Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет67/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   168

КӨКЕКТЕТ  е  т.  а  у  ы  с.  Зарлату, 

қақсату. Əй, сол қызды сонша к ө к е к т е 

т п е й жалғыз жіберсе қайтеді (Лен. жас, 

23. 10. 1974, 4).



КӨКЕКТЕТУ  Көкектет  етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨКЕКТЕУ  Көкекте  етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨКЕЛІК  з  а  т.  Көке  болғандық, 

туыстық. – Сенен де к ө к е л і г і м үшін 

ақы алып жүрген мен жоқ қой, болайын, – 

дедім (Т. Жақыпбайұлы, Лашын, 56).

КӨКЕМАН з а т. э т н. Бақсы ойыны 

кезінде  бақсыға  көмекке  келетін,  жай 

адамдардың көзіне көрінбейтін күш иесі, 

жын. К ө к е м а н қазақ бақсылары көп 

шақыратын  жын-перілердің  бірі  ретінде 

зікірде көп ауызға алынады (Қаз. этногра-

фия., 3, 173).



КӨКЕТАЙЛАУ Көкетайла етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨКЖАҚ с ы н. Жас, əлі жетілмеген

Мысалы,  өзгеміздің  марқамыздан  осы 

үйдің к ө к ж а қ қозысы артық. Сенбесең 

қазір  көресің, – деді  (К.  Мұқанжанұлы, 

Ортеке, 136).

КӨКЖАЛША  ү  с  т.  Көкжал  құсап, 

көкжал  тəрізді.  Мына  жағы  Сарыарқа, 

мына  жағы  Қырғыздың  Алатауына  дейін 



к ө к ж а л ш а жортып, күй топанын төк-

кен  Сүгір  күйшімен  ілесіп  үзеңгілес 

жүргенін де естіген (А. Нысаналин, Алыс. 

алау, 36).



КӨКЖАН з а т. и х т и о л. Шабақ тəрізді 

кішкене балық. К ө к ж а н – кішкене шабақ 

тəрізді  балық.  Бұл  балықтың  өндірістік 

маңызы кем (Қазақ тілі мəселелері, 154). 

КӨКЖАСЫЛ с ы н. Көгі басым жасыл 

түс. К ө к ж а с ы л жайлауға менің бірінші 

шығуым еді, таң-тамаша күй кештім (Лен. 

жас, 19. 06. 1988).

КӨКЖАСЫЛДАН  е  т.  Көкжасыл 

түске ену, құлпыру. Жер беті жаңадан к ө к 

ж а с ы л д а н ы п келеді екен (Ж. Бейсен-

баев, Шоқан ізімен, 13).



КӨКЖАСЫЛДАНУ  Көкжасылдан 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨКЖОЙҚЫН с ы н. Ағыны қатты, 

қаһарлы, сұсты. Көк кіреуке мұз құрсанған 

к ө к ж о й қ ы н Есіл көшқұлаш қашыққа 

қол созып, сыр бүккен сəтте көлбеп жатыр 

(Лен. жас, 03. 04. 1973, 4).

КӨКЖІЛІК з а т. Қыран құстың қаны 

толып,  жетілген,  көбең  тартқан  кезі. 

Шілде қақты боп қатып қалған сары жүнін 

түлейді.  Бұл  к  ө  к  ж  і  л  і  к  деп  аталады 

(Саятшылық, 176).



280

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КӨКЗЕҢГІР...  Күн  күркіреп  барып,

к ө к з е ң г і р аспанның əлде бір жері шарт 

айырылғандай  шатыр  ете  түсіп,  күңгір-

леп  барып  сап  болды  (С.  Байжанов,  Ақ 

маржан, 10).



КӨКЗЕҢГІРЛЕНУ  Көкзеңгірл ен 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨКҚАҒАЗ з а т. с ө й л. Доллар. 

КӨКҚАНАТТАН е т. Қанаты енді ғана 

шыға  бастау,  əлі  қатая  қоймау.  Балапан 

жарақат. Жаңа ғана к ө к қ а н а т т а н а 

бастаған, бір қанаты жерге қарай салбырап 

тұр (Қаз. пионері, 10. 11. 1971, 2).



КӨКҚАНАТТАНУ  Көкқанаттан 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨКҚАСҚА

1

 з а т. з о о л. Шегіртке-



нің  өзі  көк,  өзі  үлкен  түрі.  Теңгегүлдің 

арасында шегірткенің екі к ө к қ а с қ а с ы

бірін-бірі  шайнап  жатыр  (Қаз.  əдеб., 29. 

06. 1973, 4).



КӨКҚАСҚА

2

  з  а  т.  с  ө  й  л.  Көкқасқа 



машина.  Үйдің  алдында  ауыл  адамдары 

əдетте  «к  ө  к  қ  а  с  қ  а»  атайтын,  үлкен 

темір  қорапты  жүк  машинасы  тұр  екен

(Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 432).



КӨКҚАСҚА: Көкқасқа бетеге. б о т. 

Бетегенің бір түрі. Жеңіл газик к ө к қ а с 

қ а  б е т е г е н і қақ жарып, кезеңге шыға 

келгенде  шөпшілердің  қосы  андағайлап 

көзге  түсті  (Қаз.  əдеб., 09. 06. 1967, 4). 

Егін  жақтан  майда  самал  үп  ете  түсті. 

Тарғыл қурай, к ө к қ а с қ а  б е т е г е н і 

мына жүріске таңдай қақтырғандай маңғаз 

тербейді (Лен. жас, 01. 10. 1966, 2).

Көкқасқа бидайық. Бидайықтың ұзын 

болып өсетін түрі. Шілде түсе суы тарты-

лып,  сабасына  түсіп,  ажырық,  құрақ  пен



к ө к қ а с қ а  б и д а й ы қ екі қапталына тізе-

ден шыққан (С. Досымов, Жаңғырық, 32).



Көкқасқа  машина.  «ЗИЛ»  жүк  ма-

шинасы  ауызекі  сөйлеу  тілінде  осылай 

да  аталына  береді.  К  ө  к  қ  а  с  қ  а    м  а 

ш  и  н  а  н  ы  ң  ол  жер,  бұл  жерін  көріп, 

босаған  бұрандаларын  қатайтып,  кешке 

дейін шұқылаумен жүрді (Ө. Қырғызбаев, 

Қырда., 201). Вокзалға  келіп,  пойыздан 

түскенде  вагонның  дəл  қарсысында  екі

к ө к қ а с қ а  м а ш и н а тұрады (Ана тілі, 

16. 02. 2012, 7).



Көкқасқа шегіртке. з о о л. Шегіртке-

нің  топтасып,  үйірімен  ұшып  жүретін, 

ауыл  шаруашылығына  өте  зиянды  түрі.

К ө к қ а с қ а  ш е г і р т к е н і ң келтіретін 

шығыны  айтарлықтай:  бір  тəулікте  олар-

дың аса үлкен емес үйірі 1 мың тонна балау-

саны  жапырып  кетеді  (Жəндіктер, 21). 



К ө к қ а с қ а  ш е г і р т к е л е р м е н 

күресу мүмкін емес.Бірақ оның көбеюінің 

алдын  алуға  болады.  Ол  үшін  жұмыртқа 

салған  жерді  инсектицидтер  көмегімен 

дернəсілдерін құрту қажет (Бұл да). К ө к

қ  а  с  қ  а    ш  е  г  і  р  т  к  е  н  і  (саранча) 

кейде  «обыр  шегіртке»  деп  те  атайды

(Р. Сəтімбеков,.. Қызықты биология, 84).

КӨКҚОШҚАР  з  а  т.  а  с  т  р.  Аспан 

ж ұ л д ы з д а р ы н ы ң   б і р і .   О л   м а ғ а н 

темірқазықтың,  жетігеннің,  үлкəрдің, 

аққошқар, к ө к қ о ш қ а р, ақбозат, көкбозат, 

үшарқар, жетішегін, төртноқай, тоғызтораң 

сияқты жұлдыздардың қозғалысын үйретті 

(Қазыбек бек, Түп-тұқиян., 140).



КӨКҚҰЙРЫҚ з а т. з о о л. Сайрауықтар 

тұқымдасына  жататын,  арқасы  мен 

құйрық үсті көк, бауыры ақ түсті кішірек 

(салмағы 20 г.) құс (торғай). К ө к қ ұ й р 

ы қ Қазақстанда Оңтүстік Алтайдың таулы 

ормандарында кездеседі (Қазақст. жануар., 

115). 

КӨКҚҰМАР с ы н. Көкке (табиғатқа) 

шыққанды ұнататын (адам). «Шатта жы-

лан көп, тас құлап кетеді» дейтін үлкендер 

сөзін к ө к қ ұ м а р балалар құлақтарына 

ілмейтін де (Қаз. əдеб., 24. 10. 1975, 2).



КӨКҚҰЛАҚ з а т. с ө й л. Мың теңгелік 

қағаз ақша. Мың теңгелік к ө к қ ұ л а қ т ы

қолына  ұстата  бергенімде,  бетімнен  шөп 

еткізіп сүйіп алды (Ж. Қорғасбек, Жынды 

қайың, 36).



КӨКМОЙЫН__1'>КӨКМОЙЫН

1

  з  а  т.  Тоғызқұмалақ 

ойынындағы солдан оңға қарай санағандағы 

сегізінші отау. Тоғызқұмалақтың əр отауы 

былайша  аталады: 1-отау – арт  немесе 

таңдық; 2-отау – тектұрмас; 3-отау – атөтпес; 

4-отау – атсыратар; 5-отау – бел; 6-отау – 

белбасар; 7-отау – қандықақпан; 8-отау – к 

ө к м о й ы н; 9-отау – маңдай (Ө. Жолымбе-

тов, Айгөлек, 47-48). Тоғызқұмалақшының 

біреуі к ө к м о й ы н н а н, біреуі ортадан, 

кейбіреуі атаспастан, белбасардан бастай-

мын деп кезек алып, алғашқы боп көшеді 

(Лен. жас, 08. 11. 1988, 4).



КӨКМОЙЫН

2 

з а т. п е р и ф р. Арақ. 

Кейбір орыстар, мал сатқандар болса керек, 

бірер  қазақты  ортасына  алып,  арбаның 

түбінде отырып «к ө к м о й ы н д ы» сіміріп 

жатыр (Б. Майлин, Таңд., 246). «Міне, біз де 



281

Байынқол Қалиев

келдік» дегендей к ө к м о й ы н дастарқан 

шетіне кеп шікірейе қалды (Н. Серəлиев, 

Қаңтар, 126).



КӨКМОНШАҚ з а т. с ө й л. Тувалық-

тарды  Моңғолиядағы  қазақтар  осылай 

атайды.  Бір  күні  ауылымызға  Дамиран 

деген к ө к м о н ш а қ келді (З. Қинаятұлы, 

Көшпенді., 65).

КӨКМОРАЗ з а т. Сұйық көкшіл бояу; 

синка. Бұл хабарды естіген соң, кір-қоңын 

жуып, к ө к м о р а з ғ а малып, əркім өз 

əлінше тыраштана бастады (Ж. Аймауытов, 

Шығ., 369).



КӨКМЫЛЖЫҢША ү с т. Көкмылжың 

тəрізді, көкмылжың сияқты. Қызыл тіл-

дің тиегін ағытса адам атаулы к ө к м ы л



ж ы ң ш а көбіктенген аузымен көпіре бере-

тін əдеті (Ə. Байбол, Теміржол., 86).



КӨКНƏРЛІК  с  ы  н.  Көкнəр  (апиын) 

егетін, көкнəр егуге арналған (жер). Қазір 

сол шалдардың өзі к ө к н ə р л і к жерлерін 

айдатып  тастап,  орнына  бəдірен  дей  ме, 

кəпөске дей ме, қайдағы бірдеңелерді септі 

де тастады (Д. Исабеков, Тіршілік, 104).

КӨКНƏРПАЗ  з  а  т.  Көкнəр  ішетін 

адам,  көкнəрқұмар.  Содан  кейін  қайран 

əке кетпенді тастап, ошақтың бұтын бағып, 

самаурынды қалқалап к ө к н ə р п а з болып 

алды (Д. Досжанов, Жолбарыс, 69).



КӨКПЕКТІ...  Суы  молдығына  жəне 

көк шалғынымен қатар қарағанды, к ө к п 



е к т і, ақот, қараотына қарап қоныс етеді 

(М. Əуезов, Абай, 1, 195). Қарауытқан өзен 

суы, жиектегі мүлгіген құрақ, қоға, одан əрі 

к ө к п е к т і қырқа, құм төбелер – бəрі де 

өлі тыныштық құшағына енген (Т. Əбдіков, 

Өліара, 36).

КӨКСАЛА__1'>КӨКСАЛА

1

 з а т. Қазақ үйдің сүйегін 

(уық,  кереге  т.б.)  жасауға  қажетті  əлі 

қабығы  аршылмаған  ағаш  (тал). «К  ө  к

с а л а» деп қабықталмаған, бірақ бұтақта-

лып,  сыптығырлап  буып  тастаған  түзу 

талдарды айтады (Қазақст. ауыл шаруаш., 

1969, №7, 60).



КӨКСАЛА

з  а  т.  з  о  о  л.  Денесінің 



жоғарғы  жағы  сұр,  төменгі  жағы  сары 

түсті,  ұзын  құйрықты,  сымбатты  кел-

ген  кішілеу  құс  (торғай).  К  ө  к  с  а  л  а 

тау  өзендері  мен  көлдерінің  жағасында 

тіршілік етеді (Қазақст. жануар., 101). 

КӨКСАУЫР: Көксауыр етік [кебіс]. 

Көксауыр  былғарыдан  тігілген  етік.  Ер 

адамның  аяқ-киімдерінің  жасалуы  мен 

пошымына  қарай  жайтабан,  саптама, 

шоңқайма, мықшима, к ө к с а у ы р  е т і к



т е р мен кебіс, мəсі сынды атаулары бар 

(Қаз. этнография., 2, 77). Ол аяғына к ө к с 



а у ы р  к е б і с пен жұмсақ мəсі қабаттап 

киіпті (Ə. Кекілбаев, Дала баллада, 99).



К Ө К САУ Ы РЛ А Н   К ө к с а у ы р л а 

етістігінен  жасалған  ырықсыз  етіс

Оқпанның асты к ө к с а у ы р л а н ғ а н, яғни 

көк  бояумен  боялған,  көнмен  қапталған 

немесе  өрнектелген  (Ə.  Тəжімұратов, 

Шебер., 74).

КӨКСАУЫРЛАНУ  Көксауырлан 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨКСАУЫРЛАТ Көксауыр бұлғарымен 

сəндеп тігу. Аса шебер деген бір етікшіні 

үйге  əдейілеп  алдырып,  өкшесін  к  ө  к 



с  а  у  ы  р  л  а  т  ы  п,  тігістерінің  арасын 

кестелетіп,  биік  өкшелі  шоңқайма  етік 

тіктірді (С.Мұқанов, Мөлдір., 232).

КӨКСАУЫРЛАТУ  Көксауырлат 

етістігінің қимыл атауы.

К Ө К САУ Ы РЛ АУ   К ө к с а у ы р л а 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨКСЕГІШ с ы н. Бір нəрсені көксей 

беретін,  арманшыл.  Шоқан  жастайынан 

қиялшыл, арманшыл көктегіні к ө к с е г і ш, 

мұраты биік жан болған ғой (Ж. Бектұров, 

Жол жоралғысы, 26).



КӨКСЕРКЕ з а т. з о о л. Кішірек кел-

ген құстың бір түрі. Бұл арада көкторғай, 

бөдене, к ө к с е р к е, жағалтай, кекілік, 

балтатұмсық,  шілден  бастап,  үлкендігі 

анау-мынау қозы-лақтан кем емес қарақаз, 

бірқазан,  дуадақ,  қарабай,  қырғауыл  мол 

болатын (І. Есенберлин, Қаһар, 168). 



КӨКСИЫР  з  а  т.  э  т  н.  Ұлттық 

ойындардың  бір  түрі.  Бұдан  кейінгі  бір 

ойын – «к ө к с и ы р». Бұл да жануарлар 

дүниесін елестетіп ойнайтын ойын. Мұнда 

қатысушылар  санына  шек  қойылмайды

(Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 56). Жануар-

лар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар: 

соқыртеке, түйе-түйе, ақбайпақ, к ө к с и 

ы  р  т.б.  Бұлардың  көп  тарағандарының 

бірі – Ақбайпақ ойыны (Қаз. мектебі, 1974, 

№5, 14).

КӨКСОҚҚЫР е т. «Құдай ұрған» д.м. 

қарғыс. – Қаратаймысың? Өй, к ө к с о қ 

қ ы р, қыз-келіншек жағалап жүрсің-ау а? 

(Т.Əбдіков, Өліара, 120).



КӨКСОҚТАЛАНУ  Көксоқталан 

етістігінің қимыл атауы. 

282

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КӨКСУ з а т. ж е р г. Сарсу

3

. Сол жақ 

босағада астындағы жез легенге тырс-тырс 



к  ө  к  с  у  тамшылатып  қозы  қарын  сүзбе 

ілініпті (Ə. Кекілбаев, Үркер, 25).



КӨКСҮҢГІ... Мұз болғанда болаттай 

жарқыраған к ө к с ү ң г і мұз (Н. Ақыш, 

Бейуақта., 146).

КӨКТАБАН  з  а  т.  Асықтың  тəйке 

жағына қорғасын құйылған сақа көктабан 

деп аталынады (Қаз. этнография., 1, 229).

КӨКТАЛ з а т. Шоққа қақтап пісірілген 

балық.  Ұлттық  тағам  түрлеріне  балықты 

бітеу пісіру, қақтау (к ө к т а л), түйір (уха) 

деп аталатын тағам түрлері қосыла бастады 

(Қаз. этнография., 1, 409). 



КӨКТАЛАҚТАН  е  т.  Көгеру,  сазару, 

ашулану, долдану; көкбеттену. Келіншектің 

көз алдында жығылып қалғанына намыста-

нып, к ө к т а л а қ т а н ы п атып тұрды 

да, шəңкілдеп байға ұмтылды (Б. Мұқаев, 

Жалғыз жаяу, 226). Күлдəрі бірден к ө к т а 

л а қ т а н ы п сөзді «жүзіқарадан» бастады 

(Ə. Кекілбаев, Бір шөкім., 20).



КӨКТАЛАҚТАНУ  Көкталақтан 

етістігінің қимыл атауы

КӨКТАМАҚ з а т. з о о л. Ұзындығы 

15-20  см-дей,  тамағы  көкшіл  кесіртке. 

Байқап  қарасам  торғай  дегенім  кесіртке 

екен. Ұзындығы 15-20 см. Мырзакең маған 

бұрылып: - Көрдің ғой, мұны к ө к т а м а қ

деп атайды. Кейде «барлаушы» дейтіндер 

де бар, - деді (Лен. жас, 20. 06. 1973, 4).



КӨКТАС  з  а  т.  с  ө  й  л.  Тотияйын. 

«Медный  купорос»  дегенді  халық  «к  ө  к



т а с» атайды (Қаз. əдеб., 13. 06. 1997).

КӨКТАСПА з а т. б о т. Таспа өсімдігінің 

көк  түсті  бір  түрі.  Жатаған  сексеуіл, 

дүзген,  жусан,  изен,  еркекшөп,  ақтаспа,



к ө к т а с п а, ебелек, қылша, селеу – осы-

лар  сияқты  қой  малы  сүйсініп  жейтін 

өсімдіктердің  алуан  түрі  бар  (Ұ.  Доспан-

бетов, Шығ., 4, 175).



КӨКТАТ з а т. ж е р г. Көкөніс. ≈ Базарға 

барып, к ө к т а т сатып алдым. 



КӨКТЕЙ  ү  с  т.  Керегенің  көгі  тəріз-

ді  (сияқты).  Қалмаса  жырақ  жерден  оғы 

жетпей,  Қашқанды  қақты  доптай  қата 

кетпей. Қабаттап қалың топқа жібергенде, 

Өтуші  еді  керегеден  тартқан  к  ө  к  т  е  й

(Н. Ахметбеков, Аманкелді., 18).

КӨКТЕКЕ... Бірақ к ө к т е к е одан 

да  (тоқылдақтан  да)  бұрынырақ  дыбыс 

береді – «перфоратор  сияқты  жиі-жиі 

тықылдатады» (Марқакөл, 72). Осындай 

сирек кездесетін (Ақсу-Жабағылыда) жəне 

тіршілігінде  талай  құпия  сыр  жасырған 

қанаттылардың бірі – құз к ө к т е к е с і 

н е аздап тоқталып көрейік (Қаз. əйелдері, 

1985, №2, 16). Дене пішіні торғайдан сəл 

үлкенірек келген к ө к т е к е н і ң құздар-

да  салған  ұясына  таңданбасқа  болмайды 

(Бұл да).

КӨКТЕЛ Көкте етістігінен жасалған 

ырықсыз  етіс.  Кереге  сүйектері  тор  көз 

əдіспен айқастырыла орналастырылады да, 

қайыспен к ө к т е л е д і (Қ. Толыбаев, Ба-

бадан., 241). Керегенің к ө к т е л і п біткен 

əр бөлігін қанат деп атайды (Шаңырақ, 47). 

КӨКТЕЛУ Көктел етістігінің қимыл 

атауы. Шикі қайыс таспамен к ө к т е л у і

керегені  жаюға  да,  жинауға  да  ыңғайлы 

етеді  (ҚазССР  ҒА  Хабарлары, 1972, №1, 

44).


КӨКТЕМ:  Көктем  ауруы.  с  ө  й  л. 

Жыбырлақ. Жыбырлақты жергілікті жерде 

к ө к т е м  а у р у ы деп те атап жүр. Өйткені 

мал  көктемде  жиі  ауырады  (С.  Омаров, 

Қозы ауруы, 75).

Көктем  тоқсан.  Көктемнің  үш  айы 

(наурыз, сəуір, мамыр).

КӨКТЕМЕГІР  е  т.  «Көктей  солғыр» 

д.м. қарғыс. – О, к ө к т е м е г і р, өтірікті неге

айтасың-ей?! – деп Ұрқия ашуланып, Қара-

тайды қуып берді (Т. Əбдіков, Өліара, 119).

КӨКТЕНУ Көктен етістігінің қимыл 

атауы. 

КӨКТЕҢБІЛДЕН  е  т.  Көк  түсті 

теңбіл  пайда  болу.  Жағасында  өскен  көк 

өрім  тал,  көк  балауса  құрақтан  ба,  əлде 

төбесінен  төнген  Зеңгір  аспаннан  ба, 

əйтеуір, көл суы к ө к т е ң б і л д е н е д і 

де жатады (С. Досанов, Қыран., 21).

КӨКТЕҢБІЛДЕНУ  Көктеңбілден 

етістігінің қимыл атауы

КӨКТЕРЕКТІ с ы н. Көктерек өскен, 

көктерегі мол. Қазіргі кезде солтүстіктегі 

қайыңды,  к  ө  к  т  е  р  е  к  т  і,  қарағайлы 

ормандар  диқандардың  одақтасы  болуда 

(Қ. Құрманов, Жасыл əлем, 30). Шоқ-шоқ 

өскен қайыңды, к ө к т е р е к т і орман ара-

сында бұталар өседі. Олар: тал, долана, итмұ-

рын, қара қарақаттар (Қаз.ССР геогр., 59).

КӨКТЕТПЕ е т. Жетістірмеу, жарыт-

пау, оңдырмау. Бұл не оқу оқып к ө к т е т 

п е й д і, не қолғабыс беріп к ө к т е т п е 

й д і (Қаз. əдеб., 27. 09. 1974, 4).


283

Байынқол Қалиев

КӨКТЕТПЕУ  Көктетпе  етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨКТЕТУ Көктет етістігінің қимыл 

атауы (Т. Нұрмағамбетов, Ата қоныс, 158).

КӨКТОРҒЫН  с  ы  н.  Көгі  басым 

торғын түс. Мұнда апрель айынан бастап, 

ақыр күзге дейін к ө к т о р ғ ы н бидайық 

бітік болады (Оңт. Қазақст, 09. 01. 1968, 2).

КӨКТӨБЕЛ  с  ы  н.  Еңсесі  биік,  ша-

тырлы,  əдемі. «Ешмұхамед  ақын  менің 

патшадан  алған  шенімді,  к  ө  к  т  ө  б  е  л 

үйімді бір ауыз өлеңге сыйғызып айтсын» 

депті (Ел аузынан, 167).



КӨКТҰҚЫЛДАП  ү  с  т.  Көк  тұқыл 

етіп, тықырлап. Сақал-мұртын к ө к т ұ 

қ ы л д а п қырып тастаған (Оңт. Қазақст., 

30. 11. 1972, 3).



КӨКТҰМСЫҚ__1'>КӨКТҰМСЫҚ

1

  з  а  т.  и  х  т  и  о  л. 



Балықтың  тұмсығы  көкшіл  бір  түрі. 

Қорегі əртүрлі тұқылардың (к ө к т ұ м с 



ы қ, тыран, ақмарқа, қарабалық жəне т.б.) 

өңеш  құрылысының  өзінде  айырмашы-

лық  жоқтың  қасы  (М.  Жұмалиев,  Балық-

тар., 115).



КӨКТҰМСЫҚ

2

 з а т. з о о л. Тұмсығы 



мен тұяғының көбелері көк түсті болып 

келетін,  құсбегілер  арасында  ерекше 

бағаланатын  қыран  құс  (Қаз.  этногра-

фия., 3, 184).



КӨКТҮЙНЕК  з  а  т.  м  е  д.  с  ө  й  л.

Соқырішек. Қазақ к ө к т ү й н е к деп əдет-

те  аппендицитті  айтады  (О.  Сəрсенбаев, 

Жақсының көзі, 174).

КӨКТІ  с  ы  н.  Көк  түсті,  көгі  бар, 

көктілі.  Бозторғай  əн  шырқасып  күйге 

басып,  Шыбын-шіркей,  соналар  ызыл-

дасып. Ақты, к ө к т і, жасылды қызғал-

дақпен Салтанатын санап тұр сай жарасып 

(И. Байзақов, Құралай., 102).

КӨКТІК з а т. с ө й л. Көк шөп, шалғын. 

К  ө  к  т  і  к  біркелкі  тұтас  екен,  жақсы 

көтеріліпті. Енді шабындықты кешіктірудің 

жөні жоқ, – деді директор (Т. Тілеуханов, 

Біздің əкелеріміз, 197).



КӨКТІРЕК с ы н. Көкті тіреп тұрған, 

биік. Айлапат қаланың орталығындағы ел 

билеген дөкейлерге ғана арналып салынған 



к ө к т і р е к үйдің тоғызыншы қабатында 

тұрады (Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 3, 272).



КӨКУ  Көкі  етістігінің  қимыл  ата-

уы.  Жағыма  жылан  жұмыртқалағандай 

қайдағыны  к  ө  к  у  і  м  ненің  ақысы?

(Қ. Қазиев, Жалғыз жалау., 27). – К ө к у емес,

«асықпай айтып көр» де (Т. Жақыпбайұлы, 

Лашын, 19).

КӨКШЕ:  Көкше  мұз.  Жалтырап 

жатқан көк түсті мұз. Келесі сəтте жолба-

рыспен айқасқан адам к ө к ш е  м ұ з үстіне 

қауышқан  қалыптарында  бір  қырыннан 

қатар құлады (Ə. Көшімов, Жас аңшы, 98).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет