Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет68/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   168

КӨКШЕГІР з а т. з о о л. Көкшіл түсті 

қыран бүркіт. Қырандар нəсіліне қарай: к 

ө к ш е г і р, шегірпая, қандыкөз, мұзбалақ, 

шұбартөс, ішжарғыш, ақиық деп аталады 

(Ана тілі, 14. 02. 2008).

КӨКШЕЛЕУ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Шөбі 

көптеу,  көгірек.  Малды  к  ө  к  ш  е  л  е  у 

бір жерге иіріп тастадым да, үйге барып, 

жылынып,  тамақтанып  келмекші  болдым 

(Жыл он екі ай, 1978, 94).



КӨКШУЛАНДАН е т. Көкшулан тар-

ту,  көгеру.  Бірақ  бұл  болатын  оқиғаның 

бетінің ұшы к ө к ш у л а н д а н ы п сазара 

қалатын  кермеқасына  түк  те  қатысы  жоқ 

(Ж. Қорғасбек, Жынды., 72).



КӨКШУЛАНДАНУ  Көкшуландан 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨКШЫБЫН...  Үй  шыбынынан 

басқа, өте ірі к ө к ш ы б ы н – өлексе немесе 

ет шыбыны бар (Р. Сəтімбеков,.. Қызықты 

биология, 106).



КӨКШЫМШЫҚ  з  а  т.  з  о  о  л. 

Торғайдың көк түсті бір түрі. ≈ К ө к ш 

ы м ш ы қ (синица) біздің жақта өте көп 

болады.


КӨКШІЛІ з а т. з о о л. Қыран құстың 

бірі;  лашын,  тұйғын.  Аспанды  бұлт 

құрсайды – Күн жауарға ұқсайды. Көлдерде 

қулар шулайды – К ө к ш і л і д е н ол айуан 

Соққы жегенге ұқсайды (Шалкиіз жырау: 

Нарзаман., 24).

КӨКШІРЕЙ е т. с ө й л. Көкшіл тарту, 

көгеру. Күйіп-жана бастаған күн к ө к ш і 

р е й г е н аспаннан қарғып түскісі келген-

дей адамзатқа өштесіп тұр (О. Бөкеев, Өз 

отыңды., 14).

КӨКШІРЕЮ  Көкшірей  етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨКІМАН с ы н. Көкіп көп сөйлейтін, 

мылжың. Арақтан ылғи аузы құрғамайтын 

к ө к і м а н жігіттің жайы Ақашқа əбден 

аян (С. Лəмбеков, Əке жолы, 4).



КӨКІРЕК:  Көкірек  адам.  Өзімшіл, 

менмен,  кеудемсоқ  адам.  «Өзі  де  шығуға 

таяу  тұрған  көз  еді»  дегендей,  бұрын  да



к ө к і р е к  а д а м, бірден дəрежесі мұндай 

284

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

көтерілгеннен  кейін  қалай  көкімесін

(І. Есенберлин, Маңғыстау, 248).

Көкірек маңқа. в е т. Малдың көкірегіне 

(өкпесіне)  түскен  маңқа  ауруы.  Халық 

маңқаның өкпеге түсетін ауыр түрін «к ө к 



і р е к  м а ң қ а», танауға түсетін жеңілдеу 

түрін «без маңқа», «танау маңқа» деп атай-

тын (Х. Арғынбаев, Қаз. этнография., 120).

Көкірек  шемені.  м  е  д.  Өкпе  ісініп, 

қабынып,  сары  суға  толып  кететін  ше-

мен  ауруы.  Қазақ  елшілерінің  айтуын-

ша  бұл  дерт  (шемен) – к  ө  к  і  р  е  к    ш  е 



м  е  н  і,  іш  шемені  болып  екіге  бөлінеді

(Ж. Бабалықұлы, Мал ауру., 102).



КӨЛБҰҚА з а т. з о о л. х а л қ. Əупіл-

дек.  Əупілдек  кейде  өкірген  тəрізді  үн 

шығаратын болғандықтан халық оны к ө л 



б ұ қ а деп те атайды (Қ. Аймағамбетова, 

Табиғ.  тану., 50). Əупілдек  немесе  к  ө  л



б ұ қ а – өте кішкентай (биіктігі 33-38 см-

дей),  есте  қаларлықтай  боялған  құс.  Ол 

Қазақстанның  оңтүстігі  мен  батысында 

қамыс өскен сулардың жағасында тіршілік 

етеді (Қазақст. жануар., 71). 

КӨЛГІРЛЕ е т. с ө й л. Көлгірсі. Сырт 

көзге томаға-тұйық болғанмен, күлбілтелеп 

сөйлеп, к ө л г і р л е й күлу қанында жоқ 

ғадет (Қаз. əдеб., 15. 03. 1975, 5).



КӨЛДЕНЕҢДЕУ

1

  Көлденеңде  етіс-



тігінің қимыл атауы. 

КӨЛДЕНЕҢДЕУ

2

 с ы н. Қиғаш келген, 



аздап көлденең. К ө л д е н е ң д е у жолға түсіп,

көп жүрді (Б. Мұстафин, Жайнаған жер, 27).



КӨЛДЕУ з а т. ж е р г. Көл орнындай 

ойыс жер, ойпаң, ой, жазық. Ерте көктемде 

ду етіп тез көктеген көделі к ө л д е у д і ң

көгі  жапырылғанша  мал  жаймақ  болды 

(З. Қабдолов, Менің Əуезовім, 190). Əлде 

көкіректері к ө л д е у д е г і көп жылқының 

пысқырғанына  күпті  ме? (Ə.  Кекілбаев, 

Елең-алаң, 171).

КӨЛКЕМЕДЕЙ с ы н. ж е р г. Үлкен, 

көлемді,  көлдей.  Онсыз  да  дене  жағы 

молдау ақ жеңгеміз к ө л к е м е д е й көк 

орамалмен бетін басып, орындыққа шөгіп 

қалыпты (К. Сегізбаев, Біз қалада., 130).



КӨЛКЕШТЕ  е  т.  Ұнауға  тырысу, 

жалпақтау.  Таныстарымның  көңіліме 

қарап к ө л к е ш т е г е н і де мен үшін 

сөкет,  өзгелердің  жарқылдап  жүргені  де 

жиіркенішті (А. Мекебаев, Алапат, 139).



КӨЛКЕШТЕУ Көлкеште етістігінің 

қимыл  атауы. – Жалғыз  деп,  жас  деп 

Өмірбекті к ө л к е ш т е у і м і з жетеді 

біздің (А. Мекебаев, Аңызақ, 14).

КӨЛКІЛДЕҢКІРЕ е т. Бет-аузы аздап 

ісіңкіреу, күлтілдеу. ≈ Бет-аузы к ө л к і л д 

е ң к і р е г е н біреу. 

КӨЛКІЛДЕҢКІРЕУ  Көлкілдеңкіре 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨЛПАЛ с ы н. ж е р г. Көңілжықпас. 

– Сен жігітім, əлгідей к ө л п а л ы ң д ы қой 

(М. Қуанышбаев, Тайталас, 135).

КӨЛПАЛДЫҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Көңіл-

жықпастық.  Əлімдердің  бұл  сөзін  жау-

апсыз  қалдырды.  Көңілжықпастың  к  ө  л



п а л д ы ғ ы деген де қойған (Т. Иманбеков, 

Тұт ағашы., 97).



КӨЛШІКТЕНУ Көлшіктен етістігінің 

қимыл  атауы.  Жаңбыр  суынан  ойдым-

ойдым  болып,  к  ө  л  ш  і  к  т  е  н  у – жиі 

кездесетін құбылыс екендігін əркім біледі 

(З. Қыстаубаев, Ақ түн, 136).



КӨЛІК: Көлік белін суытты. Көлігін 

демалдырды, тынықтырды. Осыған ерте 

көшіп, талма түсте жеткен ел к ө л і к  б е л і н



с у ы т ы п, бір «үһ» деді (М. Разданұлы, 

Алтай., 229).



КӨЛІКПҰЛ з а т. Көлікті пайдаланғаны 

үшін төленетін ақы. ≈ К ө л і к п ұ л ы н 

төлеп,  автобустың  артқы  орындарының 

біріне барып орналастым. 

КӨЛІКСІЗДІК з а т. Көліктің жоқтығы, 

көліктің  болмағандығы.  Мінетін  көлік 

болмай, арып-ашып қырыла бастаған соң, 

жаяулық, к ө л і к с і з д і к тағы бір тың 

дерт болып басқа түсті (М. Əуезов, Таңд, 

шығ., 4, 411).

КӨЛІКТЕН е т. с ө й л. Көлік табу, кө-

лікке ие болу. Шұғыл к ө л і к т е н г е н жо-

лаушылар былай шыға бере, Ноғайбай еңі-

реп береді (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 240).

КӨЛІКТЕНУ  Көліктен  етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨМБЕ з а т. ж е р г. Тапа. Апам есік 

алдына көң жағып, к ө м б е г е нан пісіріп 

жатады  (Б.  Соқпақбаев,  Балалық., 67). 

Арасына дала жуасын қосып, к ө м б е г е

пісірген  ақ  нанның  буын  бұрқырат-

қан  бойда  алып  кеп  дастарханға  қойды

(Ж. Тұрлыбаев, Семмер, 173). К ө м б е д е

нан,  қазанда  қуырдақ,  қарында  шұжық – 

не  керек,  шыж-быж! (С.  Тəнекеев,  Қиян 

асу, 38).



Көмбе  қуырдақ.  Көмбеге  қуырған 

қуырдақ. Тас қуырдақ та, к ө м б е  қ у ы р

285

Байынқол Қалиев

д  а  қ  пен  қарын  қуырдақ  та  əлі  темір 

ыдыстар тарамаған, есте жоқ ескі заманда 

шыққан тағамдар ғой (Қ. Жұмаділов, Да-

рабоз, 1, 214).



Көмбе  нан.  Көмбеге  пісірген  нан. 

Оның бізге жаны ашып, екеумізге бір-бір 

тостағаннан көже, бір жапырақтан к ө м б е

н а н ұсынды (Р. Қилыбаев, Өмір өткел., 28).

КӨМБЕҚАЗАН  з  а  т.  ж  е  р  г.  Тапа, 

тапақазан. К ө м б е қ а з а н ғ а нан жа-

уып жатыр (Э. Төреханов, Таудан түскен., 

167). Жарты күлшені бізге ұсынды. К ө м 

б е қ а з а н ғ а пісірген нан (М. Етекбаев, 

Таутекелі., 44).



КӨМЕЙ:  Көмей  [көмекей]  əулие.

п е р и ф р. Бұқар жырауды халық осылай 



атаған.  Əз  Тəуке  ханнан  бастап,  к  ө  м  е 

к е й  ə у л и е атанған Бұқар жырау, Төле 

би  сияқты  ұлттық  деңгейдегі  тұлғалар 

көшбасын бастап берді (Аңыз адам, 2011, 

№22, 36).



Көмейі бостау. Екі ойлы, босаңдау. Ол 

менің к ө м е й і м н і ң  б о с т а у екендігін сез-

ген бойда-ақ бар еркімді өзі билеп-төстей 

жөнелді (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 418).



КӨМЕКҚАРЖЫ з а т. Қызметкерлерге 

көмек  ретінде  берген  қаржы.  Олардың 

жалақысы қайсы, к ө м е к қ а р ж ы с ы 

қайсы,  адам  айырып  болмайды  (Алматы 

ақшамы, 15. 10. 1991, 2). Қытайдан – 5, 

Арабиядан – 1 миллиард доллар к ө м е к қ 

а р ж ы келе жатыр (Айқын, 22. 04. 2009).

КӨМЕКТІК  с  ы  н.  Көмек  боларлық, 

көмекке жарарлық. ≈ Кеңсе к ө м е к т і к

айлық  береді  (Т.  Əлімқұлов,  Сырлы  наз, 

243).

КӨМКЕРМЕ:  Көмкерме  тоқым. 

Шет-шеті  көмкерілген  тоқым.  Осыған 

байланысты тоқымдар киіз тоқым, сырма 

тоқым, к ө м к е р м е  т о қ ы м, былғары 

тоқым деген түрлерге бөлінеді (Қаз. этно-

графия., 2, 64).

К Ө М У С І З :   К ө м ус і з   қ а л ғ ы р ! 

«Көмілмей қал» д.м. қарғыс. Қатты ашы-

нып  кеткенде  ауыздан  шығатын  «қараң 

қалғыр», «к ө м у с і з  қ а л ғ ы р», «тірі 

өлік», «көрлəт» деген секілді зəрлі сөз, сөз 

тіркестерінің  астарында  осындай  ишара 

жатыр (Ана тілі, 27. 11. 2008).



КӨНБІСТЕНУ Көнбістен етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨНЕК: Көнегі керегеге ілінді. Малы 

жұтқа ұшырап, ақсыз қалды. Биенің сүтін 

сауатын  ыдысты – көнек  дейді.  Қазақта

«к ө н е г і  к е р е г е г е  і л і н у» деген 

сөз бар. Оның мəні – жұтап қалу дегенді 

білдіреді (С. Мұқанов, Таңд, шығ., 15, 111).

Көнек бет. Ісіп кеткен, көнектей бет. 

Бұндағы  əңгімеге  қатысы  болмайтынын 

аңғартып,  екі  ұрты  салбыраған  мына  к  ө 

н е к  б е т маңқия қапты (Ə. Нұрпейісов, 

Соңғы., 342).



КӨНЕККЕСАЛАР з а т. э т н. Қызға 

құда түсіп барғанда алынатын кəделердің 

бір түрі (Қаз. этнография., 3, 199).

КӨНЕЛІКТІ  с  ы  н.  Көнеден  келе 

жатқан,  ескілікті.  Мүмкін  араларын-

да  к  ө  н  е  л  і  к  т  і  кикілжің,  зіл  жатпаса

(Ə. Хасенов, Жат жазасы, 30).

КӨНЕТОЗДЫҚ  з  а  т.  Көнергендік, 

тозғандық,  ескіргендік.  Жиек-жиегі 

қырқылған, əрі к ө н е т о з д ы қ т а н 

түсіне дейін оңғақтанып, қазір не қара, не 

қоңыр  екені  белгісіз  терсіңді  малақайын 

қағып-сілкіп басына киді (К. Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 95).



КӨНМОЙНАҚ з а т. с ө й л. Түйе. Үйін 

артып көшіп келген үш к ө н м о й н а қ



т  ы  ң  екеуі  бөтен  жақтың  отына  үйрені-

се  алмай,  іштері  жарылып  жайрап  қап-

ты (Ə.Кекілбаев, Үркер, 256).

КӨНТАБАН з а т. Бүркіттің бір түрі

Табанының  табиғи  ерекшелігіне  қарай 

аталған. Бүркіттер тобы – байқасқа, ақиық, 

қараша, к ө н т а б а н, шөгел т.б. (А. Молда-

бергенов, Атамекен, 48).Төртіншісінің к ө н 

т а б а н аталуы – табанының ерекшелігінде 

(Саятшылық, 118).



КӨНТАҚ з а т. в е т. с ө й л. Көнтек. К ө 

н т а қ – қойдың сырт жүнінің арасы қалың 

күс  болып  жүні  түсіп  қалатын  қышыма 

ауруы (Қазақша мал атаулары, 130). Қазіргі 

күндері мал сүйегі көмілген жайылымдар-

ды дезинфекцияламау салдарынан к ө н т 

а  қ,  топалаң,  аусыл,  күл,  қылау  аурулары 

көбейіп  кетті  (Алматы  ақшамы, 22. 11. 

1991, 3).

КӨНТАҚЫ  з  а  т.  Малға  көп  мініл-

гендіктен  əбден  қажыған  ат.  Олардың 

күнде  малға  мініліп  жүрген  к  ө  н  т  а  қ 



ы  л  а  р  ы 2-3 айналғанда  алқынып,  мой-

ындары  салбырап,  шетке  шығып  қалды

(С. Лəмбеков, Əке жолы, 119).

КӨНТАҚЫЛАН  е  т.  Қажу,  шаршау, 

болдыру.  Тіпті  осылардың  өзі  өткенді 

«көне» деп əбден көнбістеніп, к ө н т а қ 



286

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ы л а н ы п кеткендігімізден емес пе екен? 

(Қаз. əдеб., 05. 04. 1985, 10).



К Ө Н ТА Қ Ы Л А Н У   К ө н т а қ ы л а н 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨНТАҚЫМ с ы н. Қу, əккі; төселген, 

ысылған.  Оның  үстіне  талай  жыл  баспа-

да  көз  майын  тауысқан,  к  ө  н  т  а  қ  ы  м 

редакторлығымыз тағы бар (Қаз. əдеб., 06. 

12. 1985, 15).



КӨНТЕРІЛЕНУ  Көнтерілен  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

КӨНТЕРІЛЕУ  с  ы  н.  Көнбістеу, 

көндіккендеу.  Маған  сіз  өзгенің  жоғын 

өлең  айтып  жүріп  іздейтін  к  ө  н  т  е  р  і 



л  е  у  болып  көріндіңіз  (Лен.  жас, 21. 09. 

1974, 3). Сонымен,  бүтіндей  күрделі  сөз 

адъективтеніп,  сын  есімге  тəн  шырай 

жұрнағын қабылдайтын болған. Мысалы: 

көнетоздау, к ө н т е р і л е у т.б. (А.Ысқақов, 

Қазіргі қаз. тілі, 264).



КӨНТЕРІЛІЛІК  з  а  т.  с  ө  й  л.  Көн-

терілік.  Бұрынғы  ата-бабасынан  қалған

к ө н т е р і л і г і н е, рухани күштілігіне

енді білімі қосылды (І. Есенберлин, Маң-

ғыстау, 31).

КӨНТИІҢКІРЕ  е  т.  Аздап  көнтию, 

ісіңкіреу. – Менің сөзімнің ерсілігі бар ма, 

неге күле бересіңдер? – деп Баймұқанның 

адам  шошырлық  қалың  қабағы  түксиіп, 

жалпақ ерні к ө н т и і ң к і р е п кетті (Лен. 

жас, 16. 05. 1974, 2).

КӨНТИІҢКІРЕУ  Көнтиіңкіре  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

КӨНТУЛАҚ з а т. а у ы с. Көнтулақ бо-

лып қатқан арық мал. – Ылғи к ө н т у л а қ 

т ы елге жинап қайтатын болдың ғой. Елге 

дейін жете алса да шүкір! (Қ. Тоқмырзин, 

Керзаман, 3, 219).

КӨНШІ з а т. Көн өңдеуші, көн əзірлеуші. 

КӨНШІЛІК  з  а  т.  Көн  өңдеушілік, 

көн  əзірлеушілік.  Былғарыны  да  алыстан 

іздемейді, өзінің екі ұлы Жауыртамда к ө н



ш і л і к жасайды (Қ. Жұмаділев, Соңғы көш, 

2, 142). Бұл Жауыртамдағы к ө н ш і н і ң

қолынан шыққан былғары (Бұл да, 2, 144).

КӨҢКЕ з а т. ж е р г. Машина. – Пойыз 

жүйрік пе, к ө ң к е жүйрік пе? (Қ. Қазиев, 

Иманжапырақ, 63). Гүрілдеген  мəшине 

тіпті жақындап қалды. Өй, мынау əскери к ө 



ң к е ғой! – деді біреуі. – Иə, əскердің к ө ң к 

е с і екен! (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 378).

КӨҢҚОТЫР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Көнтек. 

Қысты күні жабық қорада қи қалыңдап кет-

се, оның қызуы күшті болғандықтан қой к 

ө ң қ о т ы р ғ а ұшырап, бауыр жүні түседі 

де, тақырланған теріні тұтасқан жара баса-

ды (Х. Арғынбаев, Қаз. этнография., 124).

КӨҢІЛ: Көңілге алғау [алқау] салды. 

ж е р г. Көңіліне салмақ түсірді, көңіліне 



ауыр  тиді.  Сапарымыздың  жүрекке  сал-

мақ  түсіріп  к  ө  ң  і  л  г  е    а  л  ғ  а  у    с  а  л 



а  т  ы  н  ауыр  кезеңі  енді  басталғандай

(Қ.  Жұмаділов,  Таңғ.  дүние, 552). Батпа-

ған  емес-ау,  табалағандай  болып,  ағайын

к ө ң і л і н е  а л қ а у  с а л ы п қайтпекпін 

деген (Е. Рахимов, Тентек келін, 49).



Көңілге  түйгіштік.  Естігенін  есіне 

сақтаушылық,  көңілге  түйіп  алушылық. 

Шығармасына   материа л   жинаушы 

жазушының  байқағыштық,  к  ө  ң  і  л  г  е 

т ү й г і ш т і к қасиетін анықтап білу – 

əдебиеттану  ғылымының  бір  саласы  ғой 

(Қаз. əдеб., 15. 12. 1972, 3).

Көңіл  сұраушы.  Науқастың  көңілін 

сұрай келген адам. – К ө ң і л  с ұ р а у ш 

ы  ғ  а  келме  деп  қалай  айтамыз – деп  ол 

сыңғырлай күлді (Э. Төреханов, Алматы-

да., 372).

Көңілі  алағаржақтанды  [алағаржақ 

тартты]. Көңілі алабұртты, қобалжыды, 

дегбірі қашты. Əлденеден к ө ң і л і  а л а ғ а 

р ж а қ т а н ы п, жүрегі өрекпіп, дөңбекшіп 

шықты (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 7). «Бұл 

қайдан жүр?» – деп не істерін білмей к ө ң і 

л і  а л а ғ а р ж а қ т а н ы п тұрғанда жігіт 

қасына жетіп келді (Қ. Ботбай, Егіз., 143). 

Шəуке  кеше  ат  шалдырған  қара  кемерге 

келгенде, к ө ң і л і  а л а ғ а р ж а қ т а р т 



т ы (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 222).

Көңілі бірленді. Көңілі орнына түсті, 

көңілі жай тапты. – Малымыз алдымыз-

да, к ө ң і л і м і з  б і р л е н д і ғой əйтеуір 

(М. Қаназов, Ақ тайлақ., 125). Кейін к ө ң 

і л і м  б і р л е н г е н кезде күлкім келіп 

жүрді (М. Қаназов, Арна, 114).



Көңілі  бітейді.  Көңілі  орнына  түсті, 

жайланды.  Жібек  бірер  күн  шошып 

ұйықтай  алмай  жүрді  де,  қорықтық  құй-

ған соң, к ө ң і л і  б і т е й і п түзеліп кетті 

(Ə. Сараев, Тосқауыл, 64).



Көңілі тоғайды. Көңілі орнына түсті, 

риза болды. Інісі келгелі к ө ң і л і  т о ғ 

а й ы п, қалбалақтап жүр (Жұлдыз, 1970, 

№8, 80). Дүйсен қарт іштей өзіне-өзі разы 

боп, к ө ң і л і əлденеге т о ғ а й ы п қалды 

(Жалын, 1973, №1, 72).



287

Байынқол Қалиев

КӨҢІЛАШАР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Арақ. 

Жұрт к ө ң і л а ш а р д а н біраз тастап-

тастап  алып,  қарпақ-құрпақ  басытқы-

лық шұжықты қаужады (К. Сегізбаев, Жыл-

дың., 98).

КӨҢІЛШАЙ з а т. э т н. Жақыны қай-

тыс  болған  адамдарды  арнайы  үйге  ша-

қырып, тамақ беру салты. К ө ң і л ш а й 

ғ а қаралы отбасының мүшелері мен оның 

жақын  ағайындары  шақырылады  (Қаз. 

этнография., 3, 204).

КӨП:  Көп  тұқымды  жеміс.  б  и  о  л. 

Тұқымы  көп  жеміс.  Тұқымының  санына 

қарай жемістер дара тұқымды жеміс жəне 



к ө п  т ұ қ ы м д ы  ж е м і с болып ажы-

ратылады (Биология, 14). 



Көп  үйлі  өсімдіктер.  б  о  т.  Қос  жы-

нысты гүлдермен қатар дара жынысты 

гүлдері  де  болатын  өсімдіктер.  К  ө  п

ү й л і өсімдіктердің (томардəрі, атбас тал-

шын, бұлдырықот, шешен т.б.) гүл құрамы 

əртүрлі болады (ҚСЭ, 6, 41). 

КӨПЕ... – Мына  малдың  бəрін 

қазір  апарып  тастап,  сол  к  ө  п  е  д  е  н  ат 

көтергенше  шөп  алып  үйге  қайтамын

(Т. Нұрмағамбетов, Дарияның арғы., 149). 

– Ал енді өзің қалай жүресің? – деді Дау-

ылбай, осы кезде қайтадан к ө п е г е таяп 

келе жатқан сиырларға қарап тұрып (Бұл 

да, 149).



КӨПЕК з а т. к ө н е... Ерен үйін тіктіріп, 

Омыраудағы он түймесін ағытып, Кейінгі 

қалған к ө п е к к е Қалай да белін шешті 

екен! (Доспамбет  жырау:  Ертедегі  əдеб. 

нұсқа., 107).

КӨПЕЛЕ е т. ж е р г. Шөмелеге салу, 

шөмелелеу. Біздің бригадада шөп шабудан 

бастап,  оны  дестеге,  жалға  жинау,  к  ө  п 



е  л  е  п,  маялау  жəне  тікелей  қораға  тасу 

жұмыстарының  барлығы  да  механизм 

күшімен атқарылады (Ертіс, 19. 07. 1963).

КӨПЕЛЕУ Көпеле етістігінің қимыл 

атауы.

КӨПЕНЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Кішірек  етіп 

үйілген  шөп  немесе  сабан;  шөмеле.  Осы 

божы  (вожжи),  бөшке  (бочка),  барқыт 

(бархат), к ө п е н е (копна) деген сөздерді 

кейбір жерде делбе, күбі, мақпал, шөмеле 

деп атайды (Ана тілі, 23. 01. 1992, 6).

КӨПЕНЕЛЕГІШ з а т. Комбайынның 

артына  тіркеліп,  сабанды  жинап,  үйіп 

тастап (көпенелеп) кететін құрылғы. Ком-

байн қозғалып барады. Нəзия мен Зияда к ө 



п е н е л е г і ш баспалдағында жалпылдап 

түскен сабанды ақтара қарап тұр (З. Иман-

баев, Қос қайың, 193). 

КӨПЕНЕЛЕУ  Көпенеле  етістігінің 

қимыл  атауы.  Шөпті  осы  күнгі  қуатты 

машиналар шапты. Ал оны к ө п е н е л е у 

жəне маялау сияқты өте қиын, еңбекті көп 

керек ететін жұмыстар қолмен атқарылды 

(Ертіс, 01. 06. 1963).

КӨПЕШІ з а т. ж е р г. Шөмеле салушы. 

Шөп  шабу  есіме  түскенде  ендігі  маяшы 

да, к ө п е ш і де əйелдер мен қарттар екені 

ойыма  келеді  (Ə.  Нұршайықов,  Махабб. 

жырлары, 25). Мал  жайлауға  шыққанда 

Сақыпжамал шөпті ауылға көшірілді. К ө 



п е ш і болды (Жалын, 1973, №6, 43).

КӨПКЛЕТКАЛЫ  с  ы  н.  Бірнеше 

клеткадан  тұратын  (құралған).  Кейбір 

саңырауқұлақтар  бірклеткалы,  ал  басым 

бөлігі – к ө п к л е т к а л ы (Ботаника, 237).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет