Жауапты редакторлар


ҚАҚСАЛДАНУ Қақсалдан етістігінің  қимыл атауы.  ҚАҚТА



Pdf көрінісі
бет77/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   168

ҚАҚСАЛДАНУ Қақсалдан етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАҚТА е т. з е р г. Күмісті не алтынды 

төске салып, қағаздай етіп жұқарту. Қас 

бетін  ою-өрнек  салынған  жұқа  темірмен 

жабады. Ол темірлерге қ а қ т а ғ а н күміс 

шабылады  (Ж.Бабалықұлы,  Ер  қанаты, 

260).  Қақталатын  металды  дүркін-дүркін 

отқа қыздырып, жасытып, қағаздан да жұқа 

етіп үлбірете қ а қ т а й д ы. Осы тəсілмен 

алынған жұқа металды – қаптама деп атай-

ды (Д.Шоқпарұлы: Ана тілі, 14.01.1993, 8). 

ҚАҚТАЛ Қақта етістігінен жасалған 

ырықсыз етіс. ≈ Қ а қ т а л ғ а н күміс, 

қақталған метал. 



ҚАҚТАЛУ Қақтал етістігінің қимыл 

атауы. 

ҚАҚТАМА з а т. з е р г. Төске салып 

ұру арқылы жұқартылған алтын не күміс. 

Осы тəсілмен алынған жұқа металды – қ а қ



т  а  м  а  деп  атайды  (Д.Шоқпарұлы:  Ана 

тілі, 14.01.1993, 8). 



ҚАҚТАУ  Қақта  етістігінің  қимыл 

атауы. Қ а қ т а у – сом алтынды төске 

салып  жұқарту  (Д.Шоқпарұлы:  Ана  тілі, 

14.01.1993, 8). 

ҚАҚШИЫҢҚЫРАП ү с т. Басын сəл 

ғана қақитып, тіктеңкіреп (отыру). Шо-

най қарт ер үстіне қ а қ ш и ы ң қ ы р а п

тіктеліп  отырды  (М.Мəжитов,  Аманғали, 

47). 


ҚАҚШУ з а т. Бестастың он бірінші 

кезекте ойналатын түрі. Он бірінші ойын 

қ а қ ш у. Ойыншы бес тасты иіріп, қақпа 

тасты алғаннан кейін қалған төрт тасты бір-

бірлеп  қақшып  қағып  алады  (Б.Төтенаев, 

Қаз. ұлт. ойын., 49). 

ҚАҚШЫТУ  Қақшыт  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАҚЫРА с ы н. Қақырайған, қоқиған, 

биік.  Енді,  міне,  кəрі  ана,  бұған  сол 

қиналғанын  да  сездірмей,  басындағы



қ  а  қ  ы  р  а  жаулықты  қақшаңдата  береді 

(Ə.Нұрпейісов,  Соңғы., 97). Басындағы



қ а қ ы р а жаулықты қайқайтып көтеріп 

алған (Бұл да, 98). 



ҚАҚЫРАЙТУ  Қақырайт  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАҚЫРАЮ  Қақырай  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАҚЫРЫҚ: Қақырығым қайма ал-

тын,  түкірігім  түйме  алтын.  Қағанағы 

қарқ,  сағанағы  сарқ;  болып-толған  д.м

Есе теңдік елдікі болды. «Қ а қ ы р ы ғ ы м  



қ а й м а  а л т ы н,  т ү к і р і г і м  т ү й м е 

а л т ы н» деді (К.Мақажанұлы, Ортеке, 26). 

ҚАЛА:  Қаласын  бұзбады.  Қатар 

тұрған,  дөңгелене  отырған  қалпын 

өзгертпеді д.м. Бірақ еркектер жағы қ а л 

а с ы н  б ұ з ғ а н  ж о қ (Ғ.Мүсіреов, Шығ. 

жин., 142). Тісінің қ а л а с ы  б ұ з ы л м а 



ғ а н адам (Ана тілі, 05.12.2002, 7). 

Қ А Л А А РА Л Ы Қ . . .   Т ү н н і ң   б і р 

уақытында телефон безектеді. Үй мен үй 

арасындағы қалыпты шылдыр емес, қ а л а 

а р а л ы қ сөйлесуге шақырғанда берілетін 

ұзақ сигнал (С.Лəмбеков, Əке жолы, 168). 

Айқайын салып қ а л а а р а л ы қ автобус 

та келді (Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде ме., 163). 



ҚАЛАЙЫЛА... Ол ол ма, зəмзəм суы 

деп құдық суын құтыға құйып, аузын қ а 



л  а  й  ы  л  а  п  қымбатқа  сатады  (Жұлдыз, 

1972, №12, 119). 



ҚАЛАКҮШІК с ы н. с ө й л. Қаладан 

ұзап шықпайтын, үнемі қалада тұратын 

(адам).

ҚАЛАКҮШІКТІК  з  а  т.  Қаладан 

шықпайтындық; қалажадылық. Өмір бойы 

қалада өскен өз психикаңа, қ а л а к ү ш і к т і к

мінез,  түсінігіңе  біреудің  кейіпкерін  сүй-

релейсің (З.Ахметова, Шуақты күн, 144). 



ҚАЛАҚ: Қалақ бет. Жалпиып қалған, 

жалпиған  бет.  Қ  а  л  а  қ    б  е  т  əуелі 

трубканы  көтергісі  келмей  тыржыңдаса 

да,  тыңдаған  бойда  орнынан  атып  тұрды 

(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 371). Сыртына сірə 

да қан тепейтін қара сұр қ а л а қ  б е т

сыздап ала қойған (Бұл да, 403). 



Қалақ  сан.  Қалақтай  жалпақ  сан. 

Бота тірсек, қ а л а қ  с а н сəйгүлік тұлпар 

қос  құлағын  жымырып  алып,  құландай 

ұйтқытып келе жатыр (І.Есенберлин, Шығ. 

жин., 9, 178). 

ҚАЛАҚШЫ  з  а  т.  Қалақпен  үй  сы-

лаушы.  Ел  ішінде  атадан  бала  мирас 

еткен,  бірлі-жарым  үйші  шеберлер,  риаз 

ұсталар, даңғыл қ а л а қ ш ы л а р болады 

(А.Сейдімбеков, Қыр хикая., 144). 



ҚАЛАМА з а т. Городки ойыны. ≈ Бала 

кезімізде қ а л а м а ойынын көп ойнаушы 

едік. 

ҚАЛАМАЛДЫ  с  ы  н.  Ең  бірінші, 

алғашқы жазған. Бұл повесть жазушының 

қ а л а м а л д ы туындыларының бірі бола 

тұрса  да,  көркемдік  бейнелеу  қуаты  өте 

күшті (Қаз. əдеб., 26.04.1974, 3). 


322

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚАЛАМБАС з а т. и х т и о л. с ө й л. 

Шортан. Қызыл балық деп атаған топқа 

қазақтар  бекіре  (осетр),  шортан  немесе 



қ  а  л  а  м  б  а  с  (щука),  шоқыр  (севрюга), 

қортпаны (белуга) жатқызады (Қаз. этно-

графия., 1, 403). 

ҚАЛАМДАСТЫҚ з а т. Шығармашылық 

жұмысты  бірге  атқарушы,  істес.  Көп 

жылғы қ а л а м д а с т ы ғ ы м ы з д ы былай 

қойғанда  ол  екеуміз  ұзақ  уақыт  жазушы-

лар  одағының  аппаратында  да  жұмыстас 

болдық (Қаз. əдеб., 15.09.1978, 3). 

ҚАЛАМДАУ  Қаламда  етістігінің 

қимыл  атауы.  Қыдырхан  үйші  уықтың 

түзу ұштарын жаңғырық ағашқа тік тіреп 

қойып, шаппа шотпен қ а л а м д а у ғ а 

кірісті (Қаз. əдеб., 13.08.1982, 15). 



ҚАЛАМДЫҚ  з  а  т.  э  т  н.  Шаңырақ 

тоғынына  уық  сұғынатын  төрт  қырлы 

көз.  Тоғынға  уық  сұғатын  төрт  қырлы 

көз – қ а л а м д ы қ т а р теседі (Шаңырақ, 

47).  Киіз  үй  шаңырақ  қ  а  л  а  м  д  ы  ғ  ы 



н  ы  ң  (уық  сұғынатын  тесігі)  көп  ретте 

360  болуы  халқымыздың  астрономиялық 

ұғым-түсінігі  жинақталғанын  аңғартады 

(Соц.  Қаз., 19.02.1977, 4). Қазақтың  үй 

басу  дəстүрінде  кереге  басы  қанша  бол-

са,  уық  саны  сонша  болып,  бұған  сəйкес 

шаңырақтың да соншама көзі (қ а л а м д ы

ғ ы) болған ғой (Лен. жас, 23.11.1972, 3). 

ҚАЛАМША Киіз үй уығының шаңырақ 

қаламдығына сұғынар ұшы (ҚСЭ, 6, 422). 

ҚАЛАМШЕЛЕ  е  т.  Жас  шыбықтың 

ұшын  сүйірлеп,  жерге  отырғызу.  Арық 

бойларына, колхоздың болашақ көшелеріне 



қ  а  л  а  м  ш  е  л  е  п  тігілетін  тал,  те-

ректер,  қайыңдар  жайында  ойлап  кетті 

(Р.Райымқұлов, Жапанда., 213). Қарақаттың 

бағалы  сұраптарын  тезірек  жетілдіріп  ең 

бір пəрменді тəсілі – жасыл тал шыбықты

қ а л е м ш е л е п егу (Қазақст. ауыл шару-

аш., 1971, №4, 26). 



Қ А Л А М Ш Е Л Е У   Қ а л а м ш е л е 

етістігінің қимыл атауы. 

ҚАЛАН з а т. к ө н е. Жалпыға ортақ 

салық  түрі.  Қ  а  л  а  н  деген  (құшыр  деп 

аталатын  жан  басына  салынатын  алым-

салықтан өзгеше) жеріне қарай салынатын 

алым-салық  болды  (ҚазССР  тарихы, 2, 

238). Темір-Құтлықта бұрынғы хандардай 

бүкіл бұқара халыққа аямай шөлен, қ а л а н

тағы сондай толып жатқан алым-салықтар 

салған (І.Есенберлин, Шығ. жин., 9, 477). 

Өнімге орай, біреуге көп, біреуге аз салы-

натын, бірақ жалпыға ортақ ауыр салғырт 



қ а л а н тағы жоқ (М.Мағауин, Алсапыран, 

2, 163). 



ҚАЛАТКОМ з а т. қ ы с қ. «Қалалық 

атқару  комитеті»  деген  сөз.  «Ана 

тілі»  газетіне  баспананы  Алматы  қ  а  л 



а  т  к  о  м  ы  берген  жоқ,  республикалық 

Агроөнеркəсіптік  кешеннің  жетекшісі 

С.Тұрсынбаев берді (Ана тілі, 26.11.1992, 

4).  Сол  кезде  дұрыс  тəржімеленіп,  тілде 

қолданылған  төраға  (предс-ль),  хатшы 

(секр-рь), аупартком (райпартком), қ а л а 



т к о м (қалалық атқару комитеті) сияқты 

сөздерге  жан  бітіре  бастады  (Ана  тілі, 

26.07.1990, 6). 

ҚАЛАШ__1'>ҚАЛАШЫЛЫҚ  з  а  т.  Қалаға  бар-

ғыштық,  қаланы  ұнатқандық.  Ол  кісіні 

де  құрдастары  қ  а  л  а  ш  ы  л  ы  ғ  ы  үшін 

мазақтайтын (Ə.Тəжібаев, Хаттар., 9). 

ҚАЛАУША  з  а  т.  Сырты  қаланған; 

қоршау.  Кішірек  қ  а  л  а  у  ш  а  ғ  а  қайта 

кіріп, оның көзінше өтінішін жыртып-жыр-

тып  тастағысы  да  келген  (Ө.Қырғызбаев, 

Қырда., 196). 



ҚАЛАШ

1

 з а т. Балықтың арқа қанаты. 

Басы  озған  батыр  Сарманның  үш  жүз 

түгіл,  алаштан!  Теңіз  суын  теңселткен, 

Наһанды бір-ақ шайнады, Ұстап алып қ а 



л а ш т а н (Жеті ғасыр., 2, 431). Тіршілік 

тірегі  судан  айырылған  құстар  сатырлап 

ұшып, балықтар қ а л а ш т а р ы қақырап, 

желбезектері желбіреп сыңсып жылайтын 

сияқты (А.Мекебаев, Аңызақ, 94). 

ҚАЛАШ

2

 з а т. к ө н е. Қараның əйелі. 

Бұл  сөз  қатын-қалаш  қос  сөзінің  екінші 

сыңары ретінде сақталған. 

ҚАЛБАҒАЙ...  Толқынды  егістік  да-

риясына  көз  сүзіп  комбайн  қ  а  л  б  а  ғ  а 



й  ы  н  шыр  айналдырғалы  ықлым  уақыт 

болды  (Лен.  жас, 09.08.1973, 1). Ертеңгі 

күні күн шуағымен сары мұрттанып пісіп 

тұратын  бадана  дəн  бастарына  комбайн 



қ а л б а ғ а й ы н қиялай саламыз-ау деген 

оймен  желпініп  жүрміз  қазір  (Лен.  жас, 

04.06.1974, 1). 

Қ А Л Б А Л А Қ ТАС   Қ а л б а л а қ т а 

етістігінен  жасалған  ортақ  етіс.  Аудан 

арыздардың  астында  қалыпты,  Қойшысы 

қасқыр болып шығыпты. Қ а л б а л а қ т а 

с ы п т ы. Шара қолданыпты (І.Жансүгіров, 

Шығ., 209). Екеуі бірдей қ а л б а л а қ т а 



с ы п қалды (Б.Мұстафин, Жайнаған. 61). 

323

Байынқол Қалиев

ҚАЛБАЛАҚТАСУ  Қалбалақтас 

етістігінің қимыл атауы.

ҚАЛБЫР з а т. Бидай, арпа тазалауға 

арналған,  тесіктері  ірірек,  елек  сияқты 

құрал; кепшік. ≈ Көршінің қ а л б ы р ы н 

сұрап əкелші. 



ҚАЛБЫРЛЫ  с  ы  н.  Қалбыры  бар, 

қалбыры  көп.  Қ  а  л  б  ы  р  л  ы,  шынылы 

консервілер,  құйма,  бұрама  тоқаш – бір 

сөзбен  айтқанда  тамақпен  нығыздалған 

торқалталарын  сүйреткен  əйел,  еркек 

сапырылысып  жатыр  (М.Мағауин,  Таңд. 

шығ., 1, 93). 



ҚАЛҒА...  Қырымда  хандық  ішінде 

билік құрған шырын бегінің тіпті өз  қ а л ғ а 



с ы бар (М.Мағауин, Аласапыран, 2, 172). – 

Батыр інілерімнің, білікті бауырларымның 

бірін  қалаңдар,  қалаңдар  да  қ  а  л  ғ  а 

сайлаңдар (М.Мағауин, Аласапыран, 13). 



ҚАЛҒАЙ з а т. Асыранды баланы қазақ 

«қ  а  л  ғ  а  й»  немесе  «тонды  бала»  дейді 

(Ана тілі, 09.05.2001, 7). 



ҚАЛДАЙЛЫ  с  ы  н.  Қалдайы  бар, 

қалдай орнатылған. Кəрі күрең қ а л д а 

й  л  ы  ырдуанға  жайғасып  алған  бір  үйлі 

жанды ауырсынғандай керенау желіп, ауыр 

аяңдайды (Ж.Мусин, Туған үй., 14). 

ҚАЛДАЙША з а т. ж е р г. Арба-шана 

қорабының  (шанағының)  алдыңғы  беті. 

Ел арасындағы шеберлер жасаған алдың-

ғы қ а л д а й ш а с ы жоқ темір доңғалақ-

ты кең арбаның үстінде денесі ірк-ірк ет-

кен мес кемпір отыр (С.Жүнісов, Ақан сері, 

2, 224). 



ҚАЛДАН: Қалдан бөрік. Бөріктің бір 

үлгісі. Қ а л д а н  б ө р і к  басында, Жол-

дасы  бар  қасында,  Қайғы  түсіп  жасында, 

Жар іздеуші болмасын? (Ғашық-наме, 33). 

ҚАЛДАУ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Қалдайша. 

Қайтадан  көтеріле  бергенде  Бəшен  бір 

аяғын шананың қ а л д а у ы н а тіреп тұ-

рып,  офицерді  шекеден  теуіп  жіберді 

(З.Ақышев, Ақбел асуы, 196). 

ҚАЛДЫРАУЫҚ с ы н. с ө й л. Қаудырап 

қалған,  қаудырлақ.  Қарынның  ашқанын 

да,  үстімдегі  қ  а  л  д  ы  р  а  у  ы  қ  тонның 

малмандай су болғанын да сезген емеспін 

(З.Ақышев, Ақбел асуы, 4). 



ҚАЛДЫРМА: Қалдырма қақи. э т н. 

Ұлттық  ойындардың  бір  түрі.  Ойын  со-

зыла  береді.  Хан  қалай,  белбеусоқ,  тақия 

жүгіртпек, сақина тықпақ, мыршым, ондай 

қылма-мұндай қыл, лəпи молда, қ а л д ы 



р м а  қ а қ и, балтамтап... (Ж.Аймауытов, 

Шығ., 384). 



ҚАЛЕТ

1

 з а т. к ө н е. Жаңылыс, жаңсақ. 



ҚАЛЕТ

2

  з  а  т.  Жағдай;  мүмкіндік. 

Əрине,  көңіл  қалаған  адамына  жүздесіп 

қайтуға  бұл  қ  а  л  е  т  табар-ау.  Алайда 

жұмыс  жоқ,  дəйім  жоқ,  не  сылтаумен 

қылқиып  бара  бермек  (К.Ахметбеков, 

Ақдала, 2, 386). 

ҚАЛЖАЛАС  с  ы  н.  Қалжаны  бірге 

жеген. Қазақ-қырғыз ежелден-ақ қатыны қ 

а л ж а л а с, батыры олжалас бауырың емес 

пе еді?! (Қ.Жұмаділов, Дарабоз, 2, 201). 



ҚАЛЖУЫР з а т. к ө н е. Садақ оғының 

бір түрі. Сайгез, бұлың, сұржебе, жезайыр, 

қ а л ж у ы р  т.б. – бəрі де садаққа салынар 

жебе түрлері (Соц. Қаз., 29.03.1991, 4). 



ҚАЛЖУЫРДАЙ  с  ы  н.  Қалжуыр 

сияқты,  қалжуыр  тəрізді.  Бəрін  айт  та 

бірін айт Қабағын қара сусар бөрік басқан, 

Жаурынына күшіген жүнді оқ шанышқан,

қ а л ж у ы р д а й шаншылған... Бұ жиын-

ның  ішінде  Қара  найман  Жақан  бар 

(Ертедегі əдебиет нұсқалары, 118). 

ҚАЛЖУЫРЛЫ  с  ы  н.  Қалжуыр 

байланған,  қалжуыры  бар.  Қақпанды 

қ ұ р ғ а н д а   а ң   м е н   қ ұ с т ы ң   т а б и ғ и 

ерекшеліктеріне  қарай  тұзақты,  қазықты, 

тоқпақты,  қ  а  л  ж  у  ы  р  л  ы,  сүйретпелі 

болып құралады (Ж.Бабалықов, Қырандар, 

62). 


ҚАЛЖЫҢҚҰМАР... Əжесінің қ а л ж 

ы ң қ ұ м а р шалдау қайнысы кеше үйге 

кіріп  шыққан  (Р.Отарбаев,  Біздің  ауыл., 

109). 

ҚАЛЖЫР... Бөктергі, лашын, құладын, 

тұрымтай,  қаршыға,  ителгі,  қ  а  л  ж  ы  р

бөдене,  бұлдырық  сияқты  бұл  даланың 

құстары  қандай  түрлі-түрлі  болып  келсе, 

Изольдаға  адамдары  да  сондай  түрлі-

түрлі  болып  көрінді  (Ж.Жұмақанов,  Үш 

бəйтерек, 108). 

Қ А Л Ж Ы РА Ғ А Н Д Ы Қ   з   а   т. 

Шаршағандық,  титықтағандық.  Шы-

нында, жұқа өңінен қ а л ж ы р а ғ а н д ы қ

сезіледі.  Көзінің  алды  қаракөлеңкеленіп, 

көгіс тартқан (Н.Исабаев, Өмір., 323). 



ҚАЛЖЫРАС  Қалжыра  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Күні-түні Бетпақтың 

шөлін  басып,  Алабынан  адастық  арман 

асып. Кез болдық қалың қамыс бір қопаға. 

Шаңқай  түс  кезінде  қ  а  л  ж  ы  р  а  с  ы  п 

(И.Байзақов, Құралай., 43).


324

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚАЛЖЫРАСУ Қалжырас етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚАЛИМА  з  а  т.  Оттегінің  жетім-

сіздігінен шалажансар күйге түскен балық. 

Қыста су бетін мұз қаптаған кезде шағын 

көлдердің балығы қ а л и м а болады (Қаз. 

əдеб., 09.02.1990, 7). Мына  Қаракөлдегі



қ а л и м а болып, өз-өзінен қырылып жат-

қан балыққа да жете алмады (А.Мекебаев, 

Жезтырнақ, 103). 

ҚАЛИСАН с ы н. ж е р г. Адамгершілігі 

мол, адал, əділ, жақсы. Қ а л и с а н жігіт – 

алыс-жақынын алаламайтын, адамгершілігі 

мол, адал жігіт (Ақиқат, 15.08.1990, 8).

ҚАЛҚАЙТПА з а т. Үйдің кіре-берісіне 

салынған төбесі жабық шағын құрылыс; 

жауынқағар. 

ҚАЛҚАН  з  а  т.  Арбаның  шарбақты 

қорабы. Ағаш күбіні қиюластыру, арбаның 

бəлегін, белдігін, тертесін, қ а л қ а н ы н

шабағын  заводтан  шыққандай  сүмірейте 

қоюға  əкеміздің  құдіреті  келе  бергенге 

ұқсайды  (Ө.Қанахин,  Жер  басып., 27). 

Кешке қарай, астына жайлы əрі бір айыр 

болса да үйге жетсін деп арбасына қ а л қ а 

н ы м е н теңестіре шөп тиеп қайтады (Қаз. 

əдеб., 14.07.1972, 4). 



ҚАЛҚАНДЫ:  Қалқанды  арба.  Шөп 

тасу  үшін  екі  (төрт)  жағына  қалқан 

орнатқан  арба.  Осы  ерекшеліктеріне 

байланысты шөп таситын арбаны сатылы 

арба, қ а л қ а н д ы  а р б а, қанатты арба 

деген  түрлерге  бөледі  (Қаз.  этнография., 

1, 188). 

ҚАЛҚАНДЫЛАУ  с  ы  н.  Аздап 

қалқиған,  қалқиғандау.  Танаудың  асты-

нан гөрі үсті сəл-пəл қ а л қ а н д ы л а у

көтеріңкілеу келгенін құсбегілер «жапсар 

танау  бүркіт»  деп  қолпаштап  отырады 

(Ж.Бабалықов, Қырандар, 72). 

ҚАЛҚАНШАГҮЛ з а т. б о т. Шоғыр 

гүлдердің  бір  түрі.  Шоғыр  гүлдердің 

т ү рл е р і :   ш а ш а қ г ү л ,   ш ат ы р ш а г ү л , 

шоқпарбасгүл, масақгүл, қ а л қ а н ш а г ү 

л, себетгүл (Ботаника, 82). 

ҚАЛМАҚ  з  а  т.  а  у  ы  с.  Ақылсыз, 

ақымақ, түлей. – Исі қазақты бай-кедейге 

бөлетін сен кім едің-ей, тексіз қ а л м а қ

– деп айқай салғанда ақ сары жігіттің екі 

самайы  аяқ  астынан  нарт  қызарып  жүре 

берді (О.Сəрсенбай, Шығ., 4, 87). 

ҚАЛМАҚЫ: Қалмақы үй. Кішігірім, 

арзанқол  үй.  Қазақ  үйді  ақ  үй,  боз  үй, 

қараша  үй,  лашық,  күрке,  итарқа,  жолым 

үй, қ а л м а қ ы  ү й, жабасалма, жаппа деп 

саралаған (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 25). 



ҚАЛМАҚШАЙ  з  а  т.  Ұйғырлардың 

еткеншай сияқты шайы. Сыйлы қонаққа 

ноғайлар  ұйғырдың  еткеншайы  сияқты 



қ а л м а қ ш а й береді (Қ.Олжай, Қанат 

байла., 232). 



ҚАЛМЫШ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Қалғаны, 

қалдық  д.м.  Етігін  күздігүні  сойған 

тоқтының құйрығынан арнап алып қойған 

азғана  құйрықтың  қ  а  л  м  ы  ш  ы  м  е  н 

майлап,  уқалай  берді  (Ж.Тілепбергенов, 

Ізбасар, 75). 

ҚАЛПАҚ: Қалпақ кидірді. ж е р г. Жа-

ман атақ таңды, масқаралады. – Ойбай, 

осы сіздердің адамға оп-оңай қ а л п а қ  к и д 



і р е қоятындарыңыз-ай осы?! (Т.Əлқанұлы, 

Тірліктен., 153). 



ҚАЛПЕСЫМАҚ с ы н. Аздаған қалпелік 

белгілері  бар,  қалпе  шалыс.  Əйелдердің 

жаулығындай  ақ  мəрлі  ораған  кейбір  қ  а 



л п е с ы м а қ т а р, су тиіп қасаңданған 

жүгері тəрізді басына көк шүберекті шал-

ма  қылған  сопылар  да  отыр  (Қаз.  əдеб., 

19.03.1976, 3). 



ҚАЛПИТ  е  т.  Құлат,  сұлат,  сілейт 

д.м. – Соқ! Соқ! – Қ а л п и т! Қ а л п и т 

итті! (К.Жүністегі, Едіге, 59). 



ҚАЛПИТУ Қалпит етістігінің қимыл 

атауы. 

ҚАЛТА: Қалта қулық. қ. Сасық қулық. 

Аздаған қ а л т а  қ у л ы ғ ы бар пысықтау 

адам (Ж.Кəрменов, Ақылбайдың., 19). 

ҚАЛТААҚТАРАР  з  а  т.  э  т  н.  Ұрын 

барған  күйеудің  беретін  кəделерінің  бірі. 

Бұрынғы  кезде  ұрын  барған  күйеудің 

беретін  түрлі  кəделерінің  аты  да  аз 

болмаған. Солардың бірі – қ а л т а а қ т а 



р а р (Жалын, 1974, №3, 146). 

ҚАЛТААУЫЗ  з  а  т.  з  о  о  л.  Аузында 

қалтасы болатын тышқан. Бірінші болып 

кеш қараңғылығында кəдімгі қ а л т а а у 



ы з келді. Олар да аламан секілді қор жи-

найды (Наурызым, 122). 



ҚАЛТАҚАРАР  з  а  т.  с  ө  й  л.  Қалта 

ақтарар.  Содан  соң  күйеу  жолдастың 

қалтасын  тағы  қақшиды.  Мұны  оңтүстік 

жақта «қ а л т а қ а р а р» деп атайды (Қаз. 

əдеб., 23.08.1974, 2). 



ҚАЛТАЛАУШЫ  з  а  т.  Өндірілген 

өнімді  қалтаға  қаттап  салушы  (Өркен, 

24.02.1990, 12). 



325

Байынқол Қалиев

ҚАЛТАТЕЛЕФОН.  Қалтаға  салып, 

өзімен  бірге  алып  жүретін  ұялы  теле-

фон. Онымен қоймай, қыз мойнында қос 

ұялы қ а л т а т е л е ф о н, транзисторлы 

микрорадиоқабылдағыш  ұзын  баулары-

мен  салаңдап  тербеледі  (М.Құдайқұлов, 

Құпия., 15). Бүгін  де  жұмыстан  қатты 

қалжырап, күн бата пəтерге оралып еді, енді 

жуынбақшы боп жатқанда қ а л т а т е л е 

ф о н ы безілдеп қоя берді (Ж.Əлмашұлы, 

Тар дүние, 90). Бала оянып кетеді-ау демес-

тен əлдекімдермен қ а л т а т е л е ф о н ы 

арқылы  сөйлесіп,  дарақылана  қарқылдап 

күлді (Қ.Жиенбай, Таңд., 1, 159). 

ҚАЛТАФОН з а т. с ө й л. Қалтателефон. 

«Дулығаның» авторы Алматыға келгендігі 

туралы естіп, жазушының қ а л т а ф о н 

ы н ы н а хабарластым (Ана тілі, 20.11.08). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет