Жауапты редакторлар


ЗУҺРА з а т. к ө н е. а с т р. Шолпан



Pdf көрінісі
бет57/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   168

ЗУҺРА з а т. к ө н е. а с т р. Шолпан. 

З у һ р а, яғни Шолпан жұлдызы жылдың 

əр мезгілінде аспан көгінде көрінуге орай 

əртүрлі болып туады (Қаз. этнография., 2, 

636).  Телміріп  тылсым  көкке  тіл  қатады: 

«Қайдасың,  аспандағы  з  у  һ  р  а  жұлдыз? 

Мені де өз жаныңа шақырсаңшы, Мен-дағы 

сен секілді мұңлы жалғыз» (Қ. Аманжолов, 

Шығ., 2, 27). З у һ р а жұлдызы қай уақытта 

аспанның қай жеріне барғанда дұрыс бо-

лады дегенді де біледі (Егем. Қазақст., 05. 

09. 1992, 3).


238

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЗҰЛПЫ з а т. Асыл тұқымды жампоз 

нардың қолтық, төс тұсында өсетін ұзын 

салалы бұйра жүн. З ұ л п ы н ы əйелдер 

шашқа  қосып  өретін  дəстүр  болған  (Қаз. 

этнография., 2, 636).

ЗҰРНАЙ з а т. м у з. с ө й л. Зұрна. Кер-

ней, з ұ р н а й пышақ кескендей сап болды 

(Ш. Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 221). Кенет 

бүкіл  əлемді  басына  көтере  барылдаған 

керней үні шықты. Оған шиқылдаған з ұ р 

н а й д ы ң ащы дауысы қосылды (І. Есен-

берлин, Жанталас, 75).



ЗҰРНАЙШЫ з а т. Зұрнада ойнаушы, 

зұрна  тартушы.  Ханның  аңға  аттанатын 

күні жеткенде, адыр басына кернейші, з ұ 



р н а й ш ы л а р ы шығып, бүкіл даланы ба-

сына көтере, барылдата тартып, аңшыларға 

«жиналыңдар» деп белгі берді (І. Есенбер-

лин, Алмас., 24). З ұ р н а й ш ы л а р мен 

кернейшілер құрметті мейманның өзі билеп 

кеткеніне  мəз  болып,  музыканы  құтырта 

тартты (Ш. Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 220).

ЗҮБƏРЖАТТАЙ  с  ы  н.  Зүбəржат 

секілді,  зүбəржат  тəрізді.  Бүгін  де 

түбіндегі ақты-көкті тастар з ү б ə р ж а 



т т а й жарқырап жатыр (Шамшырақ, 20. 

11. 1971, 2).



ЗЫБЫН з а т. к ө н е. Сырт киімнің бір 

түрі.  Хан  екенін  танысымен,  күз  күніне 

лайық сұр з ы б ы н, елтірі малақай киген 

суық өңді үш жігіт те үздік-создық аттан 

түсті (М. Мағауин, Аласапыран, 2, 163).



ЗЫҒЫР  з  а  т.  Зығыр  өсімдігінің  дəні, 

тұқымы. – Біздің колхоз өткен жылы қанша 

з ы ғ ы р алды? – Тоннаға жақын алдық қой 

деймін (С. Мұқанов, Сыр Дария, 601). Мы-

салы қалбырмен бидай елейді; елеуішпен 

тары, қонақ, з ы ғ ы р елейді. Ал елгезермен 

тек ұн елейді (Оңт. Қазақст., 01. 11. 1968, 4).

ЗЫҒЫР :  Зығыр  етті.  Зықысын 

шығарды,  мазасын  кетірді.  Ауылнай 

қысылып,  Ыбырайды  оңаша  шақырып 

алып  сөйлесіп,  тоқты  сой  деп  з  ы  ғ  ы  р

е т т і (Б. Майлин, Таңд., 267). Ол əлгіде 

қабағын  түкситіп  келіп,  мектеп  үйіне 

төлейтін ақшаңды қалдырмай төле деп з ы 

ғ ы р  е т і п кетті (Бұл да, 287).

ЗЫҒЫРСЫЗ  с  ы  н.  Ашусыз,  кексіз

–  Жетістірдің,  қалқам, – деді  Сары  Шая. 

Зілсіз, з ы ғ ы р с ы з, жайбарақат айтты

(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 238).



ЗЫҒЫРЫҚ: Зығырық атқызды. ж е 

р г. Зықысын шығарды, ығыр етті. Пионер 

ұйымының  ісімен  таныс  емессіңдер  деп 

класс жетекшілерін де з ы ғ ы р ы қ  а т қ ы



з а д ы (А. Жұмаділдин, Сең бұзыл., 108).

ЗЫҚҚЫ: Зыққы көрді. с ө й л. Зықысы 

шықты. Кемпір де бұрынғы келінінен з ы қ 

қ ы  к ө р і п қалған ба, артық сөз айтпайды 

(Б. Тоғысбаев, Ақтоты, 143).



ЗЫМЫРЫҚ... З ы м ы р ы қ – ертегі 

мен  аңыздарда  кездесетін  мифологиялық 

образ (Қаз. этнография., 2, 639).

ЗЫМЫСТАНДЫҚ  з  а  т.  Қулық, 

сұмырайлық.  Басқа  адам  болса,  бір  з  ы 

м ы с т а н д ы қ жасар ма еді кім білсін

(А. Нұрманов, Құлан., 69).



ЗЫҢҒУ  Зыңғы  етістігінің  қимыл 

атауы

ЗЫҢҒЫ  е  т.  с  ө  й  л.  Зыңылдау, 

шыңылдау,  зың  ету.  Мың  түрлі  үн  құлақ 

түбінен з ы ң ғ ы п өткенде ес-тұстан айры-

лып, мəңгіп қалады бір уақ (Ж. Қорғасбек, 

Жынды қайың, 14).



ЗЫПТУРЫН с ы н. 1. Зып ете түсетін, 

зып  беретін;  тез  жүретін. «Том  мен 

Джерри»  мултфильміндегі  дəу  мысықтан 

қашқан екі з ы п т у р ы н тышқан секілді 

бас сауғалаймыз да жүреміз (Б. Омарұлы, 

11-ші қаламұш, 235). 2. а у ы с. Зыпылдақ, 

су жұқпас (адам). Бұл з ы п т у р ы н н а н

басқа  не  күтуге  болады? (З.  Қабдолов, 

Менің Əуезовім, 114).

ЗЫРАҚ з а т. ж е р г. Кəшек. Қораның 

ығына з ы р а қ шөп шашып, қойды соған 

иіріп тастапты (С. Лəмбеков, Əке жолы, 42).

ЗЫРҒОРДА:  Зырғорда  болды.  ж  е  р 

г. Зəрезап болды. Тағдырдың қиындығына 

жаншылып, əбден з ы р ғ о р д а  б о п қалған 

жүрек  əлденеден  шошынғандай  дір  ете 

түсті (Е. Тұрысов, Ақбақай, 4).

ЗЫРСАТЫ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Лифт

Тоғызыншы қабаттағы пəтеріне з ы р с а 



т ы м е н көтеріліп бара жатып та, жарты 

аспандағы жайынан төмен түсіп келе жа-

тып та өз жайын ойлайды (Қ. Тоқмырзин, 

Керзаман, 3, 273). З  ы  р  с  а  т  ы  сол  ме-

зетте  төменге  жетіп,  ысырмалы  есік  қақ 

жарылған (Бұл да).



ЗЫРТҰЯҚ: Зыртұяқ болды. Қашып-

пұсып  күн  көрді,  зыр  қақты.  Қажыгелді 

лаңынан шошынды көріп, з ы р т ұ я қ  б о л 



ғ а н Əнбияның намазынан жаңылып, есінен 

адасуы тегін емес (Ғ. Білəл, Ғасырлық., 80).



ЗЫРЫЛДАУЫҚ  з  а  т.  Қаңылтыр 

қораптың ішіне темір немесе тас салып, 

239

Байынқол Қалиев

оны шыр айналдыру арқылы малды үркіте 

айдайтын құрал. Сол-сол-ақ екен, далақтай 

шапқан  шабармандар  құлын-тайы  аралас 

қылқұйрықтар үйірін з ы р ы л д а у ы қ 

п е н үркіте айдап, қалың əскердің үстіне 

қаптатты  да  жіберді  (А.  Əшімұлы,  Шығ. 

жин., 5, 49). Əлдеқайдан келіп қалған əлде 

кім  з  ы  р  ы  л  д  а  у  ы  ғ  ы  н  зырылдатып, 

біздің жылқыны қуа жөнеліпті (Қ. Исабаев, 

Серт, 145).



ЗЫТҚЫР  с  ы  н.  Білмейтіні  жоқ,  қу, 

сұм. – Тоқа  əдейі  келгесін  Шерəлінің 

қарындасынан бірдеме біліп кетуіміз керек 

қой... – Əй, з ы т қ ы р с ы ң-ау, Сансызбай... 

(О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 43).



ЗЫТТЫБАЙ з а т. с ө й л. Бір нəрседен, 

біреуден  қашып  жүретін,  жоламайтын 

адам.  Шынымен  осы  Сейтназар  құл-

қын  қамын  ойламайтын  ақ  жүрек  пе, 

əлде анау-мынауға арандағысы келмейтін 

з ы т т ы б а й м а (О. Сəрсенбаев, Бақыт 

құсы, 54).



ЗІДІ з а т. ж е р г. Негізі, жаратылысы. 

Əкесі бірер жыл есепші болған, бірер жыл 

қойма ұстаған, ісіне адал, з і д і жуас адам 

еді (Н. Дəутайұлы, Аты жоқ., 16).



ЗІЛ з а т. к ө н е. Мүйізтұмсық. Қазақ 

«піл ауыр ма, з і л ауыр ма» дейді. Бұл жерде 

«з і л» деп мүйізтұмсықты айтып отыр (Қаз. 

əдеб., 09. 08. 2013, 4). 



ЗІЛ:  Зіл  түсті.  Өсімдік  зіл  ауруымен 

ауырды. З і л  т ү с к е н бидайдың сабағы 

тез  сынғыш  келеді.  Оның  үстіне  бидай 

дəн  салмайды,  салса  дəні  сапасыз  бола-

ды  (Қазақст.  ауыл.  шаруаш., 1969, №6, 

26).  Пісіп  кеткендіктен  бе,  жоқ  əрі-бері 

тасып  жүргеннен  босады  ма,  сол  қауын-

ның үштен біріне жуығына з і л т ү с і п

шіріп, ит жемеске айналды (Жұлдыз, 1970, 

№10, 105).

ЗІЛДЕН  е  т.  Ауырлау,  салмақтану. 

Дымқыл тартқан ер-тұрман з і л д е н е түсті 

(Ш. Айтматов, Ерте келген., 108).

ЗІЛДОЙЫР с ы н. Қаһарлы, дойыр, ұр 

дажық. Байқара шектінің тоқымы қаннан, 

тақымы  терден  кетпейтін  з  і  л  д  о  й  ы  р 

жуан  аталарынан  емес-ті  (Ə.  Кекілбаев, 

Үркер, 462).



ЗІЛ-ЗІМІР з а т. Зілдей ауырлық. Есін 

жиған  кезде  өзін  тұтастай  тұмшалап 

алған  ақмұнар  сейіліп,  төбесінен  төмен 

басқан з і л-з і м і р д е н жеңілейіп қалады 

(М.Айымбетов, Құмөзек., 50).

ЗІЛМАУЫРЛЫҚ  з  а  т.  Ауырлық, 

зілдейлік.  Сырттай  қарағанда  сылбыр 

көрінетін жігіттің табандап жатып алатын 



з і л м а у ы р л ы ғ ы бар екенін Тоқтарбай 

Қуаңдарияға  келгелі  бері  танып-біліп 

үлгерген (О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 176).

ЗІЛСАНДЫҚ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Құнды 

қағаздар  мен  заттар,  ақша  сақтайтын 

өте  ауыр  темір  (шойын)  сандық;  сейф. 

Есентай  з  і  л  с  а  н  д  ы  қ  т  ы  ң  өзінің 

туған  күні  мен  туған  жылынан  тұратын 

құпия  сандарын  дөңгелетіп  теріп  шықты

(Ж. Қорғасбек, Жынды., 235). Ол кабинетте 

өзінен басқа ешкім жоқ болса да, з і л с а н 



д ы қ т ы ң аузын бар денесімен қалқалай 

қойды (Бұл да).



ЗІЛСУ Зілсі етістігінің қимыл атауы

ЗІЛСІ  е  т.  Ызғар  төгу,  зілдену. – 

Оны  бөтен  көрсеңдер  өз  обалдарың 

өздеріңе! – деп Қасым ауылнай з і л с і д і 

(Ж.Тілепбергенов, Ізбасар, 85).



ЗІЛТЕМІР...  З  і  л  т  е  м  і  р  көтеріп, 

күш-жігерлері  мен  кəсіби  шеберлігін 

ұрымтал  сəтте  тиімді  пайдаланғандар 

алғашқы жүлделерін Қазақстан қоржынына 

салғанын  атап  айтуға  болады  (Егем. 

Қазақст., 15. 05. 2009).



И

И:  И  сіңді  болды.  И  сіңіп  болды,  иі 

қанды. Сосын и  с і ң д і  б о л ғ а н теріні 

кермеге іліп, қырғышпен қырады, шелиді, 

шелін алады (Жалын, 1973, №1, 83).

Иі бос. Жуас, момын, ширақ емес. Ебін 

тауып,  дені  сау,  ширақ  сəбиді  өздерінің 

жарыместеу, и і  б о с деп есептейтін жаңа 

туған  балаларымен  ауыстырып  алудың 

амалын  іздейтін  көрінеді  (Қ.  Толыбаев, 

Бабадан., 189).



ИВРИТ з а т. Еврей халқының ұлттық 

тілі.

ИВРИТШЕ ү с т. Иврит тілінде (сөй-

леу). – Онда неге Израиль и в р и т ш е сөй-

лейді? Олардан өзге бірде-бір ұлт ол тілде 

сөйлемейді ғой (Жас Алаш, 17. 08. 2012, 7).


240

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ИГРЭК  з  а  т.  м  а  т.  «Икстен»  кейінгі 

белгісіз  санның  шартты  таңбасы-

ның аты. Қиналып отырғандығы сондай: 

«Икс тең болады түбір астында «а» жəне



и г р э к», - деген даусы да шығып кетеді 

(М. Қабанбаев, Жиһанкез., 194).



ИГУАНА... И г у а н а л а р – теңіздегі 

тіршілік  ортасын  игерген  бірден-бір 

кесірткелер  (Су  асты.  тіршілік, 69).

И г у а н а л а р ең ыстық түскі мезгілде 

қоректенгенді  ұнатады.  Тойып  алған  соң 

жылыну үшін жағаға асығады (Бұл да).

ИДЕАЛДАН е т. Биік мұратқа, асқақ 

арманға (идеалға) айналу, үлгі болу. Тіпті 

Үсен деген (Асан мен Үсен) есімнің өзі и д 



е а л д а н д ы (Б. Омарұлы, Қаратерең., 34).

ИДЕАЛДАНУ  Идеалдан  етістігінің 

қимыл атауы

ИДЕАЛИЗАЦИЯЛА  е  т.  Идеалға, 

асқақ  арманға  айналдыру. – Кім  даланы 

и д е а л и з а ц и я л а п отырған? – деп 

Байсал енді кіділене қалды (О. Сəрсенбаев, 

Жақсының көзі, 71).

ИДЕАЛИЗАЦИЯЛАУ Идеализацияла 

етістігінің қимыл атауы. – Түсінем ғой, 

əрине. Дегенмен, даланы бүйтіп и д е а л и з 



а ц и я л а у ғ а өз басым түгелдей қарсымын 

(О. Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 71).



ИДЕОЛОГИЯСЫЗДЫҚ з а т. Қоғам 

идеологиясының  жоқтығы.  Тіпті  и  д  е  о 

л о г и я с ы з д ы қ т ы ң өзін идеология 

ретінде  қабылдау  басым  (М.  Шаханов, 

Мəңгүрт., 51).

ИДЕЯЛАС...  Айқас  қана  жеткізеді 

жеңіске, Жеңіп қана ел болдық біз ірі алғаш, 

Ауған, араб, неміс те Бізбен бірге и д е я л а с,

 ұрандас (Ж. Нəжімеденов, Ұрпағым., 165).



ИЕГЕР

1

  з  а  т. 1. Бір  нəрсеге  ие  бо-



лушы,  иеленуші,  меншіктенуші.  Ол  кісі 

республикалық  дербес  пенсионер,  еңбек 

ардагері, «Құрмет  белгісі»  орденінің  и  е 

г  е  р  і  (Лен.  жас, 26. 04. 1988, 4). 2. Бір 

нəрсені  ойлап  тапқан  адам,  автор.  Енді 

ешкім де осы тектес дəрі жасап, оған и е г 



е р бола алмайды. Өйткені «қызылмайды» 

ойлап тапқан адам бар (Алм. ақшамы, 04. 

03. 1993, 4).

ИЕГЕР

2

 з а т. ж а ң а. Лауреат. Кейінгі 

10-15  жыл  ішінде  жаңадан  жасалған 

телеəңгіме, тыңгер, саяжай, бомбапана, и е 



г е р (лауреат) сияқты неологизм сөздердің 

ескерілгені  қуантады  (Қаз.  əдеб., 08. 09. 

1989, 6).

ИЕГЕРЛІК  з  а  т.  Ие  болушылық, 

иемденгендік. И е г е р л і к – оңай шаруа 

емес (Қаз. əдеб., 31. 08. 1990, 11).



ИЕГЕРШІЛІК  з  а  т.  Ие  болушылық, 

иеленушілік. Осылайша жас ұрпақ халықтық 

мұраға сеніммен и е г е р ш і л і к ете алады 

(Қ. Толыбаев, Бабадан., 76).

ИЕКТІК  з  а  т.  Кимешектің  бет 

ойығынан төменгі, адамның иегінің асты-

на келетін бөлігі (Қаз. этнография., 2, 646).

ИЕКТІЛЕУ  с  ы  н.  Иегі  үлкендеу, 

шығыңқылау.  Кескін-келбеті  жоғарғы 

қ а у ы м н а н   ш ы қ қ а н ы н   а ң д а т а -

ды.  Мұрындылау,  и  е  к  т  і  л  е  у,  киінген 

түрі  де  келісімді  (Ғ.  Мүсірепов,  Жат 

қолында, 226).

И ЕЛ Е Н Д І РУ. . .   Б і зд і ң   з а м а н ы -

мызда  кешегі  ұлылық  үлесін  бүгінгі 

қарабайырлыққа и е л е н д і р у сирек те бол-

са кездесетін жай (Жалын, 1974, №6, 16).



ИЕЛЕНІЛУШІ  з  а  т.  Иелікке  өткен 

зат;  меншіктелуші.  Бірақ  тəуелдеу  кате-

гориясы үнемі иеленушіні (меншіктеушіні) 

жəне и е л е н і л у ш і (меншіктелуші) затты 

ғана білдіріп қоймайды, бір заттың басқа 

бір затқа қатысын да білдіреді (Қазіргі қаз. 

тілі, 223).



ИКАМАТ  з  а  т.  а  р.  д  і  н  и.  Намазға 

тұру. Намазға тұру (и к а м а т) мен на-

маз оқу алдында құбыланы (қибла – намаз 

оқығанда бет бұратын жақ) айқындау жайы 

да ұмыт қалмаған (Егем. Қазақст., 14. 12. 

1991, 6). 

ИКЕМДЕЛІҢКІРЕ е т. Аздап икемделе 

түсу, ыңғайлану. Кім не десе, о десін, олар 

қыстық  қара  дарбыз,  т.б.  өсіріп,  нарыққа



и к е м д е л і ң к і р е п қалған (М. Байғұт, 

Бұла бұлақ, 199).



ИКЕМДЕЛІҢКІРЕУ  Икемделіңкіре 

етістігінің қимыл атауы

ИЛАШАРЫҚ з а т. ж е р г. Амал, айла. 

Сынадай кірігіп, ауыз бірлікпен үй шетінен 

үй жалғап, домбайлап и л а ш а р ы қ етті 

(Лен. жас, 09. 01. 1973, 4).



ИЛАНЫС Илан етістігінен жасалған 

ортақ  етіс.  Алғаш  қорқатын,  алайда 

бірсін-бірсін күмбезден қамқор, аспаннан 

абзал əлем жоқ екеніне имандарымен и л а 

н ы с қ а н (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 58).

ИЛАНЫСУ Иланыс етістігінің қимыл 

атауы

ИЛƏҺИ//ИЛƏҺИМ з а т. а р. Құдай, 

құдайым,  құдірет  д.м.  Жылармын  сені 


241

Байынқол Қалиев

ойласам күн мен түні, И л ə һ и, кінəлі етпе, 

мен құлыңды (Бабалар., 1, 55).

ИМАН: Иманға ұйыды. д і н и. Аллаға 

сенді, мұсылмандық парызын өтеді. Ораза 

біткеннен  кейін  барлық  мұсылман  қауым 

мешітке жиналады. Сол арада и м а н ғ а 

ұ й ы п, айт намазын оқиды (Қ. Толыбаев, 

Бабадан., 16).



Иман  ету.  д  і  н  и.  Ислам  дінінің  бес 

парызының  біреуі.  Ислам  дінінің  бес  па-

рызы бар. Олар: и м а н  е т у, намаз оқу, 

қажылыққа  бару,  ораза  ұстау,  зекет  беру

(Қ. Əбілқайыр, Текес., 207).



Иманынан жұрдай болды. Иманынан 

айырылды,  имансыз  болды.  Олла,  билла, 

көгермейін,  көктемейін,  жалшымайын, 

оңбайын,  қызығымды  көрмейін,  опа  тап-

пайын, несібемді ит жесін, и м а н ы м н а н



ж ұ р д а й  б о л а й ы н, – деп ант-су ішіп 

шұбырта жөнелді (Жұлдыз, 1972, №4,34).



Иманын  бір  уыс  қылды.  Иманын 

ұшырды,  қорқытты.  Біраздан  бері  құла-

ғымның етін жеп бітіріп еді, кеше и м а н 



ы м д ы  б і р  у ы с  қ ы л д ы (М. Сқақбаев, 

Қырық қыз, 19).



Иманың  күйгір!  қ  а  р  ғ.  Имансыз 

қалғыр, иманыңнан айрылғыр! И м а н ы ң 

к ү й г і р д і ң шімірікпей айтып тұрғанын 

қарашы! –деп шабарман сегізкөзден теуіп-

теуіп жіберді (К. Мұқажанұлы, Ортеке, 89).

ИМАНƏЛІ з а т. б о т. Таулы аймақта 

ерте көктемнен бастап күзге дейін өсетін 

шөп (Алматы обл.).

ИМАНГЕРШІЛІК  з  а  т.  Иманы 

барлық, имандылық. Қызара білетін жаны 

жұқа жандардың өн бойынан теңдесі жоқ 

сұлулықтың,  и  м  а  н  г  е  р  ш  і  л  і  к  пен 

шыншылдықтың лебі еседі (Т. Əбдікұлы, 

Парасат., 37). Алғашқы күні жаралыларды 

зембілге  салып,  оны  тұтқындар  көтеріп, 

адами қауымға тəн и м а н г е р ш і л і к рəсімі 

жасалған болатын (Бұл да, 114).



ИМАНЖҮЗДІЛЕУ  с  ы  н.  Жылы 

жүзділеу,  кішіпейілдеу.  Үй  іші  и  м  а  н

ж ү з д і л е у көрінді (Ж. Молдағалиев, Алғ. 

қоңырау, 61).



ИМАНЖҮЗДІЛІК з а т. Ар-ұяты, има-

ны  барлық.  Олардың  қай-қайсысы  да 

адамдыққа, и м а н ж ү з д і л і к к е, мəдениет-

тілікке тəрбиелейді (М. Арын, Бес анық, 62).

ИМАНСУ: Имансу ішкізу. д і н и. Көз 

жұмар  алдында  науқас  адамның  аузына 

дем салынған су тамызу салты. И м а н с у

і  ш  к  і  з  у  көз  жұмғалы  қиналып  жатқан 

адамның  жұмаққа  деген  сенімін  артты-

рып, жанының қиналмай тезірек шығуына 

мүмкіндік  жасайды  (А.  Нүсіпоқасұлы, 

Ағаш бесік, 5, 58).

ИМЕКТЕ е т. с ө й л. Бір нəрсенің басын 

ию, имек жасау. ≈ Ол кезде қармақ жоқ. Біз 

зымның ұшын ұштап, басын и м е к т е п, 

өзіміз қармақ жасап алушы едік. 

ИМЕКТЕУ Имекте етістігінің қимыл 

атауы.

ИНАҚ

1

  з  а  т.  к  ө  н  е.  Əтек  етілген, 



тарттырылған  ер  адам.  Берке  ханның 

ж а р л ы ғ ы   б о й ы н ш а   е с і р е й   к ə п і р 

Коломонның мұсылман дініндегі қыпшақ 

қызы Құндызды қатын етіп алуды ойлаған 

күнəсі  үшін  и  н  а  қ  етіп  тартылсын

(І.  Есенберлин,  Алтын  орда, 1, 132). 

Қатындар  ауылында  еркек  некен  саяқ. 

Оның  өзінде  де  тек  и  н  а  қ,  ат  тəрізді 

кестірілгендер (Бұл да, 1, 78).

ИНАҚ

2

 з а т. к ө н е. Хан сарайындағы 

жоғары лауазымды, ең ықпалды шонжар; 

хан  кеңесшісі.  Моғолстанның  жоғары 

қызмет  баспалдағында  и  н  а  қ  т  а  р 

(хан  кеңесшілері),  миршикар  (аңшылық 

бастығы),  сондай-ақ  наиб («орынбасар») 

жəне  басқа  қызметтерді  атауға  болады 

(ҚазССР тарихы, 2, 198). Хиуаның и н а қ 



т а р ы Жолбарысты тақтан түсіреміз деп 

біраз  қомпаңдасқан  екен  (Ə.  Кекілбаев, 

Елең-алаң, 66).

ИНАЛ к ө н е. Əкесі қара қазақ, шешесі 

хан тұқымынан шыққан кісі; ақсүйектер 

қатарына  жатады.  Бірақ  хан  тағына 

отыруға  хақы  жоқ.  Осындай  жағдайда 

Бату  өзінің  бір  қызын  Манғыт  жігітіне 

береді.  Одан  Ноғай  деген  и  н  а  л  туады 

(І.Есенберлин, Алмас., 32).



ИНАЯТТА  е  т.  Жамандау,  өсектеу, 

сөз  ету;  тілдеу,  боқтау. – Қабағы  қату 

болғанымен сəлемі түзу көрініп еді. Босқа 



и н а я т т а м а й ы қ! (С. Сматаев, Елім-

ай, 2, 184).



ИНВЕРСИЯЛАН  е  т.  Сөйлемдегі 

сөздерді орнын ауыстырып қолдану. Бұхар 

қолданған эпитеттер и н в е р с и я л а н ғ 



а н тіркестер болып келеді (Р. Сыздықова, 

XVIII-XIX ғ. қаз. əдеб. тілі., 79).



ИНВЕРСИЯЛАНУ  Инверсиялан 

етістігінің қимыл атауы

ИНДИЯЛЫҚ с ы н. с ө й л. Үнділік. – 

Біз өсіріп отырған күріштен кореялықтар 



242

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

мен и н д и я л ы қ т а р күріші де тұқымы, 

сорты жағынан едəуір кейін (Ə. Ибрагимов, 

Нағыз қайнар, 60).



ИНЕ: Инеден жаңа шыққандай. Жап-

жаңа, су жаңа. Үстінде аппақ көйлек, бүгін 

ғана и н е д е н  ж а ң а  ш ы қ қ а н д а й 

қара костюм. Кеудесі толған ордендер мен 

медальдар (І. Есенберлин, Маңғыстау, 133).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет