аз мӛлшердегі радиациялық аймақ Семей облысының Мақаншы, Ҥржар,
Таскескен; Кӛкпекті, Ақсуат аудандары, Қарағанды облысының Қарқаралы
ауданы, Павлодар облысының Лебяжье ауданы, Шығыс Қазақстан облысының
Зырян, Самар, Серебрянск, Зайсан және Тарбағатай аудандары;
әлеуметтік-экономикалық жеңілдік алған аймақ Павлодар облысының
Баянауыл ауданы.
Ядролық сынақ салдарынан зардап шеккендерге берілетін жеңілдіктер мен
тӛлемдер:
Бірретік ақшалай ӛтемақы.
Ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарға бірреттік шығын ӛтемақысы
беріледі, аймақтар бойынша:
тӛтенше радиациялық аймаққа - 1949-1965 жылдар аралығындағы әр
жылға 5 айлық есептік кӛрсеткіш және 1966-1999 жылдар аралығындағы әр
жылға бірайлық есептік кӛрсеткіште;
жоғары радиациялық аймаққа - 1949-1965 жылдар кезеңіндегі әр жылға
2,5 айлық есептік кӛрсеткіште және 1966-1990 жылдардағы әржылға бір айлық
есептік кӛрсеткіште;
ӛте жоғары радиациялыққа - 1,5 айлық есептік кӛрсеткіш бойынша 1949-
1965 жылдардағы әр жылға және 0,75 айлық есептік кӛрсеткіш бойынша 1966-
1990 жылдар аралығындағы әр жылға;
аз мӛлшердегі радиациялық аймаққа - 1949-1965 жылдар кезеңіндегі әр
жылға бір айлық есептік кӛрсеткіш бойынша және 1966-1990 жылдар
арасындағы әр жылға 0,5 айлық есептік кӛрсеткішпен;
Әлеуметтік-экономикалық жеңілдік алған аймақ - 0,25 айлық есептік
кӛрсеткіш бойынша 1949-1990 жылдар аралығындағы әр жылға тӛленеді [128].
Әлеуметтік сақтандыру жҥйесін басқаруға бірқатар мемлекеттік органдар,
атап айтқанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қаржы
министрлігі, Ҧлттық Банк қатысады.
Әлеуметтік сақтандыру жҥйесін енгізуге дайындық жҧмыстары аясында
қазіргі уақытта қажетті нормативтік қҧқықтық базаны әзірлеу жӛнінде
жҧмыстар атқарылуда. Осы орайда, Салық кодексіне тиісті ӛзгерістер енгізіліп,
«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне міндетті әлеуметтік
сақтандыру мәселелері бойынша ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
заң қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің, сонымен
қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірқатар актілері
әзірленіп қабылданды.
74
Кӛп жылдардан бері Арал экологиялық апат аймағының кіндігі саналып
келген Қызылорда облысында ақсақалдық жасқа жеткен ағаларымызға
зейнетақы тағайындауда ӛңірге ғана қатысты ӛзіндік ерекшеліктер кездеседі.
Дегенмен, қоғамымызда бҧл жайында жақсы хабардар болғанымен, ендігі бір
ауқымды топ сол зейнетақыны есептеудегі қиыр-шиыр қисаптардың тереңіне
оншалықты бойлай бермейді.
Ядролық сынақтар ӛткізілген аймақтарда тҧратын әйелдерге жҥктілігіне
және тууына байланысты әлеуметтік жәрдемақылар тууына 170 кҥнтізбелік кҥн
қалғанға дейін және босануы кезінде немесе екі немесе бірнеше баланы босану
кезінде қиындықтар болса кейінгі 184 кҥнге де тӛленеді.
Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мҥдделі органдармен
бірлесіп, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік
қоғамдардың басшы қҧрамына еңбекақы тӛлеудің және сыйлық ақы берудің
тәртібі туралы ҥлгілі ереженің жобасын әзірлеуге кірісті [129].
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Даниал Ахметовтің
тапсырмасы бойынша осы жҧмысты жҥзеге асыру ҥшін жҧмыс тобы қҧрылған
болатын.
Мемлекеттің қатысуы бар акционерлік қоғамдардың басшыларына
еңбекақы тӛлеу мәселелері Мемлекет Басшысы Нҧрсҧлтан Назарбаевтың
тӛрағалық етуімен 2006-жылғы 20-қыркҥйекте Қауіпсіздік Кеңесінің
отырысында қаралды.
«2007-жылдың аяғына таман мемлекеттік атаулы кӛмек туралы заңға
ӛзгерістер енгізілген заң жобасы Парламентке ҧсынылады. Бҧл туралы
Парламент Мәжілісінде ӛткен Ҥкімет сағатында Еңбек және әлеуметтік қорғау
министрі Гҥлжан Қарағҧсова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, Елбасы Жолдауын жҥзеге асыруға орай әзірленіп
жатқан қҧжатта кӛп балалы отбасыларды қолдауға ерекше кӛңіл бӛлу
мәселелері қамтылатын болады.
«Ағымдағы жылы әлеуметтік сала бойынша қосымша екі жаңа жәрдемақы
жҥйесі тағайындалды. Оның бірі бала кҥтіміне байланысты әмбебап жәрдемақы
болса, ол бойынша шілденің 1-інен бастап, 3 немесе 4 айлық есептік кӛрсеткіш
мӛлшерінде жәрдемақы тағайындау қарастырылған. 2007-жылдың қаңтарынан
аз қамтылған отбасы балаларына жәрдемақылар тӛленіп келеді. Бҧдан былай да
балалар жәрдемақысын тағайындау мен тӛлеу және атаулы әлеуметтік кӛмек
министрліктің ерекше бақылауында болады» - деді министр.
Жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, әлеуметтік
қызмет кӛрсету саласы одан әрі дами беретініне тоқталған министр, бҧл
мәселеге мемлекеттің қолдау кӛрсетуі ҧзақ уақыт бойы мҥмкін болмай келгенін
атап ӛтті. Оны шешу ҥшін, әлеуметтік қызмет кӛрсету саласы бойынша
мемлекеттік стандарттарды енгізу қажет. «Сонымен қатар, саланы дамыту
барысында әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға да баса назар
аударылып келеді.
Мәселен, 2002-жылға қарағанда әлеуметтік кӛмек пен әлеуметтік
қамтамасыз етуге жҧмсалатын шығындар ағымдағы жылғы жоспарланған
шығындарды қоса есептегенде 2,3 есе ӛсті. Яғни, жалпы алып қарасақ, бҧл сома
75
160 млрд. теңгеден 374 млрд. теңгеге дейін кӛбейді. Бҧл ӛз кезегінде халықты
әлеуметтік қолдауға, кедейшілікпен кҥрес шараларына және жҧртшылықтың
ӛмір сҥру сапасына оң әсер ететіні сӛзсіз» [130], - деді министр.
2005-жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау
жӛніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы саланың таңдап алынған
стратегиялық даму бағытының негізінен дҧрыс және тиімді екенін дәлелдеді.
Қазақстанда ең жоғары деңгейдегі осы заманғы клиникалар қҧру мен
оларды басқару ҥшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет.
Медициналық қызметкерлерге ақы тӛлеуде кӛрсетілген медициналық
кӛмектегі еңбектің сапасын, кӛлемі мен кҥрделілігін, сондай-ақ біліктілік
деңгейін ескере отырып, жҧмыстың соңғы нәтижесіне қарай жаңа қадамдар
жҥзеге асырылуға тиіс.
Министрлік мҥгедектерді медициналық, кәсіптік және әлеуметтік
оңалтудың тиімді және ең жоғары нәтижелеріне жетуге бағытталған
медициналық-әлеуметтік сараптаманы ҧйымдастыруға және дамытуға ҥлкен
назар аударады.
Алғашқы куәландыру нәтижелері бойынша 2004-жылы мҥгедек деп
барлығы 36,6 мың (2003-жылы - 37,6 мың адам) адам, олардың 7651 «мҥгедек-
бала» санаты бойынша (2003-жылы - 7081 бала). 2004-жылы республика
бойынша 150,1 мың мҥгедек (2003-жылы - 152,2 мың мҥгедек) қайта
куәландырудан ӛтті, олардың ішінен 143,9 мың адам (2003-жылы - 145,4 мың
адам) мҥгедек деп танылды. Қайта куәландырудан ӛткен мҥгедектер қатарынан
6903 адам немесе 4,6% (2003-жылы - 6815 адам немесе 4,5%) толық оңалды,
яғни еңбекке жарамды деп танылды [130, б. 21].
Жалпы
Республика
бойынша
2004-жылы
мҥгедектер
негізгі
кӛрсеткіштерінің
тҧрақтану
жағдайы
байқалады.
Мҥгедектердің
орталықтандырылған деректер базасы бағдарламасы (МОДББ) әзірленді.
Оңтҥстік Қазақстан және Астана қаласында пилоттық жобалар енгізілді.
Аурулар мен мҥгедектерді айығу жҥйесін жетілдірудің негізгі бағыттарын іске
асыру мақсатында ведомствоаралық жҧмыс топтары қҧрылды. Медициналық-
әлеуметтік сараптама және аурудың әр тҥрлі нозологиялық нысандары кезінде
мҥгедектерді оңалту мәселелері жӛнінде техникалық тапсырмалар әзірленді.
Бақылау және консультативтік, әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында
2004-жылы Министрлік МӘЖ қызметінің 2003-жылға арналған жҧмысының
қорытындылары бойынша республиканың барлық ӛңірлеріне сапарға шығуды
жҥзеге асырды. Голландияның медициналық-әлеуметтік және айықтыру
жӛніндегі жҧмысының халықаралық тәжірибесі зерттелді.
2004-жылы мҥгедектерді протездік-ортопедиялық бҧйымдармен және
сурдотифлоқҧралдармен қамтамасыз ету жӛнінде тҥгендеме және деректер
базасы қҧрылған болатын. Мҥгедектерді дҧрыстаудың 2006-2008 жылдарға
арналған бағдарламасының жобасы әзірленді.
Мҥгедектерді оңалту процесін одан әрі жетілдіру жӛніндегі шаралардың
арасында куәландыру тәртібін мҥгедектерді медициналық-әлеуметтік сараптама
саласындағы нормативтік-қҧқықтық актілермен сәйкестікке келтіру арқылы,
мҥгедектіктің себебін, тобын, еңбек ету қабілетінің дәрежесін белгілеуді
76
жетілдіру. Ағза бҧзушылық дәрежесін, тіршілік ету қабілетін сыныптауды
Халықаралық қызмет ету мен тіршілік ету қабілетін шектеу және денсаулық
сыныптамасына (ХКС) сәйкес жетілдіру істері алдымызда тҧрды.
«395 мың мҥгедек, оның ішінде 16 жасқа дейінгі 47,8 мың мҥгедек-бала
әлеуметтік қорғау органдарының есебінде тҧр. Жергілікті атқарушы
органдармен бірлесіп 2002-2005 жылдарға арналған мҥгедектерді оңалту
бағдарламасында кӛзделген іс-шаралар жоспарын іске асыру жӛнінде жҧмыс
жҥргізілді. Бағдарламаны іске асыру ҥшін 2004-жылы мемлекеттік бюджеттен
1921,8 млн. теңге кӛзделген, ол толық кӛлемде игерілді (2003-жылы осы сома
1410,2 млн. теңге қҧраған)» [131].
Есту бойынша мҥгедектерді сурдоқҧралдармен және сурдокӛмекпен
қамтамасыз ету ҥшін 2004-жылы республикалық бюджеттен 235672 мың теңге
сомасында 6873 есту аппараттарын, 1000 кӛпфункционалды дабыл жҥйелерін,
320 телефакс, мәтіндік хабарлауы бар және хабарларды қабылдайтын 2150 ҧялы
телефондар сатып алу ҥшін қаражат кӛзделген. Тифлоқҧралдар сатып алуға
арналған шығындар 36000,0 мың теңгені қҧрайды [132].
Қазіргі
кезде
қолданылып
жҥрген
«Қазақстан
Республикасында
мҥгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заң 1991-жылы қабылданған
болатын. Онда ТМД елдерінде алғаш рет мҥгедектердің тіршілік әрекеті ҥшін
оларды тең мҥмкіндіктермен қамтамасыз ету ҥшін әлеуметтік-экономикалық,
қҧқықтық және ҧйымдық жағдайлар туғызу ресми тҥрде мәлімделді.
Заң қабылданғаннан кейінгі ӛткен жылдарда мҥмкіндігі шектеулі балаларды
медициналық анықтау, әлеуметтік қолдау және тҥзеу жҧмыстарын жақсарту
жӛнінде белгілі бір шаралар қабылданды: стационарлық әлеуметтік қызмет
кӛрсету мекемелерінің, ҥйде әлеуметтік кӛмек кӛрсету бӛлімшелерінің жҥйесі
кеңейді, мҥгедектерге берілетін компенсаторлық техникалық кӛмекші
қҧралдардың сапасы жақсарды, мҥгедектердің әлеуметтік инфрақҧрылым
нысандарына қол жеткізу мҥмкіндіктері ҧлғайтылды.
Сонымен қатар, кӛптеген жылдар бойында қалыптасқан әлеуметтік қорғау
жҥйесі жарияланған саяси парадигманы іске толық асыруға мҥмкіндік бермеді.
Осы уақытқа дейін Заңға 10 тҥзету, ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді,
сӛйте тҧра оның жекелеген нормалары декларативті сипатта қалды [133].
Сондықтан, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі мҥгедектер қҧқықтары туралы декларацияға, мҥгедектерге
қатысты дҥниежҥзілік іс-әрекет бағдарламасына, Біріккен Ҧлттар Ҧйымының
Бас Ассамблеясы қабылдаған мҥгедектерді тең мҥмкіндіктермен қамтамасыз
етудің стандарттық ережелеріне орай жаңа тҧжырымдама «Қазақстан
Республикасында мҥгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заң жобасын (бҧдан
әрі - заң жобасы) әзірледі [134].
Қолданысқа енгізілген «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» және
«Еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің ӛмірі мен
денсаулығына келтірген зиянды ӛтеуге жҧмыс берушінің жауапкершілігін
міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен
қатар жаңа заң жобасы мҥгедектерді әлеуметтік қамсыздандырудың ҥш
деңгейлі жҥйесінің заңды негізі болып табылады.
77
Заң жобасының қолданылып жҥрген заңнамамен салыстырғанда бірқатар
артықшылықтары бар:
- онда мҥгедектерді әлеуметтік қорғау мемлекеттік саясатының негізгі
бағыттары нақтыланды әрі жҥйеленді;
- мҥгедектерді әлеуметтік қорғау, қоғамға кірігу, ақпаратқа қол жеткізу,
білім алу, денсаулық жағдайын ескере отырып, қызмет тҥрін еркін таңдау,
кепілді тегін медициналық кӛмек алу, кәсіби даярлау және қайта даярлау, еңбек
ету қабілетін қалпына келтіру және жҧмысқа орналасу қҧқықтары адамның
негізгі қҧқықтары ескеріле отырып белгіленді;
- мҥгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіптік тҥзету жҥргізу
жӛніндегі шаралар нақтыланды;
- мҥгедектерді әлеуметтік қорғаудың медициналық ҥлгісінен медициналық-
әлеуметтік ҥлгісіне кӛшу кӛрсетілді, мҥгедектердің алдын алу (денсаулық
қорғау, салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын
қамтамасыз ету) жӛніндегі шаралар кӛзделді;
- мемлекеттік органдар мен жҧмыс берушілер арасындағы мҥгедектіктің
алдын алу жауапкершілігі жіктеліп бӛлінді. Жергілікті деңгейдегі алдын алу
жҧмыстарын жақсарту және медициналық оңалтудың нәтижелілігін арттыру
ҥшін мемлекеттік медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің денсаулық
сақтау органдарымен, мҥгедектерді оңалту мекемелерімен ӛзара бірлескен іс-
қимылы кӛзделеді;
- мҥгедек адамдардың, сондай-ақ жиі және ҧзақ ауыратын, мҥгедектікке
әкеліп соғатын паталогиясы бар адамдардың дерек қорын қҧру қарастырылады
(бҥгінде дерек қордың ҥлгілі жобасы қҧрылды және 2005-жылдың аяғына дейін
Астана қаласында және Оңтҥстік Қазақстан облысында іске асырылатын
болады) [134, б. 13].
Заң жобасы мҥгедектерге арналған тегін медициналық кӛмектің кепілді
кӛлемін, стационарлық емдеудегі ғана емес, амбулаторлық емдеудегі
адамдарды да дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз етуді кӛздейтін арнайы
емдеу стандарттарының негізінде кӛрсетуді кӛздейді.
18 жастан асқан мҥгедектермен қатар мҥгедек-балаларға да санаторлық-
курорттық емделу алғашқы рет заңнамалық тәртіппен кӛзделіп отыр.
Әлеуметтік қызметтер кӛрсетуді жетілдіру бӛлігінде әлеуметтік қызметтер
кӛрсетудің мемлекеттік стандарттары әзірленеді және кӛрсетілетін әлеуметтік
қызметтердің тізбесі кеңейтілетін болады, олар кҥндізгі стационарларды
қамтитын әлеуметтік кӛмек кӛрсету жӛніндегі аумақтық орталықтарда
кӛрсетілетін болады.
Сонымен қатар, ҥйде әлеуметтік кӛмек кӛрсетуді кеңейту кӛзделуде, бҧл
мҥгедектер ҥшін әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді және
оларды әдеттегі (отбасылық) жағдайда ҧстауға мҥмкіндік береді. Жҥріп-тҧруы
қиын І топ мҥгедектері мен естімейтін мҥгедектерге арнаулы кӛмекшілер (оның
ішінде ымдау тілінің мамандары) кӛмек кӛрсетеді [135].
Мҥгедектерді
техникалық
кӛмекші
компенсаторлық
қҧралдармен
қамтамасыз ету бӛлігінде:
78
- мҥгедектердің жекелеген санаттарына арналған міндетті гигиеналық
қҧралдар беру есебінен мҥгедектерге берілетін техникалық кӛмекші
компенсаторлық қҧралдар тізбесі ҧлғаятын болады;
- мҥгедектерді техникалық кӛмекші қҧралдармен және міндетті тҥрде
сертификацияланған арнаулы жҥріп-тҧру қҧралдарымен қамтамасыз ету
нормасы кӛзделеді;
- еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауру болған мҥгедекке заңды тҧлға
таратылған немесе жҧмыс беруші - жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда
протездік-ортопедиялық кӛмек, техникалық кӛмекші қҧралдар, арнаулы жҥріп-
тҧру қҧралдары, санаторлық-курорттық емделу мемлекет есебінен берілетін
болады [136].
Елді мекендерді жобалау және салу мҥгедектердің қажеттіліктерін
ескеретін мемлекеттік стандарттарға сәйкес қамтамасыз етілетін болады.
Мҥгедектердің пайдаланылып жҥрген нысандарға қол жеткізуі ҥшін қажетті
жағдайлар жасау және мҥгедектер мен мҥгедек балалары бар отбасыларына
берілетін тҧрғын ҥйлерді арнайы жабдықтау кӛзделіп отыр. Қолданылып
жҥрген заңнамада ӛндірістік және тҧрғын ҥй нысандарының қҧрылысына
қойылатын талаптар белгіленген, бірақ іс жҥзінде олар кӛбінесе сақтала
бермейді. Осыған байланысты заң жобасы ғимараттарды қабылдайтын
мемлекеттік комиссиялардың қҧрамына әлеуметтік қызметкерлерді енгізуді;
заңдарды бҧзғаны ҥшін кінәлі адамдарға әкімшілік шаралар қолдануды
кӛздейді.
Сондай-ақ, мҥгедектерді тҧрғын ҥймен қамтамасыз етудің нормасын
реттейтін бапта кӛзделіп отыр.
Мҥгедектердің ақпаратқа қол жеткізуін оларға арналған мерзімдік, ғылыми,
оқу-әдістемелік және кӛркем әдебиеттерді аудиокассеталарда, дискілерде
рельефті-нҥктелі Брайль шрифтімен басып шығару және сурдоаудармамен
видеокассеталар шығару, республикалық теледидар арналарындағы ақпараттық
бағдарламалардың сурдоаудармасын ҧйымдастыру арқылы қамтамасыз ету
ҧсынылып отыр. «Хабар» телеарнасында сурдоаударма ҧйымдастыруға 4,2 млн.
теңге, «Қазақстан» телеарнасында - 56,6 млн. теңге бӛлу кӛзделуде [137].
Заң жобасында мҥгедектерге кӛрсетілетін білім қызметтерінің шарттары
мен тізбесі белгіленген. Алғашқы рет орта және жоғары кәсіптік оқу
орындарына тҥсу ҥшін квота, кәсіптік білім беретін шәкіртақымен қамтамасыз
ету жӛніндегі жеңілдіктер кӛзделді. Мҥгедек балалар ҥшін оларды ҥйде оқыту
шығындарын ӛтеу қарастырылады.
Мҥгедектерді жҧмысқа орналастыру ҥшін жҧмыс орындарының ҥш
пайыздық квотасын белгілеу, арнайы әлеуметтік жҧмыс орындарын ашу,
мҥгедектер қоғамдық бірлестіктерінің мамандандырылған ҧйымдарының
қызметін қолдауды қамтитын ӛңірді оңалту бағдарламаларын әзірлеу кӛзделді.
Арнаулы тарау жҧмыс берушілердің мҥгедектерді әлеуметтік қорғауға
қатысуын айқындайды. Жҧмыс беруші ӛз қаражаты есебінен:
- жҧмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауру
болған мҥгедектерге әлеуметтік жҧмыс орындарын қҧруға;
- кәсіптік оқу мен қайта оқуды қамтамасыз етуге;
79
- әлеуметтік инфрақҧрылым нысандарына, ӛндірістік ғимараттар мен
қҧрылыстарға қол жеткізуге міндетті [138].
Мемлекеттік
басқару
жҥйесінің
оңтайлануын
ескере
отырып,
мҥгедектермен жҥргізілетін жҧмыстың жағдайын ҧйымдастыру және бақылау
функциялары орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында жіктеліп
бӛлінді. Бҧл ретте, тәсілдер кешенді болғандықтан әлеуметтік қорғау,
денсаулық сақтау және білім органдарының қҧзыреті болып бӛлінді.
Мҥгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылау
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық
бӛлімшелеріне жҥктеледі. Оларға ҧйымдарда мҥгедектерді әлеуметтік қорғау
туралы заңдардың сақталуын тексеру, заң бҧзушылықтар туралы актілер жасау,
анықталған бҧзушылықтарды жою туралы жазбаша ҧйғарымдар беру, заңдарда
белгіленген негіздер бойынша айыппҧлдар салу қҧқығы беріледі. Заңдарды
бҧзғаны ҥшін кінәлі басшыларға және заңды тҧлғаларға (тиісінше 200 және 400
АЕК) әкімшілік шаралар қолдану кӛзделген [139].
Жаңа заң жобасының негізінде мҥгедектерді қорғаудың әлдеқайда тиімді
жҥйесін қҧруға (2006-жылдан бастап) қосымша қаражат қажет болды. Бҧл
мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен 72,5 млрд. теңге бӛлу кӛзделді.
«Қазақстан Республикасындағы мҥгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
Заңды қабылдау қазіргі нормативтік қҧқықтық базаға: «Қазақстан
Республикасындағы мҥгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған
жағдайда жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар
туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы
туралы», «Қазақстан Республикасында халықты жҧмыспен қамту туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала қҧрылысы және қҧрылыс қызметі
туралы», «Қазақстан Республикасындағы балалар қҧқығы туралы» Қазақстан
Республикасының Заңдарына, «Әкімшілік қҧқық бҧзушылықтар туралы»
Қазақстан Республикасының Кодексіне едәуір ӛзгерістер мен толықтырулар
енгізуге әкеліп соғады [140].
«Ақ жол» партиясы бағдарламасындағы мҥгедектерді, әлеуметтік қорғау
мәселелерін шешу жолдары жоғарыда айтылған ережелермен біршама ҥйлеседі.
«Ақ жол» партиясында жҧмысқа орналастыру, қоғамдық бірлестіктердің
арнаулы кәсіпорындарын қолдау, ҥйде еңбек ету мен кәсіпкерлік қызметті
ҧйымдастыру бӛлігіндегі ҧсыныстары Мҥгедектерді оңалтудың 2006-2010
жылдарға арналған бағдарламасына енгізілетін болады.
Сонымен қатар, бағдарламаның жекелеген ережелері даулы болып кӛрінеді
және қарсылық туғызады.
Мҥгедектіктің алдын алу бӛлігінде - мҥгедектікке апаратын патологиясы
бар жиі және ҧзақ ауыратын адамдар туралы дерекқор қҧру және аурулардың
жеке ағза мҥшесі, бҥкіл ағза деңгейлерінде және әлеуметтік деңгейдегі әсерін
ескеретін алғашқы оңалту әдістемесін ӛзгерту;
Мҥгедектікті белгілеуге қатысты бӛлігінде - тіршілік әрекеті мен денсаулық
ҧйымдары функцияларының халықаралық жіктеуішін бейімдеу, аурудың
ауырлығы мен патологияның жай-кҥйінің сандық ӛлшеміне кезең-кезеңмен
кӛшуге және мҥгедектік белгілеу кезінде шешімдердің стандартталуын
80
қамтамасыз етуге мҥмкіндік беретін функционалдық сыныптарды анықтау
әдістемесін енгізу [141].
Бағдарламада ҧсынылған адамның жоғалтқан ағза мҥмкіндіктерінің орнын
толтыру дәрежесін оның еңбек ету қабілетін сақтау негізінде анықтауға келетін
болсақ, бҧл негізінен еңбек ету қабілетінен айрылу қатерінен сақтандыруды
ҧйымдастыруда пайдалану жоспарланып отырған жалпы еңбек ету мен кәсіптік
еңбек ету қабілетінен айрылу деңгейін (жалпы мҥгедектікпен қатар)
айқындаумен ҥйлеседі.
Қазақстан Республикасының «Мҥгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»
заңында «Мҥгедек» - ол ағза функцияларының бҧзылуы салдарынан олардың
ӛмір сҥру мҥмкіндіктерін шектеуге әкеп тірейтін тҥрлі жарақаттар, аурулар,
кемістердің салдарынан денсаулығы нашар тҧлға деп кӛрсетілген. Қазақстан
Республикасы мҥгедектерін әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасы
Конституциясы мен Қазақстан Республикасының «мҥгедектерін әлеуметтік
қорғау туралы» Заңымен және басқа да нормативті заңдармен реттеледі [130, б.
42].
Қазақстан Республикасы азаматына ауырған жағдайда, жасына байланысты,
мҥгедектігіне және асыраушысынан айырылған кезде тӛменгі еңбекақы мен
зейнетақы мӛлшерінде ақы тӛленеді. Осыған байланысты 2005-жылдың 13-
сәуірінде мҥгедектердің әлеуметтік қорғалу қҧқын анықтауға, қоғамдық
интеграцияға, денсаулық жағдайына байланысты білім алуға, еркін таңдау
туралы ақпаратқа кіруге, тегін медициналық кӛмекке, кәсіби дайындық пен
қайта дайындалуға, еңбекке деген қабілетін қалыпқа келтіруге, сонымен қатар
мҥгедектердің әлеуметтік және кәсіби жарамдылығын арттыру тҧрғысында
ӛткізілетін медициналық шараларға қатысуға деген қҧқықтарын анықтайтын
(Қазақстан
Республикасының) «Қазақстан Республикасы мҥгедектерін
әлеуметтік қорғау туралы» Заңы қабылданды [142].
Мҥгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға, медициналық және әлеуметтік,
кәсіби жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық ӛмірге
оралтуға байланысты ӛткізілетін шаралармен жҥзеге асады. Сонымен бірге,
еңбекке жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру тӛлемдері заңмен
қарастырылған. Ауру, жарақат алу, мертігу салдарынан болған әлсіздікті жою
бағытында диагностикалық, емдеу және қалыпқа келтіру сияқты медициналық
сауықтыру шаралары жҥргізіледі. Мҥгедектерді әлеуметтік сауықтыру,
мҥгедектердің әлеуметтік статусын, олардың әлеуметтік-тҧрмыс және
әлеуметтік-орталыққа ҥйрету мақсатында жҥргізіледі. Оған мҥгедектерді
әлеуметтік, техникалық кӛмек қҧралдарымен, кӛлік және рекреакциялық
қҧрылымдармен, ақпараттық ортамен қамтамасыз етілуін және материалдық,
әлеуметтік-психологиялық қолдау кӛрсету кіреді [142, б. 13].
Қосымша кӛмек қажет ететін мҥгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етілу
жҥйесіне республикада медициналық-әлеуметтік мекемелердің, әлеуметтік
қорғаудағы территориялық орталықтардың және ҥйде жеке кӛмек кӛрсету
сияқты мҥмкіндіктері кіреді. Интернат-ҥйлерінде тҧратын мҥгедектер мен
қарттарға медициналық, әлеуметтік тҧрмыс жағынан, әлеуметтік адаптация,
еңбекке жарамдылығын арттыру, білім беру сияқты кӛмектер кӛрсетіледі.
81
Республикамызда мҥгедектер мен қарттарға әлеуметтік кӛмек кӛрсететін,
медициналық, әлеуметтік және кәсіби даму, мҥгедек балаларға білім беру
бағдарламасын жасау, моральды-психологиялық жағынан қолдау кӛрсету,
олардың қҧқықтары туралы ақпарат беретін 6 территориялық орталықтар бар.
Заңға сәйкес мҥгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез-
ортопедтік кӛмекпен, қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен, сурдо-
тифложабдықтармен және басқа да техникалық қҧралдармен, сонымен қатар
мемлекеттік бюджеттен бӛлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру -
курорттық емдеу шараларымен қамтамасыз етіледі.
Бірінші және екінші топтағы мҥгедектер мен мҥгедек балаларға 0,5
пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған
[143].
Әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал шын мәнінде сын кӛтермес
кҥйде еді. Қазақстанның экономикалық және саяси мҥмкіндіктері сырттан
осылай бағаланды: экономикасы әлжуаз, қазынасы бос, саяси жҥйесі балаң,
Кеңестер Одағы заманының Конституциясы бойынша ӛмір сҥріп жатқан, одан
бар болғаны белгілі бір әскери әлеует қана еншілеген ел саналдық.
Тәуелсіздіктің туын жоғары кӛтеріп еліміз биік белестерден кӛрінетіне
сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |