КӨПМҮШЕЛІК с ы н. м а т. Көпмүшеге
қатысты, соған тəн. К ө п м ү ш е л і к
сандарды үйрету – ең басты мақсат болуға
тиісті (О. Жəутіков, Математика, 233).
КӨПСЕҢ с ы н. ж е р г. Қалың, көп, мол.
Ақтылы қой, к ө п с е ң түйе майталман,
Көк-алалы көп жылқыны қайтарған. Адай
түбек, ата қоныс Атырау, Асылыңды түгел
тізіп айта алман (Х. Ерғалиев, Өлеңд., 49).
КӨПСІГІШ с ы н. Көпсіп кететін,
көтеріңкі. Сондағы жетімсіздік жасаған
ақыл шығар, əлде к ө п с і г і ш көңілің бе?
(Қ. Тұрсынқұлов, Есіңде ме., 190).
КӨПТЕСІП-КӨМЕКТЕСІП ү с т.
с ө й л. Көптеп-көмектеп. Құтылды енді
азаптан Кəрібай шал, Мүшесі коллектив-
те ортада мал, К ө п т е с і п-к ө м е к т е
с і п еңбегі өнген, Кедейлер бірің қалмай
колхозға бар (И. Байзақов, Құралай сұлу,
301).
КӨПҰЛТТЫЛЫҚ с ы н. Көп ұлт
өкілдерінен құралғандық. Оның өзі де к ө п
ұ л т т ы л ы қ жағдайында барлық дегеніне
жете бермейді (Б. Хасанұлы, Ана тілі., 25).
КӨПШЕЛЕНУ Көпшелен етістігінің
қимыл атауы.
КӨПШІК з а т. к ө н е. м у з. Көне саз
аспабы. Қазіргі кезде қазақтың ертедегі
белгісіз ісмерлері жасаған 50-ден астам
көне музыка аспаптары табылып отыр.
Олар: дабыл, дулыға, шың, ұран, бұғышақ,
дауылпаз, сыбызғы, шертер, ысқырық,
к ө п ш і к т.б. (Жетісу, 29. 08. 1984, 4).
288
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КӨПШІК: Көпшігі қисайды. Айнып
қалды; басқа жаққа мойын бұрды. Бірақ,
оңбаған шіркін, сайланып алған соң, к ө п
ш і г і қ и с а й ы п кетті (Б. Майлин, Таңд.,
301).
КӨПШІКТЕУ Көпшікте етістігінің
қимыл атауы.
КӨПІР з а т. с п о р т. Күресушінің басы
мен аяғын тіреп, белін жерге тигізбеу
тəсілі. Денесінің кілемнен дік көтерілгенін
сезді. Əрең дегенде «к ө п і р г е» тұрып
үлгерді (Лен. жас, 11. 08. 1973, 4).
КӨПІРМЕЛЕУ с ы н. а у ы с. Мақ-
таншақтау, бөспелеу. Өлең маған к ө п і р
м е л е у, көбіктілеу көрінді (М. Əлімбаев,
Көңіл күнд., 93).
КӨПІРІН Көпір етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. Бірақ қызып кетсе к ө п і р
і н і п те сөйлейтін əдеті бар (Б. Майлин,
Таңд., 120).
КӨПІРІНУ Көпірін етістігінің қимыл
атауы.
КӨПЭТНОСТЫ с ы н. с ө й л. Көп-
ұлтты. Тіл туралы заңды жүзеге асыру
Қазақстан сияқты к ө п э т н о с т ы респу-
бликалар үшін аса зор қиындық туғызуда
(Б. Хасанұлы, Ана тілі., 19).
КӨР: Көретін жарығы бар. Бір ажал-
дан қалды д.м. Інің туралап келген бір ажал-
дан қалды, əйтеуір. К ө р е т і н ж а р ы ғ ы
б а р екен (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 27).
Көріп келі бар. Көреген, сəуегей,
болжағыш. Бақсыларды я əулиелерді қазақ
«к ө р і п к е л і б а р» деуші еді, əкемнің
«көріп келі бар» ма, немене?! (С. Мұқанов,
Мөлдір., 426).
КӨРБАСТЫЛЫҚ з а т. Түк біл-
мейтіндік, топастық. Оның к ө р б а с т ы
л ы ғ ы н, тоғышар құлқын көргеннен кейін
бұл көршісіне жирене қарайтын болған
(К. Ахметбеков, Егіз қала, 287).
К Ө Р Б І Л Т ЕЛ Е Н У К ө р б і л т ел е н
етістігінің қимыл атауы.
КӨРБІЛТЕЛЕНДІР Көрбілтелен
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Бұл
кезде 16 жыл мен араға түскен жиырма
жыл көп оқиғалардың ізін к ө р б і л т е л
е н д і р і п кеткен екен (Соц. Қаз., 28. 02.
1973, 3).
КӨРБІЛТЕЛЕНДІРУ Көрбілтелендір
етістігінің қимыл атауы.
КӨРГЕНСУ Көргенсі етістігінің
қимыл атауы.
КӨРДЕМШЕ с ы н. 1. Түк білмейтін,
түкті де сезбейтін (адам). Тұран бір
құлақты кесіп алып келіншегіне, бірін
алып мал иесі дегендей Қанаттың атасына
берді. «Өй, мынау бір к ө р д е м ш е ғой»,
дегендей, не заманнан қалыптасқан
дəстүрді бұзған ағаларына ренжіген балалар
шегінісіп кеткен (К. Сегізбаев, Жылдың.,
84). 2. Тəрбие көрмеген, тəрбиеленбеген
(дауыс). Дауыс ырғағымда тəрбие көрмеген
к ө р д е м ш е н і ң үніндей қатқылдау
əуездің болғанына Шəкең ренжімес деймін
(А. Əшімов, Шығ. жин., 1, 33). 3. Нашар
салынған, көріксіз, сəнсіз (құрылыс). Сонда
біздің реставраторларымыз əлгіндей к ө р
д е м ш е құрылыстарды қандай нұсқаға,
қандай негізге сүйеніп салып отыр?! (Қаз.
əдеб., 16. 11. 1984, 15).
КӨРЕАЛМАУ з а т. Біреудің бақытын
қызғану, күндеу. ≈ Мұның атын к ө р е а л
м а у дейді.
К Ө Р Е А Л М АУ Ш Ы Л Ы Қ з а т.
Қызғаншақтық, іштарлық. Мен оның
көңіліндегі ащы қыжылдың не сұлу əйелге
деген қызғаныштан, не жап-жас жігіттің
жоғары лауазымды қызметіне деген к ө р
е а л м а у ш ы л ы қ т а н туып жатқанын
біле алмай, таңырқап қалдым (Н. Ораз,
Сиқырлы., 54).
КӨРЕГЕНСУ Көрегенсі етістігінің
қимыл атауы. Шынында да оның кейбір
құрбылары құсап, шаршы топ алдында
сартылдап сөйлеп, көзге түсіп к ө р е г е н
с у д і мұрат тұтпағаны да рас (Лен. жас,
30. 01. 1976, 3).
КӨРЕГЕНСІ е т. Көре білгенсу, қырағы
болғансу. ≈ К ө р е г е н с і п, бойыңдағы
кем-кетігіңді айтып отыруға жаны құмар.
КӨРКЕМДЕГІШТІК с ы н. Көркемдей
алатындық, көркемдейтіндік. Ал к ө р к е
м д е г і ш т і к тəсілдері жағынан барын-
ша асқақ стильге табан тірейтін шешендік
сөздер тобына жанасады (Е. Жұбанов,
Толғауы тоқсан., 116).
КӨРКЕМЖАЗУ з а т. Əріптерді
көркемдеп, сəндеп жазу өнері. ≈ Бүгін к ө
р к е м ж а з у сабағы болады.
КӨРКЕМИ с ы н. с ө й л. Көркемдік.
Кемел аударма – түпнұсқаның өлі
көшірмесі емес, тілдегі к ө р к е м и өмірлесі
(М.Əлімбаев: Қаз. əдеб., 08. 08. 1986, 5).
КӨРКЕМСУРЕТ: Көркемсурет
училищесі. Көркемсурет өнерін үйрететін
289
Байынқол Қалиев
орташа оқу орны. Студент кезінде к ө р к е
м с у р е т у ч и л и щ е с і н д е оқитын бір
жолдас жігітіне қиылып жүріп салдырып
алған еді (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 340).
КӨРКЕУДЕЛІК з а т. Еш нəрседен
хабары жоқтық, надандық, қараңғылық.
Бірақ адамның өзімшілдігі мен к ө р
к е у д е л і г і, дүниеқоңыздығы мен
опасыздығы тұрғанда, Алланы алдаған
шайтандай адамдар азаяды дегенге мен
сенбеймін (Қ. Тоқмырзин, Керзаман, 3,
305). Түйсіксіз əкімсымақтар мен солардың
жандайшаптарының к ө р к е у д е л і г і н
пайдаланып жер алып алыпты (Ана тілі,
27. 11. 2008).
КӨРКӨКІРЕК с ы н. а у ы с. Еш
нəрседен хабары жоқ, надан, топас, түлей.
– Елдің кім, жаудың кім екенін к ө р к ө к і р
е к ез бен қандықол қарақшы ғана танымас
(Е. Тұрысов, Темірлан, 174).
КӨРҚҰЛАҚ с ы н. ж е р г. Еш нəрсені
естімейтін, білмейтін. Оның үстіне
айдаладағы к ө р қ ұ л а қ жылқышы болып
шықты (Ə.Кекілбаев, Үркер, 106). Ондай
абыройды кім алып беріп отырғанын
естімей, шеттерінен к ө р қ ұ л а қ болып
қала қойды дейсіз бе?! (Бұл да, 312).
КӨРЛАҒАТ с ы н. с ө й л. Көрлəт. Енді
біздің алдымызда сол шекара сыртындағы
қазақтардың да тым жабайы, к ө р л а ғ а т
емес, бірдеңе білетінін дəлелдеу міндеті тұр
еді (Қ. Жұмаділов, Таңғаж., 187). – Ақсақал,
өзіңіз не деген к ө р л а ғ а т, дүлей едіңіз?
(Бұл да, 28).
КӨРЛƏТ... Бұл қазақты мəңгүрттендіру
саясаты еді. Халық үйдің ішіндегі мен
үйдің айналасындағыдан əріні көрмейтін
көркеуде күйге түсті. Мұндай адамдарды
əдетте к ө р л ə т дейді (Ана тілі. 11. 09.
2008, 13).
КӨРЛƏТТІК з а т. Еш нəрсені
білмейтіндік, көрсоқырлық, қараңғылық.
Олардың бұл нағыз надандық, көргенсіздік,
мəдениетсіздік, к ө р л ə т т і к екеніне де
санасы жетпей ме деп қорқамыз (Ана тілі,
04. 12. 2008).
КӨРЛІК з а т. с ө й л. Көрсоқырлық,
к ө р к ө к і р е к т і к , н а д а н д ы қ . Б і р т е -
бірте кеңшіліктің аяғы келеңсіздікке,
көнтеріліктің ақыры к ө р л і к к е апа-
рып ұрындырып жүргенін көрсек те,
төрт құбыламыз түгел сияқтанған сыңай
байқатумен келеміз (К. Ахметбеков,
Қасірет, 1, 143). Ақыры сол қауқарсыздық,
мəнжубастық, к ө р л і к неге əкелгенін қара
(Т. Қосуақ, Мəрмəр., 169).
КӨРМƏДІК с ы н. Еш нəрсені көрмеген,
білмейтін, түлей; көрсоқыр. Жапондардың
қатынын мақтағанша, қасында жүрген
аппақ сұлуды неге көрмейді, к ө р м ə д і к
болмаса? (О. Сəрсенбай, Шығ., 5, 128).
– Жоқ, бауырым, қылмыс түгілі сайтаны
да жоқ. Онан да түк көрмеген к ө р м ə д і к
п і н, қорқақпын десейші (А. Мекебаев,
Аңызақ, 86). Көкжендеттің майын беруге,
əрине, болады. Бірақ кілең к ө р м ə д і к т
е р қашырып алуы мүмкін (Т. Əлімқұлов,
Сырлы наз, 73).
КӨРМƏДІКТІК з а т. Түлейлік,
ноқайлық; түк білместік. Айызы қанғанда
көңілі алағаржақ тартқан Бұғыбай: «Қап,
к ө р м ə д і к т і г і м д і-а й! Тірсегін неге
ғана тілдім?!» деп өкінетін болды (Жалын,
1974, №5, 83).
КӨРНЕКТІРЕК с ы н. Əйгілілеу, таны-
малдау. Бұған қарағанда Дəулет те к ө р н е
к т і р е к (Р. Өтесінов, Айтылмаған., 192).
КӨРПЕЛДЕШІМ з а т. а у ы с. Қозым,
балапаным д.м. Сəл ғана ажырап қалсам,
күн баласына к ө р п е л д е ш і м, жəуті-
гім деп сыбырлап қана айтатын майда
қоңыр үнін сағынамын (Е. Тұрысов,
Ақбақай, 66).
КӨРПЕШЕСЫМАҚ з а т. Көрпешеге
жақын, көрпеше деген аты ғана бар. Оның
үстіне төселген к ө р п е ш е с ы м а қ т
ы ң да, жүндері түйтпелектеліп, қобырап
көрінеді (К. Ахметбеков, Егіз қала, 179).
КӨРСОҚЫР с ы н. а у ы с. Надан,
топас; еш нəрседен хабары жоқ (адам).
КӨРСОҚЫРЛЫҚ з а т. Еш нəрсені
білмейтіндік, парықсыздық. Нұржамалдың
түк көрмеген к ө р с о қ ы р л ы ғ ы н тілдеп,
тізе бүкпестен кері бұрылды (Қ. Жиенбай,
Таңд., 1, 242).
КӨРТЫШҚАН: Көртышқан бөрік.
Көртышқанның терісінен тігілген бөрік.
Əлгінде ғана бір-бірін көруге ұялғандай
тиін бөрік, суыр бөрік, к ө р т ы ш қ а н
б ө р і к, борсық бөріктер маңдайдағы
он сегіз көзді милықтата бүркеп алыпты
(Қ. Ысқақ, Ақсу., 479).
КӨРУЛІК з а т. ж е р г. Көресе.
Олардың Бəнуға тағы да қандай к ө р у л і к
көрсететінін ойлап, соған налып отыр
(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 183).
290
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
КӨРШІ з а т. с ө й л. «Көрші-көрші»
деп аталатын ұлттық ойынның ауызекі
сөйлеу тілінде қолданылуы. Кешке тағы
да айтыс жəне əн салу, күй тарту, жұмбақ,
жаңылтпаш айту, балтамтап, хан, к ө р
ш і, мыршым т.б. көптеген ойындар-
ды ойнап, түнді еңсеріп барып тарасатын
(Х. Арғынбаев, Қаз. семья, 211). К ө р ш і
ойынын үлкен бөлмеде өткізуге болады.
Ойыншылар екі-екіден дөңгеленіп отыра-
ды. Жүргізуші «Көршіңмен татусың ба?»
деп сұрайды (Ойын-сауық, 166).
КӨРШІК з а т. к ə с і б. Кеме басы.
Онысы Баршынға ер-азамат жетпей тұрған
бір кемеге к ө р ш і к бол деген қолқа еді
(Ə. Сараев, Тосқауыл 22).
КӨРШІҚАҚЫ з а т. Көрші парызы,
көршілік борыш. К ө р ш і қ а қ ы с ы ұғымы
көршісіне қиянат жасамау, қиын-қыстау
жағдайда жəрдемдесу, той-томалақта қонақ
күтісу, қазан-ошақ, аяқ-табақ араластығы
тəрізді нəрселерді қамтиды (Қаз. этногра-
фия., 3, 212).
КӨРШІҚАҚЫЛЫҚ с ы н. Көрші-
қақысына қатысты, көршіқақысына тəн.
Шешесінің жерлеуіне келмесе де, жетісіне
қатысып кетсін деген к ө р ш і қ а қ ы л ы қ
ниет те біздікі (Қаз. əдеб., 09. 09. 1988, 14).
Өйткені бұл ежелгі достық қарым-қатынас
пен к ө р ш і қа қ ы л ы қ пейілді көзқарас-
тың да əсер еткенін ұғындырады (Қаз.
əдеб., 08. 05. 1987, 7).
КӨРІКСІЗДЕНДІР Көріксізд ен
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Соң-
ғы бір-екі күннен бері түскен аяз айнала-
ның бəрін мұзбен құрсаулап, орман ішінің
күзгі қоңырқай тіршілігін одан əрмен к ө р і к
с і з д е н д і р е, көңілсіздендіре түскен
(К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 60).
КӨРІКСІЗДЕНДІРУ Көріксізден етіс-
тігінің қимыл атауы.
КӨРІМДІКШІЛ с ы н. Көрімдік
алғанды ұнататын, көрімдік сұрағыш. Сол
сəт к ө р і м д і к ш і л жеңгем оның жүзін
бүркеген орамалын серпіп ашып жіберді
(З. Қыстаубаев, Ақ түн, 16).
КӨРІМТАЛ с ы н. Көргіш, көреген.
Бөгде көз к ө р і м т а л, Жылқыбай осы
жаққа келген бетінде: «Осы елде сым
мен уəкіл көп екен!» - деп таңданған-ды
(Т. Əлімқұлов, Көкек айы, 23).
КӨРІН е т. 1. Қаралу, емделу. ≈ Қызым
дəрігерге к ө р і н д і. 2. Көмекші (модаль)
сөз. ≈ Биыл қыс суық болатын к ө р і н е д
і (Қаз. тілі грамм., 1, 172).
КӨРІПКЕЛДІ с ы н. Көріпкелі бар,
сəуегей, болжағыш. Сақал-шашы ағарған
тəуіпті нағыз к ө р і п к е л д і сəуегей дерсің
(Қаз. əдеб., 14. 03. 2011).
КӨРІПКЕЛДІЛІК з а т. Болашақты
күні бұрын болжағыштық, сəуегөйлік.
Əбден тəсіл алып төселгендік пе, əлде туа
біткен сергектік пе – көрмей танып, айтпай
білетін к ө р і п к е л д і л і к т е н құралақан
емес сияқты (Ə. Сарай, Атырау, 415).
КӨРІСУ з а т. э т н. Қазақ ғұрпында
дауыс шығарып келген адамдар мен қаза
иелерінің құшақтасып жыласу, көңіл айту
рəсімі (Қаз. этнография., 3, 218).
КӨСЕГЕ з а т. к ө н е. Қыздың
шымылдық ішіндегі төсек-орны. Оны
бүркеп, көлегейлеп тұрған үлкен перде
– «шымылдық», ал шымылдық ішіндегі
қыздың орны – «к ө с е г е» делінген (А.
Нүсіпоқасұлы.., Ағаш бесік., 2, 10). Қыз
бойжетіп ұзатылғанда, к ө с е г е с і н жаса-
уымен бірге алып кетеді (Бұл да, 10).
КӨСЕГІШ с ы н. Көсеу орнына
жүретін, көсейтін. Ерден к ө с е г і ш
темірді көлденең ұстаған қалпы тебіреніп
кетті (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 6).
КӨСЕМДЕН е т. Мойны озық жүру,
топтың алдынан көріну. Қатарлас өзге ат-
тардан мойнын озық ұстап, к ө с е м д е н е
жүру оның мызғымас əдеті (Б. Соқпақбаев,
Өлгендер., 346).
КӨСЕМШЕЛІ с ы н. л и н г в. Көсемше
араласқан, көсемше тұлғалы. Ал қазақ
тілінде есімшелі, к ө с е м ш е л і бағыныңқы
сөйлемдердің бастауыш пен баяндауышта-
ры жақтас болмайды (Қазіргі қаз. тілі, 517).
КӨСЕМШЕЛІК с ы н. Көсемше
тұлғалық, көсемше боларлық. Ашық
райдың, күрделі етістіктің құрамындағы к ө
с е м ш е л і к формалар көсемше мағынада
емес, басқа мағынада болады (Қаз. қаз.
тілі, 321).
КӨСЕУЛІ с ы н. Қолына көсеу ұстаған,
көсеуі бар. Нартай Ертайға тағы бір рет
қарады да, бұрылып жүре берді. К ө с е
у л і ападан қорыққан жоқ (Жалын, 1973,
№6, 27).
КӨСКІ з а т. Балқыманы араластырып
тұратын ұзын темір; көсеу. Оған дəлел
ретінде жеміріліп қалған к ө с к і темірді
көрсетті (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 34).
291
Байынқол Қалиев
КӨСІЛІҢКІРЕ е т. Аздап көсіле түсу,
аяғын созыңқырау. Ол түлкі тымақтың
бауын ағытты да, ақ пиманың қайырма
қонышын қара санына созып, к ө с і л і ң к
і р е п жатты (Қ. Ысқақ, Ақсу., 461).
КӨСІЛІҢКІРЕУ Көсіліңкіре етіс-
тігінің қимыл атауы.
КӨСІҢКІРЕ е т. Қолмен аздап көсу,
көсе түсу. Тағы да ту сыртына қарай
бұрылып, сипаланып еді, құмсақты к ө с
і ң к і р е п жіберген қолына қойдың ба,
ешкінің бе, екі-үш түйір құмалағы түсті
(М. Айымбетов, Құмөзек., 59).
КӨСІҢКІРЕУ Көсіңкіре етістігінің
қимыл атауы.
КӨСІП: Көсіп сабау. Жүн сабаудың
бір түрі. Сабаудың қос қолдап сабау, есіп
сабау, к ө с і п с а б а у, көпіртіп сабау деген
түрлері бар (С. Қасиманов).
КӨТ: Көтін де сүртпеді. Керек қылма-
ды, менсінбеді. Селтеңдеген серкеңнің
ажалы дөп, Ақыр түбі Сауырық, Сұраншы
жаудан өлген, К ө т і м д і д е с ү р т п е й
м і н ендігіңді (Құланаян Құлмамбет, Сөзім-
нің., 105).
КӨТЕГЕЙ ү с т. с ө й л. Арты, арт
жағы. Ала ат мінген жалғыз адам келе
жатыр бейсауат. К ө т е г е й і – Күршім
жақ, бет алысы – Қараекем шаты (Ж. Ай-
мауытов, Шығ., 147).
КӨТЕК з а т. с ө й л. Қызтеке. Бүгінгінің
əйелге ұқсаған еркектерінің сиқы осы!
Үлбіреген алақандарына қарап, к ө т е к пе
деп қаласың (Ж. Қорғасбек, Жынды., 259).
КӨТЕКІЛЕН е т. ж е р г. Жағымпазда-
ну, жарамсақтану, жалбақтау. Енді еш-
кім саған к ө т е к і л е н і п жылмаңдай ал-
майтын болады (Ғ. Мүсірепов, Жат
қолында, 106).
КӨТЕКІЛЕНУ Көтекілен етістігінің
қимыл атауы.
КӨТЕН: Көтен асқызу. э т н. Мал
алғаш төлдей бастағанда берілетін ырым
(ас-тағам). Ол «күйектің алды болып
Мұқиттың тұсағы туды, кешке тəтеме к ө
т е н а с қ ы з а м ы з» деп қуана күбірледі
(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 10).
КӨТЕНАСАР з а т. э т н. Алғашқы төл
туғанда көтен асып, арнайы қонақ шақыру
рəсімі. Алғашқы төл туған кезде к ө т е
н а с а р жасалып, ауыл адамдары кəделі
дастарқанға шақырылады (Қаз. этногра-
фия., 3, 221).
КӨТЕР... 2. Тұрғызу, салу (үй). Күз
түскенше, тіпті əрі кеткенде мизам шуақтың
соңын ала келген жұртқа пана болар
кішкене баспана к ө т е р с е м деген талап
бар (М. Айымбетов, Құмөзек., 70).
КӨТЕРМЕ з а т. Өрмек жіптерін
көтеріп тұратын мосы сияқты үш аяқты
ағаш. Оны «көтерме ағаш» деп те атайды
(ҚСЭ, 9, 49). Өрмек құру үшін 3-4 кергіш
қазық, күзу арқалығы, күзу шыбығы, к ө т
е р м е (мосы), адарғы, қылыш, серу ағашы
жəне жіптер қажет (Бұл да).
Көтерме ағаш. Өрмек тоқу кезінде
желі жіптерін көтеріп байлайтын ағаш;
күзу ағаш (Қаз. этнография., 3, 252).
КӨТЕРМЕКІЛ з а т. Асық ойнап,
ұтылғаны ұтқанын көтеріп ойнайтын
ойын. К ө т е р м е к і л ойнап, кеней атып,
ұтқаны ұтылғанына арқалатып мəре-сəре
болып жатқан (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң,
103).
КӨТЕРІЛ: Көтеріліп ауырды.
Ақылынан адасты, жынданды. – Бір к ө т
е р і л і п а у ы р ғ а н əйел келіп жүр деп еді
жұрт, осы екен ғой (Жалын, 1974, №4, 22).
КӨТЕРІМДІЛІК з а т. Көтерімді
болғандық, көнбістік, шыдамдылық.
Сөйте тұра баяғы к ө т е р і м д і л і к пен
көнтерілікке тағы шақырды (Ж. Тұрлыбаев,
Тамыз таңы, 269).
КӨТЕРІҢКІРЕУ Көтеріңкіре етіс-
тігінің қимыл атауы.
КӨТЕРІСПЕК з а т. Балалардың
бір-бірінің сақасын көздеп атып, тигізе
алмағаны үшін көтеруге мəжбүр болатын
асық ойыны; көтермекіл (Қаз. этнография.,
3, 223). К ө т е р і с п е к немесе атбақыл
ойынына екі ойыншы қатысады да, ойынды
өздері ұнатқан жерлерінде ойнай береді
(Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 50).
Достарыңызбен бөлісу: |