да жақсы шығып, жұрт қарық боп қалды 

(С. Мұқанов, Мөлдір., 118).

ЖЕМІСТІК

2

 з а т. б о т. х а л қ. Аналық. 

Гүлдің қақ ортасында аналық яки ж е м і с 

т і к көрініп тұрады (Ботаника,108).

ЖЕМІСҚАП  з  а  т.  б  и  о  л.  Өсімдік 

жемісінің  (тұқымының)  сыртқы  қатты 

қабығы.  Түйін  жеміске  айналғанда, 

қабырғасы  қатаяды.  Оны  ж  е  м  і  с  қ  а  п 

деп атайды. Мыс: жаңғақ, шошқа жаңғақ. 

Олардың  ж  е  м  і  с  қ  а  б  ы  тұқым  пісіп 

жетіліп, өнген кезінде ғана жарылады (Бо-

таника, 76).



ЖЕМІСШАЙЫ  з  а  т.  Жемістен 

жасалған шай. Мырзағұл дүкенге барып, 

бір көмеш нан, жарты кило қант, бір пəшкі 



ж  е  м  і  с  ш  а  й  ы  н  əкелуге  тиіс  болды

(Ө. Қанахин, Өз ақылымен., 14).



ЖЕМІТ з а т. с ө й л. Жемтік, өлексе. Қо-

лыма берермісің бір! Желкесін үзіп, ж е м і 



т і н жер едім (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 245).

ЖЕҢ  з  а  т.  Екі  трубаның  арасын 

жалғастыратын иілгіш зат. Үшеуі өзара 

ақылдасып,  жағасы  сəл  төмендеу  ізбес 

пештерінің тұсын ж е ң өткізуге дұрыс деп 

тапты (І. Есенберлин, Алыста., 297). Бəрібір 

ол арадан ж е ң істеуге болмайды. Екі жағы 

өзге жерден анағұрлым биік (Бұл да, 297).



ЖЕҢ: Жең мылтық. ж е р г. Наган. Бір 

күні молдалығы үшін əкесін тұтқындауға 

ауылға мықынына ж е ң м ы л т ы қ іліп 

алған  Шəкей  келіп  түседі  (З.  Қинаятұлы, 

Көшпенді., 30).

ЖЕҢГЕ-ЖЕЛЕҢ з а т. Жеңгесі жəне 

т.б.  қыздар.  Той  рəсімі  өтіп  жатқанда 

ұзатылатын  қыз  құрбы-құрдастарымен,



ж е ң г е-ж е л е ң д е р і м е н арнайы бөлек 

тігілген отау үйде отырады (Қ. Толыбаев, 

Бабадан., 146).

ЖЕҢДЕП ү с т. ж е р г. Жеңіп. Онда 

Рахияның  сұрқия  қылық,  зəндемі  айласы



ж  е  ң  д  е  п,  өзін  əлдеқайда  дəрменсіз 

сезінген  (О.  Бөкеев,  Өз  отыңды., 71). 

Ынтықшыл көңілдің жел тұрмай желіккен 

көбік нəпсісі ж е ң д е п, Гүлияның талдыр-

маш білегінен қыса ұстады (Бұл да, 128).

ЖЕҢЛІК з а т. с ө й л. Жеңсе. Наубай 

тандырдың  аузын  ашып,  ішіне  үңілді  де, 

білегін  шынтағына  дейін  жауып  тұратын 

ж е ң л і г і н киді (Қ. Толыбаев, Əсет, 53).

ЖЕҢСІЗ: Жеңсіз жейде. Ақырет д. м.

Қарайғанды  күйдіріп,  Бұл  дүние  жан-

ған өрт дейді. Ақыреттің белгісі: Ж е ң с і з

ж  е  й  д  е  кигізіп,  Ағаш  атын  ерттейді

(Ө. Ақжолұлы, Үриятнама, 12).



ЖЕҢСІК:  Жеңсік  бермейді.  қ. 

Жеңістік  бермеді.  Кішкентайсың  десем, 

ж е ң с і к  б е р м е й с і ң (Қ. Омарұлы, 

Əке, 324).



ЖЕҢШЕ з а т. к ө н е. Соғыста білекке 

киетін  сауыт.  Сауыт-сайманға  дулыға, 

қалқан, ж е ң ш е, сауыт т.б. жатады (Аңыз 

адам, 2011, №19, 33).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет