К І Р М Е : К і р м е к ү й еу . Қ а й ы н
жұртында қалып қойған күйеу. Өз елінде
жанашыр жақыны жоқ жарлы жігіттер
бөтен елде кəсіп қуып жүріп үйленіп, қайын
жұртында қалып қойса, оны к і р м е к ү й
е у деп атандыратын (Х. Арғынбаев, Қаз.
халқы., 167).
КІРМІНЕЗ с ы н. с ө й л. Мінезі жа-
ман, нашар мінезді (адам). Сонымен бір-
ге аталған к і р м і н е з, кертартпа психо-
логия көп реттерде қоғамдық орнын əлі
толық анықтай алмаған адамдардың ара-
сында жиі кездеседі (Лен. жас, 14. 04.
1973, 3).
КІРМІНЕЗДІ с ы н. с ө й л. Жаман
мінезді, ашушаң.
КІРМІНЕ ЗДІЛІК з а т. Мінезі
жамандық, ашушаңдық. Біз адамды
адам деп бағалаудан гөрі оны қайткенде
кемсітем, қорласам деп тұратын к і р м і н
е з д і л і к, қызғаншақтық жайлы пікірімізді
ортаға салуды мақұл көрдік (Лен. жас, 14.
04. 1973, 3).
КІРПІ з а т. Шаш қоюдың бір үлгісі
(модасы). – Жоқ, нағыз есімі – Сəлім. Ша-
шын үнемі «к і р п і» модасымен қойып
жүретін болған соң тағылған айдар ғой
(К. Сегізбаев, Жылдың ең., 147).
КІРПІКШЕШЕНШЕ ү с т. Кірпі
секілді, кірпі сияқты. Қанатты көрдім.
Бүкшиген күйі тізесін көтере, к і р п і к ш
е ш е н ш е жиырыла түскен (Д. Рамазан,
Жылап аққан., 249).
КІРПІТІКЕНЕК з а т. с ө й л. Кірпі
(шаш қою модасы). Шашын сол кездің мо-
дасымен к і р п і т і к е н е к қып қырқып қи-
ғызған (З. Қабдолов, Менің Əуезовім, 46).
КІРПІШ з а т. Қарта ойынындағы
төрт түрдің кірпіш пішіндес, өзі қызыл
бір түрі; буби, боби, поп. Əкесінің баласы
енді «к і р п і ш т і ң» ондығын құшақтайды
да, əлгі «түйенің» бəрін алды (М. Əлімбаев,
Тəрбие., 58). – Мұндай сұмдықты кім
көрген, қас қылғандай бір қолға төрт к і
р п і ш түгелдей баруын қарашы! – деді
қайғырып (Қаз. əдеб., 11. 08. 1978, 4).
КІРТ...? Азау, Азау дегенің Əл-Ғұсман
паша жұрты екен. Дін іслəмнің к і р т і
екен. Азаудың ер Доспамбет ағасы Азаудың
бір бұрышындай нарты екен! (Доспанбет
жырау: Нар заман., 21).
309
Байынқол Қалиев
КІРІМ з а т. ж е р г. Кіріс. Есепқұмар
біреулер Шекеннің биылғы жылы трак-
торымен табар к і р і м і н есептеп, шотқа
сала жүруді де естерінен шығара қоймады
(Т. Əлқанұлы, Тірліктен., 22).
КІРІПТАРЛАН е т. Кіріптар болу,
тəуелді болу. Əбілқайыр ұлдарының ал-
дына барып, к і р і п т а р л а н ы п қол
қусыр. Құныңды кесе ме, қылмысыңды
кесе ме, солар шешеді (Ардагер (газет), 17.
06. 2010, 4).
К І Р І П ТА РЛ А Н У К і р і п т а рл а н
етістігінің қимыл атауы.
КІРІС з а т. к ө н е. Адырнаны иіп тұру
үшін оның екі басын керіп байлаған жіп.
Ату үшін адырнаны кері қарай қайқайта
иіп кереді. Оған қайыстан, тарамыстан не-
месе жібектен жасалған керме жіп к і р і с
байланады (Қаз. этнография., 1, 65). Қазақ
садағы екі бөліктен тұрады: серпінді бөлігі
– адырна, оған керілген, оқты тіреп ататын
жібі – к і р і с (Бұл да, 2, 179). Садағына
сары жебені салдырған, Садағының к і р
і с і н Сары алтынға малдырған, Тереңнен
көзін ойдырған (Махамбет: Нар заман.,
227). Алты атқа алған адырна Ата алмасам,
маған серт! Шым жібектен ескен к і р і с і,
Үзіліп кетсең, саған серт! (Қарасай-Қази:
Ақсуат, 2, 76).
КІРІСТЕ е т. Кіріске кіргізу, кіріс етіп
жазу. Ол келісімен ноябрь, декабрь айла-
рында туған жас бұзауларды 1984 жылдың
есебіне емес, 1985 жылдың январь айының
есебіне к і р і с т е ң д е р деп бəрімізге
бұйрық берді (Қаз. əдеб., 29. 11. 1985, 14).
КІСƏПІРЛЕУ с ы н. Қулау, зəлімдеу;
арамдау. Құдайдан бір, адамнан екі жал-
барынып сұрап алған жалғыз бала к і с ə
п і р л е у өссе не болмақ? (Қ. Жиенбай,
Даңқ., 121).
КІСЕНДЕЛУ Кісендел етістігінің
қимыл атауы.
КІСЕУ з а т. с ө й л. Кісен. Сондай-ақ
желдік, терлік, тартпа, жабу, көпшік, к і с е у,
тұсау, шідер сияқты басқа да ат əбзелдері
жетерлік (Ер қанаты, 198).
КІСПҰРЫШ с ы н. ж е р г. Оңбаған,
жексұрын, сұрқия, ит. – Ол иттің бала-
сын, – деді Сыдық, – мен көптен білем.
Құдайды білмейді ол к і с п ұ р ы ш. Сол
иттігімен мал жиып, асхана орнатып отыр
(Қ. Əбдіқадыров, Əңгім., 30). Кеңес өкіметі
келгелі айылын жиды. Əйтпесе арғы жерде
ə десең, мə дейтін нағыз к і с п ұ р ы ш т ы ң
өзі (С. Елубай, Ақ боз., 27).
КІСІКИІКТЕНУ Кісікиіктен етіс-
тігінің қимыл атауы.
КІСІЛІК з а т. с ө й л. Керсен. Ердің
адам мініп отыратын тұғырлығын «к і с і
л і к» деп атайды. Кей жерлерде «керсен»
дейді (Ер қанаты, 261).
КІСІСІ е т. с ө й л. Кісімсі. Ерімбет сон-
ша еріншек жігіт, тек адалсынып, таза к і с і
с і п жүргені болмаса, үйіне керек-жарақ та-
уып, реттеуге шорқақ-ақ (Ж.Тілепбергенов,
Ізбасар, 152).
КІТАБИЛЕН е т. Кітапта не жазылса,
қалай жазылса, солай сөйлеу, солай айту.
Қазір мектеп балаларының тіліне зер са-
лып қарасаңыз, к і т а б и л е н е бастаған
кедейлеу сөз қорын байқайсыз (Қаз. əдеб.,
06. 04. 1973, 3).
КІТАПЖАНДЫ с ы н. с ө й л.
Кітапқұмар. Василий Костров, Мукаррам
Абдуллаев көркем əдебиет басылымдарын
қойнынан тастамайтын к і т а п ж а н д ы
л а р болатын (Жалын, 1974, №4, 131).
КІТАПҚАП... – Бəрібір мен мұны
ұстамаймын! – деп жанындағы к і т а п қ а
б ы н лақтырып тастады (Т. Нұрмағамбетов,
Дарияның арғы., 59).
КІТАПХАНАШЫЛЫҚ з а т. Кітап-
ханашы болушылық, кітапханашы қыз-
метін атқарушылық. К і т а п х а н а ш ы л ы қ-
т ы қолына алған жарты жылдан кейін, ба-
лалар арасындағы жұмыс жөніндегі бай-
қауда жүлделі орынға ие болды (Лен. жас,
22. 08. 1974, 3).
КІШ: Кіш етті. с ө й л. Кіші дəретке
отырды, сиді. – Сен де түрегеліп тұрып к і ш
е т е с і ң бе? – деп сұрады (Ə. Кекілбаев,
Елең-алаң, 408). Баланың кəк етуі үшін,
к і ш е т у үшін түбектен қолайлы нəрсе
жоқ (Қаз. əдеб., 15. 11. 1991, 9).
КІШКЕНТАЙЛАУ... Нұрлан бұрылып,
құрбысымен бірге өтіп бара жатқан бойы
к і ш к е н т а й л а у, қараторы қызды көрді
(Н. Исабаев, Өмір., 119).
КІШКЕНТАЙСЫНУ Кішкентайсын
етістігінің қимыл атауы.
КІШІ: Кіші Аю. а с т р. Аспанның
Солтүстік жарты шарындағы Керік
жəне Айдаһар шоқжұлдыздарының
аралығында жатқан шоқжұлдыз (ҚСЭ,
6, 191). Шоқжұлдыздардың саны көп.
Олар: Аққу, Арыстан, Бүркіт, Жетекші,
310
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Мерген, Сарышаян, К і ш і А ю, Үлкен
Аю т.б. (Х. Əбішұлы, Халық астр., 9).
Жетіқарақшының қасында кішілеу бір
жұлдыз бар. Ол – К і ш і А ю шоқжұлдызы
(Х. Əбішұлы, Аспан сыры, 80).
Кіші отыз жеті. п е р и ф р. Кол-
бин əкелген қыспақ. Колбин кезіндегі
дүрбелеңді немесе қазақ кадрлары қалай
қуғындалғандығы қазір «к і ш і 37» деп
аталып жүр (Парасат, 1999, №7, 25).
КІШІЛІК з а т. Екінші əйел, тоқал.
Болған соң шеше дана, əке мықты, Биік-
ке шаңырақты көтеріпті. Ұлғайған шағын-
да Əлпеш Белгібайға, Сіңлісін к і ш і л і к
к е əперіпті (Н. Айтұлы, Ту, 48). – Ақтұмсық-
тың бойжетіп отырған қызы бар. Соны к і
ш і л і к к е сұраңыз (Ж.Молдағалиев, Алғ.
қоңырау, 97). Төрежан сынды сəбиді Жұмы-
сына салуға, Алмажан сынды бейбақты
К і ш і л і к к е алуға (Бес ғас. жырл., 1, 310).
Қ
ҚАБА: Қаба құйрық. Қалың əрі ұзын
құйрық. Бітісіне байланысты құйрық: келте
құйрық, сояу құйрық, шұбалаң құйрық,
қ а б а қ ұ й р ы қ, сымпыс құйрық,
сыпсың құйрық, сыпыс құйрық, ит құйрық,
шолақ құйрық деген атаулар қалыптасқан
(Ж.Қоқанова, Түк жəне тері атау., 8).
ҚАБАҒАТ ү с т. ж е р г. 1. Бəрі, түгел;
2. Қатты, тіптен. Келін келді жамағат Сен
келеді дегенде Қуанды жұрт қ а б а ғ а т
(А.Үлімжіұлы, Шығ., 2, 391).
ҚАБАҚ : Қабағының астымен
қарады. Жақтырмады, түнерді. – Қой,
бастыққа келіп бас имесем, ертең қ а б а ғ
ы н ы ң а с т ы м е н қ а р а п жүрер, - деп
əлгі адам қос қолын ұсынды (Б.Дəулетбаев,
Сүмбілшаш, 76).
ҚАБАҚАТ с ы н. с ө й л. Қатқабат,
сан түрлі; көп қабағат. Ойлап қараса,
Қанипа кейінгі бір жылда не бір қ а б а қ
а т жаманшылықтарды да, жан семірткен
талай ғажап жақсылықтарды да көрген екен
(С.Омаров, Қызыл арай, 217).
ҚАБАҚХАНА з а т. к ө н е. Тамақ, арақ-
шарап ішетін жер. Екеуі емен-жарқын
кездесіп, ентігін басқан соң, Меңүтай оны
ана жолы берген уəдесі бойынша қ а б а қ
х а н аға бастады (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас,
136). Əсіресе кенттің қақ ортасындағы
мынау қ а б а қ х а н а н ы ң қазаны күні-
түні отта қайнап, даяшылар мен аспаздар
абыр-сабыр болып жататын (Бұл да, 195).
ҚАБАН: Қабан желке. Күжірей-
ген, дөңкиген желке. Қайқы бел, кəрі
жирен үстінде бүгінде үрген местей ора-
сан семірген кілбік көз, қ а б а н ж е л
к е Бұқарбай отыр (С.Елубай, Ақбоз
үй., 119).
ҚАБЫЖЫҚ з а т. ж а ң а. Кино
түсіргенде қажетті, бір нəрсенің
бейнесі түсірілген жұқа, жылтыр нəрсе;
жұқалтыр (пленка) . Бұл не бас қатыру
десек, теледидардағы қ а б ы ж ы қ т ы
желімдеуге байланысты баламаларын табу
керек болыпты (Ана тілі, 20. 03. 2008, 4).
ҚАБЫЗ
1
з а т. с ө й л. Қауыз
(Ж.Досқараев, Қаз. тілі жерг., 135).
ҚАБЫЗ
2
з а т. ж е р г. Қапырық. Қойдың
буаз кезінде қораның асты сыз, ауасы қ а б
ы з болмауы тиіс (Қазақст. ауыл шаруаш.,
1964, №12, 31).
ҚАБЫЗДАТ Қабызда етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Осы бейуақ күй кө-
ңілге күрсініс шақырып, жұқалаң мұң қ а б
ы з д а т а д ы (О.Бөкеев, Өз отыңды., 110).
ҚАБЫҚЖЕГІ з а т. з о о л. Ағаштың
қабығын жеп тіршілік ететін, кішірек
келген қоңыз. Қ а б ы қ ж е г і л е р –
бойы 1 см болатын қоңыздар. Олардың
өмірін ағаштан ажыратып ала алмайсыз
(Жəндіктер, 33). Қ а б ы қ ж е г і (короед),
ұзынтұмсық (долгоносик) қоңыздардың
дернəсілдерінің аяқтары болмайды
(Р.Сəтімбеков.., Қызықты биология, 77).
Бір тоқылдақ күніне 700-900 қ а б ы қ ж е
г і немесе 50 зауза қоңызын жеп, орманға
өте көп пайда келтіреді (Қ.Аймағамбетова,
Табиғат тану., 41).
ҚАБЫҚТАЛ е т. Қабығы аршылған,
қабығы алынған. Сабауды түзу өскен
жыңғылдан немесе қ а б ы қ т а л ғ а н тал
мен мойылдан əзірлейді (Ер қанаты, 290).
«Көксала» деп қ а б ы қ т а л м а ғ а н, бірақ
бұтақталып буып тастаған түзу талдарды
айтады» (Қазақст. ауыл шаруаш., 1969,
№7, 60). Қ а б ы қ т а л ғ а н уық бойы тал-
311
Байынқол Қалиев
ды пеш қызуына ұстап, əбден қыздырып
алғаннан кейін тезге салып түзейді (Лен.
жас, 16.11.1985, 4).
ҚАБЫҚТАЛУ Қабықтал етістігінің
қимыл атауы.
ҚАБЫҚША з а т. б и о л. Өсімдік
жасушасының (клеткасының) ең сыртқы
бөлшегі. Əрбір клетканың тығыз, мөлдір
қ а б ы қ ш а с ы болады. Ол өте жұқа келеді
(Биология, 23). Өсімдік клеткаларының
құрылысы күрделі болады. Клетка сырт
жағынан қ а б ы қ ш а м е н қапталған (Бұл
да, 26).
ҚАБЫЛ з а т. с ө й л. Қабылдау.
Мəртебелі мейманның құрметіне жасалған
қ а б ы л ғ а арнайы шақырылған Ораз-
Мұхамедке өзгеше ықылас көрсетілген
(М.Мағауин, Аласапыран, 2, 246).
ҚАБЫЛДАУШЫЛЫҚ з а т. Бір нəрсені
қабылдағандық, қабылдай салғандық.
Бізден басқа халықтарда біреудің бір
нəрсесі тəуір екен деп еліктеушілік, оны
табан астында қ а б ы л д а у ш ы л ы қ тіптен
жоқ десе болады (Ата салты., 8).
ҚАБЫЛДЫҚ з а т. с ө й л. Қабыл-
дағандық. Ендеше, сол дұғаның қ а б ы л
д ы ғ ы үшін «алсадид» деп, біреуді жүгін-
теді (Қазақ, 12.07.2002).
ҚАБЫНДЫРҒЫШ з а т. м е д.
Қабынуға себеп болатын, қабындыратын
нəрсе (вирус).
ҚАБЫНЫҢҚЫ с ы н. Аздап қабын-
ған, ісіңкі. Көксау қойдың өкпесіндей
Екі беті қ а б ы н ы ң қ ы, Бұршақ соққан
көктесіндей Шаш дегенің қиқы-жиқы
(Қ.Аманжолов, Біздің дастан., 260).
ҚАБЫРҒА: Қабырға жол. Таудың
бетінен көлденеңдей жасалған жол, қап-
тал жол. Арғы беттегі қ а б ы р ғ а ж о л
м е н 2-3 атты кісі төмен түсіп келеді екен
(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 23).
Қабырға қазы. э т н. Қабырғаның май-
ынан жасалған қазы. Ішінен екі қыртыс
қазы шықты. Бұның өзі кіндік қазы, тел
қазы, жая қазы, омыртқа қазы, қ а б ы р ғ а
қ а з ы боп тарайды (Қаз. əдеб., 28.11.
1986, 9).
Қабырға сағат. Қабырғаға іліп қоятын
сағат. Қ а б ы р ғ а с а ғ а т ы серіппе
немесе безбен арқылы қозғалысқа келеді
(Шаңырақ, 78).
ҚАБЫРҒАЛЫ: Қабырғалы кеңес.
Айтулы, күшті, беделді кеңес. Сəния
қариялардың осынау қ а б ы р ғ а л ы
к е ң е с і н е кедергі жасамай, киіз үйден
қалай шығып кетудің амалын ойлады
(Ə.Əлімжанов, Жазушы, 68).
ҚАБЫРШАҚ з а т. Пияздың түбіршегін
қаптап тұратын жарғақ тəрізді жұқа
қабықша. Қ а б ы р ш а қ т а р – түрі
өзгерген жапырақтар. Сыртқы қ а б ы р
ш а қ т а р – құрғақ, жаңғақ тəрізді, ал
ішкілері етжеңді жəне шырынды келеді.
Олар түбіртекке орналасады (Биология, 96).
ҚАБЫСЫҢҚЫРА е т. Аздап қабысу,
қушиыңқырау. Өйткені беті қ а б ы с ы ң
қ ы р а ғ а н кекселеу көрінеді, жас емес,
шынжау етті жасамыс кісі (Ə.Асқаров,
Таңд., 114).
ҚАБЫСЫҢҚЫРАУ Қабысыңқыра
етістігінің қимыл атауы.
ҚАБІРСТАН з а т. Қайтыс болған
адамдардың жатқан жері, қабірлері
(пантеон). Барлық халықтар қ а б і р с т
а н д ы қадірлеп, оны таза ұстап, айналасын
көркейтіп отырады (Қаз. əдеб., 25.08.1989,
14). «Тəуелсіз Қазақстан үшін қан төккен
ерлердің қ а б і р с т а н ы» деген арна-
улы орын даярланып, ол жерде кешегі
желтоқсан батырларына дейінгілер еске
алынса, бұл да кейінгі ұрпаққа үлкен өнеге
(Жас алаш, 03.11.09).
ҚАБІРШІ з а т. 1. Қабір қазушы, қабір
қазумен айналысатын адам. 2. Қайтыс
болған адамды бейіт басына апарып,
жерлеуші; қабірге салушы. Бейіт басына
əйелдер бармайды, олар ауылда қ а б і р ш
і л е р д і тосады (Х.Арғынбаев, Қаз. халқы.,
111). Құныс марқұмның бас жағын көтерді
де, Əлім мен екі-үш жігіт аяқ тұсынан
демей көтеріп қ а б і р ш і л е р г е берді
(М.Мəжитов, Құныскерей, 233). Еңбек
еткенін есепке алғандай болып əсіресе қ
а б і р ш і л е р жағы қарбытып-қарбытып
жейді (Ж.Мусин, Туған үй., 67).
ҚАҒАБЕРІСТЕУ с ы н. Көзден таса-
лау, қалтарыстау (жер). Сирек тоқылған
талшарбаққа салынды, сабан толтырып,
көлдің көзден таса қ а ғ а б е р і с т е у бір
қамысты жиегіне орнатты (Ф.Дінислам,
Көл жағасында, 19).
ҚАҒАЗ: Қағаз майы. Қағазды жағу
арқылы алынған май. ≈ Қ а ғ а з м а й ы н
теміреткіге жағады.
ҚАҒАЗДАЛ Қағазда етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Бəйгені кімнің
312
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
аты алғаны, ат иесінің мекенжайы мен
ру-тайпасы да қ а ғ а з д а л а т ы н
(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 267).
ҚАҒАЗДАЛУ Қағаздал етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҒАЗҚОЙ с ы н. Қағаз жазғыш,
қағазқұмар. Сол күдікті кезеңде зəкүншік,
қ а ғ а з қ о й, арызжанды кеңселер мен
əкімдерге тосқауыл болатын деректі
қағаздар керек (М.Əуезов, Абай., 363).
ҚАҒАНАҚ з а т. а у ы с. Жұп-жұқа.
Қораның қ а ғ а н а қ қабырғасы тез
қақырайды (С.Лəмбетов, Əке жолы, 85).
ҚАҒАНДЫ с ы н. Қағаны бар, қаған
басқарған. Елді халық едім, Елім қазір
қайда? Кімге ел-жұрт іздермін? – десті.
Қ а ғ а н д ы халық едім, Қағаным қайда,
Қандай қағанға күш-қуатым беремін? –
десті (Ертедегі əдебиет., 33). Қ а ғ а н д ы
халық болып тұрып, қағанын жойған еді,
елді халық болып тұрып, елін жойған еді
(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 37).
ҚАҒАНДЫЛЫҚ з а т. к ө н е. Жеке
қаған болғандық, елдік, хандық. Тəңірі
жарылқағандықтан Елдігін əлсіретті, Қ а ғ а
н д ы ғ ы н қағансыратты. Жауын бейбіт етті
(Ертедегі əдеб., 35). Бұл елден тұңғыш рет
беті қайтқан көрші қ а ғ а н д ы қ т ы ң ханы
ызаланып, бар əскерін осында ағылтыпты
(Қ.Ботбай, Егіз., 49).
ҚАҒАНСЫРА е т. Қағанын аңсау,
қағанын сағыну. Елсіреген, қ а ғ а н с ы р а ғ а
н халықты, Күңденген, құлданған халықты,
Түркі иелігінен айрылған халықты, Ата-
баба мекеніне қайта орнатты (Ертедегі
əдеб., 34). – Түркі халқы қанша қиналсақ та,
бəрібір қайта түледік. Енді сен елсіреген,
қ а ғ а н с ы р а ғ а н еліңе қаған бол, - деді
(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 259).
ҚАҒАНСЫРАТ Қағансыра етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Тəңірі елсіретті,
Қағандығын қ а ғ а н с ы р а т т ы. Жа-
уын бейбіт етті (Ертедегі əдеб., 35). Аға
мұратына адал болды. Елін елсіретпеді,
қағандығын қ а ғ а н с ы р а т п а д ы
(Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 447).
Қ А Ғ А Н С Ы РАТ У Қ а ғ а н с ы р а т
етістігінің қимыл атауы.
ҚАҒАНСЫРАУ Қағансыра етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҒЫЛ з а т. Қар аз түскен, қары жұқа
жер (Мұрат ақын: Үш ғас., 273). Қыр басы
қ а ғ ы л екен (Кирг. рус. сл-рь, 1903, 95).
ҚАҒЫЛЖЫҢ: Қағылжың түйе.
Қысы-жазы бойына ет алмай, қоңданбай
жəне тойынбай жүретін түйе (Қазақша
мал атаулары, 66).
ҚАҒЫН з а т. в е т. Аусыл ауруының
түйеде болатын түрі. Аусылдың түйе-
де «қ а ғ ы н» жəне «теңге» деген түрі бар
(Қаз. этнография., 1, 276).
ҚАҒЫНҒЫРЛА е т. «Қағынғыр» деп
қайта-қайта қарғыстау. Кейде бұлданып:
- Сендердің жалдап қойған малайларың
емеспін ғой, - десе, қатындар қ а ғ ы н ғ ы р
л а п болады (Б.Майлин, Таңд., 258).
ҚАҒЫНДЫ з а т. Есінен адастыратын,
шалықпаға ұшырататын ауру. Соңғы кез-
де ел арасында «Ақан сері қ а ғ ы н д ы ғ а
шалдығыпты» деген өсек дүр ете қалды
(С.Жүнісов, Ақан сері, 2, 318).
ҚАҒЫРЛАН е т. Құрғау, кебу, кебірлену.
Шілденің аяқталып қалған кезі. Күн
қ а ғ ы р л а н ы п күйіп тұр (Т.Мəмесейіт,
Таңжарық, 2, 350).
Достарыңызбен бөлісу: |