Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет73/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   168

КҮРКІРЕУ з а т. ж е р г. Желі аңыраған, 

ұйтқып соққан сай, жыра. Сол жылы бұ-

лардың да сауып отырған інгені ығып кетіп, 

ауыл сыртындағы к ү р к і р е у д е қатып 

қалған-ды (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 374). 



КҮРЛЕУІТ  з  а  т.  Ертеректегі  ірі 

тайпалардың  бірі.  Əзелде  туысы  басқа 

меркіт – керейге сіңді, ұлысы басқа к ү р 



л е у і т – қыпшаққа телінді (М. Мағауин, 

Аласапыран, 2, 148). 



КҮРМЕК... 2. Күрмек өсімдігінің дəні

Абай атындағы колхоздың астығынан бір 

уыс дəнді көсіп алған Ж. Əбжəмиевтың көзі 

табанда аларып кетті. Қаптаған к ү р м е к 

(Ленин жолы, 13. 02. 1968, 3). «Осы көріп 

тұрғаным  рас  па?»  деп  күдіктенген  бас 

агроном көздерін жыпылықтатып жіберіп 

қайта қарап еді, тағы да бір күріш, бір к ү р 



м е к т е н басқа ешнəрсе көрінбеді (Бұл да). 

КҮРӨШКЕ з а т. Тұтқасы бар, қалайы 

немесе шыны ыдыс. К ү р ө ш к е л е р і м і з 

б е н бұлақтан су алып ішуге мұрша бермеді 

(Ж. Өмірбеков, Қызыл су, 110).



КҮРПІ  е  т.  ж  е  р  г.  Кенересінен  асу, 

асып-тасу, толықсу. К ү р п і г е н қос дари-

яны қатар емген телегей теңіз қыста да, жаз-

да да кенересінен асып, ісініп, ыңыранып 

жатқаны (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 130).



КҮРПІК  с  ы  н.  Көмпиген,  қомпиған, 

қобыраған.  Күн  кештете  көтерілген  жел 

де  қазір  қатайып,  түнде  жауған  к  ү  р 



п  і  к  қардың  бет  жағы  əлден  түтігіп, 

ақ  жүлгеленіп  сусып  көше  бастады

(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 297). 

КҮРТ з а т. Бөлек бағылған мал; табын 

(гурт).  Ертесінде  таңертең  оның  бəрін 

қой к ү р т і н е əкеп тастады (Лен. жас, 

10. 07. 1979).

КҮРТЕЛІ с ы н. с ө й л. Күртешелі. 

Дүкенге кірген былғары к ү р т е л і адам 

кішкене  ғана  əйнектен  түскен  болымсыз 

сəуледен іштегілерді анық көре алмай, со-

стиып  жол  ортада  тұр  (М.  Құмарбекұлы, 

Жер иесі, 40).



КҮРТЕШЕЛІ  с  ы  н.  Күртеше  киген, 

күртешесі бар. Кенет бір бүйірден шыққан 

дыбысқа жалт қарасам, былғары к ү р т е 



ш е л і жігіт жымиып тұр екен (Балдырған, 

1972, №4, 3). 



КҮР ТЕШЕЛІК  з  а  т.  Күртеше 

боларлық,  күртешеге  жарарлық.  Араға 

келіншегін салып, жылы-жылы жалғасып, 

қымбат к ү р т е ш е л і к астары ақ қағаздай 

жұмсақ иленген түлкінің терісін сыйлайды 

(Д. Досжанов, Жолбарыс., 44). 

КҮРТИ з а т. с ө й л. Күрте. Кемпіріне: 

«тері к ү р т и і м қайда еді? Мата белбеуді 

берші. Дойырды əкел», – деумен болды шал 

(Лен. жас, 07. 12. 1972, 1). 



КҮРТІК з а т. Жүгерінің ұнынан иленген 

қамыр. Жүгері қамырын қанша илесең де 

басы бірікпейді. Сосын кішкентайдан үзіп 

алып, сығымдап, етке салады. Оны к ү р т 

і к дейді (Т. Тобағабылов, Түсінсең еді мені, 

25). Өзіңді қанша алдасаң да қамыр орнына 



305

Байынқол Қалиев

салынған к ү р т і к к е көңілің шаппайды 

(Бұл да). 

КҮРТІКТЕНДІР  Күртіктен  етіс-

тігінен жасалған өзгелік етіс. Күн сайын 

қар мен сырғақ түсіп, кейде жаңбыр жауып 

қарды к ү р т і к т е н д і р і п, қатырып 

тастады  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 1960, 

№6, 82). 

КҮРТІКТЕНДІРУ  Күртіктендір 

етістігінің қимыл атауы. 

КҮРТІКТЕНУ Күртіктен етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮРІГЕН з а т. к ө н е. Ханның күйеу 

баласы. Хан күйеуі – к ү р і г е н атанады. 

Одан артық не керек (М. Мағауин, Аласа-

пыран, 144). – Хан күйеуі к ү р і г е н г е тіл 

тигізбе! – деді  Ораз-Мұхамед  шамданып 

(Бұл да, 181). 

КҮРІШ:  Күріш  көже.  Күріштен 

жасалған көже. К ү р і ш  к ө ж е н і суға 

қайнатып дайындайды (Шаңырақ, 199). 



Күріш тазалағыш. т е х н. Күріш та-

залайтын машина. Вагонның есігінен к ү р 

і ш  т а з а л а ғ ы ш анық көрініп тұр (Қаз. 

əдеб., 31. 10. 1975, 1).



КҮРІШШІЛІК  з  а  т.  Күріш  егумен 

айналысушылық. Күріш – дəмді дақыл. К ү 

р і ш ш і л і к – тұзы ауыр кəсіп (Қаз. əдеб., 

04. 04. 1975, 1). – Сөзімді тыңдасаң, əлі де 

кеш емес. Осы к ү р і ш ш і л і г і ң д і қой 

(Қаз. əдеб., 25. 08. 1978, 1).



КҮС  з  а  т.  в  е  т.  Жылқыда  болатын 

ауру  түрі.  Əсіресе  оларды  [атты]  маңқа, 

жамандату,  қаназдылық,  к  ү  с,  жем  түсу 

сияқты жұқпалы аурулардан сақтау керек 

(Ө. Жолымбетов, Айгөлек, 53). 



Күс  ауру.  в  е  т.  Жылқының  тұсарлық 

т ұ с ы н д а ғ ы   т е р і н і ң   т ү г і   т ү с і п , 

қатпарланып қалатын ауруы. К ү с а у р у ы 

басқаларға жұққыш жəне ол атты жүруден 

қалдырады (Қаз. этнография., 3, 301). 

КҮСТАБАН з а т. п о э т. Ойын баласы 

д.м. – Құдайға  шүкір,  бізде  де  он  шақты

к ү с т а б а н, бір жаман шалымыз бар!

(Қ. Ысқақ, Тұйық, 92). 



КҮСТАНА с ы н. Айыпты, күнəлі; бей-

шара. Ата-ана байғұс маңдайын тоқпақтап 

к  ү  с  т  а  н  а  халге  түседі  (Д.  Досжанов, 

Жолбарыс, 390). 



КҮСТЕНІҢКІРЕ  е  т.  Аздап  күстену, 

күстене түсу. Тек əттең, трактордың темірі 

қажап сəл к ү с т е н і ң к і р е п кетіпті

(Ө. Ахмет, Қарқаралы., 67). 

КҮСТЕНІҢКІРЕУ Күстеніңкіре етіс-

тігінің қимыл атауы

КҮТІМПАЗ  с  ы  н.  Бір  нəрсені  күте 

білетін,  күте  алатын.  ≈  К  ү  т  і  м  п  а  з 

зейнеткер бақшасындағы гүлдерді жайна-

тып жіберіпті.

КҮТІМПАЗДЫҚ з а т. Күте білушілік, 

күте алушылық. Сенде ондай кірпияздық, 

артық к ү т і м п а з д ы қ деген де болмай-

тын (А. Əшімов, Таң. щығ., 1, 254).

КҮТТІРІҢКІРЕ  е  т.  Тостыра  түсу, 

зарықтыру. Жігітті к ү т т і р і ң к і р е п 

қойғаны анық (З. Шүкіров, Қиын түйін, 13). 



КҮТТІРІҢКІРЕУ  Күттіріңкіре 

етістігінің қимыл атауы. 

КҮТІМЕЛДЕ е т. Күтім жасау, күту, 

жағдайына қарау. Əйеліңді жақсылап к ү т 

і м е л д е м е с е ң болмайды (Ж. Қорғасбек, 

Үлпілдек, 178).



КҮТІМЕЛДЕУ Күтімелде етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮШ:  Күш  күйеу.  э  т  н.  Əйелінің 

ата-анасының  қолында  тұратын  күйеу 

бала. «К ү ш  к ү й е у» деп қызы болған-

мен, ер азаматы жоқ адамдардың өз қызы-

мен  үйленген  жігітті  күшін  пайдала-

н ы п ,   ө з а р а   с е л б е с і п   ж а н   б а ғ у 

мақсатымен өз үйіне кіргізіп алуын атай-

ды  (А.Нүсіпоқасұлы,  Ағаш  бесік., 3, 

66).  Мұндайлар  көбінесе  қайын  атасы-

ның  қолына  кіріп,  жұмысын  істей  жүріп 

қызына  үйленетін,  ондай  күйеулерді 

«к ү ш к ү й е у» деп атаған (Х.Арғынбаев, 

Қаз. халқы., 167). 

КҮШАЛА:  Күшала  ашыту.  Күшала 

өсімдігінің уын пайдалану тəсілі. Былтыр 

Нұр ағам екеуі итке саламыз деп к ү ш а л а



а  ш  ы  т  қ  а  н.  Күшаланы  өкпеге  тықты 

да, жылы күлге көміп қойды. Үш күннен 

кейін өкпе ушығып қап-қара болып кеткен

(Х. Есенжанов, Тар кезең, 298). 



КҮШТІМСІН  е  т.  Өзін  күштімін 

деп  есептеу,  мықтысыну.  Ремнің  өзінше

к ү ш т і м с і н і п, парторг Мəулетке дес 

бермей жүретінін де еске алған (Ө. Ахмет, 

Қарғаралы., 69).

КҮШТІМСІНУ Күштімсін етістігінің 

қимыл атауы. 

КҮШІКТЕП  ү  с  т.  а  у  ы  с.  Бүршік 

жарып,  балалап.  Жер  тоңазып  қапты, 

енді-енді к ү ш і к т е п келе жатқан қайың, 

талдың бүршіктерінде мұздақ кілегей бар 

(Қ.Ысқақов, Тұйық, 175). 



306

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КІБІТ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Астық,  тамақ 

сақтайтын үй; қойма. Ас үй, бойра, к і б і 

т, кілет, шошала деп аталатындарды тамақ 

сақтайтын,  ас  əзірлейтін  үйлер  болған 

(А.Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 190). 

КІДІЛЕНУ Кіділен етістігінің қимыл 

атауы. 

КІДІРІСТЕУ  Кідірісте  етістігінің 

қимыл атауы. Төртеуі к і д і р і с т е у д і 

əлі де доғарар емес (Жалын, 1977, №1, 81). 



КІДІСТІЛІК  з  а  т.  с  ө  й  л.  Кіді-

лік. Мінезінің к і д і с т і л і г і бар, əйт-

песе  былай  жақсы  бала  (Жалын, 1974,

№1, 67). 

КІЛБІК:  Кілбік  көз.  с  ө  й  л.  Кілмік 

көз. – Сөзді қой, Əзберген! Тұр, киін! – деді 

к і л б і к  к ө з, томпақ бет, кеспелтек қара 

(С.Елубай, Ақ боз., 25). 



КІЛГІРТ Кілгір етістігінен жасалған 

өзгелік  етіс.  Ол  сояу  кірпіктерін  к  і  л  г  і 

р  т  е  жұмып  ойға  шомды  (Ə.  Кекілбаев, 

Үркер, 6). 



КІЛГІРТУ Кілгірт етістігінің қимыл 

атауы. 

КІЛЕГЕЙ:  Кілегей  көз  [көзді].  Көзі 

кілегейленіп,  суланып  тұратын  көз

Секретарлыққа осыдан екі ай бұрын ғана 

сайланған кірпі шаш, к і л е г е й  к ө з д і 

жап-жас жігіт келіп отырған (О. Сəрсенбай, 

Шығ., 5, 60).

КІЛЕГЕЙШЕ  ү  с  т.  Кілегей  сияқты, 

кілегей тəрізді. 

КІЛЕЙ  з  а  т.  Қағаз,  т.б.  нəрселерді 

бір-біріне  жабыстыратын  тұтқырлы 

зат; желім. 

КІЛЕЙЛЕ е т. Кілей жағып, екі нəрсені 

бір-біріне жапсыру. 

КІЛЕЙЛЕН  Кілейле  етістігінен 

жасалған ырықсыз етіс. – Түу, арақ құрғыр 

басыма шықты ма, не болып кеттім, – деп 

көз жанары к і л е й л е н е, Оразға қадала 

қарап күлімсіреді (К. Жүнісова, Қимаймын 

сені, 242). 

КІЛЕЙЛЕНУ  Кілейлен  етістігінің 

қимыл атауы. 

КІЛЕЙЛЕУ Кілейле етістігінің қимыл 

атауы. 

КІЛЕЙЛІ с ы н. Кілей жағылған, кілейі 

бар. 

КІЛЕЙЛІК  с  ы  н.  Кілейге  тəн,  кілей 

боларлық. 

КІЛЕЙШЕ ү с т. Кілей сияқты, кілей 

тəрізді. 

КІЛЕМ: Кілем тарту. э т н. Ат үстінде 

ойналатын  ұлттық  ойындардың  бір 

түрі. Сайыс, тартыс, аударыспақ, к і л е м

т  а  р  т  у,  салма  салу,  жерден  теңге  алу 

ойындарының  қай-қайсысы  болмасын 

–  атқа  еркін  шабуға,  сайгүлікті  сынауға, 

жылдамдыққа  баулитын  өнер  (Шопан 

серігі, 233). 

КІЛЕМ-КІЛШЕ... Жер еденге қамыстан 

тоқылған бойралар төселген. Оның үстіне



к і л е м-к і л ш е, текемет-сырмақ жайыл-

ған (М. Разданұлы, Алтай., 38).



КІЛЕМЖОЛ з а т. Құрметті қонақтар 

үшін  кірер  есіктің  алдына  кілемнен 

төселген  жол.  Қонақтардың  қос  ақ  боз 

арғымақ күймесі əп-сəтте к і л е м ж о л ғ а

жақындап  қалды  (Ж.  Тұрлыбаев,  Тамыз 

таңы, 102). 



КІЛЕМШІЛІК  з  а  т.  Кілем  тоқумен 

айналысушылық.  Біздің  іс-əрекетіміз  сол

к і л е м ш і л і к, ісмерлік, зергерлік өнер-

дің  заңды  жалғасындай  болып  саналады 

(Лен. жас, 12. 04. 1976, 3). 

КІЛКІР е т. ж е р г. Кілми. Ылғи кіртиіп, 

к і л к і р і п тұратын көзі əдеттен тыс ойнақы 

(З. Қабдолов, Менің Əуезовім, 17). 



КІЛМІК:  Кілмік  көз.  Кілмиген, 

сығырайған, қысыңқы көз. Кісі бетіне на-

зарын тіктеп қарамайтын к і л м і к  к ө з д і ң

дəл кəзірде қайда қарап отырғаны белгісіз 

(Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 162). Кірпік астын 

қорғалап бұқпантайлап бағатын к і л м і к 

к ө з де сол кілмиген қалпы (Бұл да, 359). 

КІЛТЕҢ з а т. г е о г р. Кішкентай бел, 

белең,  кезең.  Бөкес,  ораздық  (укроп),  та-

бансуытар (скамейка), дейілше (қапшық), 



к і л т е ң (бел, кезең) секілді көркем про-

заға  сұранып  тұрған  сөздерді  елемей, 

ескермей өте алмас едік (Қаз. əдеб., 23. 12. 

1977, 2). 



КІЛТСӨЗ  з  а  т.  ж  а  ң  а.  Тапсыр-

ма  бойынша  өзі  танымайтын  адамға 

келгенде  əскерилердің  айтатын  жа-

сырын  (шартты)  сөзі;  пароль.  Жаңа 

атаулар  мен  қолданыстар:  к  і  л  т  с  ө  з 

(пароль), қасбет (фасад), пернетақта (кла-

виатура) т.б. орыс тіліндегі сөздерге балама 

ретінде қолданылып жүр (Ана тілі, 07. 02. 

2013, 4). 



КІЛШЕЙТ...? Кілең бұздай к і л ш е й

т  і  п,  Көбелер  киген  өкінбес.  Жұпарын 

қардай  боратып,  Арулар  құшқан  өкінбес 

(Доспанбет жырау: Нар заман., 21). 


307

Байынқол Қалиев

КІМ:  Кімге  дəрі.  Ешкімге  қажеті 

жоқ д.м. – Кейқуат қыз к і м г е  д ə р і?! 

(Т.Əлімқұлов, Шежірелі сахара, 86).



Кімді  қалайсың?  э  т  н.  Бастаушы 

қыз  бен  жігіттерді  жұптастырып 

отырғызады  да,  көршілестердің  бірінен 

«Кімді қалайсың?» деп сұрайды. Ол қала-

ған кісісін сұрайды. Көршісі келіспесе «хан» 

оған «жаза» тағайындайды. К і м д і  қ а 

л а й с ы ң? ойыны кей жерде «Қассың ба, 

доссың ба?», «көрші-көрші» деп те аталы-

нады (Қаз. этнография., 3, 321). 

КІМ ТҮРТТІ? э т н. Ұлттық ойынның 

бір түрі. К і м т ү р т т і – жастардың 

жазды күні ойнайтын ойыны. Басқарушы 

біреуді  басын  төмен  еңкейтіп,  иығынан 

басып  тұрады.  Арт  жағынан  келіп  біреу 

түртеді де, орнына барады. Ол əлгі адамды 

табуға тиісті (Ойын-сауық, 150). 



КІНАРАТТАС Кінаратта етістігінен 

жасалған  ортақ  етіс. – Күнде  к  і  н  а  р 

а т т а с а бергенмен бола ма? Одан да 

күліп-ойнап  жүрейікші  (Қ.  Найманбаев, 

Беймезгіл қонақ, 187). 

К І Н А РАТ Т А С У   К і н а р а т т а с 

етістігінің қимыл атауы. 

КІНƏГЕР  з  а  т.  Күнəлі,  айыпты

Оның бірден-бір к і н ə г е р і – тоқырау 

жылдарындағы  қосып  жазу,  жоспар-

мен пара беру дер едім (Қаз. əдеб., 18. 11. 

1988, 3). 

КІНƏЗ с ы н. а у ы с. Талғампаз, кіді. 

Əсіресе тамаққа к і н ə з Айбектің қақталған 

етке  тəбеті  шамалы  (Б.  Мұқаев,  Жалғыз 

жаяу, 91). Алтайдың  ағашы  да  к  і  н  ə  з

тұқымнан  болмаса,  көшеттен  көбеймейді 

(Қ. Ысқақов, Қараорман, 102). 



КІНƏЗДІК з а т. 1. Князь болғандық. ≈ 

Ол к і н ə з д і г і н жасырған емес. 2. а у ы 

с.  Кербездік,  серілік,  сəнқойлық.  Ел  ісіне 

бала-шағаны ертпейтін, ел сөзіне беделсіз 

жұртты араластырмайтын к і н ə з д і г і н 

е  н  де  шығар,  əйтеуір  Сиғат  əке  жылуын 

сезген емес (Қ. Ысқақ, Ақсу., 473). 



КІНƏЛАСТЫР  Кінəлас  етістігінен 

жасалған өзгелік етіс. – Ренжісіп қалғам. 

– Онда к і н ə л а с т ы р а й ы н, татуласты-

райын (М. Сқақбаев, Ұят тур., 79). 

К І Н Ə Л АС Т Ы Р У   К і н ə л а с т ы р 

етістігінің  қимыл  атауы  (Ə.  Сараев, 

Тосқауыл, 234). 



КІНƏЛІШЕ ү с т. Кінəлі сияқты, кінəлі 

тəрізді. Балалар бастарын құнжитып төмен 

салып, дəл бір өздері к і н ə л і ш е əлдене 

деп ақталып, міңгірлеп жатыр (С. Оспанов, 

Сопы., 97). 



КІНƏМСІЗ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Күнəмсіз. 

Мөлдіреген қос жанар əлі пəк, к і н ə м с і з,

кінəрəтсіз  аңғал  қарайды  (Жұлдыз, 1973, 

№3, 63). 



КІНƏРАТТАС  Кінəратта  етістігі-

нен  жасалған  ортақ  етіс  (Ө.  Қанахин, 

Құдірет, 226). 



КІНƏРАТТАСУ  Кінəраттас  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

КІНДІК:  Кіндік  кесу.  Жаңа  туған 

жас баланың кіндігін кесіп, түбін мықтап 

байлап тастау дəстүрі. Қазақ халқы к і н

д  і  к    к  е  с  у  д  і  өнегелі,  үлгілі  кісілерге 

немесе  қулық-сұмдықтан  пəк  жас  бала-

ларға  кестіреді  (А.  Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш 

бесік., 1, 4).



Кіндік  қазы.  Бас  қазы,  негізгі  қазы

Ішінен  екі  қыртыс  қазы  шықты.  Бұның 

өзі к і н д і к  қ а з ы, тел қазы, жая қазы, 

омыртқа қазы, қабырға қазы боп тарайды 

(Т. Əлімқұлов: Қаз. əдеб., 28. 11. 1986, 9). 

КІНЕШКЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Кітапша. 

Конвертті  ашсам,  ішінде  қатырмамен 

тысталған  қалыңша  к  і  н  е  ш  к  е  жүр 

(С.Мұқанов, Мөлдір., 274).



КІР:  Кір  тұйғын.  Тұйғынның  қанат-

құйрығының  түсі  күңгірттеу  (сұр 

түстілеу) бір түрі. Шалып түсі сұрғылттау. 

Ту сыртындағы жүн елібтері болар-болмас 

сұр  жолақты.  Осы  түсіне  орай  құсбегі-

лер  оны  к  і  р    т  ұ  й  ғ  ы  н  деп  атаған

(Ж. Бабалықов.., Қырандар, 144).

КІРАПАТ з а т. к ө н е. Барлау, бақылау; 

тексеріс. Майқы анда-санда екі биге к і р а 

п а т жасап, ауық-ауық ел арасына жіберіп 

алады екен (Егем. Қазақст., 05. 09. 1992, 3). 



КІРƏЖІ  е  т.  ж  е  р  г.  Қайғыру,  кею, 

ренжу.  Қазір  кездесе  қалса,  көңіл  бөліп, 

оқуымыз мүмкін, кездеспесе, к і р ə ж і м 



е й м і з (М. Мағауин, Мен, 191, 265). 

КІРƏЛІН з а т. Қойды күпкіге салғанда, 

құрттаған жерін емдегенде пайдаланыла-

тын дəрілік май. 

КІРƏЛІНДЕ е т. Қойды кірəлінге салу, 

кірəлінмен  емдеу.  Сыздық  бұл  келгенде 

ауру қойларды к і р ə л і н д е п, ыстық буға 

тоғытып, өзінше ем-домын жасау үстінде 

еді (Р. Тоқтаров, Ғасыр наны, 162). 



КІРƏЛІНДЕУ  Кірəлінде  етістігінің 

қимыл атауы. 

308

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КІРГІШТЕ  е  т.  Қайта-қайта  кіру, 

жиі  кіру.  Əділдің  үйіне  к  і  р  г  і  ш  т  е  п 

жүретін  сар  жалақ  жігіттің  Ақзерге  əзіл 

айтқанын өзі де бірнеше рет байқаған еді 

(Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 57). 



КІРГІШТЕУ  Кіргіште  етістігінің 

қимыл атауы

КІРДЕК з а т. Будан арқылы бір өркешті 

аруанадан  туған  түйе  тұқымы.  Будан 

арқылы бір өркешті аруанадан кезмая, к і 



р д е к, нар, жарбай, инермая, кезнар, күрт 

секілді  алуан-алуан  түйелер  тарайтынын 

екі  қазақтың  бірі  білуге  тиіс  (Қаз.  əдеб., 

25. 11. 1988, 1). 



КІРЕЛІ  с  ы  н.  Кіреге  жегілген,  кіре 

құрамындағы. Əмбе біреу емес, к і р е л і

көлікке  батылы  жетіп  тиісе  де  қоймас

(Қ. Ысқақ, Таңд., 3, 47). 

КІРЕМПІЛИН  з  а  т.  Қымбат  ма-

талардың бірі. Жібек пен шəйі, мақпал мен 

торқа жетпегендей адам атынан шатасатын 



к р е м п і л и н деген бəлесі тағы шығыпты 

(Н. Серəлиев, Зеңгір аспан, 200). 



КІРЕН з а т. ж е р г. Шекара. Кешікпей 

орыстар келіп к і р е н д і (граница) жаба-

ды деген сыбыс бар (З. Қинаятұлы, Көш-

пенді., 151).



КІРЕП з а т. Тіреп тұратын тіреуіш. – 

Осы неге к і р е п қоймайды? Бізді өлсін дей 

ме? (С. Ерубаев, Менің құрд., 38). 

КІРЕС  з  а  т.  с  ө  й  л.  Шытыр  (Ойын 

қартасының бір түрі). 

КІРЕСІН з а т. Үйге кіре беретін жер. 

≈ Ол к і р е с і н д е тұрып қалды. 



КІРЕУКЕЛЕНУ... К і р е у к е л е н у 

сөзі торлану деген мағынаны білдіреді (Ата 

салты., 58). 

КІРЖИГІШ  с  ы  н.  Кіржие  беретін, 

тыржиғыш. Оның үстіне сырқат адамның 

кінəмшіл, к і р ж и г і ш келетін əдеті жəне 

болады (Жалын, 1974, №1, 80). 

КІРЖИЮ  Кіржи  етістігінің  қимыл 

атауы.  Қайта  бейнетің  көбейе  түседі. 

Сосын-ақ  мазасыз  науқасқа  қабақ  шыту, 



к і р ж и ю басталмай ма? (Жалын, 1974, 

№1, 80). 



КІРЛЕУІТ с ы н. с ө й л. Кір, лас. Айғыз-

айғыз қоңыр бояу жағылған аспан к і р л е 



у і т (М. Мағауин, Көк мұнар, 106). 

КІРЛІ-ЖАМБЫЗ  с  ы  н.  с  ө  й  л. 

Кіржамбыз. Оның кекесінін құлағым ша-

лып қалғанмен, əйелдің к і р л і-ж а м б ы з

ұсқынына  басынан  аяғына  дейін  қыдыра 

көз тастап, мен де күлімсіредім (Ж. Орман-

баев, Тұзақталған., 29). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет