Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет54/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   168

ЖЫҒА: Жыға танымады. Анық тани 

алмады. ≈ Оны мен ж ы ғ а  т а н и  а л м 

а д ы м

ЖЫҒЫЛ  е  т.  Намаз  оқығанда  жү-

ресінен  отырып,  басын  сəждеге  тигізу 

жəне қайта көтеру. Қазір де, əнеки, атасы 

жүресінен  отыра  қалып  етпеттей  ж  ы  ғ 



ы л ы п əуре болып жатыр (С. Байжанов, 

Ақ маржан, 39). Азанда төрт ж ы ғ ы л а



д ы, бесінде он ж ы ғ ы л а д ы дейді атасы 

(Бұл да).



ЖЫҒЫТ: Жығыт тымақ. э т н. Түлкі 

терісінен  сəндеп  істелген  тымақ.  Кебек 

сонда  шалға  айтты: - Ей,  ақсақал.  Өзің 

таңдап  түлкінің  біреуін  ал.  Бағыңа  кез 

келген бір олжа ғой, Ж ы ғ ы т  т ы м а қ 

істетіп сандыққа сал (Шəкəрім, Шығ., 303).

ЖЫЛ:  Жылдың  жерге  түскен  күні. 

22 наурыз (жылдың бірінші күні) осылай 

аталады. 

Жыл  шығып  тұрған  мал.  Жыл 

бойы  семіз  жүретін  мал.  Мал  тұмсығын 

қанататын  болсаң  көк  ісек  адам  ұялтпас. 

Ылғи ж ы л  ш ы ғ ы п  т ұ р ғ а н  м а л

Бəрі жарай бермейді (М. Қаназов, Арна, 7).



ЖЫЛАҒАЙ  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Өзен 

суларында  өмір  сүретін  кішірек  балық. 

Шортаныңнан  шорағай  кіші,  Шорағай-

дан ж ы л а ғ а й кіші, Жылағайдан қыла-

ғай  кіші, «Тоям  ба?»  дейді  қомағай  кісі 

(М. Əлімбаев: Қаз. пионері, 16. 08. 1979, 2).

ЖЫЛАМСАҚТА е т. Жиі жылау, жы-

лай беру. ≈ Ж ы л а м с а қ т а й бермей, 

қойшы енді. 



ЖЫЛАМСАҚТАУ с ы н. Жылай бергіш, 

жылағыш.  Осы  қыздың  бір  кемшілігі 

ж ы л а м с а қ т а у сияқты (Ə.Тəжібаев, 

Жаданов əңгім., 208).



ЖЫЛАМСЫРА  е  т.  а  у  ы  с.  Ақырын 

ағу, жылғаланып ағу (су). Көктемде ауыл 

ортасынан ж ы л а м с ы р а п ағып жататын 

Жыланды өзені арнасынан аса тасып кеп 

кетсін (Қ. Ботай, Егіз., 3).



ЖЫЛАН  з  а  т.  а  с  т  р.  Аспан  шоқ-

жұлдыздарының бірі. Бүркіт – Ж ы л а н, 

Қалқан, Мерген, Ешкімүйіз жəне Дельфин 

шоқжұлдыздарының  арасында  орналас-

қан экваторлық шоқжұлдыз (ҚСЭ, 2, 544).



Жылан бауыр. п е р и ф р. Шынжыр 

табан трактор д. м. Қақпа алдында өрт 

сөндіретін машина мен ж ы л а н б а у ы р 

текетірес тұр (Қаз. əдеб., 16. 07. 1997, 3).

ЖЫЛАНБАС

1

  з  а  т.  и  х  т  и  о  л.  Оң-



түстік  Қазақстанның  жылы  суларында 

мекендейтін,  басы  жыланның  басына 

ұқсас,  ірірек  келген  (ұзындығы 80 см, 

салмағы 7 кг.) жыртқыш балық. Ж ы л а н 

б а с құрғақ жер арқылы бір көлден екінші 

көлге  жылжып  бара  береді  (Соц.  Қаз.,

26. 12. 1984, 4). Калима болмайтын – та-

бан,  ж  ы  л  а  н  б  а  с  сияқты  балықтар. 

Олар  ұйыққа  кетіп,  ұйқыға  кетеді  (Қаз. 

əдеб., 09. 02. 1990, 7). Əдеттен тыс сыртқы 

түрінен басқа, ж ы л а н б а с т а көптеген 

ерекше  қасиеттер  бар.  Солардың  бірі – 

атмосфералық ауамен тыныс алу (Қазақст. 

жануар., 65).



ЖЫЛАНБАС

2

... Ж ы л а н б а с адам-

ның  көзі  балаға  немесе  жүйрік  атқа 

тура  түсірмей,  назарын  өзіне  аудару 

ниетінде  тағылады  (Қаз.  этнография., 

2, 512).

ЖЫЛАНҚҰЙРЫҚТАН е т. Ирелеңдеу, 

созылу.  Аспан  айналып  жерге  түсер 

аңызықта  да  осы  Ақсай  суы  жылтырап 

мөп-мөлдір боп үзілмей, ж ы л а н қ ұ й р 

ы қ т а н ы п жатты (М. Мəжитов, Құныс-

керей, 432). 



226

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЖЫЛАНҚҰЙРЫҚТАНУ  Жылан-

құйрықтан етістігінің қимыл атауы

ЖЫЛАНТҮКІРІК  з  а  т.  Шөп  басы-

на  байланатын  көпіршік  тəрізді  қатты 

нəрсе.  Біздің  Торғайдың  даласында  қау 

шөпке  байланатын  «ж  ы  л  а  н  т  ү  к  і  р 



і  к»  деген  сырты  əдемі  бірдеме  болады 

(С.Мұқанов,  Мөлдір., 369). Менде  сол 

«ж ы л а н т ү к і р і к т і ң» кішкене дор-

баға салған бір уысы болушы еді (Бұл да, 

370).

ЖЫЛАНШЫ  з  а  т.  з  о  о  л.  с  ө  й  л. 

Жыланжегіш. Жыландармен қоректенетін 

ж  ы  л  а  н  ш  ы  басқа  жыртқыш  құстарға 

қарағанда кеш ұялайды (Ж.Төреходжаев.., 

Жыртқыш құстар, 16).

ЖЫЛАНШЫҚ

1

 з а т. м е д. Көз ауруы. 

Жас кезінде оның көзіне ж ы л а н ш ы қ 

(ауру) шығып, бір көзі тыртық боп біткен 

(Ана тілі, 06. 06. 1991, 8).



ЖЫЛАНШЫҚ

2

 с ы н. Иір-қиыр, ире-

лең-ирелең. Қапталдағы ж ы л а н ш ы қ сай

табанынан жұқана көгеріш жылт ете түсе-

ді  де,  қатарынан  озып  кеткен  соң,  тасада

бұғып қалып жатыр (К.Ахметбеков, Ақдала, 

2, 76). Бесін кезінде жағасына қалың құрақ 

өскен  ж  ы  л  а  н  ш  ы  қ  өзенге  кез  болды 

(Ə.Кекілбаев, Үркер, 37).

ЖЫЛАНШЫҚТАН е т. Иір-иір болу, 

иірлену.  Қалың  орман  ішінен  ж  ы  л  а 

н  ш  ы  қ  т  а  н  а  шыққан  шағын  жылға 

үлкен  дарияға  қиғаштап  келіп  құйыпты 

(М.Мағауин, Аласапыран, 258).

ЖЫЛАУЛАТ е т. Елді жылату. с ө й л.

Сондықтан ж ы л а у л а т п а й, құрандатпай, 

тұмандатпай  келгенім  рас  (Шешендік 

сөздер, 36).



ЖЫЛАУЫҚ: Жылауық тал. Талдың 

жас  өркендері  жерге  салбырап,  төгіліп 

тұратын бір түрі. Сөйтіп, мынау жайқалып 

тұрған шырша, арша, емен, қарағай, қайың, 



ж ы л а у ы қ т а л секілді ағаштардың ұры-

ғы сонау алыс Қиыр Шығыстан, Қырымнан 

əкелінген (О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 351).

ЖЫЛБЫР с ы н. с ө й л. Жылбыраған, 

былжыраған. Жаз өтіп, сарыкөбе күз келді. 

Көшеде  сусыған  сары  жапырақ  көбейіп,



ж  ы  л  б  ы  р  жауын  құйды  кеп  (Жалын, 

1974, №2, 71).



ЖЫЛБЫРАҚ  з  а  т.  в  е  т.  Қой  түлігі 

шалдығатын  өте  зілді  дерт.  Ауру 

малдың  тынысы  тарылып  ентігеді

(Ж. Бабалықұлы, Мал ауруы., 26).



ЖЫЛБЫСҚА:  Жылбысқа  бөрік

Жылбысқаның елтірісінен тігілген бөрік

Басында  ана  жылы  Сəтбала  тігіп  берген



ж ы л б ы с қ а  б ө р і к (Қаз. əдеб., 01. 08. 

1975, 2).



ЖЫЛБЫСҚЫ  с  ы  н.  Дымқыл,  су, 

ылжыраған,  жылп-жылп  еткен.  Əуелі 

ж  ы  л  б  ы  с  қ  ы,  собалақтанған  қар 

жапалақтады да, арты қар аралас жаңбырға 

айналды (С. Қалиев, Еңбек ерені, 25). Қар 

аралас жаңбыр жауа бастады. Аласапыран 

көктемнің ж ы л б ы с қ ы сызы мол жауыны 

(Жетісу, 30. 04. 1966, 3). 



ЖЫЛДАҒЫША ү с т. Жылдағы əдеті 

бойынша, жыл сайынғыдай. Сол қыс ж ы 

л д а ғ ы ш а алды-артына қарамай зу етіп 

өте  шықты  (Қ.  Ботбай,  Егіз., 9). Əкпем



ж ы л д а ғ ы ш а көшеде байқап жүр, қарның 

ашпасын, арақ ішпе деген тəрізді дүниауи

ақылдарын айтты (Лен. жас, 06. 04. 1974, 4).

ЖЫЛДАМДЫҚ з а т. т е х н. Машинаның 

бес  түрлі  жылдамдығының  жалпы  аты 

(скорост).  Моторды  оталдырып,  артқы

ж  ы  л  д  а  м  д  ы  қ  қ  а  салып  көрді

(Қ. Ысқақов, Бұқтырма, 55).



ЖЫЛДАМШЫЛ  с  ы  н.  с  ө  й  л. 

Тездікті  ұнататын,  тез  қимылдайтын; 

ширақ, пысық. Сөз мəнерінде үйреншікті 

ұшқарылық,  ж  ы  л  д  а  м  ш  ы  л  мінез 

болғанымен  паң,  шайпаулығы  кеміген 

тəрізді (Р. Əутəліпов, Алтын жемісті., 162). 

Атасы жас кезінде ж ы л д а м ш ы л болған 

көрінеді (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 140).



ЖЫЛДАМШЫЛДЫҚ  з  а  т.  Жыл-

дам  қимылдайтындық,  жылдамдық. 

Дроботтың ж ы л д а м ш ы л д ы ғ ы н 

абайсыз майдалап сынға ілген де, өзін де 

аямаған (Р. Əутəліпов, Алтын жемісті., 23).



ЖЫЛДЫҚ: Жылдық сақина. б и о л.

Ағаштың  жасын  көрсететін,  оның  діңі 

мен бұтақтарындағы дөңгелек сызықтар. 

Жыл  сайын  ағаштың  діңі  мен  бұтақтары 

(яғни сүрек пен қабығы) жуандай береді, 

қабаттар пайда болады. Ол қабаттар ж ы 



л д ы қ  с а қ и н а л а р деп аталады (Био-

логия, 91).



ЖЫЛДЫРТ  с  ы  н.  Жылпың  қаққан, 

су жұқпас (адам). Ол да сондай тұрақсыз-

тұрлаусыз ж ы л д ы р т т а р д ы ң бірі 

шығар (М. Сқақбаев, Ұят тур., 65).

ЖЫЛДЫРТ-ЖЫЛДЫРТ з а т. э т н.

Жастардың  сауық  кештерінде  ойнала-

тын  ойын.  Жүргізуші  қолындағы  тиын-


227

Байынқол Қалиев

ды  не  сақинаны  алақандарын  бір-біріне 

қабыстырып  отырған  адамдардың  бір-

екеуінің  қолына  салып,  ж  ы  л  д  ы  р  т-



ж ы л д ы р т дейді. Олар да оң жақ, сол 

жақта отырғандарға солай істейді. Соңында 

«тапқыр» сақинаның кімде екендігін табуға 

тиіс (Ойын-сауық, 173).



ЖЫЛҚЫ:  Жылқы  жасы.  э  т  н.  Ер 

жігіттің 20-30 жас аралығы. 20 жастан 30 

жасқа дейінгі жасты «ж ы л қ ы  ж а с ы»

деп  атап,  оларға  жылқының 20 қасиетін 

меңгеру, жеті қараңғыда адаспай жол табу 

талабы қойылады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш 

бесік., 2, 14).



Жылқы желкек. б о т. Жылқы жақсы 

жейтін шөп (желкек). Ж ы л қ ы  ж е л к е 

к т е р ақбөріктеніп, айкөріктеніп үлгерген 

екен (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 357).



Ж ы л қ ы   к ү з еу .   К ө к т ем   ш ы ғ а 

жылқының  жал-құйрығын  қысқартып 

қырқу науқаны. Ж ы л қ ы  к ү з е у əдетте 

үркер жерге түсердің алдында, жұма мен 

сейсенбіден басқа күндері жүргізіледі (Қаз. 

этнография., 3, 251).



Жылқы тістеуік. Жылқының алдыңғы 

күрек  тістерімен  шөпті  қырқып  жеуі. 

Осы  сияқты  басқа  малдардың  да  шөпті 

қалай  жейтінін  білдіретін  мынандай  сөз 

тіркестері туған: ж ы л қ ы  т і с т е у і 



к,  сиыр  жұлма,  қой  іскек,  ешкі  шөпшек 

(Балдырған, 1971, №9, 18).



ЖЫЛҚЫШЫЛАП ү с т. Жылқы құсап, 

орнынан бірден тұрып кету. Ендігі заманда 

жас асып, бұрынғыдай ж ы л қ ы ш ы л а п 

тұрмай, сиыршылап тұратын халге жеткен-

де береке-бірлікті от басы, ошақ қасынан 

күтермін (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 224).

ЖЫЛМАҒАЙЛЫҚ з а т. Жылп-жылп 

еткендік,  жылпостық;  жылмақайлық. 

Оны ұғынбай өңдеу ж ы л м а ғ а й л ы қ



қ а ұрындырады (Лен. жас, 02. 06. 1976, 4).

ЖЫЛМАҚАЙЛЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Жылмағайлық. Ж ы л м а қ а й л ы ғ ы н

а н, екіжүзділігінен қаншама жиренгенімен, 

Бəкеннің  бір  сөзі  ой  салды  (М.  Мағауин, 

Көк мұнар, 115).

ЖЫЛМАН з а т. с ө й л. Жылма

2

. Ал 

өзінікі  таяқ  сияғы  жоқ,  қолдан  жасалған 

бірдеңе: басы шоқпарлау келген, ж ы л м а н 

сияқты жарты құлаш жыңғыл (Ө. Қанахин, 

Өз ақылымен, 84).

ЖЫЛМАҢ  з  а  т.  э  т  н.  Балалар 

ойындарының бір түрі. Табиғи денелерді 

қолданып ойнайтын ойындар: бестас, лек 

жалау,  сиқырлы  таяқ,  бақай  пісті,  ж  ы  л

м а ң т.б. (Қазақст. мектебі, 1984, №5, 14).

ЖЫЛМЫР с ы н. с ө й л. Жұлмыр. ≈ 

Неше түрлі ж ы л м ы р балалар болады. 



ЖЫЛТҚЫЗ  Жылт  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. Жеңіл қолтық отын 

əкеліп, үйді ж ы л т қ ы з д ы м (Б. Майлин, 

Таңд., 280).

ЖЫЛТҚЫЗУ  Жылтқыз  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖЫЛТСЫЗ  с  ы  н.  Жалт-жұлт 

етпейтін,  жылтырамайтын.  Қияқ 

қауылдырықтары біркелкі, ж ы л т с ы з 

(Ж. Нəжімеденов, Кішкентай, 103).

ЖЫЛТЫРАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Жыл-

тырағандық, жылт-жылт еткендік. Ж ы л

т ы р а у ш ы л ы қ асыл тастардың бəріне 

тəн қасиет (Қаз. əдеб., 12. 06. 1995, 2).



ЖЫЛТЫРЛА е т. Жылтыр ету, жыл-

тырату.  Олардың  беттерін  сызулап,  ою-

лап, бұдырлап, ж ы л т ы р л а п, сəндеп 

пайдалану қажет болды (Қаз. əдеб., 15. 01. 

1974, 4).



ЖЫЛТЫРЛАУ

1

 Жылтырла етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖЫЛТЫРЛАУ

2

  с  ы  н.  Жылтырақ; 

жылт-жылт еткен. 

ЖЫЛУ:  Жылу  жинау.  э  т  н.  Қиын 

жағдайға тап болған адамға (адамдарға) 

көмек  көрсету  мақсатында  мал,  астық, 

дүние-мүлік,  қаржы  жинап  беру  (Қаз. 

этнография., 2, 550). Адамға  жақсылық, 

қайырымдылық  жасау  еліміздің  мақ-

танарлық қасиеттері. Солардың бірі – ж ы 



л у  ж и н а у əдет-ғұрпы (Ата салты, 12).

ЖЫЛУАР с ы н. ж е р г. Жылы. Мына 

екеуінің  əлдекімге  деген  ж  ы  л  у  а  р 

сағынышының  жоқтығы  көңіліме  батты

(Қ. Қалиев, Үркер, 70).



ЖЫЛУАРЛЫҚ з а т. ж е р г. Жылылық. 

Оның сырт адамына ж ы л у а р л ы ғ ы, пе-

йіл жақындығы кем (Қ. Қазиев, Үркер, 53).

ЖЫЛЫ:  Жылы  қабақ  танытты. 

Жақсы қарсы алды, жақтырды. Түнделетіп 

жеткен ауылдан бай үйінің онша ж ы л ы



қ а б а қ  т а н ы т п а ғ а н ы н Мұхит кө-

ңіліне алған жоқ (Лен. жас, 14. 03. 1973, 4).



ЖЫЛЫЖЕМ  з  а  т.  Аңды  ұстай  са-

лысымен бүркітке берілетін жылы, жас 

ет.  Қаршыға  бүркітке  «ж  ы  л  ы  ж  е  м» 

əпергенде  керек. «Ж  ы  л  ы  ж  е  м»  деп 

қаршыға ұстай салысымен бүркітке беретін 


228

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

құстың  жас  етін  айтамыз  (Қаз.  əдеб., 21. 

04. 1976, 14).

ЖЫЛЫМАН с ы н. ж е р г. Жылырақ, 

жылылау. Ж ы л ы м а н сүтті нанға қосып 

соғып алған Қамбар сəлден соң дастарқан 

мен шыныны орындарына қойып, сыртқа 

шықты (С. Үсенұлы, Елік., 6).



ЖЫЛЫМШЫ  з  а  т.  Теңізге  жылым

ауын салушы адам. Берік пен Серік таңертең 

ж ы л ы м ш ы л а р м е н бірге кетіпті. Бұл 

да жүгірді (Балдырған, 1971, №6, 7).



ЖЫЛЫМШЫЛА  е  т.  Ақырындап, 

жылжып, баяу ағу. Бұрын тоғандап бөгеп, 

жайылым  суаратын  өзен  қазір  ауыз  суға 

əзер жарап ж ы л ы м ш ы л а п қалыпты 

(Д. Досжанов, Жолбарыс, 114).



ЖЫЛЫМШЫЛАТЫП ү с т. Біртіндеп, 

аз-аздап, білдіртпей. Жоңғар ж ы л ы м ш ы 

л а т ы п күш қосып, діңке құртып жүре ме 

деп қорқып еді (Ə. Кекілбаев, Үркер, 179).



ЖЫЛЫМШЫЛАУ  Жылымшыла 

етістігінің қимыл атауы.

ЖЫЛЫМЫҚ  з  а  т.  с  а  я  с.  а  у  ы  с. 

Үкіметтің  өзі  қалыптастарғын  қатал 

заңды  сəл  босаңсыту  əрекеті.  1953  ж. 

Н. Хрущев Сталиндік жеке басқа табыну 

саясатын  əшкерелеп,  ұлттық  мүделерге 

шамалы бостандық берген «ж ы л ы м ы қ» 

кезең туды (Ана тілі, 09. 07. 2009, 4).

ЖЫЛЫМЫҚТАН  е  т.  Күннің  аздап 

жылынуы, жылымық тарту. 1964 жылы 

олимпиадада күннің ж ы л ы м ы қ т а н ы п,

шаңғышылыр  мен  биатлоншылар  үшін 

қардың  жетіспеуі  үлкен  қиыншылықтар 

алып келген (Лен. жас, 03. 02. 1976, 4).

ЖЫЛЫМЫҚТАНУ  Жылымықтан 

етістігінің қимыл атауы. 

Ж Ы Л Ы С Т Ы Р Ы Л   Ж ы л ы с т ы р 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс

Кол хо з бе н   б і р ге   ж а с а с қ а н   Аб з а л 

орынбасарлыққа  ж  ы  л  ы  с  т  ы  р  ы  л  ы 

п,  облыс  орталығынан  келген  Мұхамəди 

басқарма болды (Ə. Сараев, Тосқауыл, 12).



ЖЫЛЫСТЫРЫЛУ  Жылыстырыл 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖЫЛЫТҚЫЗ  Жылыт  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс (А.Мекебаев, Жез-

тырнақ, 162).



ЖЫЛЫТҚЫЗУ  Жылытқыз  етіс-

тігінің қимыл атауы

ЖЫЛЫТПАЛА е т. с ө й л. Жылыт-

қыла. Легенге су ж ы л ы т п а л а п құйды 

(О. Бөкеев, Үркер, 61).



ЖЫЛЫТТЫР  Жылыт  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Шартты  мезгіл 

толғанда бір қазан су ж ы л ы т т ы р ы п, 

ауру адамды дамбалшаң құбылаға қаратып 

отырғызды (К. Мұқажанұлы, Ортеке, 181).



Ж Ы Л Ы Т Т Ы Р У   Ж ы л ы т т ы р 

етістігінің қимыл атауы

ЖЫЛЫТЫС  Жылыт  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. – Жоқ, қатар жүрген 

соң, кісі бүйір ж ы л ы т ы с ы п дегендей 

(К. Ахметбеков, Егіз қала, 227). 

ЖЫЛЫТЫСУ Жылытыс етістігінің 

қимыл атауы

ЖЫЛЫХАНА  з  а  т.  Жылу  сүйгіш 

өсімдіктерді өсіру үшін əйнектен жасалған 

жай; оранжерея (В. Корчагина, Биология, 

55).


ЖЫМ: Жым етік... Бет-аузы ж ы м е 

т і к т і ң қонышы құсап жиырылып кетеді 

екен (Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 176).



ЖЫМСАУ с ы н. Жымысқы, арам, қара 

ниетті (адам).

ЖЫМСАУЛАН  е  т.  Ұрлана  қарау, 

жымысқылану.  Əңгіме сінің  қыбын 

Айбосынның жүзінен іздегендей ж ы м с 



а у л а н ы п назар салды (К. Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 414).



Ж Ы М С АУЛ А Н У   Ж ы м с а у л а н 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖЫМСИЫҢҚЫРА  е  т.  Сəл-пəл 

жымиған  болу,  жымсию.  Сондықтан  да 

шығар, қап-қара үстелдің арғы жағындағы 

ақ жейделі, қызылшырайлылау, ж ы м с и ы 

ң қ ы р а ғ а н ректор бұған түсінікті сезілді 

(М. Байғұт, Бұла бұлақ, 130).



ЖЫМСИЫҢҚЫРАУ  Жымсиыңқыра 

етістігінің қимыл атауы

ЖЫМЫРЫЛ е т. ж е р г. Үндемеу, үн 

шығармау. Мен ішкі серпінімді білдірмеу-

ге  тырысып,  ж  ы  м  ы  р  ы  л  ы  п  қалдым

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 23).

ЖЫНДАС с ы н. ж е р г. Бірге туған, 

туыстас;  мінездес.  «Өзіңмен  ж  ы  н  д  а 

с, өз ет-сүйегіңнен жаралған жан өзіңнен 

ақылды  болмайды», - деген  (І.  Есенбер-

лин,  Алтын  орда, 1, 21). Əмір-Темірдің 

қасында  осы  жолы  ерекше  көзге  түскен 

Ақсақ  Темірдің  əйгілі  Көксемсер  аталған 

қасқыр ж ы н д а с арлан иті келе жатыр

(І. Есенберлин, Шығ. жин., 9, 251).

Ж Ы Н Д Ы К Ө Б Е Л Е К Ш Е   ү   с   т. 

Жындыкөбелек  сияқты,  жындыкөбелек 

тəрізді. Жігіттер шамды айналған ж ы н 


229

Байынқол Қалиев

д ы к ө б е л е к ш е айналсоқтап маңайы-

нан  шықпайтынбыз  (Д.  Рамазан,  Жылап 

аққан., 252).

ЖЫНСОҚТЫ  ү  с  т.  Жынданып, 

жын ұрып. Анау ауылдың шетіндегі қара 

кемпірдің  қызы  ж  ы  н  с  о  қ  т  ы  болып, 

ауырып еді ғой (Қ. Əбілқайыр, Текес., 30).

ЖЫНЫССЫЗДЫҚ з а т. м е д. Жыны-

сы жоқтық, жынысы белгісіздік (Бекітіл. 

термин., 39).



ЖЫҢҒЫЛ с ы н. Жыңғылдан жасалған, 

жыңғылдан  істелген.  Көктаспа  да  аяған 

жоқ. Ж ы ң ғ ы л көсеумен арқасына қос сы-

зық салды (Н. Серəлиев, Ыстық күлше, 13). 

Қолында бұзаубас, ұзын ж ы ң ғ ы л сапты 

дойыр (М. Мүндетов, Үзеңгі жолдас, 78).

ЖЫР: Жыр марқасқасы. п е р и ф р. 

Мұқағали  Мақатаев  д.  м.  Шын  мəнінде

М. Мақатаев мұзбалақтар ғана мекен ететін 

мұзарттарға жұлдызды жол тартып, жалын-

дап өткен ж ы р д ы ң  м а р қ а с қ а с ы

еді (А. Нысаналин: М. Мақатаев, Соғады 

жүрек, 2, 377).



ЖЫРАЛАН  е  т.  Жыра  болу,  жыра 

жасалыну. – Бір жақ иығы ж ы р а л а н 

ы  п  кеткенімен,  мынасы  шаңырақтанған 

күмбездің төбесі тəрізді (Білім жəне еңбек, 

1674, №5, 26).

ЖЫРАЛАНУ  Жыралан  етістігінің 

қимыл атауы

ЖЫРАҢҚАЙ  с  ы  н.  Аздап  жыра 

болған, жыраланған. Аласа қой бұйраттың 

арғы ойындағы ж ы р а ң қ а й өзекшеде 

ескі сүрлеу көш жолы бар екен (Жұлдыз, 

1973, №5, 22).



ЖЫРАУСЫМАҚ  з  а  т.  Аздаған 

жыраулығы бар адам. Кейбір зертетушілер 

Исаны  ж  ы  р  а  у  с  ы  м  а  қ,  ақынсымақ, 

шайырсымақ  жортақы  əлдебіреу  ретінде 

ғана  қарастырумен  шектелгенді  жөн  са-

найтындай əсер қалдырады (И. Байзақов, 

Таңд. шығ., 2, 148).



ЖЫРАУШЫЛЫҚ  з  а  т.  Жырау 

атанғандық,  жыр  жырлаушылық.  Тек 

музыка емес, шешендік сөз өнерін, толғау 

термелерді, ж ы р а у ш ы л ы қ т ы алсаңыз 

да осыны айтуға болады (Алматы ақшамы, 

27. 02. 1990, 4).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет