Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет71/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   168

КҮЙБЕҢГЕРШІЛІК з а т. Күйбеңдеп 

қалғандық, күйкі тірлік. Қаламгерді к ү й б е 

ң г е р ш і л і к т і ң батпағына батырмайтын, 

дəлдүріштікке итермелемейтін кəсіпшілік 

болатынын ажыратқан лəзім (Қаз. əдеб., 25. 

08. 1989, 11). 



КҮЙБЕҢДЕҢКІРЕУ  Күйбеңдеңкіре 

етістігінің қимыл атауы. 

КҮЙБЕҢСІЗ с ы н. Күйкі тірліксіз, іс-

əрекетсіз, бос. Тып-тыныш бейғам тірлік. 

Қарекетсіз, к ү й б е ң с і з, уайымсыз тірлік 

(Қ. Ысқақ, Ақсу., 306).

КҮЙБЕҢШІЛ с ы н. Күйбеңдеп қалған, 

тынымсыз.  Шаруасын  тындырып  алмай 

қонақ жəйін ойламайтын к ү й б е ң ш і л

«пысық»  əйелдер  болушы  еді  (Қ.  Ысқақ, 

Таңд., 3, 264). 



КҮЙГЕЛЕКТЕНУ  Күйгел ектен 

етістігінің қимыл атауы

КҮЙГЕЛЕКТЕНІҢКІРЕ  е  т.  Аздап 

күйгелектену,  күйгелектене  түсу.  Ол 

аяғын бипаңдай басқанымен к ү й г е л е 



к т е н і ң к і р е п, қиықтай келіп Байтас 

ақсақалдың қасына таянды (Ж. Бектұров, 

Жол жоралғысы, 36).

К Ү Й Г Е Л Е К Т Е Н І Ң К І Р Е У 

Күйгелектеніңкіре  етістігінің  қимыл 

атауы

КҮЙГІЗ  Күй  етістігінен  жасалған 

өзгелік етіс. Шекемдегі жараға шешем киіз 

к ү й г і з і п басып, домбаздай етіп байлап 

берген (Б. Соқпақбаев, Балалық., 28). 



КҮЙГІЗУ  Күйгіз  етістігінің  қимыл 

атауы. 

КҮЙДІРМЕЛІ с ы н. с ө й л. Күйдіретін, 

күйдіргіш.  Одан  сан  ғасыр  бұрын  қазақ 

сахарасында к ү й д і р м е л і қыш заводы-

ның  болғаны  жəне  мəлім  (Жұлдыз, 1972, 

№8, 206). 



КҮЙЕЗ: Күйез болды. Адам мойнының 

қозғалтуға келмей, сіресіп қалуы; күйез ау-

руымен ауруы. К ү й е з  б о л ғ а н адамның 

мойнын түнде, жатар алдында, май сіңіріп, 

отқа қыздырылған шүберекпен таңып та-

стайды (Қаз. этнография., 3, 257).



КҮЙЕКТІ  с  ы  н.  Күйегі  бар,  күйек 

байланған.  Енді  білдім:  саулықтарды 

күйлету  үшін  жəне  күйленгенін  ажыра-

ту  үшін  отарға  жіберілген  к  ү  й  е  к  т  і 

қошқарлар екен (Н. Қазыбеков, Дала., 31). 



КҮЙЕКШАШУ з а т. э т н. Алғашқы 

қозы  туғанда  үй  иесі  беретін  ғұрыптық 

тамақ. 

КҮЙЕЛЕ... 2. Күйесін кетіру, күйесінен 

тазарту. Əр үй жеңін буып, қазанын к ү й 

е л е п, арқан-жібін əзірлеп дегендей көшу 

қамын жасай бастайтын (Ə. Хасенов, Жат 

жазасы, 61).

КҮЙЕЛЕУ  Күйеле  етістігінің  қимыл 

атауы. 

КҮЙЕРМЕН з а т. с ө й л. Жанкүйер. 

Қашқан жігіт пен қуған қыздың соңынан 

үш-төрт к ү й е р м е н шоқақтап барады 

(Ə. Тарази, Қиян соқпақ, 198). 



