КЕРНЕЙЛЕ
2
... Бұрышқа к е р н е й л е г
е н орыс пеші орнатылыпты (Т. Мəмесейіт,
Таңжарық, 2, 209).
КЕРНЕЙЛЕТУ Кернейлет етістігінің
қимыл атауы.
КЕРНЕЛ е т. с ө й л. Керней аспабының
ойналуы. Керней к е р н е л і п, дауылпаздар
қағылады (Алматы ақшамы, 20. 03. 1990, 3).
КЕРНЕР з а т. т е х н. Деталға нүктелі
таңба түсіруге арналған слесарлық аспап,
таңбалауыш. К е р н е р стерженінің бір
ұшы үшкір болып, шынықтырылған болат-
тан жасалады (ҚСЭ, 51, 393).
КЕРСАУМАЛ с ы н. Жанға жай-
лы, қоңыр салқын. Жұрт күнұзақ тұяқ
серіппейтін де, тек осындай к е р с а у м а л
қоңыр леп ескен кешкілікте ғана күйтің-
күйтің тіршілік қамына кірісетін (Жалын,
1974, №1, 78).
КЕРСЕН
1
з а т. Қазақ ерінің адам
құйрығына тұспа-тұс (сай) келетін ой-
ыстау, жалпақ жері (бөлігі). Ердің адам
мініп отыратын тұғырлығын «кісілік» деп
атайды. Кей жерлерде «к е р с е н» дейді
(Ер қанаты, 261). Ердің артқы қасын к е
р с е н деп те атайды (Білім жəне еңбек,
1986, №7, 32).
КЕРСЕН
2
з а т. ж а ң а. Балалардың құйрық
астына қойып, таудан сырғанайтын
жалпақ табақша. Кейде жолда к е р с
е н айналып кетіп, үстіндегілердің зəре-
сін алып, арқасымен заулатып, құла-
тып, тоңқалаң асырады (Н. Исабаев,
Өмір., 372).
КЕРСОЛҚЫЛАУ с ы н. Селқостау, ен-
жарлау, ынтасыздау. Пахраддин жұрттың
соңын ала к е р с о л қ ы л а у қозғалып қол
жайды (С. Елубай, Ақ боз., 30).
КЕРСЫЛАҢ с ы н. Сылаңдаған,
келісті, кер (ат). Аңға мінетін ұтқыр к е р
с ы л а ң ат (Ə. Кекілбаев, Үркер, 23).
КЕРТОҚАЙ з а т. Шекесінен шертіп
ұпай алу ойыны. Осы тұрғандардың басы-
нан əрқайсысы бір-бір к е р т о қ а й алады
(Е. Ахметов, Талшыбық, 96).
КЕРТОҚАЙШЫЛ с ы н. Кертоқай
алғыш, кертоқай алуға жаны құмар
(адам). Екеуіне сенгенмен к е р т о қ а
й ш ы л солдаттарға сенбейді екен, жып
беріп Саматтың ық жағына шығып алды
(М.Қабанбаев, Жиһанкез., 166).
КЕРТІШ с ы н. с ө й л. Кертпеш.
Ақ қайыстай қайсар бетіне к е р т і ш
мұрны ерекше көрік береді (Т. Əлімқұлов,
Сырлы наз, 302). Өзі күлегеш, к е р т і ш
танауын аспанға ата сықылықтай күлетін
(Ш.Құмарова, Əйел шырағы, 180).
КЕРУЕН: Керуен жұлдыз. а с т р.
Тізіліп тұратын шоқжұлдыз. Ол далаға
шыққанда к е р у е н ж ұ л д ы з ы шеру
тартып, Есекқырған еңістей бастаған екен
(Көкшетау правдасы, 31. 01. 1969).
КЕРУЕНАҚЫ з а т. Керуендегі түйеге,
атқа артылған, түсірілген жүк үшін
төленетін төлем.
КЕРІ: Кері сан. м а т. Берілген санға
көбейткенде бірге тең болатын сан. Өзара
к е р і с а н д а р: 7 жəне 1/7, 3/4 т.б. (ҚСЭ,
5, 398).
КЕРІКТЕЙ с ы н. Керік ат сияқты,
керік ат тəрізді. Жол бұзылғаннан бері
аяқ-қол кесілді; мал қорасына шөп тасып
жүрген жөпшеңді көлік осы еді, мың
салсаң бір баспайтын мес к е р і к т е й
мыңқ етпейтін жетесізге тапсырғанына
енді өкініп тұр (Қ. Ысқақов, Тұйық, 145).
Əдетте көп сөзге жоқ біртоға, к е р і к т е й
кекиіп өзімен-өзі жүретін Смағұл мұғалім
мектепке келгенде шешенсіп, тұлғаланып
кететін (Ə. Асқаров, Таңд., 19).
КЕРІМ: Керім толғақ. Ұзаққа созылған
толғақ. Тіпті кейде əжем к е р і м т о л ғ
а қ боп, босана алмай жатқан əйелге де,
ірімшіктің суын (сарысу) езіп ішкізіп жа-
тушы еді (Н. Қазыбеков, Дала., 45).
КЕРІМБИКЕ с ы н. Сəнденген, сəнқой,
керілген. Бұдан бар болғаны ай бұрын ақ
туларын Əмірдің аяғына иіп, берілген,
жеңілген, ару əйелдері зорланған, к е р
і м б и к е қыздары қорланған Исфаһан
оны қалай, немен төлемек? (Е. Тұрысов,
Темірлан, 31).
КЕРІМСУ Керімсі етістігінің қимыл
атауы.
КЕРІМСІ е т. Керім, кербез болып
көріну, сылқымсу. Жолға шыққанда,
тəлімсіген еркекпен, к е р і м с і г е н
əйелмен сапарлас болғаннан жек көрері
жоқ-тұғын (Лен. жас, 21. 02. 1984, 3).
КЕРІМСІН Керімсі етістігінен
жасалған өздік етіс. Сылаң қағып, сы-
ланып, Сылқылдама, келіншек. К е р і м
с і н і п, керіліп, Былқылдама, келіншек
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 180).
264
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КЕРІМСІНУ Керімсін етістігінің
қимыл атауы.
КЕРІС... Өз шəкірттері Исфаханның иі
сіңген терілерін к е р і с і п, қырысып жатыр
екен (Ж. Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 79).
КЕРІСКЕ
1
з а т. ж е р г. Дөңбек (Қозы
Көрпеш., 122).
КЕРІСКЕ
2
з а т. к ө н е. Мүйізтұмсық.
Ұтыры келгенде айта кетелік, мүйізтұмсық
(носорог) к е р і с к е деп аталады (М. Кен-
жебай: Ана тілі, 16. 05. 2013, 5).
КЕРІСҚҰМАР с ы н. Керісе бергіш,
керісшіл. Раушанның ашуы келді. «Не деген
к е р і с қ ұ м а р? Жан баласын менсінбейді»
(Т. Əбдірайым, Алабұға., 6).
КЕРІШТІ с ы н. Топырағы керіш болып
келген, керіші мол. Ары қарай ұлы Ордос
кейкеңінің құмдақты, к е р і ш т і түзеңі
жатқан (Т. Зəкенұлы, Мəңгітас, 246).
КЕС: Кескен теректей болып. Көл-
денеңінен түсіп, сұлап, дөңкиіп. К е с к е н
т е р е к т е й б о п, Бименді пеш түбінде
жатыр екен (Ж. Молдағалиев, Сарарқа.,
251).
Кескен теректей жалп етті. Ұзынынан
түсті, құлады. Ол шалқалай шегініп, ша-
лыныса басып барып, к е с к е н т е р е к
т е й ж а л п е т т і (М. Сқақбаев, Қырық
қыз, 143).
Кескен томардай. Дөңкиген, үлкен,
шомбал. Қаражан к е с к е н т о м а р д а й
шомбал денелі, дөрекі мінез, рабайсыз еді
(І. Есенберлин, Махабб., 17).
КЕСЕКҚҰРТ з а т. з о о л. Өсімдіктердің
тамырын жейтін ірі ақ құрт. Өткен жылы
к е с е к қ ұ р т деген зиянкес жəндік
алабөтен көбейіп кетті (Егем. Қаз., 15.
05. 1999, 2). Биыл к е с е к қ ұ р т п е н
күресетін кəдімгі көбелекқұрт дайындал-
ды. Қарапайым шыны ыдыстарда өсіріліп,
мақта алқабына жіберілді (Бұл да).
КЕСЕКСІЗ с ы н. 1. Кесегі жоқ. 2. а у
ы с. Ылғи арамдық ойлап жүретін, қаскөй.
Құрылған тор, қазылған ор біздің елде
есепсіз, Тұлпар жарыс бір рет те өткен емес
есексіз. Есек мінген қанатсыз топ жүрмес
тассыз, к е с е к с і з. Кесектінің барлығы
да рухсыз, гүлсіз, шешексіз (М. Шаханов,
Мəңгүрт., 202).
КЕСЕЛХАНА... К е с е л х а н а д а
жатқанда бос уақытымды пайдаланып, осы
хатты сізге жазып отырмын (Қаз. əдеб., 29.
05. 1987, 8).
КЕСЕЛШІЛ с ы н. Кеселі тиетін, зиян-
кес. Қара басын баққан к е с е л ш і л топтар
да жұмысшылардың өкімімен күн көрді (Қ.
Құрманғалиева, Атырау., 126).
КЕСЕР: Кесер кеңірдекке келгенде.
Жеме-жемеге келгенде, тықыр таянғанда.
Омар ең қысылып, к е с е р к е ң і р д е к к е
к е л г е н уақытта: - Қамар көнбейді, – деді
(С. Торайғыров, Таңд. шығ., 237).
КЕСКЕКТЕЛ Кескекте етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Бір күн біреу
жалғанмен жүр құтылып, Біреу жүр ай-
ламенен үзіп-жұлып. Ертең көрсең, екеуі
қолға түсіп, К е с к е к т е л г е н түлкідей
тұр тұтылып (Шəкəрім, Шығ., 30).
КЕСКЕКТЕЛУ Кескектел етістігінің
қимыл атауы.
КЕСКЕКТІ с ы н. а у ы с. Маңызды,
мəнді (сөз). Қазіргі əдебиетімізде тіл
тереңінде жатқан к е с к е к т і, келісті
сөздерді бабымен, байыппен пайдалану
жетіспейді (Қаз.. əдеб., 01. 08. 1986, 10).
КЕСКІН з а т. ө н е р. Түрлі бояумен
нəрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін, ісін
келтіріп, бейнелеп көрсету өнер» (живо-
пись). (А. Байтұрсынов, Əдеб. танытқыш).
КЕСПЕ з а т. к ə с і б. Ер-тұрманға
қағылатын үзік-үзік жылтыр металл.
Пыстан, өмілдірік, құйысқан, жүген, тебінгі
беттеріне қағылатын – үзбе, к е с п е, құйма,
шытыра, сыздық, ширатпа, бүркеншік
шегеге дейін түгел күміс шабылады (Ер
қанаты, 264).
Кеспе кескіш. Жайылған қамырды
кеспе етіп кесетін құрал (Өркен, 24. 02.
1990, 12).
КЕСПЕК
1
з а т. Буылған, бір бума. К е с-
п е к шөпті амалсыз бұзып, өгіздерінің де
оразасын аштырды (Ғ. Мүсірепов, Жат
қолында, 30).
КЕСПЕК
2
з а т. ж е р г. Кеуек, қуыс. Алла
өзі сақтасын! К е с п е к т е н к е с п е к к е
қашқан қояндай қашып жүргенімді Құдай
да біледі, халық та біледі (Мəшһүр Жүсіп,
Шығ., 9, 323).
КЕСПЕКШЕ з а т. Кішірек келген ке-
спек. Қатыны пеш түбінде тұрған к е с п е к
ш е д е н ағаш ожаумен араластырып, үлкен
сары аяққа толтыра көже құйды (М. Əуезов
туралы естеліктер, 19).
КЕСПЕҚУЫРДАҚ з а т. Қуырылып
пісірілген еті мен қамыры бірдей тағам.
Бұлар осы төңіректе «к е с п е қ у ы р д а қ»
265
Байынқол Қалиев
деп атайтын бір дəмді тамаққа лықа тойып
алды (Э. Төреханов, Таудан түскен., 105).
КЕСПЕЛЕУІШ: Кеспелеуіш маши-
на. с ө й л. Кеспе кескіш. К е с п е л е у і ш
м а ш и н а – иленген қамырды қажетті
пішінге келтіріп, жұқалап созып əрі кесіп
шығаратын машина (ҚСЭ, 5, 404).
КЕСПІР: Кеспір кетті. ж е р г. Кескінін
жоғалтты, ұсқынсызданды. Тарлау, құм
сорасы, майсасыр мен шаянбунақтан к е с п
і р к е т і п, сарғайып солып, қурап біткен
(О. Бөкеев, Өз отың., 11).
Кеспір сөз. ж е р г. Кесепатты сөз,
қаңқу сөз. «Неменеге жинайды, сараңданып
соқа басына не керек?» деген к е с п і р с ө з
құлағымда қалған (Ж. Қорғасбек, Жынды
қайың, 268).
КЕСПІРСІЗДЕУ с ы н. Кескінсіздеу,
тұрпатсыздау. Қасындағы мыжырайған
əнебір к е с п і р с і з д е у кəрі лақса – Қисым
деген шал (Қаз. əдеб., 01. 11. 1974, 4).
КЕСПІРСІЗДІК з а т. ж е р г. а у ы с.
Келеңсіздік, жөнсіздік. Аңдап отырсақ,
оның əңгімелерінің көпшілігінен кейбір
к е с п і р с і з д і к к е бағытталған уытты
сатираны да байқайсыз (Қаз. əдеб., 28. 11.
1975, 3).
КЕСРА з а т. а р. Арабтың қысқа
дауыстыларының үстіне қойылатын
белгілердің бірі. Оспан дəуірінен сақталған
Құранның əріптері үстінде һамза, ташдид,
сукун, мадда, уасла; қысқа дауысты-
лар: фатха, к е с р а, дамма белгілері жоқ
(Н. Өсеров: Қаз. əдеб., 25. 08. 1989, 14).
КЕСТАМ з а т. к ө н е. Ертеде түркі елі
дайындаған ішімдік. Ақ мамық жастықты
шынтақтай, күміс тай кесемен к е с т
а м д ы сіміріп отырып, Бұрындық хан
нөкерлеріне лепіре сөйледі (І. Есенберлин,
Алмас., 292).
КЕСТЕБІЗ з а т. Кесте тігуге арналған
басы ілмекті біз. К е с т е б і з ұшының
ілмегі бар жіңішкелеу сым темірден жаса-
лады. Сабы қысқа болады (Шаңырақ, 104).
Адарғы, сырғалақ, мəймөңке, жүгіртпе,
кергіш, к е с т е б і з, талқы, бұрау, тез,
сықауырын сияқты жабдықтар бұл күнде
ұмтыла бастады (С. Қасиманов: Қаз. əдеб.,
18. 02. 1977, 4).
КЕСТЕЛЕТ Кестеле етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Аса шебер деген бір
етікшіні үйге əдейілеп алдырып, өкшесін
көксауырлатып, тігістерінің арасын к е с
т е л е т і п, биік өкшелі шоңқайма етік
тіктірді (С. Мұқанов, Мөлдір., 232).
КЕСТЕЛЕТУ Кестелет етістігінің
қимыл атауы.
КЕСТЕР... К е с т е р дегеніміз – қыш
тостақ (Жас алаш, 01. 12. 1998, 5).
КЕСУШІ... Бұған темірді ағашша
жонған, бөлшектерді к е с у ш і,
тесуші, қырнаушы станоктардың құлақ
тұндырарлық зырылы қосылды (Жетісу,
11. 12. 1975, 1).
КЕСІК: Кесік ен. э т н. Құлақтың ұшын
шорт кескен ен (Қаз. этнография., 2, 50).
Қазақ арасында мал құлағына ен салудың
мынандай түрлері кең тараған: тілік ен,
сота тілік ен, көзек, жүрекше ен, солақ ен,
қиықша ен, қиық ен, ойық ен, құмырсқа
ен, к е с і к е н немесе байпақ ен, тесік ен,
сыдырғыш ен (А. Сейдімбеков, Күңгір-
күңгір., 128).
Кесік кесті. Күнəлі адамды жазалауға
үкім шығарды, бəлен жылға соттады. Өз
билерінің атынан абақтыға к е с і к к е с
к і з (М. Əуезов, Қараш-қараш, 86).
КЕСІКТІ с ы н. Белгілі бір күшке
ие, қауқарлы, күшті. Бүгінде ақиқатқа
мойынсұнатындардың қолында к е с і
к т і билік жоқ. Ал қолында к е с і к т і
билігі барлар ең алдымен сенің қалтаңа
қарайтыны тағы белгілі (О. Сəрсенбай,
Шығ., 5, 336).
КЕСІЛ е т. ж е р г. Таусылу, біту, сарқылу.
– Еркем, шайың к е с і л і п қалыпты ғой,
енді демдеп əкелген аққұманнан құярсың
(Ə. Нұрпейісов, Қан мен тер, 139).
КЕСІЛУ Кесіл етістігінің қимыл
атауы.
КЕСІМДІ: Кесімді құда. э т н. Қалың
малдың мөлшері келісілген құда (Жалын,
1974, №3, 148).
КЕСІМДІЛІК з а т. Бір сөзділік, тұ-
рақтылық. ≈ Атамның к е с і м д і л і г і н е
таңғаламын.
КЕСІРТКЕШЕ ү с т. Кесіртке сияқ-
ты, кесіртке тəрізді. Сөйтіп, к е с і р т
к е ш е құйрығын кесіп кете бере ме? (С.
Мұратбеков, Дос ізде., 106).
КЕСІС Кес етістігінен жасалған
ортақ етіс.
КЕТЕ з а т. з о о л. Қиыр Шығыс сула-
рында өсіп-өнетін, еті қызыл түсті балық;
кета. Теңіз балықтарына мыналар жатады:
майшабақ, сардина, қамса (анчуос), к е т е,
266
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
құныс (горбушка), кемиек (нерка), ақсерке,
скумбрия, семсербалық, марлин, сайра,
нəлім, бұзаубас т.б. (Шаңырақ, 117). К е
т е н і сауда орындарына тоңазытылып,
тұздалған жəне ысталған түрінде жібереді
(Бұл да, 122).
КЕТЕБАЛЫҚ з а т. з о о л. с ө й л. Кете.
Біз к е т е б а л ы қ құсап қашан басы-
мыз тасқа тигенше тоқтамаймыз-ау (Б.
Нұржекеев, Жау жағадан., 14). Енді, міне,
бір-ақ күнде ұрлықты кімнен көріп, кімге
соқтығарын білмей, тұмсығы тасқа тиген
к е т е б а л ы қ т а й дал болып келе жатқан
жайы бар (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 7).
КЕТЕМШІЛ с ы н. «Кетемін» деген
сөзді жиі айтқыш, кетемін дегіш. ≈ К е т
е м ш і л келіні əлі кеткен жоқ.
КЕТЕМШІЛЕП ү с т. «Кетемін»,
«кетемін» дегенді жиі айтып Зияш
шешесін жерге қарата алған жоқ, к е т е
м ш і л е п бас асаусымады (М. Қаназов,
Арна, 164).
КЕТЕРАЯҚ з а т. 1. э т н. Қыз алуға кел-
ген құдалардан алынатын кəделердің бірі.
Меймандар өздеріне тігілген екі отаумен
қоштасып, «к е т е р а я қ», «кебіскиер»
секілді ырым-жырымды шұбартып жатыр
(Э. Төреханов, Таудан түс., 50). Бұлар енді
ана бөлмеде де, мына бөлмеде де əуелі
«жолаяқ» деп, сосын «к е т е р а я қ» деп
алды (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 294). 2. Қонақ
үйден шығарда сый-құрмет ретінде оған
арақ ішкізу салты. ≈ К е т е р а я қ ішкізбей
ешкімді де жібермеймін. ≈ Мынау «к е т
е р а я ғ ы ң» деп, қолына бір рөмке толы
арақты ұстатты.
КЕТКІР е т. Көмекшілік қызмет
атқарып, «құрығыр» д.м. білдіреді. Ит
болмай к е т к і р д і ң, қара, көзін аша са-
лысымен тіміскілеп жатқанын (Қаз. əдеб.,
20. 06. 1975, 4).
КЕТПЕНШІЛІК з а т. Кетпенмен
жұмыс істеушілік, кетпен шабушылық.
Мұнысын көріп, жолдастары: «Беке,
мұраптықты тастап, к е т п е н ш і л і к
к е көшсең қайтеді?», - деп əзіл айтқан
(О. Сəрсенбаев, Бақыт құсы, 46).
КЕУДЕ: Кеуде жол. Тау беткейінің
жоғарғы тұсындағы жол.
Кеудесін тарғыл мысық тырнап
жатқандай. Мазасы кетті, өзін қоярға
жер таппады. Жан жүрегі тек Едіге үшін
жаралғандай, ол келмесе тар к е у д е с і н
т а р ғ ы л м ы с ы қ т ы р н а п ж а т
қ а н д а й, өзін қоярға жер таппайды
(І. Есенберлин, Шығ. жин., 9, 317).
КЕУДЕЛЕ е т. Биікке көтерілу,
жоғарылау. Қос шоқыны к е у д е л е й
келіп, қоныс тепкен абажадай ақ үйлер
қаздай тізіліп, сəн салтанатымен көз тар-
тады (Жетісу, 17. 05. 1972, 2).
КЕУДЕЛЕУ Кеуделе етістігінің қимыл
атауы (Ə. Сараев, Тосқауыл, 105).
КЕУДІРЕК с ы н. с ө й л. Қаудырақ.
Бөкенбай ішіне қант қосып пісірген к е у
д і р е к тəтті нанды қатырлата шайнады
(Ə.Кекілбаев, Үркер, 356).
КЕУЕКТЕНУ Кеуектен етістігінің
қимыл атауы.
КЕУПАЯ с ы н. ж е р г. Сабағы қурап
кеткен, кепкен. Сол тұсқа қалың қоға, к е у
п а я қамыс өсіпті (Қ. Жұмаділов, Тағдыр,
570).
КЕУСЕР з а т. Шақпақ тасқа ұрып,
от ұшқынын шығаратын болат темір.
Ербұлан төңіректе ит-құс болса сескенсін
деп, қалтасынан шақпақ тасын алып, к е у
с е р м е н ұрып, жарқ-жарқ еткізіп қояды
(М. Қуанышбаев, Тайталас, 78).
КЕУСІМДЕЙ с ы н. ж е р г. Ұп-ұзын,
жіп-жіңішке. К е у с і м д е й тарамыс
денесін сан құбылтқан кездерінде дүмді
боп көрінеді (К. Мұқажанұлы, Ортеке, 130).
КЕШКІ: Кешкі намаз. Бес намаздың
кешке қарай оқылатын түрі. «Намаз
тағылымында» тəулігіне бес рет оқылатын
намаздың аттары – таң намазы (памдат),
түскі намаз, бесін (түстен кейінгі) намазы,
к е ш к і н а м а з (мағриб), түнгі намаз да
келтірілген (Егем. Қаз., 14. 12. 1991, 6).
КЕШТЕП ү с т. Кештетіп, кешірек.
Аласапыран уақытта əрі сирек, əрі сымбат-
ты аңды бекерге қырғанын адамдар к е ш т
е п есіне алды (Б. Шайкенов, Табиғат., 64).
КЕШУ: Кешу өтінді. Кешірім сұрады.
– Қайран, ол бір тамаша, шуақты күндер
еді-ау. К е ш у ө т і н е м і н, Ақан аға,
күнəм болса, кеше көріңіз! (С. Жүнісов,
Ақан сері, 2, 182).
КЕШІГІСТЕ е т. с ө й л. Кешікті.
Кеңсенің ырың-жырыңы бітпей, əлде бір
жолдамалар ретінде келмей, к е ш і г і с т
е д і (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 164).
КЕШІЛ з а т. Өмір бойы үйленбей
өткен, əйел алудан баз кешкен адам. Ел
бүлдірген кесірлер, Ламамен үйір к е ш
267
Байынқол Қалиев
і л д е р (М. Разданұлы, Алтай., 99). – Е,
əрі-беріден соң сүндеттелуді де ұмытып,
к е ш і л болып кететін шығармыз (Бұл да,
8). «К е ш і л» дейтін себебі, ламалар өмір
бойы əйел алмай өтеді. Бұл соның баламасы
(Ақиқат, 15. 08. 1990, 2).
КЕШІРІМДІЛІК з а т. Кешірім
жасағандық, кешкендік. Кішкентай
адамның түсінігі к е ш і р і м д і л і к к е
жете алмайды (Жұлдыздар отбасы, 2010,
№5, 34).
Достарыңызбен бөлісу: |