КӨЗЕУ
1
е т. Шаңырақтағы уықтың
сүйір ұшы кіретін тесікті күйдіруді көзеу
деп атайды (Ə. Тəжімұратов, Шебер., 27).
Көзеу темір. Шаңырақты күйдіріп
тесетін төрт қырлы темір (Ə.Тəжімұратов,
Шебер., 27).
КӨЗЕУ
2
з а т. Өрмек жіптерін жоға-
ры көтеріп тұратын құрылғы. Алмасаң
тауып түзігін, Бота тірсек бос белбеу,
Одан туған баласы, Өзің жөндеп салмасаң,
Өрмегінің к ө з е у і н (Ө. Ақжолұлы,
Үриятнама, 59).
КӨЗЕУ
3
Көзе етістігінің қимыл атауы.
КӨЗЕШІЛІК з а т. Көзе жасауды кəсіп
етушілік, көзе жасаушылық. Мəселен,
европалықтар алғаш келгенде Полинезия
тұрғындары металл балқытудың, к ө з е ш
і л і к т і ң (гончарство), тоқымашылық-
тың, садақ пен жебенің не екенін білмеген
(А. Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 108).
КӨЗЖАРА з а т. Тез жазыла қоймайтын,
қайта-қайта сулана беретін, көбінесе ба-
лаларда кездесетін тері ауруы. К ө з ж
а р а дөңгелек пішінді болып, айналасы
қызарып, үсті күлбіреп тұрады (Қаз. этно-
графия., 3, 158).
КӨЗҚАРАҚТЫ с ы н. Оқыған, білімді,
сауатты (адам). Керекуге барып к ө з
қ а р а қ т ы біреуге көрінсем деп аңсады
да жатты (З. Ақышев, Ақбел асуы, 136).
Əлбетте, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
шығатынын білетін к ө з қ а р а қ т ы
қауым Жұмабай шығармаларының бəрін
төрт аяғын тең басқан жорға демейді (Қаз.
əдеб., 04. 04. 1975, 3).
КӨЗҚАРАҚТЫЛЫҚ з а т. Білімділік,
көп білетіндік, сауаттылық. Міне, осын-
дай к ө з қ а р а қ т ы л ы қ п е н, осындай
өнермен қалайша суытаяқ болдыңыз? – деп
сұрады (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 116).
КӨЗҚАРЫҚ з а т. Күнге шағылысып,
көзді қарықтырмас үшін тартып алған көз
қап. Жолаушы атының басын Биқажының
шөп шарбағына əкеліп тіреді. Көзіне
қара киізден к ө з қ а р ы қ тартып алған
(М.Разданұлы, Алтай., 263).
КӨЗҚАШТЫ с ы н. Көз тоқтататын
жері жоқ, сүреңсіз, жұтаң. Бағанағы
жұтаңдау болса да к ө з қ а ш т ы етпейтін
айнала ептеп қорқыныш ұялатты (О.Бөкеев,
Өз отыңды., 109).
КӨЗҚҰЙРЫҚ з а т. а н а т. Екі көздің
сыртындағы сызықша. Жирен шашты сары
жігіттің к ө з қ ұ й р ы ғ ы н д а көмескі күлкі
ізі білінді (О. Сəрсенбай, Шеңбер, 24).
КӨЗҚҰРТЫ з а т. Қызықтырған,
құмартқан, армандаған, аңсаған нəрсе.
Мотоцикл сатып алу менің к ө з қ ұ р -
т ы м а айналды (Оңт. Қазақст., 12. 09.
1998, 4).
КӨЗМЕРГЕН з а т. Көзбен көздеп
ататын мерген. Сұлбасы көрінген шақта
қағып түсіретін к ө з м е р г е н емес, тас
қараңғы түнекте құтқармайтын қолмерген
екен (Асқар Алтай, Қызыл бөлтірік, 27).
276
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КӨЗМОНШАҚ з а т. Балаларға тіл-көз
тимесін деп, баскиіміне, киімнің омырау-
ына тағатын көзі бар моншақ. Зергерлер
к ө з м о н ш а қ жасау үшін əрбір моншақ-
қа кішкентай ақ бүршік бекітеді (Қаз. этно-
графия., 3, 163).
КӨЗМОНШАҚТАЙ с ы н. Көзмоншақ
сияқты домалақ, жылтыр. К ө з м о н ш
а қ т а й қосарланған жарықтар ары-бері
қозғалады (Ө. Қырғызбаев, Қырда., 206).
КӨЗОЙЫҚ з а т. а н а т. Көздің ойығы, аң-
ғалағы. Қос жанар к ө з о й ы қ қ а батып, те-
реңнен жылтырағанмен, əрнеге мəн бере үңі-
летін болыпты (К.Сегізбаев, Біз қалада., 117).
КӨЗОЙНАҚТАН е т. Жалт-жұлт ету,
жылтылдау. Күнұзақ к ө з о й н а қ т а н ы п
сəл ғана жібіген терезе шынылары қайтадан
тұтасып, аз-кем босаған дала үстінің қары
шымырлана түсті (Жалын, 1972, №2, 33).
КӨЗОЙНАҚТАНУ Көзойнақтан
етістігінің қимыл атауы.
КӨЗОМАҚА с ы н. ж е р г. Көзге
қарамай, алды-артын бақпай. Бұлардың
ісі де солай. Артқа қарап алып, алға
ұмтылады. К ө з о м а қ а жаппай шабыстың
бір мəтқапылға соқтырарын жақсы біледі
(Жалын, 1969, №4, 99).
КӨЗСҮЙЕЛ з а т. с ө й л. Көзқұрты.
Үскірік желден бой жасырып бас сұғып
ем, қапелімде мен үшін к ө з с ү й е л і м е
айналған ақбас хризантемалардың бағасын
сұрадым (С. Ордашева, Кек жуған, 21).
КӨЗТЕСІК з а т. ж а ң а. Сырттағының
кім екенін көру үшін қалалықтардың
есіктеріне орнатып қойған əйнекті
саңылау; көзек. Ашпастан бұрын есіктегі
əйнектелген к ө з т е с і к т е н сығалаған
(М. Сқақбаев, Ұят тур., 73).
КӨЗТҮРТКІЛІК з а т. Жеккөрініштілік,
жексұрындық. Ол көппен бірге ел қорғауға
баратындығына сенімді, сол үшін көңілі
күпті, əйтпесе ешқашан к ө з т ү р т
к і л і к т е н құтыла алмайтын тəрізді
(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 188).
КӨЗҰЯ з а т. а н а т. ж а ң а. Көз аңға-
лағы (Медиц. термин., 8).
КӨЗШЕ
1
з а т. Үйде тұрып сыртқа
қарайтын, есіктегі əйнекті тесік; көзте-
сік. Аяғымды шалт басып, есікке бардым.
К ө з ш е с і н е н сығаладым. Екі кісі тұр
(С.Оспанов, Сопы., 286).
КӨЗШЕ
2
з а т. б о т. Өсімдік сабағындағы
немесе картоп түйнегіндегі келешек өскін
өсетін ойықшасы. Картоптың түйнегіне
зер салып қарасаңдар, оның бүршіктерін
көресіңдер. Олар 2-3 тен түйнектегі ерекше
ойықтарға – к ө з ш е л е р г е орналасқан
(Ботаника, 5-6 кл., 121). Қарт жүзімші өнім
салатын к ө з ш е л е р д і жүзім сабағының
жоғары жағынан көбірек қалдыруға тыры-
сады (Қаз. ауыл шаруаш., 1961, №5, 20).
КӨЗІГУ Көзік етістігінің қимыл ата-
уы.
КӨЗІК е т. с ө й л. Көз тию. Назары
аштың сұғынан сақта, Сұқ көздінің оғынан
сақта. Қара тілдіден – тілденгеннен сақта,
Қалды көздіден – к ө з і к к е н н е н сақта
(Ж. Ахмади, Айтұмар, 123).
КӨЗІКТІР Көзік етістігінен жасал-
ған өзгелік етіс. – Құдай қосса, балалар
бірге жүреді ғой? ... Жолшыбай к ө з і к
т і р і п, үйір етіп жібер, – деді Тұрсынбай
(Ғ. Мүсірепов, Оянған өлке, 410).
КӨЗІКТІРУ Көзіктір етістігінің
қимыл атауы.
КӨЗІР з а т. ж е р г. Қылмысты адамның
қолына салатын кісен. Күренің алып келді
түрмесіне, Қандала, шыдамадық бүргесіне.
Қолда к ө з і р, аяқта кісен болса, Жігіттер
қоймайды екен кірмесіңе (Бабалар., 27,
204). Ол қолына салған к ө з і р д і бұрап
сындырып, екі күзетшіні өлтіріп, түрмеден
қашып шығады (Халифа Алтай, Алтайдан.,
13). Сарт-сұрт еткен айдауыл басын изеп
шығып кетті де, іле қайта кіріп, тұтқынның
қолына к ө з і р салды (Т. Мəмесейіт,
Таңжарық, 2, 224).
КӨЙЛЕК: Көйлегімен [көйлекшең]
туған бала. Жеңіл жүрістен туған бала.
Қазекең мұндай «к ө й л е г і м е н т у ғ
а н» б а л а л а р д ы да сыртқа теппейді
(Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 1, 404).
Көйлек тігер. Қыз д.м. Батиха, к ө й л е к
т і г е р і ң і з д і ң бауы берік болсын деп
жатыр. Кіндік апа атанған Қамила сəбиді
орап, қымтаумен жүр (Комм-к еңбек, 26.
06. 1969).
КӨЙЛЕКШЕҢДЕН е т. Көйлектен
басқа киімдерін шешу, көйлекпен ғана
жүру. Жадағайлау бір жеріне келіп, к ө й л
е к ш е ң д е н і п, білегін түрініп, жуынды
(Ж. Аймауытов, Шығ., 182).
КӨЙЛЕКШЕҢДЕНУ Көйлекшеңден
етістігінің қимыл атауы.
КӨЙІН з а т. Будандастыру арқылы бір
өркешті аруанадан тараған түйе тұқымы.
277
Байынқол Қалиев
Ақта етілмеген жөңбай, к ө й і н сияқты
т.б. будан нар буралардың бірінен туылған
(Ə. Жақыпов, Түйе., 79). Жалпы бір өркешті
аруанадан будан арқылы інген, үлек, нар-
мая, кердері, к ө й і н, қылмақ, балқоспақ,
мырзақоспақ, қоспақ секілді алуан-алуан
түйелер тарайтынын екі қазақтың бірі
білуге тиіс (Қаз. əдеб., 25. 11. 1988, 1).
КӨЙІТУ Көйіт етістігінің қимыл
атауы.
КӨК... 2. а у ы с. Шар болаттан
жасалған, асыл; сапалы д.м. Мыс.: көк
найза, көк сүңгі, көк кіреуке, көк семсер, көк
сауыт т.б. Сүбедей баһадүр мен Жебе ноян
жас батырларға арналған орданың рəсімді
сыйлығы – болат дулыға, к ө к кіреуке
сауыт, наркескен қайқы қылыштарын
тапсырған (Е. Тұрысов, Темірлан, 153).
Көк алма. Əлі піспеген алма. Қойшы-
ның баласы к ө к а л м а н ы кірш еткізген-
де, ілгеріде қыр қазағының қауын деп
асқабақ үзіп жегені жайында осы елге
тараған бір анекдот қара торы қыздың ау-
зына түсті (Т. Əлімқұлов, Туған ауыл, 77).
Көк асық... Мына бір қоңыр өгіз – к ө к
а с ы қ кəрі өгіз еді бейшара, өте сылбыр
тартады (З. Иманбаев, Қос қайың, 382).
Көк даңғыл. ж е р г. Өтпежел
(сквозняк). Терезенің əйнектері, есіктің
жақтаулары бүтін бе? К ө к д а ң ғ ы л соғып
ауырып қалып жүрмей ме? (Ə. Тарази,
Тасжарған, 100).
Көк егіс [егін]. Арпа, бидайдан
басқа егістер (тары, күріш, жүгері
дақылдарының жалпылама атауы). Ол
Шу бойынан тоған қаздырып, су жайып,
ақ егіс, к ө к е г і с ектіртіп, төрт түлік мал
айдаған (А. Жұмашев, Қалдаяқ ұста., 3).
Бұл колхоз бойынша ақ егіс бар, к ө к е г і с
бар – бес жарым мың гектар (Ш. Мұртаза,
Не жетпейді?, 60). Біліп қойыңыз, к ө к
е г і н г е жүгері, тары, қонақ жатады.
Қолдан суғарылатын арпа ақ егінге жатады
(Қаз. əдеб., 12. 09. 1975, 3).
Көк жайқын. Көк жасыл алқап, кең
дала. Осынау төбелердің ортасы алуан
шөпті к ө к ж а й қ ы н алып алқап (А. Ме-
кебаев, Жезтырнақ, 54). Күншығыс жақта
көлемі кіші-гірім көлдей к ө к ж а й қ ы н
жайқалады (Индер, 18. 06. 1970, 3).
Көк жамбас. э к с п р. Бұтына сиіп
қойып, іш киімі су-су болып жүретін
(бала). – Мүмкін он төрт жасыңа дейін к ө к
ж а м б а с болған шығарсың? – Болдым
(Қ. Ысқақ, Ақсу., 219).
Көк көздеу. Көзі көктеу (кісі). Жалт қа-
расам, ұзын бойлы к ө к к ө з д е у сары кісі
күліп тұр екен (Қаз. əдеб., 01. 05. 1973, 4).
Көк қарын Қарны құнарлы асқа емес,
көк суға толы; аш. Соғыс жылы талай үй,
дорба асыпты, Бөліп берген соларға мал,
азықты. Азаматтар «к ө к қ а р ы н» елін
сақтап, «халық жауы» атанып, қоштасыпты
(Б. Ысқақ, Тастағы., 82). Күн ұзаққа нəр
татпаған Көркемтай секілді к ө к қ а р ы н
баланың кейпіне түсіп, бейшара қалып
танытып отырған бізге қарап қойып үнсіз
ғана тамағын береді (Б. Омарұлы, 11-ші
қаламұш, 235).
К ө к қ а р ы н б о л д ы . С у д ы к ө п
ішкендіктен қарны қампайып кетті. Ол
төбеден аққан суға тұншыға демалып
тұрып, к ө к қ а р ы н б о л ғ а н ш а тағы
да ұзақ сораптады (А. Мекебаев, Аңызақ,
72). Үйренген ат өзі де суды к ө к қ а р ы н
б о л ғ а н ш а ішпейді (Саятшылық, 176).
Көк қасқа машина. ЗИЛ-130 маркалы
жүк машинасы. Жер апшысын қуырып,
гүжілдеп тартып бара жатқан к ө к қ а с қ а
м а ш и н а н ы ң үстінде аруананың сырық
мойны сораяды (Ə. Нұрпейісов, Соңғы.,
188).
Көк қожасы [көк тəңірісі]. п е р и ф р.
Бүркіт. К ө к қ о ж а с ы, көк тəңірісі
бір өзім, менімен теңесер кім бар деген-
дей биіктің биігіне шырқап шығып алған
(Б.Соқпақбаев, Таңд., 114).
Көк найза [сүңгі, семсер] к ө н е.
Темірден жасалған найза (сүңгі, семсер).
Найзаның жебесі болаттан, темірден жа-
салынады. Соған қарай ол «ақ найза» (ақ
сүңгі), «к ө к н а й з а» (к ө к с ү ң г і) деп
аталынады (Ата салты., 51).
Көк пияз. Пияздың көбінесе сабағын
пайдаланатын түрі. К ө к п и я з турап,
қара бұрыш себілген сорпасы да аса дəмді
екен. Қос кеседен сіміріп салғанымызда,
бойымыз бусап, маңдайымыз жіпсіп кетті
(С. Баязитов, Айдарлыда., 30).
Көк сауырлады. э т н. Жылқы, есек
терілерінен жасалған қалың былғары
көк, жасыл түсті болатындықтан, сол
былғарыдан аяқкиім (етік, мəсі, кебіс)
тіксе, оны «көк сауырлады» деп атайды.
Басында ақ жібек шəлі, аяғында к ө к с а у ы р
л а ғ а н мəсі, көзі ойнақшып тұр (Жұлдыз,
278
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
1973, №2, 19). Сол заманда ерлерге қисық
табан етік, əйелдерге к ө к с а у ы р л а п
кебіс-мəсі тігеді (Лен. жас, 05. 07. 1972).
Көк сауырлат. Көк сауыр былғарымен
қаптату. Бір кезде к ө к с а у ы р л а т
қ а н, күмістеткен үйрек бас ер осы үйдің
төріне мың жыл бұрын ілінген күйі қала
бергендей, қаусап тұр (Ғ. Мүсірепов, Таңд.
шығ., 3, 93).
Көк тəңірі. Ежелгі түсінік бойын-
ша түркі елдерінің, оның ішінде қазақ
халқының құдайы; күллі əлемнің жарату-
шысы. Қазақта к ө к т ə ң і р і н е табыну-
дан қалған наным-сенімдер əлі күнге дейін
сақталған (Қаз. этнография., 3, 168).
Көк теңіз. Суы тұнық, көгеріп жатқан
үлкен теңіз. Бұрын к ө к т е ң і з г е тор
жайғанда ау көзін азын-шоғын балық
қағатын (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 175).
Көк тұқылдан. Ұстарамен қырылған
сақал-мұртының көгеріп көрінуі, көгіс
тартуы. Ерден бұл кезде қол айнаны алып,
к ө к т ұ қ ы л д а н ғ а н самайын қырына
бастап еді (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 46).
Көк тұнжыр. з о о л. Қаршығаның
көкшіл сұр түсті түрі. Құсбегілер
қаршығаны өз ішінен шəулі қаршыға,
қара қаршыға, ақ тұнжыр, к ө к т ұ н
ж ы р, сырғақ деп бірнеше түрге жіктейді
(Ж. Бабалықов, Қырандар, 140).
Көк шешек келгір. Көк шешек ауруына
шалдыққыр д.м. қарғыс.
К Ө К А Й Ы Л Д А Н У К ө ка й ы л д а н
етістігінің қимыл атауы.
КӨКАЛА з а т. м е д. Кененің шағуынан
болатын ауру. Өткен жылы ауданда елде
жоқ к ө к а л а ауруы шықты (Қаз. əдеб.,
08. 06. 1990, 14). Дəрігерлік экспертизаның
анықтауында, əрбір 10 кененің 5-6-ы к ө к
а л а ауруына шалдыққан болып шықты
(Бұл да).
КӨКАЯЗДАН е т. Көгілжім тарту, су-
лану, дымқылдану. Көктемде түлеген қанат-
құйрығының шалғылары əлі еркін жетіліп
те болмай, қауырсындарының түбі к ө к а я з
д а н ы п тұр (С. Мұқанов, Мөлдір., 231).
Сонда қамырдың өзі тез ашып, осы жидек
қосылған нан көмбеқазанға жабыспай,
к ө к а я з д а н б а й, қайта көтеріліп піседі
екен (Ж. Аупбаев, Жанарымда, 13). Ол аз
дегендей табаға салған наным к ө к а я з
д а н ы п шала пісті (З. Ахметова, Шуақты
күн., 24).
КӨКАЯЗДАНУ Көкаяздан етістігінің
қимыл атауы. Жамбыл қаласындағы на-
убайханаларда пісірілген нанның не тұзы
жетпейді, не ашытқысы көп. Əйтеуір
қамырының к ө к а я з д а н у ы жиі (Қаз.
əдеб., 06. 06. 1986, 3).
КӨКБАЛАҚ: Көкбалақ болды. Кешке
дейін су кешіп, балағын су-су етті. Көбік
қар жауғанда ит қосып, қоян қуып, кекілік
пен шілге тұзақ құрып к ө к б а л а қ б о л ы п
жүретін (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 10).
КӨКБАС
1
... Жалаңашкөлде аздап сазан,
к ө к б а с балықтары бар (Б. Нұржекеев,
Өзендер., 225).
КӨКБАС
2
з а т. з о о л. Тұмсығы үшкір,
ұшатын, қан сорғыш жəндік. Тұнықтан
қанып ішеді де, бүкті тоғай бойының
найза тұмсық к ө к б а с ы мен қылыш
қанат бөгелегінен, қан сорғыш сонасынан
жан сауғалап, желдеп қырға шығады (М.
Мағауин, Аласапыран, 45).
КӨКБАУЫР з а т. з о о л. Үйректің ба-
уыры көк бір түрі. Қиқу салған қасқалдақ,
мамырға жығылған к ө к б а у ы р, кегер,
терісаяқ,... үйректер бүйрек көлді айналып
тік тартты (Лен. жас, 19. 08. 1972, 2).
КӨКБЕКШЕ з а т. з о о л. Арқардың
былтырғы қозысы. Арасында биылғы
құралайы, былтырғы к ө к б е к ш е с і,
құнанша, дөненшесі, тұмса тушасы ара-
лас бір үлкен арқар үйірі қиялай өрлеп
барады (Е. Тұрысов, Құралай., 25). Құлан
жалдың қиясында үйірінен бөлініп, жеке
жүрген құнан шығар к ө к б е к ш е н і қалай
көргенін... бүге-шігесіне дейін қалдырмады
(Е. Тұрысов, Ақбақай, 137).
КӨКБЕТТЕНУ Көкбеттен етістігінің
қимыл атауы.
КӨКБЕТТІК з а т. Долылық, ызақорлық.
Қайсы бір келелі мəселе тұсында оның
тіпті Қозы Қарынға да қарсы шығып,
қасарысып отырып алатын к ө к б е т т і г і
жұртқа ұнайтын (Ə. Нұрпейісов, Соңғы.,
164). Мұхамəди мен Ұрқияның шекісіп
қалатынын тəптіштеу не үшін керек?
Ұрқияның к ө к б е т т і г і н көрсету үшін
бе? (Қаз. əдеб., 25. 03. 1977, 2).
КӨКБОПАЙ з а т. ж е р г. Қойдың қиы.
Түтін салуға жирен, жусан, бұта, көк тезек,
к ө к б о п а й қолданылады (Б. Кəмалашұлы:
Ана тілі, 11. 03. 1993, 4).
КӨКБҰЙРА з а т. с ө й л. Насыбай.
Өйткен, бұл «к ө к б ұ й р а н ы» (насы-
279
Байынқол Қалиев
байды) ол əнеу күні Шетпенің дүкенінен
сатып алған су тиіп шіріп кеткен махоркаға
пештен шыққан қидың күлін қосып жасай
салған-ды (Ə. Кекілбаев, Бір шөкім., 21).
КӨКБҰҚА з а т. и х т и о л. Каспий
теңізінде мекендейтін бағалы балық.
Мұнда к ө к б ұ қ а, бекіре, шоқыр,
майшабақ, қаракөз, сазан, табан, жайын
жəне т.б. балықтардың бағалы түрлері бар
(ҚСЭ, 3, 434).
КӨКДƏРІ з а т. х а л қ. Тотияйын (ку-
порос) осылай да аталады.
КӨКЕ з а т. 1. Əкесінің ағасы немесе
інісі. Төр жақтағы төсек – к ө к е с і н і ң
төсегі де босап қапты (М. Мағауин, Таңд.
шығ., 1, 35). 2. Кей жерде əкесін де «көке»
деп атайды. Сөк салынған қалтаның
аузы к ө к е с і келгенде шешілетінін қыз
онсыз да білетін. Бірақ шешесінің аузы-
нан əкесі туралы естудің жөні бөлек еді
(Т.Нұрмағамбетов, Дария., 58).
КӨКЕБАС о д. Жасы кішіге айты-
латын еркелету сөз. – Мен жоқта саған
əкебас, к ө к е б а с деді ме? (Ə. Байбол,
Теміржол., 32).
КӨКЕЗУЛЕН е т. Көгеріп, сазарып,
ұрсып сөйлеу. Мүлдем к ө к е з у л е н і п,
сазбеттеніп кеткен соң жеңіліп қойған
(С.Досымов, Жаңғырық, 98).
КӨКЕЗУЛЕНУ Көкезулен етістігінің
қимыл атауы.
КӨКЕЗУЛЕС е т. Айтысу, тартысу.
Құрманмен к ө к е з у л е с і п, балаларды
əлі де қылғыртпақ еді (Ұ. Доспанбетов, Ел
есінде, 67).
КӨКЕЗУЛЕСУ Көкезулес етістігінің
қимыл атауы.
КӨКЕЙКЕСТІЛІК з а т. Көкейкес-
ті мəселеге айналғандық, маңыздылық.
Алайда партияның əдеби-көркем сынға
қатысты міндеттері уақыт озған сайын
орасан өткірлік əрі к ө к е й к е с т і л і к
сипатқа ие бола алады (Қаз. əдеб., 08. 06.
1973, 1).
КӨКЕКБАС з а т. б о т. Өсімдіктің бір
түрі. Былай қараса изектеп тұрған к ө к е
к б а с т а р, былай қараса қаңқиып тұрған
мұнаралар – ана төсіне қадалған аш бала
секілді (Қаз. əдеб., 12. 05. 1978, 1).
Достарыңызбен бөлісу: |