ЗАРЯДТАУШЫ з а т. Заряд беруші,
зарядқа қосушы. ≈ Аккумуляторды з а р я-
д т а у ш ы орнында жоқ болып шықты.
ЗАРЯДША ү с т. Заряд сияқты, заряд
тəрізді. Аттас з а р я д т а р ш а теуіп ты-
нады, əйтпесе аттас емес з а р я д т а р ш
а тартып қояды (М. Қабанбаев, Жиһанкез.,
187).
ЗАСЕДАТЕЛЬ з а т. с о т. Халық аты-
нан сайланатын қосшы би. Халық з а с е
д а т е л ь д е р і советтік əділетті сотты
жүргізудегі еңбекші халықтың сенімді
өкілі болып саналады (Оңт. Қазақст., 01.
12. 1972, 3).
ЗАСЕДАТЕЛЬДІК з а т. Заседатель
болғандық, қосшы билік. Халық з а с е д а
т е л ь д і г і н е жасы 25-ке толған əрбір
адам совет азаматы сайлана алады (Оңт.
Қазақст., 01. 12. 1972, 3).
ЗАТБЕЛГІ... Буып-түюге, таңбалауға
з а т б е л г і жапсыруға жəне оларды
дұрыс түсіруге қойылатын талаптар бар
(Техникалық регламентін бекіту туралы
қаулы).
ЗАТҚАПШЫҚ... Осыдан соң Құсайын
бөгелген жоқ, жаңағы іргеге сүйеген з а т
қ а п ш ы ғ ы н иығына іліп, жүруге ыңғай-
ланды (К. Ахметбеков, Егіз қала, 126).
234
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЗАТНАМА з а т. к ө н е. Заттай сый-
лық. Жақсы қызмет қылып, жауда ерлік
көрсеткені үшін 1863 ж. Тезек сұлтан на-
градқа бір з а т н а м а алыпты («Түркістан»
газеті, 441).
ЗАТОН з а т. Өзен-су көліктері (қайық,
кеме) тұратын жəне оларды жөндеуден
өткізетін орын. З а т о н н ы ң түнгі оттары
қаланың үлкен ошағынан үзіліп түскен ұш-
қын сияқты екен (Қ. Ысқақ, Ақсу., 299).
Бұрын қайық түгілі з а т о н н ы ң қақпасына
ілмек түспейтін еді (Бұл да). Ертістің тұ-
йықталып біткен кең қолтығына – кеме жөн-
дейтін заводы бар, өзеншілер тұратын з а
т о н ғ а жақынбыз (Жұлдыз, 1973, №4, 115).
ЗАУАЛ з а т. Кесепат, кесір, пəле. Кім
біледі тозы ма, қосшы ма, онан кейінгі
мынау колхоз деген з а у а л ы кеп кимеле-
мегенде жұртпен итше ырылдаспай-ақ өмір
сүретін бе едім (Қ. Ысқақов, Бұқтырма, 33).
– Маған бір з а у а л қатыннан басқа мал
бітіп пе еді?! (Қ. Ысқақов, Қараорман, 230).
ЗАУАЛШЫЛДЫҚ з а т. Зауалын
бергендік, жазасын тартқызғандық. Бұл
дүрлігу тек тəуекелге бас тігу не зорлыққа
қарсы тұрған бір ғана з а у а л ш ы л д ы қ
емес, адамдарды іштей жаңартып, рухани
түлеткен ұлы сілкініс болды (Т. Əбдіков,
Өліара, 39).
ЗАУЗА з а т. а с т р. Зауза айында көрі-
нетін егіз жұлдыз. Түнгі мезгіл еді. Ай жаңа
туған. З а у з а жұлдызына қонаққа барға-
лы тұрғандай аппақ күмістей сүмбіле
жымың-жымың етеді (І. Есенберлин, Алтын
орда, 1, 124).
ЗАУЫҚСЫЗДАУ с ы н. Ықылассыздау,
ынтасыздау, ниетсіздеу. – Кейін, – деді ол
з а у ы қ с ы з д а у үнмен, – сəл шыдаңыз
(Н. Ораз, Сиқырлы., 41).
ЗАУЫҚТАНУ Зауықтан етістігінің
қимыл атауы.
ЗАУЫМ с ы н. ж е р г. Əжептəуір, бір
қауым, бірталай. Сол бетте етпеттей жер
қауып з а у ы м мезгіл қимылсыз жатты да
қалды (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 12).
ЗАУЫТСЫМАҚ з а т. Болар-болмас за-
уыт, кішкентай зауыт. Олар иен даланың
о жер, бұ жерін шұқылап түртінектеп жүріп,
шағын рудниктер мен мыс қорытатын з а у
ы т с ы м а қ т а р салды (Ə. Нұршайықов,
Менің Қазақст., 114).
ЗАХМЕТ... Ауыр жүктің з а х м е т і н
тұлпар білер (Қаз. əдеб., 24. 09. 1988, 7).
ЗƏБІР: Зəбір берді. ж е р г. Зəбір көр-
сетті, зəбірледі. Себебі жұртқа бұл з ə б і р
б е р м е с е, жұрттан бұл зəбір көріп жапа
шекпейтін (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 268).
ЗƏК: Зəк тартты. Дымқыл тарт-
ты, көгерді. Үй құрылыст арының
қабырғалары з ə к т а р т ы п, ол да
əжептəуір қиындық туғызып отыр (Қаз.
əдеб., 21. 10. 1988, 3).
ЗƏКТЕМЕ: Зəктеме су. Егінге
жіберілген алғашқы су. Қызылорда,
Шымкент өңірлерінде алғашқы, өте баяу
жіберілген арық суын з ə к т е м е с у деп
атаған (Қаз. этнография., 2, 581).
ЗƏКТЕН е т. Зəк пайда болу, көгеру.
З ə к т е н г е н, зардамданған қоржын там-
да мұқы-тақы күн өткізуден əбден зараз-
аптанып, мұғдарсыз жолға беттеп келе
жатқаны мынау (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 11).
Бір өкініштісі – осы ғимарат іргетасының
бір метрдей жері сызға ұшырап з ə к т е н е
бастапты (Лен. жас., 27. 10. 1988, 3).
ЗƏКТЕНУ Зəктен етістігінің қимыл
атауы.
ЗƏКІР: Зəкір салды. Кемені тоқтатып,
зəкірді суға тастады. – Ата, осы жерге з ə к
і р с а л ы п, сеткі құрғанымыз дұрыс болар
еді, – деді (С. Хайдаров, Теңіз самалы, 6).
ЗƏЛІМДЕН е т. с ө й л. Зəлім болу,
сұрқиялану, қаныпезерлену (Ə. Нұршайықов,
Махаб. жырлары, 363).
ЗƏЛІМДЕНУ Зəлімден етістігінің
қимыл атауы.
ЗƏЛІМДЕУ с ы н. Қулау, сұмдау,
сұмырайлау. Кейінгі ұрпақ əрі ақылдырақ,
əрі өз есебіне жетіктеу һəм күдікшілдеу де
з ə л і м д е у болып туады деген рас екен-ау
(Ө. Ахмет, Қарқаралы., 201).
ЗƏРЕЗЕПТЕН е т. Зəрезеп болу, мезі
ету, ығыр қылу. Көңілі жақсылық атаулы-
дан қайтып оңалмастай болып з ə р е з е п
т е н і п жүрген еді, енді міне... (О. Бөкеев,
Əн салады.., 31).
ЗƏРЕЗЕПТЕНУ Зəрезептен етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЗƏРУАТ з а т. с ө й л. Зəрулік, қажет-
тілік. «Жұмыршағымда науқас бар, з ə р
у а т үшін тұтынамын» дейтініне ешкім
кешіріммен қараған емес (К. Мұқажанұлы,
Ортеке, 133).
ЗƏРШӨП з а т. с ө й л. а у ы с. За-
лым, сұмырай д. м. – Бүгін анау жоғарғы
барақтағы бір жігітпен танысып едім,
235
Байынқол Қалиев
бəтшағар нағыз оңбағанның өзі екен. Ой-
пырай, неткен з ə р ш ө п?! (Қ. Жұмаділов,
Көкейкесті, 21).
ЗƏТТЕ с ы н. ж е р г. Запы, запыс. Со-
дан да з ə т т е көңілінің шошымалылығы
түсінікті еді (К. Ахметбеков, Қасырет, 1,
319).
ЗƏУ с ы н. с ө й л. Зəулім. Қарсы
алдымдағы алып домнаның з ə у биігі
сол бұлттарға тіреліп тұрғандай көрінеді
(Ш. Мұртазаев, Интернат., 208).
ЗƏУЛІК... Анау, «дүние күйіп» жатса да
шахматтан басын алмайтын з ə у л і к шал
Шəкен Айманов (Қаз. əдеб., 26. 11. 1976, 4).
ЗƏУМЕТТЕ ү с т. ж е р г. Əдетте. З ə у
м е т т е күттіріп, кешіктіріп барып бола-
тын іс (Қаз. əдеб., 15. 07. 1977, 3).
ЗƏУІ: Зəуі түсті. Сəті (жолы) түсті,
реті келді. Бұрын Бөрібек з ə у і т ү с і п
келгенде осынау нағашылары кезектесіп,
жорабозаға шақырушы еді (Т. Əлімқұлов,
Көкек айы, 35).
ЗƏУІТАЙЫМ қ. Зəуде. – Уа, жолда-
стар! Жиналысқа бастыққа мен Мəлім
жолдасты ұсынамын. Үйткені бұл жолдас
үйінен көп шыға қоймайтын еді, бүгін з ə
у і т а й ы м келе қалған екен (Б. Майлин,
Таңд., 529).
ЗВЕНО з а т. Бригада құрамына кіретін
кішірек құрылым (бөлім). ≈ Ол екінші з в е
н о д а жұмыс істеді.
ЗВЕНОАРАЛЫҚ с ы н. Екі звено ара-
сында болатын (жарыс). Комбайншылар
арасында з в е н о а р а л ы қ социалистік
жарыс күн санап қыза түскен (Лен. жас, 06.
07. 1973, 1).
ЗЕЙНЕП з а т. з о о л . «Көкек» құсы Ал-
маты облысында осылай аталады. ≈ Ағаш
арасынан з е й н е п т і ң даусы естіледі.
ЗЕЙНЕТТЕН е т. Жұмыс істеу,
еңбектену (Ə. Ахметов, Өшп. жалын, 8).
ЗЕК з а т. Сотталған, түрмеде жа-
засын өтеген адам. Əрісі түрмеге бара
жатқан, берісі түрмеден келе жатқан «з е к
т е р г е» ұқсайды (Ə. Асқаров, Таңд., 204).
Əділ заңның арқасында тиісті сыбағамызды
алып, өзге з е к т е р қатарында күн кешіп
жаттық (О. Сəрсенбаев, Жақсының., 150).
ЗЕКЕТ: Зекетің болайын. «Сен үшін
құрбан болайын», «садағаң кетейін» д.м.
айналып-толғану. – Өй, ақылыңнан айна-
лайын, з е к е т і ң б о л а й ы н деп, айналып-
үйіріледі (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 400).
ЗЕКЕТХАНА з а т. Жиналған зекетті
сақтайтын орын. Сол орталық алаң
түбіндегі жанында з е к е т х а н а с ы бар
ең үлкен керуен сарай – Əндіжан сарайы
(Лен. жас, 30. 08. 1985, 3).
ЗЕНЖІР... Ескіліктің көзі болатын
сөздердің бірі – оңқол, з е н ж і р (Қаз.
əдеб., 29. 01. 1993).
ЗЕҢГІБАБА з а т. с ө й л. Сиыр д.м. Батар
күн анау сылқ-сылқ күліп аққан бұлақты
қандап, өрістен қайтқан з е ң г і б а б а н ы ң
мүйізін бояпты (Лен. жас, 30. 10. 1971, 4).
ЗЕҢГІТ с ы н. с ө й л. Зеңгір. З е ң г
і т көкті өзгеше бір паңдықпен тілгілеп
жүрген қос қанатты түз тағысының бүркіт
екенін шырамытты (А. Сейдімбеков, Тауға
біткен., 49).
ЗЕРДЕКӨКІРЕК с ы н. Есіне сақта-
ғыш, зерделі. Мұқағали поэзиясын жа-
нындай сүйіп, тамылжыта оқитын, оның
терең сырларын көкірегіне түйіп алған бұл
з е р д е к ө к і р е к кемпірді жолықтыр-
ғаныма көңілім тасығандай (Мұқағали,
2011, №11, 83).
ЗЕРДЕЛЕГІШ с ы н. Бір нəрсені
зердесіне тоқығыш, ақылға салғыш. Сонда
бала өмірден көргендерін з е р д е л е г і ш
болып өседі (Жетісу, 11. 08. 1998, 2).
ЗЕРДЕЛЕГІШТІК з а т. Зерделей
білушілік, ақылға салушылық. Өмірдің сы-
рына үңілгіштік, оны бақылағыштық, з е р
д е л е г і ш т і к, оның мəнін аңдағыштық,
өнерлілік сырларына бойлады (Ə. Ыдыры-
сов, Тұлға., 196).
ЗЕРДЕЛЕТ Зердел е етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Бұл пайымдаулар
«мəдениетті отырықшы ел жасайды» де-
ген пікірдің тайғанақтығын з е р д е л е т
е д і (А. Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 48).
Сол Електі өзені бойында кезіктірген қара
лəйлек ұясы ұланғайыр далалы өлкенің
талай сырын бүгіп жатқанын з е р д е л е
т к е н де болар (Лен. жас, 19. 11. 1983, 4).
ЗЕРДЕЛЕТКІЗ Зерделет етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Дегенмен «Таңғы
жаңғырық» өмірге тағы бір татымды театр
туындысы келгенін з е р д е л е т к і з е д і
(Лен. жас, 18. 11. 1977, 3).
ЗЕРДЕЛЕТКІЗУ Зерделеткіз етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЗЕРДЕЛЕТУ Зерделет етістігінің
қимыл атауы. Осынау желілі үш ойдың
үшеуі де, сайып келгенде, дамудың жарқын
236
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
жолына түскен халқымыздың рухани тегін
тарихи аспектіде з е р д е л е т у үшін
айтылып отыр (А. Сейдімбеков, Күңгір-
күңгір., 50).
ЗЕРЕ: Зере қазық. ж е р г. Мамаағаш.
Аттың дене тұрқына орай з е р е қ а з ы қ
т ы ң жерден биіктігі 1,5-2 м шамасында
болады, мойын, кертпеш жасалады. Бұл
аттың айналып тұруына мүмкіндік береді
(Ер қанаты, 217).
ЗЕРЕБЕ... Əскер ашаршылыққа
ұрынды. Енді жігіттер з е р е б е ұстасып,
ұтылған серіктерінің атын жейтін болды
(І. Есенберлин, Жанталас, 78).
ЗЕРЕЛІ с ы н. Зере (сауыт) киген, зересі
бар. Кежімнің де сауыт сияқты көбелі,
кіреукелі, з е р е л і, қаттамалы, берен-
гілі түрлері болатынын көреміз (Ата
салты., 67).
ЗЕРЗАТ з а т. ж а ң а. Зерттеу нысаны.
«Қазақстанның саяси тарихы» курсының
зерттеу объектісі (з е р з а т ы) не болуы
керек? (Ана тілі, 29. 10. 1992, 5).
ЗЕРСІЗ с ы н. Зер салмаған, зейінсіз,
ақылсыз. ≈ З е р с і з бала болмайды, əңгіме
оған ой сала білуде .
ЗЕРСІЗДІК з а т. Зерделі еместік, сана-
сыздық. - Кешір, əке, балалық па, З е р с і з д
і к пе, Шалалық па, Тек нобайы ғана қапты
ойымда (М. Шаханов, Мəңгүрт., 179).
ЗЕРТ з а т. с ө й л. Зерттеу. Егер мал
барымталайтын біз екенбіз, ояз арқылы
з е р т жүргізіңдер (С. Жүнісов, Ақан
сері, 2, 79).
ЗЕРТАС з а т. ж а ң а. Мозаика. Үшеуі
з е р т а с п е н безендірілген қабырғаны,
аса қымбат мебельді фойенің ішкі сəулетін
қызықтап кетті (Э. Төреханов, Таудан
түскен із, 132). Əсіресе «мозаиканы» з е р
т а с деп алуы тілге оралымды, жүрекке
жылы тиіп тұр (Қаз. əдеб., 21. 05. 1976, 2).
ЗЕРТТЕМПАЗ с ы н. Зерттей беретін,
зерттегіш (адам). ≈ Ол з е р т т е м п а з
болып алды.
ЗЕРТТЕМПАЗДЫҚ з а т. Зерттеуге
деген құмарлық, зерттей беретіндік,
зерттегіштік. Драмашылардың з е р т т
е м п а з д ы ғ ы, күрделі де шым-шытырық
өмір құбылыстарының күре тамырын дөп
баса білуі жетпей жатқанға ұқсайды (Қаз.
əдеб., 30. 01. 1976, 3).
ЗЕРТТЕҢКІРЕ е т. Зерттей түсу,
көбірек зерттеу. Шөл жəне шөлейт
аймақтарды əлі де з е р т т е ң к і р е п,
біраз жұмыс жүргізетін көптеген жабайы
шөптер бар (Қ. Сəбденов, Қой шаруаш,
412). Уақытты көбірек бөліп, сол көгілдір
жыныстарды з е р т т е ң к і р е с е к дейміз
(Қаз. əдеб., 25. 03. 1977, 4).
З Е Р Т Т Е Ң К І Р Е У З е р т т е ң к і р е
етістігінің қимыл атауы.
ЗЕРТХАНАЛЫҚ с ы н. Зертханаға
тəн, зертханаға қатысты. Тап қазір
классикалық физиканың өзіміз өткізіп
жүрген қалыптасқан з е р т х а н а л ы қ
сынақтары мүлдем жарамсыз (С. Рахымбек,
Айдында., 36).
ЗЕРТХАНАШЫ з а т. Зертхана-
да жұмыс істейтін адам, зертхана
қызметкері. ≈ Мен з е р т х а н а ш ы болып
жұмыс істеймін.
ЗЕРШАШАҚ з а т. Зерлі шашақ.
Дүниені з е р ш а ш а қ шапақ шар-
пып, көркем құбылыс көңіл құсыңды
құйқылжытып жібереді-ақ (Оңт. Қазақст.,
12. 12. 1972, 3).
ЗЕРІКТІРІҢКІРЕ е т. Зеріктіре түсу,
аздап зеріктіру. Əдетте тау мен дала экзо-
тикасына барғыштап, көрерменді з е р і к
т і р і ң к і р е п алатын режиссер бұл жолы
самарқау көңілді сейілткен (Соц. Қаз., 25.
11. 1973, 4).
ЗЕРІКТІРІҢКІРЕУ Зеріктіріңкіре
етістігінің қимыл атауы.
ЗИПУН з а т. Қамзолдың бір түрі. Ке-
удеде жағасыз, жеңсіз көк з и п у н, ішінен
қызыл жейде киіпті (М. Мағауин, Аласа-
пыран, 2, 400).
ЗИЫТ с ы н. ж е р г. Қас, өш, дұшпан.
ЗИЫТТАН е т. ж е р г. Қастасу,
өштесу, жауласу.
ЗИЫТТАНУ Зиыттан етістігінің
қимыл атауы.
ЗИЫТТЫҚ з а т. ж е р г. Қастық,
өштік, дұшпандық. Біреулер бұл талапты
мақтай келді, Орысты, оқуды да жақтай
келді. Біреулер «мынау кедей құтырды» деп
З и ы т т ы ғ ы н бір бүйірге сақтай келді
(Қ. Тоғұзақов, Сібір Омар, 20).
ЗИЯ з а т. к ө н е. Ақыл, ес, сана, ой-өріс.
Не себептен десеңіз, сөз көбейсе, халықтың
байымын ұлғайтып, з и я с ы н (ой-өрісін)
арттыруға себеп болады («Дала уəлəяты»
газеті, 1986, №31).
З И Я Н Д АТ З и я н д а ет і с т і г і н е н
жасалған өзгелік етіс. Оны Жаман-
237
Байынқол Қалиев
шал з и я н д а т қ а л ы айтты демеді
(Қ. Əбдіқадыров, Əңгім., 9).
ЗИЯНДАТУ Зияндат етістігінің
қимыл атауы.
ЗИЯНМА з а т. ж е р г. Кесел, дерт,
ауру. Баласы ауырған кемпірлеу əйелдер,
з и я н м а с ы бар қатындар бұрынғы-
дай аттан салып шауып, үшкіртуді сиретті
(Б. Майлин, Таңд., 119).
ЗИЯНСЫЗДАНДЫРЫЛ Зиянсыздан-
дыр етістігінен жасалған ырықсыз етіс.
Бомба зəкірден арнаулы магнитпен алы-
нып, з и я н с ы з д а н д ы р ы л д ы (Лен.
жас, 29. 11. 1973, 4).
ЗИЯНСЫЗДАНДЫРЫЛУ Зиянсыз-
дандырыл етістігінің қимыл атауы.
ЗИЯПАТ з а т. ж а ң а. Банкет. – Сол
ойындардан соң ұлы мəртебелі мұрагер мен
оның нөкерлеріне, құрметті қонақтарға з и
я п а т жасалып, сый-сияпат көрсетілмек
(С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 280). Бұл мысал-
дан банкет сөзінің з и я п а т деген тама-
ша баламасы болғанын жəне бар екенін
көреміз (Ана тілі, 18. 10. 1990, 7).
ЗИЯРАТ: Зиярат етті. Қасиетті, киелі
санап, тəуеп етті. Аталмыш шаһарлардағы
зираттар көпшіліктің з и я р а т е т і п,
қадір тұтатын қаралы орны саналады
(Қаз. əдеб., 06. 09. 1974, 2). – Сіздер ғой
Ықаңның бейітіне з и я р а т е т п е д і к
деп ренжіп келе жатырсыздар (Қаз. əдеб.,
01. 12. 1972, 4).
ЗИЯТТЫҚ з а т. с ө й л. Зияттылық.
Қазақтың ұғымында з и я т т ы қ пен
зиялылық, ұят пен шарапат, мейір мен
кісілікті, еңбекқорлықты бойына жинаған
жандарға тиесілі (С. Рахымбек, Айдында.,
218). Шұбар төбеттің əлгіндей з и я т т ы
ғ ы н көріп, Дəукең іш сарасында «сəтімен
жолыққан ит болды» деп ырым жасап
жүретін (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 115).
ЗИЯТТЫЛЫҚ з а т. Мейірімді,
қайырымды, кісілікті, ұятты адамға
тəн қасиет, зияткерлік. Бауырларының
тынымсыз тірлігі, з и я т т ы л ы ғ ы ар-
қасында қарымды қалам иесінің жинағы
жарық көрмек (Егем. Қазақст., 05. 05. 2009).
ЗОДИАКТІК с ы н. Зодиакқа қатысты,
зодиакқа тəн. Аспанның солтүстік жарты
шарындағы з о д и а к т і к шоқжұлдызды
– Егіздер деп атайды (ҚСЭ, 4, 101).
ЗОПАЙТ з а т. Жылқының асығы.
Ауылда біз сақаны шігелігіне қорғасын
құйып жылқының з о п а й т ы н а н немесе
құлжадан жасайтын едік, қала балалары
оны – сиырдың топайынан жасайды екен
(Ж. Алтайбаев, Таңд. шығ., 309).
ЗОРАКЕРЛІК з а т. ж е р г. Зорлық.
Əрине кішкене з о р а к е р л і к көрсетпесе
өздігінен ешкімнің мойынсал болатын түрі
жоқ (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 128).
ЗОРЛЫҚ з а т. Зор екендік; күшті-
лік, үлкендік. Күрес қылып, қырық
палуанымызды жықсаң, з о р л ы ғ ы ң
д ы білсем, сонда ғана сен Баршынды
алып кете бересің (Алпамыс, 112). Бұл
əлбетте, қалайда осылай жасаймын деген
з о р л ы қ т а н емес, зергерліктен туған
інжулер (М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 59).
ЗОРМАН з а т. ж е р г. Алпауыт,
зорлықшыл, қиянатшыл. – Ханғали-ау,
олардың күннен-күнге з о р м а н ғ а
айналғанынан көріп отырған жоқпыз
ба көресіні? (Қ. Тоқмырзин, Керзаман,
3, 10).
ЗОРМОЙЫН з а т. т а б у. Бұқа. –
Əкпардың ауылына апарып, з о р м о й ы н
ғ а қосып келе ғой, – деп сиырын жетектетіп
жіберді (Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 14).
Біздің ауылдың əйелдері зеңгібабаның
еркегін (бұқа) з о р м о й ы н деп əспеттейді
(Қ. Жұмаділов, Таңғажайып., 9).
ЗОРМЫЛТЫҚ з а т. к ө н е. с ө й л. Зең-
бірек. Зеңбіректі – «з о р м ы л т ы қ»,
«күлдірмамай» деп атаған (Қаз. əдеб., 07.
02. 1992, 7).
ЗУЗАЛА е т. Қажет болған жағдайда
жаралы (ауру) адамды зузаның көмегімен
тасымалдау.
ЗУЗАЛАУ Зузала етістігінің қимыл
атауы. З у з а л а у мынандай жағдайларда
о р ы н а л ғ а н : қ о л - а я ғ ы с ы н ғ а н д а ,
мертіккенде, жарақат алғанда т.б. (Қаз.
этнография., 2, 634).
Достарыңызбен бөлісу: |