КҮЙЕУ:  Күйеу  кəде.  э  т  н.  Күйеу 

қайын атасының ауылына алғаш барғанда 

істелетін кəде. 

Күйеу  қоржын.  э  т  н.  Ұрын  барғанда 

күйеу жігіттің қайын жұртына апаратын 

түрлі бағалы заттар, шапан, жыртыс т.б.

кəделер салынған қоржын. К ү й е у қ о р ж ы н

əдетте бетіне түрлі көркем өрнектер салы-

нып шашақталады (Қаз. этнография., 3, 263).

КҮЙЕУАЯҚ з а т. э т н. Қызын ұзатып 

əкелген  жолы  енесі  қайтарда  оны  күйеу 

баласы міндетті түрде ауылына апарып 

салады.  Бұл  «күйеуаяқ»  деп  аталады 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 4, 41).



КҮЙЕУЖАНДЫ с ы н. Күйеуін жақсы 

көретін  (əйел). – Қарай  гөр,  нағыз  к  ү  й 

е  у  ж  а  н  д  ы  боп  шықпасын  мынауың! 

(Ш.Құмарова, Əйел шырағы, 104).



КҮЙЕУШАҚЫРАР з а т. э т н. Ұрын кел-

ген күйеу жігіттен алынатын кəделердің 

бірі. Күйеу жігіт к ү й е у ш а қ ы р а р

бақанаттар, итырылдатар, босағааттар т.б. 

кəделерін беріп, үйге кіреді (Жалын, 1974, 

№3, 146). 



КҮЙЗЕУЛІ с ы н. Күйзелген, қапалы

Мінездің міні! – деді к ү й з е у л і дауыспен. 

– Мінезде мін болса, оған не істей алады 

екенбіз (Ж. Əлмашұлы, Тар дүние, 5).



КҮЙКЕНТАЙШЫЛА е т. Күйкентай 

құсап тышқан аулау. Əрнені бір сабақтап, 

ұзақ  созып,  келеңсіз  тірліктің  сүрлеу 

соқпағында кездескен к ү й к е н т а й ш 

ы л а п тышқан ілген тырбынуын айтады 

(С.Сматаев, Елім-ай, 2, 40).



КҮЙКІЛЕНУ  Күйкілен  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮЙКІЛЖІҢДІК  з  а  т.  Күйкілжіңге 

тəн  қасиет,  күйкі  тіршілік.  Өзінің  де 

ұдайы көңілін мүжитін к ү й к і л ж і ң д і к 

осы (Т. Əлімқұлов, Сырлы наз, 34).

КҮЙЛЕНДІРУ Күйлендір етістігінің 

қимыл атауы. 


297

Байынқол Қалиев

КҮЙЛЕТ Күйле етістігінен жасалған 

өзгелік етіс.

КҮЙЛЕТУ Күйлет етістігінің қимыл 

атауы. Енді білдім: саулықтарды к ү й л е 

т  у  үшін  жəне  күйлегенін  ажырату  үшін 

отарға жіберілген күйекті қошқарлар екен 

(Н. Қазыбеков, Дала., 31). 

КҮЙЛІ-КҮЙСІЗ с ы н. Хал-жағдайы 

жақсы-жаман, семіз-арық. Малсақ болып 

өскен қазақ балалары өз иелігіндегі малдың 



к ү й л і-к ү й с і з і н, аман-жаманын, қысыр-

буазын  көріп-біліп,  көңіл  бөліп  отырады

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 7). 

КҮЙОЙНАҚ  з  а  т.  Бұғылардың, 

арқарлар мен таутекелердің үйірге түсер 

кезіндегі шайқасы. Ересек текелер к ү й о 

й н а қ басталғанша, яғни декабрь айына 

дейін, 8-15 тен  үйір  құрайды  (А.  Молда-

бергенов, Атамекен, 17).

КҮЙРЕУІКТІ  с  ы  н.  Күйреуік  өскен, 

күйреуігі  мол.  Күз  жəне  қыс  айларында 

мен жылқыны бұйырғынды, жусан аралас 



к ү й р е у і к т і жерге бағамын (Қазақстан 

ауыл шаруаш., 1965, №7, 28). Момынға бұл 

атырапта өсетін шөптер, құмды қыраттар, 

сексеуілді өңірлер, жусанды, к ү й р е у і к 



т і ойпаттар қадірлі. Өйткені, мұндай өңір 

– малға ықтасын да, азық та (Оңт. Қазақст., 

20. 10. 1967, 2).

КҮЙСЕТ Күйсе етістігінен жасалған 

өзгелік етіс. Нанды калбасамен қосып к ү 

й с е т і п отыр (Ə. Нұршайықов, Махаб. 

жырл., 397). 



КҮЙСЕТУ Күйсет етістігінің қимыл 

атауы. 

КҮЙТТЕН  е  т.  Күйті  келу.  Буралар 

мен үлектер салқын түссе к ү й т т е н е 

бастайды,  ал  ыстық  түссе  күйті  басылып 

қалады (Қаз. ауыл шаруаш., 1968, №4, 42).



КҮЙТТЕНУ  Күйттен  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮЙТТЕҢКІРЕ  е  т.  Өз  басын,  өз 

жағдайын ойлаңқырау. Расында да, өмірі 

көріп  білмеген  нарыққа  түскен  кезде 

адамдардың  қара  бастың  ғана  қамын

к  ү  й  т  т  е  ң  к  і  р  е  п  кеткендері  болды

(С. Рахымбек, Айдында., 200).



КҮЙТТЕҢКІРЕУ  Күйттеңкіре 

етістігінің қимыл атауы.

КҮЙТІҢДЕ  е  т.  с  ө  й  л.  Күйбеңде. 

Кемпір к ү й т і ң д е п жүріп қара шөңкеге 

толтыра  картоп  асып  қойды  (Ə.  Асқаров, 

Таңд., 408).



КҮЙТІҢДЕУ  Күйтіңде  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮЙІКСАРЫ з а т. б о т. с ө й л. Сары-

күйік. Күреңбел – к ү й і к с а р ы, күрең-

селі, Жоңғар тау жонын төсеп тұр еңселі. 

Түрленіп төңірегің тұрғаннан соң, «Күрең-

бел» деп атапты-ау біреу сені (Р. Нұрпейісов, 

Кең жайлау, 62).

КҮКІРТ  з  а  т.  Сіріңке  қорабының  екі 

қырына жағылған, шырпыға от беретін, 

қара  қоңыр  түсті  нəрсе.  Қорапты  ашып 

жіберіп,  бір  шырпыны  шағып  қалды.



К  ү  к  і  р  т  і  жасып  қалыпты,  тұтанбады

(С. Байжанов, Ақ маржан, 77).



КҮЛ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Руна  əліпбиі  мен 

жазуы ертеде осылай аталған. Ұлы Түркі 

қағанаты кезіндегі к ү л (руна) əліпбиіндегі 

дыбыстар тек сол уақыттағы мəтінге ғана 

сəйкес дыбыстар болатын (Ана тілі, 09. 07. 

2009, 4). К ү л жазуы қазақтың мыңдаған 

жылдар бұрынғы ата-бабаларының өзінің 

сөйлеу тіліне тəн дыбыстарына негізделген 

төл жазуы (Бұл да).



КҮЛ:  Күл  сабап  қарғады.  Біреуге 

қатты  наразы  болғандықты  білдіреді: 

қарғап-сіледі,  лағынет  айтты  д.м. 

Сүйектерді  көргенде  сауынсыз,  көліксіз 

қалған ел аналарының к ү л  с а б а п  қ а р 

ғ а п отырғаны есіне түсіп, көзіне елестеді 

(Қ.  Тоқмырзин,  Керзаман, 3, 20). Сонда 

жесір  қалған  қарындасы  к  ү  л    с  а  б  а  п  

қ а р ғ а п т ы (Бұл да, 3, 41).

Күл  [топырақ]  шашу.  Адамдықтан 

безіп, діннен шыққан адамның ту сырты-

нан «қараң өшсін» деген мағынадағы күл 

(топырақ) шашу салты. К ү л немесе т о 

п ы р а қ  ш а ш у «Құдай сенің қараңды 

екінші көрсетпесін, күлдей тозып жоғал» 

дегенді білдіреді (А. Нүсіпоқасұлы.., Ағаш 

бесік., 1, 141).



КҮЛ:  Күл  шыққыр!  Күл  ауруына 

ұшырағыр д.м. қарғыс. ≈ К ү л  ш ы қ қ ы р 

жүгермектің қайырылмай кеткенін қарашы.



 КҮЛƏЙЛАН з а т. ж е р г. Селтеңбай, 

жеңілтек, ақақаушыл. Қыз, əп-əсем келбеті 

демесе, ол да бір к ү л ə й л а н. Қолынан 

домбырасы  түспейді  (Ж.  Нəжімеденов, 

Кішкентай, 8). – Иə,  қайтеміз!  Түбінде 

өлеміз  екен  деп,  к  ү  л  ə  й  л  а  н  болар 

жайым жоқ. Арақ беріп мақтау алмассың

(Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 215).

КҮЛƏҢКЕР  з  а  т.  ж  е  р  г.  Бозғыл 

түсті мата атауы. Əр жерде к ү л ə ң к 


298

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

е р д і ң қиындысындай боп бозарған қар-

дан  өңге  ақшыл  ештеңке  шалынбайды

(Ж. Нəжімеденов, Кішкентай, 148).

КҮЛƏҢКЕРДЕЙ  с  ы  н.  Күлəңкер 

сияқты, күлəңкер тəрізді. Аспан көгаштап 

жуған  к  ү  л  ə  ң  к  е  р  д  е  й,  көгілдір  таза

(Ж. Нəжімеденов, Ақ шағыл, 21).

КҮЛƏП з а т. с ө й л. Күлəпсан. «Көш! 

Көш!» - деп біз кетелік, жүр, кетелік, К ү л 



ə п т і ң көшіп кетсін қалмай бəрі (Халық 

аузынан). Айтамын айт дегеннен, айда к ү 



л ə п! Жыландай сүйегі жоқ майда к ү л ə 

п!  Күлəбі  бұл  баланың  аяғында  Болмаса 

аяғында  қайда  к  ү  л  ə  п?  (Дерт  көшіру 

өлеңі). 

КҮЛƏПСАН з а т. м е д. Адамда жəне 

малда болатын жұқпалы ауру түрі. Қазақы 

ортада  малға  тиген  к  ү  л  ə  п  с  а  н  д  ы

магиялық ғұрып – бəдік айту, дерт көшіру 

арқылы емдеген (Қаз. этнография., 3, 270). 

Малда болатын бəдік деген ауруды, адамда 

болатын к ү л ə п с а н деген ауруды қазақта 

өлеңмен емдеу бар (А. Байтұрсынов, Шығ., 

260). К ү л ə п с а н, көшер болсаң, қалаға 

көш!  Қаланың  іші  толған  шанаға  көш! 

Таппасаң онан жайлау мен айтайын, Қалада 

көзі шегір балаға көш (Халық аузынан).

КҮЛБІЛТЕ:  Күлбілтеге  салды. 

Анығын айтпады, жасырды, бүркемеледі. 

Гүлжайсаңның  директордың  сөзінен 

аңдағаны: өздері жұмыс істесін, талпынсын 

деп əдейі к ү л б і л т е г е  с а л ы п айтпай 

отыр  деген  ойда  қалды  (К.  Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 166). Соңынан к ү л б і л т е г е



с а л д ы. «Мейліңіз, үй таппай келіп отыр-

ған жоқпын...» (Жұлдыз, 1975, №4, 126).



КҮЛБІЛТЕЛЕНДІР  Күлбілтелен 

етістігінен жасалған өзгелік етіс (С. Сма-

таев, Елім-ай, 2, 287).



КҮЛБІЛТЕЛЕНДІРУ Күлбілтелендір 

етістігінің қимыл атауы. 

К Ү Л Б І Л Т Е Л Е У   К ү л б і л т е л е 

етістігінің қимыл атауы. Бұдан əрі жауыр-

ды жаба тоқып к ү л б і л т е л е у д і ң жөні 

жоқ-ты  (Ə.  Сарай,  Атырау, 442). Осынау 

сары əйелдің к ү л б і л т е л е у д і білмей 

айтып салатын тік мінезінен интернаттағы 

басқа  тəрбиешілерді  қойғанда  директор 

ағай  да  қаймығатын  (К.  Сегізбаев,  Жап-

жасыл., 425).



КҮМСƏН..? Абзал к ү м с ə н таяғына 

сүйеніп,  айғай-шуға  араласпай  ақ  селеу 

сақалын  тарақтап  үн-түнсіз  отырған 

Мүсілімді  столға  шықырды  (Ə.  Сарай, 

Атырау, 30).

КҮЛГІШТЕ  е  т.  Қайта-қайта  күле 

беру,  көп  күлу.  Жұрт  жапатармағай  к  ү  л 

г і ш т е п, Қораш ақынның сөзін теріске 

шығарды (Т. Əлімқұлов: Қаз. əдеб., 01. 05. 

1973, 3). 

КҮЛГІШТЕУ  Күлгіште  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮЛДЕУІШ... Тіпті к ү л д е у і ш т е

қалған  темекісінің  ұштығы  да  сөнбепті 

(Ш. Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 203). Оника 

сигарет тұтатып, кішкентай сары мүштікке 

салып, бірер сорып хрусталь к ү л д е у і ш 

к е қоя салды (Ш. Мұртазаев, Қара маржан, 

74). 


КҮЛДІР:  Күлдір  арба.  Уақ,  майда 

нəрселерді тасуға арналған қорапты арба. 

– Ал, енді осыған қанша адам қолы, қанша 

ат-көлік, қанша к ү л д і р  а р б а керек? –

деп бөліп жіберді (Ə. Сараев, Тосқауыл 153). 



КҮЛДІРГІЛІК з а т. Күлдіре алатындық, 

күлдіретіндік. Кескіні салмақты шырай та-

нытады. К ү л д і р г і л і к т і ң, яки келекенің 

нышаны  да  байқалмайды  (Жалын, 1974, 

№6, 7). 


КҮЛДІРЕУІШСІЗ с ы н. Күлдіреуіші 

жоқ, күлдіреуіш орнатылмаған. К ү л д і р 

е у і ш с і з шаңырақ болмайтынын білмеуші 

ме едің (Қ. Əбілманапов, Өткел., 41).



КҮЛДІРЕУІШТІ  с  ы  н.  Күлдіреуіші 

бар,  күлдіреуіш  салынған.  Төбедегі  күміс 

к ү л д і р е у і ш т і абажа шаңырақ емес, 

қатарластыра  жабылған  қайың  салдаулар 

қайда жатқанын бірден-ақ есіне түсірді (М. 

Мағауин, Аласапыран, 177). 



КҮЛДІРМАМАЙ  з  а  т.  к  ө  н  е. 1. 

Ертедегі  мылтықтардың  бір  түрі; 

құлдырмамай. 2. Зеңбірек. – Көрсін иттер, 

к ү л д і р м а м а й д ы ң қазақтың қолында 

да  бар  екенін  (Қ.  Жұмаділов,  Дарабоз, 1, 

396). Зеңбіректі – «зормылтық», «к ү л д і 

р м а м а й» деп атаған (Қаз. əдеб., 07. 02. 

1992, 7).



КҮЛДІРМЕ з а т. Күлдіргі əңгіме. Жа-

дыра екеуміз түрлі к ү л д і р м е л е р айтып, 

қызықты уақиғаларды əңгімелесіп ауылға 

жеттік (Д. Бейсенбекұлы, Əулиеағаш., 15). 



КҮЛДІРМЕКІЛ з а т. с ө й л. Шертпекіл 

деп аталатын балалар ойыны. Асық ойы-

ны  да  басқаша.  Біздің  ауылда  ойнайтын 

«шертпекіліміз» мұнда к ү л д і р м е к і л 

екен (Ж. Алтайбаев, Таңд. шығ., 309).



299

Байынқол Қалиев

КҮЛДІРІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Тақыр  жер. 

Менен сары атан озды, шөпке тойып алып, 



к ү л д і р е к т е аунап жатыр (М. Мəжитов, 

Аманғали, 248).



КҮЛЕГЕШТЕН е т. Қайта-қайта күлу, 

күле  беру.  Жақсы  үрлей  алмайтын  Сақат 

сыбызғыны қолында ұстап, к ү л е г е ш т е 



н е береді (Ұ. Доспанбетов, Ел есінде, 257).

К Ү Л Е Г Е Ш Т Е Н У   К ү л е г е ш т е н 

етістігінің қимыл атауы.

КҮЛЕМ з а т. к ө н е. Күлкішіл, күлегеш 

адам;  ел-жұрт.  Бар  күшіңді  сынамай, 

Балуандармен  күреспе – Таң  боларсың 

əлемге, Сөз боларсың к ү л е м г е (Шалкиіз 

жырау: Нар заман., 26).



КҮЛ-КҮЛ:  Күл-күл  тəлкем.  э  т  н. 

Балалар  ойыны.  Осы  қара  бала  бастаған 

бұлардың  негізгі  ойындары:  атпақыл, 

қақпақыл, алтыбасар, к ү л-к ү л  т ə л к 

е  м,  лекеш  тағы  осы  сияқтылар  болатын 

(Р.Аманкелдиев, Батыр., 12).



КҮЛКІТОҚ с ы н. с ө й л. Күлкішіл. 

Бұл – к ү л к і т о қ, ессіз, артына бұрылмай 

тек алға қадағалайтындар мекені (О.Бөкеев, 

Үркер., 491).



КҮЛКІПАЗ з а т. Елді күлдіретін əртіс. 

К ү л к і п а з д а р (комиктер) «жолымызды 

эстрадан бастап едік, ұмытып бара жатыр 

екенбіз», - десті (Лен. жас, 24. 04. 1973, 4).

КҮЛСАЛҒЫШ з а т. Темекінің күлін, 

қалдығын  салатын  ыдыс.  Темекісін 

будақтатып, к ү л с а л ғ ы ш қ а мүштегін 

тық-тық еткізіп күлін түсіріп, жайбарақат 

отыр (З. Ахметова, Шуақты күн., 15). 



КҮЛСАРЫ с ы н. Сарысы басым күлгін 

түс.  Əсіресе,  ортада  келе  жатқан,  бүкіл 

Дешті  Қыпшақ  жеріне  əйгілі, «Ортеке» 

деп  ат  қойылған  к  ү  л  с  а  р  ы  сайгүлік 

мінген  жас  əйел  таңғажайып  салтанаты-

мен  анандайдан-ақ  көздің  жауын  алады 

(І.Есенберлин,  Алмас  қылыш, 24). Жаз 

шыға  к  ү  л  с  а  р  ы  жүнді  аруаналарын 

ыңыранта,  үдере  көшіп,  Арал  теңізінің 

құмды, тақыр жағалауларына дейін барды 

(І. Есенберлин, Маңғыстау., 8).



КҮЛТЕ:  Күлте  жапырақшалар. 

б о т. Гүл күлтесінің жапырақшалары. Тос-

тағаншаның  үстіңгі  жағына  күлте  орна-

ласқан. Күлте ақ түсті бес к ү л т е  ж а п ы р а қ



ш а л а р ы н а н құралады (Ботаника, 107).

КҮЛТЕ-КҮЛТЕ  с  ы  н.  Күлтеленіп 

кеткен. Нұры тая бастаған көзінің алды к 

ү л т е-к ү л т е (Қаз. əдеб., 20. 06. 1975, 2).

КҮЛТЕЛЕ  е  т.  ж  е  р  г.  Үлпілдету, 

əлпештеу.  Күндесіндей  емес,  ұзатар 

қызындай қып к ү л т е л е п ұстап отыр 

(Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 139).

КҮЛТЕЛЕКСІЗ  с  ы  н.  с  ө  й  л. 

Бұлтарыссыз,  бүкпесіз.  Қараңғылықта 

жалпылдап жанған отша татаусыз, к ү л т 



е л е к с і з аңқылдап тұр. Жақсыңды жақсы, 

жаманыңды  жаман  дейді  (С.  Оспанов, 

Бақытты., 158).

К Ү Л Т ЕЛ Е Н Д І РУ   К ү л т ел е н д і р 

етістігінің қимыл атауы. 

КҮЛТӨБЕ з а т. Ақсақалдар жиналып, 

əңгіме-дүкен  құратын  ауыл  маңындағы 

биіктеу  жер  (төбе).  Сөзуар  жұрт  би 

тұқымы деп əзіл қылғанымен, бұл кісінің 

арғы атасында к ү л т ө б е д е билік айтқан 

ешкімі жоқ (Т. Əбдіков, Өліара, 36).



КҮЛТӨКПЕ з а т. Күл төгілген жер. – 

Иттер к ү л т ө к п е н і тіміскілеп жүрген 

шығар, – деді Уыз (Ж. Кəрменов, Ғашық., 

269). Болмаса к ү л т ө к п е болып ешкіге 

тапталатын кісі емес еді ғой (Лен. жас, 28. 

11. 1972, 4). Қазір Кеңестер Одағы деген к ү 



л т ө к п е д е қалған жоқ па (Егем. Қазақст., 

21. 02. 1992, 3).



КҮЛТӨКТІ з а т. с ө й л. Күлтөкпе. 

Жұмағұл  жағасын  күрең  сəтенмен 

көмкерткен  түйе  жүн  шекпенді  желбе-

гей  салып,  не  қораның  үстіне,  не  есік 

алдындағы к ү л т ө к т і г е шығып тұрып, 

шекесінен қарайды (З. Ақашев, Ақбел асуы, 

110). 

КҮЛТІЛДЕ е т. ж е р г. 1. Жарамсақтану, 

жағымпаздану. 2. Қорқу, тайсақтау. Тура 

айтам жəбірлеме, тарт қамшыңды, Жерім 

жоқ еш адамға к ү л т і л д е г е н (Ел ау-

зынан, 228). 



КҮЛТІЛДЕУ  Күлтілде  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮЛТІЛДЕТУ Күлтілдет етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮЛШАШАР  з  а  т.  э  т  н.  Бала:  ұл, 

қыз. – Балалы  болды  деп  есіттім  ғой? – 

Ие,  құр  қол  емес,  к  ү  л  ш  а  ш  а  р  ы  бар 

(Ə.Нұрпейісов, Қан мен тер, 376). – К ү л ш 

а ш а р ы ң бар ма? – Бар (Қазақст. əйелдері, 

1983, №11, 13). 



КҮЛШЕ:  Күлше  жіп.  Орап  қойған 

бір бөлек жіп. К ү л ш е  ж і п т і ң ұшы-

нан аңдаусызда тартып қалсаң, тарқатыла 

бермей  ме… (З.Шашкин,  Доктор  Дар-

ханов, 7).



300

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КҮЛШЕЛЕ  е  т.  Жіпті  бөлек-бөлек 

етіп, орап қою. ≈ Өрмек жіптерін бояуының 

түсіне  қарай  жеке-жеке  к  ү  л  ш  е  л  е  п 

қоятын. 

КҮЛШЕЛЕУ  Күлшеле  етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮЛШЕЛІ с ы н. а у ы с. Тамағы тоқ, 

киімі  бүтін,  дүниесі  түгел;  тұрмысы 

жақсы. Кейбір к ү л ш е л і балалар секілді 

ауыздарынан  ақ  май  ағып  жатпаса  да, 

несібеден  айырылмаса  екен  деп  тілейді 

(Б.Омарұлы, Қаратерең., 39).



КҮЛШЕТАЙЛЫҚ  с  ы  н.  Күлшетай 

боларлық,  күлшетайға  жетерлік. – К  ү 

л ш е т а й л ы қ ұн бар ма еді, аға? –деп 

сұрады  Айбарша. – Ол  илеулі,  ысулы 

тұр, – деп Масақбай босағадағы столдың 

үстіне  жайылған  күлшетайды  көрсетті 

(С.Мұқанов, Сыр Дария, 533).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет