Ж И Е Н - Ж И Е Н з а т. Б а л а л а р
ойындарының бір түрі. Екі үйдің белдеуінің
екі жерінен арқан керіп, ортадағы алаңға
«соқыртеке» ойнадық. Сонан кейін
«серекқұлақ», «ж и е н-ж и е н» ойында-
ры ойналды (М. Тоқжігітов, Əн атасы., 71).
ЖИЕНШАРЛЫҚ з а т. 1. Жиеншар
болғандық, туыстық. 2. а у ы с. Айтпай
(сұрамай) алып кеткендік, ұрлық. Бұндай
ж и е н ш а р л ы қ қ а үзілді-кесілді тиым
салу парыз (Қаз. əдеб., 08. 10. 1982, 10).
ЖИНАЛЫСҚҰМАР з а т. Жиналыс-
ты ұнататын, жиналысшыл. Қандай
пысық, алғыр-шалғыр жігіт, бірақ ж и н
а л ы с қ ұ м а р (Ə.Тəжібаев, Жаданов
əңгім., 226).
213
Байынқол Қалиев
ЖИНАЛЫСШЫЛ с ы н. Жиналыстан
қалмайтын, жиналысқұмар. – Біз осы қит
етсе ж и н а л ы с ш ы л болып барамыз
(С. Сматаев, Алғашқы асу, 90).
ЖИНАМ з а т. ж а ң а. Жиналған,
жиналатын ақша (сбор). Біз үй құрылыс
жинақтары туралы келісімге комиссиялық
ж и н а м д ы төлемей-ақ отыра алатын
мүмкіндікке ие болған жеңімпаздарды
құттықтаймыз (Егем. Қазақст.,31. 10. 2008).
ЖИНАМА з а т. Жиналған дүниелер.
Этнографиялық, фольклористік ж и н а м
а л а р д ы ң бəрін қазақ халқының тарихын
жасауға қызмет етеді деп ашық айтты (Қаз.
əдеб., 29. 03. 1974, 3).
ЖИНАУШЫЛЫҚ з а т. Жинау ісімен
айналысушылық, жинағыштық. Олардың
бəріне ж и н а у ш ы л ы қ қ а, зерттеушілікке
бір табан жақындығы бар əкелерінің пайда-
сы тиетіндігінде күмəн жоқ (Ж. Бейсенбаев,
Жасын-тағдыр., 47).
ЖИРЕН з а т. з о о л. ж е р г. Жайран.
Қазақтар ор қазу арқылы бұғы, марал, елік,
ж и р е н, қарақұйрықтарды аулап келген
(Б. Кəмалашұлы: Ана тілі, 11. 03. 1993, 4).
ЖИРЕНДІ с ы н. 1. Астында жи-
рен аты бар, жирен мінген. ≈ Ж и р е
н д і бір кісі келіп тұр. 2. Жирені бар,
басқасы бар. Игілік ақтылы-қаралы, күрең
қасқалы, ж и р е н д і етіп, мың-мыңнан
сұрыптап тастаған жылқысын қия алмады
(Ғ. Мүсірепов, Оян. өлке, 1, 49).
ЖИХА з а т. к ө н е. Сəндік үшін бас
киімге тағылатын қауырсын тəрізді зат;
қарқара. Сонда Абылай хан қамқа тонды
үстіне жауып, алтын ж и х а н ы басына
шаншып, бұйдас белбеуді беліне буындыр-
ды дейді («Дала уалаяты» газеті – 1889,
478).
ЖИҺАДШЫ з а т. Жиһад жолына
түсуші, жиһад жасаушы. Арабтарды
мұсылман еместерге қарсы соғыс ашушы
ж и һ а д ш ы л а р деп шуылдатумен келеді
(Ана тілі, 10. 01. 2002, 3).
ЖИЫРЛЫ с ы н. к ө н е. Мерейлі,
мəртебелі. Ораздының ұлы өсер, ж и ы
р л ы н ы ң қызы өсер (Егем. Қазақст., 13.
01. 1996, 5).
ЖИЫРМА: Жиырма сегізінші.
Оққоймасының көлемі 28 миллиметрлік
м ы л т ы қ . О қ қ о й м а с ы н ы ң ке ң д і г і
«ж и ы р м а с е г і з і н ш і» деп аталатын
қарапайым опырма мылтық алғаш қолына
түскен кездегі оның қуанышы ерекше еді
(К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 6).
Жиырмасыншы ғасырдың гомері. п е
р и ф р а з. Сулейман Стальский д. м. «X X
ғ а с ы р д ы ң Г о м е р і» атанған ұлы ашуг
С. Стальский Совет халқының мақтанышы
болып жүрегімізде сақталады (Ленин жолы,
20. 05, 1969, 3).
Жиырма төртінші. Оққоймасының
көлемі 24 миллиметрлік мылтық. Мұнысы
кəдімгі ұңғысының өлшеміне қарай «ж и
ы р м а т ө р т і н ш і» аталатын опырма
болатын (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 9).
ЖИЫРМАБІР з а т. Картамен ақшаға
ойнайтын құмар ойыны. Күліс баяғы
«ж и ы р м а б і р д і ң» өңін айналдырып
өзгерткен, оңайландырылған, оңтайлы үш
қартаның бəсекесі (О. Сəрсенбай, Шығ.,
5, 171). Екі қол ж и ы р м а б і р г е аздық
етеді. Сосын, отырып аламыз да, бетіқалар
ойнаймыз (Жұлдыз, 1972, №8, 49).
ЖИЫРМАДАН с а н. Жиырма-
жиырмаға бөлініп. Шет-шеттегі əлі де
болса, оннан, ж и ы р м а д а н тарау-тарау
жолдармен шұбаған бөріктілер арылған
жоқ (М. Əуезов, Қилы заман, 74).
ЖИЫРМАЛЫҚ с ы н. Жиырмасыншы
кірпіштен салынған. Үй іші таза, тамдары
түгел ж и ы р м а л ы қ, шытырман шілтерлі
тамдар (Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 14).
ЖИІЛІК: Жиілік сөздік. л и н г в. Белгілі
бір жазушының тілінде қай сөз қанша
рет қолданғандығын көрсететін сөздік.
≈ М. Əуезовтың «Абай жолы» романы-
ның ж и і л і к с ө з д і г і 1997 жылы шықты.
ЖИІРКЕНІШТІК з а т. Жеккөрушілік,
жиренгендік, жақтырмаушылық. Көздері
жан ала келген жендеттерге ж и і р к е н
і ш т і к п е н от шашпай, қайта оларға
мүсіркей, «айналайын» деп тұрғандай
(М. Ошыбаев, Соңғы., 41).
ЖОҒАЛҒЫШ с ы н. Жоғала беретін,
жоғалатын. Бəрінің де қойы ж о ғ а л ғ ы ш,
түйесі боталағыш, биесі құлын тастағыш
боп алды (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 400).
ЖОЙҚЫНДЫЛЫҚ з а т. с ө й л.
Жойқындық. Мұндай ж о й қ ы н д ы л ы қ
т ы ешкім көрмеген шығар (Р. Ниязбеков,
Отағасы, 41).
ЖОЙТАҚТАТ е т. Атын ауыздығымен
алыстыру, жойтаңдату. Атын ж о й т а қ
т а т ы п, «мені көрдің бе?» дегендей ары-
бері жүріп алды (Қ. Қазиев, Үркер, 19).
214
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЖОЙТАҚТАТУ Жойтақтат етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЖОЙТАҢДАТ е т. с ө й л. Жойтақтат.
Ана тор жорғаны ж о й т а ң д а т ы п
көкпар тартамын, той-томалаққа тояттай-
мын (Лен. жас, 30. 12. 1972, 3).
Ж О Й Т А Ң Д АТ У Ж о й т а ң д а т
етістігінің қимыл атауы.
ЖОЙЫЛСЫНДАП ү с т. « Жойылсын,
жойылсын» деп ұрандап. Өйткені бүгінгі
«ж о й ы л с ы н д а п» өрекпитін əлеумет-
тік əулекіліктің кеше «жасасындап» жалын-
дағанында қандай ұшпаққа жеткізгенді-
гін көргенбіз (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 447).
ЖОҚ: Жоқ жерден ілік іздеді. Болма-
шы нəрсені сылтау етіп, байланыса түс-
ті, іліністі. – Жə, жə. Ж о қ ж е р д е н і л і к
і з д е п отырсың-ау. Шайыңды құй, онанда,
– деді шалы (Б. Шаханов, Қаратау., 108).
Жоқ іздеу [қарау]. Жоғалған малды
іздеу ісі. Ж о қ і з д е у г е себеп болатын
жайттар көп: малдың бөлініп қалуы, ығып
кетуі, бөтен малға қосылып кетуі т.б. (Қаз.
этнография., 2, 409).
ЖОҚТАУ: Жоқтау айту. э т н. Қайтыс
болған адамның отбасы, ел-жұрты
алдындағы орны, адамгершілік қасиеттері,
өнегелі істері əнге қосылып айтылатын
зарлы өлең. Марқұмның əйелі мен қыз-
қырқын, келін-кемшіктері үйде қораланып
отырып күндіз-түні ж о қ т а у а й т а д ы
(А.Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 5, 58). Ж о қ
т а у а й т у қайтыс болған адамның жетісі,
қырқы, жүзі жəне жылында да орындалады
(Қаз. этнография., 2, 410).
Жоқтауын асырды. Құртты, жойды,
жоқ етті. – Жібер! – деді Құбаекем шалға,
бұлқынып, - ж о қ т а у ы н бір-ақ а с ы р а й ы
н! (С. Мұқанов, Мөлдір., 264). – Қазір ж о қ
т а у ы ң д ы а с ы р ы п, мына тоғайдағы
оппа қарға тығып кетсем, өлігіңді кім іздеп
табар екен (С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 201).
Бүйтіп қорлағанша бірден ж о қ т а у ы
м д ы а с ы р, əйтпесе айтпады деме, өле-
өлгенше қолым жағаңда, тісім кеңірдегіңде
кетер (К. Сегізбаев, Беласқан, 347).
ЖОЛ: Жол ашу. э т н. Жолы болмай
жүрген адамның «ендігі жерде жолым
ашылсын» деген ниетпен əртүрлі ырым-
сырым (тəу ету, тұмар оқытып алу т.б.)
жасауы (Қаз. этнография., 2, 416).
Жол табаны. Жолдың өзі, оның те-
гіс беті. Жерде қырбық қар болғанымен,
ж о л т а б а н ы қара (Ө. Қырғызбаев,
Қырда., 43).
Жолыңа жуа біткір. Уақтысынан
кешіккен балаға айтылатын «жолың
болмағыр» д.м. қарғыс.
ЖОЛАҚ: Жолақ алаша. Түрлі-түсті
жіптерден жарыстыра жолақ жасап
тоқылған алаша. Мұның алғашқысын ж о
л а қ а л а ш а, соңғысын терме алаша деп
атайды (Шаңырақ, 94).
ЖОЛАҚҚАНАТ з а т. и х т и о л. Дене-
сін ашық түсті, жолақ реңді, үшкір де
улы тікендер басқан балық түрі. Ж о л
а қ қ а н а т – сүйелбалықтың өте əдімі
туысқаны. Ол əдетте маржан рифтерінің
үстіндегі су қабатында қалқып жүреді (Су
асты. тіршілік, 61).
ЖОЛАҚЫ... Жанармай арзандаса да,
ж о л а қ ы өзгермей тұр (Астана ақшамы,
07. 02. 2009).
ЖОЛБАСАР... 2. Жаудың қолға түскен
жауынгері; «тіл». Осыдан он күн бұрын
мен бір-екі «ж о л б а с а р» ұстап əкеліп
едім (Ғ. Мүсірепов, Қаз. солдаты, 82). Осы
екі ж о л б а с а р үшін маған бір ай демалыс
берді (Бұл да).
ЖОЛБИКЕ з а т. Керуенбасының жолға
алған əйелі (Д. Досжанов, Жібек жолы, 175).
ЖОЛБИКЕЛЕН е т. Қосылу; айт-
қанына көну, мақұлдау.
ЖОЛБИКЕЛЕНУ Жолбикелен етіс-
тігінің қимыл атауы. Сүгірбай мақұл
көрген іске өзге шерушінің ж о л б и к е л е н у
д е н басқа шарасы жоқ-ты (М. Разданұлы,
Алтай., 101).
ЖОЛБҰЙДА з а т. Түйені жүргізу,
жетектеу үшін тағылған бұйда. Түйе
жабдықтарына асмалдық, ауыт, бауыркиіз,
жазы, ж о л б ұ й д а, итепе, кəтеп, қом,
мұрындық, наруана жатады (А. Құралұлы,
Ұлттық., 4, 33).
ЖОЛДАМАХАТ з а т. р е с м и. Құжатпен
бірге жіберілген қосымшалардың құрамы,
мазмұны, көлемі, саны жайлы мəліметтер
көрсету үшін жазылған хат. Ж о л д а м
а х а т қ а мекеме басшысы қол қояды
(Л. Дүйсембекова, Ісқағаз., 135).
ЖОЛДАЯҚ з а т. Жолы болғыш, сəті
түскіш; ақжолтай. – Ия, мен жолым
болғыш, ж о л д а я қ адаммын. (Д. Рамазан,
Жылап аққан., 195).
ЖОЛЕКЕШ з а т. ж е р г. Жолға бірге
шыққан адам. «Бұлардан артық ж о л е к е ш
215
Байынқол Қалиев
маған табылмайды» деп ішіне сыр түйді
жігіт те (Қ. Құрманғалиева, Атырау ару, 40).
Нұрғалиева ж о л е к е ш т е р г е басшы
боп тағайындалды (Бұл да, 130).
ЖОЛКӨЛІК з а т. Жолай кездескен
көлік. Ойпаңбелдің тегістігінде, Алматы-
Ташкент жолының жиегінде ж о л к ө л і к
күтті (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 63).
ЖОЛКІРЕ з а т. с ө й л. Жолақы. Өз
миссияңды ұмытпа, ж о л к і р е ң е ақша
алмаймын дегенмен ақы алмаймын дегенім
жоқ (К. Сегізбаев, Жылдың., 145).
ЖОЛҚАПШЫҚ... Бір иығында
фотомылтық пен «ФЭД», екінші иығында
туристік ж о л қ а п ш ы қ (Э. Төреханов,
Таудан., 30). Кейін ж о л қ а п ш ы ғ ы н
арқалап, Шоқан ғұмыр кешкен, ұлы
ғалымның ізі қалған мекендерді бетке алып,
саяхатқа шықты (Егем. Қазақст., 16. 04.
2009). Демалыс күндері қала көшелерінен
арқаларына асынған ауыр ж о л қ а п ш ы қ
т а р ы бар астаналықтарды көру таңсық
емес (Лен. жас, 19. 09. 1985, 4).
ЖОЛСІЛТЕГІШ з а т. Бөтен қалаға
келген жолаушыларға жол сілтейтін кар-
та (Д. Сапаров, Өткен күн., 86).
ЖОЛТАНЫС з а т. Жол үстінде та-
нысқан адамы. Сол себепті оның енді
қайтып кезігуі екіталай, ж о л т а н ы с қана
екені есіне түсті (Жалын, 1974, №6, 12).
ЖОЛТОСАР з а т. Бəйге атын жолда
тосып тұратын арам пиғылды адам. Бəйгі
баланың ел ұранын шақыра, ж о л т о с а р
д а н аман өткенін көріп отырған жұрт атқа
да, балаға да сүйсіне қарасты (Жұлдыз,
1979, №5, 40).
ЖОЛХАТ... Саудаменен шет жұртқа
барамын деген адамдар ж о л х а т т ы ояз-
най əкімнен алады («Түркістан» газеті, 45).
ЖОЛШОРА с ы н. ж е р г. Еркін, ерке;
бұлаң. Айналасы екі жүз елудей ғана ж о л
ш о р а шектінің жігіттері аттарының басын
тежеді (Ə. Кекілбаев, Үркер, 446).
ЖОЛШЫАЛА з а т. з о о л. Көбінесе
жол бойында жүретін қара ала түсті
торғай. Кішкене ғана қара ала торғайлар
арбаның алдына түсіп алып бір қонып,
бір ұшып жолаушыны ұзатып салды.
Қазақ оны «ж о л ш ы а л а» дейді. Ол
байғұс қызғышқа ұсап, ұясын қорғап жүр
(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 247).
ЖОЛЫҚТЫРТ Жолықтыр етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Араға отыз жылдай
уақыт түсіріп, екеуін өткел аузында ж о л ы қ
т а р т қ а н тағдырдың жазуы, бұйырымы
еді (М. Айымбетов, Құмөзек., 55).
Ж ОЛ Ы Қ Т Ы Р Т У Ж о л ы қ т ы р т
етістігінің қимыл атауы.
ЖОН: Жон арық. Оңтүстік шығыс
аймақта өзеннен шығарылған арықты
жон арық деп атайды (Қаз. этнография.,
1, 200). Тау бөктеріндегі қия беткейден
жонның үстінен қазылған соң, оған ж о н
а р ы қ деп ат қою – табиғи құбылыс (Бұл да).
ЖОНАС з а т. ж е р г. Биік, дөң жер.
Сонан соң ауыл сыртына шыға бере-ақ,
сонау есік алдындағы ж о н а с қ а бала
арқалап өрмелеген ананың ағараңдаған
жаулығын көзі шалған болатын (А. Меке-
баев, Аңызақ, 90).
Ж О Н Д АУ Ж о н д а ( ұ р ы п - с о ғ у )
етістігінің қимыл атауы. От басын жай
түскендей жайратып: «иттің ғана қатыны-
ай, қалғанын қайда тықтың?!» деп жорға
Бикені ж о н д а у ғ а кіріскен (Қ. Ысқақов,
Ақсу., 46).
ЖОНДЫ с ы н. а у ы с. Семіз, қоңды.
Жыл сайын азын-аулақ табынның ең
ж о н д ы л а р ы н қызылға жығып алып отыр-
саң, жылқы байғұс əлбетте ұсақтайды, аз-
ғындайды (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 450).
ЖОҢҒАР з а т. Қазақстанның шығыс
жағында жатқан ойраттар. Еділ
бойындағы ойраттарды қалмақ деп, ал
шығыстағы ойраттарды ж о ң ғ а р л а р
деп атау тарихы қалыптасып кеткен нəрсе
(Б, Нұржекеев, Өзендер., 225). Еңгезердей-
еңгезердей төрт ж о ң ғ а р төрт таған жасап
тұр (О. Бөкеев, Үркер, 89).
ЖОҢҒАРША ү с т. Жоңғар тілінде. ≈
Ж о ң ғ а р ш а əмір берді.
ЖОРАБОЗА з а т. э т н. Боза жасаған
үй алғашқы бозасына көрші-қолаңдарын
шақырып, кішірек той-томалақ жасау
дəстүрі. – Ж о р а б о з а д а шырқалтып
əніңді шығарған жігіт – мынау Білісбай
(Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 133). Ж о р а б о з а
бүгін Ембердінің үйінен басталмақшы еді
(Қаз. əдеб., 27. 05. 1977, 3).
ЖОРАҚЫМЫЗ з а т. э т н. Арнайы
шақырып, қымыз беру дəстүрі (салты).
Онда қыз-бозбала жиналып, бастаңғы,
ж о р а қ ы м ы з жасап, əндетіп-сəндетіп
жатады (Қазыбек бек, Түп-тұқияннан., 63).
ЖОРАСЫЗДЫҚ з а т. Салт-дəс-
түрсіздік, ғұрыпсыздық; жөнсіздік,
216
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
əділетсіздік. Осы екі бірдей ж о р а с ы з
д ы қ салдарынан Қазақ елі мүлде дерлік
иесіз, басшысыз қалды (Ата салты., 20).
ЖОРҒА з а т. Бесік бөгендеріне (иілген
бастарына) қарама-қарсы тұрған та-
бандары. Ж о р ғ а н ы ң жоғарғы бөлігі
түзу, ал төменгі бөлігі дөңес келеді (Қаз.
этнография., 2, 424).
ЖОРҒАБІЗ. э т н. Зергерлердің
сəндік бұйымдарға өрнек салу үшін
тұтынылатын құралдарының бірі.
Ұсталар мен зергерлердің пайдалана-
тын құрал-саймандары: қысқаш, төс,
қадаубас, кескіш, жыланкөз, ж о р ғ а б і з.
Соңғысын кейде шимай біз деп те атай-
ды (Ə. Тəжімұратов, Шебер., 78). Өрнек
салғыш бізді ж о р ғ а б і з деп атайды (Қаз.
этнография., 1, 580).
ЖОРҒАҚ
1
з а т. Жорғалап қалған,
жағымпаз, елпелек. ≈ Ж о р ғ а қ т а р д ы
жаным жек көреді.
ЖОРҒАҚ
2
з а т. к ө н е. Ырғақ. Бұл
негіздің шарты орнына келмесе, өлеңнің
ж о р ғ а ғ ы келмейді: ж о р ғ а ғ ы келме-
генде жорға деуге болмаған сияқты ж о р-
ғ а ғ ы келмеген өлеңді өлең деуге болмай-
ды (А.Байтұрсынов, Шығ., 190).
ЖОРҒАЛАҚ з а т. с ө й л. Жорғақ.
Екі тілмаш ж о р ғ а л а қ ел кісілеріне,
болыстарға қарамайды (М. Əуезов, Қилы
заман, 12).
ЖОРҒАТОРҒАЙ з а т. з о о л. Тұрқы 30
см-дей, салмағы 80-100 г-дай, сұр түсті,
отырықшы құс; сойка. Ж о р ғ а т о р ғ
а й тіршілігінің көпшілігін жер бетінде
жемін ұстаумен өткізеді. Қауіп төнген кезде
ұшпайды, жорғалап бұта түбін тасалайды
(Қаз. табиғ.., 2, 98). Ж о р ғ а т о р ғ а й л
а р емен түрлері мен жеміс-жидектерден
4 кг-ға дейін қыста жейтін азық қорын
жинайды екен (Қ. Аймағамбетова, Табиғ.
тану., 33). Ал ж о р ғ а т о р ғ а й д ы ң
ағаш жаңғақтарын жапырақ арасына
тығып, азық қоры ретінде сақтайтын əдеті
бар (Құстар, 4).
ЖОРНАЛШЫЛДЫҚ з а т. Жорналда
қызмет істегендік, жорналшы болғандық;
жорналшылдық. Ал ж о р н а л ш ы л д ы қ
қ а басшылық департаментін Телерадио
жəне баспасөз басқармасы десе түсінікті
ғой (Ана тілі, 14. 11. 2012, 7).
ЖОРТУЫЛ з а т. ə с к. Əскердің алдын-
да жүріп, жау туралы хабар жеткізуші
жауынгерлер тобы. Жауынгерлер қашан
қатерлі хабар жетеді деп, зарыға сарғайған
тұтқауылдан гөрі алда ж о р т у ы л аузын-
да қарауылда болғанды тəуір көруші еді
(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 179).
Ж О Р Т У Ы Л Д А С Ж о р т у ы л д а
етістігінен жасалған ортақ етіс. Бұрын
екеуі алма-кезек ж о р т у ы л д а с қ а н
д а осы бұтаға сарысып кететін-ді (Жалын,
1974, №5, 78).
ЖОР ТУЫЛДАСУ Жортуылдас
етістігінің қимыл атауы.
Ж О Р Т У Ы Л Д АТ Ж о р т у ы л д а
етістігінен жасалған өзгелік етіс (Ер
есімі., 141).
ЖОР ТУЫЛДАТУ Жортуылдат
етістігінің қимыл атауы.
ЖОРТУЫЛПАЗ с ы н . Жортуыл-
дап жүретін, тынымсыз. Ж о р т у ы
л п а з қаншық белуардан келетін би-
дайықты, ат бауырын соғатын сарбас
пен көк шашыратқыны жоқтады (Жалын,
1974, №5, 78).
ЖОРТЫМЫШ с ы н. с ө й л. Жорт-
паш. – Мына иттің ит сияқтанып ілесіп
келе жатқанын қарашы, – деді Үлкенбай,
қарасы қарғадай болып шомбып келе
жатқан кішкентай ж о р т ы м ы ш қ а ат
үстінен үрке қарап (Е. Тұрысов, Құралай
жолы, 20).
ЖОРЫҚ: Жорық үй. Жорық кезінде
өздерімен бірге алып жүретін, тігілуі
де, жығылуы да оңай (тез) жеңіл үй.
Көшпелі елдің өмір салты үйлердің алуан
түрін өмірге келтірген. Олар: ... итарқа,
жаппа, қаңқа, қоспа, жоламай, ж о р ы
қ ү й, жолымүй т.б. (А. Сейдімбеков,
Күңгір-күңгір., 190). Жолаушылар мен
жорықшылардың тігетін үйлерін абылай-
ша, қос, қаңқа, ж о р ы қ ү й деп атаған
(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 25).
ЖОРЫҚШЫЛДЫҚ с ы н. Жорық-
құмар, жорыққа жиі шыққыштық. Бел-
деуден аты, белден қару-жарағы кетпеген
ж о р ы қ ш ы л д ы қ заман, Ақсақ Темірдің
əмірімен ол Сығанақ жаққа жорыққа жол
шеккен (І. Есенберлин, Шығ. жин., 9, 315).
ЖОРЫТУШЫ з а т. Түсін жорытқан
адам. ≈ Түсін ж о р ы т у ш ы үнсіз қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |