Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет61/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   168

КЕЛДІЛЕ  е  т.  «Келді,  келді»  деп 

қайталап айту. Сол кезде «апам к е л д і л 

е  п»  айқайлаған  Темірхан  шүйкедей  қара 

кемпірді ертіп үйге кірді (Лен. жас, 12. 09. 

1974, 4).

КЕЛДІЛЕУ Келділе етістігінің қимыл 

атауы

КЕЛЕБЕ з а т. Жиын, топ. Бұл к е л е 

б е д е н аяйтын, аянатын түгім жоқ – деп, 

Өтебай да көтеріліп алды (М. Əуезов, Қилы 

заман, 41).

КЕЛЕ-КЕЛЕ о д. Түйені шақыру иша-

раты (сөзі). – Ал к е л е-к е л е түйең болса, 

қалай шақырасың? – К е л е-к е л е, көс-көс! 

(Н. Қазыбеков, Дала., 22).

К Е Л Е Л І   с   ы   н .   К е л е - к е л е г е 

топтастырылған  (бөлінген).  К  е  л  е  л 

і  түйем  ішінде  Қайырлы  бураға  ұсаған, 

Қайырлы  туған  Қобылан,  Ботам,  сенен 

айрылдым (Қобыланды батыр, 98). Жайлау 

шетіне  келгенде  бауырсақтай  жайылған 

қора-қора қойға, к е л е л і түйе мен үйірлі 

жылқыға кез болдық (Оңт. Қазақст., 12. 10. 

1962, 3).

КЕЛЕҢ з а т. к ө н е. Кегеннен төменірек 

діни атақ. Əр жердегі күресінде тұратын к 

е л е ң і кəдімгі өзіміздің ежелгі атамекен 

Қарқараны  мекендеп  отырған  кегеніне 

бағынады екен (Ж. Тұрлыбаев, Тамыз таңы, 

279). Қаскелең деген к е л е ң і бар дейді 

(Бұл да).

КЕЛЕҢСІЗДІК...  Бірақ  ол  ойындағы 

сөзін айтпады. Бір сапарға сұлтанның к е 



л е ң с і з д і г і н кешірген (Қ. Тоқмырзин, 

255

Байынқол Қалиев

Керзаман, 3, 11). Мұны к е л е ң с і з д і к 

демеске шараң да жоқ (Ш. Мұртазаев, Қара 

маржан, 6). Қабағына қарап, к е л е ң с і з 



д  і  г  і  м  д  і  ұқтым.  Үн-түнсіз  шашылған 

гүлдерді  жинай  бастадым  (Б.  Нұржекеев, 

Күй толғақ, 87).

КЕЛЕПАЙ з а т. с ө й л. Галифе. Бізге 

керегі өзіңіз сияқты мұрттысы, к е л е п а й

шалбарлысы,  былай  татып  алары  бары

(Ұ. Доспанбетов, Ел есінде, 86).



КЕЛЕПАН  з  а  т.  м  и  ф.  Ешкінің  ең 

асылы  (жақсысы,  жүйрігі).  Бұрынғы 

бақташы қазақ арман еткен: түйеде – жам-

поз, жылқыда – тұлпар, сиырда – тынжы, 

қойда – құтпан, ешкіде – к е л е п а н десе, 

итте – құмай, адамда – алып, ал қасқырда – 

сырттан дейтін (Алғы шепте., 31-32).



КЕЛЕПАНДАЙ с ы н. Үлкен, арбиған. 

Əуелі маңдайшадан басын өткізді де, к е л 



е п а н д а й аяғымен табалдырықты аттады 

(С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 96).



КЕЛЕС з а т. з о о л. Құмды жерлерде 

тіршілік  ететін,  денесі  ірі  кесерткі  (ва-

ран).  Дəулет  к  е  л  е  с  т  і  ұстап  əкеп  еді, 

түсі суық-ақ екен. Айбарша к е л е с т і ң 

түсінен қорықса, Дəметкен ісінен қорықты

(С.  Мұқанов,  Таңд.  шығ., 5, 101). - Əй, 

сендер к е л е с т і білесіңдер ме? К е л е с 

деген не? Білмесең, мына бізден сұра к е л 



е с т і ң не екенін! – деп Айбар төсін қақты 

(С. Байжанов, Ақ маржан, 47).



КЕЛТЕ: Келте сонарҚыстың басын-

да таңға жақын жауған аз ғана қардан соң 

аңға шығу (Қаз. этнография., 3, 42). Қазы 

аңға  жиі  шығатын.  Ұзақ  сонар,  к  е  л  т  е

с о н а р, қан сонар деп аталатын, жаңа қар 

жауған, түлкі қағуға қолайлы күндерді құр 

жібермейді (М. Мағауин. Қиянда., 188).

КЕЛІ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Кило.  Қаладағы 

57 кафенің əрқайсысы 70 к е л і бауырсақ 

дайындап, 120 литрден наурызкөже пісіріп, 

бұларды  кеушілерге  тегін  таратқан  (Жас 

Алаш, 24. 03. 2011, 1). 17 жасар  Брук 

Грицбергтің бойының ұзындығы – 76 см, ал 

салмағы – 7 к е л і (Айқын, 2010, №82, 32).

КЕЛІ: Келі түбі. Ертедегі салықтардың 

бір  түрі.  К  е  л  і    т  ү  б  і  м  деп  алады, 

Кеусенім деп алады, Ұтыра зекет деп ала-

ды, Қошақ зекет деп алады. Арқадан келген 

сор найман Аң-таң болып қалады (Ертедегі 

əдеб. нұсқа., 140).

Келі  шабу.  Кептірілген,  жарығы 

жоқ  жұмыр  ағаштан  алдымен  келінің 

сыртқы  пошымын  келтіріп  алу,  содан 

кейін оның ішін қуыстап ою. К е л і  ш а 

б  у  –  қазақ  ағашшылық  өнерінің  өмірлік 

түрі (Қ. Толыбаев, Бабадан., 254). К е л і



ш а б у ғ а қарағаш, терек, емен, тораңғы 

т.б. ағаштардың дөңбектері пайдаланыла-

ды (Бұл да).

КЕЛІАУЫЗ з а т. Келі түйгенде ішіндегі 

дəн шашылмасын деп, келінің аузына орап 

қоятын нəрсе. Сонан соң ғана к е л і а у ы з 

кигізілген келіге салып түйетін (Қаз. əдеб., 

01. 03. 1985, 14).

КЕЛІ-КЕЛСАП з а т. Келі мен келсап, 

екеуі бірге. К е л і-к е л с а п – тары, бидай 

т.б.  дəнді  дақылдарды  түйетін,  ұнтайтын 

қатты  ағаштан  жасалған  құрал  (ҚСЭ, 5, 

350). 


КЕЛІМ з а т. Үйге келген кісі, келуші. 

К е л і м і мен кетімі көп үйдің кірісі мен 

шығысы да көп (М. Тиесов, Əңгім., 28).



КЕЛІМ:  Келімін  келтіріп.  Келісті 

етіп,  жақсылап  (тəрбиеледі). – Байсал 

жаман  бала  өсіруші  ме  еді,  бұл  ұлын  да 

кенжесі болғанмен к е л і м і н  к е л т і р і п

тəрбиелепті (А. Мекебаев, Аңызақ, 31).



КЕЛІН: Келін құтты болсын. «Келін-

нің аяғымен үйлеріңізге құт кірсін» деген 

тілек. Келін түсіргендерге «к е л і н  қ ұ т

т ы  б о л с ы н» деу керек (А. Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 2, 39).



Келін табақ. э т н. Келіндерге арналған 

сыбаға табақ. К е л і н т а б а қ – күйеу 

табақ  секілді  келіндерге  арналған  сый-

құрмет табағы. Оған да төс, асықты жілік, 

белдеме,  қабырға,  ұлтабар  салынады

(А.  Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш  бесік., 3, 14). 

Күйеу  табаққа – асықты  жілік  пен  төс,



к е л і н  т а б а қ қ а – төс, ұлтабар жəне 

жүрек, қыз табаққа – жақ пен тіл, жүрек, 

бүйрек, құдағи табаққа – жамбас, асықты 

жілік пен сүбе қабырғалар салынады (Ата 

салты., 145). 

КЕЛІНДІК  з  а  т.  Келін  болатындық, 

келінге  жарарлық.  Біздің  тақыр  жер-

ге  қарап  отырған  əкейді  тең  көріп,  кім 

кəмелетке келген саңлақ қызын к е л і н д і к

к е ұйғарды дейсің (Жұлдыз, 1973, №5, 6). 

Қанша шешей «мына екі қыздың қайсысы



к е л і н д і к к е қолайлы» деген ойдан ары-

ла алмай қойды (Лен. жас, 06. 07. 1974, 1).



КЕЛІНШАЙ  з  а  т.  Жаңа  түскен 

келіннің  ауылдағы  енелері  мен  абысын-

дарына  арнайы  жайылған  дастарқанда 

256

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

шай  құйып,  қызмет  көрсету  рəсімі  (Қаз. 

этнография., 3, 52).



КЕЛІНШЕКБОЗДЫ с ы н. Келіншекбоз 

өскен, келіншекбозы мол. Құмның жотала-

ры  сексеуілді,  ойпаттары  жусанды, 

ебелекті, к е л і н ш е к б о з д ы, селеулі, 

қоян-сүйекті, теріскенді болып келеді (Лен. 

жас, 31. 01. 1973, 1).

КЕЛІНШЕ  ү  с  т.  Келін  сияқты,  ке-

лін тəрізді. ≈ Ол к е л і н ш е иіліп сəлем 

берді. 


КЕЛІНШЕКШЕ  ү  с  т.  Келіншек 

тəрізді,  келіншек  сияқты.  Қар  кеткеннен 

кейінгі  бусанған  қара  жер  жібек-желек 

жамылған сұлу к е л і н ш е к ш е жасарған 

(С. Сейфуллин, Əңгім., 67).



КЕЛІНШЕЛЕТ е т. Келін тəрізді ету, 

келін құсату. Қатындар келінді к е л і н ш е 

л е т і п, үйдің артын айналдырып, отауға 

кіргізді (Ж. Аймауытов, Шығ., 341).



К Е Л І Н Ш Е Л Е Т У   К е л і н ш е л е т 

етістігінің қимыл атауы

КЕЛІТҮП  з  а  т.  э  т  н.  Келі  түйіскен 

адамға берілетін кəде. Тары жасасқандарға 

«к е л і т ү п» береді. Соңында ет желініп, 

шай  ішіліп,  əзілдесіп,  көңіл  көтереді 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 3, 140).



КЕЛІСОҚ  з  а  т.  э  т  н.  Тары  түюді 

ұжымдасып  атқару  кезінде  жасалатын 

кəде. К е л і с о қ кəдесін келі түюге көмекке 

шақырған  адамның  өзі  сұратпай  берген 

(Қаз. этнография., 3, 55).

КЕЛІСПЕСТІК  з  а  т.  Келіспегендік, 

наразылық.  Ал  бұл  тұста  князьдіктердің 

қайсымызға  қайсымыз  бағынышты  болу-

ымыз  керек  деген  бақкүндестіктен  туған 

өзара қырғи-қабақтық, к е л і с п е с т і к т 



е р і күшті еді (І. Есенберлин, Шығ. жин., 

9, 416).


КЕЛІССІЗДЕУ  с  ы  н.  Көріксіздеу, 

əрсіздеу,  түрсіздеу  (А.  Мекебаев,  Аңыз-

ақ, 31).


КЕЛІСІМІНСІЗ с ы н. Келісім берусіз, 

мақұлдауынсыз,  ризалықсыз.  Тəуке  хан 

оның  к  е  л  і  с  і  м  і  н  с  і  з,  бекітуінсіз 

мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдауға 

құқы  болмаған  (Н.  Мыңбатырова,  Төле 

би., 26).

КЕЛЬТ:  Кельт  тілдері.  Үнді-еуропа 

семьясына жататын тілдердің бір тобы. 

К е л ь т  т і л д е р і н е галль тілдері мен

ирланд,  мэн,  гаэль  (шотланд),  валлий 

тілдері жатады (ҚСЭ, 5, 351). 

КЕМБАҒАЛДАУ  с  ы  н.  Аздаған 

мүгедектігі бар, кемістеу, жарымжандау 

(Ш. Мұртазаев, Қызыл жебе, 31).



КЕМБАҒАЛДЫҚ  з  а  т.  Мүгедектік, 

жарымжандылық,  кемістік.  К  е  м  б  а 

ғ  а  л  д  ы  ғ  ы  м  д  ы  біліп  қояр  деп  жүзін 

жасыратын,  ойымдағыны  оқып  қояр  деп 

көзін  алып  қашатын  жасқаншақ  көңілге 

қараңғыда батылдық кірді (Ж. Қорғасбек, 

Жынды қайың, 173). Беліне қыстырылған 

шинелінің  бос  жеңі  Атан  теңселе  басқан 

сайын  арлы-берлі  бұлғаңдап,  ұсқынсыз 

кісінің к е м б а ғ а л д ы ғ ы н əйгілеп тұр 

(Таң нұры, 20).

КЕМЕЛЕК...  Біздің  сомон  алғаш 

орнаған 1946-47 жылдары ешкіге к е м е л 



е к деген ауру келді. Ешкілер əуелі жөтеле 

бастайды,  сосын  бақырып-бақырып  өліп 

қалады (З. Қинаятұлы, Көшпенді., 28).

КЕМЕҢГЕРСУ Кемеңгерсі етістігінің 

қимыл атауы. 

КЕМЕҢГЕРСІ  е  т.  Ақылдысыну,  да-

нышпансу. К е м е ң г е р с і п уағыз соқпай, 

əр  ауылдың  ақсақалдары  Əбекең  секілді 

қонымды  ақыл  айтса  ғой  (М.  Əлімбаев, 

Көңіл күнд., 15).



КЕМЕР з а т. Қыздар мен келіншектер 

буынатын  əшекейленген,  сəнді  белдік; 

қамар. К е м е р – бес-алты елі былғары-

дан жасалған жалпақ белдік. Ал ерлердің 

күміс  белдігі  жіңішкелеу:  үш-төрт  еліден 

аспайды (Қ. Толыбаев, Бабадан., 226). Ал-

тын к е м е р белге сəн, Асыл жиһаз елге 

сəн (Лен. жас, 24. 02. 1973, 3).



Кемер  белдік.  Түрлі  асыл  тастар-

мен безендірілген, əшекейлі белдік. Суретте 

қыз бешпенті, қаптамалы шапан, к е м е р



б е л д і к (Шаңырақ, 325). Алыстан мұнар-

тып Қаратау көлбеп жатыр, алып батырдың 

көлденең тастай салған к е м е р  б е л д і г 

і н д е й (С. Сматаев, Елім-ай, 12).

КЕМЕСЕРІК з а т. к ə с і б. Кемеде бірге 

қызмет еткен, көмекші адам. Мұқаштың 

кінəсі – к е м е с е р і к болғанда Жəпектің 

еңбегін  жеген  (Ə.  Сарай,  Атырау, 27). 

Шалдар  кеме  бөлісті,  сосын  əйелдердің 

қалау-сұрауы бойынша к е м е с е р і к т е р

құрылды (Бұл да, 36).



КЕМИЕК  з  а  т.  з  о  о  л.  Астыңғы 

ерні  тартыңқы  теңіз  балығы.  Теңіз 

балықтарына мыналар жатады: майшабақ, 

сардина, қамса (анчуос), кете, құныс (гор-

буша), к е м и е к (нерка), ақсерке, скум-



257

Байынқол Қалиев

брия, семсербалық, марлин, сайра, нəлім, 

бұзаубас т.б. (Шаңырақ, 117).

КЕМПІР: Кемпір беттенді. Беті əжім-

əжім болды. Теңге жапырақтары сыпсың 

қағып төбесіне төніп тұрған саялы ағашқа 

оның к е м п і р  б е т т е н і п, əжім басып 

кеткен қожыр бұтақтарына көзі түсті (Жа-

лын, 1972, №5, 87).

КЕМПІРЕК  з  а  т.  Шəйнек  қою  үшін 

самаурынның  оттығына  кигізілетін 

шілтерлі сүйеуіш (конфорка). Ал «конфор-

ка» дегенді сөздікте «ақ шəйнек қою үшін 

самауырдың мұржасына кигізілетін шілтері 

қалпақ»  деп  береді.  Мұның  қазақшасы  –



к е м п і р е к (Қаз. əдеб., 05. 04. 1985, 15).

КЕМПІРЛЕ  е  т. «Кемпір», «кемпір» 

деп  дауыстау  (шақыру).  Сəлден  кейін 

оның «к е м п і р л е г е н» даусы шықты

(Қ. Салғарин, Соқпақ., 120).

КЕМПІРЛЕУ  с  ы  н.  Жасы  келгендеу, 

кəрілеу, қартаңдау. 

КЕМПІРШУАҚ з а т. с ө й л. Көктемнің 

немесе  күздің  онша  ыстық  емес,  жанға 

жайлы шуағы; мизамшуақ. К е м п і р ш 

у а қ – қыс ызғары қайтып, күн енді-енді 

жылына  бастаған  кездегі  күннің  шуағы 

(Қаз. этнография., 3, 60). Наурыз кеп сере 

қардың көбесі сөгілгенімен, к е м п і р ш у 



а қ жеткізер емес (Р. Отарбаев, Біздің ауыл., 

18).  Қоңыр  күздің  мынау  сығырайған  к  е 



м п і р ш у а ғ ы қасқа биенің кəрі сүйегін 

жылыта  алмай  жатқандай  көрінді  оған

(Н. Ораз, Сиқырлы., 119).

КЕМТАЛАЙ  с  ы  н.  Сорлы,  бейшара, 

бақытсыз. Қара шаңырақтарын қараптан-

қарап жығып алып жатқан к е м т а л а й 

халық аз ба? (Ə. Кекілбаев, Үркер, 69).

КЕМІРСІН с ы н. ж е р г. Кеуіп кеткен, 

құрғақ. Бір кезде қурай мен қаңбақ жүгірген 

к е м і р с і н далаға су келді (Коммунистік 

еңбек, 17. 10. 1969).



КЕНГУРУШЕ  ү  с  т.  Кенгуру  тəрізді, 

кенгуру сияқты. Қосаяқ жүгіргенде к е н г у 

р у ш е алдыңғы аяқтарын алқымына тығып 

алып, құйрықтың демеуімен артқы əлеуетті 

аяқтары  лыпып  отырады  (Ж.  Орманбаев, 

Тұзақталған., 15).



КЕНДІР  с  ы  н  Кендірден  жасалған, 

кендірден есілген. Қыл арқан, к е н д і р ар-

қандар екі иыққа жыландай оралып, хамыт 

сыртынан-ақ  қып-қызыл  таңбалар  салып 

қойыпты (Ғ. Сланов, Асау арна, 129). Күні 

бойы  оттап,  қарны  шертиіп  тойған  ақ 

қасқаның аяғын к е н д і р жіппен байласып 

та берді (Ж. Мұзапаров, Қаби қарт., 79).

КЕНЕЗЕ:  Кенезесі  қанды.  Шөлі 

қанды, сусындады. Малдың мейір к е н е з 

е с і  қ а н ы п су ішпесе, күз бойы жиған 

қоңы нəр емес, өзіне зəр болып жабысады 

(М. Айымбетов, Құмөзек., 30).

КЕНЕЛДІРУ  Кенелдір  етістігінің 

қимыл  атауы.  Қашан  көрсең  де  осылай 

қалжыңы қалтасында жүретіндей өзін де, 

өзгені де мол күлкіге к е н е л д і р у д е (Лен. 

жас, 16. 05. 1974, 2).



КЕНЕНДІК  з  а  т.  Кеңпейілдік,  дар-

қандық. Біз Мұхаңның кеңдігіне, к е н е н

д і г і н е əрі таңданып, əрі сүйсініп отырдық 

(З. Қабдолов, Менің Əуезовім, 66).



КЕНЕҢКІРЕ  е  т.  Тамағын  аздап  ке-

неу, қырнаңқырау. Дəл осы мезетте оның 

бұл ойын оқып отырғандай, Жұман тама-

ғын аз-мұз к е н е ң к і р е п, батылсыздау 

ғана: – Исеке, Қуаннан хат-хабар болып тұр 

ма? – деп сұрады (М.Айымбетов, Құмөзек., 

10).


КЕНЕҢКІРЕУ  Кенеңкіре  етістігінің 

қимыл атауы. 

КЕНЕТАЙ з а т. с ө й л. Кеней. – Ұсақ 

асықты не дейсіңдер? – «К е н е т а й» деп 

атаймыз. – «К е н е т а й» емес, «кеней» 

(Балдырған, 1971, №9, 6).



КЕНЕУЛІК  з  а  т.  Тамақтың  күш-

қуаты молдық, нəрлілік. Мұнда түйе малы 

балабақшалар мен қоғамдық асханаларды 

шипалық жəне к е н е у л і к сапасы жоғары 

сүтпен қамтамасыз етеді (Қаз. əдеб., 25. 11. 

1988, 2).

КЕНЖЕР  з  а  т.  г  е  о  л.  Минерал 

тастардың  бірі.  Кішкентай  ғана  бөлме, 

скважиналардан  алынған  к  е  н  ж  е  р 

жынысы  тастарының  бөлшектерінен  аяқ 

алып  жүретін  жері  жоқ  (І.  Есенберлин, 

Маңғыстау, 52).

КЕНІШТЕН  е  т.  Баю,  молаю,  көбею

Бұл кезде қазына да к е н і ш т е н е түсіп, 

кітапхана  қоры 7893 кітапқа  жетті  (Лен. 

жас, 22. 08. 1974, 3).



КЕНІШТЕНУ  Кеніштен  етістігінің 

қимыл атауы.

КЕҢ: Кең танау. Танауы кең, делдиген

Десе дегендей: бауыры жазық, кең сербек, 

қақпан бел, салқы төс, жұмыр бақай, қақпақ 

тұяқ, ешкі бас, салпы ерін, к е ң т а н а у,

балбұлдаған  үлкен  ала  көзді,  сымпыш 

құйрық болатын (Саятшылық, 173).



258

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Кең  тыныстылық.  Кез  келген  музы-

калық шығарманы орындау мүмкіндігі; кең 

ауқымдылық.  Соншама  қарапайым  бола 

тұрып, ұлттық аспаптардың мұншама кең 

алымды, к е ң  т ы н ы с т ы л ы ғ ы мені 

тəшін қалдырды (Лен. жас, 17. 12. 1983, 4).



КЕҢЕСТЕН е т. Кеңестік тəрбие алу, 

кеңестік  саясатпен  тəрбиелеуу.  Ұлттық 

намысы рəсуаланып, ұлттық даңғыл даму 

жолынан  адасып,  оңы  мен  терісін  ажы-

рата алмай к е ң е с т е н г е н, тілі, ділі 

орыстанған  жергілікті  қалалық  қазақтар 

еді (Қалибек Хакім., 74).



КЕҢЕСТЕНУ  Кеңестен  етістігінің 

қимыл атауы. 

КЕҢЕСТІК  с  ы  н.  Кеңес  үкіметіне 

тəн,  соған  қатысты.  Ұлттық  санасы  к  е 

ң е с т і к сүргіден өтіп, типылданып бас 

көтермей жапырылып, иленіп, тегістелген 

мұндай ортада Оралтай көзге түсер оғаш 

тұлға екені рас (Қалибек Хакім., 74).



КЕҢҚОЛТЫҚ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Жөнек 

(түйе тұқымы). Жөнекті Бұхарда «к е ң қ о 

л т ы қ» деп атайды (Қазақша мал атау., 50).

КЕҢПЕЙІЛСУ Кең пейілсі етістігінің 

қимыл атауы. Тас-талқан болып ашулану 

себебін, енді шұғыл өзгеріп, к е ң п е й і 



л с у і н і ң мəнісін сұрады (Т. Нұртазин, 

Мұрат, 82).



КЕҢПЕЙІЛСІ  е  т.  Пейілі  кең  адам 

болып көріну, жомартсыну. 

КЕҢСАБА  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Кеңпейіл, 

ашық жарқын. Ол – к е ң с а б а, кермиық 

адам (Ш. Құмарова, Əйел шырағы, 131).



КЕҢСЕЛЕС... Мұны көргенде «мынау 

адам болайын деген екен» деп, к е ң с е л 



е с жолдастары əрі таңданып, əрі қуанып 

қалыпты (О. Сəрсенбаев, Жақсының көзі, 

242).  Тап  қазір  де  мұның  аузына  қараған 

кейбір к е ң с е л е с т е р г е кесімді кеңес 

тауып беру қиынға түсіп тұр (О. Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 193).



КЕҢСІРІКСІЗ  с  ы  н.  Кеңсірігі  жоқ, 

кеңсірік  жасалмаған  (жүген,  ноқта). 

Тізгінсіз, сағалдырықсыз, к е ң с і р і к с і з,

шаужайсыз жүген болуы мүмкін, бірақ ауыз-

дықсыз жүген болмайды (Ата салты., 107).



КЕҢСІРІКТІК  з  а  т.  Жүген  мен 

ноқтаның кеңсірік үстін басып тұратын 

бөлігі.  Жүген  екі  жақтау,  сағалдырық,

к е ң с і р і к т і к, кекілдік деп аталатын 

бес  бөлшектен  құралады  (Қазақст.  ауыл 

шаруаш., 1970, №10, 62). Ат  жүгендері 

де  едəуір  күрделі.  Одан  сағалдырықты, 

кекілдірікті, к е ң с і р і к т і к пен сулықты 

анық ажыратуға болады (Лен. жас, 26. 05. 

1977, 3).

КЕҢТЕРІЛІ  с  ы  н.  Терісі  кең,  шы-

дамды, көнпіс. – Жанай, сен ағаңның бір 

еркелігін көтере сал. Ақын деген к е ң т е р 



і л і болмаққа керек (Т. Əлімқұлов: Жұлдыз, 

1973, №3, 40).



КЕҢШАР  з  а  т.  «Кеңес  шаруашылы-

ғы» деген күрделі сөздің қысқарған түрі; 

совхоз.  Ең  қызығы  сол,  келесі  күні  к  е  ң

ш  а  р  д  ы  ң  еңбек  озаттары  түгелімен 

жұмысқа шықпай қалды (Ə. Асқаров, Өр 

Алтай., 377). Кəбірдің өзі к е ң ш а р д ы ң

жұмысымен  ерте  кетіп,  кеш  келеді

(С. Рахымбек, Айдында., 226). Аудан бəрін 

де  бағып  отыр  екен,  астық  ору  науқаны 

аяқталғасын к е ң ш а р деректірін шақырып 

алды (Қ. Ботбай, Егіз., 8).



КЕҢІРДЕК:  Кеңірдегін  созды.  Езеу-

реп көп сөйледі. Тағы біреуі, бір жағынан 

к е ң і р д е г і н  с о з ы п: – Ғылым-қисап 

деген,  сан  ба,  немене...  Бірдеңесі  бар 

екен, соны оқытып, əурелейді екен, – деді

(С. Торайғыров, Таңд. шығ., 337).



КЕҢІРДЕКТЕН  Кеңірдекте  етіс-

тігінен  жасалған  ырықсыз  етіс  (Ə. 

Нұрпейісов, Қан мен тер, 778).



К Е Ң І РД Е К Т Е Н У   Ке ң і рд е кт е н 

етістігінің қимыл атауы. 

КЕҢІРДЕКШЕ з а т. Кеңірдекке ұқсас, 

іші  қуыс  кішкене  нəрсе.  Ол  бұтақтардан 

өкпелердің  ішінде  əлденеше  тармақтар 

таралып, өкпелердің іші к е ң і р д е к ш е 

л е р м е н толады (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 

9, 306). К е ң і р д е к ш е л е р д і ң ішінде 

кішкентай түктер де бар (Бұл да).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет