Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет62/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   168

КЕП з а т. к ə с і б. Құстың мес етіп 

сойып, ішіне бір нəрсе тығып қойған те-

рісі.  Екі  үйдің  бірінде  осы  кісінің  мерт 

болған  атақты  құсының  тері  к  е  б  і  тірі 

қырандай тіленіп тұрады екен (Туған жер., 

140). Құсбегілер тіліндегі шарға – «қызыл», 

«далбай», «к е п», «тірі» сияқты атаулар-

мен де айтылады (Ж. Бабалықов, Қыран-

дар, 54).

Кепті  жерге  түсірді.  Сырын  айтты, 

мəнін түсіндірді. Талып ұйықтап кетіппін 

тұрып сонда, Асулы тастан салған босағада. 

Біреу келіп еппенен оятты да, К е п т і  ж е 

р г е  т ү с і р д і бір заманда (И. Байзақов, 

Таңд. шығ., 1, 38).



259

Байынқол Қалиев

КЕПАҒАШ з а т. э т н. Аяқтың басы 

пішіндес етіп жасалған ағаш үлгі. Ұйықты 

одан кейін к е п а ғ а ш қ а кигізіп, оқтаумен 

ұрғылап, аяқкиім пішініне келтіреді (Ана 

тілі, 08. 09. 1994, 5).



КЕПИЕТСУ  Кепиетсі  етістігінің 

қимыл  атауы.  Аштықты,  жалаңаштық-

ты  көрген  адам,  парасатты  қария.  Енде-

ше, қалай аузы барады к е п и е т с у г е

(Н. Ақыш, Бейуақта., 223).



КЕПИЕТСІЗ  с  ы  н.  Сүйкімі  жоқ, 

қасиетсіз; жексұрын. К е п и е т с і з иттің 

кенезесі  кеуіп  қалған  екен-ау  (Қ.  Ысқақ, 

Таңд., 3, 247).

КЕПИЕТСІЗДІК  з  а  т.  Қасиетсіздік, 

қадірсіздік, құнсыздық. Менің қорқатыным, 

ауызынан  қара  көженің  дəмі  кетпеген 

ауылдағы қотиындардың к е п и е т с і з д і 

г і емес, өзінен басқа ешкімді менсінбейтін 

кейінгі буынның қысыр ниеті, өтірік ибасы 

(Қ. Ысқақ, Ақсу., 400).

КЕПИЕТСІН е т. Кесірлену, кесапат-

тану, кергу. ≈ К е п и е т с і н і п болмадың 

ғой, алсаң алшы. 



КЕПИЕТСІНДІР  Кепиетсін  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс. Əкесі жатақ-

тарды кергітпей, к е п и е т с і н д і р м е й 

ыдыс түбін тықырлатып бір-ақ шығарады 

(Қ. Ысқақов, Қараорман, 41).



КЕПИЕТСІНДІРУ  Кепиетсіндір 

етістігінің қимыл атауы. 

КЕПИЕТСІНУ Кепиетсін етістігінің 

қимыл атауы. 

КЕППЕ з а т. ж е р г. Шеген. Ханның 

жанталаса  тарбаңдаған  аяғы  құдықтың 

қапталындағы  к  е  п  п  е  г  е  тіреледі  (Жас 

Алаш, 20. 07. 2010, 6).



КЕППЕЛІК  з  а  т.  Мақтанушылық, 

ісіп-кебушілік, бөспелік. Мұсаханның бала 

жастан  бойына  сіңген  азын-аулақ  к  е  п  п 



е л і г і болушы еді, орайы келіп тұрғанда 

желпінбей  тынбайтын  (М.  Сқақбаев,  Ұят 

тур., 199).

КЕПТАҚИЯ з а т. Кебіннің, мəйіттің 

басын орайтын бөлігі. Əйелді кебіндеу бес 

бөліктен тұрады: 1) к е п т а қ и я – оны 

басына орап, қалған бір бөлігімен шашын 

орайды... (Қаз. əдеб., 25. 08. 1989, 14).



КЕПТЕЛЕК з а т. ж а ң а. Машинаның 

көптігінен немесе басқа бір кедергінің сал-

дарынан көліктің жолдан тез өте алмауы; 

тығырық.  Сүт  пісірімдей  уақыттан  соң, 

аудан əкімінің машинасы да к е п т е л е к 



к  е  тіреліп  тоқтады  (Парасат, 2008, №12, 

21). Сұлулығы таңдай қақтыратын Алматы-

ны соңғы кезде көлік к е п т е л е г і меңдеп 

алған (Егем. Қаз., 27. 03. 2007, 8).



КЕПТЕМЕ  қ.  Кептелек. «Кептелек» 

пе, «к е п т е м е» ме? Соңғы кезде «Ал-

маты ақшамы» газеті «к е п т е м е» сөзін 

қолдануға көшті. Ал «Егемен Қазақстан» 

«кептелек»  сөзін  қолданады.  Қайсысы 

дұрыс? (Ана тілі, 22. 03. 2007, 4).



КЕПТЕУІЛ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Орданы 

күзетуші жауынгерлер. Оның қарамағын-

да  неше  мың  к  е  п  т  е  у  і  л  бар-тын

(Т. Зəкенұлы, Мəңгітас, 406). 

КЕПШІК з а т. ж е р г. Қалбыр. Əжем

к е п ш і к п е н бидай екшеп, тазалап отыр-

ған (Қ. Омарұлы, Əке, 28). 



КЕПІЛ  з  а  т.  Аттың  арқасына  бат-

пас  үшін  ер  қапталының  астына  қойы-

латын  қабатталған  киіз;  кепіл  киіз.  Ер 

қапталының  не  алды,  не  арты  басқаны 

білінсе, қаптал астына белгілі қалыңдықта 

киіз қойылады. Мұны к е п і л, кепіл киіз 

деп атайды (Ер қанаты, 263). 

КЕПІЛДЕМЕ: Кепілдеме хат. Біреуге 

немесе белгілі бір нəрсеге кепілдік берілген 

хат  (құжат).  Ондай  жарнамаларды, 

құттықтауларды к е п і л д е м е  х а т қ а жəне

ақшасы төленген квитанцияға қосып бізге 

жолдайсыз (Қаз. əдеб., 20. 09. 1991, 15).



КЕР з а т. г е о г р. Керіліп (созылып) 

жатқан биік жер. Мал к е р д е жайылып 

жатыр.  Түсіндірме  сөздікте  жер  бедері-

не  байланысты  жалаң,  жүрекше,  к  е  р

мұрын, текше сөздері жоқ (Қаз. əдеб., 28. 

08. 1987, 14).

Кер  бетеге.  б  о  т.  Қырда  өсетін  бе-

тегенің бір түрі. Жерқылаң мінген екі жігіт 

кешкі салқынмен есіп жүріп кеткенде к е 



р  б е т е г е, боз көденің арасында зорға 

көрінгендей  (М.  Əуезов,  Таңд.  шығ., 1, 

292). Беті жыбырлаған к е р  б е т е г е л е р,

үкідей  желбіреген  ақ  селеулер,  көкорай 

шалғындар  Сəкеннің  көз  алдынан  өтеді

(Т. Əлімқұлов, Туған ауыл, 48).



Кер бетегелі с ы н. Кер бетегесі бар, кер 

бетеге өскен. Ықлас пəлен күннен кейін-ақ 

селеулі,  к  е  р    б  е  т  е  г  е  л  і,  көк  майса-

лы  сахараға  ілікті  (Т.  Əлімқұлов,  Туған 

ауыл, 16).



КЕР: Кер марал. Маралдың бір түрі. 

Өңі  кер  түсті  (Қ.  Қайымов,  Қызықты 

зоол., 148).



260

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

Кер  төбел.  Төбелі  бар  кер  (ат).  К  е  р

т ө б е л аттың үстіне обатастай боп, қожбан 

қара жігіт бір жамбастап отыр (І. Есенбер-

лин, Махабб., 17).

КЕРАЙЫЛ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Шапайыл

Аттың шабын ала орап тартылса шапайыл, 

шап тартпа, артқы айыл, артқы тартпа, к е 

р а й ы л деп аталады (Ж. Бабалықұлы, Ер 

қанаты, 247).



КЕРАМЗИТТІ  с  ы  н.  Керамзит 

қосылған, керамзиттен жасалған. Үйдің 

сырты  қазақтың  ұлттық  ою-өрнегімен 

əсемдеген к е р а м з и т т і плиталармен 

қапталған (Соц. Қаз., 08. 05. 1976, 2).



КЕР[І]АУЫЗ  с  ы  н.  Қырсық,  қыңыр, 

кертартпа. ≈ К е р а у ы з біреуге тап бо-

лыппыз, сау шықсақ жақсы болар еді. 



КЕРБАҒУ  Кербақ  етістігінің  қимыл 

атауы. ≈ К е р б а ғ у д ы қойып, іске кіріс. 

КЕРБАҚ  е  т.  Бір  нəрсені  кері  істеу, 

қырсығу,  теріс  сөйлеу.  Біздің  тұқым  аз 

болды, аз да болса шетінен атқа əдейі теріс 

мінетін к е р б а қ қ а н еді (Қ. Ысқақ, Ақсу., 

268). Шешелерің күндес болған соң, сен де 



к е р б а ғ ы п отырсың-ау, ұлым (З.Шəкенов, 

Күн көтеріл., 232).



КЕРБАҚПА  с  ы  н.  Кері  кеткен, 

қырсық,  қыңыр. – Бірдеме  біледі  дейтін 

сіздердің  өздеріңіз  осындай  к  е  р  б  а  қ



п  а  ойда  болғанда,  басқа  елге  не  жорық?

(Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 162).



К Е Р Б А Қ П А Л Ы Қ   з   а   т.   К е р і 

тартушылық,  қыңырлық.  Ал  к  е  р  б  а  қ 

п а л ы қ пен етектен тарту деген қашанда 

бізді  басқалардың  артында  қалдырмай 

қоймайды (Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 205).

КЕРБАС  з  а  т.  к  ө  н  е.  Мақтадан 

тоқылған  мата.  Қазақ  хандары  негізгі 

бөлегі к е р б а с (мақта, мата) болып та-

былатын көйлек пен киімге деген мейлін-

ше  мұқтаждық  салдарынан  Мұхаммед 

Шайбани  иеліктерінің  шекарасына  ба-

сып кіреміз деп мəлімдеді (ҚазССР тарихы, 

2, 277).

КЕРГІ з  а  т.  з  о  о  л.  Шегірткенің  бір 

түрі

КЕРҒАЙЗАҢ  с  ы  н.  И  тегіс  сіңбей, 

көкаязданып  қалған  (тері).  Жиі  сап-

сып  отырмаса,  теріге  ій  сіңбей,  əр  жері 

көкаязданып,  қатқыл  болып  қалады. 

Ишілер  ондай  теріні  «к  е  р  ғ  а  й  з  а  ң 

болып  қалды»  дейді  (Білім  жəне  еңбек, 

1986, №7, 35).



КЕРДЕМСУ  Кердемсі  етістігінің 

қимыл атауы

КЕРДЕМСІ  е  т.  с  ө  й  л.  Кекірею, 

кергу,  кердеңдеу.  Алайда  түзу  сəлеміңді 

қимайтындай,  к  е  р  д  е  м  с  і  п,  мардым-

сып  менің  алдымда  ыздиятындай  саған 

жамандық  етпеген  едім  (Ш.  Құмарова, 

Əйел шырағы, 174).

КЕРДЕРІ  з  а  т.  Нармая  мен  үлекті 

будандастырудан шыққан түйе тұқымы

Менің табынымды, мысалы, түйенің нар-

мая, жарбай, к е р д е р і жəне мая тұқымда-

ры бар (Қаз. ауыл шаруаш., 1975, №7, 33).



КЕРДІР  Кер  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс.

КЕРДІРУ  Кердір  етістігінің  қимыл 

атауы. 

КЕРДІРТ Кердір етістігінен жасалған 

өзгелік  етіс  (Ертедегі  əдеб.  нұсқала-

ры, 183).



КЕРДІРТУ Кердірт етістігінің қимыл 

атауы. 

КЕРЕ

1

 з а т. Ат бəйгісіне қатысатын 



аттарды  реттеп,  сөреге  шығарып  са-

латын  жəне  бəйгіден  келген  аттарды 

көмбеден  қарсы  алатын  орын  жəне  осы 

міндетті атқаратын қызмет. 

КЕРЕ

2

 з а т. з о о л. Құланның қодығы 

(Қаз. ор. терм. сөзд., 79).

КЕРЕГЕ:  Керегеге  орамал  байлау. 

Алғаш  жүкті  болған  келін  үшін  жаса-

латын  қуаныш  жоралғысы.  Келіннің 

бойындағы  болымсыз  өзгерісті  байқаған 

енесі «ата-баба аруағы қолдап жүрсін» деп, 

керегеге  үлкен  ақ  орамал  байлап  қояды. 

Міне, бұл «к е р е г е г е  о р а м а л  б а й л 

а у» деп аталады (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш 

бесік., 4, 51).



КЕРЕГЕБАС з а т. қ. ө н е р. Киіз үй 

керегесінің  айқасқан  басына  ұқсас  өрнек 

түрі (Қаз. этнография., 3, 313).

КЕРЕГЕБАУ  з  а  т.  Екі  керегенің 

жапсарласқан  жерін  таңып  байлайтын 

бау (құр). Оюлап қолдан тоқыған басқұр, 

уықбау, босағабау, к е р е г е б а у деген-

дер түр-түрімен айқұш-ұйқыш жүргізіліп 

тасталған  (Б.  Шаханұлы,  Таңд., 1, 321). 

Ақбілекке к е р е г е б а у, уықбау ызғызып, 

көйлек-көншегін  пішкізіп  алуға  шақыра 

келетін абысын-ажын ізі суып көрген емес 

(Қаз. əдеб., 23. 12. 1983, 4).



КЕРЕГЕКӨЗ з а т. Кереге ағаштарының 

айқасып  келгеннен  кейінгі  қалған  ромбик 

261

Байынқол Қалиев

пішіндес ашық жері. ≈ К е р е г е к ө з і онша 

үлкен  де  емес,  кіші  де  емес,  бірқалыпты 

екен. 

КЕРЕГЕКӨЗДЕ е т. Керегекөз пішінді 

өрнек салу. 

К Е Р Е Г Е К Ө ЗД Е У   Ке р е г е к ө з д е 

етістігінің  қимыл  атауы.  Əшекейлі  түр 

салудың кестелеу, зерлеу, көз салу, шымке-

стелеу, мүйіздеу, бастыру, таңдайлау, к е р е 

г е к ө з д е у, шаршылау сияқты салалары 

бар (Ə. Тəжімұратов, Шебер., 47).



КЕРЕГЕҚАП  з  а  т.  э  т  н.  Көшкенде 

көлікке артқан керегенің басына кигізіліп 

қойылатын  қап.  Қазақтар  киізден  бұдан 

басқа да көптеген: аяққап, к е р е г е қ а п,

уыққап,  атжабу  т.б.  нəрселер  жасаған

(Ə.  Тəжімұратов,  Шебер., 30). Көшіп-

қонғанда керегенің екі басына к е р е г е қ а 

п т ы кигізіп, жіппен буып байлайды (Қаз. 

этнография., 3 69). Қызылды-жасылды 

түрлі жіппен қошқармүйіздеп тоқыған шым 

шилер, оюлаған к е р е г е қ а п, уыққаптар 

(Ер қанаты, 132).

КЕРЕГЕСАЛМА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Ке-

регебау.  Тұскиіз,  сырмақ,  шилан,  керме, 

аяққап, к е р е г е с а л м а – қос керегенің 

жапсарындағы  таңғыш  сияқты  толып 

жатқан өнімдерге əлі де болса сұраныстар 

көп (Лен. жас, 14. 05. 1976, 3).

КЕРЕГЕШЕ ү с т. Кереге тəрізді, кере-

ге сияқты. Түстік қабырғаны қапталдап, к е 

р е г е ш е керілген Үйсін тауының ылдиға 

созылған  етегі  кең  жазық  (Қ.  Толыбаев, 

Əсет, 256).

КЕРЕГЕЛІК  с  ы  н.  Кереге  боларлық, 

кереге жасауға жарамды. К е р е г е л і к 

ағаштарды алдын ала даярлап, кесіп, əрлеп, 

сəндеп,  содан  кейін  кереге  құрастырады 

(Ə. Тəжімұратов, Шебер., 75). К е р е г е 



л і к ағашты таңдау мен оны өңдеу үлкен 

шеберлікті,  тəжірибені  қажет  етеді  (Бұл 

да, 76). Мəселен, сегіз қанат киіз үйге 256 

к е р е г е л і к ағаш кетеді (Қаз. тілі. жерг. 

ерекш., 187). 



КЕРЕГІП ү с т. Керек етіп, қажетсініп. 

Шанаға салар алдында екі айғырының терін 

алып, таң асырып, баптап беретін кісі к е р 

е г і п жүр еді (Ə. Нұрпейісов, Қан мен тер, 

205). Көмек к е р е г і п жатса өзім айтармын 

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 138). – Сенің өзің 

емес, ханың к е р е г і п жатыр, жүр, - деп 

əншейіндегі шымшыма оспағымен қарсы 

алды (Қ. Құрманғалиева., Атырау., 115).



КЕРЕГІТ е т. с ө й л. Керексін. «Алда-

спанда» қайта тууын, жаңғырып-жасаруын 



к е р е г і т і п тұрған қаншама сөздер бар 

десеңізші (Қаз. əдеб., 05. 04. 1985, 10).



КЕРЕГІТУ Керегіт етістігінің қимыл 

атауы

КЕРЕЗ: Керез сөз. к ө н е. Ақырғы сөз, 

соңғы  сөз.  Кейіпкердің  заманға  лағынет 

айтқан к е р е з  с ө з і м е н бітетін еді ғой

(М. Мағауин, Мен, 5). Доспанбеттің ажал

сағаты  соққан  сəттегі  к  е  р  е  з    с  ө  з  і 

екендігіне бас қойдым (Бұл да, 331). Стам-

бек Станислав өзінің к е р е з  с ө з і н қа-

зақ  тілінде  айтқаны  күмəнсіз  (Қаз.  əдеб., 

30. 09. 1994, 12).



КЕРЕЙТ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Жөн,  ыңғай, 

рет. Қайбір к е р е й т і н е келіп тұрған 

жай бар, түйіншек жіптей суыртпақталып 

қажай  береді,  кеузей  береді  ішкі  ойы  (К. 

Ахметбеков, Ақдала, 2, 192).



КЕРЕК: Керек болса. Қажет деп тап-

са, керексінсе. – К е р е к  б о л с а, өзі мұнда 

келсін, – деп – Үйге əуелі сəлем беріп енсін, 

–  деп,  Тапжылмастан  қалды  шопан  үйін-

де, Кетті шофер көрсеткен соң жөн сілтеп 

(Қ. Көпішев, Ақмаралды., 39).

КЕРЕККЕН е т. с ө й л. Керексі. Тек 

күзге қарай соғым к е р е к к е н д е ағасы 

əлгі  Жұмабайды  іздеп  барып,  тұрған 

жылының еңбек ақысын алды (Б. Майлин, 

Таңд., 182).

КЕРЕКСЕ м о д. Керек етсе, қажетсінсе. 

Келіншек – жастық, кереметсің-ау, керемет! 



К  е  р  е  к  с  е,  пəлі,  керемет  кімді  елемек. 

Ерекше гүлден нəр алып жүрген көбелек,



К е р е к с е болды, тас үй де талқан, не ке-

рек (М. Мақатаев, Шолпан, 42). Кім біліпті, 

өзінің бір мүддесіне к е р е к с е, құдайдың 

көрмегенін, қазақтың көрмегенін сол көрер 

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 333).

КЕРЕКСУ  Керексі  етістігінің  қимыл 

атауы.

КЕРЕКСІ  е  т.  Керек  ету,  қажетсіну

Бұл Ақын к е р е к с і г е н кезінде жабайы 

тары теріп алатын жер еді (Т. Əлімқұлов, 

Көкек айы, 50).



КЕРЕКСІЗДЕН  е  т.  Керексіз  болу, 

қажетке жарамау. Кілт жоғалған соң к е р 

е к с і з д е н і п əр жерде жатушы еді, соны 

көз алдар етіп есіктің аузына іліп кететінге 

шықты (К. Ахметбеков, Қасірет, 1 200).

КЕРЕКСІЗДЕНУ  Керексізден  етіс-

тігінің қимыл атауы


262

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КЕРЕКСІТ  Керексі  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Манастың  баптап 

таныстырғанын əже к е р е к с і т п е й тура 

сұраққа көшті (Е. Рахимов, Тентек., 120).

КЕРЕКСІТУ  Керексіт  етістігінің 

қимыл атауы. 

КЕРЕҚАП  з  а  т.  э  т  н.  Өрісте  туған 

жас төлді салып жүруге арналған қоржын 

сияқты қап. Қой мен ешкі жабдықтарына 

көген,  күйек,  желінқап,  к  е  р  е  қ  а  п, 

бауырынтақ жатады (А. Құралұлы, Ұлттық., 

4, 34).


КЕРЕЛЕТ Кереле етістігінен жасалған 

өзгелік  етіс.  Кеше  ғана  өрістен  ел  жата 

оралтып, шеңбірек атқыза к е р е л е т і п-



а қ əкеліп едім, енді міне, құлқын сəріден 

араны  ашылғырдың  араны  ашылып  бара 

жатқаны (Қ. Салғарин, Соқпақ жол., 39).

КЕРЕЛЕТУ Керелет етістігінің қимыл 

атауы. 

КЕРЕУ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Айтып  жүрер 

қызығы, əсері д.м. «Бір күнгі тойдың қырық 

күн  к  е  р  е  у  і  кетпейді»  деген  сөз  содан 

қалған (Ж. Тұрлыбаев, Тамыз таңы, 196).

КЕРЕУЕТТІК  с  ы  н.  Кереуеті  бар, 

кереуетпен  жабдықталған.  Қазір  мұнда 

қабылдау  бөлмесі,  сырқаттар  жататын 15 



к е р е у е т т і к корпус, ас үй бар (Абзал 

жандар, 127).



КЕРЖАЛҚАУ  с  ы  н.  Барып  тұрған 

жалқау, нағыз жалқау. Шымылдық Ұлпанға 

қарай  қарама-қарсы  баяу  жүріп  келіп 

тоқтасты. «Мынау  жаулығы  қақырайған 

Еменалының əйелі болар... Қандай к е р ж 



а лқ а у екен?» (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан, 83).

КЕРҚАЙСАҢДА е т. ж е р г. Қасарысу, 

кергу, қырсығу; кері тарту. – Бекеннің сол 

мектепке орналасуы жайлы к е р қ а й с а ң 



д а ғ а н д а р да болды. Бірақ мен көп күш 

салдым (А. Жұмаділдин, Сең бұзыл., 108).



КЕРҚАЙСАҢДАУ  Керқайсаңда 

етістігінің қимыл атауы

КЕРЛЕ  е  т.  Таудың  басына  қарай 

қиғаштай жүру, кермен жүру. Бұлар тау-

ды к е р л е п, өрлей түскен сайын қараша 

қарының ызғары ұлғая бастады (Лен. жас, 

23. 11. 1977, 3).



КЕРЛЕТ  Керле  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. 

КЕРЛЕТУ  Керлет  етістігінің  қимыл 

атауы. 

КЕРЛЕУ  Керле  етістігінің  қимыл 

атауы. 

КЕРМАЛ ү с т. ж е р г. Қарсы, қайшы

Бағана бұл Мұхаңа к е р м а л келіп қалған 

(З. Қабдолов, Менің Əуезовім, 67).

КЕРМАЛДАСУ  Кермалдас  етістігі-

нің қимыл атауы. Үйірге таласып ала көз 

боп тебіскен, тістескен айғырлардың к е р



м а л д а с у ы адамдар басындағы минут сай-

ын қайталанатын араздықты еске түсіреді

(О. Бөкеев, Қайдасың., 33).

КЕРМАРЛЫҚ з а т. ж е р г. Қарсылық, 

өштік, араздық. Өзара к е р м а р л ы ғ ы 

жоқ,  бірақ  көршілес  екі  рудың  мүддесін 

арқалаған  (М.  Мағауин,  Аласапыран, 2, 

147).


КЕРМЕ з а т. ж е р г. Шартақ. Тамақтан 

соң  біраз  тынығып  алып,  салқын  түсе 

бақша араладық, піскен қауындарды к е р 

м е н і ң астына тасып, үйіп жиып қойдық 

та,  күн  кешкіргенше  қақ  тіліп,  қауыншек 

өрдік (Ж. Ахметов, Гүлшат, 23).



КЕРМЕ:  Керме  арқан.  Ат  байлау 

үшін  мама  ағаштардың  арасына  керіп 

байлап қоятын арқан. Өздеріңіз елестетіп 

көріңізші,  нағыз  жылқышының  қосақ 

арқан,  матау  арқан,  ат  арқан,  жан  арқан, 

бұғалық арқан, к е р м е  а р қ а н деп атала-

тын аса қажетті жабдық құралдары əр түрлі 

дайындалады (Лен. жас, 23. 11. 1972, 3).



КЕРМЕК  з  а  т.  э  т  н.  Иден  шыққан 

теріні салып, ширататын, бояйтын сұйық 

қоспа (қайнатынды). Иден шыққан теріні

к е р м е к к е салады. К е р м е к т і емен не 

талдың қабығын кептіріп, ұнтақтап түйіп, 

қазанға  тұзын  татыта  су  құйып,  қабық 

ұнтақты салып қайнатып əзірлейді, кейде 

жусанның, ерменнің бүрін қосады. Содан 

соң  ағаш  астауға  қотарып  су  шым-шым 

кезінде  теріні  салып,  он  шақты  күндей 

бетін жауып, жылы жерде ұстайды. К е р 



м е к т і ң қызғылт бояуы теріге сіңсе, оны 

көлеңкеге жайып кептіреді (Д. Шоқпарұлы: 

Ер қанаты, 283).

КЕРМЕКСАБЫН... К е р м е к с а б 

ы н – кермек туысының бір түрі. Биіктігі 

20-120  см,  сабағы  түксіз,  тамыры  жуан. 

Тамырынан илік зат алынады (ҚСЭ, 5, 393).

КЕРМЕҚАС  с  ы  н.  Қасы  да,  өзі  де 

керіліп қалған (қыз, əйел). Құсайынның к е 

р м е қ а с ы іштен бажылдап ытып шықты 

(Ж. Қорғасбек, Жынды., 76).



КЕРНЕЙЛЕ

1

  е  т.  Керней  музыкалық 



аспабында ойнау. Күйіңді тарт, к е р н е й л е,

Биші, достар, қайдасың? Тойбастар саған 



263

Байынқол Қалиев

тимей  ме  Қызықты  думан  қызған  соң?! 

(Лен. жас, 09. 06. 1972, 3).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет