ҚАЙҒЫЛАНУ... Қалқам, ұзақ жолдың
қуанышы да, қайғысы да аз емес. Қ а й ғ ы
л а н у ы ң д ы қой, жұрт қатарлы өмір сүр
(І.Есенберлин, Маңғыстау, 107).
ҚАЙДА: Қайда қашар дейсің.
Ешқайда кетпейді, тосып тұра тұрады
д.м. – Жұмыс қ а й д а қ а ш а р д е й с і ң.
Кел, аздап көңіл көтерейік (А.Мекебаев,
Алапат, 256).
Қайда қалдың? Бұған дейін не істедің?
д.м. – Сөйлемеші. Өзің тигізсең қ а й д а
қ а л д ы ң? – деді ол (Қ.Омарұлы, Əке, 131).
317
Байынқол Қалиев
ҚАЙДА-ҚАЙДАЛА е т. «Қайда,
қайда?» деп бірнеше рет қайталау.
Рағынаның бұл сөзі алақанға түкіріп, «қ а
й д а-қ а й д а л а п» тұрған құрбыларына
қамшы баса түсті (Лен. жас, 28.03.1974, 2).
ҚАЙДА-ҚАЙДАЛАУ Қайда-қайдала
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЙЗАҢДАС е т. Тістерін батырмай
бірін-бірі тістелеу, шайнасу. Бөлтіріктер
бірін-бірі қатты тықсырып, қ а й з а ң
д а с ы п, қарсы секірісіп, алысып жүр
(Қ.Тоқмырзин, Керзаман, 3, 327).
ҚАЙЗАҢДАСУ Қайзаңдас етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЙҚЫ: Қайқы бас қылыш. Басы
қайқиып келген имек қылыш. Қылыш-
тың басының пішініне байланысты «қ а й
қ ы б а с қ ы л ы ш», «имек бас қылыш»,
«жатаған қылыш» деген түрлері бар (Ата
салты., 52).
ҚАЙЛАҚЫ с ы н. ж е р г. Қу, сұм: айла-
кер. - Ə, қ а й л а қ ы! Мекерсуді шығарған
екенсің. Кеше не болды, айт қане? (Жұлдыз,
1973, №3, 75).
ҚАЙМАҚ з а т. ж е р г. Су беті, айдын.
Қасарысып келгенде Қап түбіне сыймаған
Қара болат мен едім. Қ а й м а қ т а н ұшқан
қу ілген Анық сұңқар мен едім (Есет жырау:
Ертедегі əдеб. нұсқа., 126).
Қаймақ жалату. Су бетіне тас
лақтырып ойнайтын балалар ойыны. Тас
лақтырып, қ а й м а қ ж а л а т а д ы.
Өтірік малтып, қақ ойнайды (М.Мағауин,
Бір атаның., 16).
ҚАЙМАҚТА е т. с ө й л. Жеңіл ғана
сипай қамшылау. Аттардың жел жағында
бол. Тепкіленбе, қамшымен қ а й м а қ т а п
сипа да отыр (Ж.Кəрменов, Ғашық., 149).
ҚАЙМАЛДАС е т. ж е р г. Айтысу,
тартысу, сөз таластыру; ұрсысу.
ҚАЙМАЛДАСУ Қаймалдас етістігінің
қимыл атауы. Монтер ағасы бүгін тағы
ішіпті. Қайыстай қара қатынымен кəнігі қ а
й м а л д а с у ы басталып кетті (Р.Отарбаев,
Біздің ауыл., 89).
ҚАЙМАЛЫС е т. ж е р г. Қайнап
жату, сапырылысу; быжынау, қаптау.
Автобустың аялдамасына келсем, қ а й м
а л ы с қ а н көп халық (Ə.Асқаров, Таңд.,
10). Мынау қ а й м а л ы с қ а н тіршілік,
күнде өзгеріп жатқан қым-қуыт қызыққа
толы өмір менсіз-ақ қасымнан жылжып
өтіп жатқан жоқ па? (Бұл да, 123).
ҚАЙМЫҒАРЛЫҚ с ы н. Қаймығуға
болатын, қаймығатын. Айбар қылар
алдында ағасы бар, қ а й м ы ғ а р л ы қ ар-
тында інісі бар, сол себепті билікті айтатын
төбе билік ортаншы ұлға лайық, - дейді (Ел
аузынан, 44).
ҚАЙМЫЖЫҚТАНУ Қаймыжықтан
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЙНАҚ з а т. м е д. Дəрілік шөпті
ыстық суға салғаннан немесе қайнатқаннан
кейінгі алынған тұнба, қайнатынды (экс-
тракт). Ахат оның тамағын көкемарал
қ а й н а ғ ы м е н қайта-қайта шайғызған
(Ш.Мұртазаев, Жұлдыз көпір, 243). Экс-
тракт сөзінің қазақша баламасы қ а й н а қ
сөзі болуы керек (Ана тілі, 06.12.1990, 7).
ҚАЙНАТПА: Қайнатпа құрт... Құрт
екі түрлі əдіспен жасалады. Бірі – сүзбе
құрт, екіншісі – қ а й н а т п а қ ұ р т
(Қ.Толыбаев, Бабадан., 240).
ҚАЙРАНДЫҚ з а т. Қайран қалғандық,
таңғалғандық. Сол уақытта бір тамшы суда
неше мың жүгіріп, жыбырлап, қыбырлап
жүрген микробты көріп, ақыл қ а й р а н д ы
қ т а қалар (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 9, 304).
Қ А Й РА Ң : Қ а й р а ң д а қ а л ғ а н
балықтай. Есінен айырылған, есенгіреген.
Миллиондаған халқы бар Хиросиманың
көшесінде қ а й р а ң д а қ а л ғ а н б а л ы қ
т а й есеңгіреп тұрған сəтте, қарсы алдынан
қаңғалақтап келе жатқан мен жолығыппын
(Б.Омарұлы, 11-ші қаламұш, 98).
ҚАЙРАТКЕРСІН е т. Қайраткер
болғансу, үлкен беделге ие болған адамсу.
Жаңа əкім ұзынша үстел үстіндегі əлдебір
қағаздарға қарап, қ а й р а т к е р с і н е д і
(М.Байғұт, Бұла бұлақ, 14).
ҚАЙРАТКЕРСІНУ Қайраткерсін
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЙСАҚТАҢҚЫРА е т. Аздап қай-
сақтау, именіңкіреу, тайсақтаңқырау.
Зеркүлдің мұнан бүгежектеп, қ а й с а қ т
а ң қ ы р а п жүргенін байқағанымен аңғар-
мағанситын (Б.Шаханұлы, Таңд., 1, 226).
ҚАЙСАҚТАҢҚЫРАУ Қайсақтаңқыра
етістігінің қимыл атауы.
ҚАЙСАРСУ Қайсарсы етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЙСАРСЫ е т. Қайсар адам сияқтану,
қасарысу. Тілімен алдар кейбір бай, сағыз
болар сараң бай. Жылтырайды қ а й с а р
с ы п, Егеу алмас болаттай (А.Үлімжіұлы,
Шығ., 2, 293).
318
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ҚАЙТ: Қайт жоқ. Бəріне де келісе
береді, «болмайды» дегенді білмейді. –
Меңдеш те жүрсін, - дедім папама. – Е, бо-
лады. Ол кісіде қ а й т ж о қ (Б.Аманшин,
Гүл көтерген, 35).
Қайт етпейді. Айтқанды екі етпей
орындайды д.м. Қай сөзімді де қ а й т е т
п е у ш і ең. Ендеше осы сөзімді де орында
(Б.Аманшин, Гүл көтерген, 49). Əншейінде
айтқанымды қ а й т е т п е й т і н Үмітім
енді мына əңгімеде: «Жоқ, жоқ, Меңдеш!»
деп, қасарысып отырып алғаны (Бұл да).
Қайткен күнде де. Қалай еткенде де,
қалай да. ≈ Қ а й т к е н к ү н д е д е мен
Астанаға баруым керек.
Қайтып келген. Күйеуден шыққан,
ажырасқан (əйел). – Пері соққан-ау, сенің
қ а й т ы п к е л г е н балдызыңды қайтеді
(Ж.Түменбаев, Қардағы із., 91).
ҚАЙТАЛАНЫМ з а т. Қайталанған,
қайталанып берілген нəрсе (хабар).
«Мезгіл» бағдарламасының таңертеңгілік
қ а й т а л а н ы м ы болып жатыр екен
(Д.Бейсенбекұлы, Əулиеағаш., 52).
ҚАЙТАР: Қайтарып тастады. Қарсы
сөз айтты, бетін қайтарды. – Жоқ, нан
шикі емес, тек қарын тойса, қарта... – деп,
есік жақта отырған құбаша жігіт қ а й т а р
ы п т а с т а д ы (С.Қамалов, Əңгім., 52).
ҚАЙТАРҒЫЗ Қайтар етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Бұл уəде бұзылды
да, қалмақтар кеп, Қазақтан кісі өлтірді, мал
алды көп. Алдыңа мал егесін мен жібердім,
Барсаңдар қ а й т а р ғ ы з ы п береді деп
(Батырлар жыры, 6, 114).
ҚАЙТАРҒЫЗУ Қайтарғыз етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЙТТА е т. ж е р г. Қамын жеу,
күйттеу. Екі адамды бірдей қорғауға
күшім жетер емес. Өз басымды қ а й т
т а й м ы н (А.Мекебаев, Жезтырнақ, 164).
– Жарайды онда, өз қамыңды өзің қ а й т
т а й бер (Бұл да, 165).
ҚАЙТЫМСЫЗ... Адам мен табиғат
арасындағы тепе-теңдік өмір сүретін
мекеннің көптеген қ а й т ы м с ы з
өзгерістеріне ұшырағаннан кейін ғана ба-
рып орнайды (Б.Шəйкенов, Табиғат., 12).
ҚАЙШЫ: Қайшы құрақ. Тұрпаты
бір-біріне қайшы келетін құрақ түрі.
Құрақтың қ а й ш ы қ ұ р а қ, жұлдыз
құрақ деген түрлері болады (Ə.Ысқаққызы:
Радиодан).
ҚАЙШЫАУЫЗ з а т. з о о л. Шырша
тұқымдарымен қоректенетін, аузы қайшы
пішіндес орман құстарының бір түрі
(клест). Дəнмен қоректенетін құстарға
ементұмсық, соражөке, қ а й ш ы а у ы з,
пайыз торғай т.б. жатады (Шаңырақ, 435).
Ал алашұбар тоқылдақ, барқылдақ торғай
мен қ а й ш ы а у ы з болса орманды
мекендейтіндерге жатады (Қарқаралы,
172). Шыршаның тұқымдары да орманда
азықтың тапшы кезінде, əсіресе қыста
тиіндер мен қ а й ш ы а у ы з д а р үшін
таптырмас азық болады (Қ.Құрманов, Жа-
сыл əлем, 43).
ҚАЙЫҒАН: Қайыған жүген. Қайып
тігу арқылы жасалған жүген. Жүгеннің
өрме жүген, түйме жүген, қ а й ы ғ а н
ж ү г е н, күміс жүген деген түрлері бола-
ды (Қазақст. ауыл шаруаш., 1970, №10, 62).
ҚАЙЫЛ Қайы етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. Қ а й ы л ғ а н қос өркештінің
інгені он төрт айда боталайтын болса,
нардың маясы он үш айда боталайды
(Қазақша мал атаулары, 47).
ҚАЙЫМ з а т. д і н и. Ислам дініндегі
бір міндетті уақытша атқарушы адам.
Ислам дінінің ең жоғарғы лауазымы – имам.
Имамның бұйрық пен жарлықтарын іске
асырып отыру үшін орынбасарлар (хали-
фа), сенімді адамдар (вакил), уақытша іс
атқарушылар (қ а й ы м) тағайындалған
(Қаз. əдеб., 08.01.1982, 12).
ҚАЙЫМ: Қайым өлең. Сұрақ пен
жауаптан құралатын, тойларда қыз бен
жігіттің бір-бірімен айтысатын төрт
шумақты өлеңі. Алдыңғы екі тармағы
төртінші тармақпен ұйқасады (Қаз. əдеб.,
15.11.1985, 4).
ҚАЙЫМДАС е т. Қайым өлең айты-
су, біріне бірі өлеңмен жауап қайтару.
Жекелеп те, топ болып та қ а й ы м д а с
ы п айтысу – төкпе ақындықты ұштаудың
мектебі (Қаз. əдеб., 06.09.1985, 14).
ҚАЙЫМДЫҚ с ы н. Қайым өлеңіне
тəн, қайымдасқан (айтыс). Мысалы,
алғашқы топтасқан хор өлеңдерде, ортадағы
қ а й ы м д ы қ айтыста «жеңу-жеңілу» деген
ұғым болмаған (Қаз. əдеб., 03.09.1976, 3).
ҚАЙЫНƏПКЕ з а т. с ө й л. Қайынбике.
Əуелі бұл кісінің қайынатасымен соғыстық,
онан соң қ а й ы н ə п к е с і м е н шайқастық.
Келе-келе қайынінісімен де шекістік
(Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 263).
319
Байынқол Қалиев
ҚАЙЫНЖАНДЫ с ы н. с ө й л.
Қайын жұртын жақсы көретін, қайын
жұртының сөзін сөйлейтін (күйеу). ≈ Оған
айтыңдар, қ а й ы н ж а н д ы болмасын!
Қ А Й Ы Н Ш Ы Л АТ Қ а й ы н ш ы л а
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Жалғыз
ұлды қ а й ы н ш ы л а т ы п жіберейін десе,
оның артын көз алдына елестете алмайды
(Ғ.Білəл, Ғасырлық., 191).
ҚАЙЫНШЫЛАТУ Қайыншылат
етістігінің қимыл атауы. Əлең уаң тұңғыш
ұлын қ а й ы н ш ы л а т у үшін дүбірлі
бір той жасайтын болыпты (М.Разданұлы,
Алтай., 253).
ҚАЙЫҢ... 2. Қайың ағашының
сүрегінен, қайың ағашынан жасалған. Қ а
й ы ң сойыл, қара шоқпарлар екі-үш-ақ рет
айқыш-ұйқыш тиісті (М.Əуезов, Абай, 1,
372). Ол араның қазақ арбаға берік ағашы –
қ а й ы ң (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз, 312).
Қайың майы. Ағаш майы көбіне
қайыңнан алынатындықтан, оны қайың ма-
йы деп те атаған (Қаз. этнография., 1, 50).
ҚАЙЫҢДЫ... Қазіргі кезде сол-
түстіктегі қ а й ы ң д ы, көктеректі, қара-
ғайлы ормандар диқандардың одақтасы
болуда (Қ.Құрманов, Жасыл əлем, 30).
ҚАЙЫҢША ү с т. Қайың секілді, қайың
тəрізді. Құлайды арман дауыл жыққан қ а й
ы ң ш а, Ел күлмей ме ессіз үрей ықпалына
бой ұрса?! Өзін-өзі өлтіруге тиісті еді
Транзей Сол кездегі əміршінің қатал заңы
бойынша (М.Шаханов, Мəңгүрт., 117).
ҚАЙЫРҚҰН с ы н. ж е р г. Қайырлы.
Қысқа аяқты қойыңды бауызда да, қарға
тығып тастай бер, союға мал табылмай,
ашаршылық болғанда, көп жұртқа жеу-
ге үлестірсең, қ а й ы р қ ұ н бай атанып,
жұрт аузында қаласың (Мəшһүр Жүсіп,
Шығ., 9, 236).
ҚАЙЫРЛАТУ Қайырлат етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЙЫРМАЛЫ... – Қ а й ы р м а л ы
соқамен жыртқандарыңыз қанша жер еді?
– деп сұрады (Соц. Қаз., 01.05.1974, 3).
ҚАЙЫРТУ Қайырт етістігінің қимыл
атауы (Ə.Сараев, Тосқауыл, 104).
ҚАЙЫРУ: Қайыру бермеді. Қайыруға
көнбеді, ырық бермеді. Апам қ а й ы р у
б е р м е й жүрген бір сиырды топқа əкеп
қосты (Қ.Омарұлы, Əке, 14).
ҚАЙЫРУСЫЗДЫҚ з а т. а у ы с.
«Қой (тəк) дейтін, олай емес, былай»
дейтін адамның жоқтығы. Балалыққа
жараспаған, жанаспаған əдет бар ма? Қ а й
ы р у с ы з д ы қ қай-қайдағыға қол создыр-
мады? Кім болғымыз келмеді?! (Соц. Қаз.,
26.11.1975, 4).
ҚАЙЫРЫЛ Қайыр (құсты) етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. – Құсың қ а й ы
р ы л ғ а н б а? – Иə, қайырғанмын. Бала
бүркіт қой (Ə.Жылқышиев, Мешін жылы,
193).
ҚАЙЫРЫСУ Қайырыс етістігінің
қимыл атауы.
ҚАЙЫС: Қайыс айыл. Жалпақ
қайыстан жасалған айыл; тартпа.
Қ а й ы с а й ы л көбінесе қайыс таспадан
жалпақтап тілініп, қабатталып жасалады
(Қаз. этнография., 1, 99).
Қайыс бұттанды. Бұты қайысша со-
зылды. Бекіністің əумесер əскері болса:
жете алмаса да, арық мəстектерін борбай-
латып, қ а й ы с б ұ т т а н ы п қалар еді
(Ж.Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 29).
Қайыс жүген. Жалпақ қайыстан
жасалған жүген. Олардың арасында
пілтелі мылтық, күміспен əшекейленген
қ а й ы с ж ү г е н секілді бұйымдар ерек-
ше көзге түсетін (Ж.Бейсенбаев, Жасын-
тағдыр., 46). Жүгеннің қ а й ы с ж ү г е н,
түйме жүген, былғары жүген, өрме жүген
деген бірнеше түрлері бар (Шаңырақ, 34).
ҚАЙЫСҚАҚ с ы н. Белі қайысып
кететін, көтере алмайтын.
ҚАЙЫСҚАҚТЫҚ з а т. Белі қайысып
кеткендік, көтере алмаушылық. Белімізге
салмақ түскенде, əйтпесе сыбаға бөлісер
кезде майысқақтығымыз бен қ а й ы с қ а қ
т ы ғ ы м ы з д ы ң көріне қалар жерлері аз
емес (Ə.Тəжібаев, Хаттар., 115).
ҚАЙЫТ Қайы етістігінен жасалған
өзгелік етіс. Қазақы інгенді қалмақ
үлегіне қ а й ы т ы п, өзгеше бір түйе
тұқымын өсірмек (С.Досанов, Қыран
қалғымайды, 100). Ал келелеп қ а й ы т а
т ы н шаруашылықтар əр бураның күйіне,
қайратына қарай інгендерді келеге бөлуі
тиіс (Қазақст. ауыл шаруаш., 1968, №4, 42).
ҚАЙЫТЫЛ Қайыт етістігінен жа-
салған ырықсыз етіс (И.Жұмағұлов, Түйе
өсіру, 43).
ҚАЙЫТЫЛУ Қайытыл етістігінің
қимыл атауы.
ҚАҚ з а т. Суда ойнайтын балалар
ойыны. Тас лақтырып, қаймақ жалатады.
320
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Өтірік малтып, қ а қ ойнайды (М.Мағауин,
Бір атаның., (6).
ҚАҚ: Қаққанда қанын, соққанда
сөлін алды. Ұрып-соқты, бас көтертпеді.
Бастарынан таяқ ажыратпай, қ а қ қ а н д а
қ а н ы н, с о қ қ а н д а с ө л і н а л ы п
отыру керек (Ө.Қырғызбаев, Қырда., 85).
ҚАҚАТҰЯҚТАУ с ы н. Қулау, сұмдау,
сұмырайлау. Туғаннан қ а қ а т ұ я қ т а
у тесік моншақ орта мектепті бітірген соң,
теміржол бекетіне диспетчерлікке тұрып
алды (Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 389).
ҚАҚОЛ з а т. с ө й л. Орыстарды
қазақ кейде осылай да атайды. Жерді
қ а қ о л алғанын, жылдан-жылға өрісті
т арылтып бара жатқанын сөйледі
(Ж.Аймауытов, Қартқожа, 54). Əсіресе,
орысша, қазақша өте жетік Гена деген қ а қ
о л бала сахнаға атақты бай немесе əскери
адам болып, жұртты күлкіге кенелдіретін
(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 58).
ҚАҚПА е т. с ө й л. Мүлде білмеу, сез-
беу. Сегіз жылдық білімі бар жігіт «көркем
шығарма оқисыз ба?» деген сауалымызға
«қ а қ п а й м ы з ғой» деп заманауи жауап
берді (Қ.Əбілқайыр, Текес., 186).
ҚАҚПАҚЫЛ: Қақпа шекпен. Өрмек
құрып, адарғымен қағып тоқылған мате-
риалдан тігілген шекпен. Үстінде баяғы
енем тоқып берген қ а қ п а ш е к п е н бар
екен деймін (Ə.Кекілбаев, Бір шөкім., 17).
Үстерінде қ а қ п а ш е к п е н, кейбіреулері
қап шекпен киіпті, бастарында елтірі бөрік
(Жұлдыз, 1972, №12, 123).
ҚАҚПАЙЛАН Қақпайла етістігінен
жасалған ырықсыз етіс.
ҚАҚПАЙЛАНУ Қақпайлан етістігінің
қимыл атауы. Сүтке тиген күшіктей қағажу
жеп, қ а қ п а й л а н у ы көбейді (Қ.Қазиев,
Үркер, 7).
ҚАҚПАЙСЫЗ с ы н. Қақпайлаусыз,
тежеусіз; еркін. Көңілге медет – басы бай-
лы меншігі жоқ кең өмір, қ а қ п а й с ы з
тірлік пен қамшысыз сүйрейтін азды-көпті
жүгің (Қ.Ысқақ, Таңд., 237).
ҚАҚПАҚ: Қақпақ білезік. Білезіктің
ашылып-жабылатын түрі. Екі-үш
бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы
түрін «қ а қ п а қ б і л е з і к» дейді (Қаз.
əйелд., 1983, №9, 26).
Қ а қ п а қ ж а ғ а . К и і м н і ң а р т қ а
қарай қайырылатын жаға түрі. Еркек
жейделерінің қ а қ п а қ ж а ғ а, тік жаға
деген сəндік үлгілері бар (Қ.Толыбаев,
Бабадан., 226).
Қақпақ тұяқ. Тұяғы дөп-дөңгелек,
қақпақтай. Десе дегендей: бауыры жазық,
кең сербек, қақпан бел, салқы төс, жұмыр
бақай, қ а қ п а қ т ұ я қ, ешкі бас, сал-
пы ерін, кең танау, бал-бұлдаған үлкен
ала көзді, сымпыш құйрық болатын
(Саятшылық, 173).
Қ А Қ П А Қ Ы Л Д АС Қ а қ п а қ ы л д а
етістігінен жасалған ортақ етіс.
Қартайғандықтан ба, иə көп алдында
қ а қ п а қ ы л д а с қ ы м келмеді ме...
(Д.Жанботаев, Дала оттары, 24).
ҚАҚПАҚЫЛДАСУ Қақпақылдас
етістігінің қимыл атауы.
ҚАҚПАН: Қақпан қандау. э т н.
Қақпан құрар алдында жасалатын ырым.
ҚАҚПАНШЫЛЫҚ з а т. Қақпан
құрып, аң аулаушылық (А.Сейдімбеков,
Тауға біткен., 19).
ҚАҚПАТАС з а т. Бестас ойыны кей
жерде осылай да аталынады. Алғаш
«қ а қ п а т а с» аталынған ойын кейіннен
«бестас» болып өзгеріп, бірақ мазмұндары
сақталып қалды (Б.Төтетаев, Қаз. ұлт.
ойын., 7). Оған қ а қ п а т а с, асық ойы-
нынан гөрі тоғызқұмалақ анағұрлым қызық
көрінетін (Жыл он екі ай, 1978, 74).
ҚАҚПАУ Қақпа етістігінің қимыл
атауы.
ҚАҚПАШЫСЫЗ с ы н. Қақпашысы
жоқ. Қ а қ п а ш ы с ы з тұр қақпа, Дəлдеп
ұрды Сұғат та, Сөйтіп, Ура! – гол болды,
«Қайрат» бір де ноль болды (Ж.Əбдірашев,
Ақ қайраң, 45).
ҚАҚПАШЫША ү с т. Қақпашы
тəрізді, қақпашы сияқты. Ол допты құша
құлаған қ а қ п а ш ы ш а төсекке сылқ етіп
жантая кетті (Э.Төреханов, Таудан түскен
із, 73).
ҚАҚСАЛ з а т. Қазақ үйдің сүйегін
жасауға қажетті ағаштардың морға
түскенге дейінгі əзірлік деңгейінің сапасы.
Үй ағаштарын морға түскенше əзірлеудің
«көксала», «сартап», «қ а қ с а л» деп
аталатын дəрілері болады (Қазақст. ауыл
шаруаш., 1969, №7, 60).
ҚАҚСАЛДАН е т. Əбден кебу, қатып-
сему. Морға пісіп, тезге түспеген, ырғақта
жатып қ а қ с а л д а н ы п қатпаған уық,
кереге тез жазылып, не бұралып кетеді
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1969, №7, 60).
321
Байынқол Қалиев
Достарыңызбен бөлісу: |